Мемлекет және құқықтың пайда болуының объективтік заңдылықтары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ
1. 1. Мемлекеттің пайда болуының заңдылықтары
1. 2 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
ІІ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
2. 1 Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
2. 2 Құқықтың пайда болу ерекшеліктері
2. 3 Құқықтың қайнар көздері
ІІІ ҚҰҚЫҚТЫҢ, МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
3. 1 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторы
3. 2 Мемлекет және құқықтың пайда болуының объективтік заңдылықтары
3. 3 Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Мемлекет ұғымын және нысандары мен оның элементтерінің аясын зертеуді Қазақстандағы заң білімдері мен заң-құқықтық жүйесінің тарихынан бөліп қарауға болмайды. Сондықтанда, біріншіден мемлекет терминінің өзіне тоқталатын болсақ, оның көптеген мәні бар.
Саяси - құқықтық ғылымдарда мемлекет термині бірнеше мағынада қолданылады.
- біріншіден, мемлекет - бір таптың бір тапқа үстемдік етуін қолдайтын саяси ұйым;
- екіншіден, мемлекет - құқықтық заңдарға тәуелді адамдардың бірлестігі;
- үшіншіден, мемлекет - қоғамның саясатың жүзеге асыратын саяси ұйым;
- төртіншіден, мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабыдайтын саяси ұйым;
- бесіншіден, мемлекет - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.
Әрине мемлекет туралы зерттеушілердің көқарасы бір жерден шығып, бір текті болды деп айтуға болмайды. Мемлекет саяси - құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Соған орай мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісінде саяттанушылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдап келгенің жоғарыда келтірілген тұжырымдамалар арқылы көруге болады. Мысалы, ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек», - деп есепеген екен. Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет - үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады - бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі» [1] .
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекет ұғымына қатысты түрлі тұжырымдар мен пікірлерден кейін мемлекеттің негізгі белгілеріне тоқталып кетейік:
- мемлекеттің рулық басқару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуы;
- мемлекеттің өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жнауға мәжбүр болуы;
- мемлекеттің өз азаматтарының аумақтық принцип бойынша бөлінеьтіндігі;
- мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендігімен ерекшеленуі;
- мемлекеттің шекарасы, анық белгіленген аумағының болуы
- мемлекеттің заңдар және басқа да нормативтік-құқықтық актілер шығаруы, солар арқылы қоғамда тәртіп орнататындығы [2] .
Тақырыптың өзектілігі:
Құқықтық білімді игеру барысында жоғары оқу орнынында құқықтық білім алушы маман мемлекет және құқық мәселелерін жаңаша осы заман талаптары тұрғысынан түсінеді. Жалпы мемлекет туралы ұғым мемлекет және құқық теориясы пәнінде оқытылады. Заң ғылымында мемлекет пен құқық абстрактілі санат, категория ретінде зерттеліп, оқытылады.
Мемлекетті пен құқықты зерттеу барысында мемлекеттегі нақты белгілі бір тарихи кезеңде болған құбылыстар деп қарастырмай керісінше, оларды жалпы сипаттары бойынша тарихи дамудағы өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастыру зерттеу нысаны ретінде алынып отырған тақырыптың өзекітілігі болып табылады.
Мақсаты мен міндеті:
Тақырыптың мазмұның ашып көрсеу үшін зерттеу жұмысына осы заманғы мемлекеттіліктің дамыған нысандарын зерттеудегі бағыт-бағдарларды ашып көрсетуді, олардың мағынасы мен мәнін теориялық көзқарастар тұрғысынан түсіндіруді мақсат етіп алдым.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Мемлекеттің ұғымы, құқықтың нысандары және оның элементтері туралы алғашқы шығармалар ежелгі грек философтарының пайымдауларынан бастап қалыптаса бастаған. Оған: Сократ, Платон, Аристотель еңбектеріндегі идеялар мен Гегель, Кант еңбектеріндегі мемлекеттіліктің философиялық негізделуі жайлы шығармаларын айтуға болады. Сондай - ақ К, Маркстың, Л. И. Петражцкийдің, Вашингтоның, Де Голльдың мемлекет ұғымына, оның нысанына көп көңіл бөліп еңбектер жазғанын атап өтуге болады.
Курстық жұмысының теориялық тұрғыдан мәнділігі мынада жатыр
Осы берілген тақырыпты, әртүрлі тұрғы жағынан қарастырды. Оған түрлі көзқарастар, көптеген ғалымдар мен саясатшылардың көзқарастары мен тәжірибелері де қолданылды.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Құқықтың, мемлекеттің және экономиканың арақатынасы» болып табылады. Жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады. Бұл тақырыпта негізінен мемлекеттің пайда болуымен оның ұғымынын қалыптасу тарихы мен оның құқықтың пайда болуымен байланысы қарастырылған.
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ
1. 1. Мемлекеттің пайда болуының заңдылықтары
Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз - жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам, яғни саналы адам - homo sapiens жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пйда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәлелдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мыңдай жыл бойы мемлекеттік құрылымсыз өмір сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын себебі адамдар ол кезде қауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге негізделетін.
Ру - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халықтар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдет-ғұрыптар, дәстүрлер әлі де сақталған. Мысалы, қазақтың салт-дәстүрі бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді.
Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мүшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілген. Ру мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын болған. Ру ағасына ақылы толған, ру әдет-ғұрпын, дәстүрін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам сайланатын. Бірнеше ру бірігіп, тайпа құрған. Тайпаны басқару үшін ру ағалары кеңес құрған. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралатын.
Алғашқы қауымдық құрылыс, яғни рулық қауым жетілу деңгейі төмен, даму жағы тұралап қалған қоғам болатын. Мұнда бірлесіп еңбектенудің негізгі рлері терімшілік, аң және балық аулау болатын. Еңбектенудің осындай түрлеріне сай еңбек құралдары да қарапайым, жетілдірілмеген болып келетін.
Алғашқы қауымдық құрылыста (рулық қауымда) әлеуметтік билік орын алатын. Мұндай билік әдетте ең алдымен еңбектенуге негізделетін де, онда күштеп еңбек етуге мәжбүрлеу болмайтын. Адамдар міндеттерін өз еркімен атқаратын, еңбек ету қауымдағы адамдардың барлығына бірдей болатын, еңбектену нәтижесінде табылған қоректер рулық қауым адамдары арасында теңдей етіп бөлінетін, қауымдастардың құқықтары да, міндеттері мен жауапкершіліктері де тең болған.
Рулық қауым, яғни алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі басқару органдары көсем - ру басы, яғни қауым бастығы, қариялар кеңесі және қауымдастардың жалпы жиналысынан тұрады. Рулық қауымның болмысына байланысты ең маңызды мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылғанда ғана қаумдастар жалпы жиналыс өткізген. Рулық қауымның әрбір ересек мүшесі қандай да болсын мәселелерді талқылауға, оларды шешуге қатысуға қақылы болатын.
Рулық қауымдағы күнделікті мәселелерді дер кезінде шешуді ұйымдастырып, басқарып отыру үшін қауымның ең беделді мүшелері арасынан қауым бастығы көсем (ру ағасы) сайланатын. Бұл лауазымға адамдар сайлау арқылы ие болатын.
Ру ағасы (көсем) қауымның басқа мүшелерімен тең болатын және барлық қауымдастар тәрізді солардың үлесіндей мөлшерде үлес алатын болған. Оның биліктік беделі тек қана қауымдастардың оған деген құрметіне, сеніміне негізделеді. Соғыс туындағанда әскерге басшылық ету үшін әскери көсем сайланатын, қауым ішінде осылайша көсемдер (қариялар) кеңесі құрылатын.
Уақыт өте келе рулар өзара бірігіп тайпаларды құрайды, өз кезегінде олар ру өкілдерінен тұратын көсемдер (қариялар) кеңесі арқылы басқарылатын. Тайпаны басқаратын көсемдер кеңесі тайпа көсемін сайлайтын. Бұл лаузым да қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде алмастырылып отыратын және ол лауазым иесіне ешқандай артықшылық бермейтін.
Қоғам дамуының барысында тайпалар да бірігуді бастады. Алғашында мұндай бірігу уақытша сипатта болатын, кейіннен тайпалардың бірігуі тұрақты сипат ала бастады. Сөйтіп, тайпалар одағы қоғам дамуының қозғаушы күштерінің біріне айналды.
Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса одақ көсемін сайлайтын. Қоғам дамуы барысында кейінірек көсемдер өз қызмет бағыттарын өмір бойы атқаратын болды.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгенде алғашқы қауымдық құрылыс (яғни рулық қауым) жөнінде оларға ғана тән мынадаай сипаттарды атауға болады.
- Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортақ шаруашылықпен айналысуда қандас туыстастығына, бір аумақта бірлесіп өмір сүруіне сүйенген.
- Ортақ тілде сөйлеген және дәстүрлері, әдет-ғұрыптары барлығына бірдей болған.
- Ру адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған. Мысалы, қазақтарда некелік қатынастарына тыйым салу «жеті атаға» жеткенге дейін сақталып келген, яғни жақын туыстар түгілі жамағайындар арасындағы некелік қатынастарға да тыйым салынатын болған.
- Ру (қауым) өлген адамды барлық қауымдастарға ортақ қабірге жерлейтін болған.
- Әрбір рудың (қауымның) өзіне тән атауы болатын.
- Рудың (қауымды) ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын, оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.
Сонымен, мемлекеттілік кезеңге дейінгі әлеуметтік билік тікелей түрде қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдық демократияға, өзін-өзі басқаруға негізделген, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да, сол рудың (қауымның) ырқын (ерік жігерін) білдіретін, қандас туыстардың өзара қарым-қатынастарына негізделетін, мұнда қауымның жиналысы биліктің органы ретінде іс атқаратын, ру ағалары алғашында артықшылықтарға ие болмаған деп тұжырым жасауға болады.
Ф. Энгельс алғашқы қауымдық құрылысты «алғашқы қауымдық коммунизм», «азаматтың алтын ғасыры» деп атаған.
Алғашқы қауымдық кезеңде қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу рулар мен тайпалардың әлеуметтік-экономикалық бірлігін білдірді және оны қамтамасыз етіп отырған адамдардың тіршілік ету әрекеттерінде орын алды. Мұның өзі еңбек құралдарының жетілдірілмеген қарапайымдылығына, еңбек өңімділігінің мардымсыздығына байланысты еді. Осыдан барып бірлесіп тұру еңбек құралдарына қоғамдық меншіктің болуын және өндірілген қоректік өнімдерді теңдей етіп бөлу қажеттілігін туындатты. Ал мұның өзі алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғи болмысына әжептәуір ықпалын тигізді [3] .
Нормалар алғашында «табу» - тыйымдар түрінде болды, бірте-бірте олар әдет-ғұрыптарға ұласты (сөйтіп, басқаша, екіншщі түрге айналды) . Кейініректе моральдық нормалар пайда бола бастады.
Әдет-ғұрып - қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Олар ру тұрмысының дамуына байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты жөнге салып, реттеу үшін, олардың өсіп-өніп, өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал ретінде қолданылды. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, ру мүшелерінің сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, олардың мінез-қүұлықтарын, іс-әрекетін алға бағыттап отырды. Ру әдеттері барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып, оны мүлтіксіз орындау - әрбір ру мүшелерінің дағдысына айналды. Ру әдет-ғұрыптарын сақтау, орындау - міндет пе әлде құқық па деген сауал ру мүшелерінің ойына кіріп те шықпайтын. Олардың түсінігінше ру әдеттерін, дәстүрлерін бұлжытпай орындау табиғи, өзін-өзі түсінікті жағдай болып саналды. Рулық әдеттер, дәстүрлер қандай болғанын қазақ халқының тарихынан көруге болады.
Мемлекеттің пайда болуының жалпы заңдылықтары . Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс құралдарын жасап алып, өздері шаруашылық пен айналысады. Сөйтіп, термешіліктен өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал бағудан егіншілікке ауысады.
Егіншіліктің нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пйда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналды. Эконмиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға - мал өнімі, малшыларға - жер өнімі, қолөнершілерге - тамақ қажет болды. Сөйтіп, оларға делдалдық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады.
Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өңімділігі де өседі. Соның нәтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өңімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырында ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі - жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында шоғырланады да, байлар пайда болды. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айырылып, құлдырады. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасты. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмады.
Меншік иелерінің - байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа ру мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда бола бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастады. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет және құқық пайда болды.
Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін процесс. Ол әр халықта әрқилы болып өткен.
Мемлекеттің пайда болу тарихының екі түрлі жолын атап айтуға болады:
1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығы, Африка, Америка) . Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған.
Өздерінің даму барысында бұл мемлекеттер шығыс жолымен жүріп өтті. Сонда бұл жолдың сипаты мына белгілерден көрінеді.
- рулық (алғашқы) қауымға тән ерекше белгілер (атрибуттар) : жерді қауым болып иелену мен оларға ұжымдық меншік ру-тайпа ақсүйектерінің (абыздар, әскери көсемдер және т. с. с) қолына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-тайпалық құрылыстың (яғни қауымның) ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді бұлардағы басқа рудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға айналған, ал ру-тайпа ақсүйектері шенуніктер аппаратына өзгерген, сонда жер қоғамдық болудан өзгеріп, мемлекеттікке көшкен.
2. Мемлекет дамуының батыстық (еуропалық) жолы. Мемлекеттер дамуында бұл жолды Рим, Афина елдері жүріп өткен. Бұл жолға тән сипаттарға келер болсақ, олар алғашқы қауымдық құрылыстың (ру-тайпалардың) ыдырауының белсенді түрде болғанын, сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын атау керек. Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген плебстер мен патрицийлердің күресі болды. Соның нәтижесінде плебстер демократиялық жеңілдіктер алған.
Мемлекеттердің пайда болуының әрқилы жолдарының болуына қарамастан, олардың бәріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш - ру-тайпалық құрылыстың (қауымның) ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі мемлекеттік биліктің қажеттілігінен туындаған болатын.
Жалпы мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің дамуы - шығыс елдерінде (Иран, Индия, қытай, Араб елдерінде) басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырауы кезінде күрделіқұрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: чиновниктер, ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король-императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында - абсолюттік монарх болды, одан төменгі - екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік - чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер - бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік те дамыды [4] .
Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс еуропа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты.
Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдырады, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру - біріктіру;
- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру-тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп, әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ - ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді (Қытай, Иран т. б. )
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық моделінің көптеген белгілері азиялық және африкалық тайпалар мен ұлыстарға тән климаттық және басқа да табиғи жағдайлармен сипатталады. Мұнда орасан көп егін шаруашылығы массивтерін игеруге деген қажеттілік, суару каналдарының құрылысы мен басқа да ирригациялық жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі анық сезіліп тұрды. Мқндай жұмыс көлемін жекелеген отбасы, тіпті кейде қауым да атқара алмайтын еді; бұл тек орасан зор материалдық, кадр және басқа да ресурстары бар, мемлекет деп аталатын қуатты да ықпалды ұйымның ғана қолынан келетін еді. Сол себепті де мұнда ұзақ уақыт бойы жерге қоғамдық меншік сақталып келді, ол кейіннен мемлекеттің меншігіне айналды. Пайдаланылып жүргеніне қарамастан жеке меншіктің, мемлекеттің пайда болуының батыстық моделіне жататын елдердегі сияқты, басымдық жағдайы болмады. Мемлекеттің ролінің артуына байланысты кездескен объективті қиындықтарды жеңуде мемлекеттік билік көбнесе деспоттық бағытты ұстанды. Ол мәжбүрлеу − жазалау аппаратына, қарулы күштерге, бюрократиялық шенеуніктікке сүйенеді, бұлардың алдында кез келген адам өзін құқықсыз сезінетін, олардың тағдыры тұтасымен мемлекетке тәуелді еді, заң жүзінде де, іс жүзінде де соның қолында болды. Қатыгездік, шығыстың жауыздығы және екі жүзділік билік жұмысына өзінің ізін қалдырды. Сөйте тұра мемлекет сыртқы әлемнен тұйықталып, бөлектену бағытын ұстанды; басқа елдермен ақпараттар алмасу жоққа тән еді, соның нәтижесінде әрбір режим өз бетінше, ешкіммен арласпай әрекет етті, кейде жалпы прогрестен де хабардар болмайтын еді.
Еуропалық елдерде - мемлекет және меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz