Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I тарау. Сақтандыру мәні және сақтандыру компанияларының қызметі
1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Экономикада сақтандырудың мәні мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 ҚР сақтандыру компанияларының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

II тарау. Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
2.1 Сақтандыру компанияларының қаржылық қызметін талдау ... ... ... ... ... ...20
2.2 "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы және оның қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3 Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін бағалау ... ... ... 26


III тарау.ҚР сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру бағыттары
3.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу әдістерін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қосымшалар
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.
Сақтандырудың басты мақсаты - залалды ынтымақтастық бастаулар негізінде жайып салу ойы және өзін залал мен құлдыраудан қорғану тілегі.
Сақтандырушылық өзара көмек келесі тәртіпте жүреді:
- қатысушылардың біреуінің өміріндегі қолайсыз жағдайлардың келуі кезінде көмекті көрсету туралы қатысушылар арасындағы ауызша келісім;
- залалды келісімнің барлық қатысушылары арасында бөлу және осы залалды оған ұшыраған адамға компенсациялау;
- сақтандыру қорын ұйымдастыру. Сақтандыру қатынастарына түскен кезде сақтандырудың қатысушылары төлейтін сақтандыру төлемдері есебінен қалыптасады және осы қордың қаражаттарынан адамдарға залал өтеледі.
Сақтандыру қорын құру сақтандыру қатысушысы сақтандырылатын объектінің құнынан төмен болатын сақтандыру төлемін төлеу түрінде жүреді.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін оның мақсатын, міндетін, қызметі мен экономикаға пайдасын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың мақсатын ескере отырып келесі міндеттер беріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды:
- Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызмет мәнін анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің қызмет ету механизмін ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінде кездесетін мәселелер мен оларды жетілдіру жолдарын айқындау.
Сақтандыруды нарықтық қайта құрулардың үдерісінде рөлі күшейе түсетін Қазақстан экономикасының стратегиялық секторы ретінде қарастыру керек. Нарықтың қазіргі заманғы жағдайы сақтандыру ісінің кейінгі дамуын жэне жаңартылуын, оның сақтандыру қатынастарын ұйымдастырудың әлемдік қағидаларына бейімделуін талап етеді. Бұл, ең алдымен, заң шығарушы жэне ақпараттық базаларының кемшіліктеріне, сақтандыру сферасындағы әдістемелік зерттемелеріне, сонымен қатар нарықтық экономикаға сәйкес келетш сакгандырушылық қорғау нысандарына қатысты.
«Сақтандыру» бойынша зерттеу болып ақша қаражаттарының мақсатгы қорларын қалыптастыру әдістері мен нысандарын және осы қорларды әр түрлі
. Құлпыбаев С., Ілиясов Қ. Қаржы, Алматы
2. Мейірбеков А.К. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/ А.Қ. Мейірбеков; К.Ә. Әлімбетов. – Алматы: Экономика, 2003.[252]
3. Ниязбеков Р.К. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/Р.К. Ниязбекова, Б.А. Рахметов, П.Т. Байнеева. – Алматы: Экономика, 2008.[792]
4. Нурсеитов А.А. Финансовой менеджмент: Учебное пособие/ Под. Ред. Проф. А.Ш.Нурсеитова.-Алматы:Экономика, 1996. [160]
5. СмағұловаР., Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ.Тұсаева, Ж.Ш.Сатыбалдиева – Қаржы, ақша айналымы және несие: Оқу құралы, Алматы Экономика 2008 [461]
6. Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента: Учебное пособие/И.Т.Балабанов.-М.: Финансы и статистика, 1997. [480]
7. Ковалев В.В. Введение в финансовой менеджмент/ В.В. Ковалев. – М.: Финансы и статистика,2001. [768]
8. Ковалев В.В. Финансы организаций (предприятий): Учебник /В.В.Ковалев, Вит.В.– М.: Проспект, 2009. [352]
9. Мельников В.Д. – Основы Финансов: Учебник для ВУЗов, Издание 2-е, переработанное, Алматы 2009. [598]
10. С.Сахариев, А.Сахариева, А.Сахариева – Финансы, Учебник ХХІ века, Алматы «Білім» 2008. [437]
11. Силлабус для студентов 2 курса по дисциплине «Финансы». [109]
12. Тургулова А.К. Финансовый менеджмент в реальном секторе экономики Казахстана: Автореферат/А.К. Тургулова. – Алматы, 2007.[47б]
13. Финансовый менеджмент: Учебник/ Под. Ред. А.М. Ковалевой. – М.:ИНФРА – М, 2003.[284]
14. Ювица Н.В. Финансовый менджмент: Учебное пособие/ Н.В. Ювица. – Алматы: Қазақ университеті,2008 [236]
15. Интернет желісі: www.afn.kz.
16. Интернет желісі: www.government.kz
17. Интернет желісі:www.biz/ao-sk-alyans-polis

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I тарау. Сақтандыру мәні және сақтандыру компанияларының қызметі
1.1 Сақтандырудың функциялары және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Экономикада сақтандырудың мәні мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 ҚР сақтандыру компанияларының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

II тарау. Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
2.1 Сақтандыру компанияларының қаржылық қызметін
талдау ... ... ... ... ... ...20
2.2 "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы және оның қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3 Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін бағалау ... ... ... 26

III тарау.ҚР сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру
бағыттары
3.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... .23
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу әдістерін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .31
Қосымшалар

Кіріспе

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз
мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру
мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және
жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде
республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады.
Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес
болып табылады.
Сақтандырудың басты мақсаты - залалды ынтымақтастық бастаулар
негізінде жайып салу ойы және өзін залал мен құлдыраудан қорғану тілегі.
Сақтандырушылық өзара көмек келесі тәртіпте жүреді:
қатысушылардың біреуінің өміріндегі қолайсыз жағдайлардың келуі кезінде
көмекті көрсету туралы қатысушылар арасындағы ауызша келісім;
залалды келісімнің барлық қатысушылары арасында бөлу және осы залалды оған
ұшыраған адамға компенсациялау;
сақтандыру қорын ұйымдастыру. Сақтандыру қатынастарына түскен кезде
сақтандырудың қатысушылары төлейтін сақтандыру төлемдері есебінен
қалыптасады және осы қордың қаражаттарынан адамдарға залал өтеледі.
Сақтандыру қорын құру сақтандыру қатысушысы сақтандырылатын объектінің
құнынан төмен болатын сақтандыру төлемін төлеу түрінде жүреді.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
компанияларының инвестициялық қызметін оның мақсатын, міндетін, қызметі мен
экономикаға пайдасын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың мақсатын ескере отырып келесі міндеттер беріліп,
оларды шешу жолдары қарастырылды:
- Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық
қызмет мәнін анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық
қызметінің қызмет ету механизмін ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық
қызметінде кездесетін мәселелер мен оларды жетілдіру жолдарын айқындау.
Сақтандыруды нарықтық қайта құрулардың үдерісінде рөлі күшейе түсетін
Қазақстан экономикасының стратегиялық секторы ретінде қарастыру керек.
Нарықтың қазіргі заманғы жағдайы сақтандыру ісінің кейінгі дамуын жэне
жаңартылуын, оның сақтандыру қатынастарын ұйымдастырудың әлемдік
қағидаларына бейімделуін талап етеді. Бұл, ең алдымен, заң шығарушы жэне
ақпараттық базаларының кемшіліктеріне, сақтандыру сферасындағы әдістемелік
зерттемелеріне, сонымен қатар нарықтық экономикаға сәйкес келетш
сакгандырушылық қорғау нысандарына қатысты.
Сақтандыру бойынша зерттеу болып ақша қаражаттарының мақсатгы
қорларын қалыптастыру әдістері мен нысандарын және осы қорларды әр түрлі
қолайсыз құбылыстардьщ залалын өтеуге, сондай-ақ адам өміріндегі белгілі
бір жағдайлар болған кезде азаматтарға көмек көрсетуге пайдалануды
біріктіретін экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Сақтандырудың мәні нарық жағдайындағы қоғамдық қайта өндірістегі оның
мәні, сақтандыру нарығының мазмұны және оның қатысушыларының сипаттамасы,
ұлттық сақтандыру нарығының құқықтық базасының сипатгамасы, сақтандырудың
негізгі салаларының сипаттамасы, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етудің кейбір сұрақтары, қайта сақтандыру қорғауының негізгі
әдістері қарастырылған.
Курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде сақтандыпу туралы оның мәні мен маңызы,
экономикадағы рөлі туралы, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
компанияларының инвестициялық қызметінің құрылымын, Қазақстандағы
инвестициялық қызметтің тенденцияларына түсінік берілді.
Екінші бөлімде, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
компанияларының инвестициялық қызметін, инвестиция құрылымын талдау,
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызмет
капиталдарымен байланысы және оның бәсекеге қабілеті себептері мен салдары
қаралды.
Жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру
шаралары, кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу
әдістерін жетілдіру, инвестициялардың әлеуметтік тиімділігі, мәні әрі
бағалау концепциясы, инвестициялық саясат және шетел инвестицияларын
құқықтық қорғау турады жазылған.

I Сақтандыру мәні және сақтандыру компанияларының қызметі
1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні

Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түпкі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен эл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде калыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтаңдыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
- қатынастардың ықтималдық сипаты;
- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда
-мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимыл ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отыруы;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда
бола бермейді (қанынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - кредит институты ретінде
қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдык
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.[2;394-397]
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бүл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру — заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сактандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны
жүргізуші жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын
реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асьфылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандьфу) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уэкілетті органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметтің ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымның сақтық қызметі өмірді сақтандыру саласы және жалпы
сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: өмірді сақгандыру; аннуитетгік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: жазатайым жағдайдан жэне аурудан сақтандыру; медициналық
сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді сактандыру; мүлікті сақтандыру(көлік
құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары
иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын
сақтандыру; шарт бойынша азаматтық - құқықтык жауптылықгы сақтандыру; зиян
келтіргені үшін азаматтық - кұқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік
құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын
қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау
арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және
беретін сақтық өнімі болып табылады.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бүл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса,
толтырумен байланысты.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мұліктің
жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі жэне өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның косымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік қүралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сактық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соньщ ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Мүліктік сақтандару мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойлүы
салдарынан келтірілген зиянды ішшара немесе толық өтемі мөлшершде сақтық
телемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.[6;355]
Азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардьщ өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін
жауааптылықты сактандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін
сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақгандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін.
Бұл талаптарга сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық - құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық - құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс - қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып
есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс - қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге
байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі
сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы
сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана
сақтандырылуы мүмкін.

1.2 Экономикада сақтандырудың мәні мен рөлі

Қоғамның дамуының объективті факторларының бірі, бұл өздерінің белгілі
себеппен қоғамдық жұмысқа қатыспайтын, және өз күнін еңбекақы арқылы көре
алмайтын тұлғаларды материалды қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.
Еңбекке қабілетсіз немесе түрлі себептермен оны іске асыра алмайтын қоғам
мүшелерін асырауға құрылған өнімнің қоғам, арнайы мұндай мақсаттарға
бағытталған бөлігі қолданылады. Тауарлы-ақшалы қатынастарды жүйелеу
шартында, бұл қоғамдық өнімнің бөлігі белгілі ақша қорларының құрылуы мен
қолдануы арқылы қолданылады.
Берілген тұлғаларды материалдық қамтамасыз етуге арналған ақша
қаражаттары қоры қатынастар жүйесі арқылы құрылып шығындалады, және бұл
әлеуметтік сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру жүйе секілді мемлекет арқылы реттеледі, капитализм
кезінде құрылып, оның дамуының объективті талаптары мен қажеттіліктерін
көрсетеді. Кейіндегі сақтандырудың орны мен рөлі мәнді түрде өседі, бұл
деген талап етілетін қызмет көрсетулердің саны мен сапасының көбеюін және
олардың құнының өсуімен байланысты мемлекеттің әлеуметтік қызмет шегінің
кеңеюін білдіреді.
Әлеуметтік-саясаттық аспектіде сақтандыру қартайған кездегі, ауырған
жағдайда, толық немесе бөлшекті еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда
немесе туғаннан болмауы, асыраушыдан айырылып қалған жағдайда, жұмыссыздық
кезіндегі материалдық қамтамасыздығына азаматтардың конституциялық құқығын
іске асыру тәсілін ұсынады. Алынатын қаражаттар мөлшері еңбек стажының
көптігіне, еңбек төлеміне, еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесі мен
мүгедеттілігіне байланысты болады және әрекет ететін заңдылықпен реттеледі.
Сақтандыру бойынша азаматтарды бүкіл жалпы қамтамасыз ету, сонымен
қатар, бөлігінің көбі кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттің қаражаттарынан
болып, жалпы тұлғалардың, еңбек коллективтерінің және жалпы қоғамның
талаптары сақтандыру қаражаттарын қолдану кезіндегі келісулері, ақырғыларды
еңбекшілер ұйымы арқылы бақылау. Сақтандыру өзін өзі басқарудың
бастамасынан құрылады, басқа қоғамдық ұйымдардың сәйкес мақсаттық қорларын
құру мен қолдануындағы професионалдық одағының белсенді рөлін
болжайды.[10;238-240]
Сақтандырудың маңызды мақсаты еңбек ресурстарын өндіру үшін қажетті
жағдайларды құру болып табылады.
Біріншіден, сақтандыру қорынан ұсынылған материалдың қамтамасыздығы,
медициналық қызмет көрсету қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелеріне еңбек
қабілеттілігін қайта құруына көмектеседі және оларды түрлі саладағы және
халықтық шаруашылығындағы сферасындағы белсенді қызметіне оралуына
көмектеседі. Мүгедекті тіркеу, оларға қоғамды пайдалы жұмыспен айналысуға
мүмкіндік туғызуы сол сияқты жұмыспен қамтылуды қамтамасыз етеді,
мемлекеттің сәйкес әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыру көздеріне деген
жүктемесін жеңілдетеді. Зейнеттік қамтамассыздандыру келесі түрде
құрылады, бұл деген, зейнеттік жастағы тұлғалар арқылы қатысты түрде еңбек
ресурстарының кеңейтіліне қол жеткізу, кңбекке қабілетті азаматтардың
ұрпақтарының ауысымға келуі, оны нақты салалар бойынша территориялар,
экономика сферасы бойынша орналастыру.
Екіншіден, сақтандыру қаражаттары арқылы уақытша жұмыссыз қалған
тұлғалар өмір сүреді, сол сияқты олардың қайта оқытулары мен қайда
мамандану іске асырылады. Нарықтық экономика шегінде дамып келе жатқан
ғылыми технологиялық революция нәтижесінде, уақытша жұмыссыз тұлғалардың
ақшалай төлемдері үнемі жоғарлатып отыруын талап етеді, және олардың
материалдық көмегімен жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік
бағдарламаларын кеңейту. Берілген сақтандыру облысы қазіргі уақытта еңбек
ресурстарын өндіру процессін іске асырудағы ең негізгі шарты ретінде
көрініс табады.[9;482-485]
Сонымен қатар сақтандыру бұл адам индивидуум және жеке тұлға ретінде
өмір сүретін әлеуметтік сферадағы мемлекет саясатының мәнді бөлігі.
Сақтандырудың негізделген жүйесі – қоғамдағы әлеуметтік әділеттілігінің
қамтамасыздығының, саясаттың тұрақтылықты құру мен ұстап тұрудың бастапқы
белгілерінің бірі.
Сол сияқты, сақтандыру арқылы қоғам келесі мәселелерді шешеді:
Еңбекке қабілетсіз және жұмыс процессіне қатыспайтын тұлғаларды асыраумен
байланысты шығындарды жабуға пайдаланатын ақшалай қорлары құрылады;
Еңбек ресурстарының қажетті құрылысы мен санын қамтамасыз етеді, және сол
сияқты қоғам дамуының белгілі сатысындағы объективті қажеттіліктерге сәйкес
оларды орналастыру;
Қоғамның жұмыс істейтін және жұмыс істейтін және жұмыс істемейтіндердің
материалдық қамтамасыздығындағы деңгейлерінің арасындағы айырмашылықты
қысқарту;
Жұмыс процессіне қатыспайтын, тұрғын елдерінің түрлі әлеуметтік топтарының
өмірлік деңгейін түзетуде қол жеткізу;
Сақтандыру жүйесі 2 бөліктен тұрады: біріншісі жұмысшылардың еңбекке
қабілеттілігін қайта құрып және сақтауды қамтамасыз етуге арналған, сонын
ішінде, денсаулық сақтау іс шараларын жүргізу; екіншісі еңбек
қабілеттілігін жоғалтқан немесе мүлдем болмаған тұлғаларды материалды
қамтамасыз етуіне кепілдік береді. Сақтандырудың белгілі бөліктерінің
материалды негізі ретінде сәйкес белгілі бағытта қолданылатын ақша қорлары
әрекет етеді.
Сақтандыру қорының құрылу мен қолдану процессінің іске асырылуы
кеңейтілген қайта өндірістік объективті заңдарының талаптарына сәйкес
орындалады. Дәл осы объективті заңдар тұлғалар қажеттіліктерін қаржыландыру
үшін қорларды құруды талап етеді, нақты төлемдер мен жеңілдіктерді
қарамастырады. Құндылық заңының әрекет етуі білім алудың ақша формасы мен
қордың зейнетақы, жәрдемақы, төлемдер, мақсатты қаржыландыру шығындарын
түсіндіреді, экономиканы мемелекеттік реттеу қажеттілігі жалпы мемлекеттік
көлемдегі қордың мәнді бөлігінің орталықтандырылуын анықтайды, қабылданған
нормативті құжаттарға сәйкес олардың жүйеленуі орындалады.
Сақтандыру қорын құру мен қолдану бойынша қатынасы қаржының
органикалық бөлігі болып табылады және ұлттық табысты таратуда қатысып,
еңбекке қатыспайтын, еңбекке қабілетсіз тұлғалардың қажеттіліктерін
қаржыландыру үшін арналған, олардың бөлігі бірігіп тұтыну қорларындағы
мақсаттық ақша қорларына бөлінеді. Қатынастар субъектілері: мемлекет,
кәсіпорын және әртүрлі меншік формаларының ұйымдары, жұмысшылардың
профессионалды одағы, тұрғындар.[11;57-58]

1.3 Қазақстан Республикасында сақтандыру компанияларының қызметі

Сақтандыру компаниясының қызметінің негізгі бағыты сақтандыру
резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып табылады.
Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір бөлігін
инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті элементі.
Сақтандырудың тәуекелді түрлері (ең алдымен мүліктік тәуекелден сақтандыру)
бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және елеулі
көзі болып табылады.
Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен бәсекенің
салдарынан сақтандырудың тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті сақтанушының
тәуекелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы сақтандырушылардың
инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең көкейкесті
проблемалардың қатарына қояды.
Сақтандыру резервтері бастапқы кезеңде ең бірінші мемлекеттік бағалы
қағаздарға инвестицияланады. Теңгенің құнсыздануымен қатар, мемлекеттік
бағалы қағаздардың салыстырмалы жоғары табыстылығы зейнетақы активтері
бойынша табыстылықтың жақсы көрсеткіштерімен қамтамасыз етті. Осыған
байланысты 2009 жылы долларға шаққанда теңгенің девальвациясы болды. Салым
тәуекелімен байланысты проблемалар шықпады, өйткені сақтандыру
компанияларының инвестициялық портфелінің 90%-нан астамы мемлекеттің
борыштық міндеттемесіне тең болды.
Қаржы нарығын ресуртармен толықтыру, сақтандыру резервтерін
инвестициялау үшін өтімді қаржы инструментінің жеткіліксіз болуымен
проблемалар пайда бола бастады. Сонымен қатар, доллардың нығаю кезеңінде
жақсы табыс әкелген және шетел валютасындағы активтерге бағытталған
сақтандыру компанияларының инвестициялық портфельдің қалыптасқан құрылымы
сақтандыру компанияларының жағымсыз жағынан көрінді. Инструменттің
тапшылығы және төмен табыстылық проблемасы 2003 жылдан бастап шиеленісті.
Бұл Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қарызға алу көлемінің азаюы
және долларға шаққанда теңгенің нығаюының нәтижесінде болды.
Сонымен қатар, сақтандыру компанияларының инвестициялық портфеліндегі
мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі қайтадан өсті. Бұл Қазақстан
Республикасы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарына салымдарының өсуі
нәтижесінде болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қарыз көлемінің
қысқаруы кезінде сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорларын қолдау үшін
айналымдағы ноталарды өсіруге мәжбүр болды. [12;128-129]
Акция нарығының дамымауына байланысты өтімді қаржы инструменттерінің
тапшылығы тек сақтандыру компаниялары үшін ғана емес, елдің қаржы нарығының
да маңызды проблемасы болып отыр. Сондықтан, сақтандыру компанияларының
инвестициялық портфелінің құрылымындағы өзгерістер тек портфелді
диверсификациялау, жоғары табыстылығымен немесе аз тәуекелі бар
инструментті таңдау қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар салым
көздерінің шектеулігімен байланысты. Оған дәлел, Қазақстан Республикасы
Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарға салынған салымның көлемінің шұғыл
өсуі. Бұл өмірді сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің
ерекшелігіне (олар әдетте ұзақ мерзімді қағаздарға салымды салады) тән
емес.
Сақтандыру резервтерін жұмсаудың екінші маңызды көзі – мемлекеттік
емес бағалы қағаздар болып табылады. Олардың үлесіне инвестициялық
портфельдің төрттен біріне тең. Алайда, сақтандыру компаниялары оларды
сатып алу арқылы экономиканың нақты секторын инвестициялау деген сөз емес.
Өйткені, корпоративті қағаздардың көп бөлігі екінші деңгейдегі банктердің
борыштық міндеттемесіне және аз бөлігі нақты сектордағы кәсіпорындардың
облигацияларына тиесілі. Қорлар портфеліндегі корпоративті қағаздардың 26%-
ның, тек қана 4%-і акцияларға тиесілі.
Осылайша, қазіргі таңда нақты секторды инвестициялауға мемлекеттік
емес бағалы қағаздармен екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге салынып,
инвестицияланатын сақтандыру резервтерінің үштен бірі бағытталған. Аталған
қаражаттардың үлкен бөлігі екінші деңгейдегі банктер арқылы
инвестицияланса, қаржылық емес сектордың кәсіпорындардың облигация және
акцияға орналастырылған активтері тікелей нақты секторда инвестициялауға
жұмсалынады. Сақтандыру комапанияларының инвестиция портфеліндегі үлес
салмағы активтердің жалпы көлемінің10-15%-нан аспайды. Бұл екінші
деңгейдегі банктердің берген несиелерінің көлемі он есе аз.
Өткен жылдардағы жағымды ортада дамыған сақтандыру нарығы
қиыншылықтарға тап болды. Бұрын болған проблемаларға инвестицияланған
сақтандыру резервтері бойынша табыстылығының төмендеуімен байланысты
проблема қосылды. Портфельдің диверсификациялау бойынша шектеулі
мүмкіншіліктер, долларға шаққандағы теңгенің нығаюы және Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталарының төмен табыстылығы
өзгерген жағдайда адекватты түрде жауап қайтаруға мүмкіндік бермеді.
Осылайша, сақтандыру резервтерін инвестициялау үшін өтімді қаржы
инструменттерінің тапшылығы нарықтағы мөлшерлемелердің төмендеуіне әсер
етті және зейнетақы қорларының инвестициялық табыс көлеміне жағымсыз ықпал
етті.
Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі корпоративтік қағаздардың нарығы
және акция нарығының дамымай отырғандығы. Қаржы нарығынан экономиканың
нақты секторына ақшаны аударудың нарықтық механизмінің болмауы, тек осы
нарықтың емес, жалпы ел экономикасының дамуының тежеушісі болады.
Корпорацияларды қаржыландырудың шетелдік және отандық тәжірибесін
талдауы көрсеткендей, экономиканың трансформация жағдайында өндірістің
құрылымдық өзгерістері мен жеделдетілген дамуы кезінде тартылған көздердің
рөлін күшейту маңызды. Бұл кезде ұдайы өндіріс процесін үздіксіздігімен
және кеңеюін қамтамасыз ету үшін инвестициялық өсу меншікті көздерінің
жеткіліксіздігі қаржы нарығына шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығуы
және өндірушілердің, саудагерлердің, жеке жинақтаушылардың және
институтционалды инвесторлардың, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық
ұйымдардың бос ақша қаражаттарын жинақтау арқылы толтырылады.
Осы аталған мәселелерге қатысты бірқатар бағытта өзгерістер
жүргізілуде. [4;101-102]

II. Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
2.1 Сақтандыру компанияларының қаржылық қызметін талдау

Сақтандыру компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты
сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып
табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір
бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті
элементі. Сақтандырудың тәуекелді түрлері (ең алдымен мүліктік тәуекелден
сақтандыру) бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша
және елеулі көзі болып табылады.
Сақтандыру компаниясының сақтандыру операцияларынан кейін, табыс көзі
ретінде екінші болып келетін олардың инвестициялық қызметі дұрыс дамымай
отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен
бәсекенің салдарынан сақтандырудың тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті
сақтанушының тәуекелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы
сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең
көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.
Сақтандыру компаниясының активтері қарқынды түрде өсуде және 2009
жылда 44,1 млрд. теңгеге жетті. Институтционалды инвесторлардың (сақтандыру
компаниясы және зейнетақы қорлары) активтерінің тұрақты өсуі ең сапалы және
өтімділігі жоғары қаржылық инструменттерге активтерге орналастыру үшін
сәйкес шарттарды жасауға алғы шарттар қояды. Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА)
бұл бағытта белгілі бір шаралар жүргізуде. Бірақ, оның мүмкіншіліктері
отандық қаржы нарығының белгілі даму ерекшелігіне байланысты шектеулі.
Сондықтан, сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары экономиканың
нақты секторын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке басты сақтандыру
Сақтандыру қызметіндегі маркетингті жетілдіру
Өмірді сақтандыру
Әзірбайжан Республикасы
Қазақстан сақтандыру компаниялары: инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі
Институционалды инвесторлардың мәні жане олардың қызымет ету механизмдері
Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің теориялық негіздері
Қазақстанның сақтандыру компаниялары инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі
Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері
Сақтандыру жауапкершілігінің деңгейі
Пәндер