Негізгі категориялардың иерархиясында міндеттер мақсаттардан кейінгі екінші орында тұр
Жоспар
I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім
2.1. Қылмыстың тез, толық ашылуы және қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу,
қылмыстық жауапкершілікке тарту.
2.2. Негізсіз кінәлау мен айыптаудан қорғауды қамтамасыз ету.
2.3. Қылмысты іс қозғауға негіздер мен себептердің түрлері
2.4. Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген адамдардың және органдардың
қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы және оларды қарау мерзімдері
2.5. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергеуіне немесе арызды тергеуіне
немесе соттауына қарай беру
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Негізгі категориялардың иерархиясында міндеттер мақсаттардан кейінгі
екінші орында тұр. Міндеттер іс жүргізу құқығы құрылымының және жүйесінің
элементтері мақсаттарының туындылары болып табылады. Істі жүргізудің
мақсаттары мен міндеттері арсындағы тығыз мағыналы өзара байланысы осымен
түсіндіріледі. Міндеттерді шешу сот әділдігі сияқты мақсаттарға қол
жеткізудің негізіне алынады. Басқаша айтсақ міндеттер дегеніміз-
мақсаттарға қол жеткізудің жолдары екен.
Қылмыстық істі қозғау үш деңгеймен жүзеге асырылады. (Қылмыстық іс
жүргізу Кодексінің 8-бабы.)
Бірінші деңгей мынадай міндеттерді қамтиды:
- қылмысты тез және толық ашу;
- қылмыс жасаған адамды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту;
- әділ сот талқылауы және заңды дұрыс қолдану;
Осы деңгейдегі міндеттерді шешу қылмыстық ізге түсу функцияларын
жүзеге асыруда және қылмыстық мінез-құлыққа ықпал ету жөніндегі іс жүргізу
әдістері мен тәсілдерінің бәрін де қолданудан көрінетін әділ сот мәнінің
бір ғана аспектісін білдіреді.
Екінші деңгейдегі міндеттерге мыналар жатады:
- негізсізсіз айыптау мен соттаудан қорғауды қамтамасыз ету;
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды
қамтамасыз ету;
- заңсыз айыптау немесе кінәсізді соттау жағдайында кідіріссіз және толық
ақтауды қамтамасыз ету.
Айтылғандардың игілікті бағыты көзге айқын түседі, олар кінәсіздерді
қылмыстық ізге түсуден қорғаудан көрінген әділ соттың екінші қырын
білдіреді.
Үшінші деңгейі заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын
алуға, құқыққа деген құрметтеушілікті қалыптастыруға жәрдем көрсеті
мәселелерін шешеді. Бұл деңгейдің жалпы сипаты бар. Алғашқы екі деңгейдегі
міндеттерді шешу бір мезгілде үшінші деңгейдегі міндеттерді шешуді де
білдіреді. Егер бірінші және екінші деңгейдегі міндеттердің ең болмаса бірі
шешілмесе үшінші деңгейдегі міндеттердің бірде бірін шешілді деп санауға
болмайды.
Қылмыстық іс қозғау құқығының міндеттерін шешудің қолданылуын қылмыстық
іс жүргізу заңында көзделген әдістер мен тәсілдерге негізделеді. Өзгеше
әдістер мен тәсілдерге жол берілмейді. Керісінше жағдайда заңдылық пен
құқық тәртібінің бұзылғандығын сеніммен айтуға болады. Соңғысы қылмыстық
сот ісін жүргізу мақсатында қол жеткізілмеді және әділ сот жүзеге аспады
дегенді білдіреді.
Қылмыстық іс қозғауға мыналар себеп болады:
1) азаматтардың арыздары;
2) кінәсін мойындап келу,
3)мемлекеттік органның лауазымды адамның немесе ұйымда басқару
функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
5) лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген
органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей аныұтау;
Қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-
жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы
негіз болып табылады.

Тез деген сөз жасалған қылмыс пен оны уәкілетті органдардың білуі
арасындағы уақыт айырмашылығы мейлінше қысқа болуға тиісті екендігін
білдіреді. Анықтау және тергеу органдары қылмыстың жағдайларын неғұрлым
ерте қолға алса, қылмыс жасаған адамның кінәсі мен қылмыстың
жауапкершілігін деңгейін кейінге сот бағалауының әділеттілігі мен заңдылығы
солғұрлым жоғары болады. Жасалған қылмыс үшін әділетті түрде жазалау
неғұрлым ертерек орын алса, соғұрлым әділ сот тиімділігі де жоғары болады.
Тоық ашу деген сөз барлық кінәлі адамдар және барлық қылмыс анықталуға тиіс
дегенді білдіреді. Мұның маңыздылығы мынада: бір адамның бірнеше қылмыс
жасауы мүмкін осы аталған жағдайлардың әрқайсысына қатысты кінәлі
адамдардың іс-әрекетін бағалау қылмыстық –құқықтық бағалау түрліше болуы
мүмкін, мұның өзі жазалаудың түрлі түрлерін қолдануға әкеліп соғады.
Қылмысты ашуды қылмыстық ізге түсу қызметімен байланыстыру қажет. (ҚІЖК-нің
7-бабы, 14-тармақ)
Қылмыс жасауды ашу, яки фактіні білу қылмыстық ізге түсу органдары
қызметінің щегінен тысқары тұратындай орын алмауға тиіс. Қылмыстан жапа
шегуші не оның куәгері қылмыстың жасалғандығы туралы ақпаратты бұл туралы
қылмыстық ізге түсу органының белгілі болғанға дейін хабардар болды деген
жағдайдың қылмыстарды тез және толық ашудың қылмыстық іс жүргізу міндетіне
қатысы жоқ. Егер қылмыстық жазалануға жататын, яки қылмыс ретіндегі іс-
әрекетті бағалау осы фактіні белгіленген заң тәртібімен тіркеу арқылы
қылмыстық ізге түсу органы қолға алса қылмыс ашылады деп саналады.
Әшкерелеуді нақты адамның қылмыс жасау фактісін белгіленген іс жүргізу
тәртібімен дәлелденуі деп түсінген жөн. Әшкерелеу үшін қылмыстық істі
дәлелдемелік негізбен қамтамасыз ету қажет. Дәлелдемелік негіз істе
дәлелдердің пайда болуы, олардың нақ осы қылмысқа қатысы, жекелеген
дәлелдердің өзара қисынды байланысы болсын, заңдылық көзқарасы тұрғысынан
талас тудырмауға тиіс. Әшкерелеу сондай-ақ адам жасаған дәлелденген іс-
әрекетті қылмысты деп тануға және ол адам қылмыстық жазалануға тиіс
екендігін білдіреді.
Қылмыстың жасалу фактісі мен оны жасаған адамның арасындағы дау
тудырмайтын өзара байланысты айқындау кінәлі адамға заңда көзделген барлық
шұараларды қолдануға негіз болып табылады. Мұндай шараларды қылмыстық ізге
түсу органы ғана қабылдай алады.
Әділеттілік согт талқылауын заң рәсімдері белгілегендей сақтаумен
қамтамасыз етіледі. Әділеттілік дегеніміз зерттелген істің жай-күйін
бағалаған кезде соттың әділдігін соттың объективтілігін білдіреді. Егер осы
келтірілген шарттар сақталса онда заңды дұрыс қолдануға барлық негіздер
болады. Іс жүргізу құқығының нормалары Қазақстан Республикасының
Конституциясы кепілдік беретін адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ететіндігі жолымен құрылған.
Белгіленген ережелерден ауа жайылып кету, оларды сақтамау осы құқықтар мен
бостандықтарға қысым жасауға, яки сот талқылауының әділетсіздігіне әкеп
соғады. Соңғысы әділетсіз заңсыз шешімді туғызады. Қылмыстық іс жүргізу
құқығына қатысты әділеттілік ұғымы заңдылық ұғымы мен үндес келеді.

Бұл міндет іс бойынша бүкіл қылмыстық іс жүргізудің өн бойында, істі
қозғаудан бастап сот үкімі щығарғанға дейін шешіледі. Нақты адамға қатысты
қылмыстық іс қозғау және одан әрі осы іс бойынша іс жүргізу фактісінің өзі
бұл адам қылмыстық тәртіппен қудаланатындығын және уәкілетті органдар мен
тұлғалар осы адам кінәлі деп танылып, жазалануы үшін заңның барлық күшін
қолдануға құқылы екендігін білдіреді. Қателікті болдырмау үшін, сондай-ақ
қылмыстық іс жүргізуге тартылған адамның конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруға жағдай туғызу үшін негізсіз кінәлау мен
айыптаудың қорғану құқығын жүзеге асыруға әлгі адамға мүмкіндіктер
беріледі.
Қылмыстық іс қозғалған адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын шектеу заңда тікелей көзделген шектеулерден нысанында
көрініс таппауға тиіс. Шектеудің түрлері сот ісін жүргізу барысында
қолданыла алмайды.
Заңсыз кінәлау мен айыптауды белгілеу адамның құқығы дөрекі түрде
бұзылғандығын білдіреді. Қылмыстық іс қозғау тәсілдерімен бұзылған құүқықты
қалпына келтіру сот ісін жүргізу міндетіне жатады. Кінәсізді заңсыз кінәлау
немесе айыптау қылмыстық ізге түсу немесе сот органдары тарапынан ғана
болуы мүмкін екендігін назарда ұстау қажет. Ақтау қылмыстық жауапкершілікке
заңсыз түрде тартылған адамға қатысты қылмыстық ізге түсу органдарының
тоқтатуы арқылы немесе кінәсіз сотталғанға қатысты сот тәртібімен жүзеге
асырылады.

Азаматтардың арыздары
1.Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы
мүмкін. Жазбаша арызға оны беріп отырған адам қол қоюға тиіс.
2.Тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде немесе талқылау барысында
жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиісінше тергеу іс-әрекетінің немесе сот
отырысының хаттамасына енгізіледі.
3.Арыз берушіге әдейі жалған сөз жеткізгені үшін Қазақстан
республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық
туралы ескертіледі.
4.Домалақ арыздар тек олар алдын ала тексерілгеннен кейін, егер
оларда осы кодекстің 177-бабының екінші бөлігінде аталған жеткілікті
деректер болғанда ғана қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады.
Кінәсін мойындап келу
1.Кінәсін мойындап келу – адамның оған қатысты әлі күмән келмегенде
немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда өзі жасаған қылмысы
туралы ерікті мәлімдеуі.
2.Аталған мәлімдемені жазбаша да және ауызша да нысанда жасуға болады
және оны мәлімдеуші қылмыстық процесті жүргізетін органға беруге тиіс.
Ауызша мәлімдеме хаттамаға енгізіледі, хаттамада жасалған мәлімдеме егжей-
тегжейлі жазылады. Хаттамаға кінәсін мойындап келген адам және мәлімдемені
қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
3.Кінәсін мойындап келген кездегі мәлімдеме қылмысқа бірге қатысқан
адамдар аталған жағдайда мәлімдеушіге әдейі толған хабар бергені үшін
қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі.
Мемлекеттік органның лауазымды адамның немес ұйымды басқару функцияларын
атқаратын адамның хабарлауы жазбаша түрде жасалуға тиіс. Оған қылмыс туралы
жасаған хабарды растайтын құжаттар мен өзге де материалдар қоса тіркеледі.
Бұқаралық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz