Жаза тағайындаусыз қылмыстық жауаптылық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Тұран - Астана» университеті

Гуманитарлық-заң факультеті

« Құқықтану» кафедрасы

Айтжан Мира Қасымқызы

« Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен негіздері »

(зерттеу тақырыбы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050301 - «Заңтану» мамандығы

Астана 2011

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Тұран - Астана» университеті

Гуманиарлық-заң факультеті

« Құқықтану» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«___»2011 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі

Р. А. Барсукова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

« ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ»

тақырыпқа

050301 - «Заңтану» мамандығы бойынша

Орындаған:

«Заңтану» мамандығы

З-407-тобының студенті Айтжан М. Қ.

Ғылыми жетекші:

з. ғ. к., доцент Маликова А. Ш.

Астана 2011

«ТҰРАН- АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ

«Құқықтану» кафедрасы

050301-«Заңтану» мамандығы

"Бекітемін"

«Құқықтану» кафедрасының меңг.

з. ғ. к., профессор

Р. А. Барсукова

(қолы)

"___ "2011 ж.

дипломдық жұмысты орындауға

Т А П С Ы Р М А

Студент: Айтжан Мира Қасымқызы

Дипломдық жұмысының тақырыбы: « Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен негіздері»

«» 2011 _ж. № ЖОО-ны бойынша бұйрықпен бекітілген

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі:

Жұмыстың бастапқы мәлімметтері:

а) дипломдық жұмыс бойынша жоспар-тапсырма;

б) ҚР статистика Агенттігінің мағұлматтары;

в) диплом алды тәжірбиені өту кезінде жинақталған мәліметтер;

г) зерттеу объектінің соңғы үш жылдағы есеп мәліметтері.

Дипломдық жұмыста орындалуы тиіс болған сұрақтардың тізімі және олардың қысқаша мазмұны:

1) Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен негіздері

2) Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән - жайлар

3) Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән -жайлар

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы 2007 Жалпы бөлім
  3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекс 2010

Графикалық мәліметтердің тізімі (міндетті сызба, кесте және т. б. айқын көрсету)

Тапсырманың берілген мезгілі -

Ғылыми жетекші з. ғ. к., доцент Маликова А. Ш.

(қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған студен Айтжан М. Қ

(қолы)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 - Тарау. Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен негіздері

1. 1 Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы, құқықтық мәні және жалпы сипаттамасы . . . 10

1. 2 Қылмыстық жауаптылықтың негіздері . . . 16

2 - Тарау. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлардың жаза институтындағы қолдану ерекшеліктері

2. 1 Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән - жайларды топтастыру . . . 22

2. 2 Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән - жайларды топтастыру . . . 31 2. 3 Қылмыстық қол сұғушылық объектісіне қатысты, қылмыстық жауаптылықтың негіздері . . . 37

2. 4 Қылмыстық қол сұғушылық объективтік жағына қатысты, қылмыстық жауаптылықтың негіздері . . . 41

2. 5 Қылмыстық қол сұғушылықтың субъективтік жағына қатысты, қылмыстық жауаптылықтың негіздері . . . 47

2. 6 Қылмыстық қол сұғушылықтың субъектісіне қатысты, қылмыстық жауаптылықтың негіздері . . . 51

3 - Тарау. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлардың құқықтық реттелуі

3. 1 Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән - жайлардың құқықтық реттелуі . . . 54

3. 2 Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән - жайлардың құқықтық реттелуі . . . 63

Қорытынды . . . 71

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 74

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы

Еліміздегі өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяқ шенінде басталып, келесі онжылдықта қарқын алған қоғамдық қатынастардың өзгерісі шарықтау шегіне жетіп, жаңа және жаңарған базис бой көрсетті де өзіне сай қондырмасын талап етті. Оның себебі Социалистік мемлекеттік Кеңестік моделі қалыптастырған қоғамдық қатынастардың КСРО - ның құлдырау кезеңінің басталуынан - ақ ірге сөгілуі өріс алған еді. Ақыр аяғы қатынастардың бір және бірігей құқықтық қатынастардың өзгерісіне, соңғысы заңды түбегейлі реформалау ретінде үрдісіне алып келгендігі аян. Осы социалистік қатынастарды нарық қатынастары ығыстырып, орнығуы кезінде Конституцияның өзі екі рет қабылданып үлгерді, кейбір маңызды заңдар әлі күнге жаңа қатынасқа сай етіп қайта қабылданған жоқ. Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы жолында өткізіліп жатқан реформаларға байланысты қоғамдық қатынастардың әлі де сан өзгеріске ұшырайтыны аян. Еліміз өз егемендігі мен тәуелсіздігін жария етіп, бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындап, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Еліміздің, шынында да демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуы және оның ең қымбат қазынасы - адам және оның құқықтары мен бостандықтары деп Конституциямызда көзделген. [1; 2, 13б] . Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап - талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, әлеуметтік белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Осыған орай қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі - заң саласы. Осы үлкен негізгі саланың өзекті бір арнасы - қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді.

Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен [3], 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енді [4] . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын», - деп атап өтті [5, 34б] . Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізінің нығаюына, қылмыспен және заң бұзушылықпен күресті күшейтуге қоғамымыздың әр мүшесінің құқықтары мен

бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда.

Қазақстан Республикасы экономикасының қалыпты өсу деңгейінде, қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы, сонымен қатар қылмысқа қарсы күрес жүргізу тиімділігінің жоғарылай түсуі қоғамда мемлекеттік биліктің азаматтардың жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың конституциялық құқықтарын қорғау қабілетіне тікелей әсерін тигізе бастады. Елімізде қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан, қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы кеңінен таралуда.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жалпы қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылық мәселесі теориялық және тәжірибелік тұрғысы да өз кезегінде көкейтестілігін жойған емес. Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты тағайындауға міндетті. Жасалған қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән - жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау кезінде соттар жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері қылмыстық заңда белгіленген.

Жауаптылықтың негіздеріне байланысты әр қырынан өзіндік ғылыми әр қосушылар болғанымен, қоғамымызда аталған мән - жайлардың тізбегінің әдістемелік негіздерінің түбегейлі шешілмеген тұстары бар, сонымен қатар жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлардың топтастырылуына байланысты ғалымдардың біркелкі көзқарасқа келе алмауынан, әр түрлі пікірлердің жаппай қабылданып жатқан тұстары да жетерлік.

Қылмыстық жауаптылықтың ұғымын беруде толық ғылыми пікірлер, нәтижелер болса да, оның түп бастауынан, әдістемесінен әлсін - әлсін ауытқып кетіп жүргеніміз аталған мән - жайлардың теориялық негіздерін анықтағанда бой көтерері байқалады. Жоғарыда айтылғанды ескерер болсақ, қылмыстық жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән - жайлар жаза тағайындауда қоғамға қауіпті іс - әрекеттерді тез арада ашуға, бағытталған үздіксіз де тұрақты зерттеуді қажет етеді.

Сол секілді бұрынғы заңдардың дәурен сүріп тұрған шағында сүрлеуі жасалған істерді жаңа қылмыстық заңға сәйкес жаңғырту мәселесі де, яғни қылмыстық жауаптылықтың теориялық негізін анықтау бір төбе өте өзекті маңызды мәселе, зерттеу тақырыбының өзектілігі де осыған келіп тіреледі.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстар жеткілікті, оларды сот, тергеу, прокуратура органдарында анықтау әрине, қиындық тудыратыны сөзсіз. Қылмыстылықтың алдын алу шаралары олардың негізгі көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Алайда, басты шара - Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «өтпелі кезеңдерді бастан кешіп жатқан қоғамда, мемлекеттік экономика әлі сақталып қалып тұрған тұста, жеке меншік институттары . . . әлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекеттің қызметінің орасан зор маңызға ие болатындығы» [6, 145б] . Мемлекет тарапынан қолданылатын шаралардың бәрінің мәні де күш ықпалы да қоғамдағы тәртіп бұзушылық пен қылмыстылықтың әуелі алдын алуға бағытталған.

Осыған орай, барлық шаралардың құрамында қылмыстық жазаның, жаза тағайындаудың, ең маңыздысы қылмыстық жауаптылықтың негіздері өте ерекше. Себебі қылмыстық жауаптылық - қылмыс жасаған адамға берілетін қоғамдық, әлеуметтік әділеттіктің көрсеткіші; қылмыстылықпен күрестің қажетті құралы. Міне осындай жағдайларға қарамастан бұл үлкен де мәнді мәселелер төңірегіндегі әңгімелер жеткілікті деңгейде әлі де болса көтерілмей отыр.

Атап айтсақ, қылмыстық жауаптылық мәселелеріне Қазақстандық А. Н. Ағыбаевтың, Е. О. Алаухановтың, З. О. Ашитовтың, Н. М. Әбдіровтың, Б. Ж. Жүнісовтың, Е. І. Қайыржановтың, Р. Б. Құлжақаеваның, Е. Ә. Оңғарбаевтың, С. М. Рахметовтың, Қ. Ж. Балтабаевтың, И. И. Роговтың, М. С. Нәрікбаевтың, Р. Орымбаевтың, А. Ф. Аубакировтың, Г. С. Мәуленовтың, Д. С. Чукмайтовтың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қаралған.

Өткенге шолу жасайтын болсақ, Кеңес Одағы тұсында тікелей біздің тақырыбызға қатысты қалам тартқандардың бірі - И. И. Карпец, Г. И. Чечель, С. С. Гаскин, А. П. Козлов, Л. Л. Кругликов, А. Т. Иванова, Г. Анашкин, М. М. Бажанов, В. Н. Кузнецова, В. С. Минская, О. А. Мясников т. б. аталған тақырыпқа байланысты жазылған ғылыми еңбектерді ақпарат беттерінен көре аламыз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - қылмыстық жауаптылықтың құқықтық тәртібінің негізін есепке ала отырып, олардың тізбегіне қатысты жаңа ұсыныстарды талдап, қылмыстық жаза тағайындауда жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән - жайларды дұрыс, әділсоттылықта тағайындап жүзеге асырудың маңыздылығын арттыру болып табылады. Өйткені қылмыскер өз жазасының дұрыс тағайындалғанына көзі жетіп, соны ұғынса, оны әділ деп тапса, жазаның ойдағыдай өтелуіне ғана емес, сонымен қатар қылмыскердің қайталап қылмыс жасамауына үлкен әсер тигізеді. Міне осы жағдайлар зерттеу тақырыбының мақсатын көрсетсе керек.

Осы аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер туындайды:

  1. Жаңа Қылмыстық заң тұрғысынан қылмыстық жаза тағайындау институтын қалыптастырудың негізгі қадамдарын анықтау;
  2. Жаза тағайындау институтындағы қылмыстық жауаптылықтың саралаудағы алатын басты рөлін көрсету;
  3. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән - жайларды анықтауда қылмыскердің қауіптілігін, қоғамға қауіпті жасаған әрекеттің дәрежесі мен сипатын белгілеуде, жаза мөлшерін шешуде, жаза мөлшерін анықтауда қылмыскердің жеке басын айқындау;
  4. Қылмыстық кодекстің 53 - 54 баптарында берілген құқықтық тізбекке салыстырмалы - құқықтық түсіндірме беру;
  5. Қылмыстық жауаптылық негіздеріне байланысты сот тәжірибесінде кездесетін қиыншылықтар, қателіктер және оларды болдырмау жолдарын анықтау.
  6. Зерттеліп отырған процестің заңдылықтары мен үрдістерін анықтау;

Диплом жұмысының әдістемелік негізі. Дипломның әдістемелік негізі жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеуші материалистік диалектиканың заңдары мен таным әдістерін басшылыққа алды. Сол сияқты, осы жұмысты жазу барысында салыстырмалы құқықтық, нақты - әлеуметтік, логикалық әдістерді қолданып, кейбір жағдайда барлық саланың бастауы, түп атасы философия ғылымына сүйендік. Аталмыш жұмыстың әдіснамалық негізін құқық теориясының, қылмыстық құқықтың, криминология мен психологияның қағидалары мен негізгі теориялық тұжырымдары құрайды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік құндылығы. Қылмыстық жауаптылықтың ұғымының түп бастауына әдістемелік басты назар аудара отырып, олардың заңда айқындалған құқықтық тізбегін анықтап және аталған мән - жайды топтастыруды жүзеге асырудың теориялық іргесін қалауға талпыныс білдіруде.

Сонымен қатар зерттеудің теориялық мәні - зерттеу нәтижесінде құрылған ұсыныстар, қорытындылар, тұжырымдар қылмыстық жауаптылық туралы ұғым - білімнің өзгеруіне әсер етеді, қылмыстық құқығында жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлар жаза тағайындау институтында қолданудағы мәселелерге өзіндік үлес қосады.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы - осы зерттеудің нәтижелері қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен негіздері, жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән - жайларды реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіруге бағытталғандығында.

Жұмыс қорытындысының тәжірибелік мәні:

  1. құқық қорғау және құқық қолдану органдарының қылмысқа қарсы күрес жүргізу тәжірибесінде;
  2. соттардың жаза тағайындау тиімділігін арттыруда;
  3. қылмыстық құқық, қылмыстық - атқару құқығы, криминология пәндері оқу процесінде;
  4. әдістемелік құралдарды дайындау және магистрлік, бітіру жұмыстарын жазу барысында қолдануға мүмкіндік береді.

1-Тарау. Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен негіздері

1. 1 Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы, құқықтық мәні және жалпы сипаттамасы

Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жауаптылықтың құқықтық мәнін, негізін, сипаттамасын қарамас бұрын біз жаза түсінігі мен оның негізгі мақсаттарына қысқаша тоқталуымыз қажет. Қылмыстан сақтандыру кезінде әлеуметтік - ұйымдастырушылық және мәдени - тәрбиелік шаралардың шешуші мәнге ие екендігі сөзсіз.

Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі әлеуметтік ұйымдастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолдануға тырысады. Өйткені, қылмыстық құқық саясаты жалпы мемлекет саясатының белгілі бір қажетті түрі бола тұрып, жан - жақты шараларды, әсіресе қылмыстық әрекет пен әрекетсіздіктің алдын алуға арналған кешенді шараларды қамтиды.

Осы арада заң саласында ерінбей еңбек етіп жүрген профессор Н. М. Абдировтың көзқарасын байыптасақ, осы соңғы шараларды қылмысты болдырмау саясаты деп атауға болады [ 8, 251б ], ал А. Н. Ағыбаевтың пікірінше, қылмыстық құқықтық шаралар қажетті, бірақ мәжбүрлі түрде пайдаланатын «амалсыздық» шаралар [9, 183б] . Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс жасаған адамдарға жаза қолдану мемлекеттің атқаратын қызметтерінің бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасағандарға соған сәйкес қылмыстық - құқықтық шаралары да сан алуан. [10, 16]

Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оларды қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде және оның шегінен шықпай жаза тағайындайды. Ерекше жағдайларда ғана сот заңның нақты бабында көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға құқылы. Бұл жаза тағайындаудың гуманизм қағидасы болып табылады.

Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан және тек қана сот үкімімен тағайындалады. Қылмыс пен жаза - қылмыстық құқық өзінің пайда болған кезінен сүйенетін бір - бірімен тығыз байланысқан ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мәселесі қылмыстық құқық теориясында ерекше орын алады, өйткені, ол қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесіндегі ең ауыр да қажетті шаралардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38 - бабында «Жаза дегеніміз - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы қылмыстық кодекспен айыру немесе оларды шектеу болып табылады» - делінген [4, 13б] .

В. И. Курляндский, «Жаза - соттың үкімімен қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын мемлекеттік шараның түрі» десе [11, 90б], М. Д. Шаргородский бұл анықтамамен ішінара қосыла отырып, «мемлекеттік шаралардың бәрі де жаза емес, оған медициналақ және тәрбиелік сипаттағы шаралар жатпайды» - деп толықтырады [12, 32б] .

Біздің ойымызша, жаза ұғымының заңның өзінде берілуі осы үлкен мәселе төңірегіндегі алауыздықтықтың жойылуына себепкер болады деп ойлаймыз. Сонымен, жаңа қылмыстық заңда берілген «жаза» ұғымы бір қырынан ақсап жатқандай. Ол пікірге біз жаза ұғымына бағытталған ертеректегі еңбектермен танысу кезінде, солардың ішінен әсіресе, В. Розенберг пен Э. Д. Бароньнің еңбегімен танысқаннан кейін мынадай тоқтамға келдік [13, 12б] .

Аталмыш еңбекте автор жазаның мазмұнын айта келіп, «мемлекеттік шара», «қылмыстық жаза» - мемлекеттік өмір шеңберінде ғана емес күнделікті тірлікте, балалар бөлмесінде, мектепте, клубта, тіпті аңдарды бағатын жерлерде алдымыздан шығатын жалпы жазаның белгілі бір түрі болып табылады. Жаза әрқашанда қай күйде болмасын жаза болып қалуы тиіс. Қай жерде, қашанда болмасын бірдей болып табылатын осы түсініктің жалпы белгілері болуға тиіс. Мәселен «мекентұраққа кіріп ұрлау», «ғұмырлық иелік» сияқты түрлі - түрлі ұғымдарды анықтау үшін, ең алдымен «ұрлық», «иелік» сияқты жалпы ұғымдардың мәнін ашу арқылы аталған мәселелерді тез де шынайы шеше аламыз. Сондықтан қылмыстық жазаның ерекше белгілерін, жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән - жайларын анықтау үшін әуелі жаза туралы ұғымды анықтау негізгі міндет.

Кейіннен осы жалпы анықтамаға сол жаза түрінің басқа да жаза түрлерімен айырмашылығын қосса, жетіп жатыр» - деп санай отырып, автор жазаны - абстрактылы, қылмыстық жазаны нақтылы ұғым деңгейінде түсінетіндігін басып айтып «абстрактылы ұғым ретінде жаза әрқашан - «жапа шектіреді» «жағымсыз сезімге бөлейді», жазаның барлық күш - қуаты жапа шектіру мөлшерімен өлшенбек. Осыған орай, қатал жаза дегеніміз - көп жаза шектіру. Егер жапа шегу болмаса ешқандай да жаза жоқ» - дейді [14, 250б] .

Қазіргі заң әдебиеттеріндегі берілген жаза ұғымын қарап отырсақ олардың бәріне тән ортақ кемшілікті жоғарыдағы пікірден туындайтындығына куә боламыз. Жаза ұғымын беруші көп авторлар көбіне оның сыртқы түріне ден қойып, оның ішкі қасиетін ашу, яғни жазаның «жапа шектірушілік» негізгі қасиетін көрсетпеуі бұл ұғымды толыққанды мазмұнда қабылдатуға мүмкіндік тудырмайды. Соның салдарынан соттардың көбінің осы сұрақтағы негізгі мәселені түбегейлі түсінбейтіндігі өзінің кері әсерін жаза тағайындау кезінде көрсетеді.

Аталған қоғамдық қатынастарға қиянат жасайтын, қылмыстық заңда көрсетілген іс - әрекетті жасаушыға тағайындалған қылмыстық жаза мөлшері оның өз әрекетінен туындап жатуы, белгілі бір объектіге қылмысының арқасында «ыңғайсыздық» келтірген қылмыскер мемлекеттің өзі де сондай «ыңғайсыздық» күтуі шарт. Жаза тағайындай отырып мемлекет «жапа шектіру» кінәлінің қылмысы үшін кек алу емес, оның мақсаты қажеттілік болған «жапа шектіру» екендігін айтады. Сондықтан да әрбір қылмыскер өзінің теріс әрекеті үшін жапа шегуі керек.

Сонымен осы жоғарыдағы пікірлерді пайымдай келе, белгілі бір қылмыс үшін қолданылатын жазадан келетін зиян қылмыс жасаушының тек өзінің жеке басына бағытталуы қазіргі күнгі қылмыстық құқықтың басты шарттарының бірі. Сондықтан қолданылатын жаза сотталушының отбасына, туыс - жекжаттарына немесе үшінші біреулерге бағытталмауы үлкен мәселе болып табылады.

Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтарушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды. Немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік - құқық бұзушыларды тиісті жауапқа тартады. Бірақ осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде - біреуінің қылмыстық жаза қолдануға құқы жоқ.

Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай - ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылдық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президентінің шешімдері арқылы жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жаза тағайындаумен арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық жауаптылық
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізуіндегі үкім және оның түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстардың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде
Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау
Қылмыстық жауаптылықтан босатудің түрлері
Сот тергеуіндегі дәлелдемелерді зерттеу
Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz