Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқық ұғымы мен белгілері
1.2 Құқықтың нысаны түсінігі

2 ҚҰҚЫҚ НЫСАНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Нормативтік құқықтық актілер сатысы
2.2 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі және түрлері
2.3 Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері. Құқықтық норманың құрылымы.
2.4 Нормативтік құқықтық актілердің уақытқа, кеңістіктегі, субъектілерге
байланысты (қамту өрісіндегі) күші

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

"Құқық" терминінің көптеген мәні бар ол заң ғылымында, күнделікті
өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан,
әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны
сөзсіз.
Заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, "құқық" - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың
заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі, Мысалы, азаматтардың еңбек
ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану
құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген
жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалар) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру
мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық
мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын
тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық
қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі
жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім
алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу
орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заң негізде мүлікке ие болуға
хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін
пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған:
"Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс" (6-бап).
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген
құқық тұлғасының заңды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық
тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу
нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті
орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы қүқық жеке
нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы
Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық
актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конетитуциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4-бап).
Үшіншіден, "құқық" термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық,
әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық
құқық, қаржылық құқық т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық
құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға
байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі
қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі
жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың
өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі
болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың
мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну
қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп,
оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік
орнатылған болып есептеледі Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда,
мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып,
біртекті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы
әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ұғымда кең орын алып келді. Маркстік ілім
құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді.
Бұл ілім бойынша құқық - үстем алатың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап,
мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы
барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып
саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады
Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге
тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл
иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені
белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы
мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін
болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап,
жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық
азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау
керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай
жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың
қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа
артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық
әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін
қанағаттандыруға бағытталған.
1 ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқық ұғымы мен белгілері

Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама
беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) — жалпыға бірдей міндетті,
мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталан құқықтық норма, ережелердің
жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.
Жүйелілік. Құқық - бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір
бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты
әлеуметтік талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи
құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған
құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Рсспубликасының
Конституциясында былай деп жазылған: "Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ (15-бап). Құқықтық жүйенің
екінші бөлігі - мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы.
Құқықтың жүйенің үшінші бөлігі - субъективтіқ (тұлғалар) құқықтар. Осы
айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын
түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге
құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе,
адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық
қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және
мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның
әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің тануы, қорғауы,
қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық
қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез-
құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз
іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері
қажет. Сондықтан құқықтың нормалары - тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-
құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай
дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы
(Қазақстан Республикасының Конституциясының, 19-бап). Тұлғалардың мінез-
құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды кажетті арнаға
бағыттап, жолға салады. реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады,
бассыздықтан қорғайды.
Формальдық анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол
құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын
заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды, ол
- ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын
болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының
тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды.
Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні
болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын
анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құқықтың енді бір белгісі - мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет
құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе,
олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның
органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай
жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде
азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда
көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген
нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы
көтеретін ақыға беріледі (25-бап). Егер азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар
құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына
келтіріледі.
Құқықтың тағы бір белгісі — адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-
бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен халық заңдарды өзі тікелей
қабылдай алады. Мұндай жағдайды заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған
мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы.
Конституция - құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстаңда қалыптасып
келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге
асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет
органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады.
Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің
шеңберіне нормативті актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативті
жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан
құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар
тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана
қорғамайды. Ол — халық үшін қызмет істейді.
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады,
көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін
қажетті. Мемлекет, құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре
алмайды (саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін
құралы ретінде көрінеді). Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады
кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын
тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқық тарихи жағынан, таптық құбылыс ретінде пайда болды және
экономикалық үстем таптың еркін және мүддесін қорғады.
Егер ғұрып адамдардың сезімінде, тәртібінде ұсталса, құқық нормалары
көпшілікке белгілі жазбаша дайындағаннан басталды.
Құқық ғұрыпқа қарағанда күрделілеу реттеуші, себебі, онда тиым
салудан басқа рұқсат беру және міндеттеу құқық жолдары пайдаланылады, соның
негізінде қоғамдық қатынастарды әртүрлі деңгейде тәртіпке келтіруге
мүмкіндік туады. Құқықтың пайда болуы - қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың
қиындауының қайшылықтың артуының нәтижесі, алғашқы қауымдық нормалардың
оларды реттеуге мүмкіндіктері аз болды.
Құқықтық нормалар көп жағдайда үш негізгі жолдармен құрылды:
1) Мононормалардың (алғашқы әдет-ғұрыптардың) әлеуметтік нормаларға
айналуы, соған байланысты оларға мемлекетпен рұқсат беріліп бекітілуі;
2) Мемлекеттің құқықтық шығармашылығы арқылы заңды нормалары бар
арнайы құжаттар жасалуы — нормативті актылар (заңдар, қаулылар т.с.с.).
3) Прецеденттік құқық, соттардың нақты шешімдерінен тұрады
(соттардың және әкімшілік органдарының қабылдаған шешімдері, сондай істерді
шешуге үлгі ретінде қабылдануы).
Құқықтың нысанына (шығуына), құқықтық нормалардың көріністерін
бекіту жолдары жатады. "Құқықтың шығу жолдары" заңды нормалардың сыртқы
көрініс нысандарын белілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
Құқықтың қайнар көздеріне, заң нормалары бекітілетін арнайы
мемлекеттік құжаттар жатады. Мысалға, заң президенттің қаулысы, үкіметтің
қаулысы, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың шешімі. Көрсетілген
актыларда белгілі мемлекет органдарынан шыққан тәртіптілікті сақтау ережесі
кіреді. Бұл ережелер құқықтық нормаларға бекіп, жалпыға бірдей маңыздылыққа
ие болады.
Құқықтың негізгі нысандарына (қайнар көздеріне) мыналар жатады:
құқықтық әдет-ғұрып, заңды прецедент (сот практикасы), нормативті-құқықтық
акт.
Құқықтық ғұрыптар. Құқықтық ғұрып дегеніміз, мемлекетпен рұқсат
етілген тәртіп ережесі, ол ертеден қалыптасып ұзақ жылдар бойы қайталанған
адамдардың өзгермейтін қарым-қатынастары, сонысына байланысты тұрақты норма
ретінде бекітілген. Мемлекеттің рұқсат беретін барлық әдептерге бірдей емес
тек, өзінің мүдделеріне сай ғұрыптар болған. Рұқсат берілген ғұрыптар
жалпыға бірдей міндетті сипаттағы тәртіп жолдары. Ертедегі құқықтық
ғұрыптарға құл иеленуші құқықтың XII таблиц заңы (Ертедегі Рим V ғ. б.д.э.)
Драконша заңы, (Афинь VII ғ. б.э.д.) және басқалар жатады.

1.2 Құқықтың нысандары түсінігі

Құқық негізі жөнінде әңгімелескенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда
болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы
әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық
шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында
қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола
тұрса да "құқық негіздері дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін,
ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін
қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот
прецеденттері (үлгілер), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық
актілер.
Құқықтық әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын
реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін
әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық
қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның ескі жолы
(XVI ғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ
қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін
дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді
қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырдың билер
съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті
актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден
қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып
отырған.
Құқық прецеденті - жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты
шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде
негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі - Англия. Қазіргі заманда
құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың
негізгі қайнар көзі болып табылады. Құқықтың келісім-шарт екі немесе көп
жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен
қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда
құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілер - құқықтың ең басты қайнар көзі негізі
ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) - мемлекеттік органдар ресми түрде
қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік
актілер арқылы қалыптасуда, Құқықтық нәр алатын бастауы - Қазақстан
Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар
және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен —
конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан
кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшыларды
республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай
заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын
мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған
жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз
өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша
Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады.
Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар
шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер
бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.

2 ҚҰҚЫҚ НЫСАНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Нормативтік құқықтық актілер сатысы

Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға
өзгертулер мен толықтыруларды Парламент енгізеді Мысалы, 1998 жылы 7
қазанда Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президентіне оның бастамасы бойынша әр
Палата депутаттары жалпы санынын үштен екісінің дауысымен бір жылдан
аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы. Республика
Президентінің заңдар жобаларын қорғаудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ
осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар Парламент Президент
енгізген заң жобасын бір ай ішінде қарауға тиісті. Егер Парламент осы
талапты орындамаса, онда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы.
Мұндай Жарлық Конституция белгілеген тәртіппен Парламент жаңа заң
қабылдағанға дейін қолданылады. [1, 3-б].
Нормативтік актілер жүйесінде президенттік биліктің актілері ерекше
орын алады. Олар заңға негізделген актілер қатарына жатады және принципінде
орындау-атқару сипатында болуы тиіс. Заң тұрғысынан алып қарағанда төтенше
немесе соғыс жағдайларында ғана, онда да Конституцияның негізінде
президенттің актілері күшімен заңдардың қолданылуы тоқтатыла тұруы немесе
дәлдей түсу мақсатында заңдарға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Ведомстволық актілер мен жергілікті органдар актілеріне қарағанда
басым болып келетін Заң негізінде қабылданған нормативтік актілерге
Үкіметтің қаулылары мен өкімдері жатады. Олардың құрамында бастапқы
нормалардың болуы жиі кездеседі. Солай бола тұрса да, олар орындау-атқару
актілері болуы жөн.
Жекелеген ведомстволардың заң негізінде өздерінін жасаған
нормативтік актілері сол ведомство ішіндегі қатынастарды реттейді.
Дегенмен, орталық ведомстволардың ішінара, кейбіріне, мысалы, темір жол
қатынасы, ішкі істер министрліктеріне қатаң түрде шектеулі салаларда
сыртқары әсері мен ықпалы бар актілер шығаруға құқықтар беріледі. Кейде
заңмен кереғар болып келетін нормативтік актілердің қабылдануы да өмірде
орын алып қалуы кездесіп отырады. Оларда тіпті азаматтардың құқығы мен
мүдделеріне нұқсан келтірген жағдайлар кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайларда
ахуалды жөндеу Конституциялық әділсот (правосудие) қабылдаған актілердің
көмегімен түзетіледі.
Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және
заңға негізделген актілер деп бөлінеді.
Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акті, мұны заң
шығарушы ең жоғарғы орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды.
Бұлардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен)
анықталады:
1. Заңды мемлекеттік биліктің (яғни өкіметтің) заң қабылдаушы
(өкілді) органдары немесе тікелей халыңтың өзі бүкілхалықтың сұрау салу
(референдум) арқылы қабылдайды, заңның күші жойылады және өзгертіледі.
2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тәртібі бойынша қабылданады.
3. Тәуелді нормативтік құқықтың актілердің бәрі заңдарға қайшы
болмауы тиіс, егер де ондай қайшылықтар болса, бұл актінің орнына одан
тікелей жоғары тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады.
4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа
актілер заңдардан туындайды және олар заңдардағы нормаларды егжей-тегжейлі
талдауы, нақтылауы тиіс.
5. Заң ең маңызды негізге алынатын қатынастарды реттейді.
Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.
Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың
негіздерін баянды етеді, ағымдық заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.
Бұларға Конституция, оған енетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-
ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтың
актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардың заңдық тұғыры болып
табылады.
Конституциялық заңдардың тізімі толық түрде Конституцияда
анықталған.
Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялың заңдардың негізінде және
соларды орындау мақсатында қабылданады. Ағымдық заңдар елдің экономикалық,
саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер -мемлекеттің атқарушы
- орындаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар
заңдарды орындау мақсатында қабылданады.
Заңға негізделген актілерге жататындар:
- Президенттің жарлықтары;
- Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
- Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер
жиынтығы (қағидалар), бұйрықтар және т.б. түріндегі нормативтік актілері;
- Жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;
- Жергілікті нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен
мекемелердің актілері.
Қазақстан Республикасында нормативтік құқықтық актілердің негізгі
түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар
жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік
құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палатарының
нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Констатуциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының
және Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының нормативтік
қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық
мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық
мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері;
Нормативтік құқықтық актілер сатысы.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің
заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:
[2, 13-б].
1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан
Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасының кодекстері, заңдары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
5) Қазақстан Республикасы Парламентінін нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
7) Министрлердің нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік комитеттердің
нормативтік қаулылары; өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік
бұйрықтары, қаулылары;
8) Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері

2.2 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі және түрлері

Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің мақсаты құқықтық
материалдарды тәртіпке келтіріп, оларды белгілі бір бөлімдер мен тарауларға
орналастыру, яғни саралау болып табылады. Қажет болған нормативтік
актілерді іздестіріп табу ісін жеңілдету үшін бұлай етіп орналастыру
ыңғайлы және ол заңдылық талаптарын орындау шарты қызметін атқарады. Бұл
аспект бұрынғысына қарағанда осы іс нормативтік актілерді сырттай жүйеге
келтіру, құқықтық нормаларды терең ішкі мазмұндары бойынша бірыңғай
мазмұндас етіп орналастыру болып есептеледі. Және ол құқықтағы кездесіп
қалуы мүмкін кемшіліктерді, қарама-қайшылықтарды болдырмау жолын қарастыру
болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілерді бір жүйеге келтіруге заң шығарушылар,
құқық қолданушылар және барлық азаматтар да мұқтаж.
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтірудің қазіргі уақытта үш
түрі белгілі. Олар инкорпорация, кодификация және консолидация. Нормативтік-
құқықтық актілерді бұлайша бөлу құқықтық материалдарды тәртіпке келтіру
үдерістерінін түрліше болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Әкімшілік- құқықтық нормалар мен қатынастар
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және оның белгілері
Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы
Құқық нормасының түсінігі
Құқық пен мемлекеттің арақатынасы
Құқық жəне діни нормалар
Пәндер