Бірінші белгі
Жоспар.
I. Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
2.1.Қылмыстық іс жүргізу нормалары ұғым,негізгі белгілері.
. 2.2.Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы
2.3.Қылмыстық іс жүргізу нормаларының негізгі түрлері.
2.4.Қылмыстық іс жүргізу заңын ұқсастығына қарай қолдану.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Құқық көздері, түрлі құқықтық актілер, құқық өз көрінісін табатын
нысандар зерттелмейінше құқық рөлін түсіну мүмкін емес.Құқық көздерінің
маңызды болатын тағы да бір себебі-олар құқықтың қоғамдық болмысын білдіріп
қана қоймайды,сонымен бірге белгілі бір дәрежеде құқық қалыптастыру
функциясын атқарады.Құқықтың дамуы қандай заңдылықтарға бағынып,қандай
факторлармен айқындалатын болса, құқық көздерінің дамуы да жалпы алғанда
сондай заңдарға бағынады және сондай факторлармен айқындалады.
Қазақстан Республикасы өткеріп жатқан өтпелі кезеңге қатысты кез келген
құқық саласы,соның ішінде қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің жай-күйіне
тән ерекшелік-құқық мазмұнының құрылымы, жүйесі шегіндегі, демек құқық
мазмұны шегіндегі олардың гетерогенді сипаты.
Құқық көздерінің гетерогендігі ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуының
процесі факторларға байланысты.Сондай факторлардың ең елеулілері мыналар:
-заңдардың өтпелі кезеңде қолданылуының ерекшеліктері;
-бұрын қолданылған құқық көздерінің жойылуы немесе құруы;
-жаңа құқық көздерінің қалыптасуы;
-бір бөліктерде ұлттық құқық қалыптасуы процесінің серпінділігі,
жеделдігі; басқа бөліктерде-кешеуілдеу феноменінің ықпал етуі; соған
байланысты сабақтас институттар мен категориялар шебінде қарама-
қайшылықтардың пайда болуы;
-құқықта рецептуралық феноменнің байқалуы, соған байланысты ұлттық құқық
үшін жеткілікті түрде елеулі факторларды теңдестіру қаупі пайда болады.
Құқық көздерінің жай-күйінің осы және басқа да ерекше белгілері бұрын
танылған және кеңестік даму кезеңіндегі заң ғылымы теориялық тұрғыдан
негіздеген жекелеген саралау категорияларымен өзге де категориялардан
өтпелі кезеңде бас тартуды қажет етеді.Алайда бұл кеңестік құқық
жетістіктерін толық жоққа шығару деген сөз емес.Біз өтпелі кезеңдегі құқық
көздерінің гетерогендігі көрінісін осыдан да байқап отырмыз.
Сонымен бірге ұлттық құқықтың пайда болуы мен қалыптасуы процесінің
аяқталуы мен оның одан әрі дамытылуы құқық көздері жүйесінің сараптау
элементтерін толық немесе ішінара жаңартуды қажет ететінін атап өту қажет.
Қылмыстық іс жүргізу құқық көзі деген ұғым мазмұнын жалпы алғанда
құқық көзі деп нені түсіну керек екеніне байланысты қарау қажет. Ғылымда
мынадай баптар бар: а) материалдық тұрғыдан алғанда құқық көзі-қоғам
өмірінің материалдық жағдайлары; ә) құқық көзі-мемлекеттік органдардың
құқық нормаларын белгілеу жөніндегі қызметі,ал құқық актілері-құқықтың
сыртқы нысандары; б) формальды мағына мен заң мағынасындағы құқық көзі-
мемлекеттік ерік-жігерді жалпыға бірдей жүріс-тұрыс ережелері түрінде
білдіру әдісі.
Құқық көзінің мәнін салалық құқыққа қатысты түсіну үшін ең елеулісі-
құқық көзін заң тұрғысынан алып қарайтын тұжырым.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының доктриналық және құқықтық
түсініктемелердің арақатынасына мына ерекшеліктер тән: 1)
ғылыми,доктриналық түсініктеме құқық көздерінің тізбесіне обьектілердің
неғұрлым кең шеңберін қамтиды. Тікелей нормативтік көздермен қатар онда
обьектілер ретінде мыналар түсінілген: а) мұсылмандық құқық доктринасында
,христиандық құқық доктринасында жазылған әдеттегі құқық; ә) сот
прецеденттері;
2)қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері ҚІЖК 1-бабының құқықтық
регламентінде ұлттық құқықты дамытудың қазіргі кезеңінің жағдайы мен
ерекшеліктері толық дәрежеде қамтылған, көздердің толық тізбесі берілген,
оған мыналар кіреді:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы;
-конституциялық заңдар;
-Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;
-Қазақстан Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық
шарттар;
-Конституциялық Кеңестің қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері жөніндегі
нормативтік қаулылары;
-Жоғарғы Соттың қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері жөніндегі
нормативтік қаулылары;
3)қылмыстық сот ісін жүргізудің құқықтық негізін заң жүзінде орнықтыру
нақты құқық көзінің сипаты мен бағытына байланысты әрдайым үйлесе бермейді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
Республикасының прокуратурасы туралы 1995 жылғы 21 желтоқсанда қабылданып,
іске қосылған Заң күші бар Жарлығының 2-бабында прокуратура қызметінің
құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының прокуратурасы туралы Жарлық, сондай-ақ Республика Бас
Прокурорының бұйрықтары аталған.Бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері
мен қылмыстық ізге түсуді және сот төрелігін жүзеге асырушы органдар
қызметінің құқықтық негізі-бірнәрсе емес екеніні көрсетеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының көзі ретінде Қазақстан Республикасы
Конституциясына мынадай ерекшеліктер тән:
-конституциялық ережелердің іс жүргізу қызметіне реттеуші әсері ҚІЖК 1-
бөлігіне сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге
заңдардың Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілуге тиісті ережелері оған
әлі енгізілмеген кезеңмен шектелмейді.Яғни алшақтықтар обьективті пайда
болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясы ең жоғары заңдық күші
бар нормативтік акті ретінде тікелей қолданылады.Конституцияның 4-бабы 2-
тармағының конституциялық нормалардың тікелей қолданылатыны жазылған
ережесі осының дәлелі болып табылады;
-бірқатар конституциялық нормалардың мәтіні қылмыстық іс жүргізу заңының
тұжырымдарымен үйлеседі.Бұл жағдайларда осы нұсқамалар бірге жұмыс істейді
дейді.Мұның өзі теориялық және практикалықжағынан алғанда өте маңызды:ол
бұл норманың ерекше маңызды екенін білдіреді;
-Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарын
белгілеп, қорғайды, ал қылмыстық іс жүргізу құқығы сол құқықтардың ерекше
өз құралдарымен қорғалуын қамтамасыз етеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің екінші класына заңға сәйкес
нормативтік актілер құрайды.Бұларға мемлекет басшысы-Президенттің немесе
мемлекеттік органның өз құзыреті шегінде, заңға сәйкес яки заң негізінде
және оны орындау мақсатында шығарылған құқық актілері жатады.
2.1. Қылмыстық іс жүргізу нормалары.Ұғым,негізгі белгілер.
Құқық нормасы дегеніміз-өзге нормалармен бірге жекелеген
адамдардың,органдардың,ұйымдардың өзара қатынастарын реттейтін жалпыға
міндетті мінез-құлық қағидасы.Құқық нормаларының реттеуші рөлі құқық
субьектісінің оның нұсқамаларына сәйкес іс-қимыл жасауды талап ететінінен
де, сондай-ақ оның талаптарын бұзу мемлекеттің өз органдары атынан құқық
бұзушыға ықпал жасау шараларын қолдануын қажет ететінінен де айқын
көрінеді.
Қылмыстық іс жүргізу қызметінің егжей-тегжейлі регламентациясы құқық
көздерінде тиісті түрде жүйеленген нақты нормаларда берілген.Егжей-
тегжейлеу дәрежесі құқық көзінің класы мен деңгейіне байланысты.
Қылмыстық іс жүргізу нормасының ерекшелігі-онда қылмыстық процеске
қатысушылардың іс-қимыл ережесі әрдайым болады.Сонымен бірге П.С.Элькиндтің
атап көрсеткеніндей,іс-қимыл ережелерінің бәрі бірдей қылмыстық іс жүргізу
нормасы болып табылмайды.
Қылмыстық іс жүргізу нормасын басқа құқық салаларының нормаларынан
ерекшелендіретін-айрықша белгілер кешені.
Бірінші белгі.Қылмыстық іс жүргізу құқығында мемлекет рұқсат еткен
нормалардың жоқтығы,бірақ тек мемлекет орнатқан нормалардың болуы.
Бұл белгі қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының негізіне заң
шығарушы қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттері үшін
арнайы әзірлеген ережелер алынғанын,ол ережелер бұрын әдет-ғұрыптарда да,
салт-дәстүрлерде де орын алмағанын білдіреді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде процесс ресми түрде қылмыстық іс қозғау
туралы қаулы шығарылған сәттен басталады.Қылмыстық іс материалдарына
қылмыстық іс қозғалғанға дейін жасалған іс-әрекет хаттамаларын оларды іс
жүргізу әрекеттері ретінде кейіннен тану жолымен енгізуге болмайды.Яғни
нақты қылмыстық істен тыс немесе сол іс қозғалғанға дейін орын алған
қатынастарды қылмыстық іс жүргізу қатынастары ретінде тануға болмайды.
Заңдылықты қадағалау құралы болып табылатын рұқсат етілген шешімдерді іс
жүзіндегі құқық қатынастары арқылы заңды деп танылатын рұқсат етілген
нормалардан ажырату қажет.
Екінші белгі.Қылмыстық сот ісін жүргізуде сан рет қайталанады деп
есептелген жалпылама сипаттағы нұсқамалардың қылмыстық іс жүргізу
нормаларында болуы.
Мәселен,ҚК-тің әрекетке баға берілетін бабы бір оқиғаға бір рет қана
қолданылатын болса,ҚІЖК-тің жауап алу,тінту, қарап шығу тәртібі туралы және
т.б.ережесін бір іс шеңберінде бірнеше рет-жауап алу,тінту және қарап шығу
қаншама рет жүргізілсе,соншама рет қолдануға болады.
Қаралып отырған белгі жеке-дара сипаттағы қылмыстық іс жүргізу
актілерінде өзіндік сипат алады.Мәселен,сот үкімі,сот ұйғарымы,қаулысы бір
мәрте орындау үшін нақты адамға бағытталған шешім болып табылады.Бірақ бұл
жағдайда осы актілерді шығару нысанына, процедурасына,материалдық құқық
үшін елеулі өзге факторларына қарамастан бірыңғай талаптар қойылады.
Үшінші белгі.Қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың іс-қимыл
ережелерінің міндеттілігі.
Міндеттілікке саралау сипаты тән.Тергеушінің шақыртуы бойынша келу
жөніндегі талаптың прокурор мен судьяға қатысы жоқ, бірақ сотқа дейінгі
қызметке өзге қатысушылардың оны орындауы міндетті.
Бұл белгі қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы статусының үдемелі түрде
өзгеруін білдіретін қылмыстық іс жүргізудің құбылмауы болуы жағдайларында
ерекше маңызды.Мәселен, қылмыс жасады деп сезік келтірген адам дәлелдеу
барысында айыпталушы ретінде жауапқа тартылуы мүмкін; сотқа берілген
айыпталушы сотталушыға айналады; сотталушы айыптау үкімі шығарылған
жағдайда сотталған адамға айналады. Құбылмалылық мәні:сезіктінің іс-қимыл
ережесі айыпталушының іс-қимыл ережесін айқындау үшін негіз болып
табылады,ал соңғысы сотталушы статусының негізіне алынады.Сонымен,
процестегі нақты бір адам өз статусын бастапқы негізді сот ісін жүргізудің
белгілі бір кезеңіне тән жаңа элементтермен толықтыру жолымен өзгерте
алады.Бір кезеңнен екінші кезеңге көшу кезінде қайталанатын адамның негізгі
іс-қимыл ережелері сол қатысушы үшін міндетті.
Төртінші белгі.Жекеленген нормаларға тән факультативтілік қасиеті.Заңда
іс жүргізу қарекетін таңдау құқығы көзделген болса сот ісін жүргізуге
қатысушылардың іс-қимыл ережесінің міндеттілігі бұзылмайды.Мәселен, істің
нақты жағдайларының белгіленуі арқылы сипаттағы білімдердің қолданылуын
қажет етуі, мұның өзі маманның қатысуымен тергеу жүргізу кезінде немесе сот
сараптамасын белгілеу кезінде орын алуы мүмкін.Тергеушіге мұндай
жағдайларда таңдау құқығы беріледі.Бірақ таңдау емін-еркін сипатта бола
алмайды,ол іс үшін елеулі басқа мәліметтер мен факторларға
байланысты.Мысалы, пәтерге түсіп ұрлық жасау жағдайларын тергеуді ықтимал
куәлерді қаланың екінші шетіндегі жүргіншілер арасынан емес,көрші
пәтерлерде тұратын азаматтар арасынан іздестіру жолымен жүзеге асырған
жөн.Анықталған куәлерден жауап ҚІЖК-де берілген ережелерге қатаң түрде
сәйкес алынуға тиіс.Дәлелдеу базасының элементі болып табылатын іс жүргізу
барысында жауап алуды ешқандай әңгімелесулер мен сұрап білулер алмастыра
алмайды.Егер ұрлық жасалған пәтерді қарап шығу кезінде тергеуші саусақтар
ізін байқаса,ол дактилоскопиялық сараптама тағайындауға тиіс.Бұл жағдайда
тергеуші басқа ешқандай шешім қабылдай алмайды.Сонымен бірге сот ісін
жүргізуде нақты шешім қабылдау құқық қатынастарына қатысушының міндеті
емес, құқығы болып табылатын жағдайлар қалыптасады.Мәселен, айыпталушы іс
жүргізудің белгілі бір түрін қалайтынын мәлімдеп өтініш жасауға
құқылы.Тергеуші тиімділік мақсаттарын негізге ала отырып, өтінішті
қанағаттандыруға немесе қанағаттандырмауға құқылы.Бұл жағдайда шешім
қабылдау факультативтік сипатта болады.Алайда бұл жерде де таңдаудың емін-
еркіндігіне жол берілмейді:тергеушінің өтінішті қанағаттандырудан бас
тартуы дәлелді болуға тиіс.Тергеушінің шешімді факультативтілік жағдайында
қабылдауы тергеушінің іс жағдайын толық, жан-жақты және әділ зерттеу үшін
заңда көзделген шаралардың бәрін қолдануға қатысты міндетіне негізделген.
Бесінші белгі.Қылмыстық процеске қатысушылардың іс-қимыл ережелерін
міндетті түрде сақтауын мәжбүрлеу және иландыру күшімен қамтамасыз ету.
Бұл белгі заң нормаларында орнықтырылған іс-қимыл ережелерінің жалпыға
міндетті нұсқамалары бұзылған жағдайда заң салдарларының басталуын
білдіретін жалпы құқықтық ереже мәнінен туындайды.Қылмыстық сот ісін
жүргізуде мұндай жағдайлардағы заң салдарлары қылмыстық іс жүргізу ғана
емес, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық, әкімшілік мәжбүрлеу шаралары болып
табылады.Мәселен, қасақана жалған жауап бергені және жауап беруден бас
тартқаны үшін куә қылмыстық жазаға тартылады; сотта іс тыңдау кезінде залда
тәртіп бұзған адамға айып салынуы мүмкін;тергеушінің шақыруы бойынша
субьективті себептерге байланысты келмеген куә тергеушінің иландыру
әдістерін қолдануы нәтижесінде болып жатқан оқиғаға өз көзқарасын өзгертуі
мүмкін, неғұрлым күрделі жағдайларда адамның еріксіз келтірілуі ықтимал.
Алтыншы белгі.Қылмыстық іс жүргізу нормасының екі жақты құқық міндеттеу
сипаты.Бұл белгі мынадан көрініс табады:
а)қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың әрқайсысына
құқықтарда,міндеттер де тең берілген;оның құқығы неғұрлым елеулі болса,
міндеттері соғұрлым салмақты болады;
ә)қатынасқа қатысушы бірінің құқығы басқа қатысушының міндеттеріне сәйкес
келеді.
Кез келген қылмыстық іс жүргізу нормасының екі жақты құқық міндеттеу
сипаты аталған екі жағдайдың үйлесуінде.Алайда бұл қағида норма құрылымының
белгісі немесе құқық идеясының сырт көрінісі деп ұғынылмауы тиіс.Құрылым
алуан түрлі болуы мүмкін, оның өзі ішкі мәнге, нақты алғанда, бір жағынан,
міндеттер алушыға, екінші жағынан-құқықтар иесіне бағытталған норманың
құқық міндеттеу сипатына ықпал етпейді.Мысалы, куәнің өз адвокаты қатысып
отырған кезде жауап беру құқығы тергеушіге куәні оның құқықтарымен
таныстыру және куәден жауапты оның адвокаты қатысып отырған кезде алу үшін
жағдайлар қамтамасыз ету міндетін жүктейді.Мұнымен бірге куәнің іс жүргізу
кезінде тергеушінің шақыртуы бойынша келу міндетін орындамауы тергеушіге
куәні еріксіз келтіру түрінде мәжбүрлеу шарасын қолдану құқығын
береді.Тергеушінің бұл құқығы сонымен бірге тергеушінің заңды талаптарын
куәнің орындамауының құқықтық салдарлары туралы оны ескерту.
2.2.Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы.
Әдетте норма құрылымы үш элементтің: болжамның ,диспозицияның, санкцияның
өзара байланысты екенін көрсетеді.Бұл элементтер байланысы мына формуламен
сипатталады: егер, онда, басқаша.
Қылмыстық іс жүргізу нормативтік нұсқауларына тән ерекшелік-нақ үш
мүшелікқұрылым олардың мәнін неғұрлым терең бейнелейді.Сонымен бірге
қылмыстық іс жүргізу нормасын үш мүшелік формула бойынша құрамдас
элементтерге бөлу релятивті сипат алып отыр. Осы ерекшелікке назар аудара
отырып,О.Э.Лейст былай деп атап көрсетті: Бір ереже түрлі нормалар
құрамында бірнеше болжам, біресе диспозиция, біресе санкция маңызына ие
болады. Мәселен, тергеушінің заңсыз қаулысының күшін жою жөніндегі
прокурор міндетінің атап көрсетілуі мыналарды білдіреді:
а)тергеушінің шешімдер қабылдауының тәртібі мен негіздемелерін
айқындайтын нормалар құрамындағы санкцияны.
Мысалы,ҚІЖК-тің 14-бабының 4-бөлігінде қылмыстық ізге түсу функциясын
жүзеге асырушы прокурор заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, немесе
медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған, не заңда немесе үкімде
көзделгендегіден артық мерзімде күзетпен ұсталған адамды дереу босатуға
міндетті екені көрсетілген.Санкция бұзылған құқықты дереу қалпына келтіруді
талап ететін императивте көзделген, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz