Құқықтық нигилизмнің түсінігі және қазақстандағы құқықтық нигилизмнің салдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Құқықтық нигилизмнің түсінігі және қазақстандағы құқықтық нигилизмнің
салдары

Қазіргі таңда қазақстандық азаматтар және қоғам арасында құқыққа деген
көзқарастың транформациялануы, тұтас алғанда құқыққа қатысты бағаның
төмендеуі нигилистік ой-сананың өршуіне алып келді. Нигилизмді адамдар
арасындағы қарым­қатынасты пайдалы реттеу аспабы ретіндегі құқықтың
мазмұнын теріске шығару мағынасында ұғынсақ, құқықтық қатынас
субъектілерінің құқықты айналып өтуі елде сыбайлас жемқорлық, рейдерлік,
құқық талаптарын мойындамаушылық, жауапсыздық сияқты негативтік салдарларға
әкеліп соғуда. Осының салдарынан мемлекеттегі құқықтық саясатты қайта
қарастыру, сонымен қатар қоғамды басқару жүйесінде бірізді өзгерістер мен
жаңалықтар енгізу қажеттігі туады. Жалпы қазіргі қоғамда сабырлылық пен
құқықтық тәртіптің нығайтылуы біріншіден сол қоғам мүшелерінің құқыққа
деген оң көзқарасының салдары болып табылады.
Сондықтан мемлекет өз тарапынан қоғамда құқықтың жүзеге асырылуына
байланысты тек жақсы қорытындыларға қол жеткізуге құштар болуы тиіс.
Шетелдік тәжірибені ескерсек, әр мемлекетте қоғамның құқықтық сауатын
ұлғайту, осы беталыста әртүрлі үгіт­насихат шараларын өткізу, БАҚ арқылы
құқықтық ақпараттарды кеңінен тарату, қоғам мүшелерінің құқық талаптарын
орындауға мүдделілігін арттыру бойынша толассыз шаралар ұйымдастырылады.
Бірақ, олардың тиімділігі сол мемлекеттегі биліктің айқындама
көзқарастарының қоғам мүддесімен сабақтасуына байланысты, сондықтан біршама
мемлекеттер әлі де болса қоғамға қатысты құқықты орындауға байланысты
жазалау шараларын үстем жағдайларда пайдаланып келеді.
Құқықтық нигилизм – құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа
шығаратын, оны қоғамдық қатынастарды реттеудің жетілдірілмеген тәсілі деп
санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайлылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың
рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайлылықпен) қараудан оған
(құқыққа) толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып
мойындамауға дейінгі аралықтағы бірнеше түрлері болады. [1, 175-176 б.]
Нигилизм негізінде (латын тілінен аударғанда – мойындамау,теріске
шығару) субъектінің белгілі бір құндылықтарға, нормаларға, көзқарастарға,
идеалдарға, бөлек және толығымен алғандағы адамзат болмысының жақтарына
негативті, қарама- қарсы қатынасты білдіреді. Бұл – әлеуметтік мінез-
құлықтың формаларының бірі.
Бүгінгі еліміздегі нигилизмнің кең өріс алуына нақты жағдайлар өз
әсерін тигізді, ол әсіресе еліміздің бір қоғамдық пікірлер жүйесінен
екіншісіне еш даярлықсыз өтуімен байланысты болды. Әсіресе, бұл белгілі бір
идеология, құндылықтар негізінде өмір сүрген қоғам үшін үлкен қиындықтар
тудырды. Өздері үшін мызғымас саналған қағидалардың жоққа шығарылуы,
бұрынғы Одақтың күйреп, орнына мүлдем жаңа мемлекеттің орнығуы, мемлекеттік
меншікке негізделген шаруашылықтың жеке меншікке ырықсыз өткізілуі қоғам
мүшелері арасында жаңа қалыптасқан құқыққа деген сенімсіздікті, қабылдамау
сезімін тудырды.
Орыс халқының жазушысы И.С.Тургенев өзінің романдарында ХIХ ғасырдың
60-жылдарындағы интеллигенция ортасынан шыққан көптеген қоршаған
орталарындағы қағидаларға көнбей, жаңа идеялар ұсынған қаһармандардың анық
бейнелерін көрсеткен. Заманауи тәртіпті сынға алып, оларды басқа, одан да
жақсыларына алмастыруға шақырған революцияшыл-демократтар нигилисттер болып
табылған. Нигилизм прогрессивті дамуға ие болды [ 2, 254 б.].
Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды,
ғылым заңдарын, мәдени және моралдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық
өмірдің нысандарын т.б. жоққа шығарып мойындамау. Ресейде, Германияда,
Испанияда т.б. европалық елдерде нигилизм ХIХ ғасырда қалыптасқан саяси
реакцияшыл ағым. Болашақта құқықтық мемлекетте қоғамды әкімшілік органдар
басқарады. Қазіргі заманда саясатшылар, заңгерлер, ғалымдар құқық пен
мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүреді дейді.
Нигилизм әлеуметтік құбылыс, оның аз да болса дұрыс бағыты болады.
Мысалы, Ресейдегі патшалық саяси-экономикалық режимге демократтардың қарсы
күресі (ХIХ ғ.). Кеңестік дәуірде тоталитарлық саяси басқару жүйесіне
еліміздегі қарсы күрес. Бұл саяси күрестердің стратегиясы дұрыс, тактикасы
– күресті жүргізу нысаны реакцияшыл бағытта болды – террор, төңкеріс т.б.
Бірақ бұл саяси ағымдарды нигилизмге толық жатқызуға болмайды.
Нигилизмнің өзіне тән белгі-нышандары: субъективизм, волюнтаризм,
үстемділік, асыра сілтеу, террор, төңкеріс, контрреволюциондық т.б.
Нигилизмдік саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысанда
үзіліссіз жүріп жатады. Постсоветтік республикаларда нигилизмнің түрлері,
нысандары көбеюде. Олар әр түрлі саяси бағыттағы қозғалыстар, монархистер,
социалистер, большевиктер т.б.
Бұл қозғалыстар қоғамның, халықтың өміріне көп зияндар келтіруде:
рухани, моралдық,инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді жоюда, еңбексіз баю
жолында, ар-ұятты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді аяқ-асты қылуда.
Бұл топтың біразы мемлекеттің ең жоғары басқару аппаратына орналасып
алған. Қазіргі кезде посткеңестік республикаларда нигилизмнің көріністері
жоғары мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетінен байқала бастады.
Социалистік жүйеден нарықты экономикалық жүйеге көшеміз деп еліміздің
экономикалық, әлеуметтік байлығын талан-таражға салып, өздері байып, жұртты
қу тақырға отырғызды [3, 164-165 б.].
Нигилизмнің барлық түрлерінің ортақ (негізгі) ерекшелігі болып
мойындамау (терістеу) табылады, бірақ барлық жоққа шығарулар нигилизм емес.
Жоққа шығару кеңірек, ол адамгершілік санаға, диалектикалық ойлау
қабілетіне табиғи тән. Сондықтан да жоққа шығаратын әркімді нигилист деп
айта алмаймыз. Өйткені мұндай жағдайда нигилизм термині өзінің мән-
мағынасын жоғалтып, кеңейтілген жоққа шығару ұғымында батып кетер еді.
Жалпы, антихалықтық, тоталитарлық режимдерге, басшылардың жаншып-
қанауына,бостандық пен демократияны шектеуге, адам құқықтарынан мақрұм
қалдыруға және т.б. қарсы күрес негізгі мағынасында нигилизм бола алмайды.
Залымдардың билеуі әр уақытта да айыпталған. Мұны Ж.Ж.Руссо былай
білдірген: Қатал билеуші өзін тақтан тайдыратын зорлыққа қарсы ешқандай
арыз айта алмайды. Яғни, барлық революцияларды жаман дей алмаймыз.
Ал нигилизм ескі, консервативті, реакционды құбылыстардың табиғи жоққа
шығарушысы болса, ол нигилизм болуды тоқтатады. Мысалы, біздің кейінгі
өткеніміздің қараңғы, қайғылы беттерін жоққа шығару, ең алдымен,
мемлекеттік және қоғамдық өмірдің саяси – құқықтық саласында, дұрыс және
ақталған, өйткені бұл қашылмайтын жаңару процессін бейнелейді.
Толықтай алсақ, нигилизм дәстүрлі мағынасында көп жағдайларда
деструктивті, қоғамға зиянды бір құбылыс болып табылады, әсіресе біздің
заманымызда. Нигилизм қырып, бұзатын формаларды да сирек иеленбейді. Өзінің
кейбір қасиеттерінде ол әр түрлі анархиялық, солшыл және оңшыл радикалды
бағыттармен, максимализммен, большевизм және оған қарсы бағытпен, саяси
экстремизммен қиылысады. Нигилизм – бұл әр радикалисттің ойлау қабілетінің
стереотипі, тіпті бұны сезінбесе де.
Қазіргі таңда нигилизм әр түрлі бейнелерде жарыққа шығады: белгілі бір
қоғам таптарының реформаларға (өмір мен жаңа (нарықтық) құндылықтардың жаңа
бағыттарына) қарсы көзқарастары, өзгерістерге наразылық, олардың
әдістеріне деген қоғамдық қарсылық; түрлі саяси шешімдер мен акциялармен
келіспеушілік, мемлекеттік институттар мен билік құрылымына, олардың
көшбасшыларына деген қатынастағы өшпенділік [4, 255-256 б.].
Еліміздегі құқықтық нигилизмнің бұқаралық сипатқа ие болуына себеп
болған негізгі жағдай қабылданған заңдардың сапасының төмендігі болып отыр.
Тіпті, парламент мәжілісінің төрағасы болған О.Мұхамеджанов та бұл жайды
жасыра алмаған еді, парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң
жобаларының сапасы туралы қаншама айтылып жатқанымен, бұл мәселеде көңіл
көншітерлік нәтиже жоқ деуге мәжбүр болып отырмыз. Заң жобаларына қатысты
енгізілетін материалдар да тиісінше ресімделмейді.
Нақ осы себептен өткен сессия ішінде Үкіметтен түскен 130 заң
жобасының 72­сі немесе жартысынан астамы алғаш келген кезінде тіркелмей,
кері қайтарылды. Соның ішінде 28 жоба қазақ тіліндегі мәтінінің сапасына
байланысты қабылданбады. Депутаттар Үкімет ұсынған заң жобаларының заңдық,
логикалық, тіпті лингвистикалық және грамматикалық сапасын өткір сынға алып
жүргені белгілі.
Қабылданған заңдардың қоғамдық қатынастарды реттеуде қауқарсыз болуы,
алдын­ала орын алатын жағдайларға, тұрғылықты халық менталитетіне
бейімделмеуі олардың қабылданбастан жатып өзгерістер мен толықтыруларға
ұшырауына алып келуде. Сонымен қатар, кейбір заңдар қабылдану арқылы жаңа
қатынас түрлерін айналымға енгізгенімен ол қатынас түрлері халыққа бұрын
таныс болмағандықтан ақпарат толымсыздығы салдарынанан көптеген тұрғындар
жағымсыз жағдайға душар болды, нәтижесінде халықтың наразылығы туындауда
(мысал ретінде 23.12.1995 N 2723 Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңды
келтіруге болады). Мұндағы кемшіліктердің орын алуы парламенттің де,
үкіметтің де кәсібилік қағидасына негізделіп жасақталмауында болып отыр.
Себебі, үкіметте жасақталатын заң жобалары тек өзге елдер тәжірибесіне
негізделмей жергілікті халықтың өзгешеліктеріне бейімделіп, жан­жақты
зерттеу жүргізіліп, сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық нигилизм
Құқықтық нигилизм туралы
Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту
Адам құқықтарының жалпы теориясы (1-2 бөлім)
Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Танымдық - қүқықтық мәдениет теориясын дамыту
Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы
Құқықтық мәдениет
Құқықтық нигилизм туралы мағлұмат
Пәндер