ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
"Принцип" ұғымы түсініктемесінің үш жай-жапсары бар: философиялық;
затты-қолданбалы; теориялық-құқықтық. "Принцип" ұғымының философиялық жай-
жапсары мынада: жалпы таным негізіне немесе әлдебір білім саласы негізіне
алынған, заңдылықты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория
жүзінде талдап қорытылады.
Принцип ұғымының затты қолданбалы жай жапсары осы қызмет өзіне сай
келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді.
Принциптің теориялық құқықтық маңызы тиісті құбылыс мәнінің
талданған, объективті орын алып отырған ақиқатты және онда қолданылатын
заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.
Сонымен, "принцип" ұғымы түсініктемесінің барлық жай жапсарларының
ұқсастықтары көп, олардың ең елеулілері мыналар:
-"принцип" ұғымы тек негіз қалаушыларға жатқызылуы мүмкін категорияларға
ғана қолданылады;
-"принцип" ұғымы жалпы негізгі ережелердің объективті ақиқатынан
дерексіздендірілуі мүмкін;
-"принцип" ұғымы құбылыстардың мәнін білдіретін үйреншікті теориялық
талдаумен байланысты.
Осы айгылғаңдарға байланысты Ф. Энгельстің мына бір пікірі денқоярлық:
"Пршщиптер табиғатқа және адамзат тарихына қолданылмайды, солардан
дерексіздендіріледі: табиғат пен адам-зат принциптерге лайықталмайды,
керісінше, принциптер табиғат пен тарихқа қаншалықты сәйкес келсе,
соншалықты ғана дұрыс болады".
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін тұжырымдау үшін оларға
қойылатын талаптарды білу маңызды. Қандай да болсын ережелерді қылмыстық іс
жүргізу құқығы пршщиптерінің категориясына жатқызу үшін олар мына
талаптарға сай келуге тиіс:
1) Олар (ережелер) анықтау, тергеу, прокуратура және сот
органдарының ұйымдастырылуы мен қызмегінде негізгі, бастапқы сәттерді
айқындап, олардан, өз кезегінде, жеке-дара сипаттьг ережелер туындайды;
Принцип (лат. ргіпсірит - негіз, басгама) - әлдебір теориянын ілімнің
негізгі, бастапқы жағдайы, басшылық негізгі қызмет ережесі.
2) Принциптердің өздерінде адамдардың ерік берілген немесе Мндетті
іс-қылықтарының барлық жақтары және құқықтық норманың барлық элементтері
(болжам, диспозиция, санкция) тұжырымдалуға тиіс емес;
3) Негіз қалаушы айқындамаларға еркін мазмұн беруге болмайды,
өйткені олар қылмыстық іс жүргізу құқығының заңдылықтарымен және ішкі
логикасымен объективті түрде байланысты;
4) Принциптер категориясына жатқызылған ережелер объективті және
субъективті негіздерді бірдей дәрежеде ұштастыруға тиіс.

1
2.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ
ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясында принциптерді тұжырымдауға,
түсіндіруге байланысты мәселелерді зерттеп дайындауға екі тенденция тән
болды. Бір жаіынан — принциптер ретінде тануға ұсынылған ережелер тым
ұлғайтылды. Екінші жағынан—осы ережелер шеңбері орынсыз тарылтылды. Екі
тен-дениңя да түйыққа апарып тірейді. Осы қайшылықгьі жүйе құрай-тын
факторлар табылған жағдайда ғана жоюға болады.
Жүйе, мәлім болып отырғанындай, бір-бірімен қатынаста және байла-
ныста болатын элементтердің белгілі бір тұтастық, бірлік құрайтын жиынтығы
(Философиялық энциклопедаялық сөздік. "Жүйе" категория сынсыз қылмыстық іс
жүргізу құқығын көз алдыңа аяқгалған тұтас сала ретінде елестету мүмкін
емес.
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері — ең алдымен өзара бай-
ланысты элементтер жүйесі. Аталған элементтердің мәні мен орны жүйе
құрайгын факторлар негізінде елеулі ықтималдық пен анықталады.
Принщштерге қатысты жүйе құрайгын факторлар ретіңце мыналар
алынған:
1) принциптерді мақсаттар мен міңдетгер ортақтығьшың байланыстыруы;
2) ішкі қайшылықтардьщ жоқтығы;
3) объективті және субъективті бастамалар бірлігі;
4) өзара байланыстылық және дербес те, бірге де бір мезгілде ықпал
жасау ерекшелігі;
5) пршщиптерді қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен
мівдеттерін жетуге бағдарлау.
Даулы факторлар қатарына принциптерді деңгейлерге саралау туралы
мәселенің шешімі жатады. Атап айгқаңда, А.С. Кобликов, А.М. Ларин, Ю. И.
Стецовский Конституцияда баянды етілген барлық пршщиптер конституіщялық
деңгейге, ал басқа құқық көздерінең баянды етілген өзге принціптер
конституциялық емес деңгейге жатады және жеке қолданбалы сипатта болады деп
санайды. Т.Н.Добровольская, П.С.Элькинд сияқты зертгеушілер принциптерді
конституциялық және конституциялық емес деңгейлерге бөлу "принцип" ұғымының
мазмұнына жалпы қайшы келетіні туралы көзқарасты негіздеген.
Мыналар:
а) қылмыстық іс жүргізудің барлық прившңптерінің бірдей дәрежеде
маңызды деп танылуы;
ә) субъективті негіздердің принциптерге түрліше ықпал етуіне
байланысты олардың түрлі дәрежеде маңызды деп танылуы осы мәселенің
шешіміне байланысты.

2
"Приниңптер" категориясының мәніне жасалған талдау қылмыстық іс жүргізудің
барлық принщштерінің бірдей дәрежеде маңызды деп танылуы қылмыстық іс
жүргізу құқығы теориясының қазіргі жетістіктеріне неғұрлым толык, сай
келеді деуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қылмыстық іс жүргізу принциіггерін конституциялық және
конституциялық емее деңгейлерге бөлудің өзі қате, сондай-ақ әдістемелік
сипаттағы бірқатар жалған қорытынды-лар жасауға әкеліп соғадй.

Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін тең шамалы және тең маңызды
деп тану керек екенінің мынадай дәлелдері бар.
1. Барлық зандар Қазақстан Республикасыньщ Конституция-
сьша,конституцияльщ заңдарға толық сәйкес әзірленеді. Демек,
пришщиптердіконституцияльіқ және конституциялық емес деңгейге бөлу олардың
(принциптердің) нақты құқық көзінде орналастырылуы тұрғысынан ғана дұрыс:
егер принцип Қазақстан Республикасьшың Конституциясында немесе
конституциялық занда орнықтырылған болса., ол конституцияльіқ принциптерге
жатады; барлық өзге құқық көздерінде орнықтыру оны өзінен-өзі
конституциялық емес принцңптерге жатқызады. Бірақ мұндай көзқарас
механистілік және құқық қисынына қайшы келеді. Мән-маңыз тұрғысынан алғанда
принциптердің конституциялық және конституциялық емес принциптерге бөлінуі
олардың занды (конституциялық) және заңсыз (конституциялық емес) больш
саралануын білдіреді.
Осыған байланысты Т. Н. Добровольскаяның пікірі өте орынды сияқты:
"Егер қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері бір-бірімен байланысты болып,
өзара әсер ететін болса, қылмыстық процестің демократиялық мәнін анықтау
мен қылмыстық істер бойынша сот ісін нақты жүзеге асыруда зандылықты
нығайту үшін олардың бәрі бірдей маңызды, сондықган қай заң актісінде
орнықтырылғаньша қарамастан оларды категорияларға бөлуге болмай-ды.
Қылмыстықпроцесс принциптерін... конституциялықжәне конституциялық емес деп
бөлу теория тұрғысынан да, практика тұрғысынан да дұрыс емес".
2. Принциптерді конституциялық және контитциялық емес деп бөлудің
механистік жолы принциптердің маңыздылау және маңызы аздау, басты жәңе
екінші дәрежелі деп бөлінуіне өзінен-өзі әкеліп соғады. Принциптердің
маңыздылық дәрежесі бойынша саралануы оларды қамтамасыз ету құралдарының да
тиімділеу және тиімділігі кемдеу деп бөлінуіне әкеліп соғуы мүмкін, оньщ
қылмыстық сот ісін жүргізуде зандылық талаптарын сақтауға байланысты елеулі
зардаптары болуы ықтимал. Сонымен қатар "принцип" ұғымының негіз қалаушы,
түйінді деген мәнінің өзі саралау кезінде құқықтық реттеу механизміндегі
міндетті элемент рөлін емес, жай ғана тілек рөлін атқарады.

3
Т.Н. Добровольская бұл жөнінде былай деп жазды: "Бұл принциптер жүйесін
өзара байланысты және маңызы бірдей, бір қатарда тұрған ережелердің
біртұтас тізбегі деп тану" жүйе құрайтын факторлардьщ барлық талаптарына
сай келеді және принциптерді институтгық категория ретінде көрсетеді.
3. Пршщиптерді конституцияльіқ және конституциялъіқ емес деп бөлу
анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарында "конституіщялық"
принциптердің бұзылуына жол бермеу және "конституциялық емес" принциптерді
елемеуге болатыны туралы қате пікір қалыптастырып, олардың құқық қолдану
қызметінде тәртіп бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
4. Қүқық көздерінің Қазақстан Республикасының Конституциясы және
салалық зандар деңгейіңдегі арақатынасы мынадай: Конституцияның негізгі
ережелері, соньщ ішінде қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері деп тура
аталғандары салалық құқықта егжей-тегжейлі реттелген, сол арқылы құқық
қатынастарына қатысушылар құқықтары сақталуының кепілдіктерін күшейте
түседі. Бұл арақатынасты қылмыстық іс жүргізу принциптерінің жүйесіне де
қолдануға болады.
5. ҚІЖК 9-бабында прршциптердің кез келгенін бұзу іс бойынша болған
іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған
шешімдерді бұзуға не жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға
әкеліп соқтыратыны туралы ереженің орнықтырылуы Кылмыстық сот ісін жүргізу
принциптерін маңызы бірдей деп тану керек екенінің тағы да бір айқын дәлелі
болып табылады.
Сонымен, қылмыстық процесс принциптерінің жүйесі қылмыстық іс жүргізу
құқығы жүйесінің шеңберіндегі тең шамалы жәнетең маңызды, негізгі, түйіңді
ережелердің жіктелуі деп емес, ал олардың өзара байланыста, өзара қатынаста
болуы деп түсінілуге тиіс.
Іс жүргізу нысаны жөніңде принциптер үш топқа бөлінуі мүмкін:
1) сот ісін жүргізу тәртібіне, оның нысандарына қатысты талапгарды
білдіруші принциптер;
2) сот ісін жүргізу тәртібіне, оньщ нысаңдарына қатысты талаптар мен
тікелей тергеу және сот қызметіне қатысты талаптарды ұштастыратын
принциптер;
3) тікелей тергеу және сот қызметіне, оның мазмұнына қатысты
талаптарды білдіруші принциптер.
Қаңдай да болсын топқа қатысты екеніне қарамастан оның қылмыстық іс
жүргізу құқығының кез келген көзінде орнықтырылуы мүмкін, оның өзі олардың
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен конституциялық зандарына сәйкес
келуі жөніндёгі талапқа қайшы келмейді.
Сонымен бірге принциптердің топтарға бөлінуі шартты сипатта болып
отыр. Тән бірқатар принциптердің шектес екі топқа бірдей қатысты екенінде.
Әдебиетте өзге бөліністер бар (мысалы, принципгерді сот құрылысына және
сот ісін жүргізу ге бөлу)'.

4
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің маңыздылығы олардың
Қазақстан Республжасының Конституциясында орнықтырылуымен айқындалады.
Мәселен, Конституцияның 77-бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық процесте
мына пршщиптер орын алады:
- кінәсіздік презумпциясы;
- нақ бір қылмыс үшін қайгадан жаза қолдануға тыйым са-лынады;
- әркімнің соттағы сөз бостандығы;
- дәлелдеу ауыртпалығын айыпталушыға жүктеуге тыйым салынады;
- куә иммунитеті;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдікті ай-ыпталушының
пайдасына қарастыру;
- дәлелдер алудың зандылығы;
- қылмыстық занды ұқсастығына қарай қоддануға тыйым салу.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 4-тармағьщда
атапкөрсетілгеніндей, Конституциада белгіленген сот төрелігі принциптері
Республиканың барлық соттары мен судышары үшін ортақ және біртұтас болып
табылады.
Процесс негіздері қылмыстық сот ісін жүргізудің жоғарыда аталған
принщптгеріменшектелмейтінін мойыңдау қажет. Қазақстан Республикасы
Конституциясының, констатуциялық заңдардың, салалық құқықтық актілердің
кейбір ережелерінің мәнінен қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің
жүйесі әлдеқайда қомақты да ауқымды екенін көруге болады. Қазақстан
Республикасьшьщ Конституциясында баянды етілген принциптер жүйесі қылмыстық
сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектелгендіктен
ҚІЖК-де мьшадай жүйе құрушы элементтермен берілген:
- зандылық;
- сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;
- адам мен азаматтьщ қүқықтары мен бостандықтарын сот арқылықорғау;
- жеке адамның абыройы мен қадір-қасиегін қорғау;
- адамның жеке басына тиіспеушілік;
- қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау;
- адамның жеке өміріне қол сұқпаушылық; хат жазысудың, телефон арқылы
сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы;
- меншікке қол сұқпаушылық;
- кінәсіздік презумпциясы;
- қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол беріл меуі;

___________________________________ _____
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы.
Жалпы бөлім.
Б.Қ.Төлебекова.
Алматы Жеті жарғы 2000 жыл.

5

2.2. ЗАҢДЫЛЫҚ ПРИНЦИПІ
Қылмыстық процесс саласындағы заңдылық принципі - қылмыстық іс жүргізу
процесіне әрбір қатысушының материалдық және іс жүргізу заңдарының барлық
талаптарын, соның ішінде осы қызмет принциптерінің формулалары бар
нормаларды сақтауға міндетті екені. Заңдылық принципінің мәнін терең түсіну
үшін Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік
бағдарламасының ережесі ерекше маңызды, оған сәйкес мемлекеттік билік
органдары мен лауазымды адамдар "заңда тікелей көзделген нәрселерге ғана
рұқсат етілген" деген принципті дәйекті де қатаң түрде ұстануға тиіс.
Заңда көзделген нәрселерге ғана рұқсат ету принципі қылмыстық іс
жүргізу қызметіне қатысушылардың бәріне бірдей қатыстьі және заңдылықтың
басқаша айтылған принципі больтп табылады. Рұқсат етудің мәні-заң
нұсқамаларын орыңдау ғана.
Заңдылық принцшіі Қазақстан Республикасы Конституциясының бірқатар
баптарында баянды етілген. Мәселен, 34-бапта әркім Қазақстан
Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға міндетті екені
айтылған; 78-бап - Констатуциямен баянды етілген адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілер қолдануға жатпайды; 83-бап - прокуратура құқық
қатынастарына қатысушылардың заңдылықты сақтауын қадағалау қызметін жүзеге
асырады. Қазақстан Республикасы Конституциясының аталған және өзге
нормаларында Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын заңдардың
мызғымастығы туралы, заң нұсқамаларын құқық қатынастарына қатыеушылардың
бәрінің міндетті түрде орындауы туралы идея белгілі бір дәрежеде бар.
Конституцияда баянды етілген зандылық принципі ҚІЖК 10-бабының
ережелерінде дамытылған. Осынормаға сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудегі
заңдылық принципінің мәнін құрайтын мыналар:
- қылмыстық ізге түсу және сот органдарының міндеті:
а) Қазақстан Республикасы Конституциясының;
ә) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің;
б) конституіщялық заңдардың;
в) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардағы және өзге
міндеттемелерінің;
г) Конституіщяльіқ Кеңестің нормативтік қаулыларының;
д) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыл арының;
ж) қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдар
ережелерінің талаптарын дәл сақтау;
- соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен
бостандықтарына нұқсан келтіретін заң Қазақстан Республикасы

6
Президентінің 1994 жылғы 12 ақпандағы қаулысымен объектіленген
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Кеңестері, 1994 ж. 24 наурыздарды және өзге де құқықтық актілерді
қолдануына тыйым салынады;
- егер сот қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт
адам мен азаматтың Конституциямен баянды егілген құқықтары мен
бостандықтарына нұқсан келтіреді деп ұйғарса, ол іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұруға және сол актіні конститутциялық емес деп тану туралы
ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті;
- соттың, қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық істер бойьшша іс
жүргізу кезінде заңды бұзуына жол берілмеңді;
- сот, қылмыстық ізге түсу органдары қылмыстық істер бойынша іс жүргізу
барысында заңның бұзылуына жол берген жағдайларда кінәлілер заңмен
белгіленген жауаптылыққа тартылады;
- заңсыз актілерді жарамсыз деп тану және олар күшін жою.
ҚІЖК 10-бабының мазмұны-қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің бүкіл
жиынтығының мазмұнына, бағытына, рухына өзек болған зандылық принципі
мәнінің шоғырланған көрінісі.
Мәселен, Қазақстан Республйкасы Президентінің "Қазақстан
Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығына сәйкес
прокуратура қызметіндегі заңдылық прішципі - ол зандылықты бұзудың қандайын
болсын анықтау мен жою, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы
келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіру, сотта
мемлекет мүддесін білдіру жөнінде заңмен белгіленген шаралар қолдануға,
сондай-ақ берілген уәкілеттіктер шегінде қылмыстық ізге түсуді жүзеге
асыруға міндетті (2-бап). Прокуратура қызметінде заңдылықтың сақгалуын
қамтамасыз ететін кепілдік-прокуратура органдары өз өкілеттіктерін жүзеге
асырған кезде олардың қызметіне араласуға салынған тыйым (3-бап).
Прокуратура органдарының қылмыстық процесте заңдылықтың сақталуын қадағалау
саласына мыналар қамтылған:
- қылмыстық ізге түсу органдарының қызметін қадағалау;
- жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау;
- сотта мемлекет мүддесін білдіру.
Қылмыстық процестегі заңдылық принципі мәнінің қажетті регламенті
Қазақстан Республжасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер
органдары туралы" Заң күші бар Жарлығында берілген. Жарлықта ішкі істер
органдарының қызмеіі заңдылық принципіне негізделеді деп атап көрсетілген
(3-бап), ол ішкі істер оргаңдары қызметкерлерінің қызметіне араласуға заң
өкілеттік берген адамдардан басқа ешкімнің құқығы жоқ екені жөніндегі
кепілдікпен қамтамасыз етіледі. Қолданылып жүрген заңдармен ішкі істер
органдарының қызметкерлеріне тікелей жүктелмеген міндеттерді орындауға
оларды мәжбүрлеуге ешкімнің қақысы жоқ. Олардың қызметіне заңға қайшы
араласу заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеліп соғады.

7
Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі де заңдылық принципі негізінде
жүзеге асырылады, мұның дәлелі - Қазақстан Республикасы Президентінің
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Заң күші
бар Жарлығы. Ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің заңды
талаптары азаматтар мен лауазымы адамдардың орындауы үшін міндетті екені
туралы нұсқау ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің өз міндеттерін
орындауының өзіндік кепілі болып табылады. Ұлттық қауіпсіздік органдарының
әскери қызмеішілеріне жүктелген міндеттердің орындалуына кедергі келтіретін
қандай да болсын іс-әрекет заңға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соғады.
Жеделі-здестіру қызметінде заңдылық принципі негіз қалаушы болып
табылады, ол туралы "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 3-бабында атап көрсетілген. Бұл принцип жеделіздестіру қызметінің
барлық субъектілеріне қатысты, олардың қатарында мыналар бар: ішкі істер
органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, Қорғаныс министрлігінің әскери
барлау органдары, Қаржы министрлігінің салық қызметі органдары, Қазақстан
Республикасы Президентінің күзет қызметі. Заңда жеделіздестіру шараларын
жүзеге асыру кезінде заңға қайшы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге
занда белгіленген жауашылық жүктеледі деп белгіленген.
Адвокаттық қызметтің заңда тыйым салынбаған тәсілдермен және
құралдармен жүзеге асырылатыны туралы "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 3-бабында баянды етілген қағиданың маңызы одан кем
емес.
Елде төтенше жағдай жариялау сияқты әдеттен тыс жағдай заңдылық
талаптарының сақталуына әсерін тигізбейді. "Төтенше жағдаңдың құқықтық
режимі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес төтенше
жағдай енгізілген аумақта соттөрелігін Қазақстан Республикасы
Констатуциясының ережелері негізінде құрылған соттар ғана жүзеге асырады.
Соттарда сот ісі төтенше жағдай жарияланған кезде қолданылып жүрген
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Заңдылық принципінің қос сипатты әсері бар. Бір жағынан - уәкілетті
органдардың қызмеіі олардың іс жүргізу қызметіне араласуға салынған тыйым,
қылмыстық сот ісін жүргізуші адамдар мен органдардың заңды талаптарына
бағанбау немесе олардың қызметіне заңсыз араласу әрекет не бөгет жасауға
әкеліп соғатын құқықтық жауашылық түріңдегі заң күшімен қорғалады. Екінші
жағынан - заңда қылмыстық сот ісін жүзеге асырушы органдар мен адамдардың
заңсыз ықпал жасауының азаматтардың қорғалуын қамтамасыз ететін, заңсыз іс-
әрекеттер мен шешімдер іс жүргізу құқық қатынастарына қатысушылардың
конституцияльіқ құқықтары мен заңды мүдделеріне шек қағпын болса, сол іс-
әрекеттер мен шешімдерге сотқа шағым беру түріндегі кепілдіктер көзделген.

8
Сонымен, заңдылық принципі қылмыстық іс жүргізу құқықтарының бәріне
өзек болған және құқық қатынастарының қылмыстық сот ісін жүргізуге
байланысты пайда болатын кез келген бағытына қатысты.
Заңдылық принципін сақтау - істі сотта қарау кезінде әділ шешім
қабылдануының кепілі.
Заңдылық принципіне оны ұқсас басқа принциптерден шектеуге мүмкіндік
еретін бірқатар ерекшеліктер тән. Ол ерекшеліктер мынадай:
1) Заңдылық принципі саяси ағамдардан, көзқарастардан,
идеологиялардан, партиялар бағыттарьшан, діни қағидалардан бос; құқықтық
нұсқаулар мәнінің өзгеруіне байланысты қандай да болсын объективті және
субъективті факторларға қарамастан, сол нұсқаулар құқық қатынастарын реттеп
түрған кезде олар (құқықтық нұсқаулар) бұлжытпай сақталуға тиіс;
2) Қылмыстық процесте заңдылық принципінің қолданылуы қылмыстық іс
жүргізу құқығының нормаларын қолдануға өкілеттігі бар лауазымды адамдардың
қызметімен ғана шектелмейді; бұл принцип өз ықпалын биліктері бар
болғанымен құқық нормаларын қолданбайтын, тек орындайтын (сақтайтын)
қылмыстық процеске қатысушылардың іс-әрекеттеріне қатыстыда сақтайды;
3) Қылмыстық процесте заңдылық принщшінің нақты мазмұны сан алуан
(мысалы, соттың заңсыз шешімінің күшін сотталушының тікелей өзінің;
қадағалаушы прокурордың; жоғары тұрған соттың; жәбірленушінің талаптануы
арқасында жоюға болады).
Екінші бағытты жақтаушылар заңдылық принципі өзінің нақты маз-мұны
бойынша қылмыстық процестің басқа принциптерінен әлдеқайда толымдылау және
маңыздылау, өзіндік бір "суперпринцип", қалған принциптердің бәрінің
бастауы деген пікір ұстануда. Осы көзқарасты қорғай отырып, А. С. Кобликов
былай деп жазады: "Социалистік заңдылық принципі қылмыстық істер бойынша
кеңестік сот төрелігінің басқа демократиялық негіздері жүйесіне кіре
отырып, онда басты орын алады. Сот төрелігінің барлық басқа принциптерінің,
сондай-ақ сот қызметінің тәртібін белгілейтін және сот ісін жүргізу
барысында қолданылатын жеке нормалардың талаптары оның жүзеге асырылуы
кезінде ғана орындалуы мүмкін".
Үшінші бағыт принциптердің тең мағыналы, тең шамалы ережелер деп
түсінілуіне байланысты. Атап айтқанда, Т.Н. Добровольская сот төрелігінде
заңдылық принципінің рөлі зор екенін, бірақ өзінің елеулілігі жағынан ол
қылмыстық процестегі өзге принциптердің барлығы сияқты маңызды екенін
дәлелдеді.
Сонымен, қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңдылық принципінің мәні
мен маңызын ғылыми тұрғыдан байыптаудың үшінші бағыты -қоғамдық дамуда
әлеуметтік-саяси қайта бағдарлау жағдайларын да құқықты демократияландыру
идеясына сай келетін осы заманғы бағыт.
Заңдылық -қылмыстық іс жүргізудің ерекше құралдарымен қатамасыз

9
етілетін дербес принцип дейтін көзқарас неғұрлым осы заманғы көзқарас болып
табылады. Алғашқы екі бағытқа келетін болсақ, олар - принциптер
категориясына жалпы тән әлдебір ерекшелікті ғана ескеретін ұшқары
позициялар.
Заңды құрметтеу жөніндегі конституциялық талап заңдылық принципімен
тығыз байланысты. Бұл талап қандай да болсын заң кеңістікте қолданылуына
қарамастан, сақталуға тиіс екенін білдіреді, заң шығарушының елінде қандай
қоғамдық құрылыстың орын алатыны маңызды емес, ал сол заңның нормалары
конституция ережелеріне қаншалықты сәйкес келетіні әлдеқайда маңыздылау.
Заңдылықтың социалистік және өзге заңдылыққа бөлінуі жасанды сипатта
болып, демократиялық қүқықтық мемлекет идеясына сай келмеді.
Осы айтылғандарға орай КСРО Жоғарғы Соты Пленумының "Сот-тардың қылмыстық
істерді қарауы кезінде заңдарды қатаң сақтауы туралы" 1963 жылғы 18
наурыздағы №2 қаулысы өз маңыздылығын жоймай отыр, онда социалистік
заңдылыққа ерекше көңіл аудармас-тан былай деп атап көрсетілген:
"Заңдылықты бұзудың көптеген оқиғалары сот төрелігін іске асыру кезінде
судьялар тәуелсіз және тек заңға ғана бағынатыны туралы конституциялық
ереженің сақталмауына және заңның сот төрелігін іске асыру үшін мызғымас
негіз ретіндегі маңызын жете бағаламау сот қызметкерлерінің кейбір бөлігі
арасында аяғына дейін жойылмауына байланысты. Кейбір судьялар заңда
көзделген іс жүргізу нысанын бұлжытпай сақтау іс бойынша ақиқатты
анықтаудың және дұрыс шешім қабылдаудың сөзсіз шарты екенін үмытып, іс
жүргізу заңынан сәл-пәл шегінулерге жол беруге болады деп есептейді.
Әрбір қылмыстық іс, жасалған қылмыстың сипатына және ауырлығына,
айыпталушының қызмет жағдайы мен қоғамдық жағдайына қарамастан, қылмыстық
құқық пен іс жүргізу құқығы нормаларының талаптарына қатаң түрде сәйкес
шешілуге тиіс".

___________________________________ _________________
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы.
Жалпы бөлім.
Б.Қ.Төлебекова.
Алматы Жеті жарғы 2000 жыл.

10

2.3. СОТ ТӨРЕЛПТН ТЕК СОТТЫҢ ҒАНА ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУЫНЫҢ ПРИНЦИПІ
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы принципінің мәнін түсіну
үшін "соттөрелігі" ұғымының мазмұнын анықтап алу қажет. Соттөрежі
-соттардың зандылықпен құқықтәртібін барынша нығайту мақсатымен азаматтық
және қылмыстық істерді зандарда белгіленген тәртігшен сот отырыстарында
қарау мен шешу жолымен жүзеге асыратын қызметі. Сот төрелігін тек сотгың
ғана жүзеге асыруының принципі мемлекетте билікті үш тармаққа бөлу туралы
конституциялық ережеден бастау алады, сол тармақгардың бірі-сот билігі. Сот
билігінің мақсаты - адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және
заңды мүдделерін қорғау. Ол сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық
және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, сот билігінің мақсаты -сот төрелігін жүзеге асыру. Сот
төрелігі қылмыстықпроцесс саласына қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу
нысанында жүзеге асырылады. Демек, соттың сот төрелігін жүзеге асыруы сот
төрелігі функіциясын орындайтын бірден-бір орган болып табылатын соттың
ерекше жағдайына байланысты. Мүндай функция өзге ешбір органға берілмеген,
ол сонымен бірге сот билігін іске асырудың нысаны болып табылады.
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы принципінің мәні ҚІЖК-тің
11-бабывда егжей-тегжейлі регламенттелген. Бұл принципмынаны білдіреді:
- сог төрелігін іске асыру - тек сотгың ғана ерекше құзыреті;
- соттың өкілеттігін кімнің болса да иемденуі заңда көзделген жауаптылыққа
әкеп соқтырады;
- адам жасалған қылмысқа кінәлі деп тек сотгың заңға қатаң түрде сәйкес
шығарылған айыптау үкімі негізінде ғана танылады;
жасалған қылмысқа кінәлі адам қылмыстық жазаға тек орындалуға тиісті
айыптау үкімінің негізівде ғана тартылады;
Юрңцический энциклопедический словарь. М., 1984. С. 280.
- сот төрелігін іске асыру кезінде сот қылмыстық сот ісін жүргізудің
процесс кезінде қолданылатын ережелерін басшылыкқа алады;
- сот төрелігін іске асыру жөніндегі сот өкілеттігі қолданылып жүрген
заңдармен белгіленеді және оны кеміту жағын да, ұлғайту жаған да өз бетінше
өзгертуге болмайды;
- қылмыстық істерді қарау үшін қандай да болсын атпен төтенше немесе
арнаулы соттар құрылуына жол берілмейді;
- заңсыз құрылған төтенше немесе өзге де соттар шығаратын шешімдердің заңды
күші болмайды және атқарылуға жатпайды;
- соттауға жататындық туралы заңды бұза отырып шығарылған сот

11
шешімдері заңсыз деп танылады және олардың күші жойылуғатиіс;
- заңмен берілген өкілеттіктерді асыра қолдана отырып шығарылған сот
шешімдері заңсыз деп танылады және олардың күші жойылуға тиіс;
- қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін бұза отырып шығарылған сот
шешімдері заңсыз деп танылады және ол ардың күші жойылу ға тиіс;
- соттың іс бойынша шығарылған шешімін белгіленген тәртіппен тек тиісті
соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады.
Осы принциптің мазмұндық жағын қамтамасыз ететін белгілер: сот ісін
жүргізудің барлық кезендеріне (бірінші сатыдан бастап қадағалау сатысына,
соның ішінде апелляциялық және кассациялық сатыларға дейін) оның тікелей
ыкдал етуі; сотта өз мүдделерін қорғаушы адамның әлеуметтік статусына
байланысты қандай да болсын субъективті факторлардан соттың бос болуы; сот
билігінің толымдығы - сот шешімінің даусыздығы және оның күшін тек сот
тәртібімен жою немесе өзгерту мүмкіндігі; соттың қылмыстық процесс
жүйесіндегі басым жағдайы - бәсекелесуші тараптар болып табылатын қылмыстық
ізге түсу және қорғау органдарының позицияларына қарамастан істі нақты
шешу; қылмыстық іс бойынша сот төрелігін іске асырушы сот қызметінің ерекше
іс жүргізу-құқық режимі; барлық адресаттардың мүліктік, қызмет жағдайына
және басқа да жағдайларға қарамастан сот шешімдерін орындауға міндеттілігі;
қолданылып жүрген заңға сәйкес тергелген қылмыстық істің сот тәртібімен
шешілуі заңда көзделген жағдайларда сот шещімін өзге органның, лауазымды
немесе басқа адамның шешімімен ауыстыруға болмайтындығы; соттың қылмыстық
іс бойынша қолданылуға тиісті заңды конституциялық емес деп тану туралы
Констатуциялық Кеңеске ұсыныс жасау құқығы; сотқа мыстық ізге түсу
органдарының заңсыз әрекеттеріне шағымдарды қарау жөнінде ерекше
өкілеттіктер беру.

___________________________________ _________________
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы.
Жалпы бөлім.
Б.Қ.Төлебекова.
Алматы Жеті жарғы 2000 жыл.

12
2.4. АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН СОТ АРҚЫЛЫ ҚОРҒАУ
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау
принципі Қазақстан Республжасының Конституциясымен белгіленген, онда былай
делінген: "Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына
қүқығы бар". Конституцияньщ 77-бабының 3-тармағында "өзіне заңмен көзделген
соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайдьі" деп
нақтыланған.
Конституцияның жоғарыда келтірілген ережелері Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 12-бабында берілген, сондай-ақ мемлекет заңда белгіленген
жағдайлар мен тәртіп бойынша жәбірленушіге сот әділдігіне қол жеткізуін
және келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз ететінін айтып, сол ережелерді
дамыта түскен.
Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы ұғамының ресми
түсініктемесіне мыналар кіреді: "Қазақстан мемлекеті өз азаматтарының
белгілі бір іс-әрекетінің заң жүзіндегі мүмкіндіктерін таниды және оларға
кепілдік береді. Адам құқығы мен бостандығы және азамат құқығы мен
бостандығы өзара байла-нысты, бірақ толығымен үйлеспейді. Алғашқылары
әмбебап және бастапқы, екіншілері қоғам мен мемлекет дамуының деңгейін
көрсетеді. Адам мен азамат қүқығы - Қазақстан Республикасы Конституциясьшың
іргелі категориясы, ол адамды Қазақстандық қоғамның ең жоғары құндылығы
ретінде орнықтыруға тиіс". Сонымен, адаммен азаматгың құқықтары мен
бостандықтарын сот арқылы қорғау жайында айтқан кезде олардың адам құқығы
мен бостандығы ұғымымен қабысып кететінін білу қажет. Яғни сот
перспективасы Қазақстан азаматгарының ғана құқықтары мен бостандықтары
шеңберіненшығып отыр. Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ
адамдардың, сондай-ақ басқа елдің азаматтығы бар шетелдіктердің құқықтары
мен бостандықтарына Қазақстан аумағында қысым жасалған болса, олар өз
құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады. Басқа мемлекет аумағында
жүрген Қазақстан азаматтары да Қазақстанның сот органдарынан қорғау сұрауға
құқылы.
Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. Алматы: "Жеті
жарты". 1996. С. 77-78.
Сотпен қорғау принципі ресми түсініктемесінің мазмұнына кез келген
адамның соттан өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрау құқығы
кіреді. Қазақстан Республикасында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын
заңға қайшы келмейтін барлық әдістермен қорғауға құқығы бар. Кез келген
құқық пен бостандықты сот арқылы қорғауға болады.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау
құқығы қылмыстық сот ісін жүргізудің ресмилілігімен қамтамасыз етіледі.
Қылмыстық процестің ресмилілігі мьшада: прокурор, тергеуші және анықтаушы
органдар мемлекетгің, қоғамның мүдделерін, жеке адамның құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау мақсатанда, қылмыс белгілері ]

13
байқалған әрбір жағдайда өз құзыреті шегінде қылмыстық іс қозғауға және
қылмыс оқиғаларын, оны жасауға кінәлі адамдарды анықтау және оларды өзге
мақсаттар көздейтіндердің еркі мен тілегіне қарамастан жазалау үшін заңда
көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті. Сот істі нақтылай шешуге
тиіс.
Қылмыстық процесс ресмилілігінің Қазақстан Республикасының
Конституциясында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процесс принциптері
Қылмыстық процесс принциптерінің ұғымы мен мәні
Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының принципі
Қылмыстық іс жүргізу принциптері
Қылмыстық процестік құқық пен қылмыстық процестің тәрбиелік алдын алушылық маңызы
Заңдылық принципі
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы
Пәндер