Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
Nurshano_r@mail.ru
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУДІҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы 5
1.2 Есі дұрыстық пен есі дұрыс еместіктің маңызы және медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларының құқықтық байланысы 5
2 МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН
ҚОЛДАНУ НЕГІЗДЕРІ 8
2.1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары
2.2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
2.3 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, қолдануды 16
ұзарту және тоқтату тәртібі
16
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
30
32
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Курстық жұмыс қылмыстық бойынша
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың түсінігі мен
негіздеріне арналған.
Зерттеу жұмысында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму
тарихы, есі дұрыстық, есі дұрыс еместік және шектеулі (азайтылған) ақыл есі
дұрыстық ұғымдарына, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қолдану
мақсаттары мен негіздері, түрлері, сонымен қатар жалған есі дұрыс еместік
(псевдоневменяемость) және қылмыс жасаған алкоголизмнен немесе
нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолданудан заң жүзінде бас тартудың негіздері теориялық тұрғыдан
терең зерттелумен бірге қолданып жүрген заңдарға медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларының кейбір нормаларын одан әрі жетелдіру жолдары
іздестірілген.
Аталған сөз еліміздің тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он үш
жылдан астам уақыт мөлшері және осы жылдардың ішінде еліміз әлем сахнасы
төрівде беделді орынға ие болып, көітгеген жетістіктерге қол жеткізгенінен
туындағанына көзіміз жетеді.
Мемлекетімізде орын алып жатқан осындай овды жетістіктерімізбен бірге
қоғамның одан әрі қалыпты дамуына кедергі келтіріп жатқан жағымсыз
құбылыстар да бар. Қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық. Соңғы
жылдары елімізде қылмыстардың өсуі байқалады.
Зерттеліп отырған ғылыми мәселе Қазақстан Республикасында арнайы
зерттеу объектісі болған емес. Бұл тақырып қылмыстық құқық теориясында
көптен бері түбегейлі шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы, медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері, мақсаттарына қылмыстық
құқық теориясында сан түрлі көзқарастар, ой-пікірлер баршылық, бірақ осы
мәселелерге, оның ішінде медициналық сипаттағы мәжбурлеу шараларына, есі
дұрыстық ұғымдарына ғылыми анықтамалар беру терең зерттеу объектісі
болмаған.
Тақырыптың зерттелген дәрежесі:
Еліміз егемендік алғаннан кейін, Қазақстанда тұңғыш рет 1997 жылы жаңа
Қылмыстық кодекс қабылданды. Қылмыстық кодексте медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері, мақсаттары, түрлері, ұзарту, өзгерту
және тоқтату түрлері көрсетілді. Бұл мәселеге байланысты А.Н. Ағыбаев, Е.І.
Қайыржанов, З.0. Ашитов, Б.Ж. Жүнісов, Г.Р. Рүстемова, А.А. Исаев, Н.А.
Абдиров, Н.О. Даулетбеков, Е.А. Оңғарбаев, М.С. Нәрікбаев, Е.О. Алауханов,
Б.Х. Төлеубекова, Д.С. Чукмайтов, И.И. Рогов, Р.Т. Нұртаев, А.Х.
Миндагулов, Д.Б. Бұғыбай, Р.Н. Юрченко, С.С. Молдабаев ғылыми еңбектерінде
ерекше мән берді.
Курстық жұмысты зерттеудің басты мақсаты медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларының теориялық мәселесін кешенді түрде зерттеу,
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына байланысты қылмыстық заңдарды
жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған мәселеге байланысты
қылмыстық заңды теориялық және тәжірибелік тұрғыда қолданудың бірегей жолын
іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы
қарастырылды:
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының жалпы сипаттамасын
ашып көрсету;
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихын зерттеу;
медициналық сипаттағы мәжбүрлену шараларының ғылыми теориялық аспектілерін
зерттеу;
1 МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекеттік
шара ретінде тағайындалады [1, 279 б].
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабында медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері анықталған. 1. Сот
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын: а) есі дұрыс емес жағдайда ҚР ҚК-
нің ерекше бөліміндегі баптарда көзделген әрекеттерді жасаған; б) қылмыс
жасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес
болып бұзылған; в) қылмыс жасаған және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын
психикасының бұзылуынан зардап шегетін; г) қылмыс жасаған және
алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп
танылған адамдарға тағайындауы мүмкін. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде
аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының
бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігіне не өзіне
немесе басқа адамдарға қауіп төндіруіне байланысты жағдайларға ғана
тағайындалады. 3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың
тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексімен және
денсаулық сақтау туралы заңдарымен белгіленеді. ҚР ҚК тиісті баптың бірінші
бөлігінде аталған және өзінің психикалық жағдайы бойынша қауіп келтірмейтін
адамдар жөнінде сот бұл адамдарды емдеу немесе Қазақстан Республикасыньщ
денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртіппен психиатриялық-
неврологиялык мекемелерге жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау
органдарына қажетті материалдар жібере алады.
Дені сау адамның, сол сияқты ауру адамның да құқықтары - қоғамның ең
жоғары құндылығы 2, 5б.
Ал осы құқықтарды қорғау – жалпы денсаулықтың және әсіресе психикалық
саулықтың (психическое здоровье) әрбір адам үшін жоғары құндылық болып
табылатынын мойындайтын мемлекеттің басты міндеті.
Психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға психиатриялық жәрдем
көрсетілетініне мемлекет тарапынан кепілдік беріледі және ол заңдылық,
ізгілік және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау қағидаларының негізінде
жүзеге асырылады.
Психиканың бұзылуы адамның өзіне және қоғамға деген көзқарасын, сондай-
ақ қоғамның адамға деген көзқарасын өзгертуі мүмкін. Психиатриялық жәрдем
көрсетудің құқықтық жағынан тиісті түрде реттелмеуі оны медицинадан тыс
мақсатта пайдалануға әкелетін себептердің бірі болуы, сондай-ақ бұл
денсаулыққа, адамның қадір-қасиетіне және адам құқықтарына нұқсан келтіріп,
мемлекеттің халықаралық беделіне зиянын тигізуі мүмкін.
Психикалық ауру зардап шегуші адамдарға медициналық-санитариялық көмек
көрсету және оларды оңалту Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 17
мамырдағы Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау
туралы заңының 20-бабында қарастырылған [3, 4 б].
Медициналық сипаттағы мәжбурлеу шараларын психикасының бұзылуынан
зардап шегетін адамдарға Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі
қабылданған Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың
құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы заңының 13-бабы бойынша реттеледі
[4, 2 б].
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабының 1-бөлігінде
көрсетілген, психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдардың Қазақстан
Республикасының Конституциясында, заңнамасында көзделген азаматтық
құқықтардың бәріне ие.
Психикасының бұзылуын ғана негізге ала отырып осы адамдардың құқықтары
мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді.
Психикасының бұзылуына байланысты бұл адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын шектеуге Қазақстан Республикасының Психиатриялық жәрдем
және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер
туралы заңына сәйкес, қысқа мерзімге мәжбүрлеп емдеу кезінде адам науқас
болғаны жөніндегі ақылы аурулық қағаз алуға (еңбекке уақытша жарамсыздық
қағазын) құқылы, қалған барлық жағдайда оған II немесе I топтағы мүгедектік
беріліп рәсімделуі тиіс.
Медициналық амал-әдістер диагностика және емдік мекемелерде ғана
психиканың бұзылу сипатына сәйкес қолданылады және психикасының бұзылуынан
зардап шегетін адамдарды жазалау үшін немесе өзге адамдардың мүддесінде
пайдаланылмауы тиіс.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде адам өзіне
сыйлаушылық пен адамгершІлік көзқарастың болуына, адамдық қадір-қасиетін
кемсітуге жол берілмеуіне; өзінің құқықтары туралы, сондай-ақ өзіне
түсінікті нысанда және психикалық жағдайын ескергенде психикасы бұзылуының
сипаты және қолданылып жүрген емдеу әдістері туралы ақпарат алуға;
санитария-гигиена талаптарына сай келетін, мейлінше аз шектейтін жағдайда
психиатриялық көмек алуға; заңда белгіленген тәртіпте қорғаушының, заңды
өкілінің немесе өзге тұлғаның көмегін алуға; медициналық құралдар мен
әдістердің, ғылыми зерттеудің сынақ объектісі ретінде пайдаланылуға алдын
ала келісім беруге және кез келген сатыда одан бас тартуға құқылы.
Науқастарға психиатриялық стационарда ерікті түрде немесе ерІксіз
емдеуде жатқан өзге адамдармен бірдей кұқықтар беріледі.
Атап өткенде: емдеу, тексеру және өз құқықтарын қорғау мәселелеріне
байланысты стационардың әкімшілігіне тікелей хабарласу; цензура жасалмастан
шағым және өтініш беру; адвокатпен көзбе-көз кездесу; жұмысқа тартылған
жағдайда еңбегіне сыйақы алу және т.с.
Заңға сәйкес мәжбүрлі түрде, сол сияқты өз еркімен стационарға
орналастырылған науқастың психикалық саулығы немесе өзге адамдардың
қауіпсіздігнн қамтамасыз ету мүддесінде оның емдейтін дәрігерінің, бөлімше
меңгерушісінің немесе емдеу мекемесі әкімшілігінің ұсынысымен оған кейбір
әрекеттер жасау жағынан шектеу қойылуы мүмкін [4, 2 б].
Есі дұрыс емес күйде қылмыс жасаған адамдарға қатысты алғанда,
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын мәжбүрлеу шаралары емес, зорлық
шара деп атаған жөн, - деп жазады И.С. Ной [29, 136 б].
XX ғасырдың 20-жылдарында И.Н. Введенский де осыған ұқсас пікір
ұстанған. Оньщ ойынша, мәжбүрлеу шаралары ұғымын осы шаралардың мағынасын
түсінетін адамдарға ғана қолдануға болады[30, 7-22 б].
Біздің пікірімізше, мұндай көзқарас дұрыс деуге болмайды. Емдеудің
мәжбүрлі болуының себебі, ол адамның қалауына, осындай емнің қахеттілігі
мен мазмұнын ұғынуынан тәуелсіз түрде қолданылады.
Бұдан басқа, есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған
адам бұл шаралардың мағынасын түсінбейді деген түсінік дұрыс емес.
Мұндай адамдардың көпшілігінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын тағайындау туралы шешім шығарылатын сот мәжілісі өтетін уақытқа
дейін өзі еркіне бағынатын, ұғынатын мінез-құлық ұстануға қабілеті қалпына
келеді.
Әдетте, мүндай адамдар емдеу кезінде медицина қызметкерлері қоятын
талаптарды орындау қабілетін сақтайды. Осындай шаралар тоқтатылатын кезде
адам әрқашанда ерікті түрде ұғынып жүріп-тұру, қолданылып жатқан шаралардың
мағынасын түсіну қабілетін қалпына келтіреді. "Зорлық шара" деген термин
оның қолданылу мақсатына сай келмейді.
Біздің білуімізше, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мазмұны
сот тағайындаған және қылмыстық заңда көрсетілген адамдардың психикалық
денсаулығын қалпына келтіруге, нығайтуға бағытталған құқықтық және
медициналық сипаттағы шаралар жиынтығы болып табылады.
Медициналық сипаттағы шараларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінде және өзге де заңдарында белгіленген тәртіпте азаматтардың
психикалық денсаулығын тексеру, олардың психикасының бұзылуына диагноз қою,
емдеу, күтім жасау және медициналық-психологиялық оңалту кіреді, бірақ
бұған "зорлықтың" қатысы жоқ.
Сонымен, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары дегеніміз
-мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары, оларды есі дұрыс емес жағдайда Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде көзделген қоғамға
қауіпті іс-әрекет жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыс жасағаннан кейін
психикасы бұзылған және осының салдарынан оларға жаза тағайьындау және
орындау мүмкін болмайтын адамдарға соттың шешімі бойынша мәжбурлеп емдеуді
ұзартуға, өзгертуге және тоқтатуға, тағайындауға немесе қылмыс жасаған және
қылмыс жасау кезінде іс-әрекет ұғынып, ерікті түрде таңдау жасауына әсер
еткен есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап
шегетін адамдарға соттың үкімі бойынша тағайындалатын және аталған
адамдардың психикалық саулығын (психическое здоровье) қалпына келтіруге,
жақсартуға, олардың қоғамға қауіпті жаңа әрекеттер жасауына, өзіне-өзі және
өзге адамдарға зиян келтіру қаупін, басқадай елеулі зиян келтіру
мүмкіндігін болғызбауға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға
бағытталған психиатриялық емдеу болып табылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының сипатын нақтылау
мәселесінің өзектілігін Р.И. Михеев, Б.А. Протченко[30, 85 б]. А.И. Чучаев
және тағы басқа зерттеушілер атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88 — бабының 3 бөлігінде
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртібі ҚР Қылмыстық-
атқарушылық кодексімен және Денсаулық сақтау туралы заңымен белгіленеді.
Берілген ой - тұжырым, бірінші орынға қылмыстық - атқарушылық заңдарын
қою арқылы, заңның қасиетін анықтайды: медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары – қылмыстық-атқарушылық шара екенін көрсетеді.

көрсетілген, психикасының күйі жағынан қауіп келтірмейтін адамдар соттың
шешімі бойынша Қазақстан Республикасы психиатриялық көмек көрсету
заңнамасында көзделген тәртіпте тұрғылықты жері бойынша психиатрдың
бақылауына гүрып және емделе алады.
Бақылау және емдеу психиатриялық стационарда, сол сияқты емханалық
жағдайында өтуі мүмкін.
Біздің бақылауымызда мұнадай жағдайлар көп ретте кездесті. Мысалы, 87
жастағы жалғыз басты азамат психикасының бұзылуының салдарынан ас
бөлмесіндегі газды қосып, оған оттық жақпай, оны ашық күйде қалдырып
кеткен. Газ бүкіл пәтерге көтерілетін баспалдаққа жайылып, жарықты қосу
кезінде жарылыстың пайда болуынан үш пәтер күл талқан болған. Газдың
жарылысынан үш адам өліміне әкеліп соқтырды. Азамат соттың шешімі бойынша
есі дұрыс емес деп танылып, психоневрологиялық мекемеге емдеуге жіберілді.

сипаттағы мәжбүрлеу шараларының құқықтық байланысы
2003 жылғы 22 мамырдағы Алматы қаласы сотының үкімімен Қасымов
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабы 1-бөлігінің "а" тармағы
бойынша 10 жылға бас бостандығыана айыруды өзгертіп, мынадай негіздер
бойынша істі жаңадан сотқа қарауға бердІ.
Қасымовтың психикалық жағдайы сот мәжілісінде зерттелмеген, сот тек
стационарлық кешенді психология-психиатриялық сараптама актісін жариялаумен
шектелген.
Сол мерзімде Алматы қаласы сотының 2001 жылғы 5 қазандағы анықтамасы
бойынша Қасымовқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрін
науқас жағдайынан айыққанға дейін қолдануды іс материалынан көрінді.
Алматы қаласы сотының 2002 жылғы 11 шілдедегі сот қаулысы Қасымовқа
қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын жойып, істі қосымша
өндірістік қаруға жіберді. 2002жылға 11 шілдедегі медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын жою негізінде 2002 жылы 12 сәуірде
Қасымовқа психиатриялық емханада психиатриялық куәлендІру жүргізілді.
Аталған құжаттар сот мәжілісінде зерттелмеді.
Істі қайта қарауда Қасымовтың мінез құлқына байланысты сот алқасына
оны есінің дұрыс екеніне күмән тудырды, сот істі жаңа қарауда Қасымовтың
психикалық жағдайын мұқият зерттеуді, ал қажет болған жағдайда қосымша
психология-психиатриялық сараптама тағайындауды ұсынды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 88-бабы 1- бөлігінің
"а" тармағы бойынша, есі дұрыс емес жағдайда Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі баптарда көзделген әрекеттерді жасаған адамдарға тағайындалуы
мүмкін.
Біздің ойымызша, "есі дұрыстық - есі дұрыс еместік" ұғымдары мәселесі
-қылмыстық - құқықтық заңнамадағы ең күрделі әрі аз зерттелген мәселелердің
бірі. Қылмыстық заңнамада есі дұрыстықтың заң жүзіндегі анықтамасы
берілмейді, онда есі дұрыс еместік деген екінші ұғым ғана ашып көрсетілген.
Қылмыстық-құқықтық ғылыми мектептердің негізін қалаған көптеген
ғалымдар қылмыстық құқыққа арналған монографиялық жұмыстарында "есі дұрыс
еместік" ұғымына қарағанда алғашқы болып табылатын "есі дұрыстық" ұғымының
анықтамасын бермейді.
"Есі дұрыстық - есі дұрыс еместік" ұғымдарының құқықтану ғылымында
ұзақ уақыт зертелмеуінен XVIII ғасырдың аяғынан бастап құқықтанушылар
осындай мағлүматты қаркынды дамып келе жатқан психиатриядан алғанды жөн
көрді.
Ал қазіргі кезде "есі дұрыстық" деген алғашқы мәселеден келіп
туындайтын "есі ддаыс еместік" деген екінші мәселе анағұрлым терең
зерттелген.
Профессор М.Н. Сыздықов "Есі дұрыстық қылмыстық заңда көрсетілген,
қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау кезінде адам өзінің қоғамға қауіпті
әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипатын ұғына алатын және оны басқара алатын
қабілеті. Есі дұрыстық адамды қылмыстық жауапкершілік пен оны жазаға
тартудың қажетті шарты болып табылады"- деп көрсетеді[36, 91 б].
Л.И. Беляеваның пікірінше, "есі дұрыстықты, есі дұрыс еместік ұғымынан
оңай шығарып алуға болады, есі дұрыстық дегеніміз, адам өзінің іс-
әрекеттерінің іс жүзіндегі қоғамдық қауіпті сипатын ұғына алатындай
психикалық күйі"[37, 150 б].
Есі дұрыстыққа берілген анықтамаларға дәлдік жетпейтін мынадай
мысалдарды келтірсек болады: "Есі дұрыстық адамда іс-әрекет еркіндігі бар,
яғни ол өз әрекетінің мәнін ұғына әрі басқара алатындай психикалық күйін
білдіреді" [38, 22 б.].
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше, адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген
уақытында өзінің мінез-құлқының қоғамға қауіптілігін сезетін, ұғынатын және
өзі істеген іс-әрекетін басқара алатын болса, ол есі дұрыс адам деп
саналады [1, 83 б].
Д.Б. Бұғыбай өз еңбегінде: "Есі дұрыстық дегеніміз қоғамға қауіпті іс-
әрекетті жасаған кезде өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің іс жүзіндегі
сипатын, қоғамға қауіптілігін ұғына алатын, оны басқара алатын қабілет"-
деп анықтама бедері[3, 148 б].
Т.В. Коқдрашова есі - дұрыстыққа мынадай анықтама бедері: "Әлеуметтік-
психологиялық дамуы, әлеуметтану дәрежесі, жасы және психикалық денсаулық
жағдайы бойынша алып қарағанда адамның психикасының күйі оның қылмыс
жасаған кезінде өзінІң әрекеттерін не әрекетсІздігІн ұғынып, олар үшін есеп
беру және оларды басқара алуын, және осының салдары ретінде, қылмыстық
жауаптылық көтеру және жазасын алу қабілеті болып табылады" .
Д.С. Темірова өз еңбегінде есі дұрыстыққа мынадай пікірді ұсынады:
Қылмыс жасағын кезінде психикалық жағдайы бойынша дені сау, өзінің қоғамға
қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипатын ұғына алатын және оны басқара
алған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады- деп көрсетеді[9, 61
б].
Атап өтетіні, осы екі ұғым (есі дұрыстық пен есі дұрыс еместік)
өздеріне ортақ бір ғана міндет, атап айтқанда - "психикасының күй-жайы
бойынша қылмыстық жауапқа тартуға болатын алатын адамдардың ғана (қоғамға
қауіпті іс-әрекет жасаған) осындай жауапқа тартылуын және жазасын алуын
қамтамасыз ету..." міндетін орындайды[4, 150 б].
Дегенмен, есі дұрыстык — қылмыс субъектісІнің міндетті белгісі, ал есі
дұрыс еместік қылмыс құрамында мүндай әлементтің жоқ екендігш көрсетеді,
сондықтан, біздің ойымызша, бір ұғымнан екінші ұғымды осылайша оңай
"шығарып алуға" жол беруге болмайды.
Осыған орай, З.А. Астемиров "есі дұрыстықты есі дұрыс еместікке қарсы
гипотеза ретінде қарастыруға болмайды" деп көрсетеді[4, 25 б].
Г.К. Рахымжанованың пікірінше, "Есі дұрыстық - өзінің қоғамға қауіпті
жасаған әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипатын ұғынатын және оны басқара
алатын қабілеті"- деп айтады[4, 56 б].
Зерттеуші Р.И. Михеев осы салада жұмыс істейтін заңгерлер дайындығының
жеткіліксіз дәрежеде болуының салдары ретінде "кәсіби тұрғыда өз-өзіне
сенбеу комплексінің" етек алуы туралы айтады. Оның сөзінің жаны бар.
Автор қылмыстық құқық әдебиеттерінде "қате пікірлердің насихатталуы"
әсерімен осындай ұстаным қалыптасады деп топшылайды.
Осындай "комлекстің" барын көрсететін Р.И. Михеевтің болжамын мына
факт дәлелдеп отыр. Зерттеу жүргізілген сот тәжірибесі материалдарында сот-
психиатрия сараптамасы кезінде шизофрения (психиканың созылмалы бұзылуы)
диагнозы қойылған (расталған) адам сотта есі дұрыс деп танылған бірде-бір
жағдай кездеспейді[3, 25 б].
Сонымен, Н.В. Артеменко "Есі дұрыстық дегеніміз - адамның психикасының
бұзылмағанын, оның психикалық саулығы мен психофизиологиялық даму деңгейін
көрсетеді, соның салдарында ол өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипаты мен
қоғамға қауіптілігін ұғына алатын және оларды басқарады" деген пікірде
қате[4, 58 б].
Біздің білуімізше, бұл мәселені шешуде адам психикасының бұзылуы
(мысалы, шизофрения, олигофрения, тұлғалық қасиетінің бұзылуы және т.б.) не
ондай бұзылудың болмауы оның есі дұрыс не есі дұрыс еместігі жайлы қандай
шешім қабылданатынына әсер етпейтінін түсіну керек.
Бастысы - осындай психикалық бұзылудың қылмыстық жағынан мәні бар
жағдайда әлеуметтік жағынан қабылданатын (әлеуметтік жағымсыз) мінез-
құлықтың ұғынып ерікті таңдау жасауына (қабылдау-қабылдамау), таңдалған
мінез-кұлық түрінің іс жүзіндегі мазмұны мен әлеуметтік мәні (тыйым
салынғандығын) субъектінің ұғынуына (толық не ішінара) тигізген әсерінің
маңыздылығын анықтау[5, 126 б]. Бұл заң талабына сай.
Есі дұрыстық - есі дұрыс еместік фактісін анықтау соттың құзырына
жатады. Сот-психиатрия (сот-наркологиялық, психологиялық-психиатриялық
кешенді және т.б.) сараптамасының өкілеттігі диагноз қою және емдеу
тактикасын белгілеу жөніндегі кәсіби дәрігерлік білім шегінен аса алмайды.
Сотталушының есі дұрыстығы не есі дұрыс еместігі жөнінде психиатр-
сарапшылардың ұстанатын пікірі сот үшін анықтаушы маңызға ие бола алмайды.
Ал, дәрігерлік әтика түрғысынан қарағанда, адамның есі дұрыс не есі
дұрыс емес деп дәрігердің пайымдауы орынсыз.
Гиппократ анты бойынша, дәрігердің міндеті - сотқа дейін ұйғарым
шығару емес, кез келген жағдайда науқас адамға көмек көрсету болып
табылады.
Бірақ іс жүзінде сот психиатрлары бұл салада дәрігер әдебін үнемі
бұзып отырады.
XIX ғасырдың аяғында А.Ф. Кистяковский былай деп жазған: "Сарапшыға
нақты адамға жүргізілген зерттеудің нәтижесін баяндау және оның есінің
дұрыс еместігінен зардап шегетінін не олай еместігі жөніндегі сауалға жауап
беру міндеті жүктеледі. Содан кейін айынталушыны жауапқа тартуға және
жазалауға болатыны не болмайтыны жөніндегі заңдық мәселені шешу - соттың
ісі.
Әрине, психиатр байқап керсеткен фактілер, оның пікірі соттың үкім
шығаруы үшін елеулі материал болып табылады, бірақ бұл материалдың өзі
қаншалықты құнды болса, сарапшының уәждері сот үшін соншалықты нанымды
болады.
Субъектінің есі дұрыстығына қатысты дәрігердің пікірі сот үшІн
міндетті емес, өйткені дәрігерлердің көбіне-көп нашар әрі қарама-қайшы
жауаптары қылмыстық іс-жүргізудің немен аяқталатынына шешуші әсер ететін
болса, біз масқара жағдайға тап болар едік"[6, 14б].
Сот психиатриясының негізін қалаған ғалымдардың бірі В.П. Сербский бұл
мәселені басқаша түсіндіретін. Оның айтуынша, есі дұрыстық терминінің
заңдық мазмұнының артында сот емес, дәрігер ғана анықтай алатын белгілі бір
психикалық жағдай туралы ұғым жатыр[7, 10 б].
Сонымен қатар, ол былай деп жазатын: "Психикалық ауру ұғымы және есі
дұрыс еместік ұғымы әркез бір-біріне сәйкес келе бермейді. Тек аурудың
кейбір классикалық, нақты түрлерінде ғана олар дәлме-дәл келеді"[8, 786 ].
Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік туралы көзқарастардың дамуын
талдауға тырысуымыздың себебі, бұл ұғымның мазмұны туралы ойларды
негіздеген кезде заңның дәл мағынасын басшылыққа алу қажет. Осы зерттеуде
біз қылмыстық құқықгағы есі дұрыс еместік мәселесін шешудің әдістемесін
белгілейтін барлық көзқарастарға сүйендік.
"Кіш тағу" (вменение в вину) екі тарихи кезеңнен өтті: а) "физикалық";
б) "ізгілікті". "Физикалық кінә тағу" кезеңінде "субъектінің дене күшімен"
жасалған іс-әрекеттердің кінәлілігі мен жазаланатыны анықталатын, бұл
орайда "занға қайшы әрекеттің ізгілік жағына терендемей, осы әрекетті
жасауға адам еркінің қаншалықты қатысқаны және осының салдары туралы мәселе
шешілмейтін".
Демек, алғашқыда қылмыстық қрда физикалық кінә тағуға ғана
негізделетін. Ол жалпы кінә тагудың тарихи дамуының бір кезеңі ғана емес,
сонымен қатар "оның дамуының алғашқы кезі мен қисынды үрдісін" құрайды.
"Ізгілікті кінә тағуға жетпес бұрын, біздің ақыл-ойымыз ең алдымен
физикалық кінәні анықтауы тиіс.
Басқаша айтқанда, ең алдымен қылмыстың белгілері бар іс-әрекетке
физикалық т^рғыда кім кінәлі деген сауалдьщ жауабын тауып, одан кейін
жазалану қатерімен тыйым салынған іс-әрекетті жасауға адамның еркі қатысты
ма және қандай дәрежеде деген мәселені шешуге кірісу керек" [16, 386 б].
Кейінірек физикалық кінә тағу ізгілікті кінә тағумен толықтырылды.
Әрекет үшін кінәні адамның дене қызметінщ есебіне жатқызудың және осының
негізінде ғана кінә тағудың бұрынғы құрамына жаңа әлементтер қосылды
-әрекетті сондай-ақ адамның ізгілікті қызметіне жатқызу және субъектінің
қасақана "қалауының" нәтижесі болған іс-әрекеттерді ғана қылмыстық кінә
етіп тағу. Кінә тағудың осы сатысыңца адамға кінә тағу қысқарды, өйткені
физикалық кінә тағудың ізгілікті кінә тағуға қарағанда аукымы кең.
Қылмыстық құқықта ізгілікті кінә тағудың қалыптасуының нәтижесінде
бұрын физкалық кінә тағудың негіздері бойынша жазаланатын көптеген іс-
әрекеттер жазаланбайтын әрекеттер қатарына жатқызылатын болды.
Сондағы себеп - осындай іс-әрекет жасаған адамның есі дұрыс еместігі.
Медицина тәжірибесінде психиканың уақытша бұзылуы оның созылмалы
түріне қарағанда айтарлықтай сирек кездеседі.
Қылмыстық құқық курсының авторлары кемақылдылық - бұл психиканың
дертті күйі, ол ми қызметінің кемістігімен сипатталады, деп жаңылысады.
Кемақылдылық әркез "дертті күй"деуге келе бермейді, өйткені мұндай
жағдайда ауруға дейінгі және аурудан кейінгі күйлер көбінесе жоқ болады.
Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі жөніндегі бірқатар оқулықта адамның
интеллектуальды қабілетіне зақым келіп және тұлғаның түзелместей өзгеруімен
сипатталатын психикалық қызмет құлдырауының әр түрлі нысандары жатқызылады.
Авторлар кемақылдылық ақыл қабілетінің елеулі дәрежеде төмендеуі болып
табылады, ол тұрақты сипатқа ие және адамға туа бітеді немесе өмірінің
алғашқы жылында шалдыққан ауыр неврологиялық (жүйке) аурудың нәтижесінде
пайда болады, деп пайымдайды.
Кемақылдылық - адамның ақыл - ойы қабілетінің жойылуымен немесе
нашарлаумен байланысты, ол туа бітуі мүмкін немесе үдей түсуші психикалық
аурудың салдарынан болуы мүмкін.
Біздің ойымызша, кемақылдылыққа мидың генетикалық, жарақат, улану және
басқа да зиянды құбылыстардан зақымдануына байланысты,
интеллектуальды, ең алдымен пайымдау және сыни көзқарас деңгейінің
зақымдануымен, тұлғаның түзелместей өзгеруімен, әлеуметтік бейімделудің
қатты төмендеуімен немесе мүлдем мүмкін болмауымен сипатталатын ақыл-ойдың
кенжелеп дамуы немесе психика қызметінің құлдырау жағдайлары жатады.
Барлық құқықтанушылар ақыл-ой қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай
кемақылдылықтың үш түрін көрсетеді: жеңіл (дебильділік), орташа
(имбецильділік) және ауыр (идиотия).
"Психиканың басқадай дертті бұзылуына" мәнісі бойынша "дертті" күй
болып табылмайтын жағдайлар жатады (мысалы, тұлғаның бұзылуы (психопатия),
"афган синдромы", туа біткен мылқаулық және т.б.).
Біздің ойымызша, Қылмыстық құқық курсының авторалы сияқты, психиканың
басқадай бұзылуына бас сүйегі-ми жарақатының салдарын жатқызу қате.
Дегенмен, біздің заң ғылымында есі дұрыс еместік шарттары айтарлықтай
толық зерттелген. Мұны ағылшын-саксондық құқықтық жүйесімен салыстырып
байқауға болады.
Олар психопатологияның мысалы, амнезия, автоматизм, алкоголизм,
идиотия, мания, мономания, сексуалдық психопатия сияқты сан алуан түрлерін
осы шартқа жатқызады.
Амнезия деп, кез келген генездегі жадының бұзылуын (айталық, жарақат
алып естен танып, алкогольден қатты мас болу күйінде, қояншық ұстағанда
және т.с. жадын жоғалту); автоматизм деп "лунатизм", ұйқылы күйде жүріп-
тұруды, т.с. ұғынса керек; ал мания деп, адамның құлшынып, қажымай іс жасай
беретін, көңіл-күйі көтеріңкі жағдайды емес - психоз күйін, жалпы "есі
ауысқандықты" түсінетін сияқты (мысал ретінде "құдалау маниясын" келтіруге
болады).
Адамның тұлғалық қасиеттерінің бұзылуы төменірек қарастырылады. Осы
шарттың нақты шегінің болмауы теріс салдарға әкеледі.
Мәселен, Америка соттарында нақты іс қараған кезде айыпталушының есі
дұрыс еместігі туралы мәселе қою үшін оның психикасының бұзылуын
психопатологиялық деп есептеуге болмайтыны бұрыннан белгілі түрлері негІз
ретінде алынатын жағдайлар жиі кездеседі.
Бірақ тәжірибелі адвокат психикасы осылайша бұзылған айыпталушының есі
дұрыс емес деп алқабилерді сендіре алады.
Заңды (психологиялық) шарт алдын ала тергеу барысында, сот мәжілісІнде
сотталушы өзінің әрекеттері үшін өз-өзіне есеп бере алатынын
(интеллектуальдік белгісі) немесе оларға ие болатындай екенін (еріктік
белгі) (не болмағанын) айғақтайтын фактілерді (оқиға болған жерді қарап
шығу, куәлерден, жәбірленушіден, сотталушыдан жауап алудың және басқа да
процессуалдық әрекеттердің, соның ішінде кешенді психологиялық-
психиатриялық сараптама қорытындысын талдаудың негізінде) анықтау
керектігін білдіреді.
Заңды (психологиялық) шарт үшін осылардың біреуі болса да жеткілікті.
Заңды (психологиялық) шарттың интеллектуальды белгісі қылмыстық іс-
әрекет жасаған адам "өзінің әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қауіпсіздігін
жете түсіну мүмкін еместігін (қабілетсіздігін) көздейді[4, 34 б].
В.С. Трахтеров іс-әрекеттің заңға қайшылығы адам ұғынбай отырған мән-
жай ретінде осы белгІде қамтылуы тиіс деп есептейді[27, 152 б].
Осылайша ой қорыту жаңылыс, өйткені құқықтық нигилизм, құқықтық
инфантилизм және қарапайым құқықтық сауатсыздық жағдайында да адам өзінің
іс-әрекеттерІнің заңға қайшы екендігін "ұғынбай жатады", ал бұл қылмыстык
жауаптылықтан босату үшін негіз бола алмайды.
Ю.М. Антонян мен С.В. Бородин де осындай пікірде[4, 126б].
Алдын ала тергеу барысында, сот мәжілісінде заңды (психологиялық)
шарттың еріктілік белгісі тұлғаның өз әрекеттеріне ие бола алмағанын
анықтайды.
Бұл автономды белгі, интеллектуальды белгісі болмаған жағдайда ол есі
дұрыс еместіктің заңды (психологиялық) шартының бар екендігін айғақтай
алады.
Заңның мәтінінде осы екі белгінің арасында "немесе" жалғаулығының
түрғаны орынды.
Есі дұрыс еместік туралы ұғым заңды және медициналық сияқты екі
шарттан (критерийден) тұрады және бұл екеуінің бірігуі осы күйді
сипаттайды.
Заңды шарт екі белгіден тұрады: интеллектуальды және еркіне қарай.
Интеллектуальды белгі тұлғаның өз әрекетІнің (әрекетсіздігінің)
қауіптілігін жеке түсінуі мүмкін еместігін (қабілетсіздігін) көздейді.
Психиканың бұл қасиеті тұлғаның өзі жасап отырған шын жағы мен қатар,
оның әлеуметтік мағынасын да түсіну қабілетІнің жоқтығын білдіреді.
Тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсізідігінің шын жағының мазмұнын
түсінбеуі, әдетте, оның жасалған іс-әрекет пен орын алған салдардың
арасындағы себептІ байланысты түсінбеуін білдіреді (жәбірленушіні өмірден
айыратынын, мүлкін тартып алатынын және т.б. түсінбейді).
Алайда, интеллектуальды белгінің мазмұнындағы ең бастысы - тұлғаның өз
ісінің әлеуметтік мәнін түсінбеуінде, яғни оның қоғамдық қауіпті сипаты
туралы түсінІктің болмауында.
Осыған байланысты, бір тұлғаның өз әрекетінің шын жағын түсіне
алғанымен, оның қауіптілігін түсіне алмайтын жағдайлардың болуы мүмкін.
Айталық белгілі бір психикалық ауруға ұшыраған (мысалы, шизофрения)
адам, мысалы темір жолды тексеріп немесе жөндеп жатқан жол жүмысшысын
өмірден айыратынын түсінуі мүмкін, бірақ субъектінің ісінген елесі
(психикалық аурудың салдарынан) мүны қылмыс жасаумен (кісі өлтірумен)
емес, жорылған террорлық істің (поездың қирауын) алдын алумен
байланыстырады.
Осыған байланысты, түлға өзінің әрекеттерін қылмыс жасау деп емес,
қоғамдық парызын өтеу деп санайды.
Заңды шарттың тағы бір белгісі, атап өтілгеніндей еркіне қарай
белгісі, яғни түлғаның өз әрекеттерін (әрекетсіздігін) басқару
қабілетсіздігі болып табылады.
Мұндай жағдай психикалық қызметтің ауырып бұзылған кейбір түрлерінде
кездеседі.
Мысалы, өзінің әрекетінің қоғамдық қауіптілігін түсіну қабілеті,
салыстырмалы түрде болғанымен, ерік жағының бұзылуы есірткіге құмарларда
байқалады, бұл жағдайда олардың абстиненция, яғни есірткіге ашығу
кездерінде көруге болады.
Бұл кездері олар, мысалы, дәріханаға заңсыз кіріп, құрамында
есірткілік заттары бар дәрілерге қол сұғушылық заңдылықтың қылмысты түрде
бұзылуы екенін түсіне отырып, бұл әрекетті жасау жолында өзін - өзі үстай
алмайды.
Ерік жағының бұлайша бұзылуы әпидемиялық энцефалит, әпидепсия және
т.б. аурулар кезінде болуы да мүмкін.
Заңды шарттың болуын мойындау үшін қылмысты заң екі белгінің де
міндетті түрде анықталуын талап етпейді, оның тек біреуі ғана - не
интеллектуалды, не еркіне қарай түрі анықталса жеткілІкті. Заңды шарттың
бір белгісінің ғана болуы тұлғаны есі дұрыс емес деп тануға негіз бола
алмайды. Түлғаның өз әрекеттерін (әрекетсіздігі) басқара алмағандығы, оның
шынайы сипаты мен қоғамдық кауіптілігін түсіне алмағандығы медициналық
шарттарға байланысты себептерден туындағанын тауып көрсету керек.
Бұл шарттар туылғанын психикалық бұзылуынан және оның бойынан заңды
шарттың орын алуына әкеліп соқтыратын аурулардың қорытылған тізімінен
тұрады. Ол: үзаққа созылған психикалық бұзылу, уақытша психикалық бұзылу,
кемақылдық немесе психиканың басқадай науқас күйі екенін көрсетеді.
Осы шарттардың екеуі де - медициналық және заңды (психологиялық)
шарттар бар болғанда ғана адамды медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына
мұқтаж, есі дұрыс емес деп тану үшін негіз бар деп айтуға болады.
Сондықтан қылмыстық заңда есі дұрыстық формуласын бекітіп, оның
мазмұнында осы ұғымның анықтамасы, оның белгілері мен шарттары берілсе,
адамды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі мәселені шешкен кезде мүның
заңдылық сақталуының кепілі болып, қылмыстық құықтың аса маңызды қағидасы -
кінә қағидасын логикалық және заңдық тұрғыда аяғына жеткізері анық.
Қылмыстық жауаптылық әділдік идеясымен үйлесуі үшін құқықтық өрісті
анықтап алу; есі дұрыстықты позитивті-құқықтық ұым ету; қазақстанның
қылмыстық заңында есі дұрыстық анықтамасын заңда белгіленген жасқа толған
адамның қылмыс жасау кезіндегі ұғынатын еріктІ мінез-құлық қабілеті ретінде
бекіту қажет.
2 МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ-НЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНУ
НЕГІЗДЕРІ
2.1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын колдану мақсаттары
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабы 1-бөлігі "в"
тармағы бойынша, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған
және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап
шегетін адамдарға тағайындалуы мүмкін дей келе, "есі дұрыстық - есі дұрыс
еместік" анықтмасына орай тағы да бірқатар мәселе пайда болады.
Олар бір жағынан, "есі дұрыстық" және "есі дұрыс еместік" деген
базалық ұғымдардан туындаса, екінші жағынан, сот тәжірибесіндегі олардың
шектерін анықтайды.
Қазақстанның қылмыстық заңында қылмыстық-құқықтық институттар құру
және қолдану үшін олардың дербес мәні бар.
1997 жылы қабылданған жаңа Қазақстан Республикасы ҚК-нің 89-бабы
бойынша: "Осы Кодекстің 88-бабының бІрінші бөлігінде аталған адамдарды
емдеу немесе олардың психикалық жағдайын жақсарту, сондай-ақ олардың осы
Кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көзделген жаңа әрекеттерді жасауын
болғызбау медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары
болып табылады".
Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
мәтінінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының анықтамасы
берілмеген, тек олардың мақсаттары түжырымдалған.
Осыған орай атап өтетіні, бұл ұымның анығтамасы берілмесе де,
мақсаттарының көрсетілуІ оның мәнін біршама ашуға көмектеседі, сот
тәжірибесінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау,
қолдануды ұарту және тоқтату мәселелерін шешуге мүмкіндік бедері.
Сонымен бірге кеңестІк дәуірдегі Қылмыстық кодекстерден өзгешелігі,
онда мемлекеттің мүддесі емес, адамның психикалық денсаулығына жету мүддесі
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының басымдықтары ретінде
көрсетілген.
М.Н. Сыздықовтың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың
мақсаты мен жазалау мақсатын салыстырып қарағанда, олардың мазмұнындағы
елеулі ұқсастықтар ғана емес, біршама айырмашылықтар барын да байқауға
болады деген пікірімен келісеміз.
Мұның өзі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қылмыстық
құқыққа жатқызылуының себебін түсіндіреді.
Олардың ортақ мақсаты - қылмыстық заңмен қорғалатын құндылықтарға зиян
келтіретін жаңа іс-әрекеттердің алдын алу. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларының қолданылуы есі дұрыс адамдар үшін жазалаудың тағы бір мақсаты -
сотталғанды түзеу мақсатын іске асыру үшін жағдай жасайды [23, 269 б].
А.Н. Ағыбаев өз еңбегінде, медициналық сипаттығы мәжбүрлеу шаралары
жазадан оны қолдану негізі мен мақсаты, мазмұны және заңдылық зардабы
бойынша ажыратылатынын атап көрсетеді [1, 279 б].
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мақсаттары классикалық
үлгідегі медициналық шаралардың, сотталғандарға (дәл осылай, заңды
құрметтейтін адамдарға да) медициналық көмек көрсетудің мақсаттарына сәйкес
келмейді.
Классикалық үлгідегі медициналық жәрдем аурулардың алдын алуға,
емдеуге бағытталған.
Айта кететіні, бірқатар авторлар аурудың алдын алуды медициналық
шаралардың ортақ міндеттерінен еш негізсіз алып тастаған[21, 20 б].
Медициналық шаралардың ортақ міндеттері медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларының міндеттеріне кіреді және медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолданудың қоғамның бір мүшесіне, мәжбүрлі түрде болса
да, медициналық көмек көрсету деген ізгі ниетпен байланысты бір қырын ғана
көрсетеді.
Бірақ оларды қолданудың басқа аспектІсі - қылмыстық заңның Ерекше
бөлімінің баптарында көзделген жаңа іс-әрекеттердің алдын алудьщ маңызы
көбірек сияқты.
Осы аспектілердің екеуі де диалектикалық өзара байланысты және ең
бастысы - кешенді түрде ем қолдану қахеттігі жиі көзделеді.
Б.М. Құрманбаев медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
мақсаттары үш түрлі сыңардан (компонент) тұратынын көрсетеді: 1) Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 88 - бабының бірінші бөлімінде
көрсетілғен азаматтарды емдеу; 2) аталған адамдардың психикалық жағдайын
дұрыстау; 3) қылмыстылықтан және жаңа қылмыстық іс - әрекеттерден
сақтандыру.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары тұлғаның
психикалық жағдайын дұрыстау немесе емдеудегі дәрігерлІк көмек көрсету
мақсаты мен сәйкес келеді.
Бірақ олар жаңа қылмыстық іс - әрекеттен сақтандырумен сәйкес
келмейді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары жазаның
мақсатындай, яғни жаңа қылмысты жасаудан сақтандыру белгісімен ұқсас келеді
деп өз ойларын білдіреді
Медицинады толық жазылу деп дәрі-дәрмек емін қолданудың әсері мен
толық сауығуды түсіндіреді.
Созылмалы психикалық аурумен ауыратындардың "жазылды " деп тану басым
көпшілігінде қол жетпейтін жағдай.
Мысалы, қоғамға қауіпті іс - әрекетті жасаған шизофрениямен ауыратын Е-
ге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып болғаннан кейін бес
жыл өткеннен соң ауруы асқынды.
23 жасар К. 11 жылға бас бостандығынан айырумен жазаланды, бас
бостандығының айыру орнында өз еркімен емделуден бес жыл мерзім
аралығында әпилепсиялық құлаулығы (припатки) тоқтатылды. Әпилепсия
ауруы К-дан алынылып тасталды.
Бірақ, бұл емханалық бақылау салдарынан емдеу жағдайы толық жазылды
деп айтуға болмайды. Аурудың қозуы (приступы) мысалы, жасы ұлғайған шақта
қайтадан қайталануы мүмкін.
С-ның психикасының уақытша бұзылуы өздігінен, яғни емделусіз жазылып
кетті. Бас бостандығынан айыру орындарының психика зақымдайтын жағдайында
формальды психиатриялық емдеу тәсілдеріне психикасының резистентті (бой
бермейтін) бұзылуы санатына есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы
бұзылуының көптеген түрлері жатады (мысалы, тұлғалық қасиеттердің бұзылуы).
Емдеудің мәжбүрлі сипаты адамның жазылып кетуіне септігін тигізбейтіні
анық. Есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап
шегетін адамдарды емдеу кезінде дәрігердің түзеу мекемесі қызметкерінің күш-
жігері психикаға зақым келтіретін жағдайларды болдырмауға, осындай
жағдайларға деген көзқарасты өзгертуге жұмсалуы тиіс.
Бұған науқас пен дәрігердің арасындағы өзара сенім, науқастың
тәуелсіздігі мен еркіндігіне сыйлаушылықпен қарау, дәрігерлік құпияны
сақтау қағидаларының негізІнде жетеді.
Осы саладағы ең маңызды кәсіптік-әдептілік және құқықтық
императивтердің бірі ретінде медицина саласындағы білімді және дәрігердің
қызмет бабын медициналық мақсаттан тыс пайдалануға үзілді-кесілді тыйым
салу саналады. Ал мұның Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің
ережелерімен үйлесуі қиын.
Сонымен, медициналық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz