Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту


Мазмұны
Кіріспе 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
1. 1 Жалпы мәдениет пен құқықтық мәдениет түсінігі 5
1. 2 Құқықтық мәдениеттің құрылымы мен функциялары 8
1. 3 Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту 10
1. 4 Кәсіби құқықтық мәдениет 12
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ НИГИЛИЗМ
2. 1 Құқықтық нигилизм ұғымы 16
2. 2 Құқықтық нигилизмнің біліну формалары 19
2. 3 Құқықтық нигилизмнің қайнар көздері 21
3 ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НИГИЛИЗМДІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
3. 1 Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдары 22
3. 2 Құқықтық нигилизмді жеңу жолдары 24
3. 3 Құқықтық білімнің маңызы мен құқықтық сауаттандыру 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту - бүгінгі сара бағытымыз, ашық та айқын саясатымыз. Мұның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп ұлтты Қазақстан тарихы, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті. Осы қажеттіліктің өзі оны ХХ ғасырдың соңында дүниеге қайта оралтып, өмірге әкеп отырғаны белгілі.
Сондықтан да Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бірлесіп, ынтымағы жарасып өмір сүре отырып, қазақтардың ұлттық өсіп-өнуіне жағдай жасайтын тек Қазақстан екенін, оның басқа Отаны, елі жоқ екенін терең сезініп, оған түсіністікпен қарауы бірлесіп ынтымақтасып өмір сүрудің нақты кепілі. [1, 167 б. ]
Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм Курстық жұмыстың объектісі болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмнің қоғамдық құқық жүйесіндегі алатын рөлі, дамуы, басқа құқықтық салалармен байланысы.
Курстық жұмыстың мақсаты - құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмнің маңызын анықтап, толық мәлімет беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы құқықтық салада берілген тақырып кең түрде қарастырылған. Біз заң саласындағы баспасөз құралдарындағы мәліметтерді және ресейлік оқулықтардағы мәліметтер қолданамыз, мысалы Матузов Н. И. жіне А. В. Малько еңбектері. Негізгі ақпарат көзіміз болып қазіргі заманның талаптарына сәйкес жазылған отандық оқулықтар.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет. Қазiргi таңда бiздiң қоғамда келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi; оның бiрi - фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы, ал екiншiсi - бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа шығарып, құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi - қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк, үмiтсiздiк дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып отыр.
Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет. Қазiргi таңда бiздiң қоғамда келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi; оның бiрi - фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы, ал екiншiсi - бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа шығарып, құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi - қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк, үмiтсiздiк дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып отыр.
Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нолрмаларына түбегейлi қайшы келуде. жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi, қазiргi қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңге йiн құлдыратуы мүмкiн, ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сықылды жас мемлекетке идеалды содель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Қазақстан Республикасының гүлденуi үшiн жұмыс жасатуымыз керек.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Құқықтық мәдениет
1. 1 Жалпы мәдениет пен құқықтық мәдениет түсінігі
Мәдениет - адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, парасаттылық, инабаттылық, экологиялық құқықтық, т. б. мәдениет жүйе-салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп-басқарып отырады. Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартып, нығайтып отырады. Жақсы дамыған экономика, мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекетпен бірге бірлестіктер, одақтар, ұжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейлі мәдениетке құқықтық мемлекет жол ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық тәрбиелік т. б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақты байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді. Мысалы, дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып, олардың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп, мәдениетін дамытады.
Мәдениеттің мазмұны туралы ғылымда бірнеше пікірлер бар, оларды үш топқа бөлуге болады: антропологиялық, социологиялық, философиялық көзқарастар - жіктеулер:
- антропологиялық жіктеу - мәдениет адамдардың іс-әрекеті мен қоғамның тарихи даму процессінде қалыптасқан материалдық және рухани жетістіктер. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын жақсы түсіну үшін қоғамның барлық саласының жетістіктерін біріктіріп зерттеуді жақтайды;
- социологиялық жіктеу - мәдениет қоғамның даму процессінде қалыптасқан рухани жетістіктер. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамның әлеуметтік және идеологиялық жетістіктерін біріктіріп зерттеуді қостайды;
- философиялық жіктеу - мәдениет қоғамдағы барлық материалдық және рухани құбылыстардың жиынтығы - деп түсіндіреді. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамдағы барлық құбылыстардың объективтік және субъективтік заңдылықтарын зерттеп, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасауды дұрыс дейді.
Антагонистік қоғамдағы материалдық және рухани мәдениет үстемдік етуші таптың мүддесіне бағындырылған. Әрбір ұлттық мәдениетте демократиялық элементтер болады. Өйткені әрбір ұлтта еңбекші және қанаушы бұқара бар, олардың өмір сүру жағдайлары демократиялық идеологияны туғызбай қоймайды.
Қазіргі замандағы мәдениет мазмұны жағынан алғанда өте кең байтақ, ол өткендегі барлық мәдениет атаулының ең прогресшіл және ең жақсы жақтарын заңды түрде қабылдап, дамып келеді. Мәдениет түсінігіне тек ғылым, ағарту, өнер, тіл және әдебиетпен ғана шектеліп қоймай, оған сезім мәдениеті де кіреді. Мәдениеттің маңызды сипаты, оның интернационалдығы. Мәдениеттің экономикалық негізі, оны стихиялық дамудан сақтайды. Мәдениеттің үзіліссіз даму процессінде бірте-бірте ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы айырмашылықтар жойылады, адамның жеке басының үйлесімді жан-жақты дамуына жағдай туады. [1, 160 б. ]
Мәдениет - қоғамдық дамудың адамның шығармашылық күш пен қабілетінің тарихи анықталған деңгейі, және ол адамның өмір сүруін ұйымдастыруының, олардың қарым-қатынасы, және олардың құрастырған материалдық және рухани құндылықтарының типтері мен формаларында білдіріледі. [23, 512 б. ]
Қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі - құқықтық мәдениет. Бұл қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды құқықтық нормалар арқылы реттеп-басқару. Құқықтық мәдениет қоғамдағы мәдениеттің деңгейінен жоғары бола алмайды. Бұл объективтік процесс.
Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық санасының айнасы деуге болады. Өйткені бұл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Құқықтық мәдениет екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Құқықтық мәдениет жалпыхалықтық байлық, ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі. [1, 161 б. ]
Құқықтық мәдениет - белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі. Бір мемлекет шеңберінде бірнеше құқықтық мәдениет болуы мүмкін. Әсіресе бұл көп ұлтты, көп дінді қоғамдарға тән. Көп ұлтты Қазақстанда қазақы әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеттен басқа орыстардың, т. б. ұлттардың әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеті, мұсылмандық, христиандық, т. б. діни құқықтық мәдениет қалыптасқан. [24, 186 б. ]
Құқықтық мәдениетті қоғамның құқықтық болмысының сапалық күйі деп те айта аламыз. Бұл күй құқықтық актілердің, құқықтық және құқық қолданушылық қызметтің қаншалықты деңгейде екендігін білдіреді.
Осы сапалық күй тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның жүріс-тұрыс еркіндігі дәрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы деңгейін де білдіреді. Және де бұл күй қоғам дамуына және қоғамның тіршілік ету жағдайларына ықпал жасап қолдау көрсетудегі қол жеткізілген деңгейін де көрсетеді.
Тұлғаның құқықтық мәдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден (құрмет тұтудан) тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді(көрінеді) . [3, 174-175 б. ]
Жинақтық мағына бере отыра мәдениет әр түрлі дәрежелер, түрлер, таныту формаларына ие. Қысқаша айтқанда, айтылып кеткен құқықтық мәдениет қоғамдық өмірдегі субъектілердің құқық, заң, басқа да заңды феномендармен қарым-қатынас этикасын танытатын құқықтық мәдениет болып табылады. Бұл - өзінің спецификасы бар және құқық ғылымының зерттеу пәні болып табылатын ерекше интеллектуалды сала.
Құқықтық мәдениет саяси, әдеп, рухани, және басқа да мәдениет түрлерімен тығыз байланысты. Және ең алдымен, әрине, әдеттегі, құлықтық, адамның тәрбиесіне байланысты, оның тәртіпке, ұйымшылдыққа, дисциплинаға, мемлекеттік заңдарға сыйластық адаптациясына. Құқықтық қатынаста дайын емес адамды біз мәдениетті деп айта алмайтын шығармыз. Заңи мәдениет - қоғамның құқықтық жүйесінің ең маңызды элементы, мемлекеттің дұрыс қызмет етуінің міндетті шарты болып табылады.
АҚШ-тың заманауи заңгерлерінің бірі - Л. Фридмэн өзінің «Америкалық құқыққа кіріспе» кітабында (1992ж. ) былай деген: «Құқықтық мәдениет - бұл қандай да бір заңның тәжірибеде қаншалықты жиі қолданылуын немесе бұзылуын, одан қалайша қашқақтап, оны қандай жаман бағыттарда пайдаланылуын анықтайтын, бір уақытта да қоғамдық күш болатын қоғамдық өмірдің барометрі. Құқықтық мәдениетсіз құқықтық жүйе ешқандай әсерін бермейді».
Көптеген құқықтанушы ғалымдар құқықтық мәдениет проблемасында белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бұл ұғымның қысқаша анықтамалары шығарылған.
Құқықтық мәдениеттің астарында «құқықтық әрекет ету саласына жататын қоғамдық және қисынсыз мәдениет элементтерінің жүйесі және олардың адамдардың сана-сезімі мен мінез-құлқында бейнеленуі» ұғымын табамыз (А. Р. Ратинов) .
Құқықтық мәдениет адамның іс-әрекетін тек құқықтық салада ғана білдірмей, құқықтық білімді пайдаланумен байланысты басқа да салаларға тарайды. Құқықтық білімге қазіргі уақытта гуманитарлы болсын, математикалық болсын, көптеген ғылым, дисциплина, мамандықтарда қажеттілік бар. Бұл білім құқықтық нормалар, заң жүретін барлық дерлік облыстарда керек. Мемлекетіміздің барлық жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін дайындыққа бекерден бекер құқықты қоспаған, өйткені бұл әр мамандыққа, әр іс жүргізу саласына қажет.
Құқықтық мәдениет белгілі «тыйым салынбаған заңмен қудаланбайды» либерал-демократиялық құқықтық қағидасының жүзеге асуында өте маңызды рөл ойнайды. Құқықтық және адамгершілік мәдениетінің керекті дәрежесін иеленбеген адам бұл қағидаға қайшы келетін теріс жолға оңай түсе алады. Немесе ол нақты рұқсат етілген және рұқсат етілмегендерді білмеуіне жол ашады.
Сондықтан құлықтық (моральдық) және мәдени фактордың күшеюі мемлекетімізде жүргізілетін бірінші кезектегі тапсырма болып табылады. Бұл фактор мемлекеттегі тәртіпке келтіру істерінде, әрбір азаматтың жауапкершілігі мен саналылығының күшеюінде, тәртіп пен заңдылық идеяларының бекітілуінде, заңи, саяси және адамға қатысты жеке нигилизмнен өтуде шешуші рөлді ойнауы мүмкін. Мәдениет - барлық өзгерістердің рухани негізі болып табылады. Бұл байланыста үлкен мағынаға ие болатын халықтың құқықтық тәртібі. Құқықты білместен, заңға сәйкес әрекет етуді білместен бірде-бір салмақты мәселені шешуге болмайды. [4, 251-252 б. ]
Құқықтық мәдениет (кең мағынада) дегеніміз - нақты іс-қимыл, әрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы және құқық жөнінде, оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары.
Құқықтық мәдениет (тар мағынада) дегеніміз - тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де саналы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, іс-әрекеттерінен көрініс табады. [3, 175 б. ]
1. 2 Құқықтық мәдениеттің құрылымы мен функциялары
Құқықтық мәдениеттің құрылымын ішіне кіретін компоненттер құрайды. Сонымен қатар, құқықтық мәдениет - көпдеңгейлі ұғым. Құқықтық мәдениетті қоғамдық және жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті, халықтың әр түрлі топтары мен таптарының мәдениеті, қызмет адамдарының, мемлекеттік аппараттың жұмыскерлерінің, профессионалдық мәдениет, ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Қоғамдық құқықтық мәдениетке келетін болсақ, оған құқықтық сананың қол жеткізген деңгейі, толыққанды құқықшығармашылық, дамыған құқықтық жүйе, нәтижелі тәуелсіз әділеттілік, азаматтардың бостандығы мен құқықтарының кең спектрі және оның кепілдері, заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы, берік құқықтық әдет-ғұрыптар, халықтың негізгі массасының құқықтық сауаттылығы, құқыққорғаушы органдардың нақты жұмысы, заңға деген құрмет, және де құқықтық өмір мен мемлекеттің құқықтық дамуын анықтайтын көптеген басқа да көрсеткіштер жатады. [ 4, 252 б. ]
Тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымы мына элементтерден тұрады:
1) психологиялық элемент - құқықтық психология;
2) идеологиялық элемент - құқықтық идеология;
3) жүріс-тұрыстық элемент - заңды мәні бар жүріс-тұрыс.
Қоғамның құқықтық мәдениетінің құрылымы келесі элементтерден құралады:
1) қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық белсенділігінің деңгейі;
2) заң нормаларының даму дәрежесі (құқықтың даму деңгейі, заң мәтіндерінің мәдениеті және т. б. ) ;
3) заң қызметінің даму дәрежесі (құқықшығарушы, құқыққолданушы және құқыққорғаушы қызметтің мәдениеті) . [2, 96 б. ]
Тұлғаның өзіне тән ерекшеліктері :
1) құқықтық сананың деңгейінің жекілікті жоғары болуы;
2) мемлекеттегі әрекет етуші заңдарды білу (заңды білмегендік адамды құқықбұзушылығы үшін жауапкершіліктен босатпайды ) ;
3) заңдарды қолдану, орындау немесе пайдалану, өйткені заңды нормаларды біліп қана қою қалаған нәтижені бермейді;
4) заңның және басқа да құқықтық актілердің пайдалылығы және керектігін түсіну, олармен ішкі келісім;
5) өзінің құқықтары мен парыздарын, бостандығы мен жауапкершілігін, қоғамдағы өзінің мәртебесін, басқа адамдармен, азаматтармен қарым-қатынас нормаларын дұрыс түсіну (ұғыну) ;
6) құқықтық белсенділік, яғни дұрыс мақсатқа бағытталған құқықбұзушылыққа қарсы субъектінің әрекеттілігі; заңсыздыққа қарсы әрекеттілік; құқықтық тәртіп пен қоғамдағы заңға бағыныштылықты қолдау; құқықтық нигилизмді бастан өткізу.
Азаматтардың құқықтық мәдениетінің мәнін келесі формуламен білдіруге болады: білу - құрмет тұту(сыйлау) - қолдану. Бұл жерде заңның талаптарына тоқталған құқықтық санадағы сияқты, бұл қоғамдық мағынаны иеленген құқықтық мәдениеттің әдеттегі деңгейі. [4, 253 б. ]
Құқықтық мәдениет жеке тұлғалардың білімінің деңгейіне қарай үшке бөлінеді: күнделікті, профессионалдық, теоретикалық. Күнделікті мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі дәреже болып табылады. Бұл дәреже еңбектенсе өсуі мүмкін. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе бірнеше саласын игеру. Теоретикалық мәдениеттің теориясын жақсы білу.
Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, реттеушілік, прогностикалық, нормативтік. Танымдық - құқықтық мәдениет теориясын дамыту; реттеушілік - мәдениетті реттеп-басқару; нормативтік - мәдениет бағытындағы нормативтік актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы құқықтың рөлін көтеру, күшейту; прогностикалық болжау - құқықтық мәдениеттің болашағын дұрыс болжау. [1, 161 б. ]
Құқықтық мәдениет субъектісіне қарай үш жүйеге бөлінеді: қоғамдық, топтық және жеке тұлға. Бұл жүйелерге азаматтардың белсенділігі өте қажет, онсыз нормативтік актілердің іске асуы, орындалуы нашарлайды. Белсенділіктің екі түрі болады: біріншісі - құқық шығармашылықтағы, құқықты дамытудағы, орындаудағы белсенділік; екіншісі - заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы белсенділік.
Қоғамдық жүйедегі нормативтік актілер барлық халықты қамтып, қоғамдық көлемде мәденениетті дамыту; топтық жүйе - бірлестіктер, одақтар, ұжымдар көлемінде мәдениет мәселесімен шұғылдану; жеке тұлға жүйесі - жеке адамдардың рухани сана-сезімін, білімін, мәдени тәжірибесін дамыту.
Құқықтық мәдениеттің қызметі үш топқа бөлінеді: танымдылық, бағалаушылық, реттеушілік. Танымдылық - халықтың заң білімін білуінің деңгейі, рухани сана-сезімнің жақсаруы. Бағалаушылық тобы төрт жүйеден құралады: құқықтың салалары, қағидалары, құрылымы, функциялары; құқықтық тәртіпті; заңдылықты қорғайтын органдардың жұмысы; азаматтардың өздерінің баға беруі (заңдылыққа, тәртіпке, мәдениетке) . Реттеушілік тобы - қоғамдағы мәдениет бағытындағы қарым-қатынастарды реттеп-басқару олардың, заңдылық немесе заңды еместігін анықтау, дұрыс орындалуын қамтамасыз ету.
- Мәдениет жүйесін құқықтық реттеудің, басқарудың негізгі бағыттары: қоғамның құқықтық сана-сезімін дамыту;
- құқықтық шығармашылықты жақсарту;
- нормативтік актілердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттің құқықтық жұмысының нәтижесінде халықтың рухани және материалдық мүдделерінің орындалуын жақсарту.
Осы көрсетілген төрт бағыттағы құқықтық жұмысты қоғамдық көлемде болсын жеке адамдар тұрғысынан болсын ғылыми-шығармашылық процесс деп білу керек. Сонда ғана мәдениет дұрыс, прогрестік жолмен дамып, адам қоғамының рухани жіне материалдық жетістіктерін біріктіріп мемлекеттің жақсы дамуына мүмкіншілік жасайды. [1, 162 б. ]
Құқықтық мәдениет екі деңгейден тұрады: адамдардың сана-сезімінің деңгейі және олардың мамандағының деңгейі. Құқықтық мәдениеттің сапалы немесе сапасыз екенін қоғамдағы бостандықтың, әділеттіктің, демократияның, заңдылықтың, құқықтық тәртіптің деңгейінен білуге толық болады. Құқықтық мәдениеттің сапасы жоғары дәрежеде болса құқықтық мемлекетті қалыптастыруға зор әсер етеді. [1, 164 б. ]
1. 3 Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту
Адам қоғамының тарихи даму процесінен қалыптасқан ең зор мәдени байлық - құқық пен құқықтық заңдар. Адам қоғамын дағдарысқа ұшыратпай миллион жылдар реттеп-басқарып келе жатқан мемлекет пен құқық. Мәдениеттің, құқықтың даму процесінде заңдылық пен құқықтық тәртіп қалыптасып, қоғамның прогресстік жолмен дамуына мүмкіншілік жасады.
Қоғамның мәдениет саласындағы қатынастардың басым көпшілігі заң арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Заң мәдениетінің негізгі мүдде-мақсатын анықтап, оның орындалу бағыттарын көрсетіп реттеп отырады. Заң мәдениетінің жаңа бағытын, жаңа мақсатын болжап, алдын-ала заңға тәуелді нормативтік актілердің қабылдануын қамтамасыз етеді. Заң құқықтық мәдениетті басқаратын, дамытатын аппараттарды құрып, нығайтып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz