Тауар өндірушілердің жетілуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Тауар өндірісі. Құн заңы және рыноктық механизм.
1. Тауар шаруашылығын зерттеудің жалпы методологиясы.
2. Тауар және оның қасиеттері, тауарға сіңген еңбектің сипаты. Құнның
нысандары.
3. Құн заңы – тауар өндірісінің заңы.

2. Тауарлы – материалдық запастардың есебі.
1. Материалдық запастар және оларды жіктеу мен бағалау.
2. Тауарлы материалдық құндылықтарды түгендеу және оларды есеп беруде
ашып көрсету.
3. Тауардың экспорты бойынша жасалатын операциялар есебі.

3. Жалға берілген негізгі құралдардың және жауапты сақтауға қабылданған
тауарлы – материалдық құндылықтардың есебі.
1. Жауапты сақтауға қабылданған тауарлардың есебі.
2. Консигнацияға қабылданған тауарлардың есебі.
3. Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі.

4. Қорытынды.

I. Тауар өндірісі. Құн заңы және рыноктық механизм.

1. Тауар шаруашылығын зерттеудің жалпы методологиясы.

Бұл тақырып тауар, құн, баға, ақша сияқты маңызды категориялардың
мапзмұның анықтауға арналады. Бұл ұғымдарды зерттеуге бірінші қадам
жасалысымен-ақ методологиялық мәселе пайда болады. Бұл құбылыстарға
функционалды талдауды, әлде себеп-салдарлы талдауды қолдану керек пе?
Мәселені барынша қарапайым етіп былайша түсіндіруге болады: функционалды
талдау экономикалық құбылыстардың өзара байланысын “көлбеу сызығы бойынша”
қарайды, бірінші не екінші деген сұрақ қойылмайды. Мысалы, баға сұранысты
анықтау ма әлде керісінше ме?
Каузалды (себеп-салдарлы) талдаудың фунционалды талдаудан
айырмашылығы ол тауар шаруашылығы категорияларының шығу төркінің алынған
табыстардың түпкі қайнар көздерін, себептерін зерттеуге басты көңіл бөледі.
Мұндай талдау баға, бағаның негізі не? Құнның субстанциясы не? Пайданың,
проценттің, жалақының және т.б. түпкі көздері не деген сұрақтарға
әлеуметтік-экономикалық, таптық сипаттамалар мен өлшемдер тұрғысынан жауап
береді.
Бұл екі талдау тауар шаруашылығы категорияларын зрттеудегі қпзіргі
маржиналисттік (шектілік) және марксистік әдістерді сипаттайды. Догматтық
бағыттағы кеңестік экономикалық әдебиеттерде маржиналисттік талдауды істің
сыртқы көрінісімен айналысатын “дөрекі”, “ғылыми емес” деп жариялады.
Алайда неоклассикалық мектепті ғылыми емес деп бағалау қате пікір. Бұл
бағыттың өкілдері өз алдарына әлеуметтік-таптық қатынастарды анықтауды
мақсат етіп қойған жоқ. Олардың талдауы жеке фирманың, өндірушінің, не
тұтынушының шаруашылық жүргізуінің неғұрлым оңтайлы әдістерін іздеуге ең
жоғары деңгейіндегі әл-ауқатта жетудің барынша тиімді тәсілін табуға
арналған. Бұл көзқарас бойынша, еңбекші тап пен меншік иелерін - бір-
біріне қарсы қою дұрыс емес. Өндірістің барлық факторлары еңбек те, капитал
да, жер де ұдайы өндіріс процесіне өз үлестерін қосады және содан бұл
факторлардың иелеріне тауар құнындағы өз үлестерін алады. Таптар
арасындағы қарама-қайшылық емес, олардың өзара әрекеті, өзара бейімделуі
экономиканың тиімділігін арттыруға әкеледі.
Қоғамдық өндірістің алғашқы нысаны натуралды шаруашылық, осыған
қысқаша тоқталып өтейік, онсыз шаруашылықтың басқа нысандарының мәнін
түсінуде қиынға соғады. Натуралды шаруашылық еңбек өнімдері рынокқа түсетін
айырбас үшін емес, ең алдымен өндірушілердің өз қажеттерін өтеу үшін
ұйымдасатын шаруашылық. Яғни еңбек өнімі өндіріушінің де жеке басының
қажетін қанағаттандыруға арналады да ол, тұтынушының қолына тікелей бөлу
жолымен тиеді. Мұнда тұтыну өндірумен сәйкес келеді де, олардың
арақатынасын реттеу қиынға соқпайды. Мұндай қатынастар, әсіресе алғашқы
қауымдық құрылыста кең орын алды. Натуралды шаруашылыққа патриархалды
шаруалар қожалығы және феодалдық иеліктегі шаруашылықтар жатады. Натуралды
шаруашылықтың тауарлы нысанымен алмасуы ұзақ та, күрделі процесс. Жоғарыда
атап өтелгендей, натуралды шаруашылық әрі тұйық, әрі тұрақты, әрі өсуі өте
баяу. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып отыр, әсіресе экономикасы әлсіз
елдерде елеулі орын алады. Тіпті дамыған елдердің өзінде де натуралды
шаруашылықтың кейбір нысаны сақталуда. Натуралды шаруашылықты ығыстырып
шығарудың бірден-бір жолы – шаруашылықтарды тауар алмасуға, сатып алуға,
сатуға қамту. Мұнда өндірістің мамандануын тұрақтандыру аса маңызды.
Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек
бөлінісі, осымен байланысты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге
маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір-біріне
экономикалық жағынан оқшаулануы нәтижесінде өз еңбектерінің өнімдеріне
өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Еңбек әуел бастан қоғамнан тыс орын
алған емес, яғни ол әрдайым қоғамдық сипатта болған және солай болып
қалады. Ал өндіріс процесіне жеке дара адамдар қатысады, олардың еңбегі бір
мезгілде әрі қоғамдық, әрі жеке сипатқа ие болады. Еңбектің екі жақты
сипаты жеке еңбекті қоғамдық еңбектің құрамына енгізу қажеттігін көрсетеді,
яғни мәселе мынада: өндірушілерді қоғамға қажетті жұмысты арттыруға
ынталандырады, әрі еңбекті белгілі бір қарқындылықпен және сапалы түрде
атқаруды талап етеді.
Натуралды өндірістің күйреуі, тауар өндірісінің пайда болуы және
орнығуы экономикадағы маңызды алға басушылық болады. Тауар өндірісі жұмыс
уақытын үнемдеу мен еңбек өнімділігн арттырудың тиімді механизмін жасады.
Сондықтан да ол өзінің адамзат тарихының барлық кезеңдерінде өмір сүру
құқығын қамтамассыз етті. Тауар өндірісі құл иеленушілік құрылыста да,
феодализмде де, капитализмде де орын алды. Тауар өндірісін жай және
капиталисттік тауар өндірісі деп екі түрге бөлу қалыптасты.

2. Тауар және оның қасиеттері, тауарға сіңген еңбектің сипаты.
Құнның нысандары.

Тауар дегеніміз – айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын
еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу немесе сату үшін өзіндік бір
қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін
қанағаттандыратын болса, құрал-жабдықтар өндірістік талғамды
қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қандай
да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді,
тауарларды белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды болуы
әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың
бәрін біз тауар деп атай аламыз. Ауаны алайық, адам баласының ең басты
тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес,
өйткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ал осы ауаның
белгілі бір бөлігін оттегі жастығына жиыстырса, ол тауар бола алады.
Өйткені оны ауадан бөліп алуда белгілі бір мөлшерде адам еңбегі жұмсалды.
Оны сатып алуға, сатуға болады, сөйтіп оны адам қажетіне пайдаланады. Енді
қандай да болмасын еңбек өнімі тауар бола ала ма деген сұрақтың қойылуы
мүмкін. Шаруалардың, қала тұрғындарының өз шаруашылығында, қосалқы
шаруашылығында өсірген жеміс-жидегі өз отбасының, яғни жеке талғамын өтеуге
пайдаланды делік. Осы өнімдер әлі тауар емес. Ол тьауар болу үшін басқа бір
қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен,
тауардың екі жақсы қасиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да болса бір
тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат; екіншіден, ол басқа бір затқа; заттың
пайдалылығы оны тұтыну құны етеді.
Тұтыну құны – тауардың пайдалығы, адамның белгілі бір қажетін
қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары
ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:
1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты.
Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жилектердің құрамында адам
организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады.
2. Тұтыну құн сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен
байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100
пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі.Алайда
олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес.
3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің
дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын
рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде
негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазіргі машина, поезд, ұшақтар
атқарып отыр. Заттрдың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді.
Мысалы, ағаш ертеден құрылыс маиериалы, отын есебінде пайдаланылса,
бүгінде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.
Жоғарыда атап өтілгендей, тұтыну құны бар затты әлі тауар дей
алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті – айырбас құны немесе басқаша құн болу
керек. Айырбас құны – ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрінеді. Мұнда
біртектес тұтыну құндары екінші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады.
Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Мысалы, 50 кг
астық 25 метр матаға айырбасталды делік. Бұл жерде 50 кг астықтың 25 метр
матаға қатысы - осы тауардың айырбас құны болады. Жай көзге бұл бір
кездейсоқ қатынас сияқты. Өйткені 50 кг астықтың бүгін 20 метр, ертең 30
метр матаға да айырбасталуы мүмкін ғой. Алайда осы кездейсоқ жайдың өзінде
бір заңдылық бар. Оның негізі тұтыну құнында емес (екеуігде екі түрлі), осы
тауарларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбеңте. Тауар өндірушінің тауарға
сіңірген қоғамдық еңбегі тауардың құнын жасайды.
Құн – тауарға сіңіріп, онда затқа айналған қоғамдық еңбек. Тауардың
құны қоғамдық категория, ол көрінбейді, бірақ ол тауарды тауарға
айырбастағанда, бір тауарды екінші тауарға теңестіргенде айқындалып
отырады.
Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар
өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші
жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан,
абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек адамның жұмыс
күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің
әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы
материалдарды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір өндіріс құралдарын,
шикізат, қосалқы матриалдарды пайдаланумен, қызметерлердің белгілі бір
дәрежедегі ептілігімен, тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру
процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік
қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-
бір көзі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Тауарлардың құның
жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек – физиологиялық мағынада адам
күшін жұмсау. Біз ілгері атап өткендей, құн дегеніміз тауарға сіңген
абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өндіршінің жұмсаған жұмыс
уақытының санымен анықталады. Сонымен тауардың құнының мөлшері оны өндіруге
жұмсалған қажеттті жұмыс уақытынның мөлшерімен анықталады.
Алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алады. Осыған
орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап астыққа
айырбасталды, яғни бір заттың құны (қойдың) екінші бір тауар арқылы (астық)
анықталады. Біздің мысалымызда бірінші тауар (қой) активті рөл атқарып тұр.
Яғни өзінің құнын екінші Бір тауар астық арқылы анықтап отыр. Сондықтан оны
относительді құн нысаны дейміз. Ал екінші тауар (астық) пассивті рөл
атқарады, бірінші тауардың құнын анықтай отырып, оған бірдей құн ретінде
қарсы тұрады немесе оны эквивалентті құн нысаны деп атайды.
Өндіргіш күштердің дамуы, онымен байланыст қоғамдық еңбек бөлінісінің
тереңдеуі кездейсоқ айырбастан оның жүйелі нысанына, құнның толық нысанына
көшуге негіз қалады. Мысалы,

3 грам алтынға немесе
1 қой 10 балтаға, немесе 1 қап астыққа айырбасталады

Мұның құнын жай нысанынан айырмашылығы жалпы эквивалент рөлін бірнеше
тауарларға атқарады. Бұл айырбас процесін қиындатты. Сөйтіп дамудың белгілі
бір дәрежесінде жалпыға бірдей құн нысаны пайда болды.

3 гр алтын =
10 балта = 1 қойға айырбасталды.
1 қап астық =

Сөйтіп жалры эквивалент рөлін бір тауар атқарды. Бұл жағдайдың өзі
де көрке бармады. Өйткені жалпы эквивалент рөлін ертедегі грек, араб, үнді
елінде – мал, ертедегі орыс, скандинавия елдерінде – аң терісі, Африка
елдерінде – піл сүйегі, Қытайда – тұз атқарды.
Алайда өндіргіш күштердің қарқынды дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің
одан әрі тереңдеуі жалпы эквивалент рөлін әр елде әр түрлі тауарлардың
атқару тәртібі қала бастады да, оны бір ғана тауар, яғни ақша атқаратын
болды. Осымен байланысты құнның ақшалай нысаны дүниеге келді. Мысалы:

3 гр алтын =
10 балта = 1 қойға айырбасталды.
1 қап астық =

Бұл нысан эквалент рөлін алтын, бағал металдар атқарған кезде ғана
беки бастады. Бір кезде эквикалент рөлін тек алтын ғана атқарды. Сөйтіп
айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар-ақшаның бөлініп шығуына
жеткізді. Құнның ақшалай нысанының пайда болуымен байланысты бүкіл тауарлы
әлем екіге бөлінді – тауарлар және ақшалар.

2. Құн заңы – тауар өндірісінің заңы.

Қоғамдық өндіпістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-
әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысынң
негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарды өндіру мен
айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары
негізінде жүзеге асыруға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді
сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық
нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді.
Ал тауар ақша айналысында құн заңы – баға заңы болып табылады. Баға – құн
заңының, көрініс. Құн – баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.

Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен
бастап, құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді.Қоғамдық
үстемдік ететін өндірістік қатынастардың типімен байланысты оның әрекет
ерекшелігі де өзгеріп отырады. Құн заңының тауар өндірушілерге әрекеті тек
рынрктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұпаныс пен
ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі
салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның
негізі құн заңының өзінде емес,оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында,
қоғамның экономикалық құрылысының сипатында.
Айналыс саласында құн заңы бағаның халықтың төлем қабілеттігінің
көлемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды
рөл атқарады. Құн дұрыс басшылыққа алудың қоғамдықеңбек өнімділігін,
өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетудің, нақты
рыноктық қатынасқа көшуді қамтамассыз етуде, шаруашылық реформасын іске
асыру маңызы зор.
Тауар өндірісінің тарихы пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет.
Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі
еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы
тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек
бөлініс ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек
бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын
әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлініс
қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс және сауда
салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен
салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі,
мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын
байқаймыз. Демек тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек
бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынок болмас еді.
Тауар өндірісінің екінші алғы шартты тауар өндірушінің жеке меншігі
болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа
жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен
бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамының белгілі қауымдық,
таймалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы
адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн көрудің
ауыртпалығынан туған қажеттілік. Қоғамдық қауымның меншігі өндіргіш
күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң аулау үшін,
жыртқыштардан сақтану үшін, тағы басқа жеке адамның қолынан келмейтін
жұмыстарды атқару үшін өзара бірігіп еңбек еткен де, оның нәтижесін ортаға
салып, ол өнімдерді тайпа басшылары бөліп отырған. Алғашқы қауымдық
меншікке негізделген қоғамдық құрылысты “алғашқы қауымдық коммунизм” деп те
атайды. Алғашқы қауымдық формацияда тауар-ақша рыноктық қатынас болмаған.
Бұл қатынастар осы формацияның ыдырауы сатынсында пайда болды. Өндіргіш
күштердің дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал-саймандарды жетілдіру (мысалы,
тас, ағаш құралдарының орнына темір, қалайы, мыс, тәріздіметалдарды
пайдалану, ағаш соқа орнына темір соқа, тырма т.с. құралдарды игеру), сол
сияқты отпен пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке
бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті
тұтынуынан артық қосымша өнімі пайда болды. Ал қосымшы өнімнің болуын тауар
айырбасыны, рынок қатынасының дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек.
Айырбас, рынок қатынасындағы негізгі тұлға – тауар. Экономикалық
қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар – еңбек өнімі, ол екінші бір
затқа, тауарға айырбастау үшін шығарады. Ілгеріде атап көрсетілгендей,
тауардың екі түрлі сипаты бар:
1) адамның белгілі қажетсінуін өтеу қабілеті;
2) екінші бір тарауға айырбастау қасиеті.
Тауар қоғамға пайдалы зат болуға қажет. Экономикалық теория тауардың
қоғамдық қажетсінуді қанағаттандыру қабілетін тұтыну құны деп атайды.
Тұтыну құны - тұтылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты.
Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті - оның
басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу сипаты. Экономикалық
теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі пропорцияда айырбасталу сипаты
“айырбас құны” деп аталады.
Айырбас құн – тауар басқа заттармен салыстыру арқылы қаралатын зат
екенін білдіреді, сонымен бірге заттар арасындағы қатынас орнаған жерде
оларды өндірген адамдар арасындағы қатынаста бүркемеленіп көрінетін
байқауға болады.
Айырбас құны алдымен түрлі тұтыну құндарын айырбастаудағы сан
қатынастарын (пропорцияны) байқатады. Мысалы, бір пар етікті бір пар
бидайға айырбастаса, бір пар етіктің айырбас құны бір қап бидайдың құнына
тең деген сөз. Етік пен бидай түрліше заттар. Сол себептен тауар айырбасы
мынадай екі түрлі сұрақ тудырады:
1) Түрлі тауарлады, заттарды теңестіретін не?
2) Айырбасқа түскен тауарлардың сан қатынастары немен белгіленеді?
Тауарларды теңестіретін, өзара салыстырып өлшейтін негіз – олардың
еңбек өнімі, белгілі еңбек шығындарының нәтижесі. Тауар еңбектің ғана
шығыны ретінде қаралса құн болып саналады. Екінші сөзбен айтқанда, құн
дегеніміз – тауарға сіңген еңбек. Осыған орай құн теориясына ерекше
тоқтаған жөн. Бұл теорияның негізін салған А.Смит, оны К.Маркс ілгері
дамытты. К.Маркс құн теориясына сүйене отырып, қосымша құн теориясын –
маркстік экономикалық ілімнің ірге тасын қалады. Алдымен А.Смит зерттеген
еңбек құн теориясын алып қарасақ, тек қана еңбек өнімді жасаушы күш. Бұл
теория бойынша, еңбектен басқа өндіріс факторлары жаңа құн жасай алмайды,
тек қана өз құнын жаңа өнімге ауыстыратын. Оны ауыстыратын да адам еңбегі,
бұл еңбек тек қол еңбегі деген тұжырымды алға тартты. К.Маркс осы қағиданы
ілгері дамытты, оны В.И.Ленин қолдады. Соңғы уақытқа дейін кеңестік
экономикалық теорияда еңбек, құн және қосымша құн теориясы кең орын алып
келеді. Бірақ бұл теория адамзат қоғамының алдындағы негізгі мәселе азайып
келе жатқан ресурстарды сақтауға арналған жаңа технологияны іздестіру
қажеттігін еске алмады. Осыдан келіп құн және өндіріс шығындары туралы ұғым
жалған түсіндірілді. Тауарға баға берілгенде қоғамдық қажетті еңбек
шығындарын есептеудің дұрыс еместігі, ол шығындар тиімділігі төмен
кәсіпорындарда болатындығы айқындалды. Оған қоса монополиялық баға
тағайындау жасанды тапшылық (дефицит) тудыратын мәлім.
Шын мәнінде ерікті ұйымсыз, жеке адам өз инициативасы бойынша ерікті
түрде кәсіпорын ұйымдастырмай, нақтылы шығындарын есептей алмай немесе жаңа
технологияның қажеттілігін түсінбейді. Ешбір жоспарлаушы орган шектелген
өнімді, шектелген пайдалылықтың барлық жиынтығын, факторлар мен өнімнің
бағасын есептеп, экономикалық проблемаларды шеше алмайтындығын әлемдік
тәжірибе көрсетіп отыр. Тепе-теңдік бағасы барлық рыноктардағы сұраныс пен
ұсыныстың негізінде қалыптасады, шекті қоғамдық пайдалылық пен шекті
қоғамдық шығындар бір-біріне тең келіп тұратын “дәстүрлі бағаны ”
көрсетеді. “Дәстүрлі баға” тек қоғамдық қажетті еңбектің шығындарын, құн
заың көрсетпейді. “Дәстүрлі баға” өндірістің барлық негізі факторлорын –
еңбектің, капиталдың, жердің пайдалану технологиясының тұрақты деңгеіндегі
барынша тиімділік сипаттайды.
Сонымен, құн заңы дегеніміз баға заңы. Рыноктық бағаның ауытқуы бұл
занның мына секілді маңызды қызметттерін анықтайды:
1. Өндірістің негізгі факторларын бөлу. Баға өскен
байқалған салаларда өндірістің жандануы орын
алады, мұнда өндірістің маңызды факторлары
тоғысады. Осының нәтижесінде тауарлар ұсынысы
оларға деген сұраныстан асатын болса, кері
процесс басталады. Рыноктық бағалар төмендей
бастайды және бұл саладан ресурстардың басқа
салаға ауысыуы орын алады.
2. Өндіргіш күштердің дамуын ынталандыру. Рынокта
тауар еңбек шығындарына емес, қоғамдық қажетті
еңбек шығындарына сәйкес бағалармен сатылады.
Егер қандай да фирма немесе жеке тауар өндіруші
өндіріс шығындары ғана (тек еңбек шығындарын
емес басқа да факторларын қоса) азатуға қол
жеткізсе, ол пайда алады. Бұл үшін технологияны
жетілдіру, ғылыми-техникалық прогрестің
жетістерін қолдану, ресурстарды үнемдеу қажет.
Сонымен ешқандай үгіт-ұрансыз құн заңы
өндірушіні өндіргіш күштерді жетілдіру мен
дамытуға мәжбүр етеді.
3. Тауар өндірушілердің жетілуі. Құн заңының бұл
қызметі алдыңғы екеуінен шығады. Өндіріс
шығындары төмен, рыноктың жай-жапсарын дұрыс
бағалай білген тауар өндіруші алынған пайданың
өсуіне байланысты байи түседі. Басқа тауар
өндірушілер “ұтылыста” қалып зиян шегеді. Тауар
өндірушінің жетілуі құн заңының баға заңының
объективті нәтижесі.

II. Тауарлы – материалдық запастардың есебі.

1. Материалдық запастар және оларды жіктеу мен бағалау.

Тауарлы-материалдық запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік
құнымен, не таза құнымен бағалады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың
бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескеруі немесе олардың
бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне
келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (өткізу)
бағасы пайдалануы мүмкін.
Шикізат, матириалдар, сатып алынған жартылай шикі заттар, отын,
қосалқы бөлшектер және басқа материалды кәсіпорын балансында өздерінің
нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар
синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалық есепте-тұрақты есеп
бағасымен (келісімді немесе жоспарланған - есеп бағасы) көрсетіледі.
Егер субъект материалдық құндылықтардың келісімді бағасымен есепке
алса, онда олардың нақты өзіндік құнына КДШ қосылуы мүмкін. КДШ құрамына
теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа көлік түрлері
арқылы тасымалдау түрінде жарнамалардың барлық түрлері кіреді;
жабдықтаушылардың теміржол және басқа көлік мекемелерінің қоймаларынан
материалды жеткізу; қорларды алу және пайдалануға байланысты іс-сапарлардың
шығындары, қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек ақысынан басқа
тиеу, түсіру және қаттау шығындары; жабдықтаушы, делдал мекемелерге
төленген коммиссиялық сыйлықтар және босалқыларды алумен тікелей байланысты
басқа шығындар жатады.
Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған
шығындарды анықтаған кезде шегеріледі. Тауарлы-материалдық запастардың таза
сату құнын шығару үшін олардың да шаруашылық қызметінің барысында сатылатын
бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға тең.
Өзіндік құн мынадай себептер бойынша қалпына келтірілуі мүмкін, онда
тауарлы-материалдық запастардың таза сату құны пайдаланады:
➢ Осы тауарлы-материалдық запастар біршама бүлінген;
➢ Олар тұтастай немесе ішінара ескірген;
➢ Рлардың сату құны төмендеген;
Мысал. “Шығыс” ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін
жабдықтаушыға тапсырыс берген, оның 1дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім
шарт жасасқаннансоң, “Шығыс” ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен.
Барлық кліп түскен терінің мөлшері 35 555,6 дм2 құраған, ал оның сомасы 3
200 004 теңге болған. Тасымалдау шығыны 800 000 теңге және түсіру шығыны
(түсірушілердің жалақысы-300 000 және әлеуметтік – 56 700 (300 000 – 300
000 х 10% х 21%)) 356 700 теңе құраған. Түсіруге дейін қоймада сақтау
шығыны 630 000 теңге құраған. “Шығыс” ААҚ терінін өңдеудің тәсілін
жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген,
нәтижесінде алған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4 545 324 теңге немесе
1дм2-ты 127,84 теңге құраған:
➢ Сатып алу бағасы – 2 758 624 теңге (ҚҚС қоспағанда);
➢ КДШ – 1 156 700 теңге (800 000 + 356 700);
➢ Сақтау шығындары – 630 000 теңге (сақтау шығынын өзіндік құнға
енгізілуі мүмкі, егерде олар қойманың тұрған жеріне дейін
жеткізіп берсе ғана).
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке
кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске
босатуға не нақты өзіндік құны бойынша босатылуы мүмкін. Тап осындай өнімді
басқа кәсіпорын 90 теңгеден емес, оның 1 дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан
“Шығыс” ААҚ-на да сол бағада сатуына тура келген.
Енді біз операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын
қарастырып көрейік:

Рет.Шаруашылық операцияның мазмұны Сома, Шоттардың
№ мың корреспонденциясы
теңге
дебет кредит
1 2 3 4 5
1. ТМЗ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға 3 200 004 351 441
аванс берілген.
2. Жабдықтаушыдан сары тері алады:
материалдардың құнына 2 758 624 201 671
ҚҚС-ның сомасы 441 380 331 671
3. Тасымалдау шығыстары өтелді 800 000 687 441
Сақтау шығыстары төленді 630 000 687 441
4. Сары теріні алумен байланысты шығыстары
материалдық құнына қосылды:
тасымалдау шығысы 800 000 201 687
артып-түсіруі брйынша кеткен шығыстары 356 700 201 681,634
“Әлеумет-
тік
- сақтау шығыстары 630 000 201 салық”
687
5. Жабдықтаушының қарызын өтеуге бұрындары
берілген авансы зачет жасалды 3 200 004 671 351
6. Таза сатылған құнына дейін
материалдардың құны есептен шығарылыд.
Өзіндік құны 4545324 теңге болған. Таза
сатылған құны 2300447 (35555,6х64,7)
теңге құраған (ҚҚС қопағанда).
Материалдардың өзіндік құны оларды
алумен байланысты шығыстарын қоспғанда
2758624 теңге құраған. Таза сатылған
құны мен материалдардың өзіндік құнының
арасындағы айырмасы 458177 теңге құраған458 177 845 201
(2758624 - 2300447).

Әдетте, өнеркәсіп өндірістерінде материалдың запастапы өзінің өзіндік
құнына төмен есептен шығарылмайды (сатылатын таза құнына дейін), егер де
шығаралатын дайын өнімінң бағасы өның өзіндік құнына тен немесе жоғары
бағаға сатылады деп күтілетін болса.
Егер де ондай мүмкіндігі болмаса материал қоры сатылатын таза құнына
немесе одан да төмен бағаға сатылуы мүмкін.
Сатылатын таза құнын да, өнімнің өзіндік құннан да төмен бағасы
бойынша анықтау үшін ТМҚ-ға мына төмендегідей әдістерді қолдануы мүмкін:
➢ баптық әдісі - әрбір ТМҚ түрлерінің баланстық және сатылатын
таза құнының ең кіші мәні алынады;
➢ негізгі материалдар тобының әдісі – ТМҚ топтарының баланстық
және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;
➢ жалпы запастар деңгейінің әдісі – барлық ТМҚ-дың және
сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынад
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында
әртүрлі болуы мүмкін,сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, 7-БЕС
қарастырылған төрт әдістің бірін қолданамыз: арнайы (тұтастай)
идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс қорларды бастапқы сатып алу
бағалары бойынша бағалау әдісі (“ФИФО”); қорларды соңғы сатып алу бағалары
бойынша бағалау әдәсі (“ФИФО”).
Мысал. ТМҚ өзіндік құнын бағалаудың әдістерін қарастырып көрейік.
“Шығыс” ААҚ-ның 2002 жылдың 1-ші қаңтарына қалған материалдар саны:
- цемент – 200 тонна 60 000 теңге сомасы;
- бензин – А-95 – 100 литр 4500 теңге срмасына.
-
Күні Цемент Бензин А-95
кіріс шығыс кіріс шығыс
саны, 1литрдісомасы саны, саны, 1литрдісомасысаны,
тонна ң теңге тонна литр ң теңге литр
бағасы бағасы
теңге теңге
Кіріс

Шығыс
Жиыны

Есептен шығарылған (жұмсалған) материалдардың құны және ай соңына
қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.
Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының құнын анықтау
үшін есептеу жолымен шығарылатын формуланы пайдалану мүмкін:

Есептік кезеңнің Есептік кезеңнің Кіріс Шығыс
соңында
қалған материалдың = басына қалған + болған - болған
қалдықтарының құнын қалдықтардың құны материалдар материалда
р

Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың
құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын
қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.
Бұл әдісті есептеудің метаматикалық формуласы мынадай:
∑ м.қ. + ∑
алын.
Орташа құны =
К м.қ. + К
алын.


Мұндағы:
∑ м.қ. - есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;
К м.қ. - есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;
∑ алын. - алынған материалдардың құны;
К алын. - алынған материалдардың саны;
Біздің мысалда цементтің орташа өлшемдік (немесе өлшенген) құны
мынаны құрады:
6000 + 31000 + 6400 + 57800 + 219800
64600
= ≈ 3232,35 теңге
20 + 10 + 2 + 17 + 19 68


Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдың санына көбейтсек [3232,35 х
(15+10+12)=119596,95 теңге], ода біз жұмсалған материалдың құнын аламыз, ал
ай соңындағы материалдың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық
құнын аламыз.
Цементтің ай соңына қалған қалдық құны - 100203,05 теңге құраған (31
тонна 3232,35 теңге немесе 60000+159800-119596,95).
Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз
4500 + 13800 + 22500 + 50200
9400
= ≈ 45,63 теңге
100 + 300 + 500 + 200 1100


Жұмсалған бензиннің құны 45,63 теңге х (50+150+300+100+100+100)=36504
теңге. Қалдық құны 300х45,63 теңге немесе 4500+45700-36504=13696 теңге.

Цемент
Бастапқы қалдық: 20 тонна х 3000 бағасы = 60000 теңге

Кіріс Шығыс
10т. х 3100 теңге = 31000 теңге 15т. х 3000 теңге = 45000 теңге
2т. х 3200 = 6400 теңге 10т. х 5т. (20-15) х 3000 теңге =
15000 теңге
5т. х 3100 = 15500
теңге
Жиыны – 30500 теңге

17т. х 3400 теңге = 57800 теңге 12т. - 5т.(10-5) х 3100 = 15500 теңге
19т. х 3400 теңге = 64600 теңге 2т. х 3200 = 6400 теңге
5т. х 3400 = 17000 теңге
Жиыны – 38900 теңге

Кіріс жиынтығы 159800 теңге Шығыс жиынтығы 114400 теңге

“ФИФО” әдісі - босалқыларды алғшқы сатып алу бағалары бойынша
бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нқты өзіндік
құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші
келген – бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып
алынғанның құнына негізделеді. Біздің мәліметтің негізінде “ФИФО” әдісі
бойынша соңғы қалдықтың және жұмсалған материалдық құны мынаны құрайды:
Ай соңында қалған қалдығы: 31 тонна (17-5+19) х 3400 (1 тоннаның
бағасы) = 105400 теңге.
Бензин
Бұл жерде де цементтің есебіне ұқсас етіп шығарылды.
Соңына қалдығы 300 литр (200 х 47 және 100 х 45):
200 х 47 = 9400 теңге;
100 х 45 = 4500 теңге;
Жиыны 13900 теңге

Шығыстың құны: 4500+45700-13900=36300 теңге немесе
50 литр х 45 теңге = 2250 теңге;
150 литр х (50 литр х 45 теңге, 100 литр х 46 теңге) = 6850 теңге;
300 литр х (200 литр х 46 теңге, 100 литр х 45 теңге) = 13700 теңге;
100 литр х 45 теңге = 4500 теңге;
100 литр х 45 теңге = 4500 теңге;
100 литр х 45 теңге = 4500 теңге;
Шығыстың жиынтығы 36300 теңге

“ЛИФО” әдісі - запастарды соңғы сатыр алынғандардың бағасы бойынша
бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте
жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай (кезең) соңындағы
қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен
есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс. Біздің мысалымызда “ЛИФО”
әдісінің көрсеткіштері мынадай болады:

Цемент
Бастапқы қалдығы 20 тонна х 3000 бағасы = 60000 теңге

Кіріс Шығыс
10т. х 3100 теңге = 31000 теңге 15т. х 3400 теңге = 51000 теңге
2т. х 3200 = 6400 теңге
10т. х 3400 теңге = 3400 теңге
12 тонна = 40600 теңге
(11т. х 3400 теңге = 37400 теңге
1т. х 3200 теңге = 3200 теңге)
17т. х 3400 теңге = 57800 теңге
19т. х 3400 теңге = 64600 теңге
Кірістің жиынтығы 159800 теңге Шығыстың жиынтығы 125600 теңге

Соңғы қалдығы 20т. х 3000 теңге
31 тоннаның құны 94200 теңге 10т. х 3100 теңге
1т. х 3200 теңге
Бензин
Бастапқы қалдығы: 10 х 45 = 45000 теңге

Кіріс Шығыс
300 х 46 теңге = 13800 теңге 50 х 47 теңге = 2350 теңге
150 х 47 теңге = 7050 теңге
500 х 45 теңге = 22500 теңге
300 х 45 теңге = 13500 теңге
100 х 45 теңге = 4500 теңге
100 х 45 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірімшік және сүзбе өндіретін цех
Ақша айналымын тұрақтандыру
Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі
Қоғамдық өндіріс туралы
Бір ғана бәсеке өндіруші
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Халықаралық көлік жолының дамуы үшін жасалатын мемлекеттік шаралардың тиімділігін бағалау
Қоғамдық өндірістердің ұйымдастыру формалары
Нарықтың пайда болу шарттары. Нарықтың атқаратын қызметтері
Тауар айналымы эволюциясындағы ақшаның пайда болуы
Пәндер