Құқықтық норманың құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ – ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЫСАНЫ
1.1 Құқықты жүзеге асырудың ұғымы және әдістері 5
1.2 Құқықты қолданудың белгілері (нышандары) 5
1.3 Құқық нормаларын қолданудың негізгі сатылары 8
9
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
2.1 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі және
түрлері 12
2.2 Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері. Құқықтық норманың
құрылымы 12
2.3 Нормативтік құқықтық актілердің уақытқа, кеңістіктегі,
субъектілерге байланысты (қамту өрісіндегі) күші 14

ҚОРЫТЫНДЫ 18

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

34

КІРІСПЕ

Біздің қоғамымызда құқықтық нормалардың ролі қазіргі кезде айрықша деп
айтуға болады. Себебі, бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатыьастарды
реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып табылады. Жалпы құқықтық
нормалар адамзат қоғамы үшін айрықша орны мен мәні бap, ең бір жарқын
құбылыс деп айтуға болады.
Негізінен теориялық тұрғыдан алғанда, құқықтың ұғымы мен мәні туралы
және құқықтық нормалар туралы ғылыми зерттеулер аз болған жоқ соған
қарамастан бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ
деп айтқан болар едім. Сол себептен де, меніңше құқықтық нормалардың ұғымы
мен мәні туралы тағы бір теориялық талдау жасап кетудің ешбір артықшылығы
бола қоймас деп білемін.
Жалпы құқықты нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан
түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықты нормалар қоғаммен
бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы
бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі
қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы
құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.
Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз
алдымызға елестету мүлдем мүмкін емес, себебі осы күнгі өркениетті қоғам
үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің бірден бір басты
құралына айналған деп айтқан болар едім.
Мен өзімнің осы курстық жұмысымда құқықтық нормалардың ұғымына жете
тоқталып өтіп, оның мәнін теориялық тұрғыдан жан-жақты толығырақ қарастырып
өтуді өзіме басты мақсат етіп, белгілеп отырмын.
Қоғамдағы көптеген негізгі құрал – құқықтық нормалар. Олар қоғамның
дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл
объективтік процесс. Құқықтық нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге
өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Құқықтық
нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып,
дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып
жатады.
Құқықтық нормалардың негізгі түрі ретінде құқық нормасы – мемлекетпен
бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды
реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы
қарастырылған жалпыға міндетті, формальды анықталған мінез – құлық ережесі;
құқықтық норманың барлық сапаларын иемдене отырып, олар мемлекетпен
ажырағысыз байланысы арқылы анықталатын арнаулы ерекшеліктерімен де
сипатталады: көрініс табуының, бұзудан қорғаудың үлгісі ерекше болады.
Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған әрекет тәртібі.
Құқықтық норма – әлеуметтік құрылым ретіндегі құқықтың бастапқы элементі,
бүкіл құқықтық жүйенің негізгі түсінігі. Құқықтық норманың салыстырмалы
толық түсінігін анықтау үшін, оның құрулы процесін, негізделуін, табиғатын,
қасиеттерін, әлеуметтік ролін ұғыну керек.
Құқық нормасы туралы мәселе заң ғылымында даулы сұрақтардың бірі.
Аталмыш дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты: құқық нормасының мазмұнын,
оның құрылымдық сипаты мен құрылымдық бөліктерін жан – жақты қарастыру.
Жұмыстың мақсатынан кейін, оның негізгі шешуші жолдары ретінде мынадай
міндеттер қойылады:
- құқық нормасының түсінігін анықтау;
- құқық нормасының мәні мен маңызын қарастыру;
- құқық нормасын жіктеу;
- құқық нормасының құрылымын талдау;
- құқық нормасының элементтерін зерттеу;
Жұмыста ғылыми зерттеудің жалпы және жеке әдістері: диалектикалық,
тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, лингвистикалық,
конкретті (нақты)-әлеуметтік қолданылды. Жазбадағы көптеген ережелер,
көрсетілген тұжырымдамалық мәні бар және дамудың келешегі үшін қолданылуы
мүмкін.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік
әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан
Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің
мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат
құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

1 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ – ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЫСАНЫ

1.1 Құқықты жүзеге асырудың ұғымы және әдістері

Заң шығару, құқық нормаларын қабылдау қоғамдық қатынастарды реттеудің
тек басы ғана. Сол қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерді іс жүзіне
асыру, қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу, нормаларға қозғалыс, жан беру
ең күрделі мәселелердің бірі. Іс жүзіне асырылмаған құқық нормалар тек ғана
жақсы тілек ретіңде қалып қояды, жансыз нәрсе ретінде қабылданды. Құқық
нормалары қабылданғаннан кейін мемлекеттік аппараттың барлық буындары
оларды іс жүзіне асыруға белсенді қызмет атқарулары тиіс, құқық жасаушы
органдардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі алдына қойған мақсаттары
орындалуы тиіс. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асыру құқық
нормаларының функцияларының формасы, олардың қоғамдық қатынастарды
реттеудегі қызметі. Егер қабылданған құқықтық нормалар іс жүзіне асырылып
жатса, онда олардың әрекеті және күші бар деген мағынаны білдіреді. Ал,
қоғамдық қатынастарды реттеуде әрекетсіздік танытып жатса қағаз жүзінде
қалып қояды. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асырудың мәні өте зор.
Құқық нормаларын іс жүзіне асыру деп құқық субъектілерінің құқық
нормаларының талаптарымен келісіп, құқыққа сай мінез-құлықтың қалыптасуы,
адамдардың өздеріне жүктелген субъективтік құқықтары мен құқықтық
міндеттерін іс жүзіне асырудағы қызметтерін айтады.
Теорияда құқық нормаларын іс жүзіне асырудың негізінде төрт әдісі бар:
сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.
Құқық нормаларын сақтау индивидтердің, субъектілердің мемлекет
қабылдаған барлық нормативтік құқықтық кесімдерді саналы түрде сақтау. Адам
өз тарапынан тыйым салатын және міндеттейтін құқықтық нормаларды сақтаулары
тиіс. Сондай жағдайда ғана құқық нормалары іс жүзіне асады, құқық
бұзушылыққа жол берілмейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының
34-бабы:
1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын
сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-
намысын құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті -
деген норманы бекітеді.
Бұл конституциялық норма аталмыш талаптарды сақтауға міндеттейді.
Немесе, міндеттейтін нормаларды іс жүзіне асыру үшін субъект өз тарапынан,
саналы түрде белсенділік танытуы тиіс. Мысалы, Азаматтық кодекстің 337-бабы
Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда
жасалуға тиіс. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен
куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша
нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеп
соқтырады. Белсенділік танытпай кепілпұлды жазбаша жасалмаса, құқық
нормасының талаптары сақталмаған болып табылады, берілген ақша
қайтарылмайды.
Орындау арқылы құқық нормалары субъектінің белсенділігімен іс жүзіне
асырылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 451-бабы орындау мәселесіне байланысты мынандай норманы
бекітеді: Үкім орындалғанға дейін іс бойынша төрағалық етуші немесе сот
төрағасы қамауда ұсталып отырған сотталушының еріне (зайыбына), жақын
туыстарына олардың өтініші бойынша сотталушымен жүздесу және телефон арқылы
сөйлееу мүмкіндігін беруге міндетті. Судья заң талаптарына сәйкес белсенді
әрекет таныту арқылы сотталушының туыстарымен, бала-шағаларымен жүздесуіне
барлық мүмкіндіктерді жасауы тиіс. Сонда ғана аталмыш құқықтық норма іс
жүзіне асырылады, орындалады. Немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексінің 647-нормасының 3-тармағы мынандай
талаптарды орындауды міндеттейді: Жасаулы әкімшілік қамауға әкеліп соғатын
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа материалдары
алынған күні, ал әкімшілік ұстауға ұшыраған адам жөнінде — ол ұсталған
кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей қаралады. Бұл жерде судья
істің қаралу мерзімін қатаң орындауға бағыттауы тиіс, барлық қимыл-әрекетін
норманы орындауы тиіс. Бапта көрсетілген міндеттерін орындалмаса, шағым
бойынша жауапқа тартылады.
Сонымен қатар орындау арқылы жоғарғы органдардың төменгі сатыда тұрған
органдарға берген нұсқаулары іс жүзіне асырылады. Құқықты іс жүзіне
асырудың келесі әдістердің бірі – пайдалану. Пайдалану субъекттер заң,
құқық нормалары бекіткен құқықтарын іс жүзіне асыру арқылы мақсаттарына
жетеді, бұзылған немесе қол сұғылған игіліктерін қалпына келтіреді. Мысалы,
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 260-бабы: Меншік иесі өзгеден
заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Бұл жерде меншік иесі өзінің
меншікке деген иемдену, пайдалану билеу құқын пайдалану арқылы меншікті
даулап алуға құқы бар. Немесе, Қазақстан Республикасы Конституциясының 57-
нормасының 6-тармағы Парламенттің әр Палатасы, дербес, басқа Палатаның
қатысуынсыз... депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы
бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі
есептерін тындауға және Үкімет мүшесі Республика зандарын орындамаған
жағдайда Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік
даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне жүгінуге
хақылы, егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда
депутаттар Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік
даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін
Республика Президентінің алдында Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы
мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайларда Республика Президенті
Үкімет мүшесін қызметтен босатады.
Пайдалану құқық нормаларын іс жүзіне асырудың әдісі ретінде оның
субъектілеріне мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар да жатады.
Құқық нормаларын іс жүзіне асыруының төртінші әдісіне құқық нормаларын
қолдану жатады. Адам құқық нормаларын өзіне-өзі қолдана алмайды. Құқықты
қолдану мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға берілген құзыр.
Сондықтан құқық нормаларын қолдану оларды іс жүзіне асырудың тәсілі болып
саналады. Тәжірибеде құқық нормаларын қолдану мынандай ерекшеліктерге ие:
1. Құқық нормаларын қолдану әрқашанда арнайы өкілеттілікке ие болған
мемлекеттік органдардың (сот, прокуратура, полиция, әділет және т.б.)
біліктілік қызметтері және функциялары арқылы іс жүзіне асырылады.
2. Құқық нормаларын қолдану арқылы мемлекет субъектілердің құқық
нормаларын сақтауға, орындауға міндеттейді, бұзылған, қол сұғылған құқықтар
мен игіліктер қалпына келтіріледі.
3. Мемлекет құқық нормаларын қолдану барысында тек ғана заңға бағынуы
тиіс. Заң бұрмаланып қолданылған құқықтық нормалар адам құқықтарын аяққа
таптауға және бассыздық пен заңсыздыққа әкеп соқтырады. Мысалы, құқық
нормаларын қолдану барысында қамауға алу, айыпкерге жасаған әрекетіне
қатысы жоқ құқық нормасын телу, әділетсіз үкім шығару және т.б. әрекеттер.
Сондықтан құқық нормаларын қолдану құзырына ие болған мемлекеттік
қызметтегі лауазымды тұлғалардың саяси аппараттың қызметі жеке адамдардың
қызметіне, беделіне негізделуге тиіс. Беделсіз жеке адамның мемлекеттік
билік жүргізу құқы жоқ...мемлекетті басқару арнайы кәсіби дайындықтан
өткен, сауатты, беделі мол жеке адамдарға берілуі ең негізгі талап...
Мемлекетті басқару аппаратты міндеттерін мүлтіксіз атқару үшін сол жүйенің
лауазымды адамдары ең алдымен мемлекеттік, ұлттық мүддеге кіршіксіз таза
көңілмен қызмет етуге тиіс. Жеке бастың пайдасын ойлау, лауазымды
мемлекеттік қызметті қара бастың қамына пайдалану — халыққа, мемлекеттік
құрылымға қарсы жасалған және заң алдында жауапқа тартылуға тиісті
зиянкестік.
Құқықты қолдану – құзырлы органдардың нақты жағдайда құқық нормаларын
жүзеге асыру жөніндегі биліктік-ұйымдастырушылық қызметі. Мұның нәтижесінде
дербес құқықтық акт (құқық нормаларын қолдану актісі) қабылданады.
Құқықты қолдану арқылы мемлекет өз қызметінде екі функцияны жүзеге
асырады:
а) құқықтық нормалар ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастыру, дербес
актілер арқылы позитивтік (оңтайлы) реттеуді жүргізу;
б) құқықты бұзудан сақтау және оны қорғау.
Осыған сәйкес құқықты қолданудың екі нысаны: жедел атқару және құқық
қорғауға жататын түрлері болады.

1.2 Құқықты қолданудың белгілері (нышандары)

Құқықты қолданудың белгілері:
1. Мемлекет пен қоғамдың ұйымдардың ұйымдастырушылық-биліктік қызметі.
Мұның өзі болмыстың ахуалдардың шешімін табуда қолданылатын айрықша
амалдармен байланысты, сондықтан да білімділікті, дағдылардың қалыптасуын
талап етеді. Осыларды ескеріп мемлекет соншама қызметтерді жүзеге асыру
үшін арнайы субъектілерге билік өкілеттіктерін тиісінше береді. Бұлар –
мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар.
Азаматтар құқықты қолдану субъектілері болып табылмайды, өйткені
мемлекет оларға бұл қызметтерді атқаруға өкілеттік бермеген.
2. Құқықты қолдану нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге
асырылады.
3. Қызметтің жүзеге асырылуы ерекше түрде белгіленген іс жүргізу
заңдары бойынша атқарылады.
4. Құқықты қолдану нәтижесінде дербес құқықтық акт – құқық нормаларын
қолдану актісі қабылданады (жасалады).
Құқықты қолданудың мынадай сатылары болады:
а) істің нақты жағдайларын аныңтау;
б) істің заңдың негізін аныңтау. Бұған құқық нормасын таңдап алу, оның
түпнұсқаға сәйкестігін тексеру, құқық нормасын түсіндіру жатады;
в) іс бойынша шешім қабылдау.
Құқық нормаларын қолдану актісі – құзырлы органның нақты заңдық іс
бойынша қабылдаған ресми түрдегі шешімі. Құқық нормаларын қолдану актілері
көптүрлі болып келеді.

Құқық теориясында - ұйымның, мемлекеттік органның, лауазымды тұлға мен
азаматтың іс жүзіндегі қызметінде құқық нормаларын ендіру, жүзеге асыру.

Құқықты жүзеге асыру нысандары:
сақтау (құқықпен тыйым салынған әрекеттерді жүзеге асырудан сақтану);
орындау (жағымды әрекеттерді жасау жолымен құқықта қарастырылған
міндеттерді белсенді орындаудан тұрады);
пайдалану (қатысушылардың нормада қарастырылған өз құқықтарын
реттелетін қоғамдық қатынастар құқығын жүзеге асыруы арқылы көрінеді);
құқық нормасын қолдану (нақты субъектілерге бағытталған құқықтық
талаптарды жүзеге асыратын мемлекеттің ұйымдастыруы арқылы көрінеді) болып
табылады.[1]

1.3 Құқық нормаларын қолданудың негізгі сатылары

Құқық нормаларын қолдану құқық нормаларын іс жүзіне асырудың ең
маңызды тәсілдерінің бірі. Құқық нормаларын қолдану күрделі процесс ретінде
бірнеше сатылардан тұрады және оларға қойылатын талаптар өте зор. Құқық
нормаларын қолданудың бірнеше сатылардан өтуінің негізгі мақсаты істі,
оқиғаны жан-жақты, терең мағанада ұғыну, зерттеу және сол арқылы қателіктер
мен әділетсіздікке жол бермеу болып табылады. Құқық нормаларын қолдану
мынандай сатылардан тұрады.
Бірінші сатысы — қаралатын істі жан-жақты зерттеу, танып білу. Бұл
сатыда құқық қолданатын орган болған жағдайларды дәлелдер мен айғақтардың
қорытындыларын зерттей келе жағдайлардың, болған оқиғалардың шынайы
көрінісін жасау болып табылады. Мысалы тергеуші прокурор, судья шағым,
қозғалған іс бойынша болған істің мән-жайларын толыққанды дәрежеде зерттеп,
материалдарды, алынған ақпараттарды салыстырмалы мағынада пайдалану
барысында ақиқатты анықтайды. Бұл сатыда құқық қолданатын органдар мынадай
мәселерге назар аударады:
1. Қаралып отырған іс сол органның құқықтық құзырына жата ма, әлде
жатпай ма?
2. Істі зерттеу барысында лауазымды тұлға, мемлекеттік органдар тек
зандылық шеңберінде өз қызметтерін атқарулары тиіс. Занды бұрмалау арқылы
алынған айғақтар мен информациялар заңсыз деп танылуы тиіс.
3. Жан-жақты зерттеу құқық қолданатын лауазымды тұлғаға өте
жауаптылықты жүктейді. Үстірт біржақты, немесе бұрмалаушылық таныту арқылы
қарау мемлекеттік органның халық алдында беделін түсіруге тікелей жол
ашады, заңсыздық пен бассыздыққа әкеліп соқтырады.
4. Жасалған қорытындылар міндетті түрде дәлелдер негізінде
нақтыланулары тиіс.
5. Қаралып отырған іс бойынша адам құқықтары қатаң сақталуы тиіс.
Екінші сатысы — қаралып отырған іске, оқиғаға, сол қатынастарды
реттейтін, қорғайтын құқық нормасын табу және жасалған әрекеттің
квалификациясын дәлме-дәл беру. Бұл саты ең күрделі және құқық қолданатын
лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардан асқан жауапкершілікті және
білім-ділікті талап ететін сәт болып табылады. Мысалы, судья қылмыстық,
немесе азаматтық істі қарау барысында субъектінің жасаған әрекеттерін
реттейтін, немесе сол әрекеттің қандай құқық нормаларындағы диспозицияларға
дәлме-дәл сай келетінін мұқият зерттеп, баға беру арқылы квалификациясын
жасайды, яғни құқық қолданады.
Үшінші саты — құқық нормаларын қолдану кесімін шығару. Кесім
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мәртебелері мен
құқықтықжағдайларына байланысты жарлық, өкім, шешім, бұйрық, үкім болуы
мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті он бала туған ананы
Алтын алқа орденімен марапаттау туралы Жарлық шығарады, немесе жұмыста
қыдырымпаздық жасаған субъектке сөгіс, қатаң сөгіс, тіпті жұмыстан,
қызметтен шығару туралы бұйрық шығарады, судья қылмыс жасаған адамға үкім
шығарады. Аталмыш мысалдардың бәрі құқық нормаларын қолдану кесімдері болып
табылады.
Құқық нормаларын қолданудың төртінші сатысы - кесімдерді іс жүзіне
асыру, яғни олардың нақтылы мерзімде орындалуын қамтамасыз ету. Егер құқық
нормаларын қолдану кесімі іс жүзіне аспаса, орындалмаса бүкіл құқық
нормаларын қолдану процесінің қызметі зая кетеді, тек тілек ретінде қағаз
жүзінде қалып қояды. Мысалы, судьяның шығарған үкімі, немесе қабылдаған
шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс. Сотталған адам түрмеде жазасын
өтейді, алимент кесу туралы шығарылған судьяның шешімі мұқтаж болған балаға
әкесінен, не шешесінен ақы берілуі тиіс.
Заң әдебиетінде құқық нормаларын қолдану кесімдері негізінде екі түрге
бөлінеді. Біріншісі — реттейтін және екіншісі құқық қорғайтын. Реттейтін
құқық нормаларын қолдану кесімдері өмірдің барлық салаларын қамтиды және
кең, ауқымды салалар мен қатынастарға әсер етеді. Атап айтқанда экономика,
әлеуметтік, саяси, қатынастарды реттеу, дамыту сияқты мәселерге байланысты
қолданылады. Мысалы, аудандық әкім Қазақстан Республикасының Жер кодексі
негізінде арнайы бір аудан аумағын экологиялық зардаптардан сақтау туралы
шешім шығарады. Бұл құқық нормаларын қолдану кесімі реттейтін түрге жатады.
Құқық қорғайтын кесімдерге негізінде құқық қорғайтын арнайы
мемлекеттік органдардың (сот, прокуратура, үлттык мемлекеттік қауіпсіздік,
полиция, тергеу) шығарған кесімдері жатады.

Құқықты қолдану актісі - құзырлы мемлекеттік органдар мен лауазым
иелерінің құжаттарында хатталған немесе ауыз екі түріндегі ұйғарымдары мен
шешімдері. Бұл акт құқық нормалары негізінде қабылданады, заңдық күшке ие
болады және құқықтық қатынастарды туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады.
Құқықты қолдану актісінде:
1) құқық нормасы болмайды;
2) нақты адресатқа (белгілі тұлғаға, ұйымға, ұжымға) бағытталуга
арналған болады;
3) бір реттік сипатта болады (орындалысымен оның әрекеті аяқталады).

2 ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

2.1 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі және түрлері

Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің мақсаты құқықтық материалдарды
тәртіпке келтіріп, оларды белгілі бір бөлімдер мен тарауларға орналастыру,
яғни саралау болып табылады. Қажет болған нормативтік актілерді іздестіріп
табу ісін жеңілдету үшін бұлай етіп орналастыру ыңғайлы және ол заңдылық
талаптарын орындау шарты қызметін атқарады. Бұл аспект бұрынғысына
қарағанда осы іс нормативтік актілерді сырттай жүйеге келтіру, құқықтық
нормаларды терең ішкі мазмұндары бойынша бірыңғай мазмұндас етіп
орналастыру болып есептеледі. Және ол құқықтағы кездесіп қалуы мүмкін
кемшіліктерді, қарама-қайшылықтарды болдырмау жолын қарастыру болып
табылады.
Нормативтік-құқықтық актілерді бір жүйеге келтіруге заң шығарушылар,
құқық нормаларын қолданушылар және барлық азаматтар да мұқтаж.
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтірудің қазіргі уақытта үш
түрі белгілі. Олар инкорпорация, кодификация және консолидация. Нормативтік-
құқықтық актілерді бұлайша бөлу құқықтық материалдарды тәртіпке келтіру
үдерістерінін түрліше болып келетіндіктерімен байланысты және соларға
негізделеді.
Кодификация актілерді сырттай, сондай-ақ іштей өңдеуді де қамтиды.
Кодификациялаудағы өңдеу ісінің барысында нормативтік актілерді жүйеге
келтірумен қатар, олардын мазмұнына да әжептәуір өзгерістер мен
толықтырулар енгізіледі, ескірген принциптер мен нормалар өзгертіледі,
жойылады. Олардың орнына жаңалары жасалынады. Бұл істі тек мемлекеттің заң
шығарушы органдары ғана жүзеге асырады. Және бұл іс құқық шығармашылығы
ісінің бір түрі болып табылады.
Кодификацияның нәтижесі жаңа заң актісін шығару, ол осы мәселе бойынша
бұрыннан күші бар нормативтік актіні алмастырады. Сөйтіп ол кодификациялық
акт деп аталады. Оған жататындар кодекстер, жарғылар, жарлықтар.
Кодификация жалпы және арнайы деп екіге жіктелінеді. Кодификацияның белгілі
бір түрлеріне жарғылар, жөн-жоба (тәртіп реті, регламент), қағидалар
жатады. Олар арнайы жасалған кодификацияның нәтижесі болып табылады.
Инкорпорация нормативтік актілерді белгілі бір тақырыптарды қамтитын
нышандарына қарай жүйелейді. Сондықтан да бұл саралау пәндік және
хронологиялық (мерзімдік) белгілері негізінде яғни сыртқы сипаттарына қарай
немесе ол қарапайым түрде жүйеге келтіру болып табылады.
Сонда, жүйелеудің қарапайым және көп тараған түрі құқықтық актілерді
инкорпорациялау болып табылады.
Инкорпорацияның нәтижесінде нормативтік актілер қоғамдық қатынастардың
белгілі бір салаларын реттеудегі белгі нышандары бойынша біріктіріледі.
(Мысалы, зейнеткерлік саласын немесе тұрғын үймен қамтамасыз ету саласын).
Инкорпорация өзі реттейтін осы пәніне жататын барлық заңды түгелдей
қамтуы мүмкін. Ол ең басты инкорпорация деп аталады. Ол инкорпорацияның тек
бір бөлігіне ғана қатысты болуы мүмкін — онда ол дербес инкорпорация
болады. Инкорпорация ресми және бейресми де болады. Ресми инкорпорацияны
ресми органдар жүзеге асырады. Мұндай инкорпорациялар жаңа норматавтік
актілерді шығару емес, олар тек күші ғана бар нормативтік құқықтық
актілерді өңделген, тәртіптік ретке келтірілген күшінде жариялаудың және
қайта жариялаудың тәсілі ғана болып табылады. Ресми инкорпорациялауға
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке, Үкімет актілерінің жинағы
жатады.
Бейресми инкорпорациялауды заңдарды жүзеге асыратын өздерінің дербес
бастамасымен жекелеген ұйымдар мен дара тұлғалар, лауазым иелері жүргізе
алады. Ол нормативтік актілерді жариялаудың тәсілі болып табылмайды.
Бейресми инкорпорацияның іс атқарудағы мәнісі — анықтамалық-ақпараттық
қызмет көрсету болып табылады. Бейресми инкорпорациялауға Жекешелендіру
туралы нормативтік актілер, Еңбек заңдары және т.б. жатады.
Консолидация кодификация мен инкорпорациялаудын аралығында орын алады.
Мұнда консолидациялау әдісі үдерісінде бірнеше нормативтік актілерді бір
ірі құрамаға біріктіреді. Бұрынғы актілердегі құқық нормалары мұнда бір
ізділікпен дәйекті, қисындық маңызы сақталына отырып, қайталауларды
болдырмай және қайшылықтарға жол бермей орналастырады. Мұнда кейбір
баптардың жаңаша жазылуы да мүмкін. Алайда, консолидация қоғамдық
қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Соның өзінде
консолидацияның кодификацияға ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрса да,
бұл жағынан ол инкорпорацияға жақынырақ болып келеді.
Консолидацияның нәтижесінде заңдардың жинақтары жасалынады. Әдетте
олар бейресми сипатта болады. Мұнда құқық нормалары, өздерінің іс-әрекет
түрлерінін біріне жататындығын білдіретін нышан белгілерімен
салыстырылғаннан соң барып жинаққа біріктіріледі (табиғатты қорғау, күрделі
құрылыс құралдарымен жұмыс істеу және т.с.с.). Жекелеген нормативтік
актілер түгелдейімен де, сондай-ақ үзінділер түрінде де консолидациялау
актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық салаларда қызмет істейтіндер
заң жөніндегі құралдар ретінде пайдаланады.
Құқықтық ақпараттарды ғылыми негізде жүйелеу құқық шығармашылығы
ісімен шұғылданатын органға іс үстіндегі заңдардың барлығын қысқа мерзім
ішінде бағалауды, құқықтық реттеудегі келісілген іс-әрекеттерді,
қайшылықтар мен кемшіліктерді табуда күш пен құралдарды, шығындарды аз
жұмсап табысты жүргізуге мүмкіндік береді.
Құқықты жүзеге асырушылар мен оны қолданушылар үшін заңдардың жүйелі
болғаны әрқашан да қажет-ақ. Ол атқарылып, орындалып жатқан істер көлемінің
ұлғайып көбейген кездерінде әсіресе керек болады. Олай болатын себебі,
құқықтық ақпарат мағлұматтарының қисынды түрде бірізділікпен дәйекті, ішкі
мазмұнының келісімді құрылуы қажет болған құқықтық норманы дер кезінде
табуды қамтамасыз етеді.
Заң халықтың қалың бұқара топтарының түсінуіне оңай болуы тиіс. Олар
өздерінің құқықтары мен бостандықтары жөнінде, сондай-ақ мемлекет пен
қоғамның өздеріне қойып отырған талаптарын да түпкі деректердің білуі тиіс.
Тек қана тиісті түрде бір жүйеге келтірілген заң ғана халықтың құқықтық
деңгейдегі қажетті мәдениетке жетуіне, ал құқық нормаларын қолданушылардың
кәсіби-заңгерлік мәдениетке жетулеріне жағдай жасайды, мүмкіндік береді.
Заңдарды жүйелеу ісі ғылыми принциптер мен ғылыми әдістерді қолдануға
негізделуі тиіс. Мағлұматтарды іздестіру және оларды белсенді түрде қолдану
құқықтық ақпарат материалдарымен жұмыс істейтіндерден іскерлік пен дағдыны
қажет етеді. Өйткені ақпарат мағлұматтары ондаған миллион белгі-таңбалардан
тұрады. Ақпарат мағлұматтарын іздестіруде қажет болған нормативтік-құқықтық
актіні тауып алу ісін дәстүрлі жүйелер негізінде орындаудың келмеске
кететін күні алыс емес. Ахуалдың жақсаруы үшін нормативтік құқықтық
құжаттар саласын механикаландыру-автоматтандыру, оған қоса ақпараттық-
іздестіру жүйесін жана техникалық негізде ұйымдастыруды өзекті мәселеге
айналдыру қажет. Мұндай ақпараттық мағлұматтарымен айналысатын
қызметкерлердің жеке компьютерлері болатын мерзім жетті.

2.2 Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері. Құқықтық норманың
құрылымы

Құқық — күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі — қоғамдық
қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық — жалпыға бірдей
міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы
құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.
Құқықтық норма — мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық
қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын,
олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын
жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтық норма — заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың
айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық,
нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға
мүмкіндік береді.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-
құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).
Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) — құқықтық норманы қолдану
(немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін
көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың
қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және
орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан
бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп
бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа
тартылады. Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдаида
құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді Мысалы, егер бала
туғанда ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болса, бала да
Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы
қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі
гипотеза дейді.
Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне
байланысты болса оны балама гипотеза дейді.
Құқықтық норманың диспозициясы — құқықтық қатынастарға қатысушылардын
мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманын бөлшегі.
Диспозиция — құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық
норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда
ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция -
мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады:
а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса;
б) бейнеленген диспозиция — мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері
анықталса;
в) сілтемелі диспозиция — егер құқықтық норма диспозициясы анықталған
басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса.
Құқықтық норманың санкциясы — құқықтық норманың диспозициясы бұзылған
жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын
көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті-анық, б) баламалы, в)
салыстырмалы.
Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) — нормативтік акт болып
саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір,
бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше
құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабында бір норма болса, бап
пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине
баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, Қазақстан
Республикасы Констатуциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:
1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға,
басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын
құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.
Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа
бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік
актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан
ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормаларының алатын орны
Құқық нормаларының құрылымы
Құқық нормасының құрылымы
Құқықтық норманың жалпы түсінігі
Құқық нормаларының құрылымдық мен элементтерінің сипаттамасы
Құқық нормасы түсінігі және белгілері
Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Құқықтық қатынас мазмұны мен құрылымы
Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсету
Пәндер