ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚЫЛМЫС
ҚҰРАМЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..5
1.1. Қылмыс құрамы деген ұғым және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ..5
1.2.Қылмыс құрамының элементтерi мен
нышандары ... ... ... ... ... ... .. ..13
3. Қылмыс құрамының
түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..15

2. ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ, ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... .. 18
2.1. Қылмыс объектiсi ұғымы және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... 18
2.2. Қылмыс объектiлерiнің
түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3. Қылмыс
заты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..26
2.4.Қылмыстың объективтiк жағы
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...26
2.5. Себептiк байланыс және оның қылмыстық заңдағы маңызы ... ... ..29
2.6. Қылмыс құрамының объективтiк жағының факультативтiк
нышандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

3. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ, СУБЪЕКТІСІ ... ... ... ... .47
3.1.Қылмыстың субъективтiк жағы, ұғымы және оның маңызы ... ... ...47
3.2. Кiнә ұғымы және кiнәнiң
нышандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .50
3.3. Қателiк және оның
түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.51
3.4. Қылмыс субъектiсi
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
53
3.5. Есi дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
3.6. Мас күйде жасаған қылмыс үшiн
жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ..57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .59
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..61
Қосымшалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .64

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: 1990 жылғы 17-шi желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Президентiнiң Жарлығы, дәлiрек айтқанда “Қазақстан
Республикасының тәуелсiздiгi туралы Декларациясы”, келешек бағыт-бағдарын,
оның тұғырының бiрiншi рет ұлт мүддесiн, ерекшелiгiн ескере отырып барлық
саланы қайта жаңғыртуға шынайы түрде мүмкiндiк бердi.
Мұнымен бiз өткен өмiрдi, Советтiк дәуiрдің бiз үшiн ешқандай маңызы
жоқ, елдiк дамуы болмаған жалған кезең деп бiржақты айта алмаймыз. Бiз
негiзiнде егемендiгiмiздi алғаннан кейiн ғана түпкiлiктi қаланды десек те,
қоғамымыздағы қай саланың болмасын бастауын дәл күннен емес, кеңес
дәуiрiмен қоса санау қазақ халқының алғашқы тамырларынан бастауымыз керек.
Сол сияқты бүгінгi күн талабы да сол, кез-келген ғылым атаулыны бiз
сол көне дәуiрден бастаймыз. Ғылым халықпен, адамзатпен тығыз байланысты.
Сондықтан да ғылымның қай саласы болмасын, оның бастамасын қайта
жаңғыртқанда, сол халық, ұлт тарихына тура көзбен қарап, басты
тұжырымдамаларды басшылыққа алып жасауымыз керек.
Мұндай жаңғыртуды заң ғылымы да талап етiп отыр.
Ал ендi бiздің заңдарымыздың сараланып қалыптасуына елiмiздің
Президентi Н.Назарбаевтың әсерi өте зор. Iшкi заңдарымызды қалыптастырумен
бiрге, көш iлгерi кетiп қалған көптеген халықаралық шарттарға да қосылып,
елiмiздің беделiн өсiруде.
Сол сияқты заң нормалары да қоғам дамуымен, жаңарумен iзбе-iз дамып
жаңарып отыруы керек.
Ең негiзгiлерiнің бiрi 1997 жылы қабылданған және 1998 жылдың 1
қаңтарынан күшiне енген Қазақстан Республикасының қылмыстық Заңы. Бұл
алдыңғы қылмыстық заңдарға толық өзгерiстер әкелдi. Сонымен бiрге жаңа
баптар пайда болды, атап айтқанда “қылмыстың құрамы ұғымына” көптеген
өзгерiстер енгiзiлдi.
Бұның бәрi қылмыстың құрамын дұрыс саралап, оларды нақты әрекеттерi
бойынша айқын бөлуге мүмкiндiгiн бередi.
Заң әдебиетiнде қылмыстың әрбiр құрамында оның мiндеттi түрде төрт
элементi болады деп қарастырылған, олар: объект, объективтiк жағы, субъект
және субъективтiк жағы. Қылмыс құрамының бұл элементтерi өзара тығыз
байланысты. Егер жасалған әрекетте бұлардың бiреуi ғана болмаса, ол жалпы
қылмыстың құрамы жоқ деген сөз, яғни мұнда қылмыстық жауаптылықтың
негiздемесi де жоқ.
Қылмыс объектiсi дегенiмiз қылмыстық заңмен қорғалатын және қылмыстан
зиян келетiн әлеуметтiк құндылық. Отандық қылмыстық-заң ғылымы мұндай
игiлiктердің қатарына қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды
жатқызады.
Адамның мiнез-құлқының сыртқы көрнiсiн сипаттайтын нышандардың
жиынтығы қылмыстың объективтiк жағын құрайды. Мұндай нышандарға адамның
қоғамға қауiптi әрекетi (белсендi мiнез құлық) немесе әрекетсiздiгi (пәс
мiнез-құлқы) жатады, мысалы, ұрлық-бiреудің мүлкін жасырын ұрлау немесе
қызметтегi әрекетсiздiк.
Қылмыстардың көптеген құрамдарының объективтiк жағы қылмыстық
әрекеттен немесе әрекетсiздiктен басқа қылмыстық зардапты, онымен адам
әрекетi арасындағы себептiк байланысты да қамтиды.
Мысалы, меншiктерге немесе мүліктi” басқа да иесiне ұрлық әрекетiнi”
нәтижесiнде мүліктiк залал келсе ғана ұрлық құрамы, ал айыпкердің әрекетi
нәтижесiнде жәбiрленушi қаза тапса ғана кiсi өлтiру құрамы болады.
Бұл аталған белгiлерден басқа объективтiк жаққа қылмыстың жасалу
жағдайы, уақыты, орны, тәсiлi, және оны жасау қаруы мен құралы да жатады.
Қылмыс субъектiсi дегенiмiз қылмыс жасаған және қылмыстық заңда
көзделген нышандар бойында бар нақты адам. Ол нышандарға оның есiнiң
дұрыстығы, белгiлi бiр жасқа жеткендiгi, ал кейбiр жағдайларда, арнайы
нышандар да (қызмет жағдайы, кәсiбi, т.б.) жатады.
Қылмыстың субъективтiк жағына адам мiнез-құлқының iшкi, психикалық
кейпiн сипаттайтын белгiлер: кiнә, қылмыс жасаудағы себеп пен мақсат
жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қылмыстардың көптеген құрамдары,
объективтік және субъективтік жақтары, объектісі мен субъектісі, қылмыстан
туындайтын зардаптарды, онымен адам әрекеті арасындағы себептік
байланыстары қарастырылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қылмыстың құрамын, түрлерін,
нақты белгілерін талдай отырып, бөліп көрсету. Осы мақсатты алға қоя
отырып, мынадай міндеттерді алға қойдым:
- Қылмыс құрамының элементтері мен нышандарын,
- Қылмыс құрымының түрлерін,
- Қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, объектісі мен
субъектісін, себептік байланысын және оның қылмыстық заңдағы
маңызын айқындау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысы қылмыс құрамын
талдаған өзіндік бағыт-бағдары бар жұмыс болып табылады.
Зерттеу жұмысының әдістері: Диплом жұмысын жазу барысында негізінен
талдау, баптау, салыстыру, жүйелеу, жинақтау тұжырымдау әдістері
қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық өзегі: Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық Заңы,
Қылмыстық Кодексіне (Жалпы және Ерекше бөлімдері) негізделеді.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік мәні:
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан,
қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалар берілген.
1.ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

1. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ДЕГЕН ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

Қылмыс ұғымына 3 тарау берiлген жалпы анықтама ол заңдық абстракция,
және де нақтылай жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән нышандар
болады. Бiрақ жалпы қылмыс жасауға болмайды. Тек нақты қылмыс қана (кiсi
өлтiру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшiн жазаланады. Бұл
қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қылмыстық Кодекстiң Жалпы бөлiмiндегi
тиiстi баптарда айтылған.
Қандай да бiр жасалған әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғы туралы
мәселенi шешу үшiн сол әрекеттi жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға
негiз болатын мән-жайлардың белгiлi бiр жиынтығын анықтау қажет. ҚК-тiң 3
бабына сәйкес осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар
әрекет қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады.
Жасалған әрекеттi қылмыс деп тану үшiн оны қылмыстық заң нормаларында
бекiтiлген тиiстi қылмыстық құрамдарымен салыстыру қажет.
Нақты қоғамға қауiптi әрекеттi қылмыс ретiнде сипаттайтын, қылмыстық
заңда белгiлеген объективтiк және субъективтiк нышандардың жиынтығын
қылмыстық заңда қылмыс құрамы деп атау қабылданған.
Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара ұқсас, бiрақ бiрдей ұғым емес. Қылмыс
нақты адамның iс жүзiнде жасаған нақты әрекетi немесе әрекетсiздiгi, ол
көптеген өзiне тән нышандармен сипатталады. Ал қылмыс құрамы қандай да бiр
қылмыстық әрекеттiң өзiне тән белгiлерiн ғана анықтайтын нормативтiк санат.
Қылмыс құрамының маңызына осы түрғыдан түсiнiк бере аламыз. Егер
қылмысты жасау қылмыстық жауаптылыққа тартуға iс жүзiнде негiздеме бола
алса, қылмыс құрамы оның заң жүзiндегi негiздемесi. Бл екi негiздеме өзара
байланысты, екеуi бiр бүтiндi құрайды; қылмыс құрамы заң бойынша
анықталмаса қоғамға қауiптi әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бiр
қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар
болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негiз бола алмайды. Сондықтан да, жалпы
ҚК-тің 3 бабына сәйкес, заң шығарушы да теория да, практика да қылмыстық
Заңда қарастырылған қылмыс құрамының барлық нышандары бар қоғамға қауiптi
әрекеттi ғана бiрден бiр қылмыстық жауаптылық деп қарастырады. Бұл
дегенiмiз, қандай да бiр басқа мән-жайлар (сол субъектiнің жеке басын
сипаттайтын деректер, жасалған әрекеттің саяси маңызы т.б.) қылмыстық
жауаптылыққа негiздеме бола алмайды.
Мұндай негiздеме болмаса қылмыстық жауаптылық жайында сөз де болуға
тиiс емес, егер адам, өзiнің жасаған әрекетiнде қылмыс құрамы болмаса да
қудалауға түссе, қылмыс құрамының жоқ екендiгi қай кезде анықталса, сол
уақыттан бастап қудалау мүлде тоқтатылуға тиiс.
Қылмыс құрамының барлық нышандары бар әрекеттi жасау қылмыстық
жауаптылық үшiн бiрден-бiр және жеткiлiктi негiздеме деп заң әдебиеттерiнде
дұрыс көрсетiлген, бұл дегенiмiз қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын
органға адамды жауапқа тарту үшiн оның жасаған әрекетiнде қылмыс құрамының
бар-екендiгiн анықтағаны жеткiлiктi.
Қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесiн шешу үшiн басқадай мән-
жайларды анықтаудың қажетi жо
Бұл, әрине, қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның басқа
ешқандай мән-жайды анықтауы тиiс емес деген түсiнiк бермейдi. Мысалы,
қылмыс жасаған адамның сол қылмысқа дейiнгi мiнез-құлқын, жүрiс-тұрысын
сипаттайтын деректер. Бұлардың iс үшiн өте маңызы зор, оларды үкiм
шығарғанда сот ескередi, бiрақ олар қылмыстық жауаптылыққа негiз бола
алмайды.
Сонымен, қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды.
Осындай маңызды, өзектi рөлiмен қатар қылмыс құрамы басқа да қызметтiк деп
аталатын өте қажеттi мiндеттердi атқарады. Қылмысты саралау процесi тек
қылмыс құрамы негiзiнде ғана жүзеге асырылады, себебi ол қажеттi қылмыстық-
заң үлгiсi (эталоны) болып саналады, онымен салыстыру арқылы жасалған
қылмыстың тиiстi қылмыстық заң нормасын таңдауға болады. [1]
Саралау (квалификация) терминi екi латын сөзiнен түрады сапа және
iстеу. Қылмыстық заңға байланысты алсақ, бұл дегенiмiз қоғамға қауiптi
әрекеттi аралас деликттерден айыруға мүмкiндiк тудыратын сапалы баға беру
деген мағына. Басқаша айтқанда, қылмысты саралау дегенiмiз адам жасаған
қылмыстың нақты нышандарынның қылмыстық заң нормаларында көзделген нақты
қылмыс құрамының нышандарына дәл келетiндiгiн анықтап, заң жүзiнде
тиянақтау.
Қылмыс құрамының нышандары тек Ерекше бөлiмнің диспозицияларында ғана
емес, ҚК-тің Жалпы бөлiмiнің тиiстi баптарында да баяндалған. ҚК-тің Ерекше
бөлiмiнің баптарында әртүрлi қылмыс құрамы нышандарының басым көпшiлiгi
баяндалған. Барлық қылмыстар үшiн немесе қылмыстардың жекелеген топтары
үшiн ортақ нышандар, әдетте, ҚК-тің Жалпы бөлiмiнің баптарында аталады
(кiнә түрi, қылмыстық жауатылықтың қай жастан басталатындығы, қылмыстық
әрекеттің аяқталмай қалуы, т.б.).
Мысалы, кiсi өлтiргенi үшiн жауаптылық көзделген 96 баптың
диспозициясында адамның кiсi өлтiргенi үшiн қанша жастан қылмыстық
жауаптылыққа тартыладығы көрсетiлген. Бұл ақпарат ҚК–тің Жалпы бөлiмiнің
бабына берiлген.
ҚК-тің Ерекше бөлiмiнің баптарында, әдетте қылмысты орындаушының
тiкелей өзi жасаған немесе аяқталмай қалған қылмыс құрамдарының нышандары
келтiрiлген.
Егер қылмысқа қатысушының (дем берушiнi, азғырушының) алдын ала
қылмыстық әрекетi немесе әрекетi орын алса, онда бұл әрекетте, жалпы
алғанда, ҚК-тің Ерекше бөлiмiнің тиiстi баптарында көрсетiлген қылмыстың
қандай да бiр құрамының белгiлерi түгелдей болмайды. Бiрақ бұл жағдайда да
қылмыс құрамы болады, ал ол тек Ерекше бөлiмдегi бапта ғана емес, сонымен
қатар Жалпы бөлiмнің тиiстi баптарында бар нышандар арқылы құрастырылады.
Қылмысты саралағанда сол әрекетке сәйкес келетiн қылмыс құрамы бар
Жалпы бөлiмнің бабы немесе оның бөлiгi дәл көрсетiлуге тиiс, ал егр-ер
аяқталмаған қылмыстық әрекет, қылмысқа қатысушылық болса (олар жайында алда
толық айтылады), онда ҚК-тi” Жалпы бөлiмiнің тиiстi баптарына сiлтеме
беруге тиiс.
Қылмысты саралаудың нәтижелерi iс жүргiзу құжаттарында (қылмыстық iс
қозғау туралы, айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыларда үкiмде
т.б.) көрсетiледi.
Қылмысты саралаудың маңызы сонда, ол қылмыс жасап айыпты болған адамды
қылмыстық жауаптылыққа тарту түрiндегi қылмыстық заңның атқаратын мiндетiн
реттейтiн тетiктi "iске қосатын" заңдық ôактiнің (қылмыстық құрамының
барлықнышандары бар қоғамға қауiптi әрекет жасау) бар екендiгiн ресми түрде
растайды. [2]
Қылмысты дұрыс саралаудың қаншалықты маңызды екендiгi осыдан да
түсiнiктi болар, ол жасалған қоғамға қауiптi әрекеттiң нышандарын
әлеуметтiк-заң түрғысынан дәл талдау арқылы қамтамасыз етiледi.
Әрекеттi дұрыс саралау үшiн, қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшiн iстiң нақты
мән-жайын, сондай-ақ қылмысты қылмыс емес әрекеттен, бiр қылмысты екiншi
қылмыстан айыруға мүмкiндiк беретiн құрамнышандарын жақсы бiлу қажет.
Қорыта келгенде, қоғамдағы заңдылықтың жайы заң қолданатын органдардың
қылмысты қаншалықты дұрыс саралай алтындығына едәуiр байланысты. Қылмыстық
заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты
қылмыстар жеке-жеке көрсетілген.Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті
ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді.Қылмыстың
құрамы деп-қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі
бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік
және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың
белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әр қайсысы оның
субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер
секілді қылмыс құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің
қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына,
яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде
қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамының жүйелерін құрайтын
бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай
4-түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект,
субъективтік жағы. Мысалы,Қылмыстық кодекстің 187-бабында:Бөтен адамның
мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру туралы көрсетілген:
1.Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, едәуір зиян
келтірсе-
елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де
табысының мөлшерінде айып-пұл салуға, не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа
дейін мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейін мерзімге
түзеу жұмыстарына, не үш айға дейін мерзімге қамауға, не екі жылға дейін
мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе бас бостанығын шектеуге
жазаланады.
2.Нақ сол әрекеттер:
а) өрт қою, жару арқылы немесе өзге де қауіпті әдістермен жасалса;
б) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян
келтіруге әкеп соқса;
в) жәбірленушініңөзінің қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауымен
байланысты не өзінің жақын туыстары жөнінде нақ сондай себептермен
жасалса;
г) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздық себептер бойынша
жасалса,-
екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі айдан алты айға
дейінгі
мерзімге қамауға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын
шектеуге, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс
құрамы болмайды.Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе
жойса, онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Әрбір
қылмыс құрамының белгілері Ерекшке бөлімдегі баптардың диспозициясында
ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да
айтылады. Ерекшк бөлімнің баптарының диспозициясында әр түрлі қылмыстың
көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың
қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын
соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ
немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің
баптарында анықталады. Мысалы,бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын
Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не
субъектісі,не кінәнің нысаны аталмаған.
175-бап.Ұрлық
1.Ұрлық,яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау –
Екі жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде немесе
сотталған адамның екі айдан жеті айға дейін кезеңдегі жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексеннен екі жүз қырық
сағатқа дейін мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейін
мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейін бас бостандығын шектеуге,
не алты айға дейін мерзімге қамауға, не үш жылға дейін мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша;
б) бірнеше рет;
в) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен
жасалған ұрлық-
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейін мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
а) ұйымдасқан топ ;
б) ірі мөлшерде;
в) ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет
сотталған адам жасаған ұрлық-
мүлкі тәркіленіп үш жылдан он жылға дейін мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15-бабында былай деп
көрсетілген:
1.Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық
жауапқа тартылады.
2.Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі
өлтіргені (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені(103-
бап),ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа
ауырлықтағы зардап келтіргені (104-бап), зорлағаны(120-бап), жыныстық
сипаттағы күштеу әрекеттері (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық
жасағаны (175-бап), кісі тонағаны (178-бап), ұрып - соққаны(179-бап),
қорқытып алғаны (181-бап), ауырлататын мән –жайлар кезінде автомобильді
немесе өзгеде көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені
(185-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе
бүлдіргені (187-бап), терроризм(233-бап), адамды кепілге алуы(234-бап),
террористік акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлағаны(242-бап),
қару-жарақты , оқ-дәріні, жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып
алғаны (255-бап),ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-бап), тағылық
(258-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны
не қорқытып алғаны

(260-бап), ауырлататын мән-
жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүддесін және олардың жерленген
жерлерін қорлағаны (275-бап), көлік құралдарын немесе немесе қатынас
жолдарын қасақана жарамсыз еткені(299-бап)үшін қылмыстық жауапқа
тартылуға тиіс.Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі
–басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген.Осы белгі
арқылы ұрлық тонаудан ерекшкленеді.Тонау Қылмыстық кодекстің 178-
бабында былай деп көрсетілген:
1.Тонау, яғни бөтен мүлітті ашық ұрлау-
Үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не алты айға
дейінгі мерзімге қамауға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен
сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды .
Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана
қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ,
олардың қоғамға қауыптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін
жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана
жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды.
Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның
қылмысы саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы біреудің мүлкін ұрлағанда
(ақша, зат, құжат тағы басқалар) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны
қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың
міндетті белгілері болып табылады.Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ
болса,онда қылмыс құрамы да болмайды.Мысалы басқа біреудің мүлкін
ұрлаудың түрлік белгісі –оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін
алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес,
басқа қылмыс құрамы – тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық
құқылық нормада – бір бапта көрсетілуі мүмкін.Мысалы, Қылмыстық кодекстің
314-бабында былай делінген:
1.Қызметтік жалғандық жасау,яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға
уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның ресми құжаттарға көрінеу
жалған мәліметтерді енгізуі, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын
мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не көрінеу жалған немесе қолдан
жасалған

құжаттар беруі, егер бұл әрекеттер өзі немесе басқа адамдар немесе
ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе
ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған болса,-
Жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде
немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейін кезеңдегі жалақысы
немесе өзгеде табысы мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан
екі жүз қырық сағатқа дейін мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға,
не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі
мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет,-
үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе

сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы
немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі
мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді, егер
оларды жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса,-
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жеті айға дейінгі
кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға,
не жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі біл лауазымды атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс
құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Қылмыстық
кодекстің Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудеп аталатын
308-бабында мыналар көрсетілген:
1.Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, яғни
мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген
адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және
азаматтардың немесе

ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп
соғатын әрекеттер жасауы-
екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде
немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы
немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылғы дейінгі
мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айыруға,не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге
қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығанан айыруға
жазаланады.
2.Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет,-
үш жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
немесе сотталған адамның үш айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі
жалақысы немесе өзгеде табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес
жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды ақтару немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейінгі мерзімге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған
нақ сол әрекет,-
Бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі
кезеңдегі жалақысы немесе өзгеде табысы мөлшерінде айыппұл салуға
не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз сегіз
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде
көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:
а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы ;
б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы;
в) өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен
артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында
жасалса,-
жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару
немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, он жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының
тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі.Алдын ала қылмысты әрекеттерде
немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы,
көмектесуші әрекеттеріне немесе басқа қылмыстың құрамының барлық
белгілері болмайды.Мысалы, әйелді зорлауа оқталғанда онымен зорлап
қылмыстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге оқталғанда
қылмыстың зардабы-адам өлімі жоқ. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің
әрекеттерінде Ерекше бөлімде аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық
белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз
болмайды.Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше
бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып
белгіленеді.Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық
кодекстің 120-бабында мынадай қылмыс құрамының белгілері көрсетілген:
1.Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып
немесе оны қолданбақшы болып қорқытып,не жәбірленушінің дәрменсіз күйін
пайдаланып жыныстық қатынас жасау,-
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
2.Зорлауды:
а)адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе
ұйымдасқан топ жасаса;
б)өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге
немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;
в) жәбірленушінің соз ауруын ауруын жұқтырып алуына әкеп
соқса;
г) бірнеше рет немесе бұрын нәпсі құмарлық сипаттағы зорлау
әрекеттерін жасаған адам жасаса;
д) көрінеу кәмелетке толмағанға жасағанға, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға

жазаланады.
3. Зорлау:
а) абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырса;
б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның
ВИЧЖҚТБ – ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса;
в) жәбірленушінің он төрт жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып;
г) қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай
тәртіпсіздік барысында жасалса, -
сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады. Яғни, қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда және оны
нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру,
тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты. Заңдылық қағидасын
сақтау, жүзеге асыру құқық қорғау органының қызметкерлерінің қасиетті
борышы. Бұл азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге
асырудың негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге
асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң
талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың
маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс - әрекеттерге заңды дұрыс
қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасын талабына сай
баға беріп саралау болып табылады.
Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс -
әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар
бапқа дәлме – дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс - әрекет
қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс
сараланған деп саналады. Қылмысьық саралауда іс - әрекеттің қылмыс
құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай
келетіндігін дәлме – дәл көрсету қажет. Егер адамның іс - әрекетінде
бірнеше қылмыстық құрамы болса, онда оның іс - әрекеті заңның бірінші
баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша
сараланады. Қандай түрде болмаса да қылмысты дұрыс сараламау, ол
заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне

нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылықа жол бермеу үшін
қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән – жайын терең зерттей білу,
істелген іс - әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай – ақ қылмысты қылмыс
еместілікпен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді
анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамына, оның белгілерінің қылмысты
саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің
құқықтық мемлекетімізде бірде – бір адам, егер оның істелген іс -
әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе
жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы
қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық
заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс - әрекетті қасақана немесе
абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.

2. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН НЫШАНДАРЫ

Нақты қылмыс құрамдарының нышанын анықтау және жинақтап қорыту
негiзiнде қылмыстық заң теориясы қылмыс құрамы деген ұғымды тудырады, ол
ҚК-тің Ерекше бөлiмiнде көзделген қылмыстардың барлық құрамдарына тән
сипаттарды қамтиды.
Заң әдебиетiнде қылмыстың әрбiр құрамында оның мiндеттi түрде төрт
элементi болады деп қарастырылған, олар: объект, объективтiк жағы, субъект
және субъективтiк жағы. қылмыс құрамының бұл элементтерi өзара тығыз
байланысты. Егер жасалған әрекетте бұлардың бiреуi ғана болмаса, ол жалпы
қылмыстың құрамы жоқ деген сөз, яғни мұнда қылмыстық жауаптылықтың
негiздемесi де жоқ.
Қылмыс объектiсi дегенiмiз қылмыстық заңмен қорғалатын және қылмыстан
зиян келетiн әлеуметтiк қндылық. Отандық қылмыстық-заң ғылымы мұндай
игiлiктердің қатарына қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды
жатқызады.
Адамның мiнез-қлқының сыртқы көрнiсiн сипаттайтын нышандардың жиынтығы
қылмыстың объективтiк жағын құрайды. Мұндай нышандарға адамның қоғамға
қауiптi әрекетi (белсендi мiнез құлық) немесе әрекетсiздiгi (пәс мiнез-
құлқы) жатады, мысалы, ұрлық-бiреудің мүлкін жасырын ұрлау немесе
қызметтегi әрекетсiздiк.
Қылмыстардың көптеген құрамдарының объективтiк жағы қылмыстық
әрекеттен немесе әрекетсiздiктен басқа қылмыстық зардапты, онымен адам
әрекетi арасындағы себептiк байланысты да қамтиды.
Мысалы, меншiктерге немесе мүліктің басқа да иесiне ұрлық әрекетiнің
нәтижесiнде мүліктiк залал келсе ғана ұрлық құрамы, ал айыпкердің әрекетi
нәтижесiнде жәбiрленушi қаза тапса ғана кiсi өлтiру құрамы болады.
Бұл аталған белгiлерден басқа объективтiк жаққа қылмыстың жасалу
жағдайы, уақыты, орны, тәсiлi, және оны жасау қаруы мен құралы да жатады.
Қылмыс субъектiсi дегенiмiз қылмыс жасаған және қылмыстық заңда
көзделген нышандар бойында бар нақты адам. Ол нышандарға оның есiнің
дұрыстығы, белгiлi бiр жасқа жеткендiгi, ал кейбiр жағдайларда, арнайы
нышандар да (қызмет жағдайы, кәсiбi, т.б.) жатады.
Қылмыстың субъективтiк жағына адам мiнез-қлқыны iшкi, психикалық
кейпiнсипаттайтын белгiлер: кiнә, қылмыс жасаудағы себеп пен мақсат жатады.
Қылмыс құрамыны бұл көрсетiлген әрбiр элеметi арнайы зерттеудi қажет
етедi, сондықтан да бұл тарау ауқымында оларға тек жалпы анықтама берiлген,
олардың маңызы көрсетiлген.
Теория қылмыс құрамын негiзгi мiндеттi, жалпы нышандарға және арнаулы
(факультативтiк, қосымша) нышандарға бөледi. Негiзi нышандар әрбiр
қылмыстық құрамда болатын нышандар, олардың бiреуiнің болмауы қылмыстық
құрамұның жоқ екендiгiн көрсетедi. Негiзгi белгiлерге мыналар жатады:
қылмыс объектiсiнде қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар;
объективтiк жақта жасалған әрекет (әрекет немесе әрекетсiздiк), жасы;
субъективтiк жақта кiнә.[3]
Қылмыс құрамының арнаулы нышандары дегенiмiз - негiзгi нышандарға
қосымша ретiнде қылмыстың кейбiр құрамдарын құрастырып заң шығарушы
пайдаланатын нышандар. Объектiдегi арнаулы нышандарға оның құрылымы,
мазмұны, және де қылмыс заты жатады, объективтiк жақтағы арнаулы нышандарға
зардап, себептiк байланыс, қылмыс жасалған жағдай, уақыт, орын, жасау
тәсiлi, құралы; субъектiдегiге лауазымдық немесе қызметтiк жағдай, соттылық
т.б.; субъектиятiк жақтағы қылмыс жасау себебi, мақсаты жатады.
Қылмыс құрамы нышандарын негiзгi және арнаулы деп бөлудің тек теория
жүзiнде ғана маңызы бар екендiгiн, ол қылмыстық заңды оқыту мақсатында ғана
пайдаланылатындығын ескерген жөн. [3]
Практикада мұндай бөлу шартты түрде ғана болады, себебi заң қолданушы
қылмыстың нақты құрамдарына тапболады, ал оған қылмыстық-заң нормаларында
көрсетiлген белгiлердің барлығы бiрдей әрқашанда мiндеттi болып табылады.
Мысалы, ұрлық үшiн бөтеннің мүлкін жасырын әдiспен ұрлау мiндеттi нышан
болып саналады.
Кейбiр жағдайларда арнаулы нышандар қылмыстың негiзгi құрамында емес
сараланған немесе артықшылығы бар құрамында қарастырылады және ол саралау
әрекетiнде ескерiлуге тиiстi.
Егер арнаулы нашан қылмыс құрамына тiкелей кiрмейтiн болса, онда ол
қылмысты саралауға ықпал етпейдi және жаза тағайындағанда ескерiледi.

1.3 ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қоғамға қауiптi әрекеттi қылмыс ретiнде сипаттайтын элеметтер
жиынтығы қылмыс құрамының жалпы түсiнiгiн бередi, ол жасалған әрекеттi
қылмыстық немесе қылмыстық емес деп тануға және оны дұрыс саралауға негiз
бола алады. Бiрақ осы қарастырылған теориялық баптарды iс жүзiнде қолдану
үшiн қылмыстық құрамдарды жiктеудің, яғни оларды белгiлi бiр түрлерге
бөлудің маңызы зор.
Қылмыс құрамдарын саралаудың негiзiне, әдетте, әрекеттің қоғамға
қауiптiлiк деңгейi, қылмыс құрамын заңда бейнелеу тәсiлi және қылмыстың
объективтік жағының құрылысы сияқты критерийлерi алынады.
Әрекеттің қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне байланысты қылмыс құрамдары
негiзгi, сараланған (ауырлататын, саралаушы белгiлерi бар) және артықшылығы
бар (жеңiлдететiн бегiлерi бар) болып бөлiнедi. [4]
Қылмыстың негiзгi құрамы ол белгiлi бiр түрдегi әрекеттің негiзгi,
түрақты нышандарының житынтығы бар құрам, ол жасалған әрекеттің қоғамға
қауiптiлiк деңгейiн көретiн немесе төмендететiн қосымша нышандарды
қарастырмайды. Мысалы, ҚК-тің 96 бабының бiрiншi бөлгiнде көзделген адам
өлтiрудің құрамы осындай болып табылады.
Егер қылмысқұрамында осы түрдегi әрекеттің негiзгi нышандарымен қатар
жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да көрсетiлсе, онда мұндай
қылмыс құрамы сараланған деп аталады.
Мұндай саралайтын әртүрлi мән-жайлар болуы мүмкiн неше рет қайталануы,
тәсiлi (аса қатыгездiк, зорлық,т. б.) соттылық, ұйымдасқан топ, бас пайданы
ойлау, т.б.
Қылмыстың сараланған құрамы, әдетте, ҚК-тің Ерекше бөлiмiнің тиiстi
бабының әртүрлi бөлiктерiнде болуы мүмкiн. Оған мысал ҚК-тің 96 бабынның
екiншi бөлiгiнде көзделген адам өлтiрудің сараланған құрамы.
Негiзгi нышандармен қатар жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-
жайлар бар қылмыс құрамы артықшылығы бар құрам деп аталады. Ол не ҚК-тің
Ерекше бөлiмiнің бiр бабының әртүрлi бөлiгiнде, не бөлек бапта болуы
мүмкiн, мысалы, адам өлтiрудің артықшылықты құрамы жаңа туған баланы шешесi
өлтiргенде (ҚК-тің 97 бабы), ондай қылмысты жан күйзелiс жағдайында
жасағанда (ҚК-тің 98 бабы), қажеттi қорғаныс шегiнен асып жасағанда (ҚК-тің
99 бабы), қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра
қолданғанда (ҚК-тің 100 бабы).
Қылмыс құрамының нышандарын заңда суреттеу тәсiлiне байланысты қылмыс
құрамдары жай және күрделі болып бөлiнедi.
Қылмыстың жай құрамы дегенiмiз - құрамұның қандай да бiр элементiнің
күрделенуi болмайтын құрам. Онда бiр әрекеттің көрінiсi баяндалаған, оның
бөлiктерi немесе кезеңдерi өзiнше бөлек қылмысты құрамайды, яғни құрамұның
элементтерiнің әрқайсысы бiр данада берiлген.
Күрделі құрам дегенiмiз құрамұның қандай да бiр элементiнің
(объектiнің, объективтік жағының, субъективтiк жағының) күрделенуi орын
алатынқылмысьтық құрам. Мысалы, қарақшылық жасағанда (екi объектiге
қастандық жасалады меншiкке және адамның өз басына), зорлаған (бiрнеше
әрекет жасалынады психикалық әсер ету немесе күш көрсету не жәбiрленушiнің
дәрменсiздiгiн пайдалану және жыныстық қатынастық қатынас жасау), айыптың
екi нысаны болса (алып жапасыру үшiн немесе басқа қажетке адамның
органдарын немесе тiнiн ерiксiз алу нәтижесiнде оның абайсызда қаза табуы)
құрам күрделі болады. [5]
Күрделі құрамының басқа бiр түрi қылмыстың балама құрамы, онда
қылмыстық әрекеттің (әрекетсiздiктің) бiрнеше варианты болады, олардың
әрқайсысы қылмыстық жауаптылыққа негiздеме бола алады мысалы, заңды
кәсiпкерлiк қызметке тосқауыл жасау, заңсыз кәсiпкерлiк, тұтынушыларды
алдау.
Объективтік жағының құрылысына байланысты қылмыс құрамдарын жiктеудің
практикалық маңызы зор.
Осы критерийлер бойынша қылмыс құрамдары материалдық, формальды және
қиылған болып бөлiнедi.
Қылмыстың зардабы оның аяқталуының қажеттi нышаны болып келетiн
құрамдар қылмыстың материалдық құрамдары деп аталады. Егер әрекет жасау
нәтижесiнде қылмыстың мұндай құрамында қарастырылған зардап болмаса, онда
әрекет не қылмыс деп танылмайды (мысалы абайсыз деликтте), не қылмыс
жасауға дайындық немесе оқталу деп сараланады (көрсетiлген салдарға жетуге
бағытталған қасақана әрекет).
Қылмыстың формальды құрамдары дегенiмiз қылмысты аяқталған дкеп санау
үшiн қылмыстық заңда көзделген әрекеттi жасау жеткiлiктi болатын құрамдар,
бұл жерде зардап қылмыстың мiндеттi түрдегi нышаны бола алмайды. Мысалы,
мемлекеттiк сатқындық, шпионаж, зорлау формальды құрамға жатады. Егер,
қоғамға қауiптi зардап iс жүзiнде туындаса, онда ол формальды құрамда не
саоралаушы нышандар рөлiн (мысалы, зорлау нәтижесiнде жәбiрленушiге соз
ауруын жұқтыру) атқарады, не жаза тағайындағанда ескерiледi.
Кейбiр жағдайларда заң шығарушы қылмыстың аяқталу кезiн алдын ала
қылмыстық әрекет кезеңдерiнің бiрiне қылмысқа дайындық немесе оқталу кезiне
аударады. 6 Мұндай қылмыстың жасалғандығын мойындау үшiн қылмыстың
зардаптың болуы да оны тудыратын әрекеттi аяғына дейiн жеткiзу де қажет
емес. қылмыстың мұндай құрамдары қиылған деп аталады (қарақшылық, бандитизм
және басқалар).
2. ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ, ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ

2.1 ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

Объект құрамының мiндеттi элементтерiнің (жақтарының) бiрi, сондықтан
да объектiсiз қылмыс жоқ. Қылмыстық заңда қылмыс деп қарастырылған кез-
келген қоғамға қауiптi әрекет белгiлi бiр объектiге бағытталады.
Қылмыстық озбырлық жасалғанда сол объектiге елеулi нқсан келедi немесе
ондай қауiп төнедi.
Объектiнi дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтiк және заңдық түп
тамырын, нысанын және жасалған қылмыс үшiн қарастаралған қылмыстық
жауаптылықтың мөлшерiн айқындауға көмек етедi.
Объектiнi анықтау қылмыстың өзара ұқсас құрамдарын бiрiнен-бiрiн,
қылмыстық әрекеттi қылмыстық емес әрекеттен ажыратуға мүмкiндiк бередi. 7
Сонымен қатар, әрекеттің қоғамға қауiптiлiк деңгейi қандай объектiге
қастандылық жасалатындығына көп байланысты, сондықтан да қазiргi күшiндегi
қылмыстық заңда былай деп көрсетiлген: "қылмыстық заңда көзделген қандай да
бiр әрекеттің формальды болса да нышандары бар әрекет немесе әрекетсiздiк
қылмыс болып табылмайды, егер оның қоғам үшiн қауiптiлiгi елеусiз болса".
Объект рөлi мұнымен шектелмейдi.
қылмыс объектiсiнің нышаны бойынша заң шығврушы қылмыстық-заң
нормаларын жүйелеу және кодификациялау сияқты күрделі жұмыстар жүргiзедi.
Бұрынғы Одаққа кiретiн елдердің көптеген теоретиктерiнің пiкiрiнше,
қылмыс объектiсiне қоғамдық қатынастар жатады.
Қоғамдық қатынастар қатынас деген жалпы ұғымының ең күрделі
түрлерiнің бiрi. әдiстемелiкте қатынаста барлық құбылыстардың өзара
байланыс сәтi деп анықтама берiлген.
Қоғамдық қатынастарда ерекше сипат бар мұнда адам әлеуметтiк түлға
ретiнде өзектi буын болып саналады. Адам өзi жасаған заттармен,
объективтiк әлеммен және басқа адамдармен белгiлi бiр қатынаста болады.
Нәтижесiнде ол өз игерген әлемде өз iсiне өзi адам ретiнде есеп бередi
(ақылға келiп), басқа адамдарға өзiндей қарайды. Адам санының қоғамдық
жаратылысын және таным процесiндегi қоғамдық қатынасты зерттеудің
қажеттiгiн осы жағдайлармен түсiндiруге болады.
Қоғамдық қатынастар адамдар арасында, олардың күнделiктi iс
әрекетiнде танымдық және рухани өмiр тiрлiгi барысында қалыптасады.
Сондықтан да қоғамдық қатынастар жүйесiнде бiрiншi кезекте, өндiрiстiк
қатынас қарастырылады, ол басқа қоғамдық қатынастардың сипатын ( саяси ,
заңдық, дiни, т.б,)
Қоғамдық қатынастар өзiнің сипаты жағында, құрылымы жағынан да өте
күрделі құбылыс. Дегенмен қоғамдық қатынастардың басты элементтерi: қоғам,
мемлекет және оның қалыптасуы, құрылуы және оның өкiлдерi. әртүрлi
бiрлестiктер мен адамдар ұжымы, жеке адамдар, материалдық заттар және
қоғамдық қатынасқа қатысушылар арасында әртүрлi нышында, оның iшiнде заңдық
нышанда көрiнiс табатын өзара байланыс.
Қандайда бiр жасағанда адам қоғамдық қатынастың қандай да бiр
элементiне озбырлық жасайды, олардың өзара байланысын бұзады, қоғамдық
қатынасқа қатысушылардың мүддесiне тiкелей немесе жанама нұқсан келтiредi.
Қылмыстық заң қоғамдық қатынастардың барлығын бiрдей қорғамайды,
олардың iшiндегi, заң шығарушының ойынша, ең құнды дегендерiн ғана
қорғайды, олар өзгерiп тұрады. Олардың өзгеруi көптеген мән жайларға
байланысты, мысалы: ерекше тарихи кезеңге қандай да бiр нақты жағдайға,
уақытқа, белгiлi бiр қоғамға қарсы әрекеттердің (әрекетсiздiктің) қоғамға
қауiптiлiк де”гейiне байланысты. 8
Қылмыстық озбырлықтан қорғалатын аса маңызды қоғамдық қатынастар
шеңберi қылмыстық заңда анықталған. Мысалы, Қаз. ССР Қылмыстық кодекiсiнің
(1959) 7-шi бабында айтылғандай, қылмыстық заң бойынша қоғамға қауiптi
әрекет (әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады, егер ол әрекет қоғамдық
құрылысқа саяси және қоғамдық жүйеге, меншiкке, адамға оның саяси, еңбек,
мүліктiк және басқа құқықтары мен бостандығына, сондай-ақ қоғамдағы құқық
тәртiбiне қарсы бағытталса. Қоғамдық тәртiптің бл маңызды салаларын қорғау
қылмыстық заңның алдында тұрған мiндетi( ҚК-тi” 1 бабы).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 2 бабында: Осы Кодекстің
мiндеттерi: Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн, қоғамдық тәртiппен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан
Республикасының конститутциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғау, бейбiтшiлiк пен азаматтық қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ
қылмыстардың алдын алу болып табылады делiнген.
Бұл нормадан байқағанымыз қылмыстық озбырлықтан қорғалатын объектiлер
бiршама айқындалған және кеңейтiлген (бейбiтшiлiктi және адамзат
қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны, т.б. қорғау). әрине, келешекте Ерекше
бөлiмiнің тарауларында көрсетiлген жеке, ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттiк
және халықаралық мүдделерi қорғау сияқты қылмыстық заң объектiлерiн жеке,
дербес нормаларға бөлген дұрыс.
Қылмыс объектiлерiн ары қарай нақтылау қандай әрекеттi қылмыс деп
тануды және қылмыстық жазалау шараларын бегiлейтiн Қылмыстық кодекстің
Жалпы бөлiмiнің баптарында да орын алуға тиiс.
Қылмыс объектiсiн қылмыстық заңды реттеу объектiсiнен ажырата бiлу
қажет (қылмыстық заң қатынастары).
Қылмыстық заң, заңның басқа да салалары сияқты, бәрiнен бұрын заңдық
реттеу объектiсi бойынша өзiнше дербес салаға бөлiнген. Бұған өзiнiң
өкiлеттi органдары арқылы мемлекеттің және есi дұрыс, белгiлi бiр жасқа
жеткен, қылмыстық жаза қарастырылған әрекет жасаған азаматтың арасындағы
қоғамдық қатынас жатады.
Аталып өткендей, қоғамдық қатынастар қылмыс объектiсi болып табылады,
олар қоғамдық және мемлекеттiк құрылыстың әртүрлi салаларында, адамдардың
өндiрiстiк, қоғамдық, рухани және жеке өмiрiнде қалыптасады.
Кейде қылмыс объектiсi мен қылмыстық заңмен қорғалатын объектi
ұғымдарының ара-қатынасы жайында мәселе туындайды. Мұның бiр-ақ жауабы бар:
бұл ұғымдар нақты өмiрде бiрiне-бiрi сай келедi, сондықтан да оларды
синоним ретiнде пайдалануға болады және тиiстiмiз де.
Қылмыс объектiсiнің жалпы ғымының сипаттамасы объектiлердi топтастыру
мәселесiн қарастыруға мүмкiндiк бередi.

2.2 ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Бұрынғы Одақтың қылмыстық заңында қылмыс объектiсiнің жүйесi жете
қарастырылған деп саналатын. Атап айтқанда, объектiлердi үш сатыға
топтастыру теориясы ұсынылған, олар: жалпы, тектi немесе арнаулы және
тiкелей деп аталатын. 9
Қылмыстың жалпы объектiсiне бұзғандық үшiн қылмыстық жауаптылық
қарастырылған барлық қоғамдық қатынастар (жиынтығы) жататын, ал тектiк
немесе арнаулы объектiге бiртектiлiк немесе белгiлi бiр салада ғана болу
нышаны бар қоғамдық қатынастардың бiр бөлiгi немесе тобы жататын.
Бiрақ "қоғамдық қатынастардың" жалпы санатын "тiкелей" деп аталатын
объектiге қолдану iстің басын ашпады, түсiнiспеушiлiк тудырды. Мысалы,
"кейбiр жекеленген қылмыс өзiне қарсы бағытталған нақты қоғамдық
қатынастарды" "тiкелей" объект деп түсiну қажет деген барлық қылмыстық заң
оқулықтары мен курстарындағы (1926 жылдан 1995 жылғы дейiн) тұжырымдар
осыған мысал. Мұндай анықтаманың формальдық екенiн байқау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамдарының белгілері және түрлері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың қылмыстық – құқықтық мәселелері
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс заты
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
Жекелеген қылмыстармен көптік қылмыстардың ара қатынасы
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдарының белгілері
Пәндер