Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ
МІНДЕТТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық процөстің міндеттері
1. Қылмыстық процестің міңдеттері қылмыстарды тез және толық ашу,
оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот
талқылауы және қылмыстық заңды дурыс қолдану болып табылады.
2. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі
адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен
бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған
немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі,
сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға,
құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.
Қылмыстық процесс прициптерінің мәні
Қылмыстық процесс принциптерінің мәні мынада: оларды бұзу, оның сипаты
мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға,
мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы турғыда
жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады.

Негізгі бөлім.
1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық
істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының,
осы Кодекстің, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік
құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті.
2. Соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де
нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот, қолдануға
жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың
Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нуқсан
келтіреді деп ұйғарса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және сол
актіні конституциялық емес деп тану туралы үсыныспен Конституциялық Кеңеске
жүгінуге міндетті.
3. Соттың, қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық істер бойынша
іс жүргізу кезінде заңды бұзуына жол берілмейді және ол заңмен белгіленген
жауаптыпыққа, заңсыз актілерді жарамсыз деп тануға және олардың күшін жоюға
әкеп соғады.
Сот аділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот әділдігін тек
соттар ғана жүзеге асырады. Сот өкілеттігін кімнің болса да иемденуі заңда
көзделген жауаптылыққа әкеп соқты-рады.
2. Соттың үкііиі бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкім де қылмыс
жасағаны үшін кінәлі деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла
алмайды.
3. Соттың қузыреті, оның занды құқығының шегі, оның қылмыстық сот
ісін жүргізуді жүзеге асыру тәртібі заңмен айқындалады және оны өз бетінше
өзгертуге болмайды. Қылмыстық істерді қарау үшін қаңдай атаумен болса да
төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берілмейді. Тетенше соттардың, сон-
дай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкімдері мен басқа да шешімдерінің
заңды күші болмайды және атқарылуға жатпайды.
4. Өзі қарауына жатпайтын іс бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуді
жүзеге асырушы, өзінің өкілеттігін асыра қолданған немесе осы Кодексте
көзделген қылмыстық сот ісін жүргізу принт циптерін өзгедей бұзған соттың
үкімі мен басқа да шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.
5. Соттың қылмыстық іс бойынша үкімі мен басқа да шешімдерін осы
Кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай
алады.

Адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын сот арқылы қорғау
1. Әркімнің өз қүқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға қуқығы
бар.
2. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңмен көзделген соттылығы
өзгертіле алмайды.
3. Мемлекет заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша
жәбірленушіге сот әділдігіне қол жеткізуін және келтірілген залалдың
өтелуін қамтамасыз етеді.
Жөке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыстық процеске қатысушы
адамдардың абыройын түсіретін немесе қадір-қасиетін кемітетін шешімдер мен
іс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді,
сонымен бірдей осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшін адам күпия сақтау
қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәліметтерді жинауға, пайдалануға және
таратуға жол берілмейді.
2. Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінен
адамға келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.
Адамның жекө басына тиіспеушілік
1. Осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша болмаса,
ешкімді де қылмыс жасады деген сезік бойынша ұстауға, қамауға алуға немесе
өзгеше түрде бас бостаңцығынан айыруға болмайды.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда ғана және қамауға алынған адамға
сотқа шағымдану құқығын бере отырып, тек соттың немесе прокурордың
санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол беріледі. Адам
прокурордың санкциясын-сыз жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана
ұсталуы мүмкін. Күзетпен ұсталмаған адамды сот психиатриялық сараптама
жүргізу үшін медициналық мекемеге мәжбұрлеп орналастыруға соттың
шешіміменғанажол беріледі. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-медициналық
сараптама жүргізу үшін медициналық мекемете мәжбұрлеп орналастыруға соттың
шешімі немесе прокурордың санкциясы бойынша жол беріледі.
3. Әрбір ұсталған адамға ұстаудың негізі, соңдай-ақ ол жасады деп
сезік келтірілген немесе айыпталған қылмыстың заңдық сипаттамасы дереу
хабарланады.
4. Сот, қылмыстық ізге түсу органдары заңсыз үсталған немесе қамауға
алынған, немесе медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе
үкімде көзделгеңдегіден артық мерзімде күзетпен ұсталған адамды дереу
босатуға міңдетті.
5. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға,
қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекет жасауға болмайды.
6. Ешкімді де адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын іс
жүргізу әрекеттеріне қатысуға тартуға болмайды. Адамның жеке басына
тиіспеушілікті бұзатын іс жүргізу әрекеттері адамның не оның заңды өкілінің
еркіне қарсы осы Кодексте тікелей көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша
ғана жүргізі луі мүмкін.
7. Өзіне қатысты жолын кесу шарасы ретіңде қамауға алу таңдалған
адамды, сондай-ақ қылмыс жасады деген сезікпен ұсталған адамды қамауда
ұстау оның өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын жағдайларда жүзеге
асырылуы тиіс.
8. Заңсыз бас бостандығынан айыру, өмірі мен денсаулығына қауіпті
жағдайда ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтірілген зиян осы
Кодексте көзделген тәртіппен өтелугетиіс.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау
1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыстық процеске қатысушы
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру
үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын
қанағаттандыруға уақтылы шаралар қолдануға міндетті.
2. Азаматқа қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде оның құқықтары
мен бостаңдықтарының бұзылуы салдарынан келтірілген зиян осы Кодексте
көзделген негіздер мен тәртіп бойынша өтелуге тиіс.
3. Жәбірленушіні, куәні немесе қылмыстық процеске қатысушы езге де
адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін немесе өзге де жақын
туыстарын елтірумен, күш қолданумен, мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не
өзге де заңға қарсы қауіпті әрекеттермен қорқытқандығына жеткілікті
негіздер болған кез-де қылмыстық процесті жүргізуші орган ез қүзыреті
шегінде бұл адамдардың өмірін, денсаулығын, абыройын, қадір-қасиетін және
мүлкін қорғауға заңда көзделген шараларды қодцануға міндетті.

Жеке өмірге қол суқпаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің,
почта, телеграф және өзге де хабарлардың қупиясы
Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында
болады. Әркімніңжекесалымдар менжинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы
сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына қүқығы бар.
Қылмыстық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей
белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Тұрғын үйге қол суқпаушылық
Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркіне
қарсы кіруге, оны қарауға және тінту жүргізуге заңда белгіленген жағдайлар
мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Меншікке қол суқпаушылық
1. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Ешкімді де соттың шешімі
болмайынша өз мүлкінен айыруға болмайды.
2. Іс жүргізу әрекеттерінің барысыңда адамдардың банктеті салымдарына
және басқа да мүліктеріне тыйым салу, сондай-ақ оны алу осы Кодексте
көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша жүргізілуі мүмкін.

Кінәсіздік презумпциясы
1. Әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі осы Кодексте
көзделген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен
белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.
2. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
3. Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына
түсіндіріледі. Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану кезінде
пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешілуі тиіс.
4. Айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол ақиқат
дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс.
Қайта соттауға және қылмыстық ізге тусуге жол берілмеуі
Ешкімді де нақ бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстықжауапқа тартуға болмайды.
Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік
негіздерінде жузеге асыру
1. Сот әділдігі барша жұрттың заң мен сот алдында теңдігі негізінде
жүзеге асырылады.
2. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында ешкімді де шыққан тегі,
әлеуметтік, лауазымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы іске қатыстырылатын аудар¬машы ұғымын жан-жақты ашу
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызы
Қылмыстық процесс принциптерін жіктеу
Ұлттың ұлт ретінде қалыптасуы мен мемлекет болуының басты негізі - Ана тілі
Қылмыстық процестiң қағидалары
Заңдылық принципі
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізу құқығы
Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізу құқығы негізі
Пәндер