Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе 3

1 тарау. құқықтың іс жүргізу теориясы 6
Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері 6
Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны 10
ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйесі, мақсаты, қайнар
көздері, нормалары 15

2 тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығы әдістерін анықтау
мәселелері 19
2. 1 Азаматтық сот ісін жүргізу құқығы әдістерінің мән-мағынасы 19
2. 2 Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері 21
2. 3 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері 31

3 тарау. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құрылымы 35
3. 1 Қылмыстық іс жүргізу мақсаттары мен міндеттері 35
3. 2 Қылмыстық іс жүргізу ұғымы, негізгі белгілері 43
3. 3 Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы мен негізгі
түрлері 66

Қорытынды 79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 82

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс құқықтың іс жүргізу
теориясының қалыптасуы мен даму кезеңдерін анықтауға бағытталған. Зерттеу
барысында құқықтың іс жүргізу теориясының қайнар көздері, азаматтық және
қылмыстық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны, құқықтың іс жүргізу теориясының
өзге құқық салаларымен ара байланысы қарастырылады. Жүргізілген талдаудың
нәтижесінде, құқықтың іс жүргізу теориясының қалыптасуы мен даму
кезеңдеріне байланысты тірек-сызбалар мен кестелер жасалынды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өркениетті қоғам және құқықтық
мемлекет азаматтарының қалыпты өмір сүруіне заңдылық негіз болуы тиіс. Ал,
заңдылық, азаматтардың заңда нақты теңдігін қамтамасыз етуге қабілетті
қоғамда ғана орын алады. Мұндай қоғам барлық азаматтардың қажеттіліктерін
қамтамасыз ету арқылы қалыптасады.
Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісі жүргізу
туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық
істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен
белгіленеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы — мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың
соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда,
азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп
орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі. Азаматтық іс жүргізу
құқығын жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы
және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы
сот деп процеске қатысушы тұлғалар, яғни, азаматтық сот ісін жүргізуге
қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды. Азаматтық
іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік
билік органы (бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық бақылау
сатысындағы сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау тұрған
тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы және т. б.
тұлғалар болуы мүмкін.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске
қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар,
үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және
заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін
қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан
қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін (тараптар, үшінші
тұлғалар), не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін (прокурор,
мемлекеттік басқару органы) қорғайды. Бұлар — өздерінің іс жүргізу
әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және
істі жүргізудің қысқартылуына (талап-арыздан бас тарту, тараптардың бітісу
келісімін жасасуы) ықпал ететін тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік
сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері (оның шешімдері, ұйғарымдары,
нұсқаулары билік сипатында жасалады олар өздері арнап шығарылған тұлғалар
үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және
мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар
(тараптар) жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады.
Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша
немесе тараптардың бітісу келісімін жасасуы себепті қысқартылуы мүмкін.
Азаматтық істін өзіндік ерекшелігі осында.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа
қарастылығы (соттын қарауына жататындығы), сот құрамын, қарсылық білдіруді,
іске катысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен
міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар
енеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі — құқықтың осы саласынын
жекелеген институттарын, процесс сатыларын реттейтін құқық нормаларының
жиынтығы (бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы
сотта іс жүргізу және басқалар).
Азаматтық іс жүргізу (азаматтық процесс) соттың, іске қатысушы
тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың (куәлардың,
сарапшылардың), сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық
іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу
дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуынын, дамуының және
тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске
мүдделі барлық тұлғалардын (әңгіме солардың құқықтары мен мүдделері жайында
болып отыр) белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге
асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады, дамиды және
тоқтатылады не олар соттын істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы толып жатқан түрлі жақтарды жай-
жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды сан мағыналы құбылыс. Оны қылмыстық
процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді
тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе
деп түсінемін. Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы жағынан Жалпы және
ерекше бөлімдерге бөлінеді. Жалпы бөлім қылмыстық іс жүргізудің құқық
жүйесіндегі мақсаттары, міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан оның
тұжырымдамасын айқындайтын негізгі, принципті түрде маңызды және елеулі
ережелерді ашып көрсетуге арналған. Ал ерекше бөлімде ортақ мақсаттағы
бірқатар істердің ұғымдары түрінде, яғни, белгілі бір іс жүргізу
әрекеттерінің тәртібі мен дәйектілігі туралы нақты құқықтық ұйғарымдар
түрінде өз дамуын табады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаты – әділ соттың жүзеге асуын
қамтамасыз ететін қажетті іс жүргізу жағдайларынтуғызу болып табылады.
Сонымен қатар бұл құқықтың қайнар көздері бар және өзіндік біркелкі жүйесі
қалыптасқан. Құқық пен заң арақатынасын байланыстыратындай қылмыстық іс
жүргізу құқығында қылмыстық іс жүргізу заңы оның құрамдас бөлігі ретінде
қалыптасады.
Зерттеудің объектісі болып құқықтың іс жүргізу теориясының қалыптасуы
мен даму кезеңдеріне қатысты өзекті мәселелер, олардың құқықтың іс жүргізу
теориясындағы ұғымы, сонымен қатар, осы қатынасқа қатысушылардың арасында
туындаған ара-қатынас саналады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Дипломдық жұмыстың
әдістемелік негізі ретінде танымның диалектикалық әдісі, оның ішінде жалпы
ғылыми және арнайы әдістер табылады. Жұмыс барысында жалпы құқық теориясына
және ғылыми таным аумағындағы мәліметтер, жұмыстың теориялық негізі ретінде
құқық, құқықтың іс жүргізу теориясының ережелері қолданылды.
Зерттеудің теориялық негізін Ресей Федерациясы заңгерлері С. Г.
Бунина, В. В. Витрянский, М. И. Брагинский, және қазақстандық заңгерлер: Т.
Г. Квятковская, О. М. Русина, А. Диденко, Ғ. А. Жайлин, А. А. Мадиярова, Я.
О. Шевченко, В. М. Нартов, Р. Мұхаметқалиев, Н. Жексембиев және т. б.
ғылыми зерттеу еңбектері құрайды. Сондай-ақ мерзімді басылымдарда
жарияланған тұтынушылардың құқығын қорғауға қатысты мақалалар мен
материалдар назарға алынды.
Зерттеудің нормативтік негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы,
Конституциялық заңдар, Президент Жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, Азаматтық
кодексі, Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заңы, Жоғарғы Соттың нормативтік
қаулылары, сонымен бірге бұрынғы Кеңестер Одағы және Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы мемлекеттерінің нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан
Республикасы мүше болып табылатын халықаралық шарттар құрайды.

1. тарау. құқықтың іс жүргізу теориясы

1. 1 Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері

Азаматтық іс – азаматтық іс іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен
азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық іске: жеке адамдар мен заңды
тұлғалардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша
дау – дамайлар жөніндегі іс басқару органдарының немесе лауазымды
басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, азаматтардың құқыларына нұқсан
келтірген іс - әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді
айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке
құқыларын (яғни ар – намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т. б. қорғауға
байланысты іс жатады. Азаматтық іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға
сай жүргізіледі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді сотта қараудың шешудің
тәртібін, сондай – ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын
орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың, сот
атқарушының және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай –
ақ олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін
жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл
ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.
Республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформа сот қызметін
жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және
атқарушы бөлікпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және
өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де
нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын
қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды (Қазақстан Республикасы Конституциясының
76 бабы).
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен
белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 75
бабы).
Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады.
Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-
азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және
ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық
қатынастарынан туындайтын даулар.
Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу
туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық
істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен
белгіленеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы-мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың
соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда,
азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп
орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады,
оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу
құқығының реттейтін нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар, яғни
азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық
қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде
туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті
субъектісі мемлекеттік билік органы сот болып табылады, басқа субъектілер
соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә,
сарапшы және т. б. тұлғалар болуы мүмкін.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске
қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар,
үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және
заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін
қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан
қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін, не басқа
тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұлар-өздерінің іс жүргізу
әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және
істі жүргізудің қысқартылуына ықпал ететін тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік
сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, олар
өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік
билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген.
Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта
болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы
бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы
мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа
қарастылығы, сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың
құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және
басқаларын баянды ететін нормалар енеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі-құқықтың осы саласының
жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске
басқа да қатысушылардың, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың
азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс
жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының
және тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар
іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша
сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады,
дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына
жәрдемдеседі.
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 5 бабында белгіленген. Сот азаматтардың және ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс
және мерзімінде шешуі тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық
сот ісін жүргізу құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін
нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың
алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың
құқығы, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу
рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Кепілдік берілген конституциялық
құқықтар мен бостандықтарды пәрменді түрде қорғау соттардан сот ісін
жүргізудің барлық кезеңдерінде қолданылуға тиісті құқық нормаларының бәрін
аса қатаң сақтауды талап етеді.
Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып
табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:
1) сотта азаматтық істің қозғалуы;
2) істі сотта қарауға әзірлеу;
3) істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;
4) істі апелляциялық тәртіппен қарау;
5) заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын
қадағалау тәртібін қайта қарау;
6) заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан
ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;
7) атқару ісін жүргізу;
Азаматтық процестің сатылары-біртұтас азаматтың сот ісін жүргізудің
аса жақын мақсат біріктірген құрамдас бөліктері. Әрбір азаматтық істің
жоғарыда аталған сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес екенін айта кеткен
жөн. Бұл тараптардың қалауына байланысты.
Азаматтық процесс азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа
да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда
болуының, дамуы мен тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады.
Азаматтық істердің көпшілігі талап істер жүргізу ережелері бойынша
қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, оларға құқық туралы
даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі даулы құқық қатынасы, дауласушы
тараптардың қатысуы болып табылады. Соттар талап істерден басқа
конституциялық және әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді,
сондай-ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды.
Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың басқа салаларымен, әсіресе
материалдық салаларымен тығыз байланысты. Онда анықтау нысанасын, істің
сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар
болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын кезде даулы құқық қатынастарын
реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз
байланысты, өйткені екі сала да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот
қызметінің тәртібін белгілейді. Олардың арасындағы ұқсастық көптеген іс
жүргізу сатыларындағы іс жүргізу нысанында болып табылады. Олардың арасында
айырмашылық та бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың ғана емес, сонымен
қатар алдын ала тергеу органдарының да қызметін қамтиды. Құқықтың бұл
саласын реттеу мәселесінде де айырма бар.
Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері азаматтық істер бойынша
сот әділдігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалар баяңды етілген
нормативтік актілер болып табылады.
Ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқығының деректемесі сот әділдігін
жүзеге асыруды сот органдарына ғана жүктеп, сот әділдігінің сала аралық
принциптерін, судьялардың тәуелсіздігін және олардың тек заңға бағынуын;
барлық соттарда істердің ашық қаралуын, заңдылықты және т. б. нығайта
отырып, сот жүйесін анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы
болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының келесі бір аса маңызды деректемесі 1999
жылы 13 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексі болып табылады. Онда азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу егжей-
тегжейлі регламеттелген. Азаматтық іс жүргізу кодексі жалпы және ерекше
бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге азаматтық процестің барлық түрлері мен
сатыларына қатысты нормалар еңгізілген.
Құқықтың осы саласынын нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы 1995
жылғы 20 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығында, Қазақстан
Республикасының Прокуратурасы туралы 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күші
бар Жарлығында, Мемлекеттік баж туралы Заң мен басқа заңдарда баянды
етілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері арасында Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының түсіндірмелері ерекше орын алады.
Ғылымда бір авторлар басшылыққа алынатын түсіндірмелер нормативтік сипатта
болады деп санайды, басқалары өзгеше пікір ұстанады.
Мемлекетте заң шығарушы және атқарушы билікпен бірдей үшінші билік
ретінде соттардың рөлін нығайту Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Пленумының басшылыққа алынатын қаулыларын құқық нормалары бар нормативтік
актілер деп санауға негіз береді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот қорғауының кеңейтілуі
азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын қамтитын заң актілерінің шеңберін
ұлғайтады, атап айтқанда, сотқа қарасты мәселелер материалдық құқықтың
түрлі салаларының заңдарына енгізілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз – азаматтық іс
жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер,
нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары -
азаматтық, отбасылық, еңбектік-құқықтық қатынастардан туатын даулар
жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтың қатынастардан туатын істерді және
ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына
ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР
Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс
жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-
бабының 1 бөлігінде былай жазылған: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең".
Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің
қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар
мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық
іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР
ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т. б. ) оқып
танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да
жатқызамыз.
Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы – ҚР АІЖК-сі болып
танылады.
Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы.
Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде
тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары
баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі
көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда
көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-
сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1
шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс
жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске
қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың
пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының
кері күші болмайды (ҚР АІЖК-і 4-бабының 2-бөлігі).
Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады.
Егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе, жалпы ереже бойынша жаңадан
шығарылған заңның кері күші болмайды. Сот қажетті түрде процессуалдық
әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні
қолданады.

1. 2 Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны

Сотта азаматтық іс:
1) өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін
өтініш жасаған адамнын арызы бойынша;
2) прокурордың арызы бойынша;
3) заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін
сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-
өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және
азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің
8, 56, 57- баптары).
Азаматтық іс қозғау — процестің бірінші және өте маңызды сатысы.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша
арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскен
күннен бастап бес күннің ішіңде судья істі қозғау жөнінде ұйғарым шығарады.
Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе бұдан бас
тартылатыны соттын бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады.
Құқықты сот қорғауының маңызды кепілдігі Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 153-бабында арызды қабылдаудан бас тарту үшін негіздердің бәрін
қамтитын тізбесі көзделген. Судья арызды қабылдаудан бас тарта отырып, бұл
туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Ұйғарымда судья, егер іс соттың қарауына
жатпаса, арыз берушінің қандай органға жүгінуі керек екенін не істің пайда
болуына кедергі жасайтын мән-жайларды қалай жоюға болатынын көрсетуге
міндетті. Заңда судьяның арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымына
жоғары тұрған сотқа шағым жасауға немесе прокурордың наразылық келтіруіне
жол береді.
Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап-арыз, шағым (арыз)
береді.
Азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады:
1 — Іс қозғау сатысы.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды:
1) өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның
арызы бойынша;
2) заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен
мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару
органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдың ұйымдардың немесе
жеке азаматтардың арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арңылы судья сотта
азаматтық іс ңозғайды және ол бойынша тиісті ұйғарым шығарады.
2 — Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы. Азаматтық істерді қарағанда
арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа ңарауға әзірлік жүргізеді, оның
мақсаты - істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға
әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды:
1) талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда
жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша
дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен
міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы
жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл
қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше
күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді
ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы
мәселені шешеді;
4) іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп
бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі
салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу
туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-
ақ балаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы
органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді.
Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға
қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеееді. Егер қаралатын іс бойынша қажет
болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және
т. б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса,
оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
3 — Сотта іс қарау сатысы.
Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды,
істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы
ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.
4 — Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық
шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық
өндіріс).

Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші
тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа
шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере
алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың
келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары
бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек)
соттың қаулы шығарады.
5 — Сот актілерін орындау сатысы.
Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы)
борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын
қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай).
6 — Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта
қарау сатысы (қадағалау өндірісі).
Сот шешімінің дәлелсіздігі немесе материалдың немесе іс жүргізудің
құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға
негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу
бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал
шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;
2) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе
бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта
жаңадан қарауға жібереді;
3) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе
бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды немесе іс
бойынша іс жүргізуді қысқартады;
4) Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
5) Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін
өзгертеді немесе оның күшін жояды, материалдың құқық нормаларын қолдануда
және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа
шешім шығарады.
Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар
бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы
соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот
құрамы үш судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы
шығарады.
7 - Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар
бойынша қайта қарау сатысы.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады.
Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар
негіз болады:
1) іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес
мән-жайлар;
2) заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе
дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы,
сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра
теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;
3) заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске
қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері
не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері;
4) сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының
бұзылуы.
Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар
бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған
сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай
арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар
анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта
қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді қарап, шешім шығарып
және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттың
құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін,
судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне
байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен
ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т. б. ) туып
отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының
нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына
әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып
келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін
пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.
Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық
іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-
бірінен ажырата білу керек.
Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен
тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін
жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және
соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы
ережелерді, сот хабарлаулары мен шаңырулары туралы жалпы ережелерді, іс
жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т. б. жатқызуға болады. Ерекше
бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді,
талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс
жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот
ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс
және т. б. жатқызуға болады.
Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері:
императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық
нормалардың жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше,
императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу
нормалары. Азаматтық іс жцргізу құқықтық нормалардың құрылымы: гипотезалар
(бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т. б. ),
диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың
түрлері.
Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы
мен тарихының мәні, негізгі қолданатын ұғымдар мен категорияларын еске алу
керек. Азаматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқықтық пәндер жүйесінде
ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас
құқықтық реттеу салалары бар.
Қосымша пәндермен ара байланысы.

Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымы - азаматтық іс жүргізу мен азаматтық
іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің
жиынтығы болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні:
- тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс
жүргізу құқығының өзі;
- азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;
- азаматтық іс жүргізу құқығының тарихы;
- шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні
бар бірқатар жалпы мәселелерді қарастырады: құқық пәні, принциптерді
(қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқықтық қатынастары мен оның
субъектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т. б. - жалпы
бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды
проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру - ерекше
бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке
институттарының тарихи дамуын зерттейді.
3. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйесі, мақсаты, қайнар көздері,
нормалары

Қылмыстық іс жүргізу құқығы толып жатқан түрлі жақтарды, жай-
жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр-
түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі
көзқарас қылмыстыұ іс жүргізу құқығын ережелер нормалар заңында
көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу
мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті
реттейтін әлеуметтік- шартты жүйе деп түсіну.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді элементтерден
қалыптасады:
-бұл дербес құқық саласы:
-іргелі сала, яғни ұлтық құқық жүйесіндегі негізгі, басты салалардың
бірі болып табылады;
-өз ішіндегі ғылыми теорияны нормалар түріндегі нақты іс жүргізу –
құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот ісін
жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген
түсініктемелерді негізге ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау
қажет:
-өкілетті органдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі,
осы қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
-өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне
негізделген қызметі;
-олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың
барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін
ең елеулі болып табылатындары:
-қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының;
-қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;
-қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің арақатынастары.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі – адамның құқыққа қарсы
әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының
ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпалынан байқалады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен ажырағысыз байланысты.
Егер материалдық құқық – жасаған құқыққа қарсы әрекеттің мәнін түсінудің
кілті, әрекеттің саралау жүйесі болса, іс жүргізу құқығы - әрекет жасау
жағдайларын, кінәні және кінәлік дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін
жүйеленген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Егер қылмыстық құқық өзі реттейтін нәрсе деп мемлекет пен қылмыс
жасаған адамдар арасында пайда болатын іс жүзіндегі қоғамдық қатынастарды
санайтын болса, қылмыстық іс жүргізу құқығы реттейтін нәрсе қылмыстық
істерді қозғау, тергеу, қарау және шешу, сондай-ақ сот шешімдерін орындау
саласында пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Мұнымен бірге қылмыстық-құқықтық қатынастар пайда болатын сәт
субъективті сипатта және түгелдей қылмыс жасалған сәтке тәуелді болады. Ал
қылмыстық іс жүргізу қатынастары пайда болатын сәт материалдық қатынастар
пайда болатын сәтке байланысты және тиімді сипатта болады. Мұның өзі
материалдық (қылмыстық-құқықтық) қатынастар пайда болмайынша қылмыстық іс
жүргізу қатынастары пайда бола алмайды деген сөз.
Қылмыстық құқықтың қалыптасатын қатынастарын реттеуде өз құралдары
бар. Осы құралдар қатарына кіретіндері: Қылмыстық кодекс, Қазақстан
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық
жауаптылық туралы заңдары.
Қылмыстық сот ісінің жүргізу саласында пайда болатын қатынастарды
реттеу құралдары: қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу кодексі: Қазақстан
Республикасының прокуратура туралы, ішкі істер органдары туралы, сотта іс
жүргізу туралы, судьяның мәртебесі туралы заңдар және т. б.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы — толып жатқан түрлі жақтарды, жай-
жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр
түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі
көзқарас - қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында
көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу
мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті
реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну.
Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған
саяды: қылмыстық іс жүргізу құқығы - өз нормалары қылмыстык істерді
қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның
тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл
жағдайда пайда болатын құқық қатынастары. Ал құқық саласы - өздері
реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық
нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында
қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады.
Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу
құқығы – қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын
ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарынын қылмыстық
іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау
және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқыктық нормалар жүйесі деп
белгіленген.
Осы анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлдебір жақты
жеткілікті түрде терең ашып көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана
өтеді. Акцент таңдау нақты құкық мектебінің айқындамасына байланысты.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді
элементтерден қалыптасады:
- бұл дербес құқық саласы;
- іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты
салалардың бірі болып табылады;
- өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) нормалар түріндегі
нақты іс жүргізу-құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану
қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге
мүмкіндік береді.
Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған (сыртқы және ішкі) құрылым тән
қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді
негізе ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет:
- өкілетті органдардың қызметін реттейтін құкықтық нормалар жүйесі,
ол қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
- өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне
негізделген қызметі;
- олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың
барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде құқықтық реттеу әдісі елеулі
орын алады. Өз реттеу әдісінің болуы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізу
құқығы дербестігінің аса маңызды белгілерінің бірі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіндегі орнын анықтау
оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен ара қатынасы
айқындалғанда ғана мүмкін болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін
ең елеулі болып табылатындары:
а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының;
ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;
б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің ара
қатынастары.
Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну
үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығымен, криминалистикамен,
криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен,
сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор
маңызы бар.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі — адамның құқыққа қарсы
әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының
ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпалынан байқалады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы - өзге кұқық салаларымен міндеттер мен
принциптер ортақтығы, ішкі үйлесімділік пен ізгілікті бағыт біріктіретін
біртұтас, өзара байланысты құқық жүйесі.

2 тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығы әдістерін анықтау мәселелері
2. 1 Азаматтық сот ісін жүргізу құқығы әдістерінің мән-мағынасы

Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей
қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы
құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы
қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны – азаматтық
сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері
қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап
ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар
арасындағы құқықтық дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге
үлкен үлес қосады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең
алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын
сөзінде (principium – негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны
білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі
ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі
қасиеті - сендіру).
Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның принциптерінде өз көрінісін
табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті
бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік
заңгер-ғалым С. С. Алексеевтің пікірінше принциптер - бұл құқықтың
мазмұнын тереңінен ашады. Принциптерде жалпы құқықтың, сондай-ақ, оның
нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері
нақты құқықтық нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай,
оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.
Құқық принциптері – бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық
қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін
құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы
құқықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық
сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың
және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.
Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың
принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді
білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларын да түсінетін болады.

Сондай-ақ, оның азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жайлы
білген, жалпы соттағы азаматтық істерді қарап және шешу тәртібін
белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп,
нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың
іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді.
Кезінде белгілі процессуалист-ғалым Н. А. Чечина былай деп айтқан:
"Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтың саланың
субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды"2.
Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін
ескере жасалады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздылығын соттың құқық
қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын
және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы
Сот ісін жүргізу тілі
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Прокурор
Өзінің құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы мен оның құқық жүйесіндегі орны
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу
ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ
Мемлекеттік айыптауды қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
Пәндер