Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары


Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І тарау Медициналық ғылымдағы мәжбүрлеудің ұғымы 5
1. 1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы . . . 5
1. 2 Есі дұрыстық пен есі дұрыс еместіктің маңызы және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының құқықтық байланысы . . . 21
II-тарау
2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мақсаттары
мен қолдану негіздері . . . 42
2. 1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары . . . 42
2. 2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері . . . 46
2. 3 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, қолдануды
ұзарту және тоқтату тәртіб . . . 53
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
КІРІСПЕ
Таңдалған тақырыптың өзектілігі: Дипломдық жұмыс қылмыстық бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың түсінігі мен негіздеріне арналған.
Зерттеу жұмысында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы, есі дұрыстық, есі дұрыс еместік және шектеулі (азайтылған) ақыл есі дұрыстық ұғымдарына, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қолдану мақсаттары мен негіздері, түрлері, сонымен қатар жалған есі дұрыс еместік (псевдоневменяемость) және қылмыс жасаған алкоголизмнен немесе нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудан заң жүзінде бас тартудың негіздері теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қолданып жүрген заңдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының кейбір нормаларын одан әрі жетелдіру жолдары іздестірілген.
Аталған сөз еліміздің тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он үш жылдан астам уақыт мөлшері және осы жылдардың ішінде еліміз әлем сахнасы төрівде беделді орынға ие болып, көітгеген жетістіктерге қол жеткізгенінен туындағанына көзіміз жетеді.
Мемлекетімізде орын алып жатқан осындай овды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі қалыпты дамуына кедергі келтіріп жатқан жағымсыз құбылыстар да бар. Қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық. Соңғы жылдары елімізде қылмыстардың өсуі байқалады.
Тақырыптың зерттелген дәрежесі:
Еліміз егемендік алғаннан кейін, Қазақстанда тұңғыш рет 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Қылмыстық кодексте медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері, мақсаттары, түрлері, ұзарту, өзгерту және тоқтату түрлері көрсетілді. Бұл мәселеге байланысты А. Н. Ағыбаев, Е. І. Қайыржанов, З. 0. Ашитов, Б. Ж. Жүнісов, Г. Р. Рүстемова, А. А. Исаев, Н. А. Абдиров, Н. О. Даулетбеков, Е. А. Оңғарбаев, М. С. Нәрікбаев, Е. О. Алауханов, Б. Х. Төлеубекова, Д. С. Чукмайтов, И. И. Рогов, Р. Т. Нұртаев, А. Х. Миндагулов, Д. Б. Бүғыбай, Р. Н. Юрченко, С. С. Молдабаев ғылыми еңбектерінде ерекше мән берді.
Жұмысты зерттеу барысында қазақстандық ғалымдар сияқты сондай-ақ ресейлік ғалым-заңгерлердің еңбектері қолданылды. Мысалы: Ю. М. Антонян, Г. Н. Борзенков, С. В. Бородин, А. Ф. Кистяковский, И. Я. Козаченко, В. П. Котов, В. Н. Кудрявцев, Н. Ф. Кузнецова, Р. И. Михеев, А. В. Наумов, В. С. Орлов, А. А. Пионтковский, А. И. Рарог, О. Д-Ситковская, Н. С. Таганцев, А. И. Чучаев, М. Д. Шаргородский, С. Н. Шишков және т. б. ғалымдар осы бағытта салмақта зерттеу жүргізді. Бірақ олардың
еңбектері ғылыми зерттеудің біржақтылығына заңдық немесе өзге де саласына байланысты шектелген.
Зерттеліп отырған ғылыми мәселе Қазақстан Республикасында арнайы зерттеу объектісі болған емес. Бұл тақырып қылмыстық құқық теориясында көптен бері түбегейлі шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері, мақсаттарына қылмыстық құқық теориясында сан түрлі көзқарастар, ой-пікірлер баршылық, бірақ осы мәселелерге, оның ішінде медициналық сипаттағы мәжбурлеу шараларына, есі дұрыстық ұғымдарына ғылыми анықтамалар беру терең зерттеу объектісі болмаған.
Қорғауға ұсынылған ережелер: жұмысты зерттеудің басты мақсаты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының теориялық мәселесін кешенді түрде зерттеу, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қылмыстық заңды теориялық және тәжірибелік тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылды:
- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының жалпы сипаттамасынашып көрсету;
- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихын зерттеу;
- медициналық сипаттағы мәжбүрлену шараларының ғылыми теориялықаспектілерін зерттеу;
1 МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекеттік шара ретінде тағайындалады [1, 279 б] .
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларьш қолданудың негіздері анықталған. 1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын: а) есі дұрыс емес жағдайда ҚР ҚК-нің ерекше бөліміндегі баптарда көзделген әрекеттерді жасаған; б) қылмыс жасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес болып бұзылған; в) қылмыс жасаған және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін; г) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкін. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігіне не өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндіруіне байланысты жағдайларға ғана тағайындалады. 3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық -атқару кодексімен және денсаулық сақтау туралы заңдарымен белгіленеді. ҚР ҚК тиісті баптың бірінші бөлігінде аталған және өзінің психикалық жағдайы бойынша қауіп келтірмейтін адамдар жөнінде сот бұл адамдарды емдеу немесе Қазақстан Республикасыньщ денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртІппен психиатриялық-неврологиялык мекемелерге жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау органдарына қахетті материалдар жібере алады.
Дені сау адамның, сол сияқты ауру адамның да құқықтары - қоғамның ең жоғары құндылығы/2, 5б/.
Ал осы құқықтарды қорғау - жалпы денсаулықтың және әсіресе психикалық саулықтың (психическое здоровье) әрбір адам үшін жоғары құндылық болып табылатынын мойындайтын мемлекеттің басты міндеті.
Психикасьшың бұзылуынан зардап шегетін адамдарға психиатриялық жәрдем көрсетілетініне мемлекет тарапынан кепілдік беріледі және ол заңдылық, ізгілік және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.
Психиканың бұзылуы адамның өзіне және қоғамға деген көзқарасын, сондай-ақ қоғамның адамға деген көзқарасын өзгертуі мүмкін. Психиатриялық жәрдем көрсетудің құқықтық жағынан тиісті түрде реттелмеуі оны медицинадан тыс мақсатта пайдалануға әкелетін себептердің бірі болуы, сондай-ақ бұл денсаулыққа, адамның қадір - қасиетіне және адам құқықтарына нүқсан келтіріп, мемлекеттің халықаралық беделіне зиянын тигізуі мүмкін.
Психикалық ауру зардап шегуші адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету және оларды оңалту Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 17
мамырдағы «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңының 20-бабында қарастырылған [3, 4 б] .
Медициналық сипаттағы мәжбурлеу шараларын психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі қабылданған «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» заңының 13-бабы бойынша реттеледі[4, 2 б] .
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабының 1-бөлігінде көрсетілген, психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңнамасында көзделген азаматтық қүқықтардың бәріне ие.
Психикасының бұзылуын ғана негізге ала отырып осы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді.
Психикасының бұзылуына байланысты бұл адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге Қазақстан Республикасының «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» заңына сәйкес, қысқа мерзімге мәжбүрлеп емдеу кезінде адам науқас болғаны жөніндегі ақылы аурулық қағаз алуға ( еңбекке уақытша жарамсыздық қағазын) құқылы, қалған барлық жағдайда оған II немесе I топтағы мүгедектік беріліп рәсімделуі тиіс.
Медициналық амал-әдістер диагностика және емдік мекемелерде ғана психиканың бұзылу сипатына сәйкес қолданылады және психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды жазалау үшін немесе өзге адамдардың мүддесінде пайдаланылмауы тиіс.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде адам өзіне сыйлаушылық пен адамгершІлік көзқарастың болуына, адамдық қадір-қасиетін кемсітуге жол берілмеуіне; өзінің қүқықтары туралы, сондай-ақ өзіне түсінікті нысанда және психикалық жағдайын ескергенде психикасы бұзылуының сипаты және қолданылып жүрген емдеу әдістері туралы ақпарат алуға; санитария-гигиена талаптарына сай келетін, мейлінше аз шектейтін жағдайда психиатриялық көмек алуға; заңда белгіленген тәртіпте қорғаушының, заңды өкілінің немесе өзге тұлғаның көмегін алуға; медициналық құралдар мен әдістердің, ғылыми зерттеудің сынақ объектісі ретінде пайдаланылуға алдын ала келісім беруге және кез келген сатыда одан бас тартуға құқылы.
Науқастарға психиатриялық стационарда ерікті түрде немесе ерІксіз емдеуде жатқан өзге адамдармен бірдей күқықтар беріледі.
Атап өткенде: емдеу, тексеру және өз құқықтарын қорғау мәселелеріне байланысты стационардың әкімшілігіне тікелей хабарласу; цензура жасалмастан шағым және өтініш беру; адвокатпен көзбе-көз кездесу; жұмысқа тартылған жағдайда еңбегіне сыйақы алу және т. с.
Заңға сәйкес мәжбүрлі түрде, сол сияқты өз еркімен стационарға орналастырылған науқастың психикалық саулығы немесе өзге адамдардың қауіпсіздігнн қамтамасыз ету мүддесінде оның емдейтін дәрігерінің, бөлімше
меңгерушісінің немесе емдеу мекемесі әкімшілігінің ұсынысымен оған кейбір әрекеттер жасау жағынан шектеу қойылуы мумкін[4, 2 б] .
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мазмұнын қарастырмас бұрын, осы салаға қысқаша тарихи - құқықтық шолу жасаған дұрыс деген ойдамыз.
Орта ғасырлық Ресейде Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда ақыл-есі кем адамдарды "жынды (бесный) ", "жарым ес (юродивый) ", "диуана (блаженный) " қатаң қудалау болмаған[5, 52 б] .
1669 жылы патша Алексей Михайлович шығарған Собор заңдар жинағының (Соборное уложение) 79-бабында адам өлтірген "жындының (бесный) " кінәсіздігі туралы ереженің пайда болуымен осындай адамдардың кейінгі тағдыры туралы мәселе туындады [6, 52 б] .
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, Ресейде князь Владимирдің 996 жылы шығарған шіркеу жарғысының негізінде көптеген "жынды (бешнный) " монастырьге қамалып, олардың "бойындағы жын-шайтанды қуу" шаралары жасалды[7, 11 б] .
Дегенмен, "жындының (бешнный) " бәрі монастырьдің қамқорлығына алына бермейтін. Аталмыш Алексей Михайлович патшаның тұсында 1658 жылдың 14 ақпанында Ресейдің барлық әскер басшыларына патша жарлығы жеткізіліп, онда былай делінген болатын: " . . . Зұлым адамдарды және қүдайдың дүшпандарын бұдан былай олардың зұлым істері ешкімнің есіне түспейтіндей еш аямастан шегенге салып өртеу керек, ал олардың үйлері жермен жексен етілсін"[8, 29 б] .
1761 жылы III Петр мынадай бұйрық шығарды: "Есалаңдар монастырьға
орналастырылмасын, оларға шетелдік мемлекеттердегі доллгауз сияқты арнайы
үйлер салынсын".Ал 1762 жылдың 3 шілдесінде II Екатерина жарлыққа қол қойып, сол арқылы III Петрдің шешімін бекітті, бірақ ол оны былайша нақтылай түседі: әзірше Ресейде "арнайы үйлер" жоқ болғандықтан, "есалаңдарды" асырап ұстауға "ыңғайлы монастырь" белгілеген [9, 17 б] .
1762 жылдың 1 қарашасында Сенат "Есалаңдарды орналастыру туралы"
жарлық шығарды.Бұл құжатта "Арнайы үй салынғанға дейін оларға Новгородтағы Зеленецкий монастырі мен Мәскеу маңындағы Поленицада орналасқан Андреевский монастырінен бос орын белгіленсін" деп көрсетілген еді.
Аталмыш монастырлардың Қүпия бүйрығынан "есалаңдарды" қабылдап алып, асырау жағынан тәжірибесі бар болатын.
1766 жылы II Екатерина "ақыл-есін жөнге келтіру үшін" "есалаңдарды" Қүпия кеңседен Суздальдағы Спасс-Евфимий монастырьіне жіберу туралы жарлық шығарды.
Осы орайда мынадай өкім назар аударарлық: "Монастырьға айдап жіберілген есалаңдарға кісен салынбасын, қарауылдар қатал болмасын, олар ақыл-есіне зақым келген адамдар болғандықтан, мүмкін болғанша сабыр болу керек"[10, 19 б] .
Дегенмен, сол кезеңде шіркеуге барып келген саяхатшылар "ұзындығы шамамен екі аршын және салмағы екі пұт шынжырда" отырған "есалаңдарды" көргендерін суреттеген. Шынжырдың бір ұшындағы сына (клин) қабырғаға қағылған болса, екінші ұшында - темір қарғы (ошейник) .
Тым көбейіп кеткен "жындыларды" ұстау монастырьлар үшін экономикалық жағынан ауыр болған сияқты, сондықтан XVII ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Қасиетті Синод есалаңдарды ұстап-асыраудан бас тартпақ болады.
Бірақ бұл амалдар сәтсіз аяқталады. 60-шы жылдардың ортасында Синод осы міндеттен бас тартудың басқа себебін іздестіріп табады. "Ақыл-есі бұзылғандар" - ауру адамдар, сондықтан оларды емдеу дәрігерлерге тапсырылуы тиіс деген уәж айтылады. Сол кезден бастап "есалаңдарды" монастырьге жіберу жағдайлары азаяды.
1766 жылы II Екатерина ақыл-есі кем құқық бүзушыларға арнап доллгауз салуды бұйырды. Доллгауз ешқандай жабдығы жоқ емхана болатын, онда "тор терезеден басқа емдеу үшін ешқандай құрал-жабдық болмайтын"[11, 97 б] .
Осындай мекемелердің "тұрғындарына" отставкадағы төменгі шендер немесе есі дұрыс сотталғандар қадағалау жасайтын[12, 19 б] .
"Ессіз және есалаң күйде қылмыс жасағандар" жөнінде 1832 жылы қабылданған Қылмыстық заңдар жинағында айтылған. "Жынданып кеткендер" деп "кездейсоқ себептен ессіз күйге түсетін, ақыл-есі бұзылған және қоғамға әрі өзіне зиян келтіруі мүмкін" адамдарды ұғынатын.
Ал, "ессіздер" деп "тумысынан ақыл-есі кем" адамдарды айтатын.
XVIII ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың басында қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған "ессіз және жынданған (безумные и сумашедшие) " адамдардың көпшілігін әдеттегі түрмелерге де жабатын болды. Емдеудің орнына оларды "шынжырлау", басқадай азаптау амалдары кең тараған еді.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін Ішкі істер министрлігінің "дәрігерлік есеп орнының" рұқсатымен мұндай адам өз туыстарының немесе "сенімді түлғалардың" жауапкершілігіне бостандыққа шыға алатын.
Алайда, қамау мерзімі шектелмейтін, сондықтан "егер туыстарьшың оларға қамқорлық жасауға жағдайы келмейтін болса", олар доллгаузда өмір бақи отыратын. Бірақ кейбір адамдар бұрынғысынша монастырьларға орналастырылатын [13, 323 б] .
1835 жылы Ішкі істер жанындағы "дәрігерлік есеп орны" "есінен айрылғандықты және одан жазылғандықты анықтау ережелерін" әзірледі. Онда сол кезде дәрігерлерге белгілі болған психика бұзылуының сипаттамасы берілген[14, 507 б] .
1845 жылғы Жаза туралы заңдар жинағының 95-бабында "ессіздер не жынданғандар" кісі өлтірген, кісі өлтіру жөнінде қастандық жасаған не өзіне-өзі қол салмақ болған, өрт қоймақ болған жағдайда оларды сол кезде пайда бола бастаған "есінен айрылғандар үйлеріне" қамайтын [15, 130 б] .
Жақын туысқандары оларды қолына алып, қадағалауға міндеттенсе де, бұл шешім өзгермейтін.
Егер сот ұйғарым шығарғанға дейін осындай адам жазылып кететін болса, оны 95-бапта көзделген шараларға душар етуге жол берілмейтін. 95-баптың қосымшасында аталмыш адамдарды "есінен айрылғандар үйіне" қамаудың тәртібі мен мерзімі, босату негіздері көрсетілген. 96-бапта "есінен айрыла ашуланған немесе ессіз" күйде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамдар жақын туысқандарының не қамқоршыларының колына берілетін. Олардың міндеті "науқас болған және емделіп жатқан оларға үздіксіз мүқият қадағалау жасау, өзгелерге немесе оның өзіне қауіпті есінен айрыла ашу ұстауы салдарының алдын алу; ал егер бұл адамдар онша сенімді болмаса, осындай ұстамадан зардап шегетін науқастар толық емделіп жазылып шыққанға дейін ауруханаға жатқызылатын".
Құжаттың 97-бабында "дәрменсіздер мен лунатиктер" қоғамдық қайырымдылық мекемелеріне (әлеуметтік қорғау женіндегі психоневрологиялық стационарлардың бұрынғы бейнесі) қорғаншылыққа берілетін не емделуге жатқызылатын.
Бірақ заңда осындай шаралардың қолданылуына әкелуі мүмкін іс-әрекеттер тізбесі көрсетілмегенін атап өткеніміз жөн. Мұндай шаралар кісі өлтіру, кісі өлтіруге не өзіне-өзі қол салуға, өрт салуға әрекеттену болған жағдайларда қолданылғанға ұқсайды[14, 178 б] .
Сөйтіп, ғалымдардың пікірінше, православие шіркеуінің кағидалары қылмыстық жауаптылыққа әкелетін іс-әрекет жасаған "диуаналарға" қатысты жүргізілген қылмыстық саясаттың ізгі сипат алуына зор әсер етті.
Осы мәселенің аса терең зерттелмеуі көптеген ғалымдардың назарын аударды. Н. С. Таганцев өз еңбегінде былай деп жазатын: "Ессіз күйде қылмыстық іс-әрекет жасаған адамдарға мемлекет тарапынан қолданылуы мүмкін және қолданылуы тиіс шаралар мәселесі күрделі болып отыр.
Себебі мемлекет оларды жазадан босата отырып, бостандықта жүрген олардың айналасындағы адамдарға қауіп төндіруіне жол бере алмайды.
Психикасы ауру қылмыскерлердің саны артқан сайын, бұл мәселенің маңызы арта түседі: субъектіні ізгілігі шайқалған, оңбаған, психопат деп танып, оған ұрлық, әйел зорлау, кісі өлтуріге патент беруге болмайды. Есінің дұрыс болмау себептерін емдеуге болатын жағдайларда, әрине, есалаңдарға арналған ауруханаға орналастыру шарасы қолданылуы керек; ал мүндай жай-күй организмнің кемшіліктері болып табылатын жағдайларда науқастар қоғамнан оқшауланатын жерлерге орналастырылуы немесе жеке адамдардың сенімді күзетіне берілуі тиіс"[16, 177 б] .
1903 жылғы Қылмыстық заңдар жинағының 39-бабында есі дұрыс емес күйде кісі өлтірген, денсаулыққа ауыр зиян келтірген, әйел зорлаған, өрт қойған немесе осындай әрекет жасамақ болған адам міндетті түрде психиатриялық диспансерге орналастырылуы тиіс деп белгіленген болатын. Басқа жағдайларда егер осындай адамның бақылаусыз жүруі соттың ұйғаруымен қоғам үшін
қауіпті деп танылған ретте бұл адам ата-анасының не өзге адамдардың кепілдігіне берілетін[17, 416 б] .
Ал, 1919 жылы қабылданған РСФСР қылмыстық құқығының негіздері бойынша есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамдарға "емдеу шараларын және сақтық шараларын" қолдану ұсынылған[18, 590 б] .
Кеңес заманында қабылданған қылмыстық заңнамада мәжбүрлеп емдеу негіздері нақтылана түседі.
Мысалы, 1922 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінің 46-бабында "ақыл - ес дамуы кенжелеп қалған немесе моральдық кемістігі бар адамдарға арналған мекемелерге жатқызу соттың үкімімен тағайындалатын жазаның орнына қолданылатын әлеуметтік қорғау шараларына" жатқызылатын[19, 64 б] .
1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінің 24-бабы бойынша "мәжбүрлеп емдеу, оқшаулаумен ұштасқан емдеу мекемесіне жатқызу" да "медициналық сипаттағы әлеуметтік қорғау шаралары" деп саналатын. Осы құжаттың 25-бабында "егер соттың ұйғаруымен сот-түзеу сипатьшдағы әлеуметтік қорғау шараларын қолдану жағдайға сәйкес келмейді деп танылса, сол сияқты егер іс сотта қаралғанға дейін тиісті органдар медициналық-педагогикалық және медициналық сипаттағы шараларды қолданбаған болса, медициналық-педагогикалық және медициналық сипаттағы шаралар бұларға қосымша түрде қолданылуы мүмкін" деп көрсетілген.
Құқықтың - тарихи құбылысын анықтауда 1988 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімі мынадай мазмұндағы V бөлімнен көрсетілген:
Медициналық және тәрбиелік сипаттағы еріксіз шаралар туралы
49-1 -бабында. Есі ауысқан адамдарға медициналық сипаттағы еріксіз шараларды қолдану Есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған немесе мұндай іс - әрекеттерді дұрыс күйде жасаған, бірақ үкім шыққанға дейін немесе жазасын өтеген кезде өз әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын есі ауысқан аурумен ауырған адамдарға сот денсаулық сақтау органдарының емдеу мекемелері жүзеге асыратын мынадай медициналық сипаттағы еріксіз шаралардың қолданылуы мүмкін:
- әдеттегі бақылаудағы психиатриялық ауруханаға орналастыру;
- күшейтілген бақылаудағы психиатриялық ауруханаға орналастыру;
- қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханаға орналастыру.
Ал қазіргі кезеңде психикасының бүзылуынан зардап шегетіндерге қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану Қазақстан Республикасының "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер" туралы 1997 жылы 16 сәуірде қабылданған заңының 13 - бабына сәйкес реттеліп отырды[20, 14 б] .
Біздің ойымызша, бұл ереженің оң нәтижесі және сонымен қатар кері жақтары да болды.
Бір жағынан, диагноз тұжырымдаудағы бірізділіктің қалыптасуы, диагноз қою және емдеу тактикасы жағынан мирасқорлық болуының арқасында медициналық көмектің сапасы жоғарылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz