Сағатпен есептелетін мерзімдер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Тұтынушылар Одағы
Арқалық экономика және құқық колледжі.

Құқықтық Циклдік Әдістемелік Комиссия ____________________
Пән: Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы

Курстық жоба

Тақырыбы: Қылмыстық іс жүргізу мерзімдері.

Мамандығы: 0205002 Құқықтану

Топ: Құқықтану – 9

Курс: ІІІ

Сынақ кітапшасының номері: ___________________

Орындаған: Қабылдин Е.Б. __________

(қолы)
Тексерген: Сманов Б.Р.
_________

(қолы)

Қорғау күні: _____ _______________ 200_ж.

Бағасы: ___________

Арқалық қаласы
2007 жыл

Жоспар.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Іс жүргізу мерзімдерінің ұғымы, маңызы және түрлері.
2.2. Сағатпен есептелетін мерзімдер
2.3. Тәулікпен және күнмен есептелетін мерзімдер
2.4. Айлармен және жылдармен есептелетін мерзімдер
2.5. Із жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру
2.6. Қылмыстық процесте мерзімдерді өткізіп алудың іс
жүргізушілік-
құқықтық салдары.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.
2.1. Іс жүргізу мерзімдерінің ұғымы, маңызы және түрлері.
Іс жүргізу мерзімдері деп В.Т.Томин мен Р.Х. Якупов сот ісін
жүргізудің жеткілікті түрде тез жүргізілуін қамтамасыз ету әдістерінің
бірі, сондай-ақ мағынасында алғанда белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін
жүзге асыру үшін белгіленген уақыт деп түсінеді. Кейінірек бұл түсінікті
Р.Х. Якупов анықтама енгізген: Қылмыстық іс жүргізу мерзімдері қылмыстық
іс жүргізу қызметінің белгілі бір қарқында жүргізілуін зерттейтін
қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін
ұйымдастыру құралы болып табылады. Ұйымдастыру құралы ретінде мерзім
процеске барлық қатысушылардың іс-қылығын тәртіпке салатынын әсер етеді,
сөзбұйдаға қарсы күресудің құралы болып табылады. Іс жүргізу мерзімдерін
қатаң түрде және дәл сақтау теория мен заң шығару практикасында қылмыстық
істер бойынша істердің тез жүргізілуін қамтамасыз ету құралдарының бірі деп
саналып келді.
Жоғарыда баяндалған ережелер қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген
мерзімдерді қандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін орындау уақытын
шектейтін іс жүргізушілік кепілдіктерінің бір түрі деп белгілеуге негіз
береді. Бұл айқындама М. М. Выдряның пікірімен үйлеседі, сот іс
жүргізушілік кепілдіктерінің жалпы саяси маңызын бағалай келіп, былай деп
жазды: Жалпы мемлекеттік тұрғыдан алғанда іс жүргізушілік кепілдіктерін
сот төрелігінің қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар жүйесі
деп санауға болады.
Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу заңына жасалған талдау іс жүргізу
мерзімдері туралы жалпы норма жоқ екен ін дәлелдейді. Сонымен бірге ҚІЖК-те
мерзімдерді есептеу туралы (54-бап), өткізіп алынған мерзімді қалпына
келтіру туралы (45,56-баптар), іс жүргізу мерзімдерін сақтау туралы(55-
бап), іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алудың құқықтық зардаптары туралы (56-
бап), қамауға алудың мерзімдері мен оларды ұзартудың тәртібі
1.
туралы (153-бап), алдын ала тергеу мерзімі туралы (196-бап), үкімге
шағымдану мерзімдері туралы (399-бап) және т.б. дербес нормалар бар. ҚІЖК-
тегі жүзге жуық нормада қылмыстық процесте уақытты регламенттеудің
жекелеген элементтері бар. Жалпы мен жалқының осындай арақатынасы
жағдайында мерзімдер мәні, орны және маңызды мәселелерінің және оларды
бұзудың құқықтық зардаптарының қате түсіңдірілуі мүмкін. Соңғысы
зандылықты сақтау тұрғысынан ерекше маңызды. Мәселен сотталушы кассациялық
шағымды берілген он тәуліктік мерзімді бұза отырып жасаған жағдайда оның
зандық күші болмайды және бірінші сатыдағы сот шығарған үкімнің күшін жою
және оны өзгерту үшін тіпті нақты негіздер бар болған жағдайдың өзінде, іс
жүргізушілік-құқықтық нәтижелер бермейді. Нақ сондықтан іс жүргізушілік
мерзімдерді кепілдіктер түріне жатқызу оларға қылмыстық сот ісін жүргізу
принциптерінің жүйесін қамтамасыз ету тұрғысынан мүлдем ерекше мән береді.
Келтірілген қолданбалы жай-жапсарлармен қатар іс жургізу
мерзімдерінін жалпы мақсатын белгілеудің маңызы зор. Іс жүргізу мерзімдері
— заңды уақытта қолдану нысандарының іс жүргізу міндеттерін реттелетін
құкық қатынастарыиың кеңістікке ғана емес, сондай-ақ уақытқа қатысты
мерзімімен өзара байланыста шешуге бағытталған бір түрі.
Егер жалпы алғанда біртұтас заң ретінде ҚІЖК қолданылуы ол қабылданған
және күшіне енген уақыттан заң тәртібімен күші жойылғанға дейін
белгіленетін болса, оның жекелеген ережелері нақты нормалардың қолданылуын
өз күшін жоймаған жалпы Кодекс шегінде белгілеген. ҚІЖК қолданылатын уақыт
— уақыт категориясының жалпы бағыты, оның жекелеген ережелері қолданылатын
уақыт — сол категорияның жеке, қолданбалы көрінісі.
Сонымен Заңда іс жүргізу мерзімдерін белгілеудің салалық
мақсаты—қандай да болсын іс-әрекеттің дер кезінде орындалуын қамтамасыз
ету. Мысалы, ҚІЖК-тің 183-бабында прокурордың, тергеушінің, анықтау
2.
органының жасалған немесе әзірленіп жатқан кез келген қылмыс туралы арызды
немесе хабарды қабылдауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті
екені көзделген Заң осы бөлігінде қылмыс туралы әрбір хабарды және арызды
тйісті органның (өкілетті адамның) қарауын қамтамасыз ету мақсатын
көздейді. Одан соң 184-бапта арыздар мен хабар-лар қаралуға жөне шешімер
қабылдануға тиісті шекті мерзім белгіленген. Бұл жердегі мақсат —
қылмыстылар туралы арызда мен хабарлардың дер кезінде қаралуын қамтамасыз
ету.
Іс жүргізу мерзімдерінің негізгі маңызы мынада: — олар: а) процеске
қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын; ә) сот ісінің
тез жүргізілуін; б) пәрменді прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру
шарттарын қамтамасыз ететін жүргізушілік кепілдіктер береді;
- қылмыстық процесте жүйелеу функциясын орындауға бағытталған құқықтық
құрал болып табылады;
- сот ісінің жүргізілуіне белгілі бір қарқын беретін ұйымдық құралы
болып табылады.
Іс жүргізу мерзімдерінің белгілері сот ісін жүргізудегі белгілі бір
уақыттың бәрінің бірдей іс жүргізушілік маңызы бола бермейтініне байланысты
маңызды. Іс жүргізу мерзімдерін өзге мерзімдерден оқшаулайтын негізгі
белгілерге мыналар жатады:
— іс жүргізу мерзімдерін белгілі бір құқықтық жағдайларда (мәселен,
кассациялық шағым беруге немесе кассациялық наразылық білдіруге бөлінген он
тәуліктік мерзімнің өтіп кетуі соттың үкімді жүзеге асыруына себеп болады;
сезіктіге бұлтартпау шаралары қолданылған сәттен бастап он тәулік өткенге
дейін айыпталушыға айып тағылмауы тергеушінің бұлтартпау шараларының күшін
дереу жоюына әкеліп соғады) дербес заң фактісі немесе қүрделі заң құрамы
элементтерінің бірі ретінде тану мүмкіндігі. Іс жүргізу мерзімін заңдық
факт ретінде тануға себеп болатын құқықтық
жағдай — іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың заңмен белгіленген
3.

құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы немесе доғарылуы түріндегі құқықтық
салдарлардың басталуы;
— заңмен белгіленген мерзімдерді сақтау міндеттілігі (ол мерзімдерді
сақтамау сот ісін жүргізудегі зандылық принципін бұзу деп бағаланады),
қажет болған жағдайда мәжбүрлеу қолданылуы мүмкін;
— мерзімдерді есептеу мен қалпына келтірудің ерекше тәртібі ;
— тергеліп жатқан қылмыстық істің категориясына байланысты мерзімдерді
заңмен саралау.
Іс жүргізу мерзімдері негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Түрлі
авторлар түрлі сараптама береді, бірақ бірқатар сараптама негіздері бір-
бірімен үйлеседі. Осы жағдайға сүйене отырып, іс жүргізу мерзіңдерінің мына
түрлерге бәлінуін мүмкін деп санаймыз:
1. Қылмыстық іс жүргізу қызметін регламенттеу әдісіне байланысты негіздер
бойынша мерзімдер мына түрлерге бөлінеді: а) мерзім-кез; ә) мерзім-кезең.
Мерзім-кез әрдайым іс жүргізу мерзімдері белгіленбеген әлдебір іс жүргізу
ерекетімен үнемі байланысты. Мерзімдердің бұл түрін іс жүргізілетін
уақытты көрсететін ерекше терминолдогия бойынша белгілеуге болады. Сондай
терминдердің анықтамалары мыналар кез (мысалы, ҚІЖК-тің 70-бабына сәйкес,
қорғаушы айп тағылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі; немесе ҚІЖК-
тің 69-бабы бойынша өзінен алғашқы жауап алудың алдыңдағы кезден бастап
қорғаушымен жолыға алады); кез келген сәт (мысалы, ҚІЖК-тің 348-бабының
3-бөлігі бойынша сот сотталушыға нақтылау сұрақтарын жауап алудың кез
келген сәтінде қоюы мүмкін); дереу (мысалы, ҚІЖК-тің 142-бабының 1-
бәлігі бойынша айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданған кезден
бастап он тәуліктен кешіктірілмей айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу
тоқтатылады деп белгіленген; ҚІЖК-тін 150-бабының 6-бөлігі бойынша
прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар
қаулы
4.
тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) жолданады және жедел
атқаруға жатады; кідіріссіз термині өзінің мәні жағынан дереу
терминіне жақын (мысалы, ҚІЖК-тің 150-бабының 3-бөлігі бойынша бұлтартпау
шарасы ретінде қамауға алуды тандау туралы қаулы мате-риалдары
прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттың ішінде прокурордың
кідіріссіз қарауына жатады; тез арада терминінін мәні соған ұқсас
(мысалы, ҚІЖК-тің 216-бабынын 2-бөлігі бойынша қорғаушынын қатысуын тез
арада қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын
сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма
терт сағаттан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті; аяқталғаннан кейін
бірден (мысалы, ҚІЖК-тің 203-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу іс-
әрекетінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол
аяқталғаннан кейін бірден жаралады); әлдебір іс-әрекет басталардың
алдында (мысалы, ҚІЖК-тің 203-бабының 4-белігі бойынша тергеу іс-
әрекетінің хаттамасында ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл
туралы тергеу іс-әрекетін жургізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені
көрсетілуге тиіс); әлдебір іс-әрекеттен кейін (мысалы, ҚІЖК-тің 258-
бабынын 2-белігі бойынша сараптамалық зерттеудің үлгілері сол адамнан,
бірақ аталған іздер қалдырылуы мүмкін жағдайлар туралы одан куә
(жәбірленуші) ретінде жауап алғаннан кейін ғана алынуы мүмкін); әлдебір іс-
әрекетінен бір мезгілде (мысалы, ҚІЖК-тің 206-бабының 2-бөлігі бойынша
тергеуші айыпталушыға айып тағылған күн туралы хабарлайды және сонымен бір
мезгілде нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкін);
тәмамдалғаннан кейін терминінің мәні аяқталғаннан кейін терминіне жақын
(мысалы, ҚІЖК-тің 362-бабының 1-бөлігі бойынша төрағалық етуші
дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін іске қатысушыларға бұдан былайғы
іс-қимыл барысын түсіндіреді); әлдебір іс-әрекетке дейін (мысалы, ҚІЖК-
тің 214-бабының 1-бөлігі бойынша тергеуші бір іс бойынша шақырылған
куәлар,
5.
жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар
қолданады); уақыт шеңберлері нақты жағдайда негізге ала отырып
белгіленетін қандай да болсын жағдайдың өзара байланысты көрсетілетін
уақытында (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 3-бөлігі бойынша тергеуші
уақытында келе алмайтын жағдайда тексеруді анықтаушы немесе арыз немесе
хабар келіп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері
жүргізеді); кешіктірмей (мысалы, ҚІЖК-тің 235-бабының 5-бөлігі бойынша
почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың күшін бұл шараға қажеттілік
жойылған кезде тергеуші немесе прокурор бірақ кез келген жағдайда тергеу
аяқталғаннан кейін кешіктірмей жояды); анықталғаннан кейін (мысалы, ҚІЖК-
тің 354-бабының 5-бөлігі бойынша төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні
бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сарапшыға жазбаша түрде сұрақ
беруді ұсынады).
Мерзім-кезеңдерді мынадай терминдермен білдіруге болады: әлдебір іс
әрекет жасалған күні (мысалы, ҚІЖК-тің 209-ба-бының 2-бөлігі бойынша
айдап әкелінген айыпталушыға айып айдап әкелінген куні тағылады);
күндізгі уақытта, бір күн ішінде (мысалы, ҚІЖК-тің 212-бабының 2-бөлігі
бойынша жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында
күндізгі уақытта жүргізіледі; ҚІЖК-тің 212-бабының 3-бөлігі бойынша жауап
алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс;
белгілі бір уақыттан аспайтын мерзімде (мысалы, ҚІЖК-тің 134-бабының 1-
бөлігі бойынша ұсталған адамды анықтау органына немесе алдын ала тергеу
органына әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші неме-се
анықтаушы хатгама жасайдьг"); "белгілі бір уақыт ішінде (мысалы, ҚІЖК-тің
136-бабының 2-белігі бойынша ұсталу кезінен бастап жетпіс екі сағаттың
ішінде сезіктіге қатысты осы Кодекс-
те белгіленген тәртіппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға
тиіс немесе ол босатуға жатады); белгілі бір тәулік ішінде (мысалы, ҚІЖК-
тің 222-бабының 13-бөлігі бойынша тұрғын үйді тексеру тергеушінің
6.
қаулысы бойынша жүргізілуі мүмкін, бірақ кейін онын занды екенін тексеру
үшін жүргізілген тексеру туралы бір тәулік мерзімде прокурорға ха-
барланады); белгілі бір тәуліктерден кешіктірілмей (мысалы, ҚІЖК-тің 142-
бабының 1-бөлігі бойынша айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған
кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей тағылуға тиіс); белгілі бір
сағаттарда (мысалы, ҚІЖК-тің 212-бабының 3-бөлігі бойынша жауап алуды
демалуға арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол
беріледі); белгілі бір мерзімнен аспау (мысалы, КІЖК-тің 153-бабының 5-
бөлігі бойынша қамауға алу мерзімі кылмыстық заңда көзделген бас
бостандығынан айырудын ең жоғары мерзімінен аспауға тиіс); белгілі бір
айлар мерзімінен кешіктірілмей (мысалы, ҚІЖК-тің 196-бабының 1-бөлігі
бойынша қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу кылмыстық іс қозғалған
күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс) және т.т.
Мерзім-кезеңдер өз тарапынан: а) белгісіз мерзімдерге; ә) ұзақтығы
белгілі мерзімдерге бөлінеді: Белгісіз мерзімдер, әдетте, сот ісін
жүргізудің қандай да болсын іс-әрекет жасалуы қажетті әлдебір кезеңін
керсетеді. Мерзімдердің ең ерте және ең кеш шектері өзара байланысты іс-
қимылдар аралығындағы кезеңнің қаншалықты уақытқа созылатынымен
айқындалады. Мәселен, ҚІЖК-тің 121-бабына сәйкес заттай дәлелдемелер үкім
немесе істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін істе қалады,
бұл жағдайда ең ерте мерзім заттай дәлелдемелер іс материалдарына қосылған
мерзіммен тұспа-тұс келетіні, ал ең жоғары мерзім үкім заңды күшіне енген
уақытпен немесе істі тоқтату уақытымен айқындатыны мегзелген.
Ұзақтығы белгілі мерзімдерге (немесе белгілі мерзімдер) мерзім-
кезеңдер шегінде іс-қимылдар жасалуы қажетті кезеңнің қаншалықты уақытқа
созылатынының дәл атап көрсетілуі тән: сағат, тәулік, апта, ай, жыл.
2. Мерзім белгілеу әдісімен байланысты негіз бойынша іс жүргізу мерзімдері
мынадай түрлерге бөлінеді:
7.
а) заңмен белгіленген;
ә) сот ісін жүргізуші өкілетгі адам белгілеген.
Заңмен белгіленген мерзімдер заң нұсқалардың орындаушы нақы өкілетті
адамның құқықтық жағдайына қарамастан барлық қылмыстық істер бойынша
міндетті. Мәселен, ҚІЖК –тің 184-бабына сәйкес қфлмыс туралы арызы мен арыз
қабылдаған прокурор, тергеуші, анықтау органы ол тұскен күннен бастап
жиырма төрт сағаттан кешіктірмей шешім кабылдауға міндетті. Қажет болған
жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап
ету, сондай-ақ өзге де іс-әрекеттер жүргізу үшін бұл мерзімнің он тәулікке
дейін, ал ерекше жағдайларда — бір айға дейін ұзартылуы мүмкін, ол туралы
жиырма төрт сағаттаң ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.
Өкілетті адам белгілеген мерзімдер уақыт жағынан, заңмен белгіленген
мерзімдер секілді, шектеусіз емес. Бұл жағдайда іс-әрекеттерді орындау
мерзімі туралы шешімді қабылдауға өкілетті адам құқылы. Мысалы, ҚІЖК-тің
153-бабында аудандық (қалалық), облыстық прокурорлар мен оларға
тенестірілген прокурорлардың қамауға алуды ұзартудың түрлі құқықтары
көзделген: үш айға дейін, алты айға дейін. Мұның өзі тиісті прокурор ең
жоғары мерзімнен аса алмайтынын, бірақ ең жоғары мерзім шегінде одан
аспайтын кез келген мерзім белгілей алатынын білдіреді.
3. Іс жүргізушілік кепілдіктер жасалуына байланысты негіз бойынша
мерзімдер мынадай түрлерге бөлінеді: а) сот ісінін тез жүргізілуінің
кепілдері; ә) процеске қатысушылар құқықтары мен заңды мүдделері
сақталуының кепілдіктері; б) пәрменді прокурорлық қадағалаудың жүзеге
асырылатынының кепілі.
Сот ісінің тез жүргізілуінің кепілдіктері ретіндегі мерзімдер жалпы іс
жүргізушілік маңызы бар бірқатар нормалардан нықтырылған. Оларға мына
мерзімдер жатады: қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу мерзімі (ҚІЖК-
тің 184-бабы), ондағы ен. төмен мерзім — жиырма терт сағат, ең
8.
жоғары мерзім — бір ай; анықтау және алдын ала тергеу мерзімі (ҚІЖК-тің
196, 285-бабы); істі апелляциялық немесе кассациялық сатыларда қарау
мерзімі (ҚІЖК-тің 399-бабы) және т.т.
Процеске қатысушылардың құқықтарымен заңды мүдделері сақталуының
кепілдіктері ретіндегі мерзімдер, әдетте, адамның сот ісін жүргізудегі
құқықтық жағдайының мәселелеріне белгілі бір жағдайда қатысты іс жүргізу
әрекеттерін орындауға бағдарланған.
ҚІЖК-тің 54-бабынан мерзіңді есептеу және мерзімнің өтуі мәнінің
бірдей емес екенін көреміз. Мерзімнің өтуі іс жургізу әрекеті жузеге
асырылғаннан кейін белгілі бір уақыт өткенін немесе өтіп жатқанын
білдіреді, оны есептеуге болады. Ал мерзімді есептеуден қойылып отырған
уақытқа оны сағаттармен, тәуліктермен, айлармен және жылдармен есептеудің
заңда белгіленген ережелерін қолдануға болатынын білдіреді.
Іс жургізу мерзімдерін есептеудің өзіндік ерекшелігі күндер мен тәуліктер
арасындағы айырмашылықта. Мұның алдында, мерзім-кезеңдердің маңызына
сипаттама берген кезде, біз заң шығарушының күн, бір күн ішінде,
келесі күні сияқты ұғымдарды даланғанын атап көрсеткен болатынбыз (ҚІЖК-
тің 209,212-баптары) және т.т. Сонымен бірге ҚІЖК-тің 54-бабының 1-
бөлігінде мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен, жылдармен
есептелетіні аймен атап көрсетілген. Бұл бапта мерзімнің күнмен
есептелетіні айтылмаған, Күн ұғымының мазмұнын, сірә, тәуліктің
жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма екіден алтыға дейінгі бөлігін
құрайтын түнгі уақыт ұғымымен қамтылмаған тәуліктің бір бөлігі деп тусіну
қажет шығар. Жалпы ереже бойьшша мерзімді тәулікпен есептеу кезінде ол
соңғы тәуліктегі жиырма төрт сағатта бітеді.
Мерзімдер есептеу механизмін түсінудің практикалық маңызы бар,
өйтпеген жағдайда заң талаптарының өрескел бұзылуы мүмкін. Осыған
байланысты мерзімнің өтуі басталатып сағатпен тәулік есепке алынбайтынын,
бұған ұстау кезіндегі мерзімдерді есептеудің қатысы жоқ
9.
екенін ескеру қажет. Бұл нұсқама мерзімнің өтуі іс жүзінде оны есептеуден
бұрын басталатынын білдіреді. Атап айтқанда, Р.Х.Якупов былиай деп атап
керсетеді: мерзімдерді есептеудің мұндай төргібін заң шығарушы кездей-соқ
белгілемеген. Сағаттармен есептелегін мерзім өте бастайтын уақыт толық емес
сағат, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық қабілеттілігі
Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні
Азаматтық құқықтың терминдері
Мерзім, талаптың ескіруі
Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер
Төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы
Апелляциялық сатының мәні
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ МЕРЗІМ
ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰЖАТТАРЫ, МЕРЗІМДЕРІ МЕН СОТ ШЫҒЫНДАРЫ
Трасологиялық заттай дәлелдемелер
Пәндер