ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы 4
1.2 Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің 4
салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар
1.3 Зиянды өтеу
8
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ 12
2.1 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
2.2 Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан
босату 15
2.3 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату 15

Қорытынды 16

Пайдаланған әдебиеттер мен нормалар. 16

25

27

КІРІСПЕ

Ақтау – сөзінің өзі көптеген мағынаны береді. Біз солардың ішінен
қылмыстық мағынадағы ақтауды ашып қарастырғалы отырмыз. Ақтау сөзі
біріншіден – қылмыс уақиғасы айқындалмаған сотталушының әрекетінде қылмысты
құрайтын нысандар болмаған немесе оның қылмыс істеуге қатысқандығы
дәлелденбеген кезде шығарылатын сот үкімі. Сондай- ақ Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 37-бабының арнаулы
тармақтарында көзделген негіздерге сүйене отырып,ізге түсу,органдары
айыпталушыны (сезіктіні) кінәсіз деп тани алады.Ақтау-үкімінің сипаттамалы-
дәлелді және қорытынды бөлігіне қатысты талаптар Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 381; 382 баптарында көзделген: екінші жағынан-кең мағынасында
алғанда азаматтың нұқсан келтірілген абырой-беделін, адал атын,
әділеттілікті қалпына келтіру.Мысалы:1993 жылы 14-сәуірде Қазақстан
Республикасының Жалпы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы заңы
шықты.Оның бірінші бөлімінің (Жалпы ережелер) 1-бабында адамды сот
тәртібіне немесе заңмен белгіленген басқа тәртіпте саяси қуғын-сүргіндерден
зардап шеккен деп тану, оның бұзылған құқыларын қалпына келтіру, ол шеккен
моральдық және материалдық залалдың орнын толтыру ақтау деп ұғылады
делінген. Сондай-ақ заңда ақтауға жататын адамдар санаты және ақтаудың
тәртібі мен нәтижелері көзделген.
Курстық жұмыстың мақсаты – қылмыстық іс жүргізудегң ақтау және оның
мәселелерін толыө зерделеу.
Осыған байланысты мынадай міндеттерді жүктедім:
- қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымына түсінік беру;
- қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің
салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар
- қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі және түрлерін анықтау
- сотталғандықтан арылу және оны жою жолдарын қарастыру.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы толып жатқан түрлі жақтарды, жай-
жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр-
түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі
көзқарас қылмыстыұ іс жүргізу құқығын ережелер нормалар заңында
көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу
мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті
реттейтін әлеуметтік- шартты жүйе деп түсіну.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы

Ақтау сөзінің мәні оның ұғым ретінде сот арқылы құқықты қалпына
келтіру, жақсы атақты, бұрынғы беделді қалпына келтіру сияқты элементтерді
қамтитыны туралы айтуға мүмкіндік береді.Яғни адамды ақтау ұғымы,заңда
белгіленген негіздер бар болған жағдайда,қылмыстық ізге түсудің
тоқтатылуын, жазаны өтеу үкімі күшінің жойылуын білдіреді. Сонымен бірге
қылмыстық іс(қылмыстық ізге түсу) тоқтатылуының бәрі бірдей қылмыстық іс
жүргізушілік мағынасындағы ақтауды білдірмейді. Ақтау-бір кездері басталған
қылмыстық ізге түсуді, сотта іс қарауды одан әрі жалғастырудан тек қана оң
сипаты бар негіздемелер бойынша мемлекеттің өкілетті органдар мен лауазымда
адамдар атынан бас тартуы. Қылмыстық істі тоқтату үшін негіздемелердің
ақтайтын және ақтамайтын деп бөлінуі аталған мән-жайларға байланысты.
Сондықтан, қылмыстық іс жүргізушілік ақтау ұғымын тек қылмыстық процесті
бас жалғастырудан бас тартудың оң негіздерімен ғана байланыстыру
қажет.Қылмыстық процесті жалғастырудан тек соттың немесе қылмыстық ізге
түсу органының ғана бас тартуына болады.
Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 39-бабына сәйкес ақтау негіздеріне
мыналар жатады:
-қылмыс оқиғасының болмауы;
-әрекетте қылмыс құрамының болмауы;
-Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105,111,112,120(1-б),
121(2-б), 123, 129, 130, 136,140, 142, 144(1,2-б), 145 (1-б), 188(1-б),
296(1-б), 300(1-б)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша,
сондай-ақ жеке-жария айыптау қылмыстары туралы істер бойынша, жәбірленуші
шағымының болмауы;
-сот айыптау бойынша сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе, егер
адамның қылмыстық ізіне түсудің мүмкін емес екені анықталса,ол жөнінде күші
жойылмаған сот қаулысының болуы;
-егер қылмыстық ізге түсу органының сол айыптау бойынша қылмыстық із
қозғау туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса, адамның қылмыстық ізіне
түсуден бас тарту.
Аталған негіздердің кез келгені бар болған жағдайда адам кінәсіз деп
саналады және оның Қазақстан Республикасының конституциясымен кепілдік
берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге
болмайды.Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болатын ақтау негіздерінің мәні
туралы М.С,Строговичтің айқтан пікірі ерекше мәнді.Ол былай деп жазды: "
Осы негіздердің әрбірі адамның айыпталушы ретінде таратылуына жол
берілмейді және айыпталушы ретінде тартылған адамның кінәсіз екенін
анықтайды, өйткені бұрын жорамалданғанына қарамастан қылмыс жасалмаған, не
жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды ".
Адамда ақтау үшін көзделген негіздер түгелдей толық қамтылған және
кеңейте түсіндіруге жатпайды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 37-бабының мәні бойынша қылмыстық ізге
түсуді болдырмайтын жағдайлар бар болса,қылмыстық ізге түсуді қозғауға
болмайды, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс. Бұл қағида ақтауға тек іс
бойынша басталған іс жүргізуге байланысты бөлікке ғана қатысты. Адамды
қылмыстық іс жүргізу тек қылмыс жасады деген айыптау бойынша оның қылмыстық
ізіне түсу басталған немесе сот ол жөніндегі қылмыстық істі өз қарауына
қабылдаған жағдайда ғана анықтауға болады. Сонымен,қылмыстық іс
жүргізушілік ақтауды тек бастапқы сәт қылмыстық іс қозғау,ал түпкі сәт-
соттың ақтау шешімін шығаруы болып табылатын шектерде ғана жүзеге асыруға
болады. Бұл жағдайда адамның өзі жөнінде қылмыстық іс қозғалғанын
білуінің,сондай-ақ ақтау негіздері бойынша істің тоқтатылуына оның қарсылық
білдіруінің ешқандай маңызы жоқ.Негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс
жүргізушілік ақтауды қолдану –соттың, қылмыстық ізге түсу органының
міндеті.Ақтау негіздері анықталған жағдайда қылмыстық іс сотқа дейінгі іс
жүргізудің кез –келген сатысында тоқтатылады.
Егер іс сотқа жіберілсе,ал адамды сотқа прокурор берсе, ол
айыпталушыны ақтау үшін негіздер бар екенін байқаған жағдайда істі соттан
басты сот тергеуші басталғанға дейін кері қайтарып алуға және істің
жүргізілуін тоқтатуға құқылы. Егер ақтау негіздері сот тергеуші барысында
байқалған болса, іске мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурор
айыптаудан бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті. Қаралып отырған
негіздері соттың байқауы айыпталушыны ақтау үшін көзделген шаралардың
қолданылуын қажет етеді. Ақтау қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз
іс-әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеуге бағытталған шешімдер
қабылдауды қамтиды. Сол органдардың қатарына сот, қылмыстық ізге түсу
органдары (прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы) жатады.
Айыпталушыны қылмыстық іс жүргізушілік ақтау үшін негіздердің байқалуы
қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттері заңсыз болғанын
білдіреді. Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы нақты ақтау
негізімен, қылмыстық процесс сатысымен және қылмыстық іс- жүргізу
субъектілерінің шеңберімен байланысты. Бұзылған құқықты қалпына келтіруге
бағытталған өзге де жалғас нысандардың таңдалуы заңдылықтың бұзылуына
қандай органның жол бергеніне байланысты. Заңдылықтың бұзылуына жол берген
органның анықталуы келтірілген зиянды өтеу көздерін анықтауға ықпал
етпейді, бірақ заңдылықтың бұзылуына себеп болған мән-жайларды жою үшін
оның маңызы бар. Қылмыстық іс жүргізушілік ақтау толық және ішінара болып
бөлінеді. Толық ақтау адамның бұзылған барлық құқықтарының қалпына
келтірілуін, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттері
салдарынан келтірілген зиянның барлық түрлерінің толық көлемінде өтелуін
білдіреді. Толық ақтау қылмыстық істің тоқтатылуы жүзеге асырылатын
айыптаудың көлемімен айқындалады. Егер әңгіме қылмыстық істі айыптаудың
бүкіл көлемі бойынша, Қылмыстық Кодексте көзделген, жүктелетін барлық
әрекеттер бойынша тоқтату жайында болса, ақтау толық деп танылады. Егер іс
Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 39- бабында көзделген негіздер бойынша
адамға тағылған айыптар бойынша тоқтатылатын болса, ақтау ішінара сипатта
болады. Ішінара ақтау келтірілген зиянның заңдылықтың бұзылуына жол
берілген мөлшерде өтелуін көздейді. Мәселен, адамға Қылмыстық кодекстің
баптарының жиынтығы бойынша айып тағу, сол баптардың бірі бойынша қылмыстық
процесті тоқтату ақтау туралы ереженің тек айыптаудың іс жүргізу
тоқтатылған көлемінде ғана қолданылуына әкеп соғады, бірақ Қылмыстық
Кодекстің ақтау үшін негіздер көзделмеген бөлігі мен баптары бойынша
қылмыстық істің тоқтатылуына әкеліп соқпайды. Басқаша айтсақ, адамға
Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған.. Сол баптардың бірі
бойынша мерзімі ескірген. Мерзімі ескірген қылмыс бойынша қылмыстық істі
тоқтату, сол қылмысқа байланысты заңсыз іс әрекеттер салдарынан келтірілген
зиянды өтеу ішінара ақтауды білдіреді, өйткені өзге қылмыстар бойынша
қылмыстық іс одан әрі жүргізіле береді.
Ақтау — қылмыс уақиғасы айқындалмаған, сотталушының әрекетінде
қылмысты құрайтын нышандар болмаған немесе оның қылмыс істеуге қатысқандығы
дәлелденбеген кезде шығарылатын сот үкімі. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық іс
жүргізу кодексінің 37-бабының арнаулы тармақтарында көзделген негіздерге
сүйене отырып, ізге түсу органдары айыпталушыны (сезіктіні) кінәсіз деп
тани алады. Ақтау үкімінің сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөлігіне
қатысты талаптар осы Кодекстің 381, 382-баптарында көзделген;
кең мағынасында алғанда азаматтың нұқсан келтірілген абырой-беделін,
адал атын, әділеттілікті қалпына келтіру., Мысалы, 1993 ж. 14 сәуірде
Қазақстан Республикасының “Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау
туралы” заңы шықты. Оның 1-бөлімінің (“Жалпы ережелер”) 1-бабында “адамды
сот тәртібінде немесе заңмен белгіленген басқа тәртіпте саяси қуғын-
сүргіндерден зардап шеккен деп тану, оның бұзылған құқыларын қалпына
келтіру, ол шеккен моральдық немесе материалдық залалдың орнын толтыру
ақтау деп ұғылады” делінген. Сондай-ақ заңда ақтауға жататын адамдар санаты
және ақтаудың тәртібі мен нәтижелері көзделген.

1.2 Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің
салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар

Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс әрекетінің салдарынан
келтірілген зиянның өтелуіне өз құқықтары мен бостандықтарына қысым
жасалған сезіктілер мен айыптаушылардың айтарлықтай басым бөлігінің құқығы
бар. Заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауға ұстаудың, қызметтен
уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесінде
келтірілген зияе өтелуге тиіс. Мүліктік зиян республикалық бюджеттен толық
көлемінде өтеледі. Мұндай зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші
органның қаншалықты кінәлі екенінің маңызы жоқ. Өтелуге тиісті материалдық
зиянның мөлшері заңдылықтың бұзылуына жол берген органдар арасында
бөлінбейді. Тиісті өтем төлемдерінің түгелдей республикалық бюджеттен
төленуі үшін мүліктік зиянды өтеуге заңды негіздердің анықталуы жеткілікті.
Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 40- бабына сәйкес қылмыстық процесті
жүргізуші органның заңсыз іс- әрекеттерімен келтірілген зиянның өтелуіне
құқығы бар адамдар бес топқа бөлінген.
1.Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 39- бабына сәйкес қылмыстық іс
жүргізушілік ақтауға жататын адамдар.
2.Өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмауға тиісті, ал қозғалған іс
Қылмыстық іс –жүргізу кодекстің 40- бабының 2- бөлігінің 2- тармағында
көзделген бірқатар негіздер бойынша қысқартылуға тиісті адамдар. Ол
негіздер мыналар:
Жәбірленушінің айыпталушымен татуласуы. Бұл жағдайда ауыртпалығы
шағын немесе орташа қылмысты алғаш жасаған айыпталушы жәбірленушіге
келтірілген зиян жуып-шайылған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы
мүмкін.
Жеке айыпталушының Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 33- бабының 1-
бөлігінде көзделген жеке айыптау қылмыстар туралы істер бойынша айыптаудан
бас тартуы.Аталған негіздерді жүзеге асыру үшін міндетті шарттар мыналар:
-жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмауына, яки қылмыс
дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа себептер бойынша өзіне
тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін
қозғайтынын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі
мүдделерін қозғайтынын көрсететін белгілер болмауына қарамастан қылмыстық
іс қозғау.
-қылмыстық істі Қылмыстық іс- жүргізу кодексінің 33- бабының 2-
бөлігінде, 34- бабының 2- бөлігінде көзделген белгілердің болмауына
қарамастан қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар анықталған сәттен
кейін тоқтатпастан одан әрі жүргізу.
3.Өздеріне қатысты қылмыстық іс рақымшылық ету актісінің шығуына,
жасалған қылмыс үшін жаза соған сәйкес қолданылмайтын болуына, сондай-ақ
мерзімнің ескіруіне байланысты тоқтатылуға тиісті адамдар. Келтірілген
зиянды өтеу үшін аталған негіздер міндетті шарт ретінде қолданылғанда
қылмыстық ізге түсу, қылмыстық істі қысқартудың тиісті негіздері
анықталғанына қарамастан, одан әрі жалғастырылады. Қылмыстық процесті
жүргізуші органның іс-әрекеттерінің заңсыздығы мынада:
-егер мерзімнің ескіруі анықталып,қылмыстық ізге түсу жалғастырылатын
болса, қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану принципі бұзылады;
-егер айыпталушы рақымшылық етуге жататын болып, оның қылмыстық ізіне
түсу тоқтатылмаса,қылмыстық іс жүргізу заңын адамдарға қолдану принципі
бұзылады;
-қылмыстық процеске заңсыз қатыстырылған адамдардың рақымшылық ету
актісіне немесе мерзімнің ескіруіне байланысты оларға қатысты қылмыстық
істің тоқтатылуына келісімі ескерілмейді. Аталған негіздер бойынша
қылмыстық істі тоқтату үшін сол негіздерді анықтау бастамашысы кім:
қылмыстық процесті жүзеге асырушы орган, айыпталушы,оның мүдделерін
білдіретін немесе қорғайтын адам, немесе қылмыстық процеске қатысушы басқа
адам екенінің маңызы жоқ. Келтірілген зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті
жүргізуші органның қылмыстық істі тоқтату үшін негіздерді қашан
анықтағанының маңызы жоқ. Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болған
жағдайлар іс жүзінде пайда болған сәт маңызды. Мысалы, мерзім іс жүзінде 1
қаңтарда бітті делік. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұл мән-жайды 15
қаңтарда анықтады. Айыпталушының адвакаты бастама жасамай, 3 қаңтарда
қозғалған істі тоқтату туралы тиісті өтінішті 10 қаңтарда ғана берді.
Келтірілген зиянды өтеу құқығы пайда болатын сәт деп 3 қаңтарды санау
қажет. Мерзімі ескірген сәт пен осы негіз боцынша қылмыстық істі тоқтату
үшін нақты негіздер пайда болатын сәт әрдайым бірдей үйлесе бермейді.
Мұндай арақатынас қылмыстық істі рақымшылық ету актісіне байланысты
тоқтатуға негіздер бар болған жағдайда да сақталады. Келтірілген зиянды
адамға өтеу үшін нақты негіз рақымшылық ету айыпталушылардың нақты
категориясына қатысты болатын сәттен бастап пайда болады.
4. Жасалған қылмыстың саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің жеңілдеу қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бабына сай
өзгертілгеннен кейін, сонымен бірге Қылмыстық іс- жүргізу кодекске сәйкес
ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берілмейтін жағдайда қамауға алуға, бас
бостандығынан айыруға кесілген, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдар
.Бұл шарттар сараланудыңҚылмыстық кодек бойынша өзгертілуі жаңа, неғұрлым
жеңілдеу жаза белгіленуін немесе үкімнен айыптың бір бөлігінің алып
тасталуын және соған байланысты жазаның кемітілуін көздейтін жағдайларға да
қатысты. Заңда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелік
ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың заңсыз шешімі сот жолымен
тоқтатылған жағдайларда да зиянның өтелуі көзделген. Қамауға алу немесе бас
бостандығынан айыру заңсыз өтелген мерзім адамға қылмыстық процесті
жүргізуші органның заңсыз іс- әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның
өтелуіне құқық беретін мән-жайлар анықталған сәтте ең соңында қолданылған
Қылмыстық кодекстің бабында көзделген қамауға алу немесе бас бостандығынан
айыру түріндегі жазаның ең жоғарғы мөлшері асырылатын сәттен бастап
есептеледі.
5.Заңды негізсіз тиісті мерзімінен артық қамауда ұсталған, сонымен
бірге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында іс жүргізуге мәжбүр етудің
кез- келген өзге де шараларына заңсыз ұшыраған адамдар. Қылмыстық іс
жүргізу кодекстің 153- бабына сәйкес қамауға алудың түрлі мерзімдері
көзделген:екі айдан (іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға
алудың жалпы мерзімі) он екі айға дейін (ерекше жағдайларда Қазақстан
Республикасы Бас прокурорының рұқсатымен). Қамауға алу мерзімі біткеннен
кейін,егер ол ұзартылмаса, айыпталушы береу босатылуға тиіс.Келтірілген
зиянды өтеттіру құқығы айыпталушыда қамауға алу немесе қамауда ұстау
мерзімін ұзарту туралы тиісті қаулыда көрсетілген қамауда ұстау мерзімі
біткен сәттен, оның күзетпен ұстаудан дереу босатылу құқығы жүзеге
асырылатын жағдайлар пайда болады.
Қылмыстық процесті жүзеге асырушы органның заңсыз іс-әрекеттері
салдарынан келтірілген зиянды өтеттіру құқығы қайтыс болған жағдайда да
сақталады. Бұл құқықты жүзеге асыру оның мұрагерлеріне ауысады.Төленуі
тоқтатып қойылған зейнетақы мен жәрдемақы оларды алу құқығы асыраушысынан
айырылуы себепті жәрдемақымен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже
өздеріне қатысты отбасы мүшелеріне көшкен жағдайда қайтадан төлене
бастайды.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс- әрекеттері
салдарынан келтірілген зиян өтелуге тиіс. Мәселен, зиянның өтелуіне
талапкер адамның ұстауға, қамауға алуға, үйде қамауда ұстауға, қызметтен
уақытша шеттетуге, арнаулы медициналық мекемеге орналастыруға, медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеліп соққан жағдайларды қасақана
туғызғаны қылмыстық сот ісін жүргізу барысында дәлелденетін болса, ол
аталған іс -әрекеттердің оған заңсыз қолданылғаны сөзсіз анықталатын болса
да, өзіне келтірілген зиянды өтеттіру құқығынан айырылады.
Сонымен бірге ерікті түрде өзіне -өзі жала жабу, зиян келтірілген
адам жөнінде қоқан-лоқы, зорлық- зомбылық және нақты немесе басқадай ықпал
етудің басқа да заңсыз шаралары қолданылуына байланысты белгілердің болуына
жол берілмейтінін ескеру қажет. Аталған белгілер бар болған жағдайда
адамның келтірілген зиянды өтеттіру құқығы сақталады.

1.3 Зиянды өтеу

Заң шығарушы ақтау процесінде өтелуге жататын зиянның мына түрлерін
белгілеген: мүліктік зиян, моральдық зиян , еңбек, зейнетақы, тұрғын үй
құқықтары мен өзге де құқықтарды қалпына келтіру. Зиянды өтеу
құрметті,әскери, арнаулы өзге де атақтың, сыныптық шеннің, дипломатиялық
дәреженің,біліктілік сыныбының қалпына келтірілуін , мемлекеттік
наградалардың қайтарылуын көздейді.
Мүліктік зиян төленуі заңсыз тоқтатылған жалақыдан, зейнетақыдан,
жәрдемақыдан, қаламақыдан, сыйлықтардан сондай-ақ қылмыстық процесті
жүргізуші органның заңсыз іс -әрекеттерінің нәтижесіндеадам айырылған өзге
де қаражаттар мен кірістерден құралатын ақша сомасының қайтарылуын
көздейді. Соттың үкімінің немесе өзге де шешімінің негізінде заңсыз
тәркіленген немесе мемлекеттің кірісіне айналдырылған мүлік заттай(бұрын
тәркіленген мүліктің өзі, түрі мен сапасы соған ұқсас мүлік түрінде),яки
мүліктің адвакаттық құнының ақшалай өтемі түрінде өтелуге тиіс.Мүліктік
зиянға соттың заңсыз шешімін орындаудың нәтижесінде өндіріліп алынған
айыппұлдар, сондай-ақ сот шығындары және адам қылмыстық процесті жүргізуші
органның заңсыз іс- әрекеттеріне байланысты төлеген өзге де сомалар жатады.
Көрсетілген заңгерлік көмек үшін адам төлеген сомалар, сондай-ақ қылмыстық
ізге түсудің салдарынан келтірілген өзге де шығыстар зиянның осы түріне
жатады.
Моральдық зиян құқықтары мен бостандықтарына заңсыз қысым жасалған
адамның жақсы атағын, қадір- қасиетін, беделін қалпына келтіру жолымен
өтеледі. Моральдық зиянды екі түрде өтеуге болады:
1) келтірілген зиян үшін адамнан ресми түрде кешірім сұрау;
2) келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы туралы талапты
қанағаттандыру. Ресми түрде кешірім сұрау адамды даттайтын
ақпарат(қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстау, айып тағылуына
байланысты қамауға алу, жасамаған қылмысы үшін адамды соттау және
т.т.)яки оның атақ-беделіне нұқсан келтірілген ақпарат (қызметтен
уақытша шеттету, адамды медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру),
қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдардың ақтау барысында заңсыз деп
танылған іс-әрекеттері жөніндегі өзге де мәліметтер баспасөзде
жарияланған,радио, теледидар арқылы берілген, өзге де бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы өзінен ресми түрде кешірім сұралуын талап етуге хақылы.
Ақталған адам қайтыс болған жағдайда кешірім сұралуын талап ету құқығы
сақталады, ол қайтыс болған адамның жақындарына көшеді. Талапты
қылмыстық процесті жүргізуші органның қоюына және тиісті бұқаралық
ақпарат құралына жолдауына болады. Қажетті хабар талап бұқаралық ақпарат
құралына келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жасалуға тиіс.
Моральдық зиянның ақшалай өтелуі талап түрінде ресімделіп, азаматтық сот
ісін жүргізу тәртібімен шешеіледі. Адамды ақтау барысында жүзеге
асырылған іс-жүргізушілік әрекеттер соттың, қылмыстық ізге түсу
органының тиісті шешімдері түрінде баянды етіледі. Қылмыстық процесті
жүргізуші орган өзінің заңсыз шешімдерінің күші жойылғаны туралы жазбаша
хабарды аталған органдардың заңсыз іс- әректтері келтірген зиянды
өтеттіруге құқығы бар адам жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлерге екі
апта мерзім ішінде жіберуге міндетті. Ондай жазбаша хабардың жіберілуі
факультативтік сипатта болады,өйткені мүдделі адамның осы бөлікте
талаптар қоюына байланысты. Егер адам ондай талаптар қоймаса, жазбаша
хабар жіберу міндетті емес. Келтірілген зиянды өтеу туралы талапты:
- мүліктік сипатта – ондай зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар
мүліктік зияны үшін өтем түрінде төлемдер жасау туралы қаулыны
алған сәттен бастап 3-жыл ішінде;

- өзге де құқықтарды қалпына келтіру жөнінде – құқықтарды қалпына
келтіру тәртібін түсіндіретін хабарлама алынған күннен бастап 6-ай
ішінде қоюға болады.
Егер талаптар қоюдың заңда белгіленген мерзімдері дәлелді себептермен
өткізіп алынған болса, қолданылып жүрген ережелерге сәйкес ол мерзімдерді
қалпына келтіруге болады.
Қылмыстық процесті жүргізуші органы заңсыз іс - әрекеттері нәтижесінде
зиянды заңды тұлғаға келтірілуі мүмкін. Зиянды өтеу толық көлемінде жүзеге
асырылады. Зиянды өтеу мерзімдері жеке тұлғалар жөнінде белгіленгеніндей.

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

2.1 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Қылмыстық жауаптылықтан босату адамның әрекетінің қоғамға қауіптілігі
аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзелуі
мүмкін болған жағдайларда қолданылады.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай
түрлері көрсетілген:
– шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
– қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату;
– жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату;
– жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
– ескіру мерзімінің өтуіне қылмыстық жауаптылықтан босату;
– рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық
жауаптылық пен жазадан босату.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден, жазаны
өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен
ауыстырылуы мүмкін. Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер
бойынша жүзеге асырылады:
– ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату;
– жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
– жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру;
– жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден
кейінге қалдыру;
– төтенше мән жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді
кейінге қалдыру;
– айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден
босату;
– рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық
жауаптылық пен жазадан босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі
өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне
байланысты болады.
Шын жүректен өкіну дегеніміз кәнілінің істеген қылмысы үшін өзі ағынан
жарылып өкініш білдіруі, өзін-өзі айыптауы, істеген ісі үшін қандай да
болсын жазаны адал өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу, іштей қатты
күйзеліп, қайғылануы сияқты әрекеттерін айтамыз. Ал шын өкінуіне байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату заңға сай талаптарға сүйеніп соған
байланысты орындалады.
Өзінің келтірген кінәсін мойындап келу дегеніміз біткен немесе
дайындық арасындағы, қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінің
айыбын мойындап заңда көрсетілген органға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап
келудің себебі ретінде, өкінуді, іштей қатты күйзелуді, жазалылықтан
үрейленуді, қорқуды, өзін-өзі айыптауы, қайғылануы сияқты әрекеттерді
айтамыз.
Шын өкінудің тағы бір түрі кінәлінің қылмысты ашуға жәрдемдесуі, яғни
оның тиісті органдарға көмектесуі, мән-жайларды айқын баяндауы, қылмыс
жасаған адамдарды анықтап беруі қылмыс құралдарын табуға көмектесу болып
табылады.
ҚК-тің 65-бабының 1-бөлігі бойынша шын өкінуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату төмендегі жағдайлармен сипатталады:
– айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты
істеуі;
– айыбын мойындап келуі;
– қылмысты ашуға жәрдемдессе;
– келтірілген зиянның орнын қалпына келтіруі.
ҚК-тің 65-бабының 2-бөлігі бойынша жеке адамға қарсы ауыр немесе аса
ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды.

2.2 Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату

ҚК-тің 66-бабына сәйкес, қоғамға қауіпті қылмыстан болған үрейлену,
қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды
сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Бұл арада қажетті қорғану дегеніміз қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни
қорғанушының өзін немесе өзге бір адамның жеке басын, құқықтарын қорғауын
айтамыз. Аталған баптың негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана
қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау
салдары болып қана қоймай, ол нақты анық айқындалған жағдайда орын алуы
керек. Жоғарыда аталған белгілер қамтылмаса, ондай әрекет қажетті қорғаныс
шегінен шығу деп танылып тиісті бапқа сәйкес қылмыстық жауаптылық туады.

2.3 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату

ҚК-тің 67-бабы бойынша бірінші рет кішігірім немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс істеген адам егер ол жәбірленушімен татуласса және
жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан
босатылуы мүмкін деп көрсетілген.
Мұндай жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай негіздер
болғанда жүзеге асырылады:
– кінәлі адамның істеген іс-әрекеті ауыр емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек;
– белгілі тұлғаға моральдық не физикалық немесе мүліктік зардаптың
нақты түрде келтірілуі қажет;
– кінәлінің қылмысты бірінші рет жасауы, сотталғандық атақтың болмауы
және бұрын жасаған басқа да қылмыстардың не қылмыстық жауаптылықтың
болмауы керек;
– кінәлі адам жәбірленушімен өзара татуласып, белгілі бір мәмілеге
келуі қажет;
– жәбірленушіге келген зиянның орнын толтыруы қажет.
Жоғарыда аталған белгілердің біреуі болмаған жағдайда айыптыға бұл
заң нормасын қолдану арқылы қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз жоқ.

Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

ҚК-тің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыс белгілері бар әрекет
жасаған адамды, егер істі сот қараған кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Пәндер