Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ИДЕЯЛАР
1.1 Ертедегі ғалымдар құқық пен мемлекеттік биліктің арасындағы қарым-
қатынас туралы
1.2 Батыс Еуропадағы прогрессивгі саяси-құқықтық ойлар
1.3 Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси-құқықтық ойларында көрініс
табуы
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
2.1 Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері
2.2 Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
2.3 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Құқықтық мемлекет - көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық
прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі
жағдайлардың деңгейіне сай келегін жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет - бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу
нысаны, құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге құрылады. Құқық
алдыңғы ролді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке
адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде,
халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану
шындықтың іске асқандығы.
Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде
құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық
қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің
негізгі қағидаларына қарсы болды.
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әртүрлі меншік
формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік,
коллективтік, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең
құқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық
мемлекетте меншіктік, тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады,
жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің
меншіктенушісі болып есептеледі. [1, 6-б].
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде,
меншіктік бостандығында, Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап,
өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз
өсуін және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы өзін-өзі реттейтін
азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері — бос азаматтарды
біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында, өзінің әртүрлі мүдделерімен
адам тұрады. Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық қатынастар арқылы,
әр азаматтың шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар
жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның құқығы және бостандығы
қамтамасыз етіледі.
Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу,
мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей
байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның
құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді.
Құқықтық мемлекет – бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық
мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы адамдық гуманизм принципі және
адалдық, тендік жеке адамның бостандығы, оның ары және адамгершілігі
құрайды. Құқықтық мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның жоғарғы
адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың қоғам өміріндегі басқару ролін
қамтамасыз етеді, жеке адамға жасалатын басынушылықты, күштеуді жояды.
Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен,
сот процессінің адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы
құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау,
әртүрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік өмірдің рухани
толықтығы көп жағдайларда, қоғамның адамгершілік жетілгендігінен, оның
өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық гумманизмінен және саяси
қатынастарынан толығымен көрінеді.
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
ТУРАЛЫ ИДЕЯЛАР
1. Ертедегі ғалымдар құқық пен мемлекеттік биліктің арасындағы
қарым-қатынас туралы
Мемлекетті өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі
ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола
бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық
мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит,
Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктің
арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы тілектері,
(мақсаттары) сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау
болатын.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайды жөнс бір мезгілде құқықпен
тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттікке жатады. "Заңның
күші жоқ жерде — Аристотелъдің айтуы бойынша — мемлекеттік құрылым нысаны
жоқ". Цицеронның айтуы бойынша "халықтың жұмысы", құқықтық араласу және
"жалпы құқықтық тәртіп". Ертедегі Грецияның және Римның мемлекеттік-
құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі
прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.
Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі,
қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардың өзгеруі, мемлекетке жаңа
қатынастарды туғызуға мәжбүр етеді жене оның қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.
Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттік
идеяларды историзм тұрғысынан сол кездегі прогрессивті оқымыстылар
Н.Макиавелли және Ж.Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында, ертедегі
және қазіргі көпғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірибенің негізінде,
саясаттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді
білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеальды мемлекеттің нұсқасын салуды
көздеді.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр
адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны
туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті, себебі тек
республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдікпен, бостандықтың талаптарына
сай келетін. Ж.Боден мемлекетті - көптеген отбасыларды және өзіне
қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты тек құқық
пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.
1.2 Құқықтық мемлекет концепциясының дайындалуына прогрессивті
оқымыстылардың үлесі
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет
концепциясының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан:
Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Щ. Монтаскье, Д. Дидро, П.
Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық мемлекет
туралы, көбірек маңыздылау, ғылыми-теориялық ойлардың мазмұнын талдап
көрсетеміз.
Гроций - табиғи-құқықтық мектептің бірінші теориялық маманы болды.
Оның теориясы бойынша: табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық болып
екіге бөлінеді. Табиғи құқықтың шығатын көзіне адам табиғаты, адамдық ақыл-
ой жатады. [2, 40-б].
Табиғи құқықтың ұйғарымына: басқа адамның нәрсесін алмауға, өзін-өзі
ұстау, уәдеге тұру міндеттілігі, кінәлілердің шығынды төлеуі, сонымен қатар
"Воздаяние" адамдарды қылмысына қарай жазалау жатады. Ерікті белгіленген
құқық, мемлекеттен шығып, түгелімен табиғи құқық принциптеріне сәйкес
келулері қажет.
Феодализмнің құқықтық институттарын Гроций адам табиғатына қарсы деп
жариялады, сондықтан "ақыл-ой заңдылығына жауап беретін" жаңа талаптарға
сай құқық қажет деп есептеді. Ол мемлекеттің мақсатын құқықпен бекіту
арқылы, жеке меншікті қорғау, көпшіліктің келісімі бойынша, әр адамға,
өзінің мүлігімен еркін пайдалануды қамтамасыз ету деп білді. Әртүрлі
нысандағы мемлекеттің құрылуы, Гроцийдің ойынша, қоғамдық келісім,
сондықтан халық мемлектті құрғанда кез-келген басқару нысанын алуға
мүмкіндігі бар, бірақ оны белгілегеннен кейін, халық оның басқарушыларына
бағынуға міндетті. Мемлекеттік басқару нысанын өзгертуте қоғамдық келісім
жасағандардың екі жағының да келісімдері қажет.
Спиноза демократиялық мемлекеттің теориялық негіздемесін жасауға
қатысқан, Оның айтуы бойынша мемлекеттің күшті болуы әрбір азаматтың өмірін
қорғап қана қоймай, мүдделерін де қанағаттандырудың қажет екенін айта
келіп, әрбір басқарушылардың жеке меншікті, қауіпсіздікті, ар-ұятты,
бостандықты және басқа да жақсы жағдайларды сақтауға міндеттілігін
көрсетеді.
Гоббс - Англиядағы абсолюттік монархияның қорғаушысы ретінде,
қоғамдық өмірдегі құқықтың үстемдігі туралы бірнеше прогрессивті еңбектер
жазды. Оның еңбектерін кейіннен буржуазиялық революция оқымыстылары
жетілдірді, дамытты. Сонымен қатар, заң алдындағы формальді теңдікті
дәлелдеді және келісімнің тұрақтылығын көрсетті. Гоббс адамның бостандығын,
заңмен тиым салынбайтын жағдайлардың бәріне де құқығы бар деп түсінді.
Соның негізінде, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі өте тиімді
принциптердің теориялық негізін салды.
Локк - Маркстың айтуы бойынша, буржуазиялық қоғамның құқықтық
ойларын, феодалдық қарама-қайшылықтағы классикалық жеткізуші болды.
Мемлекет, адамның табиғи құқығын қорғау үшін құрылғандықтан, Локктың
ойынша, меншікті құруға және ұйымдастыруға заңдар қабылдайды және ол
заңдарды орындауға, сырттан басып кіруді болдырмауға қоғамдық күштерді
пайдаланады. Ондай мемлекетте табиғи бөлінбейтін құқықтық меншікті, жеке
бостандықты және теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдік етеді,
Құқықтық мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы, Локктың сөзімен:
"заңды өкіметпен белгіленген өзгермейтін бәріне бірдей ережеде,
бостандықта, барлық жағдайда заң ұлықсат етсе, өзіңнің тілегеніңді жаса
және әрдайым белгісіз басқа адамның еркіне тәуелді болмау".
Монтескье - құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтық қоғамдағы саяси
бостандықтың қажеттілігі деп түсіндіреді. Оның саяси бостандық идеясы,
азаматтық бостандық идеясымен байланысты және мемлекеттің азаматтарының
қауіпсіздігіне де қатысты. Қызметін пайдаланатындарды болдырмаудың жолы,
барлық адамдардың заңдарды бұлжытпай орындауының қажеттігі. Саяси бостандық
Монтескьеше заңдылықты және қауіпсіздікті сақтау. Оған жету үшін өкіметті
заң шығарушы, орындаушы және соттыққа бөлу қажеттігі көрсетілген. Бұл идея
оның саяси-құқықтық теориясындағы маңыздыларының бірі, кейіннен ол идеяның
дұрыстығын іс жүзінде көптеген өркениетті елдердің мемлекеттік құрылымынан
көруге мүмкіндік болды.
Дидро - мемлекеттік өкіметтің құқықтық бастамасын, оның қоғамдық
келісіммен құрылған тәуелсіздігі арқылы негіздейді.
Мемлекеттік билік, оның ойынша, қоғамдық келісімнің жемісі ретінде
пайда болады және ол қоғамға ұйымдасқан түрдегі саяси нысанды береді.
Сондықтан, мемлекеттік билік халықтың еркіне негізделген, тәуелсіздігі
бойында "Тек ұлт қана шын тәуелсіз; шын заң шығарушы халық қана, тек
халықтың еркі саяси биліктің шығатын көзі". Мемлекеттің басты мақсаты,
азаматтардың бөлінбейтін құқығын және олардың бақытын қамтамасыз ету.
Дидроның осы идеялары И. Канттың философиялық негіздемесіне ие болып,
құқықтық мемлекет теориясының аяқталғанын көрсетеді.
Джефферсон - АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясының авторы, іс жүзінде
Америка аумағына құқықтық мемлекет идеясын таратушы. Қоғамдық келісім және
адамдардың бөлінбейтін құқығын жақтай отырып, монархиялық басқару формасын
сынайды және халықтың тәуелсіздік принципін қорғайды. Джефферсонның
декларациясы бойынша, адамдардың бөлінбейтін құқығы бар, оны қамтамасыз ету
үшін мемлекет құрылады. Декларацияға адамның табиғи құқығын кіргізу
арқасында жеке адамдардың мемлекетке деген қатынасы, олардың субъективтік
құқығына айналады. Бұл жағдай, арнайы мемлекеттік доктринаға тіпті жаңа
жағдайға жатады. Себебі, бұрын адамдарға құқықты мемлекет береді деген ұғым
болатын. Осы кезеңде, құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің
дайындалуына маңызды үлес қосқаңдарға Вольтер, Гельвеций, Руссо, Пейн және
басқа көрнекті ғалымдар жатады.
Кант - құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін жан-жақты
зерттеген адам. Көпшілік құқықтың принципіне, философтың ойынша халықтың
шексіз құқығы жатады, яғни өзінің еркін білдіретін конституция қабылдау
арқылы тәртіпті орнату, Халықтың үстемділігі, мемлекеттегі барлық
азаматтардың босгаңдығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді,
"көптеген адамдардың құқықтық заңга бағынған жиынтығы". Конституциялық
құқыққа сүйенген мемлекеттің жұмысы халықтың жалпы еркіне сай болады,
азаматтардың құқығы — жеке бастарының еркіндігі, адамгершілігі, ойлары.
Шаруашылық қимылдарының тежелуі мүмкін болмаған.
Құқықтық мемлекетте, заңды бұлжытпай орындау жолында күштеуге де
баратындай мүмкіншілігі болуы қажет. Керісінше, биліктің сол жөнінде
азаматқа қандай мүмкіншілігі барлығында. Құқықтық құрылымның мүмкіншілігін
Кант заң шығаратын парламентке байланысты, орындайтын - үкіметке және
соттыққа бөлумен байланыстырады.
Канттың құқықтық мемлекет туралы концепциясы, саяси-құқықтық ойдың
әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымының
қызмегіне маңызды әсер етті.
Гегель мемлекетті өзінің философиялық дүниетанымындағы жалпы жүйенің
контексінде қарайды, оның маңызды бөлігі құқық философиясы. Мемлекет,
Гегельдің ойынша бұл да құқық, бірақ көбірек жетіліп дамыған және мазмұны
бай. Ол барлық басқа құқықтардың мойындағандарын - жеке адамның, жанұяның,
қоғамның құқықтарын өзіне қосып алады. Гегель мемлекетті жеке адам мен
қоғамның үстінде тұрған абсолютке көтеріп, мемлекеттің дамуын, азаматтық
қоғам дамуының алдында болғанын дәлелдейді. Гегельдің осы дәлелдеуіне Маркс
келіспей мемлекет туралы концепциясының қателік жағын көрсетеді.
Шын мәнісінде, қоғам мемлекеттен бұрын пайда болғандықтан, мемлекет
қоғам дамуының жемісі болады. Мемлекет Гегельдің ойынша, жетіліп дамыған
қоғам өмірінің ұйымы, іске асырылған бостандықтың үстемдігін көрсететін
құқық негізінде құрылады.
Тек, мемлекетте және мемлекет арқылы адамның ең жоғарғы
адамгершілігі, бағалылығы іске асырылады, сондықтан ол адамгершілік
идеясының шындығы. Азаматтық қоғам құқықтық мекемелер арқылы жеке
адамдардың мүдделерін қамтамасыз етіп, тәртіпті қорғайды. Мемлекетте жеке
адамның бостандығы және сыртқы тәртіп, біртұтас болады, онда мемлекет
өзінің ең жоғарғы құқықтық және моральдық нысанының бірлігіне жетеді.
Гегельдің мемлекетке көзқарасында оның функциялары қыстау, күштеу аса
маңызды роль атқармайды. Маңыздысы мемлекеттің қызметіндегі оның әлеуметтік
және құқықтық бастамалары, оның терең адамгершілік мазмұны, ақылдылық және
қоғамға, жеке адамға пайдалылығы.
Маркс мемлекетті және құқықты ашық түрде қоғам дамуының таптық
теория тұрғысынан қарады. Ол теория бойынша, пролетариат диктатурасының
құрылуына байланысты, таптардың жоғалуына байланысты, тапсыз қоғамға көшу
процесінде мемлекет пен құқық та жоғалады. Маркс буржуазиялық мемлекеттің
құқықтық қатынастарын талдай отырып, заң-нәтиже, таптық қоғамның өндірістік
қатынастарының материалдық көрінісі ретінде дәлелдейді. Заң шығару тек
экономикалық қатынастардың талабын орындайды. Маркс айтқандай, заң өзінің
күшіне сонда кіреді, егер ондағы көрсетілген әлеуметтік қатынастың тәртібі
"қоғамдық өндіріс жолымен гармониялық жағдайда болса.
Маркстің құқықтық мемлекет туралы айтқанына көңіл аударсақ:
"Бостандық дегеніміз – қоғамның үстінде тұрған орган, мемлекетті тұтастай
сол қоғамға бағынышты органга айналдыру".
Батыс Еуропадағы прогрессивгі саяси-құқықтық ойлардың иелері Иеринг,
Еллинска, Дюги, Ориу, Паунда, Спенсер және басқалар құқықтық мемлекет
теориясының элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға тәжірибелеуге сай
дамытты. Иерингтың ойынша құқықтық мемлекет тек сол жерде болады, егер
мемлекеттік өкімет алдын-ала өзі бекіткен тәртіпке өзі бағынса, сонда ғана
ол ақырғы құқықтық бекітілуге ие болады. Тек құқық үстемдік алғанда ұлттың
хал-жағдайы гүлденеді, сауда, кәсіпшілік өркендеп, халыққа тән "ақындылық
және адамгершілік" өріс алады. [3, 60-б].
Еллинектің концпециясы бойынша, мемлекет өз халқының мүддесін
қорғайтын орган ретінде белгіленеді және адамдардың заңды одағын басқарып,
жеке бастарына, ұлттық және жалпыадамдық біріккен мүдделердің қоғам
дамуындағы прогресстік жолға бағытталуын қанағаттандырады.
1.3 Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси-құқықтық ойларында
көрініс табуы
Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси-құқықтық ойларында да кең
көлемде орын алды. Ондай ойларды Д.Н. Писаревтің, А,И. Герценнің, Н.Г.
Чернышевскийдің, А.Н. Радищевтің, П.П. Пестельдің, М.Н. Муравьевтің және
басқалардың еңбектерінен көруге болады. Олар көбінесе, феодализмнің
заңсыздықтарын шындық негіздерін сай қатты сынға алады.
Құқықтық мемлекет туралы орыс концепциясының бекігендігін октябрь
революциясына дейінгі кезеңдегі көрнекті заңгерлердің және философтардың
еңбектерінен толық көреміз: Н.М. Коркунов, С.Н. Котляровский, П.Н.
Новгородцев, С.А. Муромцев, П.М. Гессен, Г.Ф. Шершеневич, Б.Н. Чичерин,
Н.А. Бердяев және басқалар. Олардың мемлекеттік-құқықтық зерттеулері,
негізінен - саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәніне арналған.
Төменіректе өте қысқа түрде сол концепциялардың құқықтық мемлекет туралы
маңызды идеялары орыс заңгерлерінің көзқарастарына сай көрсетіледі.
Шершеневич құқықтық мемлекеттің негізгі өлшемдерімен мынадай құрылу
жолдарының нысандарын ұсынады:
1) бассыздықты көрсетеді, біреуінің мүддесі екіншісінен бөлінеді
және мемлекет мекемелері де осыған қатысты, осыдан құқықтық басқарудағы
үстемдік идеясы туады;
2) егер жеке адамның инициативасы (ынтасы) кеңдікті тілесе,
мемлекетке субъективтік құқықтарды қорғаумен шектелуі жеткілікті;
3) өкімет органдарының өз қимылдарымен жаңа тәртіптілік бұзылмау
үшін, олардың міндеттерін қатаң түрде белгілеу қажет және орындаушы
өкіметті заң шығарушыдан бөліп, сот билігінің еркіндігін бекітумен қатар,
заң шығаруға көмектесетін сайланған қоғамдық элементтерді қатынастыру
қажет. Шершеневич құқықтық мемлекеттің мұндай сипаттамасымен келісе отырып,
құқықтық мемлекеттің шын мөніндегі кепілділігіне мыналарды жатқызады:
а) жеке адамның бөлінбейтін құқығы;
б) өкіметті бөлу принципі;
в) өкіметтің өзін-өзі құқықтық тежеулігі;
г) мемлекеттің өз үстінде тұрған құқыққа бағынушылығы. Шын
мәнісінде, ондай кепілдікке ұстамдылық күші бар қоғамдық көзқарас қана ие
бола алады.
Өкіметтің "өзін-өзі ұстау" идеясы мемлекеттік емес қоғамдық
қосылымдармен, қоғамдық көзқарастармен, басылымдармен, радио-теледидармен
мойындалады және қазіргі қоғам өміріне іс жүзінде пайдаланылуымен көрінеді.
Гессен құқықтық мемлекетті шығыстың саяси-құқықтық орнықты
көзқарастарына сүйеніп анықтайды. "Құқықтық мемлекет деп атайтыны - оның
ойынша, өз міндеттілігін үкімет ретінде өздері жасаған заңдылық нормаларға,
заң шығарушы ретінде мойындайтынында. Құқықтық мемлекет өзінің қызметінде,
өзінің үкіметтік және соттық функцияларын орындау кезінде құқықпен
байланысты және тежеледі, құқықтан төмен тұрады, сыртында емес және жоғары
да емес". [4, 10-б].
Сонымен бірге Гесен құқықтық мемлекеттщ мазмұндық жағына белгілі
түзетулер кіргізді. Ол заң шығарудағы тәуелсіздікті жақтап, оның ойынша
мемлекет әдет-ғұрыппен және заң шығару құқығымен қатынасы жоқ, себебі
"өзгермейтін" әдет-ғұрып және заң жоқ деген. Шын мәнісінде заң шығарушы
өкімет, заңмен тежелмеуі қажет. Бұл идеалда принципиалды іс-әрекеттің мәні
жатыр: заңдар қоғамның өсу деңгейіне сай болуы міндетті, өзгеру үстіндегі
экономикалық әлеуметтік, мәдени және басқа да қоғам өмірінің жағдайларын
көрсетуі керек, оның дамуындағы объективтік қажеттілікке жауап беруі қажет.
Котляревский Канттың қарым-қатынастық және мемлекет пен жеке адамнын
бір-бірінің алдындағы екі жақтық жауапкершілігі теориясын жақтайды, оның
кепілі - өкіметтің бөлінгендігі болып табылады. Іс жүзіндегі, қазіргі
мемлекеттік құқықтың өмірге маңызы бар ойына, сотты мемлекет пен жеке
адамның арасындағы екі жақтықты қамтамасыз ететін негізгі орган ретінде
тану қажеттігі жатыр. Ондай сот конституцияның негізінде ешкімге тәуелді
болмай, халықтың сеніміне ие болуы қажет. Өйткені сенімділік жоғалса, сот
қызметіне нұқсан келеді және құқықтық мемлекеттің дамуына кедергі.
Кеңес мемлекетінің құқықтық ғылымы, тоталитаризм кезінде құқықтық
мемлекет идеясын қабылдамай, оны буржуазиялық, мемлекеттік таптық
концепциясына қарама-қарсы теория деп есептеді.
Құқықтық мемлекеттің көпғасырлық тәжірибесін, теориясы мен жұмысын,
өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми жағынан қабылдамау инерциясы қоғам
өмірінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығысуларды
туғызды. Кейінгі жылдары реформалық процестердің тек біздің елімізде ғана
емес, бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттерде де жүріп жатқанына байланысты
мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарастар пайда болды. Қоғамның саяси
жүйесіндегі мемлекеттің ролін бағалаудағы жаңа қатынастан байқауға болады.
Бұрынғы және қазіргі ғылыми арсеналды, құқықтық мемлекеттің қызметін және
іс жүзіндегі тәжірибесін пайдаланып қазіргі өркениетті елдерде, құқықты
жүргізушілер, философиялық, экономикалық және саяси ойлардың негізінде шын
мәніндегі болашақ құқықтық мемлекеттің үлгісін белгіледі. Қазіргі қоғам
дамуының нақты жағдайларын есепке алып, құқықтық мемлекетті құрудың
концептуалдық жолын С.С. Алексеевтың, А.В. Венгеровтын, В.Е. Гулиевтың, В.Н
Кудрявцевтің, Б.М. Лазарованың, Н,Н. Деевтың, В.Д. Зоркинаның, Р.З.
Лившицтың, М.И. Пискотинның, Ю.А. Тихомировтың тағы басқалардың
еңбектерінен көруге болады. [5, 86-б].

Құқықтық мемлекет - бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл
халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды.
Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын,
ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық
қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке,
мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен
шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық
негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азаматтарының мүдделері бұзылса ғана
пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті
басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса. Мемлекеттің саяси табиғаты
оның тәуелсіздігінен анық көрінеді. Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің
мүдделері және барлық қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады.
Тәуелсіздікке байланысты ғана мемлекеттік және мемлекеітік емес ұйымдардың
мүдделері біріктіріледі, адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы қамтамасыз
етіледі. Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:
1. Барлық, қоғам өмірінің аясындағы заң деңгейінің жоғарлылығы.
Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды және адамдардың
бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет бәріне міндетті тәртіп
жолын белгілейді, адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы
объективті қажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан, заң жоғарғы
заңдылық күшке ие. Басқа құқықтық актылар заңға сай болуы қажет. Заң қоғам
өміріндегі ең маңызды қажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол өмірге,
маңызды ортадағы бостандықтың мөлшерін белгілеп, қоғамның адамгершілік
құндылығын қорғайды (мысалға, меншік туралы заңдар, кәсіпкерлік туралы,
т.б.). Қосымша заң актылары оның ішінде ведомстволық, қажетті кезінде,
заңдардың кейбір қағидаларын анықтайды, бірақ заңды ешқашанда
"жетілдірмейді", "түзетпейді", "ауыстырмайды". Сонымен бірге, құқықтық заң,
оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді. Заңда бекітіліп жатқан қоғамдық
қатынастардың объективтігі, олардың дамуы және өз-өзінен жаңалануы
көрсетілуі қажет. Заң шығарудағы әртүрлі тежеулік жүйе, субъективтік
сипаттағы тиым салу, құқықтық мемлекеттің негізіне зиян келтіреді, қоғамдық
прогресті тежейді. [6, 123-б].
Құқықтық мемлекеттің негізі - конституциясы. Онда мемлекеттік және
қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның
жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, соған сәйкес
келуі міндетті. Мемлекеттің ешқандай құқықтық актылары конституцияға қарама-
қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы - құқықтық мемлекеттің
бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет - конституциялық мемлекет.
2. Жеке адамның құқығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз
етуінде. Әлеуметтік, саяси өмірде, адам бостандығы оның құқығы ретінде
көрінеді. Құқықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі бостандықтың болуын
қолдайды, ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды.
Мемлекеттік биліктің "араласпауы" міндеттілігі, адамдардың өз құқығын
сақтауды талап етуіне сәйкес келеді. Егер белгіленген құқық бұзылса, ол
соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай, нағыз құқықты
бостандыққа айналдырады. Құқық жалпыға бірдей және бір деңгейдегі
бостандық. Оның шын көрінісі мына формулада қамтылған: "тұлғаға тиым
салынбаған нәрседен басқаның бәріне рұқсат етіледі".
Жеке адамдардың құқықтық сипаттағы бостандығы, қоғам өмірінің
әртүрлі жағдайынан көрінеді. Қазіргі демократиялық мемлекетте объективті
құқық бостандығы, өзінің әр қилы мазмұндарына байланысты жеке адамның
субъективтік құқығымен іске асырылады. Ондағы ең маңыздысы - жеке адамның
құқығы, оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекеттің қимылы (әрекеті), жеке
адамның дербес құқықтығына, білім алу, әлеуметтік қамсыздандырылу, сотпен
қорғалу, мемлекеттің көлемінде еркін жүру жатады.
3. Мемлекет пен жеке адамның арасындағы жауапкершілік. Саяси
өкіметті алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы
азаматтың арасындағы қатынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет.
Мемлекет жеке адамның бостандық деңгейін заңда белгілей отырып, сондай
мөлшердегі өзі қабылдаған шешімінде, қимылында өзін тежейді. Ол әр азамат
туралы адалдықты қамтамасыз етуді міндетіне алады. Құқыққа бағына отырып,
мемлекеттің органдары оның жарлығын бұза алмайды және бұзғаны үшін, не ол
міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Заңның міндеттілігі
мемлекеттік билікке кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі, ол жағдай
әкімшілік басынушылықты жояды. Оған жататындар: депутаттардың сайлаушылар
алдындағы жауапкершілігі (депутатты кері шақырып алу), үкіметтің өкілетті
органдар алдындағы жауапкершілігі, әкімшілік, азаматтық-құқықтық не
болмаса, мемлекет қызметкерінің қандай деңгейде болмасын белгілі құқық
субъектілерінің алдында өзінің міндеттерін орындамағаны үшін, қылмыстық
жауапкершілігі. Сондай құқықтық бастама негізінде, мемлекет алдында жеке
адамның жауапкершілігі құрылады. Мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалану,
құқықтық сипатта болуы қажет, жеке адамның бостандық деңгейін бүлдірмеу,
болған құқықбұзушылық оның ауырлығына сай жазалануы қажет. Мемлекет пен
жеке адамның бірге жауапкершілігіндегі құқықтық сипаттама - қоғамдағы
құқықтың объективті құрылуының маңызды белігі, мемлекет еріктілігінің
нәтижесі емес. Құқықтық талаптарды сақтау - ең алдымен, мемлекеттің және
барлық адамдардың да заңды міндеттері. Осыдан адамның табиғи құқығын,
құқықтық мемлекетте көре аламыз. [7, 30-б].
Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен қызметінің негізгі принциптеріне
биліктің бөлінуі жатады. Бұл принцип, бір жағынан заң шығарушы өкіметтің
мәртебесін (жоғарлылығын) белгілейді, ал екінші жағынан - орындаушы және
сот басқарылуының бірлігін көрсетеді. Мемлекеттік билікті өзінше, жекелеген
және тәуелсіз үш салаға бөлу, өкіметті өз пайдасына пайдалануға және
құқықпен қатынасы жоқ тоталитарлық мемлекеттің пайда болуына жол бермейді.
Мемлекеттік билік жүйесінде сол биліктің әрқайсысы өз орнында, өздеріне тән
тапсырмаларын және басқа қызметерді орындайды. Биліктің теңдігі арнаулы
ұйымдастыру – құқықтың тәсілдерімен қолдау табады және бірігіп жұмыс
істеуде, белгілі мөлшерде бірінің-бірі қызметтерін тежеп отырады. Сонымен
қатар, олар бір биліктің екінші биліктегі, сол қызметтерінің мөлшеріндегі
тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Заңдар қабылдайтын өкіметтің үстінен
қарайтын жағдайының, себебі ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық
бастамасын, елдің ішкі және сыртқы негізгі саясатын белгілейді, сондықтан,
сайып келгенде, құқықтық ұйымдастырудың және орындаушы, сот қызметтерінің
нысандарын белгілейді. Құқықтық мемлекеттің тетігіндегі (механизміндегі)
заң қабылдаушы органдардың маңыздылығы, олардың қабылдайтын заңдарының
жоғарғы заңдылық күшін қамтамасыз етеді, сонда көрсетілген құқық
нормаларына жалпы міндеттілік сипат береді.
Бірақ, заң қабылдаудағы өкіметтің жоғарылығы абсолюттік сипатта
болмайды. Оның қимылы құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен,
адалдық және еркіндік идеяларымен шектеледі. Ол халықтың және арнайы
конституциялық органдардың бақылауында болады, соның көмегімен заңдар
күшінің конституцияға сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
Атқарушы үкімет өзінің органдары арқылы құқық нормаларын іске
асыруымен шұғылданады. Оның қызметі заңға негізделуімен бірге, заң
көлемінде іске асырылуы қажет. Орындаушы органдар және мемлекеттік лауазым
иелері заңмен белгіленбеген, азаматтардың және ұйымдардың жаңа құқығын,
міндеттерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz