Қылмыстық құқықтың принциптері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері
2. Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан
ажырату
3. Қылмыстың санаттары
4. Қылмыстарды топтастыру
5. Қылмыстың құрамы
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы – ҚР құқықтық жүйесіне
кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер
орындалмаса, өзінің жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және
санкцияланған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салынатын ережелердің
жиынтығын құрайды. Қылмыстық құқықтың иіндескен құқық салаларынан даралап
алуға оның реттеу пәні, яғни қылмыс жасауға және оған белгілі бір жазалар
қолдануға байланысты туатын қоғамдық қатынастар негіз болады.
Қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала.
Өйткені ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса,
пәрменді күшпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық
салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Қылмыс
жасау сәтінен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның арасында
туындаған қатынастарды реттйетін тұлғаның арасында туындаған қатынастарды
реттейтін, сол сияқты өзге құқық салаларымен реттелген қатынастарды
қорғайтын нормалардың жиынтығын қылмыстық құқық деп атайды.
Қылмыстық құқық ғылымы өз пәнін зерттеу барысныда диалектиканың
негізгі әдістеріне ғана емес, сондай – ақ, жүйелік, логикалық – құрылымдық,
салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу
әдістеріне жүгінеді.
Қылмыстық құқықтың принциптері:
✓ Заңдылық принципі
✓ Заң алдында азаматтардың теңдігі принципі
✓ Қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтындығы
✓ Жеке жауапкершілік принципі
✓ Айыпты жауакершілік принципі
✓ Әділдік принципі
✓ Демократизм принципі
✓ Гуманизм принципі
✓ Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану принципі
✓ Интернационализм принципі

2.1.ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын
анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың
қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған
осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды
реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс
әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің)
көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып,
қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа
шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз
адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар,
бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары
қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды.
Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым
жасалған.

Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың
Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап): Қылмыстық
құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп
танылады делінген. РСФСР-дың 1922жылғы Қылмыс кодексінде Қылмыс дегеніміз
кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғыммен
тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-
әрекет деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық
тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға кауіпті деп
жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық
заңдардың негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және
экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына,
саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат
жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ
социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген
қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай
анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың, оның ішінде 1959
жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап)
берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданда. Осы Кодексте
өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады делінген (9-бап). Осы анықтамадан
қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық
қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті
баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы
көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-
әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша
яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда
көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның
өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп
соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында,
осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша
қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін
қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз.
Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-
әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы
ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті
белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты
нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның белгілі
бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа
қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-
әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-
әрекеттермен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік
алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құқылық
норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп
саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып
тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру,
салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа
нормалар пайда болды.
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып
табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті
осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді.
Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын
білдіреді. Қоғамға қауіптілік — қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң
шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян
келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру
шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезенде, дәуірде,
қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-
әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып
табылады.
Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы
қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен
заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын
қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамға
қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана
тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді
жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей
ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы
мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық аймақтар) не тыйым
салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады
(288-бап, 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге
басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып
табылады (335-бап). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін
зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып
табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген
уақыттан бастап, өзінің қандай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға
қауіпті болады. Басқалары қылмыстық заңда көрсетілген зардаптар болған
жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға
қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың
сипаттамасын заң шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде
қылмыстың зардабы қылмыстық заңның өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы,
денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. б.
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру (103-бап), денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян
келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) болып
бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп,
заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап),
ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі, б тармағы),
т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген
мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі.
Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның
белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс
істелді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайдақорлық
мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады.
Кейбір реттерде қоғамға қауіптілік іс-әрекетті істеген адамның ерекшелігіне
де байланысты анықталады. Қайсыбір іс-әрекеттер оны істеген адамның
жәбірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады.
Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға
қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі
өлтіру халіне жеткізілуі (102-бап). Кейде субъектінің ерекше жағдайы
қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік
қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311 -бап, 3-бөлігі).
Қылмыстық құқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық және сандық
жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың
жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстың
сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу қажеттігін көрсетеді
Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық, ал дәрежесін — сандық
сипаттамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай қоғамға қауіптілік
экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және абайсыздық, жеке адамға,
меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты
қылмыстың объектісі бойынша анықталады. Объектілердің тізбегі Қылмыстық
кодекстің 2-бабында көрсетілген, Кылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі топтық
объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері топтық объектілерінің маңыздылығына
қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптіліктің сипатының тағы бір
көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдық, моральдық зиян күш
қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс
қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға
қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік
сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақаналықпен
жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда
қоғамға қауіптілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда
қасақана өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына,
не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға
жазаланады (96-бап, 2-бөлігі), ал абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1-бөлігі)
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кінәнің
нысандарын анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сипатын осылай
белгілеуде маңызды роль атқарады. Қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сандық
жағын анықтағанда көптеген факторларды еске алу қажет. Мұндай ретте
келтірілген зардаптың ауырлығын (аса көп мөлшерде, көп, едәуір мөлшерде)
қылмыстық істің ерекшеліктеріне (аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс)
қылмысты жеке немесе бірлесіп қатысу арқылы істеу, қылмыс істегенде қандай
тәсіл қолданылды, кінәнің сипатын (ниет, мақсат) қылмыстың субъектісінің
ерекшелігіне, іс-әрекеттің істелу уақытына, жағдайына баса назар аудару
керек. Мысалы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің (103-бап),
денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы (104-бап) немесе жеңіл (105-бап)
дәрежеде қасақана зиян келтіруден қоғамға қауіптілік дәрежесі едәуір
жоғары. Қарақшылықтың (179-бап) ұрлықтан (175-бап) дәрежесі жағынан қоғамға
қауіптілігі жоғары. Өйткені шабуыл жасап, қарақшылық жасап тонағанда
бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен қауіпті тәсіл шабуылға ұшыраған адамның
өміріне немесе денсаулығына күш жұмсаумен ұштастырылады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген
санкция бойынша да анықталады. Мәні жөнінен екі қылмыстың қоғамға
қауіптілік дәрежесін анықтау, сол қылмыста берілген белгіленген
санкцияларды салыстыру қажет. Ауырырақ жаза белгіленген қылмыс түрінің
қоғамға қауіптілігі дәрежесі де жоғары болып табылады. Қылмыстың қоғамға
қауіптілік дәрежесі бойынша қоғамға қауіптілік сипаты бірдей қылмыстарды
бір-бірінен ажыратуға болады.
Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде заң
қорғайтын объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде
қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылық туралы әңгіме болып тұр.
Қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін, яғни
қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе
абайсыздықпен істеген адам ғана тартылады. Кінәсіз қылмыстық жауаптылық
туралы сөз болуы мүмкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналық
(тікелей немесе жанама), абайсыздық (менмендік немесе немқұрайлылық) болып
түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана
жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе
болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе,
қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала
білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не
бұған немқұрайлы қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (20-
бап).
Менмендікпен немесе немқұрайлылықпен жасалған әрекет абайсызда жасаған
қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған
қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, қылмыс немқұрайлылықпен жасалған қылмыс деп танылады (21-
бап).
Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан егер оны
істеген адамның іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол
қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.
Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ.
Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен
жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң
жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес,
тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін
қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатынын көрсетеді.
Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық
нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі
туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым
салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза
тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған
қоғамдық ықпал ету шараларын қолданғанда, оның іс-әрекеті қылмыс қатарынан
шығып қалмайды. Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген
әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті қылмыстық
заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты
өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай
қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот ондай қылмысқа заңда белгіленген
негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау
қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе
тағайындамау іс-әрекеттің зардабының көрінісі болып табылады.
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және
жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз
керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан
ажыратамыз.

2.2. ҚЫЛМЫСТЫ БАСҚА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ БЕЙМОРАЛЬДЫҚ ЖАТ
ҚЫЛЫҚТАРДАН АЖЫРАТУ

Қылмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. Осыған
орай қылмысты азаматтық-құқылық, әкімшілік және тәртіптік құқық
бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы
ерекше. Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы
құқыққа қайшылықтың мәніне байланысты. Қылмыс әр уақытта да қылмыстық заңға
қайшы болады. Басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына,
заңдар мен нормативті актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып
мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы — қылмыстық жаза және содан туындайтын
сотталғандық атақ болып табылады. Басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау
шаралары жоқ, Ал қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ
әкелмейді.
Кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық
қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғады.

Қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға
қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік
береді. Мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш
қиындығы жоқ. Кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, қылмыста да бір
объектіге қол сұғу мүмкін. Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың
көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін
қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық
бұзушылықта қоғамға қауіптіліктің дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі көрсеткіші келтірілген зиян
мөлшері болып табылады. Егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік
құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзуы, осының
салдарынан жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде
жарақатталса немесе едәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс
қатарына, ал көрсетілгеннен гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен
жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері
қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір
белгі болып табылады. Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік
қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық жайлы мәлімет
Қылмыс құқығы ұғымы, міндеттері, принциптері
Қылмыстық құқықтың ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық құқықтың бастауыш мектептері
Қылмыстық құқық. Қылмыстық құқық принциптері
Қылмыстық құқықтың принциптері, міндеттері
Қылмыстық құқықтың теріс қылық түсінігі
Қылмыстық - атқару құқығы ғылымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Пәндер