Құқықтық норманың құндылығы
Мазмұны:
Кіріспе
I.Құқықтық жүйе түсінігі.
1.1. Құқықтық норманың мазмұны мен түрлері
1.2. Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары және құқықтық
сабақтастық.
II.Құқық бұзушылық.
2.1.Құқық бұзушылық түсінігі.
2.2.Құқық бұзушылықтың түрлері.
III.Құқықтық сана.
3.1. Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен мазмүны.
3.2. Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан түбегейлі қайта жаңғыру
дәуіріне қадам басты. Қазақстан Республикасы өз қызметін құқықтық мемлекет
қалыптастыру жолында жүзеге асыратындығын, бейбіт сүйгіш азаматтық қоғам
негізін қалай отырып, мемлекеттің басты қазынасы адам және азаматтың
құқықтары мен бостандықтары екендігін жария етеді. 1995 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясы адамзаттың ортақ құндылығы құқықтың
үстемдігін бекітеді. Сонымен бірге Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық
ғылымында толғымен айқындалып үлгермеген әлеуметтік, демократиялық,
зайырлы, құқықтық мемлекет категорияларында бекітіп отыр. Осыған орай
көрсетілген ұғымдардың теориялық негізін жасау қажеттілігі туындап отыр.
Бұл өз кезегінде құқықтық мемлекет қалыптастыруда ең бастауын және даму
заңдылығын тереңінен түсінуге мүмкіндік беріп, конституциялық-құқықтық
қызметтің институттарын жетілдіре білу бойынша ғылыми-негізді әдістемесін
жасауға жағдай жасайды.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында жаңа ұлттық құқықтық жүйе
құрылып жатыр. Бұған мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін құқықтық
реформа жүзеге асырыла бастаған алғашқы жылдары қабылданған барлық
бағдарламалық құжаттар бағытталған. 1994 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан
Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасында
( негізгі бағыттар) заң жүйесін кеңестік тоталитаризмнен мұра болып
қалған кемшіліктерден тазарту қажет екендігі, республиканың заң жүйесі
терең тоқырауды бастап өткеріп жатқаны және қоғамыздың заң саласын
тереңінен реформалау қажет екені, ал соңғы жылдары заң саласында
қабылданған заң актілерінің жүйесіз екендігі әрі бір-біріне, азаматтардың,
шаруашылық етуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы
келуінің жиі орын алатыны, оларда ведостстволық мүдде басым болып
отырғандығы айтылған.
Аталмыш Бағдарламада қоғам алдында әлемдік тәжірбиені ескере
отырып Қазақстанның демократия, нарықтық экономика, адамгершілік пен
әлеуметтік әділдік принциптеріне негізделген, сапалық тұрғыдан алғанда жаңа
, шын мәніндегі құқықтық жүйесін құру мақсатындағы кейінге қалдырмас,
терең, кешенді және ауқымды құқықтық реформа жүргізу міндеті тұрғаны ашық
айтылған. Сонымен бірге, конституциялық құқықты табиғи құқық, құқықтық
мемлекет, қоғамдық шарт доктринасының идеяларымен, құндылықтарымен мазмұнды
етудің және осы негізде бүкіл заң шығару жүйесінің Конституцияға сай болуын
одан әрі бекітудің заң шығару жұмысының маңызды қағидатты қыры екендігі
көрсетілген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі мен тарихнамасы. Еліміздің құқықтық реформа
жүріп жатқан он жылдан астам уақыттың ішінде ( егер мемлекетіміздің
егеменді мен тәуелсіздігі жарияланған алғашқы негізгі актілерді оның іс
жүзінде басталуы деп есептесек ) оның құқықтық жүйесін қалыптастыру мен
оның әр түрлі қырларын ғылыми тұрғыда зерттеуде біршама жетістіктерге қол
жетті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі
Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат
тұжырымдамасы арқылы құқықтық реформаның бірінші сатысының қортындысы
жасалып және іс жүзінде осы реформаның келесі екінші сатысының негізгі
бағыттары ресми түрде анықталған. Аталмыш аса маңызды бағдарламалық құжатты
әзірлеу және қабылдау кезінде 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-інің
мемлекеттік егемендігі туралы декларациядан бастап жиналған бай тәжірби
ғана емес, сондай-ақ отандық және шетелдік ғылымдардың ғылыми
зерттеулерінің қортындылары да пайдаланылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының
академигі М.Баймахановтың Құқық үстемдігі құқықтық мемлекет ұғымының
жүйелеуші белгісі ретінде атты еңбегінде құқықтық мемлекет ұғымының
кешенді мәселелеріне арналған. Ғалымның пікірінше , ... үстем болуымен
сипатталатын және мемлекеттілік институттарына қарағанда басымдылықты
болатын құқық құқықтық мемлекет түсінігінің жүйе құрушы белгісі болып
табылады. Құқық үстемдігінің жинақталған түрі құқықтық мемлекетті этатистік
мемлекеттен ажырататын аса маңызды ерекшеліктерді көрсетеді және оның
сипаты мен табиғатына толық дәрежеде сәйкес келеді. Өзге де заңдық белгілер
мен ерекшеліктері үйлестіре алынған құқық үстемдігінің арқасында ғана
құқықтық мемлекеттің бүкіл қызметін тереңінен қайта құруға ықпал етуге
шамасы келеді, оған демократиялық және адамгершілік сипат береді, оның
дамуын халықтың мүддесіне сай әрекет ететін саяси жүйенің құрамдас бөлігіне
айналу жолына бағыттайды .
Осы мәселенің өзектілігі профессор В.Сергиевскийдің пікірінен
де байқалады. Оның айтуынша, Қазіргі кезде Қазақстанда таптық
идеологияның орнына жалпы адами құндылықтары келгенде ... ғылыми ой-
пікірлер заңтанудың мазмұнын қайта қарауды, қайта түйсінуді қажет
етеді....
Бұрынғы тоталитарлық жүйеде табиғи құқық тарихи-құқықтық
тұрғыдан ғана қарастырылып, мойындалмайтын, ал жеке құқық үзілді-
кесілді қабылданбайтын. Сондықтан қазіргі посткеңестік республикалар
құқықтық жүйелерін жетілдіруге емес, демократиялық қоғамының жаңа
жүйесін құруға тиіс.
Батыс елдері мен бұрынғы КСРО-да мұндай зерттеулердің
жүргізіле бастағанына көп болған жоқ . Шетелдерде бұлар құқықтық мемлекет
жағдайында құқықтық құблыстар дамуының белгілі бір нәтижесі ретінде болса,
КСРО-да бұл либералды заңгерлердің құқықтық қоғамда лайықты орын алатынына
деген үміті болды.
КСРО-да қайта құру жүріп жатқанда, ТМД елдері құрылғанда
Р:Давид, К.Жоффе-Спинози, К.Цвайгерт, Х.Кетц, Л.Фридмэн, Ж.Карбонье және
т.б. авторлардың еңбектері өте танымал болды. Олардың еңбектерінде құқықтың
жүйесі ерекше құқық түсінігі ретінде қарастырылады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Құқықтың жүйесі және оның құрылымдық
элементтерінің проблемаларын- оның ұғым-категория аппаратын, құрылымдық
ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын
орнын, сондай-ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты
ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Әсіресе,
тоталитарлық режимді жеңіп, құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде
қалыптасып жатқан, бостандық , теңдік пен келсім идеалдары негізінде
азаматтық қоғам қалыптастырып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар
жүргізіліп жатқан, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар
мен қарама-қайшылықтарды басынан кешіп жатқан Қазақстан жағдайына кеңінен
тоқталып өту. Осыған байланысты мынандай міндеттер туындайды :
- құқықтық жүйенің қызмет етуін қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама
одан әрі дамытуды жолдарын қарастыру ;
- құқықтық жүйені Конституция негізінде ілгері дамыту негіздері ;
- құқықтық мемлекеттің конституциялық идеялаларын қалыптастыру ;
- ұлттық заңнаманы жүйелендіру бойынша жұмыстардың жоспарының жүргізілуі
және т.б.
Тақырыптың теориялық және практикалық мәні мен маңызы. Ұлттық құқықтық жүйе
қалыптастырудың теориясы мен практикасының әдістемелік проблемалары да
өзекті болып отыр. Құқықтық жүйе категориясы мен тақырыптың көптеген
мәселелері белгілі дәрежеде құқық философиясына, құрлымдық-функционалдық
талдаудың социологиялық проблемаларына және т.б. жатады. Қазір Қазақстанның
ғылымында өзінің философиялық-құқықтық зерттеулерін, соның ішінде құқық пен
құқықтық құблыстардың жүйелілігіне арналған зерттеулерді дамыту қажет.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Кіріспе одан кейін үш бө-лімнен ,
әр бөлім екі параграфтан тұрады, сосын қортынды мен пайдаланған әдебиеттер
берілген.

Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік
ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғау-дың, мемлекеттің
билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам
мүшелерінің мінез-кұлқын, іс-әрекетін арнайы ережелер-міндеттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмай-ды. Құқық
деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған
нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз.Сонда да жеке дара құқықтық
норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді.
Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті,
әділеттілікті, адамгершілікті, зандылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды,
рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық
іс-әрекеттерді.
Құқықтық норманың құндылығы:
1. құқықгық нормалар қоғамды реттеп-басқарудың құралы, сол арқылы
адамдардың, занды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп
отырады;
2. кұқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең са-палы құрал,
нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп
отырады;
3. құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап,
қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына
мүмкіншілік жасап отырады;
-құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандық т.б.
демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты,
қатынасты жақсартудың құралы.
Құқық-жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір
клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы да-муының, үлгісі деуге болады. Ол
адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын
және қарым-қатынасын рет-теп-басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырылады: бірінші
- адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау -жоспарлауы (ішкі
бостандық); екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің
жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар
арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке
мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп қоғамның дұрыс, жағымды
дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Қүқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма - қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп-
басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты,
әділеттікті, тендікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси,
әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады.
Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда
көрсетілген.
2. Норма- көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін
алдын-ала анықтап , көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің,
орындалуының "үлгісін" жасайды. Міне, осы "үлгілерді" зерттеу арқылы
ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс,
жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бүл екі жақты әлеуметтік
тұрақты процесті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты
нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер, мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық
міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан, олар нормалардың дұрыс
орындалуына үлес қосады.
Сонымен, құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның
мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп-басқаруын толық
түсінуге болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
Норма - мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның занды күші
бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол
нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық
көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға
нышан келтірмеулері керек. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз
орындатылуы.
3. Қүқықтық нормалардың жүзеге асырылуын орындалуын мемлекет қамтамасыз
етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі зандылық, тәртіп,
жоспар, мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуы мүмкін емес. Құқықтық норманың
мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орын-дауға болады. Өмірде
мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны
көрсетіледі, екіншісінде -оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді,
үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді.Үшеуін біріктірсе бір толық норма
болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың
басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса жетіспейтін
элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, күқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары
мен міндеттерін реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен
қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Қүқықтық нормалардың элементтері бірігіп оның құрылымын қалыптастырады.
Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік
актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге
бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақ-стан
Республикасының "Салық туралы" заңында норманың элементтері 1 -бабында
көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері:
диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмүны мен субъектілердің құқықтары мен
міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің
үлгісі-моделі. Мысалы, ҚР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары ай-қын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады:
- жалпылама түрі - нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері анық-айқын
көрсетілмейді; мысалы жүмыссыздықт туралы зандар республикалық, облыстық,
аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген; толық-
айқын түрі - диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы,
қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
1. сілтеу түрі - диспозицяның мазмүмы туралы басқа нормаға сілтеу жасалады.
Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қол-данады.
Гипотеза-диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай
орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақы-лық үшін жауапқа
тартылатын адам қоғамдықтэртіпті бүзуы керек (ҚР, ҚК - 7 б.). Гипотезаның
үш түрі болады:
2. егерде норманың іс-эрекеті бір жағдайдың болуын немесе болмауы-мен
байланысты болса мүндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
3. егерде норманың жүмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе бол-мауымен
байланысты болса ондай гипотезаны - күрделі гипотеза деп атайды;
4. егерде норманың іс-эрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау ар-қылы
басталса - мүндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция - диспозиция мен гипотеза дүрыс орындалмаса оның жа-ғымсыз
салдары жэне жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санк-цияның үш түрі
болады:
5. абсолютті-айқын санкция: жүмыстан шығару, қызметін төмендету, айыптөлеу
т.б.;
6. салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның ара-сындағы
жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
7. альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсы-сын
қолдану тиісті мекеменің еркінде-қүзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз
рөлін дүрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі
элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарына норманың элементтері толық
болмайды. Конституцияның баптарында тёк гипотеза мен диспозиция ғана
болады. Қылмыстық кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс
жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің эр баптарында бо-луы
мүмкін немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны
тауып алуға болады.
Құқыктық нормалардың элементтерінің қүрылу тэсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін (гипотеза, диспозиция, санкция) толық
келтіру. Мүндай тэсіл нормативтік актілердің көбінде қолданыла-ды. Бүл
қүқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа
бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
3. Бланкеттік тәсіл - норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңга,
қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен, құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптары
бір-біріне ұқсас емес баптарда норманың элементтері түгел бол-майды, бірақ
оны іздестіріп табуға болады.
Құқыктық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя,
азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық т.б.
саладағы нормалар.
3. Атқаратын жүмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нор-малар;
қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым
салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норманың элементтерінің қүрылымына қарай нормативтік актілер үшке
бөлінеді; нақты белгілі нормалар - мазмұны толық анық жазылған элементтері
түгел; салыстырмалы нормалар - мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені
болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар - істің
орындалуының, норманың жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар,
арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған қүқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының
қарым-қатынасын реттеп-басқаратын нормалар. Мысалы азаматтық, қылмыстық,
заңгерлер, дәрігерлер, мүғалімдер, инженерлер бағыттағы нормалар.
Міне, осы көрсетілген бағыттар, бойынша қүқық өзінің күнделікті қоғам
өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмүны жағынан құқық нормалары зандылық
пен құқық тәртіп, азаматтардың қүқығы мен міндеттері, зандарды өзгерту,
жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды жинақтап құқықгың
қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады.
Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау
әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз
етіледі.
Сонымен құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолда-нылатын
әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.

Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде
құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің
дамуын жан-жакты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Өткен тақырыптарда көрсетілгендей құқық пен мемлекет қоғамның
экономикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым-
қатынастарын реттеп-басқару үшін өмірге келді. Бұл -объективтік процесс.
Сондықтан, қүқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамиды. Біздің Қазақстан
Республикасының қүқығы да осы үш бағытта дамуда:
қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп-басқару үшін қүқықтық
нормалар қабылданып, қызмет жасауда;
қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару үшін
алдын-ала нормативтік актілерді дайындау;
қоғамның өткен дэуірін ғылыми түрғыдан зерттеп занды тэжірибелік
қорытындылар жасап қүқықтық нормалардың сапасын жақсарту.
Сонымен, қүқыктық нормалар қоғамның экономикалық-элеуметтік
қажеттіліктері арқылы өмірге келіп қүқықты қалыптастырады. Қүқықтек
қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді.
Сонымен бірге адамдардың жэне заңды түлғалардың қарым-қатынастарын да
реттеп-басқарып отырады. ( Осы процесте халықтың, үйымдардың қоғамның дамуы
қажеттілігін, тілектерін жақсы дүрыс түсінуін - объективтік құқық дейді. Ал
сол объективтік процесті нормативтік актілер арқылы реттеп-басқаруды
-субъективтік қүқық дейді.
Бүл екі процестің арасында тығыз байланыс, бір-біріне тәуелділік, іс-
эрекетінде бірлестік болады, бүларсыз объективтік жэне субъективтік процесс
дүрыс, жақсы дамымайды. Сондықтан, мемлекет бүл процестің біржақты дамуына
жол бермеуге тиісті. Субъективтік қүқықтың белгі-нышандары:
4. субъектілердің қүқықтарының заңды түрде болуы;
5. ол қүқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы;
субъектілердің бостандығын, қүқықтарының дүрыс дамуын мемлекеттің
бақылауында, қорғауында болуы.Қазақстан Республикасының құқық сабақтастығы
мәселесі халықаралық құқықтық және мемлекеттік-құқықтық сияқты негізгі екі
түрлі қатынастардан келіп туады. Құқық сабақтастығы белгілі аумақ пен басқа
мемлекеттерге қоғамдастыққа халықаралық ұйымдар мен жалпы алғанда БҰҰ
түріндегі әлемдіктерге қатысты алғанда мемлекет егемендігінің сыртқы
қалпының өзгеруінің салдары ретінде пайда болды.
Келіссөздер мен мемлекеттік меншік, архив және қарыздарға (
1983ж.) қатысты құқық сабақтастығы туралы Вена конвенциясы ( 1978ж.) өз
күшін сақтағанымен , халықаралық тәжірбиеде көрсетіп отырғандай,
мемлекеттердің құқық сабақтастығы мәселесін туғызып отырған нақты жағдаймен
тығыз байланысты. Бұл мәселелердің шешілуіне құрамына Қазақстан 1989 жылы
наурыз айынан бастап қосылған Халықаралық келсімдер құқығы туралы Вена
конвенциясы ( 1969ж.) ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси құқық сабақтастығы деп
отырғанымыз қазір оның толық юрисдикциясына ауысқан Қазақ КСР аумағында
әрекет еткен халықаралық келіссөздер бойынша міндеттемелер мен құқықтардың
мұралануы мен одақтық органдармен, оның ішінде Қазақ КСР атынан жасалған
халықаралық-құққытық шарттар мен келіссөздер бойынша , бұрынғы КСРО
міндеттемелеріне қосылу мәселелерін шешу болып табылады.
Ішкі мемлекеттік қатынастардағы Қазақстан Республикасының
құққы сабақтастығы деп отырғанымыз өзі орнын басқан Қазақ КСР мемлекетінің
өз азаматтары алдындағы міндеттерін үздіксіз жалғастыру болып табылады.
Оларға, атап айтқанда , азаматтар алдында еркіндік пен құқықты, қоғамдық
тәртіп пен 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы қарастырған аумаққа қол
сұқпаушылықты және сол уақытта әрекет еткен республика заңдарының
орындалуын қамтамасыз ету міндеттері кіреді. Яғни, Қазақстан
Республикасының ішкі құқық сабақтастығы Қазақстан аумағында бірнеше ондаған
жылдар бойы қалыптасып, ұлттық-мемлекеттік дамудың әр басқышында
конституциялық тұрғыдан негізделіп отырған алдыңғы мемлекет Қазақ КСР-і мен
бұрынғы аумақта өмір сүріп, жұмыс істеп жатқан Қазақ КСР азаматтары
арасындағы мемлекеттік-құқықтық қатынастардан туындайды.
Қазақстан Республикасының құқық сабақтастығы өзгерген
геосаяси жағдайлар мен жаңа мемлекеттік-құқықтық нақты жағдайлар тұсында
алдыңғы мепмлекеттің халықаралық шарттары мен Конституциясы жартылай болса
да өз күшін сақтаған жағдайында орын алды. Міне, сондықтан қазақ жеріндегі
мемлекеттіліктің өмір сүруі тоқталған жоқ. Қазақстанның конституциялық даму
жолы Қазақ КСР-інің ізашар мемлекетінің әмбебап құқық сабақтастығының куәсі
іспетті.
1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы 1993 жылдың 28 қаңтарына
дейін әрекет етті. Әр кезде шақырылған он бірінші және он екінші Жоғарғы
Кеңес қайта құруға және одан кейінгі кезеңге байланысты әртүрлі
өзгертулерді жиі енгізіп тұрды. Олар 1989-1991 жылдарда Қазақ КСР
Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы оннан аса
заңдар түрінде көрінді. 1991 жылдың желтоқсан айынан бастап онымен қатар
Қазақтсан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституция-лық
заңы қабылданып, күшінде болды.. Бұл заң 18-бапқа сәйкес, 1990 жылғы Қазақ
КСР-нің Мемлекеттік егемендік туралы Декларациясымен қатар республиканың
жаңа Конституция-сындайындауға негіз болды. Сонымен қатар Конституция мен
Қазақ КСР заңдарының нормалары осы заңға қайшы келмеген жағадайда ғана өз
күшінде деп есептелді.
1990 жылы сайланып, өз құқығын 1993 жылдың желтоқсанына дейін
сақтаған Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жаңа
Конституция-сының жобасы сол қазақстандықтардың жалпыхалықтық талқылауынан
кейін қабылданды. Осыған сай ізашар-мемлекет- Қазақ КСР-інің мұрагер
мемлекет- Қазақстан Республикасына айналуы ауқымы бойынша бұрынғы аумақта,
континуитетті сақтап, Қазақстанның саяси тепе-теңдігін нығайта отырып,
құқық сабақтастығы барысында бірте-бірте жүзеге асып жатты. Сабақтастықты
Қазақстан егемендігінің ресми таңба-белгілерінен де байқауға болады.
II.Құқық бұзушылық.
2.1.Құқық бұзушылық түсінігі.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік
етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол кұлдырайды, яғни, келешегі болмай-ды.
Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп
орнатудың жолдарыи қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғам-дық тәртіпті
бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.
Осыдан келіп - құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзу-шылық- қоғам
өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады.
Бұл объективтік құбылыс.
Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адам-дардың іс-
әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-
әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-
қатынасқа түседі. Заң бұзушылық-адамның мінез-құлқы арқылы байқалады.
Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет,
мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатына-суынсыз жасалмайды. Олар ойдың
слегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен
ойдың арқасында жүзеге асы-рылады. Демек заңды бұзушылық қоғам мен жеке
тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе
әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай
отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік кұқық нормаларының талаптарын ешқандай
іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп
қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады, құқықтық нормалардың талаптарын орында-мау нәтижесінде
тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға нұсқан келеді, белгілі бір игілік
құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян
келтіреді.
Азамат өзіне жүктелгсп міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен
бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да
пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін
бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақта-лады,
Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса қоғамның
жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайлары-ның жақсаруына, халық
мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Құқық бұзушылықтың мәні - оның субъектісінің өзіне ғана тән
ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық
құрылыстың, қоғамдық катынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі,
зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы
емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлық-тай залал келтіретін адам
әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жеке-леген әрекет-әрекетсіздік
қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғам-да кең таралған жағдайда
ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-
әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян
келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына
байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын,
қоғамдық кұрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да кұқық
бұзушылықпең күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі нышандар:
Құқық бұзушылық құкықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу,
тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдар-дың іс-әрекеті, қылығы
немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа
адамдармен, қоғамымен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық
бұзушылық адамның мінез-қүлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті
арқылы көрінбеген адамның ой-тұлға-сы, сезімдері құқық бұзушылық болып
табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып,
суретке түсіруі мүмкін. Адам-ның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай
да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз
жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Бұл
дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында
жүзеге асыры-лады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын
ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Құқық бұзушылық кұқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның
және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті
бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп
бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат
жоғалады, адамның кұқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян
келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін.
Коғамдық заңды анықтаудыц мынадай тәсілдері белгілі:
Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығы-на, қоғамдағы
негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3. Қылмысты жасаган әдісін, уақытын, орнын анықтау.
Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материал-ды,
фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет, өйткені
жоғарыда айтылғандай.жеке адамға (оміріне, денсаулығына, ар-намы-сына, бас
бостаңдығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда
келтірілгсп зияниыцорнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру,
мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.
5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларыныңталаптарына
қайшы келеді. Сондықтан да опың кұқық нормаларымен реттеліп жэне
қорғалатын қоғаіидыққатынастарға қарсы бағытталғандыкган, құқыққа
қайшы әрекет деуге болады, Құқыққа келісті және ол рұқсат берген эре-
кет, ешқашан құіық бұзушылык ретінде бағаланбайды.
Құқық бұзушылық ең алдымеи неге қауіп төндіреді? Заңның қорғау-ына
алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен
қорғала бермейді, сондықтаи да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа
қайшы болып саналмайды, тиісінше құқықбұзу-шылық ретінде бағаланбайды.
Мэселен, бэсекелестік, біреудіңжеке эко-номикалық мүддірсіне залал келтіруі
мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушы-лыққа жатпайды.іЯғни, құқық бұзушылықтың
мэні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттермен байланысты
болады.
Құқық бұзушылық құқық субъектісіиің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге
асады. Кінәлі деп таиылу үшін занды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу
керек. Есі дұрыс емес немссе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам
(әрекет қабілеттілігінің жоктығы соттың шешімімен анық-талады) құқық
нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тар-тылмайды, себебі, ол өз
әрекетінің мәнін түсінбейді одан басқаға зиян келетінін болжай алмаиды.
Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген
болуы шартты жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы
түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә -
кұкық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалык қарым-
қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
Егер адам өз іс-эрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін ал-дын-ала
білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не
бүған немқұрайды қараса, эрекет жанама ниетпен жа-салған деп танылады.
2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе бұл менменшілдік деп танылады.
Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық акаулықтарын біле отырып жолға
шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде
жол апатына кезігеді.
Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс жэне болжап біле алатын бола тұра өз іс-эрекетінің
(эрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, эрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мэселен, жүргізуші
жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол
көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын
алады.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалылты өмір сүру жағдайын,
қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тэртібін бұзатындыктан, оған мемлекет
атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтықжауаптылық үш
белгісімен сипатталады:
1. мемлекеттік мәжбүрлеу,
2. құқық бұзушыны жауапқа тарту,
3. құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру. Мәжбүрлеу шарасын мемлекет
белгілейді. Құқық нормаларының
қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сакта-луы
мэжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың кағидалары
бұзылатьш болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қол-дануға құқылы.
Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заң-сыз әрекетті
айқындап, әшкерілеу үшін тиісті шаралар қолданады -тергеу жүргізеді,
адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған
деректердің барлығын жан-жақты тексеріп со-ның нәтижесінде шешім
қабылдайды.
Әркез құқық бұзушының өзіие катысты жағымсыз жағдай жүзеге асырылады. Ол
оның мүлкіне немесе оз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі
адам біреудің мүлкіне келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын
толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады: оны
бас бостандығынан айырады, жүріп-тұру еркіндігін шектейді.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы жэне құқықка қайшы-лығын
анықтау оны құқықка сай эрекеттен боліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл
ерекшеліктер құқык бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бер-генмен де, оның
мазмұнды бслгілерін иақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта
заңғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретівде
саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың
заңды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
1. Құқық бұзүшылықтың объективтік жағының элементіне эрекет-
әрекетсіздікпен келтіретін зияпның арасындағы себептгбайланыс және
келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз
келтірілген зиянның басты жәпе тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-
әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған
нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян
құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді.
Қандай да бір игіліктің немесе құндылыктың жойылуы, оларды пайдала-
нуға шек қою, азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субьективті
құқықтарын бұзу т.с.с.
Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болады, жеке
мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-
әрекеттіңсипаты және одан келген зиян қоғамға қауіпшіліктің деңгейін
анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың
объективтік негізін қалайды.
2. Объект - құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе
мүліктік емес игіілік. Яғни, құқықпеп реттеліп жэне қорғалатын қоғам-
дық қатынастар. Құқық бұзушыл ық өз іс-эрекетінде құқықтэртібіне қарсы
бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастың, оиың субъектілерінің кұқықгары мен мүдделері
көптүрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше
болуы мүмкін. 3. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзу-
шылықты жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін
сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қара-
ғанда барлық құқық бұзушылық, ең алдымен кінәнің болуымен байла-
нысты болады. Бұл тұрғыдан қарағанда кұқық бұзушылық- құқық бұзу-
шының еркі жэне санасы арқылы жол берген кінәлі эрекет болып табы-
лады.
Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа жол берген психологиялық факторлар да
ескеріледі. Барлық ерікті эрекет іштей реттелген жэне белгілі бір мақсатты
көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына эрекет-
әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді.
4. Субъект - әрекет қабілеттігі бар занды бұзушы тұлға. Егерде
субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқықка сай жолды таңдау
мүмкіндігіне адам-есінің кемдігі, жасыныңтолмауы, физикалық немесе
психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік
зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды.
Құқыққа қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның
субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа
толу керек, Айталық, қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады,
кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, экімшілік жауапкершілік 16 жас,
азаматтық жауапкершілік 15 жастан есептеледі.
Сонымен кұқық бұзушылық- әрекет кабілеттілігі иеленуші субъектінің заңды
жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және
кінәлі әрекет-әрекетсіздігі.
2.2.Құқық бұзушылықтың түрлері.
Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға
қауіпшілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1)
Қылмыс, 2) Теріс қылық.
Обьектінің құндылығы, құқыққа қайшы эрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты,
эдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінэнің нысаны құқыққа қайшы
эрекеттің күшейе түскендігІ, оның себебі, құқық бұзу-шының жеке мінездемесі
арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.
Әрекет-эрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор
негіз болады.
Қылмыс қоғамға қауіпті жэне заңмен жазалау қатерімен тыйым са-лынған айыпты
әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс,
шаруашылық жүйе, меншік жэне азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктік жэне
басқа да құқыктары. Қылмыстың заңды сипаты - оларға қылмыстық заңмен тыйым
салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда
көрсетілген, қылмыс-тың барлық нысандық белгілсрін иеленуші құқық бұзушылық
өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz