Қылмысқа қатысудың түрлері
Жоспар:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізі
және шегі
1.2 Қылмысқа қатысудың түрлері
ІІ Тарау. ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ АРНАЙЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту
2.2 Қатысушылардың түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қылмыс — бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы
істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген
қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген
қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін
жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың
әркайсысының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай
салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың
маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық
мүмкіндік туғызады.
Жаңа қылмыстық заңда қылмысқа бірлесіп қатысудың ұғымы, оған
қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен
кемектесушілер) жекелеген іс-әрекетін сипаттайтын белгілер және оларға жаза
тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының
анықтамасы берілген (ҚК-тің 27, 28, 29, 31-баптары).
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны
ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты
осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор.
Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың —
қатысушылардың — өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана
қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен
қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады.

Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте
көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді
бұзу, парақорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстар бірлесіп істеу
арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қатысудың ұғымы Қазақстан
Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында Екі
немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп
қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады—делінген.
Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың
өзіндік объективтік және субъективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудың
объективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан да көп
адамдардың қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі
дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы қажет. Есі
дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаған
жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып
саналады, сол себептен ол қылмысқа қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды
қылмыс істеуге пайдаланғандардын өздері қылмысты тікелей орындаушы ретінде
жауап береді. Ал кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту кодекстегі
131-бап бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыс істеуге
қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік
жағынан алғанда қылмыс істеуге бірлесіп қатысу деп, оны істеуге бірге
қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетті
істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Өзінің мәні
жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген
қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, қатысушылар санына қылмыс істеуге
біреуді көндірген (айдап-салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған
басшылық етуші (ұйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған
(көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін.
Қылмысты ұйымдастырушылардың; айдап салушылардың; кемектесушілердің әр
түрдегі және әр түрлі дәрежедегі қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен
бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы
немесе сонымен тұспа-тұс келуі және олардың барлығының осы қылмысты
әрекетті істеумен себепті байланысты болуы шарт. Әрбір қатысушының
әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелген
қылмыстық қатысушыларының бірлескен қылмысты іс-әрекеттерінің салдары
екендігін дәлелдейді, барлық қатысушылардың бірдей жағдайда жауаптылыққа
тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.
Қылмысқа қатысуда іс-әрекетпен қылмыстың зардабының өзара байланысының
жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар. Қылмысқа
қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың
іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде
ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының
тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға
оның, қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады.
Субъективтік жағынан алғанда қылмысқа катысу барлық қатысушылардың қылмысты
қасақана істегенін білдіреді.
Бұл жерде екі немесе одан да кеп адамдардың қасақана қылмыс жасауға
қасақана қатысуы ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің,
орындаушының істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және
олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны
немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.
Қылмысқа қатысу тек қасақана істелетін қылмыстарда ғана болады.
Абайсыздықпен істелетін қылмыстарда қылмыска қатысушылық болмайды.
Қылмысқа қатысуда барлық қатысушылар іс-әрекетті қасақана, оның
ішінде тек қана тікелей қасаканалықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмысты
істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмысты іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір
жағдайларда қылмысқа қатысу нақтыланбаған тікелей қасақаналықпен де болуы
мүмкін.
Л., Н. Деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының
біріне екеуі де пышақ салған. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанған.
Бұлардың әрекетін халық соты нақтыланбаған тікелей қасақаналықпен істелген
қылмысты әрекет деп бағалап, оларды Қылмыстық кодекстің 103-бабы 3-бөлігі
бойынша саралаған. Себебі олар пышақ жұмсаудан кез келген ауыр зардаптың
немесе кісі өлімінің болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.
Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының
істейтін қылмысының қоғамға зияндылығының мәнісін сезу, сондай-ақ сол
адамның қылмысты жалғыз өзінің емес, басқалардың әрекетімен бірге жасайтын
мәнжайларды сезінуі шарт.
Қылмысты ұйымдастырушы, қылмысқа көмектесуші немесе айдап салушы
қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін, ниетін, және өздерінің
орындаушының қылмысты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі қажет.
_______________
А.Н.Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.Алматы
Жеті жарғы 1999 ж.
Қылмысқа бірге қатысуда да, жеке адамның істеген қылмысында да
қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық занда көрсетілген қылмыс
құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады. ҚК-тің
Ерекше белімінің баптарында жеке адамның қылмыс істегені үшін жауаптылығы
белгіленген. Ал Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімі (28-бап) кез келген
қасақдна қылмыстарда қылмысқа бірге қатысушылықтың орын алатындығының
заңдылық көрінісін бейнелеген, сондықтан ҚК-тің Ерекше бөлімінде
көрсетілген жекеленген қылмыс құрамдарында көрсетілген қылмысты немесе
қылмыстарды бірнеше адам бірге жасау арқылы істесе, онда мәселе Жалпы
бөлімде көрсетілген қылмысқа бірге қатысу туралы баптың (28-бап) ережелері
басшылыққа алына отырып шешіледі. Қылмысқа бірге қатысуда әрбір қатысушы
өздерінің бірлескен әрекеттері арқылы қылмыс істеуге нақты үлестерін
қосады. Бұл үлес одан туындайтын зардаппен тікелей байланысты болады.
Сондықтан да қылмыстық құқық нормасы бойынша қылмысқа қоса қатысқандардың
барлығы да бірдей негізде және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде
көрсетілген баптың санкциясы шеңберінде жауапқа тартылады. Бұл туралы
Қылмыстық кодекстің 29-бабының екінші бөлігінде: Қоса орындаушылар
өздерінің бірлесіп жасаған қылмысы үшін осы Кодекстің 28-бабына сілтеме
жасамай, осы Кодекстің нақ бір бабы бойынша жауап береді,— деп тура
көрсетілген.
Осы принципке сәйкес қылмысты орындаушының әрекеті ҚК-тің Ерекше
бөліміндегі істелген қылмыс үшін жауаптылықты белгілейтін бап бойынша
тікелей сараланады, ал ұйымдастырушы, көмектесуші, айдап салушылардың
әрекеттері егер олар қылмысты тікелей орындауға бірге қатыспаса Ерекше
бөлімдегі істелген қылмыс үшін жауаптылықты белгілейтін баппен және оған
қосымша міндетті түрде ҚК-тің 28-бабының тиісті тармағына сілтеме жасалына
отырып сараланады. Қылмысты бұлай саралау қылмысты тікелей орындаушының
Ерекше бөліміндегі нақты қылмыс құрамын істегендігіне, ал басқа
қатысушылардың іс-әрекетін 28-бапқа сілтеме жасау арқылы саралау қылмысқа
қатысушылардын, әрқайсысының әрекетін, атқарған ролін толық сипаттау үшін
қажет. Егер орындаушының қылмысты әрекеті алдын ала дайындық сатысында
үзілсе, онда бұл жағдайда қылмысты саралауда өз көрінісін табуы керек.
Мұндай ретте орындаушының әрекетінде басқа бір қылмыстың кұрамы бар болса,
ҚК-тің 24-бабында сілтеме жасала отырып, белгілі бір қылмысты істеуге
даярланғандық немесе оқталғандық ретінде саралануы қажет, ал басқа қылмысқа
қатысушылардың, әрекеті тиісінше, 24, 28-баптарға және нақты қылмыс
құрамына сілтеме жасала отырып сараланады. Мысалы, бөтен біреудің мүлкін
ұрлау, оқталу сатысында үзілсе, онда орындаушының әрекеті 24, 175-баптардың
тиісті бөліктерімен, ал осы қылмысқа азғырушының әрекеті 24,28, 175-
баптардың тиісті бөліктерімен сараланады. Қылмыстық заң қылмысқа бірге
қатысуда бірлескен қасақана қылмысты әрекетдей отырып, бірге қатысқан әрбір
қатысушының қылмыс істеуге қосқан үлесін нақты анықтауды талап етеді.
Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы бір қылмысты істеудегі объективті және
субъективті байланысына сәйкес қылмысты тікелей орындаушылардың әрекетімен
де, сонымен бірге әрқайсысының өзінің қоғамға қауіпті әре-кеттерімен
белгіленеді. Сондықтан қылмыстың орындаушысы белгілі бір себептермен
(мысалы, жасы толмауы) – Қылмыстық жауапқа тартылмаса, басқа қылмысқа
қатысушыларды жауаптылықтан босатуға негіз жоқ. Сондай-ақ қылмысты
орындаушының қылмысқа басқа қатысушылардың ниеті қамтымаған басқа бір
қылмысты әрекетті істегені үшін барлық қатысушыларға бірдей кінә қоюға тағы
да болмайды.
Осыған байланысты қылмысқа қатысушылардың әрекетін саралағанда
олардың әрқайсысының осы қылмысқа қатысу мәнісімен бірге қылмысқа қатысудың
түрін есепке алудың, да маңызы зор. Өйткені Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі жекелеген баптарда қылмысқа қатысудыц нақты нысандары белгілі
бір құрамның негізгі немесе жетілген белгісін көрсетуі мүмкін, мысалы: 237-
баптағы бандитизм құрамының бір белгісі болып банда, 175, 177-баптардағы
құрамның жетілген белгісі мүлікті бір топ адам болып талан-таражға салу
болып табылады. Осы жағдайларда банда мүшелерінің немесе осы топтың
мүшелерінің өзара өз рольдерін бөліспеуі немесе олардың кейбіреуінің қылмыс
істеуге тікелей қатыспауы да мүмкін. Соған қарамастан барлық қылмыстық
ұйымның немесе топтың мүшелерінің әрекеттері қылмыстық құқықтың Ерекше
бөлімінде осы қылмысқа қатысудың түрі тікелей көрсетілген баппен саралануы
керек. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайлас-тықтың (қылмыстық
ұйымның) мүшелерінің қатысуымен қылмыс істелгенде олардың әрқайсысына
тағылатын кінә мөлшерін анықтаудың, оларға жеке-дара жаза тағайындау үшін
маңызы ерекше, Қылмыстық заңның кағидасына сәйкес ұйымдасқан топ немесе
қылмыстық сыбайластыққа қатысқан әрбір қатысушыға олардың істеген нақты
қылмысына немесе қылмыстың жеке эпизодтарын істеуге қатысуына байланысты
ғана кінә тағылуы керек. Сондықтан да Қылмыстық кодекстің 31-бабының 5 және
6-бөліктерінде:
Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды)
құрған не оларға басшылық еткен адам осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті
баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық
еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса, ұйымдасқан
топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс
үшін қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық
сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары осы
Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда
оларға қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауға немесе жасауға қатысқан
қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады.
Ұйымдасқан топ құру осы Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында
көзделмеген жағдайларда оны жасау үшін құрылған қылмыстарға дайындалғаны
үшін қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғады делінген.
Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық
ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қауымдастыққа қатысу жеке қылмыс
құрамы болып табылады. Ол үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде осы
үшін жауаптылықты белгілейтін 235-нөмірлі арнаулы бап бар. Осы баптың
бірінші бөлігінде ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқару —
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Көрсетілген баптың екінші бөлігінде:
Қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр қылмыс
жасау үшін құру, сол секілді осындай_ қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған
кіретін құрылымдық бөлімшелерді басқару, сондай-ақ ауыр немесе аса ауыр
қылмыстар жасау үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында ұйымдасқан
қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де
өкілдерінің бірлестіктерін құру — мүлкі төркіленіп немесе онсыз бес жылдан
он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады,—делінген.
Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық арқылы басқадай қылмыс істесе,
онда кінәлінің әрекеті қылмыстың жиынтығы (235-баптың тиісті бөлігі және
істеген басқа қылмысы үшін) бойынша сараланады. Қылмысты ұйымдасқан топ
болып немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) арқылы бірнеше қылмыс
істегендерге жаза әр қылмысы үшін бөлек тағайындалады, жазаларды түгелдей
немесе ішінара қосу жолымен заңның ауырлау жаза белгіленген бабындағы
шектен асырмай, жазаны қорытып бірақ тағайындайды. Бүл осындай ауыр қылмыс
түрін істегендерге лайықты жаза тағайындаудың кепілі болып табылады. Яғни,
осыған орай жаза тағайындағанда қылмысқа бірге қатысушының әрқайсысының
атқарған рольін, кінәсінің деңгейін, істеген қылмысының мәні мен сипатын,
қылмыскердің тұлғасының ерекшелігін қатысушылардың жазасын жеңілдететін
немесе ауырлататын мәнжай толық есепке алынуы керек.
Қылмысқа бірге келісіп қатысушылықтың жауаптылығының арнаулы
мәселелерін шешудің теориялық және практикалық маңызы зор.
Ол біріншіден, қылмысқа қатысушының эксцессі (шектен шығушылығы) туралы
мәселе. Қылмысқа қатысушының эксцессі деп адамның басқа қатысушылардың
ниетімен қамтылмаған қылмысты жасауын айтамыз (30-бап). Қылмысқа
қатысушылардың біреуі алдын ала істеуге деп келісілген келісімнің шегінен
шығып өз бетінше басқа бір қылмысты қосымша істеуі мүмкін. Мұндай жағдайда
қылмысқа қатысушынын шегінен шығушылығы үшін басқа қатысушылар қылмыстық
жауапқа тартылмайды. Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың бірі
ұйымдастырушы, айдап салушы, кемектесуші немесе орындаушы басқа қылмысқа
қатысушылармен бірге алдын ала ойластырылған, келісілген қылмыс істеудің
орнына мүлдем басқа қылмысты немесе бірнеше қылмысты істейді. Мысалы:
келісім бойынша тонауды жүзеге асырудың орнына, орындаушы қарақшылық
жасайды немесе келісілген тонауды да, оның үстіне басқа қатысушылармен
келісілмеген қосымша тоналған әйелді зорлауды жүзеге асырады.
Орындаушының эксцессі тар мағынадағы және бірге орындаушылықтағы
қылмысқа қатысуда орын алады. Мысалы, бірге орындаушылықта қылмысты
орындаушының біреуі қатысушылардың алдын ала келісілгенінің шегінен шығып,
адамды сабаудың орнына оған пышақ салып, жәбірленушіні қазаға ұшыратады.
______________
Мемлекет және құқық негіздері.Е.Баянов. Алматы 2001 ж.
1.2 Қылмысқа қатысудың түрлері
Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау
қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне,
олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың
өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара
әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне
байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік
дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей
қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді. Бұл
нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан.
Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және
қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.
Қылмыстық құқық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерін де бөліп
көрсеткен.
Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатысқан жекелеген
қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты
қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге
бөлінеді.
Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық деп
атаймыз. Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге қатысқандардың
барлығы да сол істеген қылмыстың объективтік жағының белгілерін басынан
аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстың объективтік жағының
бір бөлігін орындауға ғана қатысуын айтамыз. Мұндай ретте қылмыстың зардабы
қылмысты қоса орындаушылардың ортақ әрекетінің жиынтығының нәтижесі болуда.
Тар мағынадағы қатысушылықта орындаушы қылмыс істеуге
ұйымдастырушының: айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуын білмеуі де
мүмкін. Ал қоса орындаушылықта қылмысқа қатысушылардың барлығының бір-
бірінің өзара әрекеті жөнінде хабардар болуы және қатысушылардың қылмысты
бірге тікелей істейтінін білуі қажет.
Егер ондай болмаса адам қылмысты жеке істеген болып саналып, оны
орындаушы өзінің істеген іс-әрекетінің шеңберінде ғана жауапты болады. Тар
мағынадағы қылмысқа қатысушылыққа тән белгілердің бірі қылмысқа
қатысушылардың өзара рольдер бөлісуі болып табылады. Қылмысқа қатысудың бұл
түрі бойынша қылмыстың объективтік жағының белгілерін тікелей орындаушы
ғана жүзеге асырады, ал ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушілер
болса орындаушының атқаратын осы іс-әрекеті жөнінде хабардар болады.
Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды,
олар кейде қабаттасып кетуі де мүмкін. Мысалы: көп жағдайларда
ұйымдастырушы және көмектесуші басқа қатысушылармен бірге тікелей қылмыстың
объективтік жағының тұтас белгілерін немесе оның бір бөлігін орындауға
қатысуы мүмкін. Мұндай ретте қылмысқа алдын ала келісіп қатысу (қатысу
нысаны) қоса орындаушының және тар мағынасы қылмысқа қатысушылық
(қатысушылардың түрлері) көріністерінің қабаттасуы орын алады. Қылмысқа
қатысу нысаны мен түрлерін дұрыс аныктау қылмысты саралауға және жазаны
даралау мәселесін шешуге әсер етеді. Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін
белгілеу бірлесіп істеген қылмысты іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің
сипаты мен дәрежесін анықтауға және қылмысқа қатысушылардың әрекеті мен
келісушілігінің дәрежесін есепке алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың
өзара байланысы тығыз болса, олардың әрекеті ұйымдасқан сипатты білдіреді.
Мұның өзі олардың істеген қылмысының қауіптірек болатынын көрсетеді.
Қылмыстық кодекстің 31-бабында қылмысқа қатысудың бірнеше нысаны: топ
болып қылмыс жасау, бір топ адамның алдын ала келісу, ұйымдасқан топ және
қылмысты бірлестік арқылы жасауы деп көрсетілген. Осы аталған бапта
қылмысты іс-әрекетгі істеудің келісушілігінің дәрежесіне сәйкес қылмысқа
қатысудың нысандары бөлек көрсетілгенмен, іс жүзінде қаты-сушылардың өзара
қылмыс істеуге деген алдын ала келіспеушілігінің болғанына немесе
болмағанына байланысты қылмысқа қатысу нысаны төмендегідей бірнеше түрге
бөлінеді.
Алдын ала келіспей қылмысқа қатысу (31-бап, 1-бөлігі). Мұндай ретте
қылмыс топ арқылы алдын ала келіспей, қоса орындаушылық түрінде, қылмыска
қатысушылардың арасында келіспеушілік қылмыс істелгенге дейінгі уақытта
орын алмаған жағдайда істеледі. Бұл жағдайда қылмысты топқа қатысушылардың
өзара келісуі қылмыс істеу барысында, қылмыстың объективтік жағының
белгілерін орындауға кіріскен уакыттан бастап жүзеге асырылады. Алдын ала
келіспей топ болып қылмыс істеу көп жағдайда төбелеске қатысып кісі
өлтіруге, денеге жарақат салуда, әйел зорлауда жиі кездеседі. Бұл қылмысқа
тән белгі — қылмыс істеуге, яғни қылмыстың объективтік жағын орындауға
кіріскен орындаушының әрекетіне басқа қатысушылардың қосылып кетуі болып
табылады. Мұндайда әрбір қылмысқа қатысушы қылмыстың объективтік жағының
белгілерін толық немесе ішінара орындайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 23
сәуіріндегі Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды
соттардың қолдану тәжірибесі туралы қаулысының топ болып жасалған зорлау
деп — бірнеше адам бір жәбірленушіні зорлағандығы, сондай-ақ айыпкердің
бірнеше адам (екеуден кем емес) жәбірленушіге бірлесе күш жұмсап, онымен
жыныс қатынасын жасаса, бұл әрекет топ болып зорлау деп саралануға жатады.
Өздері зорлап жыныс қатынасын жасамаған, бірақ жәбірленушіге күш қолдану
арқылы басқалардың оны зорлауына көмектескен адамдар топтасып зорлауды
орындаушылар болып табылады— делінген. Алдын ала келіспей қылмысқа топ
болып қатысу өте қауіпті және бұл сот тәжірибесінде аз кездесетін қылмыс
болып табылады.
Қылмысқа қатысу нысанының ең қауіпті және көп тараған түрі алдын ала
сөз байласып, келісіп қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан
түрі болады. Алдын ала келісу деп қылмыстың объективтік жағын құрайтын
әрекеттерді орындағанға дейін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі
көрсетілген баптардағы іс-әрекеттерді істегенге дейін басқа бір адаммен
болса да келісімге келуді айтамыз. Бір топ адамның қылмысты алдын ала
келісіп істеуінің белгілері: "біріншіден, қылмысқа қатысушылардың саны
екіден кем болмайды; екіншіден, олардың қылмыс істеу туралы келісімі
қылмысты істегенге дейін орын алады; үшіншіден, келісім белгілі бір немесе
бірнеше қылмысты істеу жөнінде болады. Қылмысқа қатысудың бұл нысаны
Қылмыстық кодексте нақты қылмыс құрамының негізгі немесе жетілдірілген
(квалифицирующий) белгілері немесе жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар
ретінде көрсетілген. Мысалы: 175-баптың, 2-бөлігінде бөтеннің мүлкін
адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ұрлау;— делінген. Бүл жерде
қылмыс істеуге келісу деп қылмысқа қатысушылардың дайындалып немесе істейін
деп жатқан қылмыс жөніндегі өзара ауызша, жазбаша келісімге қол жеткізуін
айтамыз. Кейде мұндай келісімдерге конклюдеттік әрекеттер (үндемей келісу)
арқылы қол жетуі мүмкін. Келісімнің түпкі мақсаты қылмысқа қатысушылардың
барлығынан да істейтін қылмыс құрамының объективтік жағын орындауға тікелей
қатысатыны туралы болады, яғни қылмыс қоса орындаушылықпен жүзеге
асырылады. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын
біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс
деп танылады. Мұндай ұйымдасқан топпен істелетін қылмыстардың белгілері:
біріншіден — қылмысқа кем дегенде екі адам қатысады, екіншіден — ондай
қатысу алдын ала қасақана бір немесе бірнеше қылмыс істеу жөнінде
келісіледі, үшіншіден — қылмыстық топ тұрақты топқа жатады. Алдын ала
ұйымдаскан тұрақты қылмыста топтың қатысушылары, әдетте, қылмыс істеу
жөнінде күні бұрын, яғни қылмысты істегенге дейін өзара келісіп, қылмыс
істеудің жоспарын құрады; қылмысқа қатысушылардың өзара ролін белгілейді;
қылмысты әрекетті жүзеге асырудың тәсілін және жоспарланған әрекетті жүзеге
асырудың жағдайларын қарастырады. Ұйымдасқан тұрақты топпен қылмыс істеу
топқа қатысушылардың белгілі бір рольдерді атқаруы арқылы да, сондай-ақ
ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа қатысып жүзеге асыруды қамтамасыз
етеді. Тұрақты топ дегеніміз бір немесе бірнеше қасақана қылмыстар істеу
үшін құрылған топ болып табылады. Мұндай тұрақты топтың мүшелері болып
кейде мемлекеттік өкімет: басқару органдарының жауапты қызметкерлері де
болуы мүмкін. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес ұйымдасқан топ болып
қылмыс істеу қылмысты жетілдіретін, ауырлататын белгі ретінде бірнеше бапта
көрсетілген. Мысалы, 175 бап, 3 бөлік, а тармағы, 178-бап, 3-бөлігі, а
тармағы, 177-бап, 3-бөлік, а тармағы, т. б.
Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған
бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан
топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыс сыбайластық қылмысты ұйым жасаған
қылмыс деп танылады. Қылмыстық сыбайластыққа тән өзіндік белгілердің бірі
қылмысқа қатысушылардың өзара алдын ала келісушілігінің ең жоғары дәрежеде
болатындығына және оның тұрақты, тығыз ұйымдасқан, топтасқан құрылым
екендігіне байланысты. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) ауыр немесе
ерекше ауыр қылмыстар істеу үшін адамдардың біріккен тұрақты және топтасқан
тобының көрінісі болып табылады. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық
ұйымның) қатысушылардың тұрақтылығы, топтасқандығы қылмысқа қатысудың тек
қана осы түріне тән белгілері болып табылады. Бұл жерде қылмыстық
сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) тұрақтылығы деп оның мүшелерінің өзара
үнемі байланыста болуын және олардың бірнеше ауыр немесе ерекше ауыр
қылмысты істеуге даярлану, оқталу, жүзеге асыру әрекетінің өзіндік
әдістерінің көрініс беруін айтамыз. Алдын ала келісімнің және өзара тығыз
сыбайластықтың, бірлестіктің тұрақтылығын көрсетеді. Қылмысқа бірге
қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық белгілерін сипаттайтын қылмыстық
мақсатты жүзеге асырудағы ортақ бірлігінің бар болуын қылмысты
сыбайластыққа (қылмысты ұйымға) топтасқандық деп танылады. Қылмыстық
сыбайластықтың (қылмыстық, ұйымның) істеген қылмысының қауіптілігі сол, бұл
ұйым жәй ғана өзара келіскен адамдар тобынан емес, қылмысты құқыққа қарсы
әрекеттермен шұғылдану үшін жасалған тұрақты, басқарылатын ұйымға топталған
адамдардан тұрады. Бұл басқарылатын тұрақты ұйымның мақсаты ауыр немесе
ерекше ауыр қылмысты әрекеттермен шұғылдану болып табылады. Мұндай ұйым,
әдетте бірнеше, саны белгісіз, қылмыстарды жасау үшін, орындалуы қиын,
ауқымы кең, тәсілі мен әдісі жөнінен күрделі ауыр немесе ерекше ауыр
қылмыстарды жүзеге асыру үшін құрылады. Қылмысты топтың мүшелері арасында
әрқайсысының атқаратын рольдері белгіленеді. Мұндай басқарылатын ұйым көп
жағдайларда ауыр немесе ерекше ауыр қауіпті қылмыстарды жүзеге асырады.
Қылмыстық сыбайластықпен (қылмысты ұйыммен) істелетін қылмыстардың кейбір
түрлері қылмыстық занда жеке қылмыс құрамы ретінде көрсетілген. (Мысалы,
237-бап. Бандитизм). Банда дегеніміз азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл
жасау мақсатында тұрақты, қарулы топ құру. Бұл қылмыс тұрақты басқарылатын
ұйымға топтасқан адамдар арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды
қылмыстық кұқық теориясы қылмыстық ұйыммен бірлестікпен жасаған қылмыс деп
таниды.
_________________
А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім 2003 ж.
Қылмысқа қатысудың нысандары
Қатысушыларды қылмыстың Алдын ала келісімнің бар
объективтік жағының немесе жоқ болуында байланысты
белгілерін орындау
сипатына байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz