Қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану
Жоспары.
I Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
2. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және оның негіздері.
2.1 Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы.
2.2 Қылмыс және қылмыс құрамы.
2.3 Қылмыс құрамының түрлері.
III. Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қылмыстық жауаптылық мемлекетпен тағайындалатын заңды жауаптылықтың
бірі болып табылады және қылмысы үшін кінәлі адамдарға ғана қолданылады.
Қылмыстық жауаптылық институты қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды
қорғайтын, сотталғандарға тәрбиелік сипаттта әсер ететін, қылмыстардың
алдын алатын қылмыстылықпен күресудегі маңызды тәсіл ретінде
қарастырылады.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылықтың түсінігі берілмеген. Мұндай
анықтама тек қылмыстық құқық ғылымында ғана айқындалған. Әдебиеттерде
қылмыстық жауаптылыққа әр түрлі анықтама түсініктер берілген.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы қылмыстық жазалау
қатерімен тыйым салған, қоғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасағандық
үшін ғана белгіленеді.
Қылмыстық жауаптылықты мазмұнына қарай былайша түсінуге болады:
а)қоғамға қауіпті белгілі бір, нақты әрекетті істеген адамға мемлекет,
қоғам тарапынан кінәсын бетіне басу.
ә) Қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану. Бұл
орайда Г.Ф.Поленовқа берген анықтамасын дұрыс деп ұғынуға болады. Қылмыстық
жауаптылық-бұл қылмыс жасаған адамның тек мемлекет алдында жауапты болуы
ғана емес, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық шараны қолдану нәтижесінен
боған кінәлінің қиналуы, оның кейіп, өкінуінен тұратын және мемлекет
алдында қылмысы үшін тәуелді түрде айыпты болуы. Мемлекет тарапынан
қылмыстылықты анықтау алдын ала тергеу органдарымен жүзеге асырыла отырып,
тұлғаның жасаған қылмысы сотпен заңды түрде бағаланып оны қылмыскер деп
танудан тұрады. Мемлекет тарапынан қолданылатын қудалау әркез кінәліге жаза
тағайындаумен ғана аяқталып қоймайды. Қылмыстық заң қылмыс жасаған
адамдарға басқа да қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана алады.
II Негізгі бөлім.
2. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және оның
негіздері.
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық неесе құқылық жауапкершілік
жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық
жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы
органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті
кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық
жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы
бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-
соғу ,денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық және тағы
басқа.Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекетін нақты қылмыс
құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда
жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың
нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс
істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау
қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық
жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне ,
қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына,қылмыскердің тұлғасының
ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.Қылмыстық жауаптылық- өзінің
нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.
Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген
адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті
шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың
әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей
отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға
беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу)және
заңдылық
(қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар
қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен,
қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты
іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы
мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз. Қылмыстық жауаптылық- қылмыстық
қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс
арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық
жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық
құқылық қатынас та жоқ .Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан
бастап қылмыстық жауаптылық , ал мұнымен бірге бір мезетте істелген
қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас
пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып
табылады. Тараптардың арасында қылмыстың субъектісімен (қылмыс жасаған
адаммен) мемлекеттің атынан өкілділік алған органдардың арасында
тиісінше құқылық қатынастар пайда болады. Қылмыстық-құқылық қатынас
бір жағынан мемлекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын
анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылмыс
істеген субъектінің (қылмыскердің) арасындағы қатынас болып табылады. Бұл
қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы
қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе
бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық
болды ма және тағы басқа. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны
өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.
Қылмыстық құқықтық қатынас іс-жүргізу құқылық қатынастармен тығыз
байланысты. Өйткені, қылмыстық құқылық қатынас қылмыс істеу фактісіне
байланысты болады. Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта
қарау мәселелері қылмыстық іс-жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып,
жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субъектімен (қылмыс істеген адам)
мемлекеттің оның уәкілдігін
жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құқықтық
қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие
болады. Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың субъектісі болып
табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс
істеуден сақтандырады және сатталған адамды түзеу мақсатын жүзеге
асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскер де
мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субъектісі ретінде
көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі болып
қалады. Яғни, субъект және объект салыстырмалы түсініктер, сондықтан да
олр сөз жоқ өзара орын ауыстырулары мүмкін. Қылмыстық құқықтық
қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп
түсінуге болмайды. Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін
ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптыны кінәлі деп
тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс
жасаған уақытынан бастап қылмыстық-құқықтық қатынастың орын алғандығын
бекітеді. Қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі
құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру
міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды. Қылмыскер тиісті өкімет
органының күштеуі арқылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір
құқықтардың субъектісі де. Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған
қылмысының табиғатына, осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни
санкцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы
ережелерге сай жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық құқылық
қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана
қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда заңдылықтың
кепілі ретінде де көрінеді. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот
тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады.Яғни, оның жүзеге асырылуы
жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақ та қылмыстық жауаптылық
барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы,
қылмыс жасаған адам анықталмады делік. Мұндай ретте қылмыстық
құқықтық қатынас(қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге
аспайды. Бұған мысал ретінде латентті
қылмыстарды қосуға болады. Қылмыс жасаған кінәлі адам егер де ол
ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққы және
жазаға тартылады. Бірақ та қолданылып жүрген қылмыстық жазаға
сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы
міндетті емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-2
бөліктерінде:Қылмыс белгілері бар әрекет жасау адамды, егер сот істі
қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға
қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез- құлқына
байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле
алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкінделінген. Осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі
көрсетілген.Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігінде:Кішігірім
және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны
өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз
мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше
мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның
жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот
жазадан босатуы мүмкін деп көрсетілген. Сонымен қылмыстық жауаптылық
өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын
болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық
айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық
жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған
байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы
кең, қылмыстық- құқылық түсінік екендігін оның жазасыз -ақ
қолданылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз
жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза
өзара тығыз бір-біріне ұқсас емес.
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану
органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып
табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі
болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері
бар іс-әрекетті істеу болып табылады. Қылмыстық кодекстің 3-бабында:
Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық
белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір
негізі болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық
жауапқа тартуға болмайдыдеп көрсетілген. Яғни, бұл деген қылмыстық
жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық
заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе
абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын
көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс
құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген
терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық
теориясында ғана ашып көрсетіледі. Адамның (қылмыс субъектінің)
қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың
объективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен
істеуі(қылмыстың субъективті жағы) қылмыс құрамының белгілері болып
табылады.Қылмыстың объектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын
қоғамдық қатынастың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында: Адам мен
азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының құрылысы мен
аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін
қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмытардың алдын алу болып табылады
деп көзделген. Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы
табылады. Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ
болса, ол адамды қылмыстық жауаптылыққа тартатын негіз жоқ.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім.
Авторы:А.Н.Ағыбаев . Алматы-2002жылы IV-тарау 46-49беттер.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Алматы-2006жылы
24,27беттер.
2.1.Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы.
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге
Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген.Қылмыстық заң қылмыс
құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы
ғана береді.Қылмыстың құрамы деп-қылмыстық заң бойынша қоғамға
қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға
мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан
құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс
құрамының әр қайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен
сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыс құрамы да белгілі бір
элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда
біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай
жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп,
қылмыс құрамының жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.
Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4-түрлі элементтер жатады:
объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы,Қылмыстық
кодекстің 187-бабында:Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру
туралы көрсетілген:
1.Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, едәуір зиян
келтірсе-
елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де
табысының мөлшерінде айып-пұл салуға, не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа
дейін мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейін мерзімге
түзеу жұмыстарына, не үш айға дейін мерзімге қамауға, не екі жылға дейін
мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе бас бостанығын шектеуге
жазаланады.
2.Нақ сол әрекеттер:
а) өрт қою, жару арқылы немесе өзге де қауіпті әдістермен жасалса;
б) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян
келтіруге әкеп соқса;
в) жәбірленушініңөзінің қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауымен
байланысты не өзінің жақын туыстары жөнінде нақ сондай себептермен
жасалса;
г) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздық себептер бойынша
жасалса,-
екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі айдан алты айға
дейінгі
мерзімге қамауға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын
шектеуге, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс
құрамы болмайды.Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе
жойса, онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Әрбір
қылмыс құрамының белгілері Ерекшке бөлімдегі баптардың диспозициясында
ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да
айтылады. Ерекшк бөлімнің баптарының диспозициясында әр түрлі қылмыстың
көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың
қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын
соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ
немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің
баптарында анықталады. Мысалы,бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын
Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не
субъектісі,не кінәнің нысаны аталмаған.
175-бап.Ұрлық
1.Ұрлық,яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау –
Екі жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде немесе
сотталған адамның екі айдан жеті айға дейін кезеңдегі жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексеннен екі жүз қырық
сағатқа дейін мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейін
мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейін бас бостандығын шектеуге,
не алты айға дейін мерзімге қамауға, не үш жылға дейін мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
2.Мынадай:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша;
б) бірнеше рет;
в) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен
жасалған ұрлық-
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейін мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
а) ұйымдасқан топ ;
б) ірі мөлшерде;
в) ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет
сотталған адам жасаған ұрлық-
мүлкі тәркіленіп үш жылдан он жылға дейін мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15-бабында былай деп
көрсетілген:
1.Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық
жауапқа тартылады.
2.Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі
өлтіргені (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені(103-
бап),ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа
ауырлықтағы зардап келтіргені (104-бап), зорлағаны(120-бап), жыныстық
сипаттағы күштеу әрекеттері (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық
жасағаны (175-бап), кісі тонағаны (178-бап), ұрып - соққаны(179-бап),
қорқытып алғаны (181-бап), ауырлататын мән –жайлар кезінде автомобильді
немесе өзгеде көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені
(185-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе
бүлдіргені (187-бап), терроризм(233-бап), адамды кепілге алуы(234-бап),
террористік акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлағаны(242-бап),
қару-жарақты , оқ-дәріні, жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып
алғаны (255-бап),ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-бап), тағылық
(258-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны
не қорқытып алғаны
(260-бап), ауырлататын мән-
жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүддесін және олардың жерленген
жерлерін қорлағаны (275-бап), көлік құралдарын немесе немесе қатынас
жолдарын қасақана жарамсыз еткені(299-бап)үшін қылмыстық жауапқа
тартылуға тиіс.Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі
–басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген.Осы белгі
арқылы ұрлық тонаудан ерекшкленеді.Тонау Қылмыстық кодекстің 178-
бабында былай деп көрсетілген:
1.Тонау, яғни бөтен мүлітті ашық ұрлау-
Үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не алты айға
дейінгі мерзімге қамауға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен
сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды .
Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана
қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ,
олардың қоғамға қауыптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін
жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана
жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды.
Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның
қылмысы саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы біреудің мүлкін ұрлағанда
(ақша, зат, құжат тағы басқалар) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны
қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың
міндетті белгілері болып табылады.Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ
болса,онда қылмыс құрамы да болмайды.Мысалы басқа біреудің мүлкін
ұрлаудың түрлік белгісі –оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін
алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес,
басқа қылмыс құрамы – тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық
құқылық нормада – бір бапта көрсетілуі мүмкін.Мысалы, Қылмыстық кодекстің
314-бабында былай делінген:
1.Қызметтік жалғандық жасау,яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға
уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның ресми құжаттарға көрінеу
жалған мәліметтерді енгізуі, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын
мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не көрінеу жалған немесе қолдан
жасалған
құжаттар беруі, егер бұл әрекеттер өзі немесе басқа адамдар немесе
ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе
ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған болса,-
Жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде
немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейін кезеңдегі жалақысы
немесе өзгеде табысы мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан
екі жүз қырық сағатқа дейін мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға,
не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі
мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет,-
үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы
немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі
мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді, егер
оларды жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса,-
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жеті айға дейінгі
кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға,
не жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі біл лауазымды атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс
құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Қылмыстық
кодекстің Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудеп аталатын
308-бабында мыналар көрсетілген:
1.Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, яғни
мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген
адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және
азаматтардың немесе
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп
соғатын әрекеттер жасауы-
екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде
немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы
немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылғы дейінгі
мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айыруға,не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге
қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығанан айыруға
жазаланады.
2.Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет,-
үш жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
немесе сотталған адамның үш айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі
жалақысы немесе өзгеде табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес
жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды ақтару немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейінгі мерзімге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған
нақ сол әрекет,-
Бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі
кезеңдегі жалақысы немесе өзгеде табысы мөлшерінде айыппұл салуға
не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз сегіз
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде
көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:
а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы ;
б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы;
в) өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен
артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында
жасалса,-
жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару
немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, он жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Ерекше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz