Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

К і р і с п е . . . 6

1 - тарау. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері және түрлері

1. 1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі . . . 8

1. 2 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату . . . 11

1. 3 Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату . . . 14

1. 4 Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату . . . 15

1. 5 Жағдайдың өзгеруіне және ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату . . . 16

2 - тарау. Жазаны өтеуден босатудың негіздері және түрлері

2. 1 Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру . . . 21

2. 2 Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру . . . 25

2. 3 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату . . . 33

2. 4 Сотталғандықтан арылу және оны жою . . . 38

3 - тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және негіздері

3. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы және жаза түрлері . . . 40

3. 2 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату . . . 45

3. 3 Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және ескіру мерзімі . . . 49

3. 4 Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау және тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану ерекшеліктері . . . 50

Қ о р ы т ы н д ы . . . 63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65

К І Р І С П Е

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіңдегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық және тағы басқалар. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.

Яғни, қылмыстық жауаптылық - бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскер тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңды баға береді.

Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны - бұл теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу және заңдылық, яғни қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары. Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.

Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.

Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады. Тараптардың арасында қылмыстың субъектісімен, яғни қылмыс жасаған адаммен мемлекеттің атынан өкілділік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады. Қылмыстық-құқылық қатынас бір жағынан мемлекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылмыс істеген субъектінің, яғни қылмыскердің арасындағы қатынас болып табылады. Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.

Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды ма және т. б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады. Қылмыстық құқықтық қатынас іс жүргізу құқылық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені, қылмыстық құқылық қатынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады. Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субъектімен, яғни қылмыс істеген адам мен мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міңдеттерге ие болады. Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу шараларын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі болып қалады. Яғни, субъект және объект салыстырмалы түсініктер, сондықтан да олар сөз жоқ өзара орын ауыстырулары мүмкін.

Дипломдық жұмыстың объектісі - қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздері.

Дипломдық жұмыс тақырыбының пәні - Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық - құқықтық заң нормалары.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында қолданылатын қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату негіздерін ұғыну және талқылау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы 66 бетті құрайды.

1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі нормативтік қаулысында: «қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап, негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚР ҚК-нің 65-69-баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс. Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан-жақты, толық және объективті түрде зерттелген мән-жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет», - деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін [3. 24 б. ] .

Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар. Бұл институтты тәжірибеде жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады. Сондықтан да керсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.

Осы тарауда жасы толғандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері қаралмайды. Жасы толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелері арнаулы тарауда қарастырылады.

Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген:

1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.

3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

6. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.

Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады.

Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.

Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

1. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.

2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату.

3. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру.

4. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру.

5. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру.

6. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.

7. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.

Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату, яғни қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескіруге байланысты жауаптылықтан босатудан басқасы істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден босату сот үкімі бойынша белгілі бір жазаға тағайындалып, соны өтеу барысында өздерінің түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады. Мұндай жазадан босату тек заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады.

Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаны өтеу мекемесінің және бақылау комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге байланысты жазадан босату жұртшылық өкілінің пікірін ескермей-ақ қолданыла береді.

Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды. Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық-құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді. Қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды. Қылмыскер тиісті өкімет органының күштеуі арқылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір құқықтардың субъектісі де. Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына, осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни санкцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда заңдылықтың кепілі ретінде де көрінеді. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақ та қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік. Мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынас, яғни қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы қатынас жүзеге аспайды. Бұған мысал ретінде латентті қылмыстарды қосуға болады. Қылмыс жасаған кінәлі адам, егер де ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады. Бірақ та қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-2-бөліктерінде: «Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін [2. 46 б. ] .

Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін» делінген. Осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген. Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігінде: «Кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін» деп көрсетілген. Мұнда қылмыстық жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген, Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық-құқылық түсінік екендігін, оның жазасыз-ақ қолданылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара тығыз бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз [2. 47 б. ] .

Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады. Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құкық теориясында ғана ашып көрсетіледі. Адамның, яғни қылмыс субъектінің қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға кауіпті іс-әрекеттерді, қылмыстың объективтік жағы кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен істеуі, қылмыстың субъективтік жағы, қылмыс құрамының белгілері болып табылады. Қылмыстың объектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын білдік. Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол адамды қылмыстық жауаптылыққа тартатын негіз жоқ.

Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп - қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін, яғни айыптаушылығын айтамыз.

  1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың бұл түрі қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірілген зиянның орнын толтыруы белгілері болуы шарт.

Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінің айыбын мойындап заңда көрсетілген органға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын жүректен өкіну деп, кінәлінің істеген қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш білдіруі, өзін-өзі айыптауы, істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу, іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орнын толтыру деп кінәлінің өз еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орнын толтыруы, жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп тергеу органдарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. Қылмыстық кодекстің 65-бап 1-бөлігі бойынша шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден, айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі, екіншіден, қылмыс істегеннен кейін:

а) айыбын мойындап өз еркімен келуі;

б) қылмысты ашуға жәрдемдесуі;

в) жеткізген зиянның орнын қалпына келтіруі ғана қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Соңдай-ақ қылмыс жасаған адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін, яғни ҚК-тің 65-бап, 2-бөлігі бойынша. Қылмыстық кодекстің 65-бап 2-бөлігі жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің осы 65-бабының бірінші және екінші бөлігінде көзделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек осы кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін, яғни бұл ҚК-тің 65-бап, 3-бөлігінде көрсетілген. Мысалы, Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің кейбір баптарының санкцияларында шын жүректен өкіну қылмыстық жауаптылықтан немесе қылмыстық жазадан босатудың негізі ретінде көрсетілген. Мысалы, пара бергендігі үшін, 312-бап, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасу, сақтау іс-әрекеттері үшін ҚК-тің 259-бабы [2. 254 б. ] .

Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негізі - кінәлінің қылмыс жасағаннан кейінгі қоғамға тигізген зардаптың қауіптілігі аз мөлшерде болуы. Кінәлінің шын өкінуіне байланысты, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қылмыстық кодекстің 53-бабының «к» және «д» тармақтарында қарастырылады. Қылмыстық кодекстің 65-бабында қылмыстық жауаптылықты жеңілдету емес, керісінше жауаптылықтан босатуды көздейді.

Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңға сәйкес талаптарға сүйеніп соған байланысты орындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жазадан босату ұғымы және оның түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz