Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

К І Р І С П Е 3

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі 5
1.2 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 5
1.3 Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан 8
босату
1.4 Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан 11
босату
1.5 Жағдайдың өзгеруіне және ескіру мерзімінің өтуіне байланысты 12
қылмыстық жауаптылықтан босату
13
2 ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1 Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның
өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру 18
2.2 Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін
кейінге қалдыру 19
2.3 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық
жауаптылық пен жазадан босату 22
2.4 Сотталғандықтан арылу және оны жою
29
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
37
39

К І Р І С П Е

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда
көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді,
оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық
немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіңдегі
ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық
мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым
салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана
белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық
заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана
тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян
келтіру, бұзақылық және тағы басқалар. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық
оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды
кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық - бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың
нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс
істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау
қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық
жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне,
қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскер тұлғаның
ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған
кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің
нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.
Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген
адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті
шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың
әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей
отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңды баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны – бұл теріс қылыққа моральдық саяси
баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу және
заңдылық, яғни қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу
шаралары. Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып
табылады.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз
байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден,
қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың
құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық
құқылық қатынас та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап
қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың
салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады.
Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады. Тараптардың
арасында қылмыстың субъектісімен, яғни қылмыс жасаған адаммен мемлекеттің
атынан өкілділік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар
пайда болады. Қылмыстық-құқылық қатынас бір жағынан мемлекет атынан әділ
соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен,
екінші жағынан қылмыс істеген субъектінің, яғни қылмыскердің арасындағы
қатынас болып табылады. Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы
қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе
бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды
ма және т.б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары,
жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады. Қылмыстық құқықтық
қатынас іс жүргізу құқылық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені,
қылмыстық құқылық қатынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады.
Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мәселелері
қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл
қатынастар субъектімен, яғни қылмыс істеген адам мен мемлекеттің оның
уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық
құқықтық қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен
міңдеттерге ие болады. Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі
болып табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс
істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу шараларын жүзеге асырады.
Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз
көзқарасын білдіретін қатынастың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай
жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі болып қалады. Яғни, субъект
және объект салыстырмалы түсініктер, сондықтан да олар сөз жоқ өзара орын
ауыстырулары мүмкін.
Курстық жұмыстың объектісі – қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық
жауаптылық пен жазадан босатудың негіздері.
Курстық жұмыс тақырыбының пәні – Қазақстан Республикасының
Конституциясы, қылмыстық-құқықтық заң нормалары.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында қолданылатын
қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату негіздерін ұғыну және талқылау.
Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспе, екі негізгі тарау, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы 38 бетті құрайды.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1.1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған
кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың
заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі нормативтік қаулысында:
қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп
келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың
түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап,
негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚР ҚК-нің 65-69-баптарында
көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.
Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге болатындығы
туралы тұжырымы істің жан-жақты, толық және объективті түрде зерттелген мән-
жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі
қажет, - деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстылықпен
күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе
оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-
ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін
жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін [3.24 б.].
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді.
Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге ескерілетін
жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да
зиянды жағы бар. Бұл институтты тәжірибеде жиі қолдану қылмыстық құқықтағы
жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады. Сондықтан да
керсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған
жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны
қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Осы тарауда жасы толғандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатудың негіздері қаралмайды. Жасы толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босату мәселелері арнаулы тарауда қарастырылады.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай
түрлері көрсетілген:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3.Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық
жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі
түрде шартсыз жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны
өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен
ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге
асырылады:
1.Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.
2.Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату.
3.Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру.
4.Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін
кейінге қалдыру.
5.Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді
кейінге қалдыру.
6.Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден
босату.
7.Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі
өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне
байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату, яғни қылмыстық
жауапқа тартудың мерзімі ескіруге байланысты жауаптылықтан босатудан
басқасы істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны
істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда
қолданылады. Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден босату сот үкімі бойынша
белгілі бір жазаға тағайындалып, соны өтеу барысында өздерінің
түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады. Мұндай жазадан босату тек
заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері
жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жазадан
шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаны өтеу мекемесінің және бақылау
комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге
асырылады. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі ескіруге байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату, айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге
байланысты жазадан босату жұртшылық өкілінің пікірін ескермей-ақ қолданыла
береді.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың
жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды. Тек соттың айыптау үкімі заңды
күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот
айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің
қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық-құқықтық қатынастың орын
алғандығын бекітеді. Қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі
құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру
міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды. Қылмыскер тиісті өкімет органының
күштеуі арқылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір құқықтардың
субъектісі де. Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының
табиғатына, осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни санкцияға,
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай
жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің
қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ
соттылықты жүзеге асыруда заңдылықтың кепілі ретінде де көрінеді. Адамның
қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге
асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады.
Бірақ та қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге
асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік. Мұндай ретте
қылмыстық құқықтық қатынас, яғни қылмыс істеген адам мен мемлекет
арасындағы қатынас жүзеге аспайды. Бұған мысал ретінде латентті қылмыстарды
қосуға болады. Қылмыс жасаған кінәлі адам, егер де ол ауыр қылмыс жасаумен
байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады. Бірақ та
қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған
адамға жаза тағайындалуы міндетті емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 68-
бабының 1-2-бөліктерінде: Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер
сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет
қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін [2.46 б.].
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды,
егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта
қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе,
сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін делінген. Осы бапта қылмыстық
жауаптылықтан босату негізі көрсетілген. Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының
1-бөлігінде: Кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған
адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке
жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа
да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін
оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот
жазадан босатуы мүмкін деп көрсетілген. Мұнда қылмыстық жазадан босатудың
негізі ғана көрсетілген, Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай
жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза
тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал
жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану
фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда
жеке, ауқымы кең, қылмыстық-құқылық түсінік екендігін, оның жазасыз-ақ
қолданылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза
тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара тығыз
бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз [2.47 б.].
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары
қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық
құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда
көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып
табылады. Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс
істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді
қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын
көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының
болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын
ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құкық теориясында ғана ашып
көрсетіледі. Адамның, яғни қылмыс субъектінің қылмыстық заңда көрсетілген
қоғамға кауіпті іс-әрекеттерді, қылмыстың объективтік жағы кінәлі түрде
қасақана немесе абайсыздықпен істеуі, қылмыстың субъективтік жағы, қылмыс
құрамының белгілері болып табылады. Қылмыстың объектісі болып табылатын
қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қазақстан
Республикасы қылмыстық кодексінің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, қылмыстық
жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын білдік. Іс-әрекетінде
қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол адамды қылмыстық
жауаптылыққа тартатын негіз жоқ.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп - қылмыс заңы бойынша қылмыс деп
белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті
органдары арқылы мінеушілігін, яғни айыптаушылығын айтамыз.

2. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам,
егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе
қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде
қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық
жауаптылықтан босатудың бұл түрі қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі
жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана қолданылады.
Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің кінәсін мойындап,
өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға жәрдемдесу және
келтірілген зиянның орнын толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы
қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінің айыбын мойындап заңда
көрсетілген органға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап келу көп жағдайларда
аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын жүректен өкіну деп,
кінәлінің істеген қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш білдіруі, өзін-өзі
айыптауы, істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал өтеуге даяр
екендігіне көз жеткізу, іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты әрекеттерін
айтамыз. Келтірілген зиянның орнын толтыру деп кінәлінің өз еркімен ешкімге
айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орнын толтыруы, жәбірленушіден
келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-әрекеті үшін
өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде беруі және
тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп тергеу
органдарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа қатысқандарды
дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған затты табуға көмек
беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық зияны үшін одан кешірім
сұрауын айтамыз. Қылмыстық кодекстің 65-бап 1-бөлігі бойынша шын жүректен
өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден, айыптының
бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі, екіншіден,
қылмыс істегеннен кейін:
а) айыбын мойындап өз еркімен келуі;
б) қылмысты ашуға жәрдемдесуі;
в) жеткізген зиянның орнын қалпына келтіруі ғана қылмыстық
жауаптылықтан босатуы мүмкін. Соңдай-ақ қылмыс жасаған адам егер ол
ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыстарды
болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты
сыбайластық жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді
түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін, яғни ҚК-тің 65-
бап, 2-бөлігі бойынша. Қылмыстық кодекстің 65-бап 2-бөлігі жеке адамға
қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан
басқа қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер
ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда
көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық
жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің осы 65-бабының бірінші
және екінші бөлігінде көзделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы
қылмыс жасаған адам тек осы кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында
арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін,
яғни бұл ҚК-тің 65-бап, 3-бөлігінде көрсетілген. Мысалы, Қылмыстық
кодекстің ерекше бөлімінің кейбір баптарының санкцияларында шын жүректен
өкіну қылмыстық жауаптылықтан немесе қылмыстық жазадан босатудың негізі
ретінде көрсетілген. Мысалы, пара бергендігі үшін, 312-бап, есірткі
заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу,
тасу, сақтау іс-әрекеттері үшін ҚК-тің 259-бабы [2.254 б.].
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негізі –
кінәлінің қылмыс жасағаннан кейінгі қоғамға тигізген зардаптың қауіптілігі
аз мөлшерде болуы. Кінәлінің шын өкінуіне байланысты, қылмыстық жауаптылық
пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қылмыстық кодекстің 53-бабының
к және д тармақтарында қарастырылады. Қылмыстық кодекстің 65-бабында
қылмыстық жауаптылықты жеңілдету емес, керісінше жауаптылықтан босатуды
көздейді.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңға сәйкес
талаптарға сүйеніп соған байланысты орындалады.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам,
егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе
қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде
қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Бұрын қылмыстық
жауаптылыққа тартылмаған немесе сотталмаған, сонымен қатар қылмыстық
жауаптылыққа тартылса да қылмыстық қудалау заң негізінде қысқартылуы,
бірінші peт қылмыс жасағандар қатарына жатқыза аламыз.
Егер басқа да қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылса немесе
тергеуден, соттан бұлтарса, сотталған я болмаса соттылығы жойылған немесе
соттылығы алынып тасталған болса онда мұндай адамдарды бірінші рет қылмыс
жасағандар деп айта алмаймыз. Шын өкінуде –қылмысы үшін кінәлі адамның
кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға
жәрдемдесуі және келтірілген зиянның орнын толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәні мойындап келу деп - кінәлінің қылмыс жасағандығы үшін, яғни қылмыс
жасағаннан кейін тергеу, прокуратура, анықтау тағы басқа да мемлекеттік
органдарға өз еркімен арыз беруін айтуға болады. Кінәні мойындап келу
себебі болып, өкіну іштей қатты күйзелу, жазалылықтан үрейлену, қорқуды т.
б. айтуға болады.
Шын өкінудің тағы бір түрі болып кінәлінің қылмысты ашуға жәрдемдесуі
болып табылады. Яғни тиісті органдарға көмектесу белгілерінің бар болуы,
мән-жайларды айқын баяндауы, қылмыс жасаған адамдарды анықтап беруі қылмыс
кұралдарын табуға көмектесуі. Қылмысты ашуға көмектесу тек қана кінәсін
мойындап келгеннен соң орын алады.
Қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтіру деп кінәлінің өз
еркімен тигізген материалдық зиянның орнын толтыруы, жәбірленушіден
келтірілген моральдық зияны үшін кешірім сұрауы және тағы басқа әрекеттер
жатады. Ұйымдасқан немесе қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыстарды
болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық
сыбайластық жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді
түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Белсенді түрде
жәрдемдесу деп қылмыстық ұйымның, қылмыстық сыбайластықтың қылмыс жасауға
дайындалуын немесе қылмыс жасағандығы туралы тиісті органдарға хабарлауы
немесе қылмыстық әрекетке қарсы шығуы және соның нәтижесінде қылмыс ақырына
дейін жетпеуін айтуға болады.
Шын өкінудің нысаны болып қылмысы үшін кінәсін мойындауы болып
табылады және ол қылмысты алдын алып ашуда немесе сотта орын алады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату түрлерін қарастыра отырып, оларды міндетті
емес және шартсыз деп екіге бөлуге болады. Міндетті емес – бұл бірінші рет
кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, осы 65-баптың 2-
бөлігі бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмысқа қатысты емес, ұйымдасқан топ
немесе қылмыстық сыбайластық болып табылады. Шартсыз - көрсетілген
қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданған жағдайда, кінәлінің жеке басын
алып жүруіне байланыссыз болуы, бұл шешім қайта қаралуға жатпайды [4.255
б.].

1.3 Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату

Қылмыстық кодекстің 66-бабына сәйкес қоғамға қауіпті қылмыстан болған
үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан
адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін. Мұндай ретте қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтірген немесе
денеге ауыр жарақат жеткізген адамның іс-әрекеті қоғамға қауіпті, заңға
қайшы, кінәлі түрде істелгендіктен қылмыс болып табылады. Бірақ-та сот
істің нақты мән-жайына қарай отырып, айыпты адамның нақты қылмыс істеу
кезіндегі болған үрейлену, қорқу немесе асып-сасу салдарынан кажетті
қорғану шегінен асқандығын есепке ала отырып, оны қылмыстық жауаптылықтан
босатуы мүмкін. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар орын алмаса, онда сот
айыптыға осы бапта көрсетілген жеңілдікті қолданбауға құқылы. Өйткені осы
бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату немесе босатпауды сот нақты
жағдайларға байланысты ғана шешеді.
Қажетті қорғану - қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының
өзі немесе өзге бір адамның жеке басын, құқықтарын қорғауы.
Қажетті қорғаныс шегінен асу, жалпы қағида бойынша құқыққа қарсы
болып табылады, яғни нәтижесінде адамның өмірінен айырылуы, денеге ауыр
жарақат жеткізілуі мүмкін.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан болған үрей, қорқу немесе
сасқалақтау нәтижесінде қажетті қорғаныс шегінен асу белгілері орын алады.
Үрей - бұл нақты төніп тұрған немесе төнуі мүмкін болған қорқу,
шектелген тынымсыздық немесе қорқынышты салдар.
Қорқу - бұл қатты жан күйзелісінен пайда болған жан дүниенің қалыпты
жағдайының бұзылуы, өзгеруі.
Сасқалақтау - бұл ессіздікке жақын емес, яғни адамның белгілі бір
себептен уақытша жинала алмауы, өзінің ырқынан шығуы. Сондықтан кішігірім
немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам қажетті қорғану шегінен асса
да, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Егер де істің мән-жайы үрей, қорқу, сасқалақтау белгілерін қамтымаса,
ондай әрекет қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылып тиісті бапқа сайкес
қылмыстық жауаптылық туады. Белгіленген қылмыстық жауаптылықтан босату тек
сот арқылы шешіледі. Мұндай қылмыстық жауаптылықтан босатылу міндетті емес,
сот негіздерге сүйене отырып босатуы немесе босатпауы мүмкін. Егер жоғарыда
аталған мән-жайлар орын алмаса, онда сот айыптыға осы бапта көрсетілген
жеңілдікті қолданбауға құқылы [2.256 б.].

1.4 Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату

Қылмыстық кодекстің 67-бап 1-бөлігіне сәйкес онша ауыр емес қылмыс
жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян
келтірумен байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған
адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірген зиянның есебін
толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
Орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен
татуласса және жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық
жауаптылықтан ҚК-тің 67-бап, 2-бөлігіне сәйкес босатылуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 67-бабының 1-бөлігіне сәйкес онша ауыр емес, яғни
кішігірім қылмыс жасаған адам:
а) жасаған әрекеті онша ауыр емес қылмыстар санатына жатса;
б) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
в) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірген зиянның
есесін толтырса, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатылады [3.24 б.].
Бұл орайда адамның мұндай қылмысты алғаш рет жасағанының не оның
әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше мәрте жасалғанының, жиынтығының немесе
қайталанғанының, оның бұған дейінгі үкім бойынша жазасын өтегендігінің
немесе жазасын өтеу барысында не сынақ мерзімі ішіңде немесе үкімнің
орындалуы кейінге қалдырылған кезде не мерзімінен бұрын шартты босатылғанда
жазаның қалған өтелмеген бөлігінде жаңа қылмыс жасағанының маңызы болмайды.
Заңның нақ осы нормасы бойынша орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
адамның әрекетінде төмендегідей негіздер болса, қылмыстық жауаптылықтан
босатылуға жатады:
а) жасаған әрекеті орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына
жатса және адамның қайтыс болуымен немесе жәбірленушінің
денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты болмаса;
б) қылмыс алғаш рет жасалса;
в) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
г) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін
толтырса.
Осы жоғарыда көрсетілген негіздердің ең болмағанда біреуі орындалмаған
жағдайда Қылмыстық кодекстің 67-бабының 1-бөлігін қолдануға болмайды.
Қылмыстық кодекстің 67-бабының 2-бөлігі бойынша орташа ауырлықтағы кез
келген қылмыс жасаған адам, әкеп соққан қылмыс салдарына, сондай-ақ, оның
әрекеттеріңде қылмыстардың бірнеше рет жасалғанына, жиынтығына немесе
қайталанғанына қарамастан, мынадай негіздер болған жағдайда қылмыстық
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін:
а) жасаған әрекеті орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатса;
б) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
в) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның
есесін толтырса.
Осы аталған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда, ҚР ҚК-
нің 67-бабының 2-бөлігін қолдануға болмайды.
Жауаптылықтан босатудың осы түрі неғұрлым терең баға беруді талап
етеді. Қарастырылып отырған қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрі міндетті
емес, яғни татуласу негіздері заңдылықтарға сәйкес күштеу шараларына
жатпайды.
ҚК-тің 67-бап 1-бөлігіне сәйкес, ауыр емес қылмыс жасаған немесе
адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен
байланысты емес орташа ауыр қылмысты бірінші peт жасаған адам, егер ол
жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса,
қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады деп көрсетілген.
Мұндай негізде қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай шарттар бол-
ғанда жүзеге асырылады:
Біріншіден, кінәлі адамның істеген іс-әрекеті ауыр емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек.
Екіншіден, орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамның болуы.
Қылмысты бірінші рет жасаған болып, кінәлі адам қылмыс жасау кезінде
соттылығының болмауы.
Үшінші негіз болып адамның қайтыс болмауы немесе оның денсаулығына
ауыр зиян келмеуі табылады.
Төртінші негіз болып, кінәлі адамның жәбірленушімен татуласуының орын
алуы. Оның міндетті салдары ретінде татуласу процессуалды нысанда
жәбірленушінің өз алдына қойған талаптарынан бас тартуы, қылмыстық
жауаптылыққа тартуы туралы өтінішін қайтарып алуы. Жәбірленушімен татуласу
қылмыстық іс қозғалғанға дейін орын алады.
Бесінші негіз болып жәбірленушіге келтірген зиянның орны толық толты-
рылуы қажет. Орнын толтыру, толық түрде жәбірленушіге тигізілген зиянды
салдардың орнын қалпына келтіру немесе көңілінен шығуы толық көлемде орын
алуы. Жоғарыда айтылған негіздер тек жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босатудың себептері ретінде 67-бапқа сәйкес іске
асырылады. Қылмыстық істің тоқтатылу сұрақтарын шешу тергеуші, анықтау
органы, прокурор немесе сотпен қарастырылады [3.24 б.].

1.5 Жағдайдың өзгеруіне және ескіру мерзімінің өтуіне байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату

Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер сот істі қараған
кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес
деп танылса, сот ол адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды,
егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта
қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе,
ҚК-тің 68-бабы негізінде сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін [3.24
б.].
Қылмыстық кодекстің осы бабына сәйкес жағдайдың өзгеруіне байланысты,
яғни баптың 1-бөлігі және қылмыс істеген адамның содан кейінгі мінез-
құлқының мүлтіксіз болуына байланысты, яғни баптың 2-бөлігі бойынша
істелген іс-әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылады. Жағдайдың өзгеруіне
байланысты өмірде болатын объективті елеулі өзгерістердің болуынан бұрынғы
істелген іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігі жойылады. Немесе ондай іс-
әрекеттер жаңа қоғамдық қатынастарға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық
немесе тәртіптік теріс қылық болып қалуы мүмкін. Мысалы, соғыс жағдайынан
бейбіт жағдайға өтуге байланысты көптеген қылмыс құрамдары қоғамға
қауіптілік мәнін жояды. Осындай іс-әрекеттер істі сотта қараған кезде
жағдайдың өзгеруіне байланысты қоғамға кауіптілік сипатын жояды, осыған
байланысты сот қылмыс белгілері бар әрекетті жасаған адамды қылмыстық
жауаптылықтан босатуы мүмкін. Осы баптың екінші бөлігінде бірінші рет онша
ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, қылмыс жасағаннан
кейін, өзінің өнегелі мінез-құлқымен көзге түссе, оңда сот істі қараған
кезде мұндай адамды қоғамға қауіпті емес деп тауып, оны қылмыстық
жауаптылықтан босатуы мүмкін. Мысалы, онша ауыр емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс істеген адам, істі сотта қарағанда басқа бір қылмыстық
топты әшкерелеп ерлік жасаса немесе еңбекте зор табысқа жетсе, онда сот
мұндай адамды қоғамға қауіпті емес деп танып, оны қылмыстық жауаптылықтан
босатуы мүмкін [2.257 б.].
Талқыланып отырған бап бойынша өз алдына жеке айқындалған, қылмыстық
жауаптылықтан босатудың негізін қарастыратын екі ұқсас түсініктерді
анықтауға болады: бұлардың біріншісі, қылмыс жасалынғаннан кейін жағдайдың
өзгеруіне байланысты қоғамға қауіптілік белгілерінің жойылуы, ал екіншісі,
бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адамның
содан кейінгі мінез-құлқының мүлтіксіз болуына байланысты істелген іс-
әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылуы.
Қылмыстық кодекстің 68-бап 1-бөлігінде қоғамдық қауіптіліктің жойы-
луының объективті, сыртқы себептері туралы сөз болады. Жағдайдың өзгеруі
болып, қылмыс жасалғаннан кейінгі елеулі түрдегі өмір шарттарының өзгеруі
болып табылады. Яғни, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің, елімізде не
жеке региондарында орын алған жағдайда ғана байланысты болады.
Жағдайдың өзгеруі нақты елеулі түрде мәнді болуы қажет, яғни соның
салдарынан қоғамға деген қауіптілік жойылуы шарт. Басқаша айтқанда
жағдайдың өзгеруіне байланысты ұқсамайтын әлеуметтік жағдай болуы керек.
Айтылып отырған жауаптылықтан босатудың түрінде ҚК-тің 9-бабымен
ұқсастық белгілері бар. Мұнда негізінен айырмашылығы яғни, әрекет немесе
әрекетсіздік қылмыс болып табылмауы оның жасау сәтінен басталып елеулі
маңызы жоқ, қоғамға қауіпті болмағандығында.
ҚК-тің 68-бап 2-бөлігіне сәйкес жағдайдың өзгеруіне байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату мына жағдайда ғана мүмкін, егер:
а) қылмыстың бірінші рет жасалуы;
б) жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауырлықтағы санатқа
жатқызылуы;
в) адамның қылмысынан кейінгі мінез-құлқының мүлтіксіздігі, соған
байланысты істелген іс-әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылуы.
ҚК-тің 68-бап 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың
мәселесін шешу үшін, белгілі бір қылмыс жасаған кезден бастап, істі сотта
қарастырғанға дейін уақыттың арақашықтығы болуы қажет. Уақыттың
арақашықтығы кезінде, қылмыстық жауаптылықтан босатылушының мінез-құлқының
мүлтіксіз болуы шарт. Мінез-құлқының мүлтіксіз болуы деп түсіну үшін
ешқандай құқық бұзушылық, тәртіп бұзушылық, әкімшілік тәртіптің бұзылуының
болмауы сияқты белгілер қажет. Яғни, жұмыс орны, оқуы, тұрғылықты жерінің
болуы, жанұяда қарт адамдардың, жасы кәмелетке толмағандардың не болмаса
ауруға шалдыққан адамдардың болуы. Осындай қорытындының белгілеріне сүйене
отырып, тұлғаның қоғамға қауіпті емес екендігіне баға беріледі. Осы
жауаптылықтан босатудың түрі бойынша, онша ауыр емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс істеген адам, істі сотта қарағанда басқа бір қылмысты
әшкерелеп ерлік жасаса немесе еңбек етіп зор табысқа жетсе, онда сот мұндай
адамды қоғамға қауіпті емес деп танып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін [4. 261 б.].
Қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген
уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға
сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұндай
мерзімнің өтуі қолданылатын шараның тиімділігін, қажеттілігін жояды,
сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп,
ескірген қылмысты тергеу, оған дәлелдерді жинау, істі сотта қарау кезінде
жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де көптеген қиындықтарды
туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген қылмысы үшін кінәлі
адамға қылмыстық жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ. Қылмыстық кодекстің 69-
бабында мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың
ауырлығына байланысты болатындығы көрсетілген:
1) кішігірім қылмыс істегеннен кейін 2 жыл өтсе;
2) орташа ауырлықтағы қылмыс істегеннен кейін 5 жыл өтсе;
3) ауыр қылмыс істегеннен кейін 10 жыл өтсе;
4) аса ауыр қылмыс істегеннен кейін 15 жыл өтсе.
Ескірудің мерзімі қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі заңды
күшіне енген кезге дейін есептелінеді. Қылмыс істеген уақыт деп қылмыстық
зардаптың орын алған уақытынан тысқары қоғамға қауіпті іс-әрекет жүзеге
асырылған уақытты айтамыз. Үзіліссіз қылмыста қылмысқа байланысты іс-
әрекеттерді толық тоқтатқан уақыттан бастап оның ескіру мерзімі
есептелінеді. Созылмалы қылмыста ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп
біткен уақыттан бастап есепке алынады.
Егер заңда көрсетілген мерзім өткенше ауыр немесе аса ауыр қылмыс
істеген адам 69-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан
қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі тоқтатылады. Бұл ретте ескіру
мерзімінің есептелуі жаңа қылмыс істеген кезден бастап, ал қалған реттерде
егер адам ескіру мерзімі біткенге дейін жаңа қылмыс жасаса, әрбір қылмыс
бойынша ескіру мерзімі өз бетімен, дербес жүріп отырады.
Егер қылмыс істеген адам тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрсе,
оның ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Тергеуден немесе соттан бой
тасалаудың өзі кінәлі адамның қоғам үшін қауіптілігін, оның түзелу жолына
бет алмағандығын көрсетеді. Мұндай реттерде ондай адамдарды қылмыстық
жауаптылықтан босатуға жол берілмейді. Мұндай адамдар жөніндегі ескіру
мерзімінің өтуі ол адамды ұстаған күннен бастап немесе кінәсін мойыңдап өзі
келген күннен бастап, қайта жаңғыртылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасалған
уақыттан бері 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі тоқтатылмаса, адам қылмыстық
жауапқа тартылмауы керек.
Өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыс құрамын істегендерге
қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімін қолдану жөніндегі мәселені тек
қана сот шешеді. Егер ескіру мерзімінің бітуіне байланысты сот адамды
қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасын
тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот өлім жазасын өмір бойы бас
бостандығынан айырумен, ал өмір бойы бостандығынан айыруды 25 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырады, яғни ҚК-тің 69-бап 5-
бөлігіне сәйкес.
Мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға болмайтын
қылмыстар да бар. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 6-бөлігінде бейбітшілік
пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істеген адамдарға ескіру
мерзімінің қолданылмайтындығы айтылады.
Ескіру мерзімін қолдану институтының үш шарты бар. Олар:
а) заңда белгіленген мерзімнің өтуі;
б) заңда белгіленген мерзімнің өтуі кезінде адамның ауыр немесе
аса ауыр қылмыс немесе жаңа қасақана қылмыс жасамауы;
в) қылмыс істеген адамның тергеуден немесе соттан бой тасаламауы.
Мерзімнің өтуінің екі түрі белгіленген:
а) дифференциялық, яғни қылмыстың ауырлығына байланысты болатын
аралық;
б) бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаудан
басқа, жалпы қарастырылатын қылмыстардың түрлері, тергеуден немесе соттан
бой тасалап жүрген адамдарға 25-жылдық мерзімінің болуы.
Заңмен төмендегідей ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатылады:
Қылмыстық заңда нақты белгіленген қылмыстың түрі бойынша жеңілдететін
жаққа қарай өзгерсе ескіру мерзімінің өтуін есептеуде жаңа заң
ескерілінеді. Егер жаңа заң жазаны күшейтетін болса, онда ескіру мерзімі
ескі заңмен ескерілінеді. Ескіру мерзімі қылмыс жасаған күннен басталады.
Қылмыс жасау күні деп 24 сағатты қоса есептегенде, қылмыстық зардаптың
келтірілгендігімен байланыссыз немесе байланысты уақытты айтуға болады.
Ескіру мерзімінің өтуі созылмалы қылмыстар үшін уақыт бойынша оның,
яғни адамның өз еркімен тоқтатуына байланысты есептелінеді. Ал, жалғаспалы
қылмыстар үшін соңғы жасаған қылмыстан бастап есепке алынады.
Ескіру мерзімі жалпы белгіленген мерзімнің өтуіне байланысты соңғы
күннің 24 сағаты өтуімен жойылады, басқа жағдайларда жылдық календарь
бойынша, сонымен қатар мерзімнің тоқтатылуы болғанда жылдың айлары не
күңдерімен есептелінеді. Егер үкім ескіру мерзімінің өтуінен кейін күшіне
енген болса, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам, қасақана жаңа қылмыс
жасаса ескіру мерзімінің өтуі мұндай реттерде жаңа қылмыс жасаған күннен
қайта басталады. Ескіру мерзімі өткенге дейін адам тағы да қылмыс жасаған
өзге реттерде әрбір қылмыс бойынша ескіру мерзімі дербес есептеледі.
Егер адам, жаңа қасақана қылмыс жасағанға дейін кішігірім немесе
орташа ауырлықтағы қылмыс жасаса ескіру мерзімінің өтуі үзілмейді, не
болмаса ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасап ол әрекеттер қасақаналықтың
нысанына жатпаса ескіру мерзімі үзілмейді.
Ескіру мерзімінің өтуі, егер адам соттан немесе тергеуден бой тасаласа
үзіледі. Өткен мерзім өзінің маңыздылығын жоғалтпайды, керісінше адамның
кінәсін мойындап келуі немесе құқық қорғау органдарымен ұсталуы кезінен
бастап жаңартылған мерзімге қосылады.
Мысалы, 20 қаңтарда қылмыс жасалды. 3 айдан соң айыпкер тергеуден
жалтарып 5 айдан кейін ұсталады, яғни 20 қыркүйекте деп белгіленсе. Бұл
жағдайда ескіру мерзімі 20 сәуірден 20 қыркүйекке дейін үзіледі, 3 айлық
ескіру мерзімінің өтуі 20 қыркүйектен кейін жаңартылады.
Тергеуден немесе соттан бой тасалау деп, қылмыстық жауаптылықтан
бой тасалап тергеу органдарын іздеу шараларына әкеп соқтыруы. Бой тасалау
тұрғылықты жерден кету, аты-жөнін өзгерту, басқа жаңа орындарда жалған ат
немесе бөтеннің атын жамылу сияқты белгілерден тұрады.
Бой тасалаған адамға қылмыс жасағанынан кейін қылмыстық жауапқа
тартылмай, ескіру мерзімі үзілмей 25 жыл өткізсе, ондай жағдайларда қылмыс-
тық жауаптылыққа тартылмайды. Ескіру мерзімінің шектелген соңғы мерзімнің
аяқталуы былай деп түсіндіріледі, яғни қоғамға қауіптіліктің едәуір
төмендеуі, зардап орнының толуы немесе ешқандай қылмыстың жасалмауы.
Адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін тергеуден немесе
соттан бой тасаласа, ескіру мерзімінің өтуі тоқтатылады. Яғни жиырма бес
жыл өткенге дейін жаңа қасақана қылмыс жасаса, өтіп кеткен тоқтатылғанға
дейінгі ескіру мерзімінің өтуі өзінің мәнін жояды да, сол жаңа жасаған
қылмысы үшін ескіру мерзімі қайта басталады. Бұл жерде, егер кінәлі осы
екінші қылмысынан қайталап тергеуден немесе соттан бой тасаласа екі қылмысы
үшін, бірге ескіру мерзімінің өтуі тоқтатылады [2. 257-258 бб.].
2 ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

2.1 Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның
өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру

Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаның алға қойылған
мақсатын тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік берумен бірге, қылмыстылыққа қарсы
күрес жүргізуге зор үлесін тигізеді. Сот тәжірибесі көрсеткендей, жазадан
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаңдардың қайталап қылмыс жасауы
жазаны толық өтеп шыққандарға қарағанда едәуір төмен. Мұның өзі, жазадан
шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың қысқа мерзім ішінде қылмыстық
жазаның алға қойған мақсаттарына жетуіне тиісті көмегін тигізетінін
көрсетеді.
Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату деп сотталған адамды
үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға адал көзқарас негізінде үкім бойынша
тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатып, оған сынақ мерзімі
ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 70-бабына сәйкес:
а) егер сот түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас
бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан
айыру жазасын өтеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот тағайындаған жазаны
толық өтеуді қажет етпейді деп таныса, ол мерзімінен бұрын - шартты түрде
босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе
ішінара босатылуы мүмкін.
б) сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды көздей отырып, сотталған
адамға осы Кодекстің 45-бабының 1-бөлігінде көрсетілген міңдеттерді жүктеуі
мүмкін, ол бұларды жазаның өтелмей қалған бөлігі ішінде орындауға тиіс
[3.25б.].
Жазадан шартты түрде - мерзімінен бұрын босату көзделген сотталған
адам:
а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін тағайындалған жаза
мерзімінің кемінде үштен бірін;
б) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде
төрттен үшін, сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын, шартты түрде
босатылған адамға, егер мерзімінен бұрын - шартты түрде босату 70-баптың
жетінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойылған болса, тағайындалған
жаза мерзімінің кеміңде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы
мүмкін.
Бас бостандығынан айырумен жазаланған сотталушының нақты өтеу мерзімі
алты айдан кем болмауы керек.
Сот тағайыңдаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген
адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және
кеміңде 25 жыл бас бостандығынан айыруды іс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық жауаптылық
Пәндер