Қазақстандағы этникалық немістердің ана тілін сақтауы мен мәдениетін дамытуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы

Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
т.ғ.к., Халитова И.Р.
________________

Магистр дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлық диссертация

Неміс халқының қазіргі таңдағы қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-мәдени дамуының тарихынан (1991-2007жж.).

Ғылыми жетекшісі: т.ғ,к.доц., Каримова А.Е.
Орындаған: Какенова Э.Т.

Рецензент ______________________ ___________

Павлодар 2009
Мазмұны

Кіріспе.

І. Неміс халқының қазіргі таңдағы қоғамдық-саяси,әлеуметтік даму жағдайы.
1.1.Неміс халқының әлуметтік-тарихи бастауының қазақ ұлт өкілдерімен
сабақтасуы.
2.2. Қоғамдық келісімді, қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту бағытында
неміс халқының қазақ халқымен бірлескен қызметі.

ІІ. Қазақстан – Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлы мекені
2.1. Қазақстандағы немістер қоғамдық бірлестіктері Ассоциациясы
2.2.

ІІІ. Қазақстандағы этникалық немістердің ана тілін сақтауы мен мәдениетін
дамытуы
3.1. Ұлттық мәдениеттің қалыптасуындағы неміс халқының рөлі.
3.2. Неміс халқының мәдени тарихындағы ұлт зиялылары.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

І. Неміс халқының қазіргі таңдағы қоғамдық-саяси,әлеуметтік даму жағдайы.

1.1.Неміс халқының әлуметтік-тарихи бастауының қазақ ұлт өкілдерімен
сабақтасуы

Бүгінгі таңда елімізде 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-
тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс
аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен
парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында көп
ұлтты қазақ еліндегі қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым-
қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпы ұлттық келісімде өмір
сүруі қазақ елінің бейбіт жолмен дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қазақ халқының тарихи жерінде халықтардың бейбіт өмір сүруі мен
өркениетті мәдениет және бір мемлекет ішінде әр түрлі ұлт өкілдерінің тату-
тәтті тұрмыс кешуі жөнінен бай тәжірибе жинақталған. Бұл мұра біздің
бірлігіміздің тамырын анықтап, келешегіміздің жарқындығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері біздің
қоғамның зор байлығы, әрі зор қамқорлықты қажет ететін құбылыс. Солардың
арасында саны неғұрлым көп диаспоралардың бірі немістер. Таяу кезге дейін
Қазақстанда жарты миллионға жуық немістер болды және олар ұлттық
диаспораның сан жағынан үштен бірін құрады. 1980 жылдардың ортасынан бастап
немістердің Германияға эмиграциясы басталды. Сол себепті де немістердің
саны азайғанымен, соңғы кезде біршама тұрақтала бастады.
Қазақстандағы неміс диаспорасының тарихы 200 жылдай деп есептелінеді.
Қазақстанға немістердің келе бастауы Ресей империясының қазақ жерін
отарлауымен тұспа-тұс келеді.

Қазақстан территориясын мекендеген неміс халқы жарты ғасырға созылған
үнсіздіктен кейін өздерін шын мәнінде этникалық қауымдастық ретінде
сезінді. Бұл дегеніңіз ұлттың өзін-өзі тануы және этникалық тұтастығын
сақтап қалуға ұмтылуы еді. Қазақстандағы ұлттық сананың белсене түсуі 1989
жылдан басталды. Көп ұлтты қазақстан жеріндегі ұлттық сананы жаңғыртуға
ұмтылған ұлттар қатарында немістер де бар еді. Ұлтжандылардың күш салуы
арқасында барлық жерде неміс халқының Қайта жаңару қауымдастығы құрылып,
немістердің мәдени орталықтары ашылды. 1992 және 1995 жылы немістердің бас
қосқан съездерінде ол кезде республикада жарты миллионға жуық немістердің
мүдделерін қорғаған Немістер Кеңесі сайланды. Ал, 1994 жылы Алматыда
Қазақстанға және сырт елге де танымал болған Неміс үйі ашылды. Ашылғанына
көп болмаса да немістер үйі бұл кезеңде ұлттың мәдени және әлеуметтік саяси
өмірінің орталығына айналды. Немістер Кеңесі Қазақстан мен Германияның
арасындағы көпір іспетті. Ол ең алдымен Қазақстандағы неміс этникалық
топтарының, қала берді, екі елдің арасындағы ынтымақтастыққа кең жол ашты.
Олар 1993 жылғы қазан айында бекітілген, немістердің қайта жаңарған
этникалық тобының кешенді бағдарламасын жасады. Оны Қазақстан үкіметінің
арнайы қаулысымен бекітті. Осы бағдарламаның негізінде этникалық қайта
жаңарудың облыстық бағдарламалары жасалды. 1994 жылғы желтоқсанда оның
мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданып, бағдарламаның қосымша шаралары
бекітілді.
Немістер кеңесі өздерінің туған ана тілін қайта жандандыру жұмысын
басты назарда ұстап, маңыздылығына көңіл бөлуде. Астанада облыстық Қайта
жаңару қоғамдастығының күшімен құрамында балалар бақшасы, бастауыш мектеп
және гимназиясы бар неміс кешені құрылды. Қарағандыда неміс гимназиясы мен
(бастауыш сыныптары) бала бақша жұмыс істейді. Қайта жаңару және мәдениетті
кеңінен насихаттау бағытында неміс қаумдастық бірлестіктері мәдени демалу
жұмысына көп көңіл аударуда. Облыстық қалалық және аудандық ұлттық мәдени
орталықтарда вокалдық топтар, фольклорлық, музыкалық, отбасылық ансамбльдер
және би топтары құрылған. Мәдени орталықтардың жанында кітапханалар, неміс
балаларының жексенбілік мектептері бар. Павлодар және Рудный қалаларында
мәдени орталық үшін екі бірдей музыкалық колледжде кадрлар дайындалады.
Алматы қаласында бүкіл ТМД елдерінде бірегей неміс драма театры жұмыс
істейді. Қазақстандағы немістер өмірі туралы теледидардан апта сайын Гутен
абенд телебағдарламасы жүргізіледі. Республикалық радиода неміс тілінде
арнайы хабарлар таратылады Дойче Альгемайне газеті республикалық
бюджеттен қаржыландырылады. 1958 жылдан бастап Қазақстанның мемлекеттік
радиосында неміс редакциясы жұмыс істейді. Немістің Феникс атты әдеби-
көркем, қоғамдық-саяси альманахы да мемлекет тарапынан қолдау табуда.1997
жылдың күзінен бастап Германияда Қазақстаннан келген немістерге және басқа
оқырмандарға арналған Еуразия курьері деген басылым шығып
келеді.Қазақстандағы неміс ғалымдары бірлестігін де ерекше атап өткен жөн.
Қазақстанның көп ұлтты халықтары тәрізді неміс этносы да жалпы ұлттық
келісімді қолдайды. Қазақстан тәрізді жартылай этникалық мемлекетте онсыз
жалпы ұлттық келісімге, азаматтық бірлікке жету, қаншама ауыр болса да
тарихи шындықты қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Ал шындықтың тарихы
былай: небір ауыр кезеңдерде Қазақстан аумағына тұтастай халықтар зорлықпен
көшіріліп, жер ауып отырған. Егер Қазақ халқының қолындағы бір тілім нанын
бөліп беріп отырған қамқорлығы болмаса, сол халықтардың аман қалуы да
неғайбіл еді.Қазақстанды мекендеп отырған этностардың тарихи-мәдени
мұралары, ха-лықтардың қайталанбас салт дәстүрлері біздің ортақ игілігіміз.
Сондықтан оны көзіміздің қарашығындай қорғап дамыту, өзара байыту, сөйтіп
барша Қазақстандықтардың жалпы ұлттық игілігіне айналдыру басты
парыз.Қазақстан басшылары қазір эмиграцияны қысқартуға бағытталған бірқатар
шараларды қабылдап отыр. Бір айта кетерлігі – соңғы жылдары Германияға
кеткен қазақстандық немістердің көбі өздерінің өскен елдеріне қайта оралмақ
ниетінде.Еліміздің үкіметі олардың қайтадан оралып, өздерінің тарихи
отандарында жүрген бұрынғы қазақстандық немістермен де байланыс жасауға
қызығушылық танытуда. Бұл – шақыру жүйесін жеңілдету, және азаматтық алып
беру. Қазақстандық және Германдық отандастар арасында байланысты нығайту,
олардың жан-жақты ынтымақтастығын арттыра беру – көп ұлтты қазақстандағы
неміс этникасын сақтап және дамытудың бірден-бір шарты.

Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамның өзі тәріздес еліміздегі ұлтаралық
қатынастар да соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Экономикалық
және саяси реформалар барысында жаңа әлеуметтік топтар қалыптасты.
Қоғамның демократиялануы Қазақстан халықтарының тілі мен мәдениетін
өркендетуге жағдай туғызды. Бұл барлық қазақстандық этностардың азаматтық
қоғам негізінде дамуына, этносаралық қатынастардың үйлесуіне жол ашты.
Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекетке айналып жан
жадыратар елеулі оқиғалар орын алуда. Сондай елеулі оқиғалардың бірі
елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлтаралық қарым-қатынас мәселесін
шешуді парасаттылықпен қолға алды. Елбасының өз басшылығымен 1995 жылы 1
наурызда республикамыздың қоғамдық саяси картасында ұлтаралық саясат
саласында жаңа инситут – Қазақстан халықтары Ассамблеясы дүниеге келді.
Содан бері аталған қоғамдық институт еліміздегі 130-ға жуық ұлттар мен ұлыс
өкілдерінің өзекті деген мәселелерін шешуге күш салып келеді.
Қазақстан халықтары ассамблеясының еліміздегі ұлтаралық қарым-
қатынсты нығайту жөніндегі маңызы уақыт өткен сайын артып, өзіндік рөлі
айқындала түсуде. Қоғамдағы діл бірліктердің барлық қырлары бойынша,
әсіресе, ұлтаралық саясатты айқындайтын мемлекеттік шаралар әзірленуде.
Ассамблеяның пікірін ескеру және оны шешуде ұлттар мүддесін назарға алу
үйлесімді қалыптасты. Осындай бағыт-бағдарды ұстанған Ассамблеяның негізгі
дінгегі беки түсуде.
Қазақстандағы барлық халықтардың тілдерін, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
мәдени жағдайын дамытуға, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге, ұлттық
бұқаралық ақпарат құралдарын жақсартуға және ұлттық мәдениетті қорғаудың
құқықтық тұтқаларын нығайтуға заңдық негіз жасалған. Қазір республикамыздың
барлық мектептері 9 тілде - қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин,
татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде
оқытылады, 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің 170 жексенбілік республиканың
барлық өнірінде жұмыс істейді.
Көптеген ұлттар мен ұлыстардың қазақстанда өмір сүруі біздің
қоғамымыздың зор байлығы, олар зор қамқорлықты қажет етеді. Солардың
арасында саны неғұрлым көп диаспоралардың бірі немістер. Таяу кезге дейін
Қазақстанда жарты миллионға жуық немістер болды және олар ұлттық
диаспораның сан жағынан үштен бірін құрады. 1980 жылдардың ортасынан бастап
немістердің Германияға эмиграциясы басталды. Сол себепті де немістердің
саны азайғанымен, соңғы кезде біршама тұрақтала бастады.
Қазақстандағы неміс диаспорасының тарихы 200 жылдай деп есептелінеді.
Қазақстанға немістердің келе бастауы Ресей империясының қазақ жерін
отарлауымен тұспа-тұс келеді. Ресейдің қазақ жеріне аттанған әскер
экспедицияларының құрамында кезінде патша Петр I, одан кейін де монархтар
Ресей Ғылым Академиясына шақырған неміс дворяндығының өкілдері, ғалымдар
көп болды. 1734 жылғы сондай экспедицияның құрамында Фридрих Миллер болды,
ол Солтүстік Қазақстанның географиялық жағдайын зерттеді, жергілікті
тұрғындардың тұрмыс халі туралы жазды. Сондай-ақ Бухгольц Алтай аймағы,
Зайсан көл аумағын, Петр-Симон Паллас пен Евгений Эверсман Орталық және
Батыс Қазақстанды зерттеді. Олар сонда алғаш рет Каспий теңізінің деңгейі
әлемдік мұхиттан төмен жатқандығын анықтап, Қара теңіз бен Каспий теңізі
аралығында жалғастық болуы туралы жорамал жасады. ХІХ ғасырдың бас кезінде
аты әлемге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неміс халқының мәдени тарихындағы ұлт зиялылары
Неміс шаруаларының алғашқы отарлау шаңырағы
Қазақ жеріндегі неміс тарихы
Ұлт тағылымы
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
Облыстық неміс қоғамдарында
Lиаспора сөзінің хатқа түсу тарихы мен диаспора, этнос терминдерін қолдану аясы
Қазақстанда неміс тілін коммуникация құралы ретінде сақтау мәселелері
Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі
Қазақстанға неміс халқының қоныстану тарихы
Пәндер