Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдарының белгілері


М а з м ұ н ы
К і р і с п е . . . 6
1-тарау. Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы
1. 1 Қылмыс құрамының түсінігі және құрылымы . . . 8
1. 2 Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның
қылмыс құрамдарын анықтаудағы рөлі . . . 11
1. 3 Қылмыс құрамы және қылмыстық заң . . . 16
1. 4 Қылмыс және қылмыс құрамы ұғымдарының ара қатынасы . . . 19
2-тарау. Қылмыс құрамдарының белгілері және түрлері
2. 1 Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдарының белгілері . . . 26
а) қылмыс құрамдарының гинесологиялық және қоғамға
қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілері . . . 26
ә) анықталған және бағаланатын белгілер . . . 27
б) позитивтік және негативтік белгілер . . . 29
в) тұрақты және айнымалы белгілер . . . 30
2. 2 Қылмыс құрамының түрлері . . . 31
3-тарау. Қылмыстық құрамның мазмұны және қылмыстың объектісі мен субъектісі
3. 1 Қылмыстық құрам мазмұнының түсінігі . . . 40
3. 2 Қылмыс объектісінің түсінігі . . . 44
3. 3 Қылмыс субъектісінің түсінігі және оның міндетті белгілері . . . 51
Қ о р ы т ы н д ы . . . 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
К і р і с п е
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 3-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтың жалғыз ғана негізі: «Қылмыс жасау, яғни қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылатындығы» - туралы аталып өтілген [3. 3 б. ] .
Нақты «қылмыс ұғымы» Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 9-бабы бойынша төмендегідей етіп көрсетілген: «Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады». Бұдан байқайтынымыз, аталған қоғамдық қауіпті әрекет Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінде көрсетілген белгілі-бір қылмыс құрамын құрайды.
Қылмыс құрамы, оны зерттеу мәселелері ертеден келе жатқан маңызды, өзекті жәйттердің бірі болып табылады.
Қылмыстық құқықта аталған қылмыс құрамын құрайтын негізгі төрт элементтер мен факультативті белгілер нақты көрсетілген. Олар:
- Қылмыс объектісі;
- Қылмыс субъектісі;
- Қылмыстың объективтік жағы;
- Қылмыстың субъективтік жағы.
Аталған әрбір элементтің қоғамдық қауіпті әрекетті қылмыс деп атап өту үшін әрбірінің алатын орны бар.
Қылмыс объектісі - қоғамдық қауіпті әрекетпен, яғни қылмыс бағытталатын материалдық дүние, зат, адам және тағы да басқа қоршаған ортадағы жетістіктер [2. 59 б. ] .
Қылмыс құрамының объективтік жағы - қоғамдық қауіпті әрекеттің сипатын көрсететін, қол сұғушылықтың мәнін ашатын әрекет немесе әрекетсіздік [2. 67 б. ] .
Қылмыс құрамының субъективтік жағы - жоғарыда аталған мәселелерге қатысты ең басты қылмыс істеуші адамның ішкі психологиялық қатынасы [2. 91 б. ] .
Мұның барлығын қарастыра келе сол объектіге қол сұғушы, сол әрекетті немесе әрекетсіздікті жүзеге асырушы, оның психологиялық қатынасы сайып келгенде қылмыстық әрекетті істеуші тұлғаға келіп тіреледі.
Қылмыстық кодекстің 14-бабында «есі дұрыс, кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс» деп тура аталған. Осыған орай, яғни қылмыс субъектісі болып тек қана тұлға - адам танылады [2. 80 б. ] .
Қылмыстық заң қылмыстық жауапкершілікке өзінің істеген іс-әрекетіне есеп бере алатын және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде өзінің істеген іс-әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйде істеген болса, ол адамның істеген іс-әрекетінде кінәнің екі нысаны: қасақаналылық пен абайсыздылық жоқ деп саналады. Қоғамға қауіпті іс-әрекетін ұғынып, оның мағынасына жетіп, ақылмен, естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс үшін кінәлі деп танылады. Адамды кінәлі деп танып, оны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін адамды қылмыс субъектісі ретінде сипаттайтын заңдық белгілердің болуы қажет. Мұндай белгілер ретінде жас-шама мен есі дұрыстық танылады. «Есі дұрыстық» түсінігімен қылмыстық құқық пен соттық психология көп мән беретін «есі дұрыс еместік» түсінігі тығыз байланысты.
Әрбір есі дұрыс адам белгілі-бір жасқа толған сәтте ғана өмірдің шын мәнін, жақсы мен жаманды бөліп, дүниетанымдық қасиеті қалыптасып, өмірлік тәжірибеге ие болады. Осыған орай қылмыс субъектісінің жас-шамасын дұрыс анықтау да қылмыстық құқық ғылымында да өзіндік рөльге ие.
Қылмыс субъектісі қылмыстық құқықтың маңызды және даулы мәселесі болып қала бермек.
Қылмыстық құқықтың зерттеу объектісі қылмыс және жаза мәселесі болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстардың түрлерін, олардың жауаптылықты ауырлататын түрлерін анықтаумен айналысады. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жекелеген қылмыстардың қылмыстылығын білдіретін белгілерді анықтау қажет болады, соған байланысты қылмыстық құқық құрам элементтері деген ұғымды қолданып, олардың қатарына қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы, сонымен қатар субъектісі деген қылмыстың мағынасын, түсінігін ашатын құралдарды жатқызады. Құрам элементтері деген ұғымның өзі де жалпы және кең ұғым ретінде бағаланады, себебі бұл элементтер оларды сипаттай алатын белгілердің жиынтығынан құралады. Осы белгілерді қолдана отырып, нақты қоғамға қауіпті әрекеттерді талдай отырып, қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын және оның құрылымын ашуға болады.
Дипломдық жұмыстың объектісі - қылмыстың құрамы және оның элементтері.
Дипломдық жұмыс тақырыбының пәні - Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық - құқықтық заң нормалары.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс құрамы мен элементтерін ұғыну.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау 9 бөлімімен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 67 бетті құрайды.
1-тарау. Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы
1. 1 Қылмыс құрамының түсінігі және құрылымы
Қылмыс - жай әлеуметтік құбылыстың бір түрі ретінде ғана емес, ол сонымен бірге қылмысты сипаттай алатын және оның қауіптілігін көрсете алатын әлеуметтік саяси тұрғыдан қауіпті белгілермен элементтердің жиынтығы ретінде бағаланады. Қылмысты квалификациялау үшін қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс түрлерінің қылмыстық құқықта белгіленген ерекшеліктерін немесе оларды өзге қылмыстардан ажырататын белгілер тобымен жақсы таныс болуы керек.
Әрбір қылмысты білдіретін белгілер тобының жиынтығы арқылы ғана жеке қылмыс құрамдары өзге құрамдардан ажыратылады және нақтыланады. Әрине, әр қылмыс құрамының элементтерін сипаттайтын белгілер өзгелеріне ұқсамайтын тек осы құрамға ғана тән сипатта болады деп түсінуге болмайды. Қоғамдық құбылыстардың, процестердің кейде бір-біріне кейбір белгілері ұқсас болып келетіндігі тәрізді қылмыс құрамдары да кейбір құрам элементтерінің белгілері бойынша бір-бірімен жақын, ұқсас болып келеді.
Қылмыстық заңның ерекше бөліміндегі қылмыстардың көпшілігі обьектісі, субъективтік жағы және субъектісі бойынша бірін-бірі қайталайтындай дәрежеде. Мұның себебі қылмыстық құқықтық ережелерге байланысты. Мысалы қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықты әдетте 16 жастан белгілейді және тек есі дұрыс адамдарға кінә артып, жауаптылық жүргізеді. Немесе қылмыстық Кодекс Ерекше бөлімінің тараулары қылмыс объектілері бойынша топтастырылған, сондай-ақ қылмыстық субъективтік жағы бойынша қылмыстық құқықта қасақаналық және абайсыздықтағы кінә нысандары белгіленген.
Міне осындай ережелер қылмыс құрамдары белгілерінің көпшілік жағдайдағы ұқсастықты білдіруінің басты себебі болып табылады. Қылмыстық кодексте қылмыстық объективтік жағының белгілері бойынша да бірін-бірі қайталайтын құрамдар кездеседі. Мысалы, қорлау (130-бап), Өкімет өкілін қорлау (320-бап), Сотты құрметтемеу (342-бап), Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап) . Осындай ұқсастықтардың кездесуіне қарай сот - тергеу практикасында қылмысты квалификациялауға байланысты қиындықтар туындайды. Қылмысты квалификациялауды дұрыс жүргізудің осындай ұқсас қылмыс құралдарының өзара атқарылатын құрам элементтерін анық білуі қажет [3. 138 б. ] .
Қылмыс құрамы деген ұғым “құрам” деген сөздің қолданылуының әріпінен-ақ, оның белгілі-бір элементтерден, белгілерден құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді. Демек бұл “қылмыс құрамы” деген атауда бірнеше құрамдас бөліктердің өмір сүретінін, ал қылмыстық жауаптылықты белгілеу немесе жасалған қылмыс уақиғасы бойынша айыпты деп тану үшін сол қылмыс оқиғасының белгілі болуы ғана емес, адамның негізді жауаптылығын ашып бере алатын белгілердің анықталуы қажет екенін білдіреді.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде қылмыстық объектісі, қылмыстық объективтік жағы, қылмыстық субъективтік жағы және қылмыстық субъектісі аталады. Бұлардың әр қайсысының қылмыс уақиғасын зерттеуде, ол бойынша кінәлі адамның жауаптылығын белгілеуде өз рөлі бар.
Қылмыстың объектісі ретінде қылмыстық заң бойынша қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің, құқықтардың және құндылықтардың жиынтығы алынады деп түсіну керек. Кейбір әдебиеттерде қылмыс объектісі ретінде “қоғамдық қатынастар” деген ұғым алынып, ал қалған “заңды мүдделер, құқықтар мен құндылықтар” деген ұғымдар “қоғамдық қатынастар” деген ұғымға жатқызылады.
Қылмыстың объективтік жағы ретінде қылмыстық сыртқы бейнесін сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынып, онда қылмыстық факт немесе уақиға ретінде балаларға болатын белгілер тобына сипаттама беріледі. Объективтік жақты қылмыстың жасалу уақиғасын білдіретін элемент ретінде түсінуді ұсыну, ол объективтік жақтың “қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттайды” деген ұғымға байланысты. Яғни бұл құрам элементінде қылмыстың қоғамға қауіптілігін көзге көрсете алатын сыртқы белгілер қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, елеулі зардап, себепті байланыс, қауіпті құрал, тәсіл, жағдай тәрізді т. б. белгілер түгелденеді немесе осы бағыттағы материалдарды квалификация жүргізуші субъект іздестіреді.
Қылмыстық субъективтік жағы ретінде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның психикалық сезімдерін білдіретін ішкі жағы белгілері алынады. Демек бұл құрам іс-әрекетіне, зардапқа, қылмыс тәсіліне, жағдайына деген психикалық қатынасы сонымен бірге қылмыстың жасалуына түрткі болған ішкі сезімдер ашылады. Яғни қылмыскер адамның қылмыстың объектісі мен объективтік жағының белгілеріне деген ми жұмысының шешімдері анықталуға жатады.
Қылмыс субъектісі ретінде қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, есі дұрыс, кінәлі адам алынады. Қылмыстың құрамын негізінен субъективтік және объективтік бағыттардағы белгілерден құралатынын ескеріп, оның ұғымын осы екі бағыттағы белгілердің жиынтығы түрінде алу қисынды және өзге әдебиеттерде де осындай сипатта беріледі. Сонымен, қылмыс құрамы дегеніміз, қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қылмыс ретінде сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы болып табылады.
Қылмыс құрамының элементтері өзара бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мысалы қылмыстың объективтік жағы мен субъективтік жағының ұғымы және оларды құрайтын белгілер бірін-бірі дәлелдеуші, анықтаушы рөл атқара алады. Яғни қылмыстың объективтік жағы сыртқы бейнесін сипаттаса, ал субъективтік жақ ішкі бейнесін негіздейді. Бұл ұғымдар қылмыстық құқықта бір медальдің екі жағы іспеттес ұғымдар болып табылады. Яғни қылмыстың сыртқы жағы болмаса, оның ішкі жағы да болмайды.
Қылмыстың объектісі өзге құрам элементтерінің ішінен қылмыстың объективтік жағымен тығыз байланысты, өйткені кінәлі адамның жасаған қауіпті іс-әрекеті оның зардабы заңмен қорғалатын объектіге бағытталады. Ал қауіпті әрекеттің жасалуы заңмен қорғауға алынған объектінің бұзылғанын білдіреді [2. 59 б. ] .
Қылмыстың субъективтік жағының қылмыс объектісімен де байланысы бар. Бірақ бұл байланыста, яғни субъективтік жақ қылмыстың объективтік жағының белгілері арқылы қылмыс субъектісімен байланысатын тәрізді болып көрінеді. Өйткені қылмыскердің қауіпті іс-әрекетіне немесе зардапқа деген психикалық қатынастары іске асырылғанда объективтік жақтың белгілері көрініс алып, заңмен қорғалатын объектіге нұқсан келеді.
Қылмыстың субъектісі қылмыстың субъективтік жағымен тікелей байланысты. Себебі объективтік жақтың белгілеріне деген әртүрлі психикалық қатынастар және қылмысты әрекеттің орындалуына түрткі болған ішкі сезімдер, сонымен қатар әрекеттің мақсаты барлық кезде адам ойынан шығып жатады. Сондықтан қылмыскер адам болмаса қылмыстың субъективтік жағына, объективтік жағына қатысты белгілер орын алмайды [2. 80 б. ] .
Қылмыстық құрамның элементтері бірін-бірі толықтыратын ұғымдар болып табылады. Бұлай деуіміздің себебі ол, өмірде аталған элементтердің бірі немесе бірнешеуі көрініс алғанмен, бірақ кем дегенде біреуі болмаса, онда қылмыс құрамы да, қылмыс уақиғасы да жоқ деп танылады. Мысалы заңмен қорғалатын объекті ретінде адамның өміріне, денсаулығына, меншігіне зиян келгенмен, бірақ ол зиянды келтірген адам болмаса қылмыстың субъектісі жоқ. Мұндай кезде заңмен қорғалатын мүддеге зиян келтіруші жануарлар немесе табиғаттың зілзала күштері болуы мүмкін. Сол сияқты қылмыстың объектісіне зиян келгенмен, ол зиянды келтірген адам бар болғанмен, бірақ ол адамда кем дегенде абайсыздық түріндегі кінәнің белгілері болмаса қылмыстың субъективтік жағы жоқ деп танылады. Мысалы жазықсыз зиян келтіру. Сондықтан жасалған іс-әрекетті қылмыстық құрамының бар болуы қылмыстық жауаптылықтың негізін ғана емес, сонымен қатар қылмысты квалификациялаудың құқықтық негізінде білдіреді. Бұл айтылып отырған ереже практикада мынандай жағдайда сақтала бермейді. Мысалы қылмыстық іс қозғалғанда қылмыс фактісі немесе қылмыс уақиғасы (мұндай жағдайда фактіні немесе уақиғаны қылмыс емес, қылмысқа ұқсас уақиға, факт деп бағалаған дұрыс) бойынша қозғалады, бірақ қылмыс құрамының бұл уақиғада бар екендігі әлі белгісіз болуы мүмкін. Тергеу практикасында өрт уақиғасының орын алып қоғам және адам меншігіне елеулі зиян келгендігі немесе адамның қайтыс болуы бойынша да қылмыстық іс қозғалады. Бұл кездерде қылмыстық құрамның толық болуы талап етілмейді. Ал кейін адамға сезікті немесе айыпкер ретінде тану туралы қаулы шығарылғанда қылмыстық құрамының толық болуы талап етіледі. Жоғарыда айтып отырған қайтыс болған адам бойынша қылмыстық іс қозғалғанмен, бірақ алдын ала тергеу барысында оның өз ажалынан қайтыс болғандағы анықталып іс қысқартылуы мүмкін. Немесе болған өрт адамның кінәсінен емес табиғи күш әсерінен болуы мүмкін. Мұндай қылмыскер ұқсас уақиға немесе зардаптық орын алуы бойынша дереу қылмыстық іс қорғау, ол мемлекеттің құқық қорғау орындарын үнемі сергек болуды әрбір фактіні назарда ұстауды талап етуіне байланысты. Бір айта кететін жәйт, ол мұндай уақиғаларда қылмыстық құрамы бар екендігі әлі анық болмаса да, бірақ қылмысты квалификациялау жүргізіледі. Бұлай деуіміздің себебі, ол қылмыстық іс қозғалғанда міндетті түрде Қылмыстық Кодексте белгілі бір баптары бойынша қозғалады.
1. 2 Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның қылмыс құрамдарын анықтаудағы рөлі
Қылмыс құрамы элементтерінің қылмыстық іс-әрекеттерге құқықтық талдау жасау кезінде кезектілікпен аталу тәртібі, ол таза құқықтық емес, әлеуметтік сипатына байланысты болып табылады. Әдетте қылмыс құрамының элементтері қылмыс объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі деген реттілікпен келтіріледі. Бірақ әдебиеттерде қылмыстық субъективтік жағы мен субъектісінің орнын ауыстырып, субъективтік жақты соңғы кезекте атайтын да бағыттар кездеседі.
Құрам элементтерінің кезектілік тәртібін белгілеу мәселесі қылмыстық құқық қарастыратын зерттеу объектілерін әлеуметтік тұрғыдан талдауға алғанда ашылады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда қылмыстың алғашқы белгісі қоғамдық қатынас болып табылады. Қоғамдық қатынас қылмыстық объектісі ретінде ғана емес, сол нақты қоғамдық қатынастың түрі немесе оның қоғамдағы ролі қылмыстың мазмұнын алуға да әсер ете алады.
Қоғамдық қатынастар жалпы социология тұрғысынан алғанда қоғамда ерекше орын алады. Себебі белгілі бір ортада қоғам бар деу үшін, ол жерде қоғамның қалыптасуын, дамуын білдіретін қоғам мүшелері арасындағы қоғамдық қатынастар өмір сүруі керек.
Қоғам мүшелері дегеніміз - өзінің биологиялық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы емес, әлеуметтік құрамы бар адамдар арасында орын ала алады. Мысалы жұмыс беруші мен жұмысшының, сатушы мен сатып алушының т. б.
Қоғамдық қатынастар жеке адамға тәуелсіз сипатта болады деп түсіну керек, өйткені әрбір жеке адамға келгенде қоғамдық қатынастар ол адамға дейін өмір сүрген құбылыс. Қоғамдық қатынастар ол адамға дейін өмір сүрген құбылыс. Жаңа адам тек оған қосылады. Қоғамдық қатынастар жеке адамға тәуелсіз өмір сүретіндіктен, адам оған тәуелді болып, ұжымдық өмірге бағынады. Түптеп келгенде адам дұрысырақ айтқанда қоғам мүшесі әртүрлі қатынастарға түсуге негіз беретін қоғамның құрамдас белгілерін сол қоғамға алады. Ол бір уақытта отбасы мүшесі, жұмысшы, партия мүшесі т. б. бола алады. Және бұл белгілер бір адамның бойында бір-біріне қарсы бағытта болмай, олар өзара үндесіп жатуы керек.
Қоғамдық қатынастың келесі қызметі, олардың жиынтығы бүтін қоғамдық организм ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси формацияның түрін немесе сол қоғамның даму бағытын білдіре алады.
Сондықтан қоғамдық қатынастардың жиынтығы қоғамды білдіретін күш дейміз. Сонымен, адамның қоғам мүшесі ретінде қоғамдық қатынастардың қатысушысы болып табылатын жағдайы мынандай қорытынды жасауға әкеледі. Егер қоғамдық қатынастарды жеке адамдарда бар биологиялық құрамдарын да кеңірек алсақ, онда бұл әлеуметтік сапалар арасындағы қатынастар болып табылады.
Бұл қоғамдық қатынастың құрамын, оның қоғамды қозғаудағы, қалыптастырудағы ролін ашудың ең қарапайым түрі. Өйткені қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретінде адам ғана емес, мекеме, ұйымдар мемлекеттер де бола алады [2. 18 б. ] .
Қылмыстық заңмен қорғауға алынған қылмыс объектісі ретінде аталатын қоғамдық қатынастардың қоғам, жеке адам өміріндегі ролі осындай маңызды болуына байланысты қылмыс құрамының элементі ретінде бірінші кезекте аталады. Сонымен қатар адамда қылмыстық ниеттің пайда болуының алғашқы кезеңінде-ақ және оның жасаған қауіпті іс-әрекеттері қоғам, адамзат үшін аса қажетті қылмыс объектісіне бағытталады. Бұл кездейсоқ емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуда жай еңбек бөлінісі ғана пайда болып қоймайды. Сондай-ақ қоғам мүшелерінде әлеуметтік мүліктік т. б. айырмашылықтар пайда болып, олар әртүрлі деңгейлерде бола алады. Әрбір адам өз заманының адамы болғандықтан, осындай айырмашылықтар қоғам мүшелерінің арасында мүліктік, саяси, т. б. артықшылықтарға ұмтылуға себепші болады. Оның бір тәсілі қылмысты әрекеттер жасау арқылы қоғамдық қатынастарға зиян келтіре отырып өз мұқтаждығын қанағаттандыру болып табылады дейміз.
Осы еңбектен де қылмыс - объективтік құрамы бойынша жеке адамның немесе қылмыс субъектісінің адам мен адам немесе жеке адаммен заңды ұйым, ұжым арасында қалыптасқан қатынасқа зиян келтіру болып табылады. Бұл қылмысты қоғамдық маңызды құбылыс ретінде бағалатады. Тіпті қылмыскер жеке адамға зиян келтіргенде де қоғамға зиян келтірген болып есептеледі, өйткені жәбірленуші адамда қоғам мүшесі. Осы айтылғандар қылмыс объектісінің қайдан шығатынын, оның неліктен бірінші кезекте аталатынын ғана емес, сонымен бірге қылмыстың қоғамға қауіптілігін де білдіреді.
Әлеуметтану теориясынан келгенде адам әрекетін бағалаудың критерийі қоғамдағы объективтік заңдылыққа іс-әрекеттің сәйкестік шамасы болып табылады.
Әлеуметтік ортадағы әрекеттердің бағыты, қауіптілік дәрежесі әртүрлі. Жалпы әлеуметтік әрекеттердің кейбіреуі қоғамдық жүйенің даму заңдылықтарына сәйкес келеді, ал кейбір түрлері қоғам талабына тұрады. Сондай-ақ осы уақытта емес болашақта қарсы қолданылатын әрекеттерде кездесе алады. Мұндай әрекеттердің ішінен қоғам талабына қарсы тұратын әрекеттер зиянды, қоғамға қауіпті деп бағаланады, олардың қоғамға қауіптілігі барынша жоғарылары қылмыс ретінде белгіленеді.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қауіптілік қарқындарының шамасына (мера интенсивность и действия) дәрежесіне қарай зиянның мөлшері белгіленеді және осы критерийде қылмыс теріс қылықтан ажыратылады. Қылмыстық құрамның объективтік жағын сипаттауда (мысалы бұзақылық, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмыстарында) көрінеу, кәнігі, аса кәсіби түрде деп келтірілетін ұғымдар да осы қылмысты әрекеттердің қарқындылық шамасына қарай анықталады. Мұндай қарқындарды кейбір қылмыс түрлерінде дәл анықтау қиын, ол көбінесе бағаланушы ұғым ретінде заң нормасында белгіленіп, іс жүзінде анықтауды квалификация жүргізуші қызметкердің еркіне беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz