Облыстық сот төрағасы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І тарау. СОТ – СОТ БИЛІГІ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ 5
1.1 Сот билiгi 5
1.2 Сот жүйесi 6
ІІ тарау. СОТ ЖӘНЕ СОТ МӘРТЕБЕСІ 7
2.1 Сот жүйесi құрамы 7
2.1.1 Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар 7
2.1.2 Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар 8
2.2 Қазақстан Республикасының жоғарғы соты 10
ІІІ тарау. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI 14
3.1 Судьялардың құқықтық жағдайы 14
3.2 Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгi 21
3.3 Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтiк
қамсыздандыру 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Кіріспе
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2009 жылдың 24 тамызында
қабылданған 2010 жылдан 2020 жылдарға дейін Қазақстан Республикасының
Құқықтық саясат тұжырымдамасымен Қазақстан Республикасында құқықтық дамудың
жаңа кезеңі басталады. Мұнда назар аударылатыны, тұжырымдаманың дайындалуы
және қабылдануы жеке ұлттық құқықты қалыптастыру жөніндегі барлық бұрынғы
қабылданған бағдарламалық құжаттардың ізгілікті жалғасы болуында.
Тәуелсіздік алу сәтінен бастап Қазақстан өзінің қазіргі заман
талабына сай құқықтық жүйесін және заңнамасын белсенді қалыптастырып
келеді.
1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы құқықтық
реформаның мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылды.
Қазақстанның егеменді, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде
қалыптасуындағы бірден бір тарихи маңызды оқиға 1995 жылдың 30 тамызында
республикалық референдумда қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы
Конституциясының қабылдануы болды.
Конституция елімізде тәуелсіз мемлекеттің нығаюын, экономикалық және
саяси реформаларды жүргізудегі табысты меңзейтін, адам және азаматтың
құқықтары және бостандықтарын қорғауға кепілдік беретін, ішкі саяси
тұрақтылықты қамтамасыз ететін президенттік басқару формасын бекітті.
Тұжырымдамада құқық қорғау және сот жүйесінің әрі қарай дамуына
басты назар аударылған. Осылайша, құқық қорғау органдарының алдында
азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын тиімдірек қорғау, қылмыстарды
жылдам және толық ашу, әшкерелеу және оларды жасаған тұлғаларды қылмыстық
жауапкершілікке тарту, қылмыс жасаудың алдын алу, қылмысқа қарсы күресте
азаматтармен өзара байланыс арқылы олардың қызметінің тиімділігін
жоғарылату міндеті қойылып отыр.
Сот жүйесіне келетін болсақ, бүгінде ол азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын, заңмен қорғалатын ұйымдар мен мемлекеттің мүдделерін тиімді
соттық қамтамасыз ету қажеттіліктеріне толығымен жауап береді.
Республиканың қазіргі заманғы сот жүйесінің қалыптасуында 2000
жылдың 25 желтоқсанындағы “Қазақстан Республикасында соттар және
судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық заңның қабылдануы маңызды
болды. Конституциялық заңның қабылдануымен судьялардың әлеуметтік және
құқықтық қорғалуы нығая түсті. Олардың өздеріне пленарлық отырыстарға
қатысу арқылы судья лауазымына үміткерлерді іріктеуде, оларды босатумен
және тәртіптік жауапкершілікке тартумен байланысты мәселелерді қарастыруға
мүмкіндік берілді. Судьялардың материалдық жағдайлары жақсартылды.
Жаңа заңда Қазақстан Республикасының барлық аумағында күшіне енген
сот шешімін орындау міндеттілігіне қатаң талап қойылды.
Судья лауазымына тағайындау процедурасының мөлдірлігін және
ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында судья лауазымына үміткерлерді
конкурстық негізде іріктеуді жүзеге асыруды, сонымен қатар олар міндетті
тағылымдамадан өтуді қарастыратын нормалар енгізілді.
Әрі қарай сот құрылысы және сот ісін жүргізу мәселелері дамытыла
бастады, судьялардың тәуелсіздігін кепілдендіру принципі әрі қарай жүзеге
асырылды. Процессуалдық заңнамамен қарастырылған сот ісін жүргізуді
нақтылап бірегейлендіруге қол жеткізілді.
2007 жылғы конституциялық реформаның маңызды нәтижелерінің бірі 2008
жылдың 17 қарашасында қабылданған жаңа “Қазақстан Республикасы Жоғары Сот
Кеңесі туралы” Заң болды. Бұл заң Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесін және
қызметін ұйымдастыруды анықтайды, сонымен қатар сот жүйесіне білікті
кадрларды іріктеу жүйесінің құқықтық негізін жетілдіруге, елдегі сот билігі
абыройын жоғарылату және нығайту, судьялардың тәуелсіздік кепілдігін және
оларға ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етуге бағытталады. Әділет біліктілік
алқасы таратылды және судьялық кадрларды таңдау және іріктеу
мәселелеріндегі қалыптасқан даралану және қосарлылық жойылды.
Мемлекет басшысының келісімімен Жоғарғы Сот 2009-2011 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің)
Стратегиялық жоспарын бекіткен, мұнда сот жүйесін дамытудың негізгі
бағыттары, мақсаттары және міндеттері, сонымен қатар оларды жүзеге асыру
тетіктері қамтылған.
Конституция және тұжырымдама ережелерін іске асыру бойынша,
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес соттық-құқықтық
реформаны тереңдетуде айтарлықтай ұйымдастыру және заң шығару жұмыстарын
атқару қажет.
Жаңа тұжырымдама өтпелі және кезеңдік негізіндегі сот жүйесінің әрі
қарай дамуын анықтайды. Сот жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі
ретінде соттар мен судьялардың әрі қарай мамандануына, оның ішінде
ювеналдық соттардың кеңейтілуіне, қылмыстық істерді қарау жөніндегі арнайы
соттарды құру, болашақта салық және басқа да арнайы соттарды құру
қарастырылуда.
Сот ісін жүргізуде сайыскерлік принципін жүзеге асыру, сот жүйесінің
ашықтығы мен мөлдірлігін жоғарылату, соттық ақпараттарды белгілеудің
қазіргі заманғы құралдарын енгізу, сот кадрларын іріктеу тәртібін әрі қарай
жетілдіру, сот актілерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін шараларды
қабылдау, судьялардың әлеуметтік қорғалуын жоғарылату бойынша да міндеттер
қойылған. Одан бөлек, тұжырымдамада сот жүйесін дамытуда сотқа дейінгі істе
соттық бақылаудың шеңберін кезеңдік кеңейту көзделген.
Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға байланысты арнайы
институттарды әрі қарай жетілдіру аясында қабылданған Тұжырымдама адам
құқығы жөніндегі уәкілетті органның рөлін жоғарылату мүмкіндігін
қарастырады.
І тарау. СОТ – СОТ БИЛІГІ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ
1.1 Сот билiгi
Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ
заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге
тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң
актiлерiн шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот
билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен
шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың
қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге
қызмет етедi.
Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де
адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген
құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе
оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы
қорғалуға кепiлдiк берiледi.
Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi
сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан
айыруға болмайды.
Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот
iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек
Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен
тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр
араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген
тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың
құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады
немесе тиiстi органдарға жiбередi.
Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген
жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру
кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды
адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен
судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп
соғады.
Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк туы орнатылады және Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi қойылады.
2. Судьялар сот төрелiгiн судья мантиясын киiп жүзеге асырады, оның
нысаны мен сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
1.2 Сот жүйесi
Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы
Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды. Қандай да
болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының
қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары,
мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты,
мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);
2) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық,
мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар).
Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, қаржылық,
экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және
басқа) соттар құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттардың
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен өзiнiң атауы
бейнеленген мөрi болады.
Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi:
1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де
заңдарда белгiленген, барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай
сот төрелiгi принциптерiмен;
2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда
белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты
қолдануымен;
4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;
5) заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл
аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен
қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi,
сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актiлерiмен
белгiленедi.
ІІ тарау. СОТ ЖӘНЕ СОТ МӘРТЕБЕСІ
2.1 Сот жүйесi құрамы
2.1.1 Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар
Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық
соттар) уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады
және таратады. Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк-
аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін.
Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын уәкiлеттi органның
ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының
ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген
тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот)
көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.
Аудандық соттың өкiлеттiгi
1. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады.
2. Аудандық сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын
қарайды;
2) сот статистикасын жүргiзедi;
3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Аудандық соттың төрағасы
Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн
атқарумен қатар:
1) сот судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн
ұйымдастырады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi
нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi;
6) өкiмдер шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот
төрағасының өкiмi бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының
бiрiне жүктеледi.
Бiрқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның
мiндетiн атқару аумақтық уәкiлеттi орган басшысының ұсынысы бойынша
облыстық сот төрағасының өкiмiмен басқа соттың судьяларының бiрiне
жүктеледi.
2.1.2 Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық
соттар) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi
құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы
негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Облыстық соттың құрылымы мен құрамы
Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан
тұрады. Облыстық соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;
3) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;
4) соттардың жалпы отырысы.
Облыстық соттың өкiлеттiгi
Облыстық сот:

2) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары
бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың
сақталу мәселелерiн қарайды;
3) облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Облыстық соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы мен қылмыстық iстер
жөнiндегi алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы
басқарады. Әрбiр алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша
жалпы отырыста белгiленедi. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында
жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен жыл
сайын сайланатын судьяларынан тұрады.
Азаматтық iстер жөнiндегi алқа мен қылмыстық iстер жөнiндегi алқа
жалпы отырыста талқылағаннан кейiн дербес құрамын сот төрағасы белгiлейтiн
судьялардан тұрады.
Сот төрағасы азаматтық iстер жөнiндегi алқа мен қылмыстық iстер
жөнiндегi алқада мамандандырылған құрам түзуi мүмкiн.
Облыстық сот төрағасы
1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның
мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот iстерiн қараған кезде
төрағалық етуге құқылы;
3) қажет болған жағдайларда бiр алқаның (қадағалау алқасынан басқа)
судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартады;
4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық
етедi;
5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетiн
атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi

7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негiзiнде Әдiлет бiлiктiлiк
алқасына судья қызметiне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелерi туралы
қорытынды жiбередi;
8) сот тәжiрибесiн зерделеудi ұйымдастырады;
9) өкiмдер шығарады;
10) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
12) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Облыстық сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның
мiндетi өзiнiң өкiмi бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi.
3. Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкiлеттiктерiн мерзiмнен
бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның мiндеттерi уәкiлеттi органның шешiмi
бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi.
Облыстық сот алқасының төрағасы
Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья
мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) алқа судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) алқа отырыстарында төрағалық етедi;
3) сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау
жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
4) сот тәжiрибесiн зерделеу әрi жинақтау жөнiндегi жұмысты
ұйымдастырады;
5) соттың жалпы отырысына алқа қызметi туралы хабарлама ұсынады;
6) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның
мiндетiн атқаруды алқалар судьяларының бiрiне жүктейдi.
Облыстық соттың жалпы отырысы
Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы
отырыстар өткiзедi, оларда:
1) алқа құрамының санын белгiлейдi және қадағалау алқасының құрамына
судьялар сайлайды;
2) сот жұмысының жоспарын талқылайды;
3) алқалар төрағаларының хабарламаларын тыңдайды;
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары

5) уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыс соттарының әкiмшiсi
қызметiне тағайындауға келiсiмiн бередi;
6) облыс соттары әкiмшiсiнiң өз қызметi туралы есебiн тыңдайды;
7) аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды
қарайды және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды;
8) уәкiлеттi органға облыс соттары әкiмшiсiн қызметтен босату туралы
ұсыныс енгiзедi;
9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын
қарайды және Әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi қорытынды бередi;
9-1) сот төрелiгiн iске асыру бойынша төмен көрсеткiштерi немесе сот
iстерiн қарау кезiнде заңдылықты бұзғаны үшiн екi және одан да көп
тәртiптiк жазасы бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы
мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм
шығарады;
10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен
екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.
Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртiбi ол бекiткен
регламентпен анықталады.
2.2 Қазақстан Республикасының жоғарғы соты
Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының
қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары
сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың
қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi
бойынша түсiндiрмелер бередi.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары
бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi
заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелерi бойынша
түсiндiрмелер беретiн нормативтiк қаулылар қабылдайды;

Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы
1. Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан
тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
2. Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;
3) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;
4) соттың жалпы отырысы.
3. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа
органы құрылады.
Жоғарғы Сот алқалары
Жоғарғы Соттың қадағалау алқасын, азаматтық iстер жөнiндегi алқасын
және қылмыстық iстер жөнiндегi алқасын алқалардың төрағалары басқарады.
Әр алқадағы судьялардың саны және олардың дербес құрамы Жоғарғы Сот
Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыста белгiленедi.
Жоғарғы Соттың Төрағасы алқаларда мамандандырылған құрамдарды құруы
мүмкiн.
Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн

2) алқада сот iсiн қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық
етедi;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы және
заңда көзделген негiздемелер бойынша қадағалау тәртiбiмен сот актiлерiн
қайта қарау туралы ұсыныс жасау мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың
нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы
отырысы Хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң
кандидатураларын енгiзедi;
6) қажет болған жағдайларда бiр алқаның судьяларын басқа алқаның
құрамында iс қарау үшiн тартады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;
8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;
9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның
құрылымы мен штатын бекiтедi;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
11) өкiмдер шығарады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттiк билiк
тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы
кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне уәкiлеттi орган басшысының
кандидатурасын ұсынады;
2) соттардың тиiстi жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың
төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы,
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметiнiң бос орнына балама
негiзде кандидатуралар енгiзедi;
3) соттардың жалпы отырыстарының қорытындылары негiзiнде соттардың
жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса
тiркей отырып, тиiсiнше Жоғары Сот Кеңесiне немесе Әдiлет бiлiктiлiк
алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық сот
алқасының төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы
қызметтерiнiң бос орындарына балама негiзде кандидатуралар ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде
ұсыныс енгiзедi;
5) осы Конституциялық заңмен көзделген негiздер туындаған жағдайда,
тиiсiнше Жоғары Сот Кеңесiне және Әдiлет бiлiктiлiк алқасына Республика
соттары төрағаларының, алқа төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату
мәселесi бойынша ұсыныс енгiзедi;
6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды мемлекеттiк
наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс
енгiзедi;
7) Республика судьяларына "Құрметтi судья" атағын бередi, осы атақты
беру тәртiбi туралы ереженi бекiтедi;
8) (Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 199
Конституциялық заңымен)
9) заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген
басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетi
Жоғарғы Сот Төрағасының өкiмi бойынша алқалардың бiрiнiң төрағасына
жүктеледi.
Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкiлеттiгi
мерзiмiнен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша
атқаруды Қазақстан Республикасының Президентi Жоғарғы Сот алқалары
төрағаларының бiрiне жүктейдi
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы
1. Жоғарғы Сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья
мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) алқаның сот отырыстарында төрағалық етедi;
2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты
ұйымдастырады;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi
құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына алқа қызметi туралы ақпарат
бередi;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетiн
атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкiмi бойынша алқа судьяларының бiрiне
жүктеледi.
Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:
1) алқалардың сандық және дербес құрамын белгiлейдi;

3) сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беретiн
нормативтiк қаулылар қабылдайды және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар
енгiзедi;
3-1) заңға сәйкес сот iстерiн қадағалау тәртiбiмен қарайды;
4) Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының және уәкiлеттi орган
басшысының хабарламасын тыңдайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында
көзделген жағдайда қорытынды бередi;
6) облыстық сот төрағасы мен облыстық сот алқасының төрағасы,
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметiнiң бос орнына
кандидатураларды талқылайды және тиiсiнше қорытындылар бередi;
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс Хатшысын және
ғылыми-консультациялық кеңестiң құрамын бекiтедi, сондай-ақ жасырын
дауыспен Сот жюриiн сайлайды;
7-1) сот төрелiгiн iске асыру бойынша төмен көрсеткiштерi немесе сот

тәртiптiк жазалары бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру
туралы мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм
шығарады;
8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3 тарау. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI
3.1. Судьялардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi
бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.
Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық
заңда белгiленген тәртiппен судьяға сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi
өкiлеттiктер берiледi, ол өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайды және сот
билiгiн жүргiзушi болып табылады.
Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен
белгiленедi.
Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi
жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық
тәртiбiн сақтау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық
құрылымдардың құрамына енгiзуге болмайды.
Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы
Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты
негiзде өкiлеттiктерге ие болады.
Судьяның өкiлеттiгi тек қана осы Конституциялық заңда көзделген
негiздер мен тәртiп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.
Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен
алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай
әрекеттер заңмен қудаланады.
Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде
қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы
барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.
Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтiк
қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi
тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz