Сипаттамалы диспозиция


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қылмыстық заң

Қылмыстық заң - Қазақстан Републикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқықлық акті болып табылады.

Қылмыстық заңнның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс - әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолдануы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.

Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс - әрекетінде қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар.

Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы - істелген іс - әрекетті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі арқылы өз көрнісін табады, осы арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал ету шарасы жүзеге асырлады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырады.

Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқытың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.

Сондай-ақ Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшысы қаулылары да құқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық қылмыстық - құқықлық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып саналмайды. Ол Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құқық нормасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты деп танылған адамға жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімнің ережелеріне сәйкес істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлықын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның от басының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза тағыйындауы керек. Мұның өзі соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана - сезімін басшылыққа алатынын көрстеді. Алайда, құқықтық сана-сезімін басшылыққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқытық норманың мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа да заңдар сияқты барлық лауазым адамдары, азаматтар, заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрнісі болып табылады.

Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес жүргізу қылмыстық құқық норма ережесіне сәйкес жүзеге асырлады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағайындалған қылмыстық жазалардың орындалуы қылмыстық атқару кодексімен реттеледі. Кейбір реттерде жекелеген жазалардың орындалуы басқадай, арнайы заңдылық актімен де белгіенуі мүмкін. Қазақстан Республикасының 1993 жылы 15 қазанда бекітілген «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы»заңына сәйкес «төтенше жағдай кезінде істелген қылмыс үшін сот ісін жүргізудің төтенше түрлерін енгізуге жол берілмейді» деп белгіленген. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес қылмыстық заңдар Республика Парламентінде қабылданады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару, оның ішінде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы да Қазақстан Республикасы Парламентінің депуттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. Ұсынылған заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау Мәжілістің ерекше қарауында болады. (56-бап, 1-тармақ) . Республика Конституциясының 54-бабының 1) -тармақшасына сәйкес заңдар Парламент палаталарының бөлек отырысында әуелі Мәжілісте, одан кейін Сенатта өз кезегімен қаралып қабылданады.

Президент Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады. (44-бап, 2) -тармақшы) . Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заң баптары бойынша ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданады деп есептелінеді. (53-бап, 3) тармақша) . Конституциясының 53-бабының 4) -тармақшасында көзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күші бар Жарлықтары шығарылады. Бұрын қолданылған Қазақ ССР Қылмыстық кодекс 1959 жылыт қабылданған еді. Жаңа Қылмыстық кодекс 1997 жылы 16 шілде де қабылданады. Қылмыстық кодекс дегеніміз барлық қылмыстық заңдардың белгілі бір жүйеге келтірілген жиынтығы болып табылады. Кодексте қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, қылмыстық - құқықтық қатынастарды реттейтін және қандай қоғамға қауіпті іс - әрекеттердің қылмыс болып табылатынын анықтайтын ұғымдар, қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін жазалар белгіленеді. Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтың қылмыс пен жазаның түсінігі, қылмыс пен жоятын мән-жайлар, т. б. мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлімнің баптары өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты жазаны қолдануда міндетті түрде есепке алынады.

Ерекше бөлімде жекеленген нақты қылмыс түрлері үшін жауаптылық және жаза белгіленген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі бірнеше тауарларға бөлінген. Әр тауарға бір объектінің маңыздылығына қарай тиісінше орын белгіленген. Қылмыстық заңның заң шығарушының еркін білдіретін белгілі бір техникалық ережелерге негізделген өзіндік құрылымы бар. Қылмыстық құқылық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді:

І. Декларативті - яғни, қылмыстық құқықтың жалпы міндеттерін айқындайтын нормалар (Қылмыстық кодекстің 2-бабы) .

ІІ. Анықтаушы - яғни, қылмыстық құқытың түсінігі мен жекеленген институттарына айқындама беретін нормалар (қылмыстық кодекстің 9-бабы - қылмыс ұғымы) .

ІІІ. Арнаулы - яғни, нақты қылмыс құрамына және оған тағайындайтын жазаға сипаттама беретін нормалар (Қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі, барлық нақты, жекелеген қылмыс құрамдары) . Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің бабы өзінің құрылысы жағынан Ерекше бөлімдегі баптың құрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек қана диспозициядан құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында диспозицияға қоса санкция да болады.

Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімнің баптары топтық және түрлік болып екіге бөлінеді. Топтық баптар біртектес қылмыстардың ортақ және соларға тән белгілерін анықтайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 366-бабында - әскери қылмыстардың түсінігі берілген. Топтық баптардың түсінігі әр түрлі тарауда орналасқан, әр түрлі қылмыс топтарын бір-бірінен жіктеуге мүміндік береді. Түрлік баптар бойынша заңда көрсетілген жекелеген қылмыстың белгілері және осы қылмысты істегенде қандай жаза тағайындалу керек екендігі көрсетіледі. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптары диспозициядан және санкциядан құралады. Кодекстің Ерекше бөлімі бабындағы қылмыстың атауын және оның белгілеріне сипаттама беретін жағын диспозиция деп атаймыз. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 120-бабындағы әйелді зорлаудың диспозициясы былай, «зорлау жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатанас жасау» деп көрсетілген. Диспозицияның төрт түрі бар:

І. Жай диспозиция. Жай диспозиция қылмысты іс-әрекеттің атын ғана айтып қояды, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай диспозиция қылмысты іс - әрекеттің мазмұны оның белгілерін ашып көрсетілмегеннің өзінде жеткілікті түрде түсінікті болған жағдайда қолданылады. Мысалы, 96-баптағы «Адам өлтіру», 175-баптағы «Ұрлық».

ІІ. Сипаттамалы диспозиция. Қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде нақтылап көрсететін дииспозицияны сипаттамалы диспозиция деп атаймыз. Жай диспозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның артықшылығында дау жоқ.

Сипатамалы диспозицияға 166-бапта көрсетілген шпиондық жасау құрамы мысал бола алад. Оған «мемлекеттік немесе әскери құпияны құрайтын мәлеметерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлеметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса» деп толық түсінікті сипаттама беріп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының реттеу функциясы
Қылмыстық кодекстің қалай және қай жерде қолданылатынын көрсету
Медициналық және экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция
Қылмыстық заңның түсінігі
Қылмыстық құқықтың әдісі мен жүйесі
Қылмыстық заңның қолдануы
Қылмыстық заңның күші
Қылмыстық заң жайында
Қылмыстық заң жүйесі, құрылымы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz