Құқықбұзушылыктың объективтік жағының элементі болып табылатындар
Кіріспе.
Бұрын айтылғандай, құқық субъектілерінің мінез-кұлқы (тәртібі) құқыққа
сай және құқыққа қарсы болып келеді. Құқыққа сай дегеніміз мінез-құлықтың
кұқық нормаларының талабына сәйкестігі. Олай дегеніміз, айталық, заңды
міндеттер орындалады (мысалы, пәтер иесінің пәтер ақысын төлеу),
субъективтік құқықтар пайдаланылады (мысалы, азаматтың мәжіліс депутаттарын
сайлауға қатысуы), ал құқықтық тыйым салынуы сақталынады, бұзылмайды
(мысалы, ұрлық жасалынбайды). Құқыққа сай мінез-құлық қоғамның мүддесін
көздейтін қажеттілік болып табылады. Ол құқықтық нормалар арқылы
ынталандырылады, әрі мемлекет тағайындаған ережесі адамның саналылық
қатынастарының нәтижесі болып табылады. Кей уакытта адамның құқыққа сай
мінез-құлқы (тәртібі) құқықтық нормалар талабын бұзғандығы үшін жазадан
қорқу негізінде жүзеге асырылады.
Демек, кез келген адамның мінез-құлқы (тәртібі) зандық мәнді бола
бермейді, ол үшін оның белгілі бір құқықтық белгілеріне ие болуы керек
екен. Оған мыналар жатады:
— мінез-құлықтың әлеуметтік мәнділігі (яғни экономикалық, саяси және
басқа да қатынастарды дамытудағы пайда болатын мінез-құлық (тәртіп);
— адамның санасына және еркін еріктілігіне бағыныштылығы (яғни, егер
мінез-құлық адамның сана-сезімімен және еркімен реттелмейтін болса, онда ол
құлықтың мүкіншілігінен тыс жатады);
—құқықтық сфераға кіруі (яғни, мінез-құлықтың мінездемелік сипаты
нақтылы әрі құқықтық кайнар көздерінде, соның ішінде нормативтік құқықтық
актілерде дәлме-дәл тұжырымдалынуы тиіс);
—мемлекеттің юрисдикциясында болуы және оның органдарының жағынан
бағынатындығы (яғни, мемлекеттік кепілдігімен және мемлекеттің шынайы
мүмкіншілігімен қамтамасыз етілуі);
— занды зардаптарды болдыру қабілеттілігі (яғни, белгілі бір
жағдайларда адамның мінез-құлқы құқықпен реттелінетін қатынастардың тууына
өте-мөте ықпал ете алатындығы).
2.1.Құқықбұзушылық ұғымы және заңдық құрамы.
Жоғарыда көрсетілген белгілерге сай келетін адамның мінез-құлқы
құқықтық болып табылады, ал қалғандары құқыққа сай еместігін білдіреді.
Құқыққа сай (занды іс-әрекет, әрекетсіздік) мінез-құлық (тәртіп)
мынадай түрлерге бөлінеді:
1) әлеуметтік белсенділік, яғни, мінез-құлық (тәртіп) құқықты орындау
қажеттігіне байланысты нанымға негізделген. Ол құқықтық сана-сезімнің және
құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл мінез-құлықтың
(тәртіптің) түрі қоғам және мемлекет үшін өте маңызды, өйткені, ол қоғам
мен жеке адамның арасындағы ымыраға келумен байланысты;
2) конформистік, яғни, іс-әрекеттің құқық тұжырымдарына құқықтық
белсенділігін көрсетпей-ақ нанымсыз бағынуға негізделген, мұндай мінез-
құлық құқық тұжырымдарын сақтауды әдетке айналдырғандығының немесе зандық
іс-әрекетке бейімделгендігінің белгісі болып табылады;
3) маргиналдық, яғни, іс-әрекеттің құкық тұжырымдарына сәйкес
келгенімен де, бірақ оны орындау — жазадан қорқудан, жеке басының қамынан
туындайды.
Сөйтіп, құқықка сай (занды іс-әрекет, әрекетсіздік) мінез-құлықтың
толық түрлерін атап өтелік: 1) көріну нысанына қарай —іс-әрекет және
әрекетсіздік; 2) белсенділік дәрежесіне қарай —енжарлық (субъектілер өзіне
тиесілі құқықты пайдаланбайды) және әдеттегі (қосымша шығындарға және
күштерге байланысты емес, белсенді (қосымша уақытты кетіру); 3) құқық
нормаларын іске асыру нысандарына қарай (орындау нысанына, пайдалану
нысанына, сақтау нысанына, құқық қолдану нысанына); 4) құқық салаларына
қарай конституциялық құқықты іске асыру, азаматтық құқықты іске асыру, өзге
салалар нормаларын іске асыру; 5) мінез-кұлық (тәртіп) себептеріне қарай
жеке адамның нанымына негізделуі, мемлекеттік көндіру шараларын
қолданылудан қорқуына негізделуі және таптаурынға бағынуға негізделуі.
Құқыққа қарсы мінез-құлық дегеніміз құкық нормаларымен сыйыспайтын,
оның талаптарына қайшы келетін іс-әрекет (әрекетсіздік). Әрине, субъект
өзіне жүктелген міндетті орындамайды (мысалы, пәтер иесі шартта көрсетілген
мерзімде пәтер ақысын төлемейді), немесе құқықтық тыйым салуды сақтамайды
(басқа адамның мүлкін ұрлайды). Құқыққа қарсы іс-әрекет жеке адамның немесе
қоғамның мүддесіне зиян келтіреді. Міне, осылардың барлығын құқықбұзушылық
деп атайды. Сөйтіп, құқықбұзушылық дегеніміз қоғамға қауіпті, заң
жауапкершілігін тудыртатын, деликтоқабілеттілігі бар кінәлы адамның құқыққа
қайшы іс-әрекеті (әрекетсіздігі). Бұл анықтамада құқықбұзушылықтың зандық
құрамының барлық міндетті белгілері көрсетілген:
— бұл барлық жағдайда іс-әрекет (әрекет не өрекетсіздік);
– кінәлы іс-әрекет;
— құқыққа қайшылық (яғни, құқық нормасына қайшы іс-әрекет);
— қоғамға қауіпті іс-әрекет (яғни, қоғамға зиян келтіруші);
— іс-әрекет пен залалды зардаптардың арасындағы себепті байланыстардың
болуы;
— заң жауапкершілігі көзделген іс-әрекет.
Заң әдебиеттерінде құқықбұзушылықтың мынадай 4 белгі-лері туралы сөз
естіледі:
1) құқыққа қарсылығы — құқықбұзушылық дегеніміз құқықтың бұзылуы,
құқыққа, оның нормаларына қарсы іс-қимыл; бұл барлық жағдайда да іс-
әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік). Әрекет — бұл белсенді мінез-құлық
(тәртіп) актісі (адамды ұрлау, жала жабу, зорлау, Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе
өзгертуге оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру, т.с.с.;),
яғни, тыйым салынған құқықты бұзу. Әрекетсіздік — бұл қызмет бабында
немесе өзге жағдайларда орындауға тиісті міңдеттерді орындамау
(науқасқа көмек көрсетпеу, яғни, заңға сәйкес немесе арнайы ереже
бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа
кемек көрсетпеуі; кеме капитанының апатқа ұшарағандарға көмек
көрсетпеуі, яғни, теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған
адамдарға кеме капитанының, егер осы көмек көрсету өзінің кемесіне,
оның экипажы мен жолаушылар үшін елеулі қауіп келтірмейтін болғанда
көмек көрсетпеуі, жұмысқа дәлелсіз себептермен шықпай қалу; салақтық,
кызметке селқос қарау және т.б.);
2) кінәлылығы — бұл жасалынған құқықбұзушылыққа субъектінің психикалық
көзкарасы, көңіл күйі;
3) қоғамдық қауіптілігі — ол мынадан көрінеді: құқықбұзушылық жасаған
кезде тұлғаның қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіруі;
4) жазаланатындығы — қандай да болмасын құқықбұзушылық зандарда
белгіленген жауапкершілікке тартылуы тиістілігі сондықтан заң мәтіндерінде
жауапкершілік көрсетулері кажет. Тіпті есі дұрыс емес адамдар да өз іс-
әрекеті үшін жауапқа тартылуға тиіс. Егерде кылмыс заң актілерінде
көрсетілмесе жаза да болуы мүмкін емес,— дейді ертедегілер.
Құқықбұзушылықтың зандық кұрамы — бұл мынадай төрт элементтердің
жиынтығы: құқықбұзушылықтың объективтік жағы; құқықбұзушылықтың
субъективтік жағы, құкықбұзушылықтың субъектісі, құқықбұзушылықтың
объектісі. Бұл элементтердің әрқайсысын, оның міндетті белгілерін айқындау
үшін, бөлек қарауымыз керек. Бұл жердегі міндетті деп отырғанымыздың басты
себебі — осы элементтердің біреуі ғана болмаса, онда кұқықбұзушылықтың
толық зандық құрамы жоқ деп есептелінеді.
Құқықбұзушылықтың объективтік жағы — бұл іс-әрекет не әрекетсіздік
көрінісінің сыртқы нысаны, яғни, белгілі бір құқықбұзушылықты сипаттайтын
сыртқы белгілерінің жиынтығы (мысалы, салық төлеуші салық инспекциясына
қажетті құжаттарды тапсырмаған). Әрине, құқықбұзушылық болып адамдардың ой-
өрісі, сезімі табылмайды, өйткені, бұлар құқықпен реттелінбейді.
Құқықбұзушылыктың объективтік жағының элементі болып табылатындар: 1)
негізгі элементтер — әрекет немесе әрекетсіздік; іс-әрекеттің құқыққа
қарсылығы; қоғамға зиянды зардаптар; іс-әрекет пен зардаптардың арасындағы
себепті байланыс; 2) факультативтік элементтер — уақыт; орны; тәсіл;
жағдай. Мысалы, кұқыкбұзушылықты әлдеше рет жасау, кайталау, ұйымдасқан
топтың немесе қауымдастық ұйымның кұра-мында болып, жағымсыз іс-өрекеттер
жасау, сондай-ақ қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жару немесе оларды
бейнелеуші құрылғылар; арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез
түтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және
өзге де химиялық-фармакологиялық дәрідәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш
көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып жасау.
Кейбір, құкықбұзушылықтың құрамы үшін зардаптарға соқтырпайтын іс-
әрекеттер жасаса да болғаны (мысалы, еңбек туралы зандардың сақталуын
бақылау ережелерін бұзу, еңбек қорғау ережелерін бұзу, қоғамдық тәртіпті
қорғау, және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың
ережелерін бүзу, т.б.).
Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы—жасалған құқықбұзушылыққа адамның
психикалық күйін (кінәсын) сипаттайды. Дәлірек айтсақ, адамның өзінің іс-
әрекетіне, оның зардаптарына және кінәсына саналы көзқарасын сипаттайтын
ішкі белгілерінің жиынтығы. Оның міндетті негізгі белгісі — кінә, ал
факультативтік белгісі — мақсат және мотив.
Кінәның екі негізгі нысаны бар: қасақана және абайсыздық.
Қасақана — бұл кінәның бір нысаны, адам өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті
зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе
және осы зардаптардың болуын тілесе (тікелей қасақана) немесе осындай
зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол берсе не бұған
немқұрайды қараса (жанама қасақана). Мысалы, тонау, яғни бөтен мүлікті ашық
ұрлау қасақана жасалған қылмыс деп танылады ҚР Қылмыстық кодексі, 178-бап.
Абайсыздық — кінәның екінші нысаны, адам өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе,
бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз, жеңілтектікпен болғызбау
мүмкіндігіне сенсе (менмендік, жеңілтектік немесе адам қажетті ұқыптылық
пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле
алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздгінің) қоғамдық кауіпті
зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, немқұрайдылықпен
жасалған қылмыс деп танылады. Мысалы, егер жүргізуші машинаның тормозын
қарамай жүріп кетіп, адамды басып кетсе, ол немқұрайдылық деп
есептелінеді. Ал, егер жүргізуші машинаның ағаттығын біле тұра, зиянды
зардаптарын болғызбаймын деп сенсе, онда оны жеңілтектік деп санайды.
Құқықбұзушылықтың субъектісі болып тек деликтоқабілеттілігі бар тұлға
ғана танылады. Деликтоқабілеттілік — бұл мемлекет белгілеген заң
жауапкершілігін атқара алатын қабілеттілік. Деликтоқабілеттілік заңға
сәйкес міндеттілікті еркін іс жүзіне атқара алатын және құқықтық нормаларда
тыйым салынған іс-әрекетті жасағандығы үшін заң жауапкершілігіне тартылатын
адам танылады. Сондықтан субъектілерге мынадай тиісті талаптар қойылады.
Олар занда нақтыланған жасқа жетуі тиісті. Қылмыстық жауапкершілікке қылмыс
жасаған кезде он алты жасқа толған адам, ал кейбір аса ауыр қылмыс
жасағандары үшін он төрт жастан бастап та жауапқа тартылады; әкімшілік
құқықта он алты, еңбек құқығында - еңбек шартын он алты, ал кейбір кездерде
он бес жасқа толған адамдармен, ерекше жағдайларда он төрт жасқа толған
оқушымен жасауға жол беріледі; азаматтық құқықта — он сегіз жастан немесе
он төрт жастан он сегіз жаска дейінгі кәмелетке толмағандар, тіпті он төрт
жасқа дейінгілер де өздерінің жасына лайықты қатынастарға түсе алады.
Жастан басқа да субъектілердің есі дүрыс болуы қажет, яғни ондай адамдар өз
істеріне жауап бере алатын және құқықбұзушылық жасаған кезде өз іс-
әрекеттерін басқара алатын болуы тиіс. Сондықтан сәбилер және есі дүрыс
емес адамдар жауапқа тартылмайды, өйткені, олар құқықбұзушылықтың
субъектісі болып есептелінбейді. Есі дүрыс еместік заңға сәйкес медициналық
сараптау комиссияларының қорытындылары бойынша анықталынады.
Құқықбұзушылықтың объектісі — құқықтың корғалуында болатын қоғамдық
қатынастар, оған жататындар: зиян келтірілген материалдық және материалды
емес игіліктер, мүдделер (мемлекеттік, қоғамдық, жеке). Осы игіліктер мен
мүдделер құқықбұзушылықтың тікелей объектілері болып табылады (адамның
өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, мүлкі, және т.б.)
2.2.Құқықбұзушылықтың түрлері.
Құқықбұзушылықты топқа бөлуді (классификациялау) әр түрлі негізде
жүргізуге болады: 1) қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай — қылмыс және
теріс қылық (әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, конституциялық); 2)
қоғам өмірінің саласына қарай — экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік-
тұрмыстағы, басқалардағы; 3) заң қызмет түрлеріне қарай
-құқықшығармашылықтағы, құқыққолданудағы; 4) кінә нысан-дарына қарай —
қасақана жасалған, абайсызда жасалған; 5) шаруашылық салаларына қарай —
өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, көліктегі, т.б.
Осылардың ішіндегі ең көп таралғаны — әлеуметтік қауіпсіздігіне
байланысты түрлері: қылмыс пен теріс қылық. Қылмыс — бұл қылмыстық зандарда
(кодексте) жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет
(өрекет немесе әрекетсіздік). Өзге құқықбұзушылықтың түрлеріне қарағанда
қылмыстық әрекеттердің тізімі қылмыстық зандарда дәлме-дәл (толық)
көрсетілген, оны кеңейтіп талқылауға болмайды. Әрине, қылмыс ең маңызды
қоғамдық қатынастарды қамтиды, аса көлемді зиян келтіреді. Теріс қылықтың
қоғамдық қауіптілігі — қылмысқа қарағанда өте қауіпті еместігі. Барлық
теріс қылықты мынадай түрлерге бөлуге болады: құқық салаларына қарай —
әкімшілік, азаматтық, еңбектік, т.б.
Қоғамдық қауіптіліктің дәрежесін анықтаудың белгілеріне жататындар:
1) құқықпен реттелінетін құқықбұзушылықтың объектісі болып саналатын
қоғамдық қатынастардың маңыздылығы;
2) келтірілген залалдың (зиянның) мөлшері. Егерде зиян өте көлемді,
әрі манызды болып келсе, әдетте, қылмыс деп санайды, егерде ол көлемді
болмаса, онда оны теріс қылық дейді;
3) жасалған құқыққа қарсы іс-әрекеттің тәсілдері, уақыты, жері (орны);
4) құқықбұзушылықтың кім екендігі.
Теріс қылық қылмысқа қарағанда түлғаның өзінің қоғамдық қауіптілігін
бейнелемейді.
Әкімшілік теріс қылық пен қылмыстың бірлестік байланыстылығын мынадан
көруге болады:
1) әкімшілік құқықбұзушылық қылмыстың көлеңкесі, қылмыстың
жасалынуының алды, өйткені, өзінің мәні және көлемі жағынан өте-мөте
кеңтаралған құқықбұзушылық, теріс қылықтың қылмысқа айналуы бірақ қадаммен
өлшеніледі, айталық, маскүнемдікке қарсы зандарды бұзушылықтың зардабы
қылмыспен тірелетінін біз күнделікті өмірден көріп жүрміз;
2) әкімшілік құқықбұзушылық пен қылмыс бір құрамдастық болып
келеді (мысалы, ұсақ бұзақылықтың кәнігі бұзақылыққа айналуы әп-сәтте-ақ
болады) немесе одан тыс болуы мүмкін (аңшылық оқ-дәрі қаруын дұрыс
қолданбаудың салдарынан қылмыстың жасалуы);
3) әкімшілік құкықбұзушылықтың тууы мынадай қылмыспен байланысты болуы
мүмкін (жезөкшелік - СПИД ауруын жұқтыру қаупімен);
4) әкімшілік құқықбұзушылық қылмыстық қауымдастықтың тікелей
қысымдылығынан туындап, олардың бақылауларында болуы мүмкін (сатып алушыны
алдау, салық өндіруден түскен пайданы жасыру, бақылаусыз түскен пайдалар).
Әкімшілік құқықбұзушылық (теріс қылық) — бұл жеке адамның заң бойынша
әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлы (қасақана немесе
абайсызда жасалған) іс-әрекеті не өрекетсіздгі немесе занды тұлғаның
құқыққа карсы іс әрекетіне әрекетсіздігі. Мысал ретінде ұсақ бұзақылық,
қоғамдық көлікте билетсіз тегін жүру, т.б. алсақ та жеткілікті.
Азаматтық құқықтық құқықбұзушылық (теріс қылык) азаматтық, еңбек, жер,
отбасы құкықтарымен реттелінетін мүліктік және оған байланысты мүліктік
емес жеке қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті іс-әрекет.
Мысалы, азаматтың немесе занды тұлғаның -зінің арнамысына, қадір-қасиетіне
немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды өзге адамның таратуы
(АК, 143-бап), т.б.
Тәртіптік құқықбұзушылық (теріс қылық) — бұл мекеменің, кәсіпорынның
және өзге де ұйымдардың кызметінің ішкі тәртіп ережелерін бұзуға
бағытталатын, әрі әлдебір залал келтіретін әлеуметтік қауіпті әрекет
(әрекетсіздік). Мысалы, жұмысқа дәлелсіз себептермен шықпай қалу, кешігу,
ерте кетіп қалу, т.б.; әскери тәртіпті бұзу (әскери қызметкерлердің әскери
бөлімшелерін заңсыз тастап кетуі), оқу мекемелерінің орнатылған тәртібін
бұзу (дәлелсіз себептермен оқушылардың сабақтан қол үзуі, т.с.с.).
2.3.Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері.
Құқықбұзушылық кінәлы адамның заң жауапкершілігін тудырады. Олар құқық
нормаларының санкцияларында көзделінген. Санкцияны қолданудың негізі
адамның әрекет не әрекетсіздігіндегі құқықбұзушылықтың құрамын анықтау
болып табылады (7.1.). Заң жауапкершілігі құқықбұзушыларға зандарда
көрсетілген заңсыз іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздігі) үшін санкцияны
қолдану, яғни бас бостандығынан айыру, айыппұл төлеу, мүлікті
конфискациялау, т.б.
Әдетте, кез келген құқықбұзушыларға мемлекеттің күштеу шараларын
колданса да, бірақ санкцияны қолдануға болмайды. Мысалы, есі дұрыс емес деп
танылған адамға, қоғамдық қауіпті әрекетті жасаса да сот Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолдануы мумкін (16-бап). Шынында да, бұл мемлекеттік
көндіру шарасы, бірақ заң жауапкершілігі емес, өйткені оны қолдануға негіз
жоқ, себебі — құқықбұзушылықтың субъектісі иелігінің басты белгісі —
деликтоқабілеттіліктің болуы. Сөйтіп, кұқық бұзушылықтың заңды құрамының
толық болмауы заң жауапкершілігін қолдануға кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Заң жауапкершілігінің мынадай белгілерін айтуға болады:
1) құқықбұзушыларға мемлекеттің мәжбүрлеу шараларын қолдануға сүйену;
2) кұқық нормаларын оны бұзушыларға қолданатын санкцияны іс жүзіне
асыруды білдіру;
3) мемлекет пен кұқықбұзушылардың арасында туындайтын ерекше құқық
қатынастарын белгілеу;
4) құкықбұзушылықты жасағаны үшін заң жауапкершілігінің қолданылуы;
5) зандарда көзделген белгілі бір іс жүргізу нысандарын сақтап
жауаптылықты жүктеу;
6) құқықбұзушылықты жасауына байланысты кінәлының орындамаған негізгі
міндеттерінен басқа қосымша міндеттерді атқаруды жүктеуге байланысты;
7) құкықбұзушылар үшін қолайсыз зардаптардың көрініс табуы. Олар жеке
бастың сипаты болуы мүмкін (бас бостандығынан айыру, еңбекпен түзеу
жұмыстары, сөгіс, т.б.) және мүліктік мәнді (айыппұл салу, тәркілеу,
материалдық жауапкершілік және т.с.с.).
Сөйтіп, заң жауапкершілігі дегеніміз — құқықбұзушылықты жасаған адамға
занда көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі іс жүргізу
тәртібімен қолдану.
Заң жауапкершілігі, әрине, ең маңызды болып табылса да, бірак,
мемлекеттік мәжбүрлеудін түрі дара емес. Мемлекет онымен қоса еріксіз
қамтамасыздандыру шараларын (айталық, кепіл, мүлікті пайдалануға тыйым
салу, тінту, т.б.) және қорғау шараларын пайдаланады, мысалы, тауардың
төменгі сапасын оның жақсырақ сапасына айырбастау, заңсыз жұмыстан
(кызметтен) шығарылғандарды бұрынғы қызметіне қайтадан қабылдау. Тұтастай
алғанда қорғау шаралары дегеніміз бұзылған кұқықты қалпына келтіруге және
занды міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің
еріксіз кендіру қызметі.
Заң жауапкершіліктің басты мақсаты: құқықтық тәртіпті қорғау,
азаматтарды құқықты құрметтеуге тәрбиелеу, әлеуметтік әділетсіздікті
қалпына келтіру, жаңадан құқықбұзушылықты болдыртпаудың алдын алу болып
табылады. Ол белгілі бір принциптер негізінде іске асуы тиісті. Оған
жататындар:
— заңдылық принципі (жауапкершілікті тағайындау процесі кезінде
заңдарды сақтау және орындау, құқық субъектінің жауапкершілігі тек олардың
кінәлы іс-әрекеті үшін ғана қолданылады);
— әділеттілік принципі (жазаның іс-әрекеттің мөлшерімен тең болуы
кінәлы деп танылған адамға заңдардың тиісті бабында белгіленген шекте және
жауапкершілік жүктейтін ережелері ескеріліп отырып, әділ жазаның
тағайындалуы. Ол үшін жаза тағайындау кезінде жағымсыз іс-әрекеттің сипаты
мен қоғамдық қауіпті дәрежесі, кінәлының жеке басы, сонымен бірге
құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлыққа
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ
тағайындаған жазаның айыптының түзелуіне және оның отбасының немесе
асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына тигізетін ықпалы ескерілуі
тиіс);
—мақсатқа сәйкес (орындылық) принипі (құкықбұзушыға қолданылатын
шаралардың ықпалының заң жауапкершілігіне сәйкестігі. Бұл принциптің
мәнісі мынада: құқықбұзушылық жасаған әрі кінәлы деп танылған адамның
жазадан толық не ішінара босатылуы немесе жауаптылығы мен жазасы
жеңілдетілуі мүмкін, егерде ол келтірілген мүліктік залал мен моральдық
зиянның орнын өз еркімен толтырса, не зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-
әрекеттерді жасаса, шын жүректен өкініп, айыбын мойындап келсе, сейтіп,
өзінің іс-әрекетімен түзелгендігін білдіртсе, онда оны жазалау орынды
болмас еді);
— ізгілік принципі (құқықбұзушыға адамгершілікпен қарау, яғни
кінәлының жеке басының, отбасы мүшелерінің немесе өзге де ауыр мән-жайлар
тоғысуына байланысты (денсаулықтарының ауыр хәлге душар болуы, отбасындағы
бақытсыздық, т.б.) жауапкершіліктің тағайындалуын тоқатату не одан мүлдем
босату адамгершіліктің белгісі):
— заң жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы (әрбір құқықбұзушылық
міндетті түрде жауапкершілікті тудыруы тиісті. Ол дегеніміз әрбір кінәлы
адамның жауапсыз қалмайтындығы. Бұл принциптің іске асуы, әрине,
кұқыққорғау органының дәйекті қызметімен және жазаны қолдануға тиісті
лауазымды адамның іскерлігіне, білімділігіне, өз қызметін жетік біліп,
үнемі дайындықта болуына, ұқыптылығына байланысты. Құқықбұзушылықты
елемеген, оған енжарлық көрсеткен, оған дер кезінде тиісті баға бермеген
құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің кесірінен кінәлы адамдар жауапқа
тар-тылмай қалады, өйткені іс қозғалмай басылып қалады, қозғалса аяқталмай
қалатын кездері де болып тұрады. Бұл женсіздік іле-шала құқықбұзушылықтың
қайталануына, тіпті қылмыс жасалуына да өз ықпалдарын тигізуде. Сөйтіп,
заңсыздықтың, құқықтық тәртіптің бұзылуының бірден-бір қадамы өрби
түсетініне әкеліп соқтыратыны сөзсіз);
— жылдамдылық принпипі (құқықбұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік
дер кезінде, өз уақытында қолданылуы тиісті).
2.4. Заң жауапкершілігінің түрлері.
Заң жауапкершілігінің түрлеріне келетін болсақ, ол құқықсалаларына
қарай — конситуциялық, қылмыстық-құқыттық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-
құқықтық, тәртіптік, жұмысшылар мен қызметшілердің материалдық
жауапкершілігі; жүктелуінің тәртібіне қарай — соттылық тәртібі, әкімшілік
тәртібі; жауаптылықты жүктейтін органдарға қарай — заң (екілді)
органдарының, басқару органдарының, атқарушы органдарының жауаптылықты
жүктеуі болып бөлінеді.
Заң жауапкершілігінің түрлері құқықбұзушылықтың түрлерімен пара-пар.
Қылмыстық жауапкершілік тек қылмыс жасағаны үшін қолданылады, яғни,
қылмыстық құқық нормаларында тыйым салынған қоғамға өте қауіпті іс-әрекет
(не әрекетсіздік), оның негізгі қайнар көзі — ҚР Қылмыстық кодексі.
Сондықтан қылмыстық жауапкершілік заң жауапкершілігінің ішіндегі ең қатаң
түрі болып танылады. Жоғарыда айтылып кеткендей, заң бойынша қылмыстық
жазаны қолдануға әкеліп соқтырады. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа
адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады.
Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат
етпейді.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға негізгі жаза мынадай:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) төртіптік әскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Бұдан басқа сотталғандарға мынадай қосымша жазалар:
— арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
— мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Бірақ, айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалаудың негізгі де, қосымша да
түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық жазаны тағайындауды жалғыз мемлекеттік орган — сот атқарады,
өйткені ол өзінің айыптау үкімінде қылмыстық жазаның мөлшерін анықтайды.
Әкімшілік жауапкершілік — әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін
қолданылатын шаралардан (мысалы, айыппұл салу, арнаулы құқықтан айыру —
жүргізушілік құқығынан, аң аулау құқығынан, т.б.) басталады. Әкімшілік
жауапкершіліктің ерекшелігі — мұнда лауазымды адам ғана шараларды қолдана
алады, ал кұқықбұзушы ондай адамдармен қызметтік бағыныста болмайды
(мысалы, жүргізуші жолда жүру ережесін бұзса, онда оған МАИ инспекторы
тиісті әкімшілік жазаның бірін қолдануға хақылы (мысалы, айыппұл салу,
т.с.с.). Әкімшілік кұқықтың бірден-бір қайнар көзі — Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі болып табылады.
Азаматтық жауапкершілік — шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны
үшін және азаматтық заңдарда сәйкес мүліктік зиян келтіргені үшін
қолданылатын шаралардың бірі. Бұл жауапкершіліктің түрі құқықты қалпына
келтіру санкциясын жиі қолдану негізінде мүліктік нұксанды өтеуді көздейді.
Заңдарда мүнымен қоса кінәлы адамға міндеттемелік шарттарды орындамағаны
үшін айып төлеу (айыппұл, өсім) шарасын колдануы көзделуі мүмкін. Айып
төлеу дегеніміз — борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше
орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте
несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша
сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім). (АК, 293-бап). Айып төлеу мөлшері нақты
ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме
сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді (АК, 296-бап). Мысалы, пәтер
иесінің пәтерақысын телеу мерзімдерін бұзған кездегі айып төлеуі.
Төртіптік жауапкершілік— бұл еңбек шартын бұзғаны үшін, яғни
қызметкердің кінәсінен оған жүктелген еңбек мінеттерінің орндалмағаны
немесе тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс берушінің төртіптік жазаларды
қолдануы. Ондайларға жататындар: ескерту, сөгіс, кейбір жағдайларда жеке
еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу (ҚР-дағы Еңбек туралы
Заңы, 94-бап).
Материалдық жауапкершілік — жұмысшылардың, қызметшілердің өздерінің
еңбек міндеттерін орындаған кезде мекемеге келтірілген зиянды (залалды)
өтеуі.
2.5.Заң жауапкершілігі ұғымы мен мазмұны.
Заң жауапкершілігі ұғымының мазмұны толық болуы үшін одан босатылатын
және жауапқа тартылуға тиіс емес мән-жайларды еске түсіруіміз қажет.
Жауапқа тартылуды болдыртпайтын мән-жайлардың ішінде мыналар
көрсетілген:
1) занда көрсетілген жауаптылық басталатын жас шамасына толмағандар
(194-бетті қараңыз);
2) есі дұрыс еместік, яғни өзінің іс-әрекетінің (әрекет не
әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен коғамдық қауіптілігін ұғына
алмаған немесе оған ие бола алмаған адамдар;
3) қажетті қорғану, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке
басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқада құқықтарын,
қоғамның немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті
қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл
орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса;
4) аса қажеттілік— Қылмыстық кодексте қорғалатын мүдделерге аса қажет
болған жағдайларда зиян келтіру, яғни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz