ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
І Тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің мағынасы
1.2 Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің жүйелері

ІІ Тарау. ЕРЕКШЕ БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ТАРАУЛАРЫ
• Жеке адамға қарсы қылмыс
• Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
• Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына
қарсы қылмыстар
• Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
• Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстар
• Меншікке қарсы қылмыстар
• Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
• Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
• Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
• Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
• Экологиялық қылмыстар
• Көліктегі қылмыстар
• Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
• Басқару тәртібіне қарсы қылмыс
• Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
• Әскери қылмыстар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық
жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай-ақ
оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы
болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым, жаза
түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы
принциптері (қағидалары) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға
қауіпті іс-әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық
құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін
тағайындау мәселелері қарастырылады. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше
бөлімі өзара тығыз байланыста болады, осы екі бөлімнің жиынтығы Қазақстан
Республикасының қылмыстық құқығын құрайды. Қылмыстық құқықтың өзін Жалпы
және Ерекше бөлім деп бөлудің себебі, осы пәнді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
терең оқытудың қажеттігінен туындап отыр. Өйткені Қылмыстық құқықтың Жалпы
бөліміндегі теориялық мәселелерді Ерекше бөлімнің әрбір бабы бойынша тағы
да қайталамау үшін, сондай-ақ Ерекше бөлімдегі жеке қылмыстардың құрамының
белгілерін қайталап сипаттап жатпау үшін осы пән екі бөлімге бөлініп
оқытылады. Негізінен алғанда Жалпы және Ерекше бөлім тұтастай бір қылмыстық
құқық ғылым пәнін құрайды.
Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі сот тәжірибесінде айқын көрінеді.
Жалпы бөлімнің нормаларын басшылыққа алмайынша Ерекше бөлімнің нормаларын
қолдану мүмкін емес, немесе керісінше Ерекше бөлім нормалары болмаса Жалпы
бөлім нормаларының іске асырылуы мүмкін емес.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген Қылмыстық құқықтың
нақты белгілі бір бабы бойынша қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде
көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Жалпы бөлімде көрсетілген
нормаларға соқпай өтуге болмайды. Мысалы кінәнің нысандары және олардың
мазмұны, қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жас мөлшері, қылмысқа қатысудың
ұғымы, қылмысқа қатысу нысандары және қатысушылардың түрлері, қылмысқа
даярланғандық немесе оқталғандық сияқты түсініктер тек қана Жалпы бөлімде
айқындалған. Істелген қылмысқа жаза тағайындағанда да Қылмыстық кодекстің
Жалпы бөліміндегі нормаларды айналып өтуге болмайды. Өйткені жазаның ұғымы
мен мақсаттары, жазаның түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздері
қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату тек қана Жалпы бөлімде
көрсетілген.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабы бойынша
— денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәліні қылмыстық жауапқа
тартып, соттау үшін, біріншіден бұл қылмысты жасы 14-ке толған есі дұрыс
(15, 16-баптар), қылмысты қасақаналықпен (20-бап), қажетті қорғану
белгілері жоқ болған жағдайда (32-бап) жасалғанын анықтау қажет. Осы
жасалған қылмыс үшін жаза тағайындағанда сот Қылмыстық кодекстің Жалпы
бөлімінің мынадай қағидаларын басшылыққа алады: 38-бап (жазаның
мақсаттары), 52-бап (жаза тағайындаудың жалпы негіздері), 53-54-баптар
(жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар), 103-баптың 1-
бөлімі бойынша жаза тағайындағанда сот осы баптың санкциясында көрсетілген
жазаның үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру
мөлшерінің белгілі бір бөлігін белгілейді. Немесе Қылмыстық кодекстің 55-
бабын қолданып, занда көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза
тағайындауы мүмкін. Міне, осыған орай жаза тағайындау мәселесінде де Жалпы
бөлім қағидаларының қолданылуы сөзсіз басшылыққа алынады. Сот-тергеу
тәжірибесінде Жалпы бөлім нормаларында, Ерекше бөлім нормаларында бірдей
қолдану қажеттігі жиі кездеседі. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 24-бабында
қылмыс істеуге даярланғандық және қылмыс істеуге оқталғандық туралы
айтылған. Қасақана кісі өлтіруге оқталғандық үшін кінәліні қылмыстық
жауаптылыққа тартқанда Қылмыстық кодекстің 24, 96-бабы II бөлімі бірге
көрсетіледі. Мұның өзі қылмыстың аяқталмағанын көрсетумен бірге қылмыс
жасаған адамның әрекетін дұрыс саралаудың, заңдылық принципін қатаң
сақтаудың көрінісі болып табылады.
Тағы бір мысал, қылмыс істеуге кеңестерімен, нұсқауларымен, құралдар
берумен көмектескен адам — қылмысқа көмектесуші деп табылады. Бұл туралы
Жалпы бөлімнің 28-бабының 5-тармағында анық көрсетілген. Егер кінәлы адам
қасақана кісі өлтіруге көмектессе, онда ондай адамның әрекеті Қылмыстық
кодекстің 28-бабы 5-тармағы, 96-баптарының тиісті бөліктері бойынша
сараланады. Бұл жерде Жалпы және Ерекше бөлімнің нормалары қатар қолданылып
отыр.

І Тарау. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі
1.1 Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің мағынасы

Қылмыстық құқық нормаларының Жалпы және Ерекше бөлімдерінің осындай
бірлігі олардың алға қойған мақсаттарынан да айқын көрінеді. Жалпы және
Ерекше бөлімдердің мақсаты қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңдылық баға
беріп, істелген қылмыс үшін занда белгіленген жазаны әділ қолдану болып
табылады. Ерекше бөлім туралы жоғарыда айтылған анықтамаларды басшылыққа
ала отырып, Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі курсының пәні туралы мәселені
шешуіміз қажет.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі курсының пәні дегеніміз қылмыстың
жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық белгілеу және осы қылмыстың құрамының
белгілерін, оларға тиісті жазаны анықтайтын нормалардың мазмұнын ашу болып
табылады.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларының нақты мазмұнын
ашудың түпкі мәні олардың әлеуметтік-саяси бағытын анықтау болып табылады.
Мұндай бағыттарды анықтау үшін ең алдымен қылмыстық заң нормаларын
қабылдаудың қажеттіліктері мен себептерін, қылмысқа қарсы күресте осы
қабылданған зандардың атқаратын қызметі, қылмыстық іс-әрекеттердің қоғамға
қауіптілік дәрежесін анықтау, қылмыстық құбылыстың себептері мен оған жол
беретін жағдайларды зерттеу қажет.
Мысалы, Қылмыстық құқықтағы банкроттық деген құрамның мазмұнын ашу
үшін ең алдымен осы норманы қабылдаудың қажеттілігін, осы құрамның қоғамға
қауіптілік дәрежесін, мемлекет, қоғам үшін осындай іс-әрекетті жасаудың
зардабының мазмұнын ашу қажет. Сонда ғана бұл қылмыс түрінің құрамына
ғылыми анықтама беріледі.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын оқығанда оны
формальды-тоғышарлық әдіспен пайдалануға ешқандай да жол берілмеуі керек.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын Жалпы бөлім нормаларымен
байланыссыз, жеке дара, оларды әлеуметтік-саяси бағыттарынан тысқары,
қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайынан мүлдем сыртқары түрде зерттеу —
формальды-тоғышарлық әдіс болып табылады. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімін
формальды-тоғышарлықпен оқып білуге, зерттеуге үзілді-кесілді тыйым салыну
керек.
Сонымен бірге Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын оқып
үйренуде нигилистік көзқарастарға жол берілмеуі керек. Нигилистік
көзқарастар қылмыстың құрамының белгілерін өзінше, заңға байланыссыз
талқылау немесе арнаулы қылмыстық заң нормалары жоқ болғанына қарамастан,
соған ұқсас басқа заңдармен қылмыстық жауапқа тартуды көздейді. Мұндай
көзқарас зандылық принципіне мүлдем қайшы.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының Ерекше
бөлімінің нормаларын оқып үйренуде осындай жат көзқарастарға мүлдем жол
бермеу маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қылмыстық құқықтың Ерекше
бөлімінің нормаларының мазмұнын ашу дегеніміз жекелеген қылмыс құрамының
ерекшеліктерін анықтау, яғни қылмыс құрамына зандылық талдау жасау болып
табылады. Кез келген нақты қылмыс құрамын дұрыс анықтау мүмкіндігі ең
алдымен оларға тән қылмыс объектісінің, субъектісінің объективтік және
субъективтік жақтарының белгілерінің ерекшеліктерін дұрыс, дәлме-дәл
ашқанда ғана жүзеге асырылады. Бұл - кез келген жекелеген қылмыс құрамына
тән заңдылық.
Әділ соттылықты, зандылықты жүзеге асыруда Қылмыстық құқықтың Ерекше
бөлімінің маңызы ерекше. Қылмыстық құқықтың 19-бабының 3-тармағында
көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа
кінәлы деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық
жауапқа тарту үшін және оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табу үшін оның
жасаған іс-әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек
екендігін және қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық
белгілері бар іс-әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі
болып табылатынын айқындайды (ҚК-тің 3-бабы). Осыған ұқсас нормалар
Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің көптеген
нормаларында да бірнеше рет көрсетілген. Іс-әркетінде қылмыстың белгілері
жоқ адамдар қылмыстық жауапқа және жазаға тартылмайды.
Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты бір
немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге
асырылады. Мысалы, кісі өлтіру, бұзақылық, тағылық, әйелді зорлау, т. б.
Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір
қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық
теориясы қылмысты саралау — деп атайды. Қылмысты дұрыс саралау құқық
қолдану органы қызметкерінің қызметтік борышы, негізгі міндеті.
Қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекеттерді Қылмыстық
құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдеріндегі баптарға дәлме-дәл жатқызу, дұрыс
саралау — заңдылық принципін бұлжытпай жүзеге асырудың шарты болып
табылады. Егер нақты бір іс-әрекетті, мысалы ұрлықты, бір сот ұрлық деп,
екіншісі тонау, ал үшіншісі қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөніндегі
конституциялық принциптің өрескел бұзылғандығы болып саналады. Сондықтан да
қылмысты дұрыс саралаудың өзі мемлекеттің жаза мәселесін қолдану
саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғышарты болып табылады.
Қылмысты дұрыс сараламаудың нәтижесінде қылмысты іс-әрекетті жасаған кінәлі
адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін.
Қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқықтың алға қойған басты
мақсаттарының бірі жасалған іс-әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау
принципіне қайшы келеді.
Қылмысты дұрыс саралау қылмыстылықтың жағдайын, деңгейін, құрылысын,
қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Істелген қылмыстың
статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес
жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін
оның жағдайын, сандық, сапалық көрсеткіштерін, жасаған қылмыстардың мәнін,
қылмыскердің тұлғасын толық ашу қажет. Бұл мәселелерді анықтамай тұрып,
қылмыспен күрес жүргізу өзінің оңды нәтижелерін бермейді. Қылмысты дұрыс
саралау сот төрелігін әділ жүзеге асырудың кепілі және заңдылық,
әділеттілік принциптерінің іске асырылуының басты шарты болып табылады.
Құқық қорғау және құқық қолдану органдары беделінің мәртебесінің биік болуы
да істелген іс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруіне де тікелей байланысты.
Заңға негізделген әділ үкім сот органдарының беделін нығайтады.
Қылмысты дұрыс саралау — жеке адамдардың Қазақстан Республикасы
Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын, бостандықтарын
қорғаудың кепілі болып табылады. Қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған
адамға тигізетін зардабы да зор. Кінәлінің іс-әрекетін дұрыс сараламау,
оның заң қорғайтын мүддесіне келтірілген зор кесел болып табылады. Іс-
әрекетті дұрыс сараламау салдарынан —адамға заңға негізделмеген жаза
тағайындалып қана қоймайды, ол оның тағдырына байланысты көптеген
зардаптарға әкеліп соғады. Мысалы: қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда,
оған көп немесе аз жаза тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дұрыс сараламау оған
белгіленген түзеу қолониясының түріне де,
сондай-ақ кінәліні мерзімінен бұрын шартты жазамен босату немесе босаттауға
да әсер етеді. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы ерекше. Бұл мәселеге
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумдарының көптеген Қаулылары
арналған. Жоғарғы Сот Пленум Қаулыларында соттардың заңталабын дәлме-дәл
сөзсіз орындай отырып, жасалған іс-әрекетке заң нормаларынын талабына сай
баға беріп, кінәлінің іс-әрекетінде қылмыс кұрамының белгілері бар ма, жоқ
па, осы жағына ерекше мән беріп, зандылық принципінен еш уақытта да
ауытқушылыққа жол бермеуі керек деп ескертті.

1.2 Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің жүйелері

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөліміндегі нормалар белгілі бір
тәртіппен, жүйеге бөлініп орналасады.
Ерекше бөлімнің жүйелері деп — қылмыстық жауаптылықты белгілейтін
немесе қылмыстық нормалардың топтық объектілік белгісі бойынша белгілі бір
жекелеген топтарға бөлініп, қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай рет-
ретімен, дәйектілікпен орналасу тәртібін айтамыз. Қылмыстық құқықтың Ерекше
бөлімінің жүйесін дұрыс құру қылмысты дұрыс саралауға ғана емес, сонымен
бірге онымен белсенді күрес жүргізуге, оның алдын алуға, әділ жаза
тағайындауға толық мүмкіндік береді. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі
нормаларын бөлудің негізі болып — қылмыс объектісі, атап айтқанда қылмыстың
топтық объектісі негіз бола алады. Топтық объект қоғамға қауіптілігі бірдей
едәуір қылмыс топтарының объектісі, яғни ол өзара үқсас қылмыстардың бір
тарауға топтастырылуының негізі. Кейбір қылмыстарды топқа бөлу — топтық
объект ғана емес, қылмыстың субъектісінің ерекшеліктері де ескеріледі.
Мысалы, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы, әскери қылмыстар. Қылмыстық
құқықтың топтық объектісін заң шығарушы қылмыстық заң қорғайтын нақты
қоғамдық қатынастардың ішінен жеке бөліп алу арқылы анықтайды. Қоғамдық
қатынастардың кейбір салаларының маңызының артуы сөз жоқ оның қылмыстық
құқық нормалары арқылы қорғалуын да күшейтеді. Яғни ондай қоғамдық
қатынастарды қорғайтын жаңа қылмыстық заң нормасы енгізіліп, қылмыстық
жауаптылықтың ауқымы кеңиді немесе күшейеді. Немесе кейбір қоғамдық
қатынастар қылмыстық құқық нормалары арқылы қорғауды қажет етпесе, ондай
қылмыстар тобы қылмыс қатарынан шығарылып тасталады. Мысалы, Қазақстан
Республикасы жаңа Қылмыстық кодексін қабылдағанда көптеген бұрынғы
тараулары, қылмыс құрамдары Кодекске енгізілмеген. Керісінше Кодексте
бірнеше жаңа тараулар пайда болды.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде
мынадай 16 тарау бар:
1 Жеке адамға қарсы қылмыс (1-тарау).
2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс-тар (2-тарау).
3.Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыстар (3-тарау).
4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар (4-тарау).
5. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстар (5-тарау).
6. Меншікке қарсы қылмыстар (6-тарау).
7. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар (7-тарау).
8. Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстар (8-тарау).
9. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар (9-
тарау).
10. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар (10-
тарау).
11. Экологиялық қылмыстар (11-тарау).
12. Көліктегі қылмыстар (12-тарау).
13. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар (13-тарау).
14. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс (14-тарау).
15.Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
(15-тарау).
16. Әскери қылмыстар (16-тарау).

ІІ Тарау. ЕРЕКШЕ БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ТАРАУЛАРЫ

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы
қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы
мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында ең қымбат қазына —
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, — деп жарияланған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде
Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың
құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет
ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке
адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта
артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға
арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке
адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып
табылады. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы
қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру
(96-6.); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-6.); жан күйзелісі
жағдайында болған адам өлтіру (98-6.); қажетті қорғаныс шегінен шығу
кезінде жасалған кісі өлтіру (99-6.); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін
қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-6.);
абайсызда кісі өлтіру (101-6.); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-6.).
Денсаулыққа қарсы қылмыстар: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
(103-6.); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-6.);
денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-6.); денсаулыққа жан күйзелісі
жағдайында зиян келтіру (108-6.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде
денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-6,); қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде
денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-6.); денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
(111-6.); азаптау (107-6.); қорқыту (112-6.); адамдардың органдары мен
тәнін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (113-6.); соз ауруларын жұқтыру
(115-6.); адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧЖҚТБ) жұқтыру (116-6.);
медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше
орындамауы (114-6.); клиникалық сынақтар жүргізудің және профилактиканың,
диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен
құралдарын қолданудың тәртібін бұзу. (114-1 6.); заңсыз аборт жасау (117-
6.); науқасқа көмек көрсетпеу (118-6.); қауіпті жағдайда қалдыру (119-6.).
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: адамды ұрлау (125-6.); бас
бостандығынан заңсыз айыру (126-6.); психиатриялық стационарға заңсыз
орналастару (127-6.); адамды саудаға салу (128-6.).
Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: жала
жабу (129-6.); қорлау (130-6.).
Жыныстық қылмыстар: зорлау (120-6.); нәпсіқұмарлық сипатындағы күш
қолдану (121-6.); он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу
және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-6.); жыныстық
қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен
әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-
әрекеттерге мәжбүр ету (123-6.); жас балаларды азғындату (124-6.).

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш
рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. Кісі өлтіру, яғни басқа
адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп Қылмыстық кодекстің 96-бабында тура
көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп
танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс
құрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық
көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам
өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына
және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей
қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен
бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген
уақытынан басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім
клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның
айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы
басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан
да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім,
орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі
басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршеңдік белгілері
біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады.
Яғни адам өмірінің соңғы сәті – биологиялық өлім.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: Неке мен отбасы,
ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (1); Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы
(2); Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-
анасына қамқорлық жасауға міндетті (3) — делінген. Бұл көрсетілген
қағидалар халықаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне
сәйкестендірілген. Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей
Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық
актіде отбасы қоғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекет пен қоғам
тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989жылы 20 қарашада
қабылданған Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияда да балалардың азаматтық
және саяси-әлеуметтік құқықтарының қорғалуына ерекше мән берілген.
Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі
халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты
пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға
ерекше мән береді.
1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 2-
тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін
жауаптылық белгілеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты
қылмыстардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды
қылмыстық іске тарту (131-бап); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-
әрекеттер жасауға тарту (132-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу
(133-бап); баланы ауыстыру (134-бап); бала асырап алу құпиясын жария ету
(135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған
қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап); кәмелетке толмаған баланы
тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап); балалардың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше
орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану
(139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-
бап). Осы топқа жататын қылмыстардың объектісі ата-аналар мен балалардың
арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене
бітімі, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып,
қалыптасу жағдайлары болып табылады. Енді осы топқа енген қылмыс
құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейік.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз
азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып
табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық
нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық
кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және
басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық жан-
жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат
қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
белгіленген. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары
мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары
мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,
олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген
Конституцияның 1,2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің
азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады" (Конституцияның
12-бабының 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан
келтірмеуге тиіс (5-тармақ).
Конституцияның ІІ-бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы
мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген
азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына
тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне"
кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Конституцияда адам және азаматтық
туралы арнайы тарау бар. Азаматтық құқық пен бостандыққа; саяси құқықтар
мен бостандықтарға; экономикалык және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан
Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария
етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды (1-бап).
Азаматтардың саяси, әлеуметтік және басқа да құқықтарына қарсы
қылмыстық жауаптылық нормалары Қылмыстық кодекстің төртінші тарауында
көрсетілген. Бұл қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық осы
құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды роль атқарады.
Айтылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтары саналады.
Қылмыстардың осы тобы қылмыстын тікелей объектісіне сәйкес және
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мәніне қарай, мынадай негізгі
топтарға бөлінеді:
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: азаматтардың тең
құқықтылығын бұзу (141-бап); сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау
комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап); сайлау құжаттарын,
референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап);
журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру (155-бап); жиналыс,
митинг, бой керсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға
кедергі жасау (151-бап); ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас
тартуға мәжбүрлеу (153-бап); қоғамдык бірлестіктердің қызметіне кедергі
жасау (150-бап).
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалык құқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыстар: еңбек туралы заңдарды бұзу (148-бап);
еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап),
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: жеке өмірге қол
сұғылмаушылықты бұзу (142-бап); хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта,
телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап);
дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап); тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты
бұзу (145-бап); азаматқа ақпарат беруден бас тарту (154-бап); ар-ұждан және
діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау (149-бап).
Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-
әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы
ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті
белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты
нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның белгілі
бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа
қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-
әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-
әрекеттермен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік
алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құқылық
норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп
саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып
тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру,
салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа
нормалар пайда болды.
Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан
Республикасының Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет
туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында,
басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің 5-тарауы Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне
қарсы қылмыстарға арналған.
Қылмыстық кодекстін Жалпы бөлімінің 2-бабында қылмыстық құқық қорғау
объектілерінін қатарына тұңғыш рет бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігі
мүддесі қосылып отыр. Осыған орай Қылмыстық кодекстін Ерекше бөлімінде
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жеке тарау
берілген. Мұндай қылмыстар халықаралқ қылмыстарға жатады. Мұндай қылмыстар
үшін жауаптылықтың негізгі қайнар көзі Халықаралық әскери трибунал Жарғысы
(Нюрнберг, 1948) болып табылады. Осы жарғыда бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жауаптылығының негіздері және олардың
түрлері:
1) бейбітшілікке қарсы қылмыстар;
2) соғыс қылмыстары;
3) адамзатқа қарсы қылмыстар нақты көрсетілген.
Халықаралық конвенция 1948 жылы геноцидті, 1974 жылы апартеидті
халықаралық қылмыстар деп жариялады. БҰҰ-ның 1991 жылғы 43 сессиясы
бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар Кодексінің жобасын қарап, оны
мемлекеттердің үкіметінің қарауына, пысықтауына жіберді. Осы көрсетілген
Кодекс жобасына сәйкес бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстардың 12 құрамы көрсетілген.
Халықаралық нормада осы тұрғыдағы қылмыстарға нақты тұрақты
анықтамалар беру мен оларды топқа бөлу әлі аяқталған жоқ, мұның өзі
мемлекеттердің ұлттық қылмыстық кодексін қабылдауда осы мәселеде белгілі
бір қиындықтар туғызып отыр. Бірақ та Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексінің 4-тарауында халықаралық құқықтың жұрт таныған
принциптері мен нормаларына негізделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшін
жауаптылық көзделген.
Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың топтық
объектісі халықаралық құқық нормаларымен белгіленген Жалпыға бірдей
бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік болып табылады. Осы қылмыстардын,
кейбір құрамдарының міндетті белгісі қылмыстың заты (Мысалы, ЮК-тің 158-
бабындағы — химиялық, биологиялық және жаппай қырып-жоятын қарулар) болады.
Объективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар қоғамға қауіпті іс-
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар дені формальдық құрамға жатады. Тек қана ҚК-
тің 161-бабындағы қылмыс — экоцид құрамы үшін қоғамға қауіпті зардап —
эқологиялық апаттың болуы қажет. Субъективтік жағынан осы тараудағы барлық
қылмыстар тікелей қасақаналықпен, ал қайсыбір құрамдар белгілі бір
мақсатпен (160, 163-баптар) жасалады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған есі дұрыс, жай адамдар. Кейбір
-қылмыс құрамының субъектісі арнаулы субъект мемлекеттік жауапты қызмет
атқаратын адам (157-баптың 2-тармағы), қызмет бабын пайдаланған адам (164-
баптың 2-тармағы). Тікелей объектісіне байланысты талданып отырылған қылмыс
құрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді.
Бейбітшілікке қарсы қылмыстар:
• Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе
жүргізу (156-бап).
• Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария
түрде шақыру (157-бап).
• Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап).
Соғыс қылмыстары:
• Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану
(159-бап).
• Жалдамалылық (162-бап).
Адамзатка қарсы қылмыстар:
• Геноцид (160-бап).
• Экоцид (161-бап).
Халқаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс:
• қылмысты халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе
ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап).
• Әлеуметтік, нәсілдік ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық
астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу
жөніндегі конституциялық принципке қол сұғу; әлеуметтік,
ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-
бап).
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстарға жалпы сипаттама Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық
кодексінде ескі қылмыстық кодекстегі мемлекеттік қылмыстар деген ұғым
мемлекеттің конституциялық кұрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
деген жаңа ұғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық,
объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен кауіпсіздігіне байланысты
қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі
жаңартылып, жетілдіріліп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан
Республикасының, 1996 жылғы 30 тамызда қабылдаған Конституциясында
көрсетілген, баянды етілген конституциялық кұрылысты, қоғамның ішкі, сыртқы
қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады.
Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай
түрлерге бөлінеді:
Қазақстан Республикасының сыртқы кауіпсіздігіне қарсы қылмыстар:
мемлекеттік опасыздық(165-бап); шпиондық (166-бап).
Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне қарсы қылмыстар: мемлекет
немесе қоғам кайраткерлерінін өміріне қастандық жасау (167-бап); өкіметті
күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру (168-бап); қарулы бүлік
(169-бап).
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен кұлатуға
немесе бұзуға шақыру (170-бап).
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс
қабілетіне қарсы қылмыстар: диверсия (171-бап); жұмылдыруға шақырудан
жалтару (174-бап).
Мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын қылмыстар: мемлекеттік
құпияны жария ету (172-бап); мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды жоғалту
(173-бап).

1.2 Қазақстан республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мемлекеттік опасыздық (165-бап).
Өз Отанына сатқындық жасау әруақытта да ең ауыр мемлекеттік қылмыс
ретінде қарастырылған, Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде
мұндай қылмыстың атауы -Отанға опасыздық, деп көрсетілген еді. 1997 жылғы
Қылмыстық кодекс бұл атауды Мемлекеттік опасыздық деп жаңа атаумен
алмастырды. Өйткені Отан деген ұғым мемлекеттік емес аумақтық ұғымды, яғни
адамның туған жерін бейнелейтін ұғым ғана еді. Қазақстан Республикасының
азаматы болып оның аумағынан сыртқары жерде тұрған Қазақстан
Республикасының азаматтығын алған кез келген ұлттың өкілі танылатыны
баршаға аян. Осыған байланысты дүниежүзілік құқық стандарттарына сәйкес
Отан деген түсінік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Қылмыс құқықтың пәні,түсінігі,міндеттері мен принциптері
Қылмыстық құқықтың түсінігі
Қылмыстық заң
Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының реттеу функциясы
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстық құқытағы маңызы
Қылмыстың ұғымы
Пәндер