Қоғамға қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Тарау-І. Қылмыстың әлеуметтік құқықтық- құбылыс ретіндегі ұғымы, белгілері.

І-1. Қылмыстың ұғымы және белгілері. 6

І-2. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі, негіздері…. . 24

Тарау-ІІ. Қылмыс істеу сатылары.

ІІ-1. Қылмыс істеу сатыларының ұғымы. 29

ІІ-2. Қылмыс сатыларының түрлері. . 40

Тарау-ІІІ. Жаза түсінігі және аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау.

ІІІ-1. Жаза түсінігі және мақсаттары. 54

ІІІ-2. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау. 66

Қортынды. . 74

Сілтемелер. 76

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 78

Кіріспе

Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғам, өзіміз азаматы болып табылатын мемлекет, әрбір қылмыстың ашылып, әрбір қылмыскердің тиісті жазасын алуына әрқашанда мүдделі болады.

Сонымен қатар қылмыс жасаған адамды жазаға тарту барысында заңдылықтың, әділеттіліктің бұзылуына жол бермеудің маңызы өте жоғары.

Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс.

Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескерілуі тиіс екендігі Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында бекітілген.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа дайындалу және оқталу үшін жауаптылық» тақырыбының маңызы жоғары.

Біздің жұмысымыздың мақсаты аяқталмаған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың және олар үшін жаза тағайындаудың заңнамалық ерекшеліктерін қарастыру. Зерттеу обьектісі Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында аталған мәселенің құқықтық мазмұны бекітілген қылмыстық-құқылық нормалар болып табылыады.

Дипломдық жұмыс берілген тақырып бойынша нормативтік материалдар мен заңгер-ғалымдардың зерттеу жұмыстарына негізделген.

Дипломдық жұмысты орындау барысында автор төмендегідей мәселелерді қамтуды өзіне міндет етіп қояды: қылмыс ұғымы оның әлеуметтік құқықтық құбылыс ретіндегі мәнісі, қылмыстық жазаның түсінігі, жаза тағайындаудың жалпы негіздері және қылмыс істеу сатыларының түсінігі, оның қылмыстық-құқылық ерекшеліктері аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындаудың заңи негіздемесі мен шектері туралы жалпы теоретикалық негізде талдау жасау және оның сот практикасындағы маңызын ашып көрсету.

Аталған тақырыптың зерттелуі мәселесіне келетін болсақ бұрынғы кеңестік ғылым-заңгерлерінің арасынан Н. Д. Дурманов; В. Ф. Караулов; К. А. Панько; А. А. Пионтковский; А. А. Тер-Акопов; Н. С. Тишкевич; Н. Ф. Кузнецова сияқты авторлар арнайы зерттеулер жүргізген. Алайда аталған авторлардың еңбектерінің ішінде жарық көргендерінің ең соңғысы 1982 жылғы екендігін ескерсек және олардың қайта басылымдарын қазіргі нарықтық уақытта қолға түсірудің оңай емес екендігін ойласақ олардың қазіргі таңда қандай библиографиялық сирек дүниелер болып табылатындығы айтпасада түсінікті.

Отандық заңгер ғылымдардың арасынан аталған тақырыпта арнайы зерттеу жүргізген еңбекті біз өкінішке орай кездестіре алмадық. Дегенмен де қазақстандық ғалым Н. О. Дулатбековтың «Қылмыстық жаза тағайындау» (теория және практика мәселелері) атты монографиясы атап өтуге тұрарлық.

Сондықтан біз өзіміздің дипломдық жұмысымыздың теоиялық базасы ретінде бұрынғы кеңестік заңгер-ғылымдардың еңбектерін пайдаландық. Сонымен қатар аталған еңбектердің сол кездегі үстемдік еткен идеология негізінде жазылуы қазіргі кездегі зерттеу жұмыстарына пайдалануға белгілі-бір қиындықтарды туғызатындығын атап өтуге тиіспіз.

Дипломдық жұмысты орындау барысында біз жекелеген зерттеу жұмыстарымен қатар жұмыс тарауларының жеке бөлімдерінде А. Н. Ағыбаевтың; Н. И. Ветров пен Ю. И. Ляпуновтың; Н. Н. Смирнованың; Н. А. Беляев пен М. Н. Ковалевтың қылмыстық құқық бойынша оқулықтарын пайдаландық.

Жұмысты орындау барысында танымның логикалық, тарихи, салыстырмалы-құқықтық, диалектикалық әдістері, салыстырмалы құқықтанудың формальды-заңи тәсілі жұмыстың әдістемелік базасы ретінде пайдаланылды.

Жұмыста құқықтық талдау, әлеуметтік зерттеу тәсілдері, сот органдарының пркатикасын барынша кеңнен қолдануға тырыстық.

Дипломдық жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы яғни 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Қылмыстық Кодексі табылады.

Аталған дипломдық жұмыс тақырыптың барлық мәселелерін толық қамтиды деп айта алмаймыз. Жұмыстың көлемі, дайындалу деңгейі, пайдалануға мүмкін болған теоретикалық базасы тақырыптың барынша маңызды мәселелеріне ғана тоқтала отырып, қылмыстық құқық теориясында белгілі бір пікірталастар туғызып отырған сұрақтарға назар аудартуды көздейді. Дипломдық жұмыс әрекет етуші қылмыстық заңды оны қолдану практикасын талдауға негізделген.

Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын мәселелердің зерттелу деңгейіне сәйкес жұмыстың құрылымы кіріспеден, тиісті бөлімдерге бөлінген үш тараудан және қортынды бөлім мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тарау-І. Қылмыстың әлеуметтік, құқықтық құбылыс ретіндегі ұғымы, белгілері

І-1. Қылмыстың ұғымы және белгілері

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді. /1/

Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегенімз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.

Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.

Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап) : «Қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп танылады» делінген. РСФСР-дың 1922 жылғы Қылмыс кодексінде «Қылмыс дегеніміз кез-келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік» деген ұғыммен тұжырымдалады. /2/

1924 жылы КСРО және одақтас республиканың қылмыстық заңдарының негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде «қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет» деп көрсетіледі (1-бап) . Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп жарияланды. КСРО және одақтас риспубликалардың 1958 жылғы қылмыстық заңдарының негізінде «Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады» делінген. Дәл осындай анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық риспубликалардың, оның ішінде 1959 жылғы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап) берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда «жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады» делінген (9-бап) . Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекелеген қылмыс құрамдары арнаулы көрестілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.

1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық коексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген. /3/

Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрстелген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттермен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құқылық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды.

Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызатынын білдіреді. Қоғамға қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезеңде, дәуірде, қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақ та қоғамға қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді жақтарының бірі ғана. /4/

Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттердің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде не тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады 288-бап 1-бөлігі) . Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорыннның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (335-бап) . Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген уақытынан бастап, өзінің қандай зиян келтіргеніне қарамастан, қоғамға қауіпті болады. Басқалары қылмыстық заңда көрсетілген зардаптар болған жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың сипаттамасын заң шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы қылмыстық заңның өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы, денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. б.

Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) болып бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп, заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап), ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі, «б» тармағы), т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс істелді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайдақорлық мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады. Кейбір реттерде қоғамға қауіптілік іс-әрекетті істеген адамның ерекшелігіне де байланысты қылмыс деп танылады. Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру халіне жеткізілуі (102-бап) . Кейде субъектінің ерекше жағдайы қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлігі) .

Қылмыстық құқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық және сандық жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстың сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу қажеттігін көрсетеді. Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық, ал дәрежесін - сандық сипаттамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай қоғамға қауіптілік экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және абайсыздық, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстың объектісі бойынша анықталады. Объектілердің тізбегі қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі топтық объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері топтық объектліренің маңыздылығына қарай рет ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптіліктің сипатының тағы бір көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдық, мроальдық зиян күш қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушлық, жалпыға қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда қоғамға қауіптілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дайінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына, не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады (96-бап, 2-бөлігі), ал абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1-бөлігі) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кінәнің нысандарын анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сипатын белгілеуде маңызды роль атқарады. Қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сандық жағын анықтағанда көптеген факторларды ескеру қажет. Бұл реттерде келтірілген зардаптың ауырлығын (аса көп мөлшерде, көп, едәуір мөлшерде) қылмысты жеке немесе бірлесіп қатысу арқылы жасау, қылмыс істегенде қандай тәсіл қолданылды, кінәнің сипатын (ниет, мақсат) қылмыс субьектісінің ерекшелігіне, іс-әрекеттің істелу уақытына, жағдайына баса назар аудару керек. Мысалы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің (103-бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы (104-бап) немесе жеңіл (105-бап) дәрежеде қасақана зиян келтіруден қоғамдық қауіптілік дәрежесі едәуір жоғары. Қарақшылықтың (179 - 2 ) ұрлықтан (175-бап ) дәрежесі жағынан қоғамға қауіптілігі жоғары. Өйткені шабуыл жасап, қарақшылық жасап тонағанда бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен қауіпті тәсіл шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына күш жұмсаумен ұштастырылады. /5/

Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген санкция бойынша да анықталады. Мәні жөнінен екі қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау, сол қылмыста берілген белгіленген санкцияларды салыстыру қажет. Ауырырақ жаза белгіленген қылмыс түрінің қоғамға қауіптілігі дәрежесі де жоғары болып табылады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша қоғамға қауіптілік сипатыбірдей қылмыстарды бір-бірінен ажырытуға болады.

Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде заң қорғайтын объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылық туралы әңгіме болып тұр.

Қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін, яғни қылмыстық көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықпен істеген адам ғана тартылады. Кінәсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналық ( тікелей немесе жанама ), абайсыздық ( менмендік немесе немқұрайдылық ) болып түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.

Егер адам өз іс-әрекетінің ( әрекетсіздігінің ) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

Егер адам өз іс-әрекетінің ( әрекетсіздігінің ) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады ( 20-бап ) .

Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.

Егер адам өз іс-әрекетінің ( әрекетсіздігінің ) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.

Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің ( әрекетсіздігінің ) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білсмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған деп танылады ( 21-бап ) .

Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.

Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс обьектісі және қылмыстың объективтік жағы
Қылмыс және қылмыстың құрамы
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ
Қоғамға қауіпті зардаптар
Қылмыстың түсінігі және белгілері
Қылмыстың ұғымы мен белгілері
Қылмыс түсінігі белгілері
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс ұғымы
Аса ауыр қылмыстар
Қылмыстың құрамының белгілеріне қарай жеңілдететін мән жайлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz