Қылмысқа қатысушылардың түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ

1. 1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысу ұғымы

1. 2 Қылмысқа қатысу нысандары және олардың заң жүзіндегі сипаттамалары

2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШАР ТҮСІНІГІ

2. 1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері

2. 2 Қатысушылардың қылмыстық жауаптылық негіздері және шегі

2. 3 Қатысудың арнаулы мәселелері

2. 4 Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту

2. 5 Қатысушылардың түрлері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

3

6

6

9

13

13

17

19

21

23

30

32

Кіріспе

Қылмысқа қатысудың екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс істеуге қасақана бірлесіп қатысуы деп таньшатьш анықтамасы республика қылмыстық заңнамасьша ҚР Президентінің 1995 жылғы 17-наурыздағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарғысьшен енгізілген болатын.

1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 27-бабында қатысу заң жүзінде, екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс істеуге қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады деген анықтамамен бекітілді. Осы ереже ҚР Жоғары Сотының 2001 жылғы 21-маусымындағы «Соттардың бандитизм және қатысумен істелген басқа да қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысында да көрініс тауып, ол құжатгың 2-тармағында «қылмысқа қатысу қасақаналықпен қылмыс істегенде ғана болуы мүмкін, сондықтан бірнеше адамның абайсыздықта істеген қылмысы топтасып істеген адамдардың қылмысы ретінде қарастырылмайды.

Қатысудың заңнамалық анықтамасында оның объективті және субъективті белгілері қамтылған. Бұл жерде объективті белгілер қатысудың объективті шындықта болғанын сипатттаса, субъективті белгілер оның ішкі мазмүнын, яғни, бірлесіп істелген қоғамдық қауіпті құқыққа қайшы әрекетке қатысушылардың арасындагы психикалық өзара байланысты сипаттайды. Қатысуды анықтауда төрт объективті және екі субъективті айырып көрсетіледі.

Қатысудың бірінші объективті белгісі - сандық, яғни екі немесе одан да көп адамның қатысуы. Жекелеп істеген қылмыс ешқашанда қатысумен жасалды деп танылмайды. Қылмысқа екі немесе одан да көп адам қатысқанда ғана қылмысқа қатысу туралы сөз қозғауға болады. Қылмысқа қатысудың анықтамада көрсетілген екі немесе одан да көп деген сандық мазмұны қылмыс субъектісінің қасиетіне ие болуы тиіс, яғни олар іс жүзіне жауап беруге қабылетті есі дұрыс, істеген қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықа тартуға болатын жасқа толуы керек.

Мәселен, ҚР Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 23-сәуірдегі «Соттардың зорлау үшін жауаптылықты реттейтін заңнамаларды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысында зорлауды орындаушылардың біреуі есі дұрыс емес немесе заңмен белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартуға жасы жетпеген жағдайда зорлауға қатысқан басқа қатысушының әрекеті топпен істелген деп саналмайды. ҚР Жоғарғы сотының 2003 жылғы 11-шілдедегі (19. 12. 2003 ж. өзгертулерімен) «Ұрлық істеу туралы істер бойынша сот тежірибесі туралы норматавтік қаулысьйшң 10-тармағында «заңда қарастырылған қылмыстық жауашылық басталатын жасқа толмаған немесе есі адаммен күні бұрын сөз байласып қасақан істелген қылмыс адамдардың топтасып істеген қылмысы ретінде саналмайтындығы» жөнінде түсінік берген. Арнайы субъектісі бар қылмыс егер ол екі немесе одан да көп адам қатысып істелгенде, арнайы субъекті белгілеріне ие болғанда ғана қатысумен істелген қылмыс деп танылады. Мысалы ҚР Жоғарғы Соты пленумының 1995 жылғы 22-желтоқсандағы (20. 12. 1999 ж. өзгертулерімен) «Соттардың парақорлық үшін жауаптылығы туралы заңнамаларды қолдану тәжірибесі турапы» қауылысының 6-тармағында алдын ала сөз байласқан адамдар тобының пара алуы кезінде бұл қьшмысқы қатысушылар кемінде лауазымды екі адам болуы керек, ал осы қылмысты ұйымдастыруды, не көмектесуді, не арандатуды жүзеге асырушы қылмыстың жалпы субъектісі (кылмыстык жауаптылыққа тартуға жасы толған, есі-дені сау) болуы мүмкін.

Атап өту керек, ҚР 2003 жылғы 25-қырқүйектегі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелрі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының негізінде ҚР ҚК Ерекше бөлімінің 13-тарауына заңшығарушы лауазымды адамдар мен жауапты мемлекететтік лауызым атқаратын адамдар мен бірге қылмыстың: 1) мемлекеттің функцияларын орындауға өкілетгі адам және 2) соған теңестірілген адам деген қылмыстың арнайы субъектісінің екі санатын енгізді. Осыдан келіп, параны лауазымды адамдар ғана емес, осы аталған адамдар да алуы мүмкін деген ой туындайды.

ҚР Жоғары Сотының 2001 жылғы 21-маусымындағы «Соттардың бандитизм және қатысумен істелген басқа да кылмыстар үшін жауаптылық туралы заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысынының 3-тармағында ҚР ҚК 31-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмысқа қатысушыларға қатысты «адамдар тобы істеген қылмыс» деген жіктеуші белгісін оны орындауға екі немесе одан да көп адам қатысып істеген жағдайда ғана тағылатындығы жөнінде түсінік берілген.

Қылмысқа қатысудың екішпі объективті белгісі ол тек қана қатысуды керсетпейді, бірлесіп қатысуды көрсетеді. Сондықтан, бір уақытта, бір

орында екі немесе одан да кеп адамның қылмыстық мақсат үшін күшін біріктірмей, әрқайсысы өз беттерімен құқыққа қайшы келетін қоғамдық қауіпті істеген әрекеті қылмысқа қатысу деп танылмайды. Мысалы, бөлімдегі сатушының жоқтығын пайдаланған екі тұтынушы А. мен С. бір-бірімен келіспестен, өрқайсысы өз алдына бөлек әрекет жасап, тауарлар ұрлайды. Ал-дын-ала тергеу органдарымен және Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы ауданның сотымен А. мен С. -ның әрекетгерінде осы қылмысты істеуда бірігушіліктері болмағандықтан олардың әрқайсының әрекеті ҚР ҚК 175-бабының 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сараланады.

Сонымен бірге, басталған қылмыстық әрекетте күш біріктірудің өзі қатысуды қалыптастырады. Мәселен, егер адам бөлімдегі сатушының жоқтығын пайдаланып, тауарларды ұрлап алып, алып шыққан соң белісеміз деп оны алып шығуға басқа біреуден көмек сұраса, онда мұндай жағдайда бұл адамдардың әрекеті қылмысқа қатысуды қалыптастырады.

Сейтіп, бірігіп қатысу қатысушылардың бірлесіп әрекет істеуін білдіреді, мұндайда әркім бір қылмыстың соңғы нәтижеге жетуі үшін белгілі бір ұмтылыс жасап, күш жұмсайды.

Қатысудың үшінші объективті белгісі - бұл қатысушылар үшін бәріне бірдей, жалпы болып саналатын қылмыстың нәтижесі. Белгілі бір зиян келтіру түріндегі зардап екі немесе одан да көп адамдардың бірлесіп істеген қылмыстық әрекетгінің нәтижесі болуы тиіс. Олардың (қатысушылардың) әрқайсысы бәріне бірдей жалпы нәтижеге жету үшін өз үлестерін қосады.

Ең соңында, қатысудың төртінші объективті белгісі қатысушылардың әрқайсының әрекеті мен жалпы, қатысушылардың бәріне бірдей қылмыс нәтижесінің арасындағы қажетті тікелей себепті байланыстармен көрінеді. Бұл белгі ұйымдастырушының, айдап салушының, көмектесушінің әрекеттері уақыт кеңістігінде орындаушының қылмыстық әрекетінің бұрын болатынын және заңды түрде бәріне бірдей жалпы нәтиженің болуына жетелейтін өздерінің арасындағы да, орындаушының әрекетімен өзара шарттастықта, өзара тәуелді байланыста былатынын көрсетеді.

Заң әдебиеттерінде қатысудың аталған объективті белгілерінің соңғы үшеуі қылмыстың сапалы белгісі деген бір белгілге шоғырланады.

Қатысудың сапалық белгісі бірігіп қатысу ұғымымен ұштасады. «Бірлескен әрекет белгісі, - деп атап өтеді М. А. Шнейдер, - біріншіден, катысушылардың жалпы, бірлескен, бірін бірі толықтыратын күшімен, екіншіден, сол бірлесіп істелген әрекеттері құқықпен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру түрі арқылы бәріне бірдей нәтижеге жеткенде, үшіншіден, әрбір қатысушы істеген әрекет нақты бір жағдайда басқа қатысушылардың (ең болмағанды біреуінің) әрекет істеуіның қажетті шартына айналғанда, төртіншідеп, қатысушьшардың қол жеткізген ортақ нәтижелері әрбір қатысушының әрекетімен себепті байланыста болғанда ғана көрінеді».

Курстық жұмыстың мақсаты - қылмыстық қатынастардың түрлері мен қылмысқа қатысу нысандарын анықтау және қылмысқа қатысушар түсінігіне толық анықтама беру.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ

1. 1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысу ұғымы

Қылмыстық құқық ғылымында қатысу нысандары туралы мәселе, оны зертгеуді қолға алудың жарты ғасырлық тарихьша қарамастан шешімі әлі толығымен табыла қоймаған мәселелер қатарына жатады.

40-жылдардың басында А. Н. Трайнин қатысу нысандарының төмендегідей төрт мүшелі жүйесін ойлап шығарды:

1) жәй қатысу;

2) қатысушылар күні бұрын сөз байласқан, сараланған қатысу;

3) ерекше текті, яғни қылмыстық бірлестікке қатысу;

4) ұйымдаскан топпен қатысу.

Осы жүйелерді талдау барысы бұл топтарды бөліп қарау негізіне субъективті өлшемдік негіздер, атап айтқанда қатысушылардың субъективті байланыстарының сипаты мен дәрежесі алынғандығын айғақтады.

Осы өлшемдік негіздер П. И. Гришаев пен Г. А. Кригердің бөліп қараған қатысу нысандары үшін де анықтаушы болып табылады. Расында, олар қатысудың нысандарымен бірге түрлерге бөлуді де қарасіырды, бірақ бұл бағытты дамыту олардың зерттеулерінде көрініс таппай қалды. П. И. Гришаев пен Г. А. Кригер қатысу нысандары ретінде мыналарды қарастыруды ұсынды:

1) күні бұрын сөз байласпаған қатысу;

2) күні бұрын сөз байласқан қатысу;

3) ұйымдасқан топ;

4) қытысудың ерекше тегі - қылмыстық ұйым.

Олар қатысудың түріне барлық қатысушы әрекетінің біркелкілігімен және қылмыс құрамын орындауға тікелей қатысауымен көрінетін (бірге орындаушьшық) қарапайым қатысуды және қатысушылардың арасындағы рөлдері белгіленген, нәтижесінде олардың әрқайсысы сипатына қарай әртүрлі әрекеттер істеуімен көрінетін күрделі қатысуды жатқызды.

А. А: Пионтковский субъективті өлшем бірлігі негізінде қатысудың екі нысанын бөліп қарауды ұсынды:

1) алдын ала келісімсіз қатысу;

2) қарапайьш қатысуда ұйымдасқан топтың, қылмыстық ұйымныі жене банданың күні бұрын сөз байласқан қатысумен көрінетін күрделі қатысу.

А. А. Пионтковскийдің қатысудың «түрі» мен «нысаны»ұғымдарының арасына айырмашылық бермейтішн аңғаруға болады.

П. Ф. Тельнов болса, қатысуды келесідей төрт нысанға бөлуді ұсынады:

1) бірлесіп орындаушылық;

2) түрлі релдерді атқарумен қатысу;

3) қылмыстық топ;

4) қылмыстық ұйым.

Жоғарыдағы аталған авторларға қарағанда, П. Ф. Тельнов жіктеудің негізі топтасу дәрежесі емес, қатысушылар арасындағы өзара әрекеттестік әдістері деп көрсетті.

М. И. Ковалев, қылмыс істеуге бірлесіп қатысатын адамдардың өзара әрекетгестік сипатын жіктеуді негізге ала отырып, қатысу нысанын: кінәластық пен нақты мағынадағы, яғни рөлдерін бөліскен қатысу, деген екі нысанға бөлді . Қатысу нысавдарын жіктеудің өдшемдік негізін анықтаудың осындай көзқарасын В. С. Прохоров та ұстанды. «Қатысу нысаны, - деп жазды ол, - адамдардың арасындағы байланыстардың сипатын да емес, құрылымын да емес, субъективті байланысқан адамдардың бірлесіп істеген әрекеттері құрылымына тән қасиетгерді, яғни әрекет істеушілардың арасындағы байланысты емес, әрекетгердің арасындағы байланысты көрсетеді». Алайда М. И. Ковалевқа қарағанда, В. С. Прохоров қатысу нысанына тағы бір нысан - қылмыстық ұйымды қосты. Сөйтіп, В. С. Прохоровтың пікірінше, бірлескен қылмыстық қызмет үш нысанда көрінеді: жәй қатысу (бірлесіп орындаушылық) ; күрделі қатысу (рөлдерді бөлісу) және қылмыстық ұйым.

Ондаған жылдарға созылған ғалымдардың теориялық тұрғыдағы тартыстарының қисынды аяқталуына «Адамдар тобы, не ұйымдасқан топ, не қылмыстық қауымдастық болып істелген қылмыс» деп аталған 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінің 17-1-бабына Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17-наурыздағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығымен істелген өзгертуі себеп болды. Осы мәселелерге қатысты ғылыми ізденістерді қорытындылай келе, заңшығарушы қатысуды жіктеудің өлшемдік негізі ретінде қатысушылар әрекетінің келісу дәрежесі мен қылмыстық құрамалардың ұйымдасуына негізделген дәрежені таныды.

1959 жылғы ҚазКСР ҚК 17-1-бабы қатысудың үш түрі - күні бұрын сөз байласқан адамдар тобын, ұйымдасқан адамдар тобын және қылмыстық қауымдастықты қарастырды.

Қылмыс, егер ол оны істеу жөніңде күні бұрын келісіп біріккен адамдармен жасалса, адамдар тобының алдьш ала сөз байласуымен істелген деп танылды.

Қылмыс, егер ол күні бұрын тұрақты қылмыстық топқа біріккен адамдармен жасалса, ұйымдасқан адамдар тобымен істелген деп танылды.

Қылмыс, егер ол қылмыстық қызметпен айналысу үшін құрылған тұрақгы құрылымдық бірлестікке кірген адамдармен жасалса, қылмыстық қаумдастықпен істелген деп танылды.

Егеменді Қазақстанның алғашқы Қылмыстық кодексі (1997ж. ) қатысу нысанын реттеудің заң жүзіндегі ойын қабылдай отырып, жоғары да көрсетілген үш нысанға қоса тағы да бір - «адамдар тобымен қылмыс істеу» деген нысанды қарастырды. Бұл жерде қатысудың осы нысандарының әрқайсысы ҚР ҚК 31 -бабында нақты заңи сипатқа ие болды.

Іс жүзіндегі қажеттілігіне қарай ҚР Қылмыстық кодексіне енгізуді талап еткен ауырлататын мән-жайларының бірі қылмыстық топ құрамымен істелген қылмыс болып табылады. ҚР ҚК 31-бабымен реттелген қатысу нысандары ҚР ҚК Ерекше белімінің 303-бабындағы 106 қылмыстың саралаушы және ерекше саралаушы белгілілері болып табылады. Мәселен, «адамдар тобымен» деген сияқты белгі 3 қылмыс құрамында (ҚР ҚК 145, 164, 186-баптары) ; «алдын ала сөз байласқан адамдар тобы» - 31 кылмыс құрамында; «қылмыстық кауымдастықпен (қылмыстық ұйыммен) » 1 қылмыс құрамында қарастырылған (ҚР ҚК 193-бп. ) .

Сонымен бірге, заңшығарушы кейбір қылмыстарды нақты бір баптардың бір бөлігінде қылмысқа қатысудың екі және одан да көп нысанын көрсетеді, мысалы, «адамдар тобымен немесе, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен» - бір құрамда (ҚР ҚК 347-1-бп. ) ; «алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен» - 18 құрамда; «ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық қауымдастықпен» - 2 құрамда (ҚР ҚК 214, 259-баптары) ; және ең соңында баптың бір белігінде қатысудың бір дей үш нысаны көзделген, ол: «адамдар тобымен, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен» - 10 қылмыс құрамында (ҚР ҚК 214, 259-баптары) .

Заңшығарушымен қарастырылған қатысудың түрлі нысандары өмірде кеңірек тараған: ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, адам елтіру, денсаулыкқа түрлі ауырлықтағы зиян келтіру, бұзақылық, зорлау және басқа да қылмыстар құрамына енгізілген.

Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушылар ұжымы қатысуды түрлі нысандарға жіктеу кінәлілердің өзара әрекетгестіктері бойынша, олардың бір-бірімен байланысы бойынша жүргізілуі тиіс деп санайды. Осыған байланысты кафедра қатысуды келесідей төрт түрге бөліп қарастыруды ұсынады: 1) бірігіп орындаушылық (адамдар тобы - жәй қатысу) ; 2) түрлі релдерді бөлісумен қатысу (алдын ала сөз байласқан адамдар тобы - күрделі қатысу) ; 3) ұйымдаскан топ; 4) қылмыстық қауымдастық (қылмыстык ұйым) . Біз ойымызша, ҚР ҚК 31-бабында да дәл осы ереже айтылған сияқты.

ҚР ҚК 31-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер қылмыс істеуге екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын сез байласпай бірлесіп қатысса, ол адамдар тобы істеген қылмыс деп танылады. Қатысудың бұл нысаны қылмыстық құқық теориясында бірнеше атауға ие болды: қатысудың жәй нысаны, бірігіп орындаушылық, кінәластық: Осы аталғандардың әрқайсының белгілі бір қырынан сол қатысу нысанының құрамдас мәні керінеді. Мәселен, қылмысты топтасып істеу кезінде істегі адамдардың рөлдерін өзара бөлісудері болмайды, және осы мағынада ол жәй қатысу деп танылады. Мысалы, Ақтөбе облыстық соты Р. -мен бірігіп, кәмелетке толмаған Т. -ны тонау, оның шешесінен қорқы-тып ақша алу, содан кейін пайдқорлықпен, аса қаталдықпен және басқа қылмысты жасыру мақсатымен Т. -ны өлтіру қылмысымен Ш. кінәлі деп танылған. Соттың анықтаған мән-жайлары мынаны көрсетеді, жәбірленушіні өлтіруді Ш-мен алдьш ала ол жөнінде сөз байласу болмаған жағдайда, күтпеген жерде Р. атқарады. Ш. Р. -дің жәбірленушінің басынан газ кілтімен ұрып қалғанын керіп қалып, оның бұл әрекетін тоқтатуын талап еткен. Сот алқасы бұл жағдайда Р. -дің әрекетінде қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы болғанын (ҚР ҚК 30-бабы) қарастырған, сондықтан бұл қылмыста Р. -дің әрекеті алдын ала сөз байласусыз істелген және осыған байланысты кінәлі Ш. -ның әрекетін саралауда ауырлататын мән-жай жоқ деп шешшілген. Түсіндірілетін жай; ҚР ҚК 30-бабына сәйкес, қылмысқа қатысушының басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты істеуі оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.

1. 2 Қылмысқа қатысу нысандары және олардың заң жүзіндегі сипаттамалары

Қылмыс істеуге қатысушы бірлесіп орындаушылық кезінде міндетгі түрде әрекеттің объекті жағын істеуі (бір бөлігін немесе толықтай), яғни ол бірге орындаушы болуы тиіс. Кылмыс бірлесіп істелетін болғандықтан әрекетттің объектавті жақтарын орындаудағы бірге орындаушының өрқайсының қатысу дәрежесі әртүрлі болады. Мысалы, тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен істелген ұрлықта (ҚР ҚК 175-бп. 2-бөл. «в» тарм. ) бір қылмыскер кіреберіс есікті бұзады, ал екіншісі ішке кіріп, бөтеннің мүлкін алып шығады. Осығанбайланысты қатысудың бұл нысанын жекелеген авторлар кінәластық деп атайды. Сонымен бірге көбінесе, топтасқан қылмысқа қатысушылардың біреуі қылмыс құрамының белгісі бар әрекеттердің бәрін істесе, ал енді біреуі объективтік жағының белгісі бар бөлігін ғана жасайды. Мысалы, адам өлтіруде бір субъект жәбірленуші құрбанның қарсылығына тойтарыс берсе, ал екіншісі оған соққы жасайды. ҚР Жоғарғы сотының Пленумы өзінің 1994 жылғы 23-желтоқсандағы «Соттардың азаматтар емірі мен денсаулығына қолсұғушылық үшін жауаптылықты ретгейтін заңнамаларды қолдануы туралы» қаулысында, «бірнеше адаммен адам өлтіргенде, соттар қылмыстың әрбір қатысушысының қатысу дәрежесін анықтауы тиіс», деп көрсетеді.

Сөйтіп, қатысу нысанындағы адамдар тобы төмендегі көрсетілген белгілермен сипатталады:

1) екі немесе одан да көп бірге орындаушының, яғни екі немесе одан да көп адамдардың әрекетгің объективтік жағын орындауының болуы;

2) қылмыс істеудегі әркімнің іс жүзінде қатысуының бірдей тең дәрежесі;

3) алдын ала сөз байласудың болмауы, яғни қылмыс істегенге дейін бұл адамдардың бірлесіп қылмыс істеу жөнінде уағдаласпауы.

Мұньң мысалына мына бір істі келтіруге болады. Іс жүзінде қарақшылық шабуыл істеу жөнінде басқа қатысушылармен сөз байласудың болғаны анықталмағынына қарамастан Ақмола облыстық сотымен А. ның әрекетін, ҚР ҚК 179-бабы 2-белігінің «а» және «в» тармақтары бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласумен тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен істелген қьшмыс деп кате сараланған. Істің нақты мөніне келетін болсақ, кәмелетке толмаған А. өзінен жасы үлкен С. және Н. мен бірге К. нің пәтерінен ұрлық істеуге келіседі. Алайда, А. сыбайластары С. және Н-мен келіспестен суық қару (пышақ) қолданып, пәтер иесі К. -ға карақшылықпен шабуыл жасайды. Осыған байланысты сотпен анықталған мөн-жайларға сәйкес, сот алқасы А. ның әрекетін оның алдында сараланған «адамдар тобының алдын ала сөз байласуын» көрсететін ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлігінің «а» тармағын алып тастап, ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлігінің «в» және «г» тармақтарымен қайтадан саралаған.

ҚР ҚК 31-бабының 2-бөлігі, егер қылмысқа бірлесіп істеу туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып істеген қылмыс деп анықтайды. Заңшығарушы ҚР КҚ Ерекше бөліміндегі 31 қылмыс құрамында саралаушы мән-жайлар ретінде «адамдар тобының аддын ала сөз байласуы бойынша» істелетін қылмыстарды қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу жайлы
Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі
Қылмысқа қатысудың мәні, түрлері және нысандары
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың жауапкершіліктері
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу
Қылмысқа қатысу. қатысушылардың түрлері
Қылмысқа қатысудың түрлері
Қылмысқа қатысу
Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс-әрекеттерді саралау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz