Неміс халқының мәдени тарихындағы ұлт зиялылары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
т.ғ.к., Халитова И.Р.
________________
Магистр дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Неміс халқының қазіргі таңдағы қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-мәдени дамуының тарихынан (1991-2007жж.).
Ғылыми жетекшісі: т.ғ,к.доц., Каримова А.Е.
Орындаған: Какенова Э.Т.
Рецензент ______________________ ___________
Павлодар 2009
Мазмұны
Кіріспе
І. Тарау. Неміс халқының қазіргі таңдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік даму
жағдайы.
2.1.Неміс халқының әлуметтік-демографиялық дамуы.
2.2. Қоғамдық келісім мен қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту бағытындағы
неміс халқының қызметі.
ІІ. Тарау. Қазақстан – Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлы
мекені
1.1. Қазақстандағы немістер қоғамдық бірлестіктері Ассоциациясы
1.2.
ІІІ. Тарау. Қазақстандағы этникалық немістердің ана тілін сақтауы мен
мәдениетін дамытуы
3.1. Ұлттық мәдениеттің қалыптасуындағы неміс халқының рөлі.
3.2. Неміс халқының мәдени тарихындағы ұлт зиялылары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Бүгінгі таңда елімізде 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-
тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс
аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен
парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында көп
ұлтты қазақ еліндегі қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым-
қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпы ұлттық келісімде өмір
сүруі қазақ елінің бейбіт жолмен дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қазақ халқының тарихи жерінде халықтардың бейбіт өмір сүруі мен
өркениетті мәдениет және бір мемлекет ішінде әр түрлі ұлт өкілдерінің тату-
тәтті тұрмыс кешуі жөнінен бай тәжірибе жинақталған. Бұл мұра біздің
бірлігіміздің тамырын анықтап, келешегіміздің жарқындығын көрсетеді.
Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамның өзі тәріздес еліміздегі ұлтаралық
қатынастар да соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Экономикалық
және саяси реформалар барысында жаңа әлеуметтік топтар қалыптасты.
Қоғамның демократиялануы Қазақстан халықтарының тілі мен мәдениетін
өркендетуге жағдай туғызды. Бұл барлық қазақстандық этностардың азаматтық
қоғам негізінде дамуына, этносаралық қатынастардың үйлесуіне жол ашты.
Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекетке айналып жан
жадыратар елеулі оқиғалар орын алуда. Сондай елеулі оқиғалардың бірі
елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлтаралық қарым-қатынас мәселесін
шешуді парасаттылықпен қолға алды. Елбасының өз басшылығымен 1995 жылы 1
наурызда республикамыздың қоғамдық саяси картасында ұлтаралық саясат
саласында жаңа инситут – Қазақстан халықтары Ассамблеясы дүниеге келді.
Содан бері аталған қоғамдық институт еліміздегі 130-ға жуық ұлттар мен ұлыс
өкілдерінің өзекті деген мәселелерін шешуге күш салып келеді.
Қазақстан халықтары ассамблеясының еліміздегі ұлтаралық қарым-
қатынсты нығайту жөніндегі маңызы уақыт өткен сайын артып, өзіндік рөлі
айқындала түсуде. Қоғамдағы діл бірліктердің барлық қырлары бойынша,
әсіресе, ұлтаралық саясатты айқындайтын мемлекеттік шаралар әзірленуде.
Ассамблеяның пікірін ескеру және оны шешуде ұлттар мүддесін назарға алу
үйлесімді қалыптасты. Осындай бағыт-бағдарды ұстанған Ассамблеяның негізгі
дінгегі беки түсуде.
Қазақстандағы барлық халықтардың тілдерін, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
мәдени жағдайын дамытуға, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге, ұлттық
бұқаралық ақпарат құралдарын жақсартуға және ұлттық мәдениетті қорғаудың
құқықтық тұтқаларын нығайтуға заңдық негіз жасалған. Қазір республикамыздың
барлық мектептері 9 тілде - қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин,
татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде
оқытылады, 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің 170 жексенбілік республиканың
барлық өнірінде жұмыс істейді.
Көптеген ұлттар мен ұлыстардың қазақстанда өмір сүруі біздің
қоғамымыздың зор байлығы, олар зор қамқорлықты қажет етеді. Солардың
арасында саны неғұрлым көп диаспоралардың бірі немістер. Таяу кезге дейін
Қазақстанда жарты миллионға жуық немістер болды және олар ұлттық
диаспораның сан жағынан үштен бірін құрады. 1980 жылдардың ортасынан бастап
немістердің Германияға эмиграциясы басталды. Сол себепті де немістердің
саны азайғанымен, соңғы кезде біршама тұрақтала бастады.
Қазақстандағы неміс диаспорасының тарихы 200 жылдай деп есептелінеді.
Қазақстанға немістердің келе бастауы Ресей империясының қазақ жерін
отарлауымен тұспа-тұс келеді. Ресейдің қазақ жеріне аттанған әскер
экспедицияларының құрамында кезінде патша Петр I, одан кейін де монархтар
Ресей Ғылым Академиясына шақырған неміс дворяндығының өкілдері, ғалымдар
көп болды. 1734 жылғы сондай экспедицияның құрамында Фридрих Миллер болды,
ол Солтүстік Қазақстанның географиялық жағдайын зерттеді, жергілікті
тұрғындардың тұрмыс халі туралы жазды. Сондай-ақ Бухгольц Алтай аймағы,
Зайсан көл аумағын, Петр-Симон Паллас пен Евгений Эверсман Орталық және
Батыс Қазақстанды зерттеді. Олар сонда алғаш рет Каспий теңізінің деңгейі
әлемдік мұхиттан төмен жатқандығын анықтап, Қара теңіз бен Каспий теңізі
аралығында жалғастық болуы туралы жорамал жасады. ХІХ ғасырдың бас кезінде
аты әлемге танымал математик Эйлер Жайықтың төменгі ағысы бойын зерттеген
экспедицияға қатысты. Ол тұңғыш рет Жайықтың картасын жасап, бұрынғы
Гурьевте бірінші метеорологиялық пункт ашты. Ал фон Шренк Балқаш пен
Ақкөлдің генезистік жүйесін жазды. 1840-43 жылдары Жоңғар Алатауы мен оның
шыңдарын зерттеп, олардың биіктігін барометрлік тиімділікпен айқындаған да
сол фон Шренк еді. Өткен ғасырдың орта шенінде атақты астроном Струве Арал
мен Каспий теңіздерінің гидрографикалық картасын жасады. Вильгельм Бартольд
пен Фридрих Радлов көшпенділердің өмірі, тұрмыс-салттары жөнінде тамаша
кітаптар жазды. Олардың еңбектері Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары тарих
факультеттерінің студенттеріне әлі күнге дейін оқулық іспетті. Зерттеушілер
Е. Михаэлс, К.Вернер, фон Грент, А.Фридерикстер қазақ жерінің жер асты
қазынасын зерттеді. Алматыдағы ең үлкен бақ Э. Баумның атымен аталады.
Омбының генерал-губернаторы фон Шпингер қазақ сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов пен
жақсы араласқан. Оның баласы – қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың да
оқу, қызметіне жағдай жасап отырған.
Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы фон Кауфман жергілікті халықты оқу-
ағартуға шақырды, ал дәрігер Александр Шварц Оңтүстік Қазақстан тұрғындарын
талай індеттен аман алып қалған. Аталмыш еңбектер арқылы қазақ халқының
тарихында неміс ұлтының ұлы тұлғаларының алар орнының ерекше екендігін көре
аламыз. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда да қазақстанның көп ұлтты
халықтары тәріздес неміс этносы жалпы ұлттық келісімді қолдап келеді.
Қазақстандағы неміс этносының даму деңгейі олардың түрлі қоғамдық
ұйымдары мен Қайта жаңғырту қоғамдарын, мәдени орталықтарын құру арқылы
өзін-өзі ұйымдастыру процесі белсенді дамып келе жатыр. 1992 жылы Қазақстан
немістерінің бірінші съезінде барлық аймақтық қоғамдарды біріктіретін
Қазақстандағы немістердің қоғамдық ұйымы Қайта жаңғыртуды құру туралы
шешім қабылданды. Ассоциацяның жоғарғы басшы органы – төраға және Кеңес.
Ассоциацияның орындаушы органы – Конгресс. Ал, оның шешімдерін шығарып,
Қазақстан немістері Кеңесінің отырыстарын талқылап, Ассоциациясының шартты
тапсырмаларын жүзеге асыратын Неміс үйінде орналасқан Қазақстан немістері
Кеңесінің Бюросы болып табылады. 1994 жылдың 25 тамызында германияның ішкі
істер федералді министрлігі Қазақстан немістері кеңесінің Бюросының жұмыс
істеуін салтанатты түрде Алматыдағы Немістер үйіне жүктеген. Екі елдің
басқарушы өкіметінің қызығушылығының арқасында Немістер Ассоциациясы
халақаралық қатынастың субъектісіне айналып, өзінің этникалық тобының қайта
жаңғыруына зор әсер етті. 1996 жылы Қазақстан Республикасының этникалық
немістерін қолдау мақсатында қазақ-неміс қызметтестігі туралы келісімге қол
қойылды. Қазақстанда неміс этникалық тобының сақталуы мен бекуінің негізі
болып 1996 жылы 31 мамырда қабылданған Келісім шарт табылады. Қазақстан
өкіметінің 1997 жылғы 19 наурыздағы № 368 қаулысы бойынша герман жағына
қазақ-неміс қызметтестігі туралы келісімнің толық күшіне енгенін ресми
түрде мәлімденді. 1995 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың қазақстан-неміс қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен және
Р.Херцогпен өткен кездесуі Қазақстан Республикасында тұратын неміс
этникалық тобының саяси, экономикалық және әлеуметтік бірліктерінің мәнін
дәлелдеп берді. Сонымен неміс үйі Қазақстан немістерінің орталығы ғана
емес, өз елінің прогрессивті дамуына қызығушылықпен қарайтын Қазақстан
зиялыларының кездесу орнына айналған. Қазіргі кезде Ассоциация Қазақстанда
тұратын 228123 неміс ұлты өкілдерінің басын біріктіруде. Ассоциацияны
басқару демократиялық принциптермен жүзеге асырылады. Әр 3 жыл сайын жалпы
халықтық конгресс, ал конгрестер аралығында ассоциация кеңесінің жиыны өтіп
тұрады.
Ассоциация жұмысының негізгі мақсаты – Қазақстан немістерінің қол
жеткізген дәрежелерін бекіту, халықаралық бірлестіктегі Қазақстан қоғамының
интеграция процесіндегі негізгі бағыттары мен мүмкіндіктерді анықтау.
Немістер Ассоциациясы нақты жұмыс істейтін құрылымдар негізінде неміс
этникалық тобын дамыту мақсатында жұмыс істейде. Мысалы, неміс тілін оқыту,
неміс мәдениетін дамыту, мұқтаждарға әлеуметтік көмек көрсету, жастармен
жұмыс жасау, кәсіпшілікті қолдау, неміс баспасын шығару.
Қазақстанда неміс тілі тереңдетіліп оқытылатын 6 мектеп, 84 неміс
тілі және мәдениет демалыс мектебі бар. Облыстық, қалалық, аудандық
қоғамдар, мәдени орталықтар неміс ұлттық мәдениетінің қалыптасуы мен
Deutsche Allgemeine Zeitung республикалық газеті, Kasachstan im
Blickpunkt телебағдарламасы, неміс театры және неміс радиобағдарламасы
мәдениет ақпараттарын таратуда.
Неміс мәдениетінің фестивальдері, мәдениет күндері, семинарлар,
облыстық, аумақтық, республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми
конференциялар дәстүрге айналды. Облыстық неміс қоғамдарында 230
шығармашылық топтар Қазақстан Республикасында өтетін барлық шараларға
атсалысуда. Конференция нәтижелері бойынша Қазақстан немістерінің тарихы,
мәдениеті туралы ғылыми материалдар жарық көруде. Қазақстандағы неміс
суретшілерінң көрмесі үнемі ұйымдастырылып тұрады.
1996 жылы неміс жастарының одағы құрылды. Жастар жұмысына –
халақаралық жастар алмасу, лингвистикалық лагерлер, конференциялар мен
семинарлар, компьютер және интернет клубтары арқылы оқыту мен олардың
дәрежелерін көтеру орталықтары кіреді.
Немістер Кеңесі өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетімен Қазақстан Республикасында тұратын немістердің этникалық
жаңғыруының кешенді бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарлама жалғасын тауып,
1997 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасы Өкіметінің Қазақстан
Республикасында тұратын немістердің этникалық жаңғыруына байланысты қосымша
іс-шаралар туралы Қаулысы шықты.
Сонымен, қазақстандық немістердің мәдени мұрасының сақталуына
аудармасы Қайта жаңғырту деп аталатын Widergeburt қоғамының алар орны
ерекше. Мысалы, елордадағы Қайта жаңғырту қоғамы Қазақстан мен Германия
халқының арасында ынтымақтастық орнатып және оны нығайтып 18 жылдан бері
жұмыс істеп келеді. Ұлттық-мәдени орталықты Игорь Берг басқарады. ҰМО-ның
басты жетістіктерінің бірі – этникалық неміс балаларына ана тілін меңгерте
отырып, мектепке дейінгі және мектепте білім алу мүмкіндігін ұсынуды басты
мақсат еткен неміс гимназиясын құру болып табылады. Гимназияның міндеті тек
академиялық білім беріп қана қоймай, Германия фольклоры мен тарихи және
классикалық неміс әдебиетін таныту. Мұнда неміс балаларымен бірге қазақ,
орыс және өзге ұлт өкілдерінің де балалары келіп оқиды. Немістер кеңесі
өздерінің туған ана тілін қайта жандандыру жұмысына баса назар аударылып
келеді. Астанада облыстық Қайта жаңғырту қоғамдастығының күшімен
құрамында балалар бақшасы, бастауыш мектеп және гимназиясы бар неміс кешені
құрылды. Қарағандыда неміс гимназиясының (бастауыш сыныптары) және бала
бақшасы жұмыс істейді. Қайта жаңғырту және мәдениетті кеңінен насихаттау
бағытында неміс қаумдастық бірлестіктері мәдени демалу жұмысына басты назар
аударуда. Облыстық қалалық және аудандық ұлттық мәдени орталықтарда
вокалдық топтар, фольклорлық, музыкалық, отбасылық ансамбльдер және би
топтары құрылған. Мәдени орталықтардың жанында кітапханалары, неміс
балаларының жексенбілік мектептері бар. Павлодар және Рудный қалаларында
мәдени орталық үшін екі бірдей музыкалық колледжде кадрлар дайындалады.
Алматы қаласында бүкіл ТМД елдерінде бірегей неміс драма театры жұмыс
істейді. Қазақстандағы немістер өмірі туралы теледидардан апта сайын Гутен
абенд телебағдарламасы жүргізіледі. Республикалық радиода неміс тілінде
арнайы хабарлар таратылады Дойче Альгемайне газеті республикалық
бюджеттен қаржыландырылады. 1958 жылдан бастап Қазақстанның мемлекеттік
радиосында неміс редакциясы жұмыс істейді. Немістің Феникс атты әдеби-
көркем, қоғамдық-саяси альманахы да мемлекет тарапынан қолдау табуда.1997
жылдың күзінен бастап Германияда Қазақстаннан келген немістерге және басқа
оқырмандарға арналған Еуразия курьері деген басылым шығып
келеді.Қазақстандағы неміс ғалымдары бірлестігін де ерекше атап өткен жөн.
Қазақстан тәрізді жартылай этникалық мемлекетте жалпы ұлттық келісімге,
азаматтық бірлікке жету негізгі мақсат. Сондықтан да Қазақстанды мекендеп
отырған этностардың тарихи-мәдени мұралары, халықтардың қайталанбас салт
дәстүрлері біздің ортақ игілігіміз. Демек оны көзіміздің қарашығындай
қорғап дамыту, өзара байыту, сөйтіп барша Қазақстандықтардың жалпы ұлттық
игілігіне айналдыру басты парыз.
Қазақстан басшылары қазір эмиграцияны қысқартуға бағытталған бірқатар
шараларды қабылдап отыр. Бір айта кетерлігі – соңғы жылдары Германияға
кеткен қазақстандық немістердің көбі өздерінің өскен елдеріне қайта оралмақ
ниетінде. Еліміздің үкіметі олардың қайтадан оралып, өздерінің тарихи
отандарында жүрген бұрынғы қазақстандық немістермен де байланыс жасауға
қызығушылық танытуда. Бұл – шақыру жүйесін жеңілдету, және азаматтық алып
беру. Қазақстандық және Германдық отандастар арасында байланысты нығайту,
олардың жан-жақты ынтымақтастығын арттыра беру – көп ұлтты қазақстандағы
неміс этникасын сақтап және дамытудың бірден-бір шарты.
Қазақстанның динамикалық және әлеуметтік-экономикалық дамуы
жағдайында ішкі саясат аясындағы ұлтаралық келісім мен қазақстан қоғамының
консалидациялануы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының
басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл саладағы ортақ қызмет ішкі
саяси тұрақтылыққа, қазақстан қоғамындағы азаматтық келісімге және
мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстандағы 200
жылдан астам ортақ тарихы бар ұлттардың бірі неміс ұлты болса, сол неміс
диаспорасының өкілдері Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болып
табылады.
Қазастан халықтары ассамблеясының ұлт аралық қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудағы педагогикалық астарларын ашып көрсете алады. Білім
ордаларында өткізілетін тәрбиелік іс-шараларда білім алушылар мен
тәрбиеленушілер ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қандай болу керектігі
түсіндіріліп, ұлттық мәдени бірлестіктердің жетекшілерімен түрлі деңгейдегі
кездесулер ұйымдастырылады.
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – республика халқының бірлігін,
достығын, ынтымақтастғын қалыптастыратын ең маңызды саяси қоғамдық
институт. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ассмблеяның мәжілісіндегі
баяндамасында Көп ұлтты халықтың Қазақстанда тұруы – бұл біздің
байлығымыз, біздің мақтанышымыз деп атап көрсеткен болатын. Ассамблея –
елімізде тұратын 130-ға жуық ұлттардың тең құқылы дамуының демократиялық
базасы. Оған аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі Кіші гірім
Біріккен Ұлттар Ұйымы деп баға беруі тегіннен тегін емес.
Ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде жалпы адами мәдениеттің құрамдас
бір бөлігі болып саналатын ұлтаралық қатынас мәдениеті үлкен рөл атқарады.
Көп ұлтты Қазақстан жерінде ұлтаралық қатынас өз мәніне ие болған.
Ұлтаралық қатынас арқылы тұтас қоғамның мәдени дәрежесі айқындалады. Ол
еліміздегі саяси және экономикалық жағдайдағы, ұлттар мен ұлыстар
арасындағы қарым-қатынасқа тікелей тәуелді.
Еліміздегі ұлтаралық қарым-қатынасты, достықты нығайту мемлекетаралық
достықты нығайтуда үлкен рөл атқарады.
1999 жылдан бастап оны - Қазақстан халқы Асамблеясы және немістердің
қоғамдық бірлестігі Қауымдастығының, Қазақстандағы кәсіпкер немістері
Одағының мүшесі - Владимир Молодцов басқарады. Қоғамның басты бағыттарының
бірі - неміс ұлттық мәдениетін жаңғырту, сақтау және дамыту, туған тілін,
дәстүрін, салттары мен әдет-ғұрыптарын оқып үйрену, аз ұлттар өкілдеріне
олардың тұрған жерінде қолдау көрсету болып табылады. Осы мақсатта Германия
Федералды үкіметінің қаржылық қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда:
неміс және мемлекеттік тілді оқу, жастарды кәсіби мамандыққа даярлау,
балаларға арналған лингвистикалық, егде адамдар үшін сауықтыру кешендері,
халықтың аз қамтылған санаттарын әлеуметтік қорғау. Жастармен жұмыс істеу
ҰМО қызметінің ең маңызды бағыты бола бастады. 2000 жылдан бастап Juwel
клубы жұмыс істейді, оның миссиясы- жастарды біріктіріп, олардың
шығармашылық әлеуетін дамытуға қолдау көрсету. Клуб жастардың бос уақытын
ұйымдастыруға көмектеседі, белгілі адамдармен кездесу жүргізеді, тілек
білдірушілерді музыка аспаптарында ойнауға, би, компьютер сауаттылығына
үйретеді. Клуб балалары тек облыстық және республикалық семинарларға
қатысып қана қоймай, халықаралық жобаларға да қатысады. Олардың әртүрлі
семинарлары әрқашан қызықты өтеді, балалар қарым-қатынасқа құштар,
жұмыстары өнімді, іске шығармашылық тұрғыда қарауда. Жастар ең жақсы
концерттік нөмірлерімен орталықтың филиалдарындағы кездесулерге, еңбек
армиясына қатысқан және қарт кісілер демалып жатқан сауықтыру кешендеріне
барады. Концерттерде халықтық және қазіргі заманғы неміс әндері мен билері
орындалып, қазақ және орыс тілдерінде әндер айтылады.Жастарды барлық
қалалық және облыстық шараларда, неміс мәдениеті күндерінде, достық
фестивалдерінде көруге болады. Juwel қоғамдық-пайдалы қызметтермен
айналысады. 2006 жылдың балаларды қорғау күні облыстық Айналайын балалар
үйінің сәбилері есінде ұзақ сақталады. Оларға Juwel жастар клубынан
балалар концерт қойды, көптеген сыйлықтардан басқа шаттық күлкі және жүрек
жылуын әкелді.Juwel клубы қоршаған ортаны сауықтыру үшін бірнеше рет
экологиялық акциялар өткізді. Мысалы, Талдықорған қаласының көшелерін
тазалау және көріктендіру бойынша Таза бұлақ акциясы және жақын
аудандарды қоқыс пен қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Клуб
балалары жексенбілік мектеппен біріге туған табиғатты мәпелей қарап,
сақтауды өтініп қалалықтарға үндеу таратты. Жастардың экологиялық туры
Алакөл, Жасылкөл, Балқаш көлдері және Қора шатқалы маршруттары бойынша
өткізілді.
Турдың әртүрлі кезеңдерінде экологиялық шаралар жүргізіліп отырды:
жағалауларды қоқыстардан арылту, Бұрқан бұлақ сарқырамасының аумағына
жақын жатқан аумақтарды тазалау, бұлақтардың көзін ашу, әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz