Құқықтық қатынастардың түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі, айрықша белгілері мен түрлері
1.2 Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары

ІІ ҚҰҚЫҚ НЫСАНДАРЫ
2.1 Құқықты жүзеге асырудың ұғымы және әдістері
2.2 Құқықты қолданудың белгілері (нышандары)
2.3 Құқық қолданудың негізгі сатылары

ІІІ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОЛЫҚТЫРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
3.1 Заң коллизиясы және құқық нормаларының бәсекелестігі
3.2 Құқықтық нормаларды іске асырудың ерекшеліктері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСІПЕ

Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі
қатынастар. Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән.
1) Құқықтық қатынас – бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда,
адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен
тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына қақысы бар, бірақ бұл
құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады.
2) Құқықтық қатынас тек қанаадамның мінез-құлқына құқықтық норма
әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында
ажырамас байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген
құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да
қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған
жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға
қолданылады.
3) Құқықтық қатынас – субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы
пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы
соны пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген міндетті
орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста қақысы бар тұлға және міндеті бар
тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы.
4) Құқықтық қатынас - ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу
үшін қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін
тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар
тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады (қылмыстың іс заң
қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады).
5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың
талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты
қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы
құқық тәртібінің негізі болып саналады.
Құқықтық қатынастардың түрлері:
1. Реттейтін құқықтық қатынастар – субъектілердің заңға сәйкес мінез-
құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде қалыптасқан және соған
сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін
құрайды. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтық жүйе-
саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық,
қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.
2. Қорғайтын құқықтық қатынастар – субъектілердің заңсыз әрекетінің
салдарынан пайда болады. Оның мақсаты – қоғамдың тәртіпті қорғау, кінәліні
жазалау, сөйтіп әділдік орнату. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай
қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар
қатынастарды реттеп-басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-
қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық
иесі) болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады. Мысалы,
бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады. Құқықтық қатынастар
мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде
құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты
түрдегі қатынастар занды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы,
сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.
4. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар
белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді. Құқықтық қатынастардың
субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және
салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы
субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады.
Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі
құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке
қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі
қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

1.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі, айрықша белгілері мен түрлері

Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз – субъектілердің арасындағы
ерекше құқықтық байланыс. Осы байланыстың нәтижесінде тараптардың өзара
субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері пайда болады. Осы байланысты
мемлекет қамтамасыз етеді.

Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы
реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде
қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс
орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар
арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші – қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен
міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының
міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру
үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе
субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің
қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға
тиіс.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі
және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы
реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс,
прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық
байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма
әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас – бұл субъективтік құқықтар мен
занды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар
арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды
қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де
жақсартуға мүмкіншілік жасайды.

1.2 Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте
және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар.
Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық
және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас
объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық
қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік
қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс
процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың
жиынтығы. Өндірістік қатынас – қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам
материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі
байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен
қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын
алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең
маңыздылары – саяси, құқықтық, моралдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар.
Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланыста реттелген
бұлжымас бірізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі
бірізділікті табу, оның ең басты, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың
өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі.
Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы
қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір
сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір
сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге
бөлінеді. Қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген
қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Қоғамда қанаушылық бірте-бірте
азаяды. Антогонистік мемлекет либеральды-демократиялық мемлекетке айналады.
XX ғ. аяғында дамыған капиталистік елдер осы бағытқа көшті.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшіл ігі әлеуметтік нормалар арқылы
реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік
билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп,
басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең
күрделі түрлері топтасып мемлекет пен құқықтық ең жауапты қызметіне
айналады.
Сонымен құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы,
қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа
себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс.
Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп,
жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың
бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы
қоғамдағы қарым-қатынастар-дың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде
дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның
экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан,
адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта
отырып кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моралдық, экономикалық,
әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс – қатынастар
моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы
қатынастарының көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Сонымен, қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен
реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын
қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты
құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас.

ІІ ҚҰҚЫҚ НЫСАНДАРЫ
2.1 Құқықты жүзеге асырудың ұғымы және әдістері

Заң шығару, құқық нормаларын қабылдау қоғамдық қатынастарды
реттеудің тек басы ғана. Сол қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерді іс
жүзіне асыру, қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу, нормаларға қозғалыс, жан
беру ең күрделі мәселелердің бірі. Іс жүзіне асырылмаған құқық нормалар тек
ғана жақсы тілек ретіңде қалып қояды, жансыз нәрсе ретінде қабылданды.
Құқық нормалары қабылданғаннан кейін мемлекеттік аппараттың барлық буындары
оларды іс жүзіне асыруға белсенді қызмет атқарулары тиіс, құқық жасаушы
органдардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі алдына қойған мақсаттары
орындалуы тиіс. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асыру құқық
нормаларының функцияларының формасы, олардың қоғамдық қатынастарды
реттеудегі қызметі. Егер қабылданған құқықтық нормалар іс жүзіне асырылып
жатса, онда олардың әрекеті және күші бар деген мағынаны білдіреді. Ал,
қоғамдық қатынастарды реттеуде әрекетсіздік танытып жатса қағаз жүзінде
қалып қояды. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асырудың мәні өте зор.
Құқық нормаларын іс жүзіне асыру деп құқық субъектілерінің құқық
нормаларының талаптарымен келісіп, құқыққа сай мінез-құлықтың қалыптасуы,
адамдардың өздеріне жүктелген субъективтік құқықтары мен құқықтық
міндеттерін іс жүзіне асырудағы қызметтерін айтады.
Теорияда құқық нормаларын іс жүзіне асырудың негізінде төрт әдісі
бар: сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.
Құқық нормаларын сақтау индивидтердің, субъектілердің мемлекет
қабылдаған барлық нормативтік құқықтық кесімдерді саналы түрде сақтау. Адам
өз тарапынан тыйым салатын және міндеттейтін құқықтық нормаларды сақтаулары
тиіс. Сондай жағдайда ғана құқық нормалары іс жүзіне асады, құқық
бұзушылыққа жол берілмейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының
34-бабы:
1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын
сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-
намысын құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті
- деген норманы бекітеді.
Бұл конституциялық норма аталмыш талаптарды сақтауға міндеттейді.
Немесе, міндеттейтін нормаларды іс жүзіне асыру үшін субъект өз тарапынан,
саналы түрде белсенділік танытуы тиіс. Мысалы, Азаматтық кодекстің 337-бабы
Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда
жасалуға тиіс. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен
куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша
нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеп
соқтырады. Белсенділік танытпай кепілпұлды жазбаша жасалмаса, құқық
нормасының талаптары сақталмаған болып табылады, берілген ақша
қайтарылмайды.
Орындау арқылы құқық нормалары субъектінің белсенділігімен іс жүзіне
асырылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 451-бабы орындау мәселесіне байланысты мынандай норманы
бекітеді: Үкім орындалғанға дейін іс бойынша төрағалық етуші немесе сот
төрағасы қамауда ұсталып отырған сотталушының еріне (зайыбына), жақын
туыстарына олардың өтініші бойынша сотталушымен жүздесу және телефон арқылы
сөйлееу мүмкіндігін беруге міндетті. Судья заң талаптарына сәйкес белсенді
әрекет таныту арқылы сотталушының туыстарымен, бала-шағаларымен жүздесуіне
барлық мүмкіндіктерді жасауы тиіс. Сонда ғана аталмыш құқықтық норма іс
жүзіне асырылады, орындалады. Немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексінің 647-нормасының 3-тармағы мынандай
талаптарды орындауды міндеттейді: Жасаулы әкімшілік қамауға әкеліп соғатын
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа материалдары
алынған күні, ал әкімшілік ұстауға ұшыраған адам жөнінде — ол ұсталған
кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей қаралады. Бұл жерде судья
істің қаралу мерзімін қатаң орындауға бағыттауы тиіс, барлық қимыл-әрекетін
норманы орындауы тиіс. Бапта көрсетілген міндеттерін орындалмаса, шағым
бойынша жауапқа тартылады.
Сонымен қатар орындау арқылы жоғарғы органдардың төменгі сатыда
тұрған органдарға берген нұсқаулары іс жүзіне асырылады. Құқықты іс жүзіне
асырудың келесі әдістердің бірі – пайдалану. Пайдалану субъекттер заң,
құқық нормалары бекіткен құқықтарын іс жүзіне асыру арқылы мақсаттарына
жетеді, бұзылған немесе қол сұғылған игіліктерін қалпына келтіреді. Мысалы,
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 260-бабы: Меншік иесі өзгеден
заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Бұл жерде меншік иесі өзінің
меншікке деген иемдену, пайдалану билеу құқын пайдалану арқылы меншікті
даулап алуға құқы бар. Немесе, Қазақстан Республикасы Конституциясының 57-
нормасының 6-тармағы Парламенттің әр Палатасы, дербес, басқа Палатаның
қатысуынсыз... депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы
бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі
есептерін тындауға және Үкімет мүшесі Республика зандарын орындамаған
жағдайда Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік
даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне жүгінуге
хақылы, егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда
депутаттар Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік
даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін
Республика Президентінің алдында Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы
мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайларда Республика Президенті
Үкімет мүшесін қызметтен босатады.
Пайдалану құқық нормаларын іс жүзіне асырудың әдісі ретінде оның
субъектілеріне мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар да жатады.
Құқық нормаларын іс жүзіне асыруының төртінші әдісіне құқық
нормаларын қолдану жатады. Адам құқық нормаларын өзіне-өзі қолдана алмайды.
Құқықты қолдану мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға берілген
құзыр. Сондықтан құқық нормаларын қолдану оларды іс жүзіне асырудың тәсілі
болып саналады. Тәжірибеде құқық қолдану мынандай ерекшеліктерге ие:
1. Құқық қолдану әрқашанда арнайы өкілеттілікке ие болған
мемлекеттік органдардың (сот, прокуратура, полиция, әділет және т.б.)
біліктілік қызметтері және функциялары арқылы іс жүзіне асырылады.
2. Құқық қолдану арқылы мемлекет субъектілердің құқық нормаларын
сақтауға, орындауға міндеттейді, бұзылған, қол сұғылған құқықтар мен
игіліктер қалпына келтіріледі.
3. Мемлекет құқық қолдану барысында тек ғана заңға бағынуы тиіс. Заң
бұрмаланып қолданылған құқықтық нормалар адам құқықтарын аяққа таптауға
және бассыздық пен заңсыздыққа әкеп соқтырады. Мысалы, құқық қолдану
барысында қамауға алу, айыпкерге жасаған әрекетіне қатысы жоқ құқық
нормасын телу, әділетсіз үкім шығару және т.б. әрекеттер. Сондықтан құқық
қолдану құзырына ие болған мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың
саяси аппараттың қызметі жеке адамдардың қызметіне, беделіне негізделуге
тиіс. Беделсіз жеке адамның мемлекеттік билік жүргізу құқы жоқ...мемлекетті
басқару арнайы кәсіби дайындықтан өткен, сауатты, беделі мол жеке адамдарға
берілуі ең негізгі талап... Мемлекетті басқару аппаратты міндеттерін
мүлтіксіз атқару үшін сол жүйенің лауазымды адамдары ең алдымен
мемлекеттік, ұлттық мүддеге кіршіксіз таза көңілмен қызмет етуге тиіс. Жеке
бастың пайдасын ойлау, лауазымды мемлекеттік қызметті қара бастың қамына
пайдалану — халыққа, мемлекеттік құрылымға қарсы жасалған және заң алдында
жауапқа тартылуға тиісті зиянкестік.
Құқықты қолдану – құзырлы органдардың нақты жағдайда құқық
нормаларын жүзеге асыру жөніндегі биліктік-ұйымдастырушылық қызметі. Мұның
нәтижесінде дербес құқықтық акт (құқық қолдану актісі) қабылданады.
Құқықты қолдану арқылы мемлекет өз қызметінде екі функцияны жүзеге
асырады:
а) құқықтық нормалар ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастыру, дербес
актілер арқылы позитивтік (оңтайлы) реттеуді жүргізу;
б) құқықты бұзудан сақтау және оны қорғау.
Осыған сәйкес құқықты қолданудың екі нысаны: жедел атқару және құқық
қорғауға жататын түрлері болады.

2.2 Құқықты қолданудың белгілері (нышандары)

Құқықты қолданудың белгілері:
1. Мемлекет пен қоғамдың ұйымдардың ұйымдастырушылық-биліктік
қызметі. Мұның өзі болмыстың ахуалдардың шешімін табуда қолданылатын
айрықша амалдармен байланысты, сондықтан да білімділікті, дағдылардың
қалыптасуын талап етеді. Осыларды ескеріп мемлекет соншама қызметтерді
жүзеге асыру үшін арнайы субъектілерге билік өкілеттіктерін тиісінше
береді. Бұлар – мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар.
Азаматтар құқықты қолдану субъектілері болып табылмайды, өйткені
мемлекет оларға бұл қызметтерді атқаруға өкілеттік бермеген.
2. Құқықты қолдану нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге
асырылады.
3. Қызметтің жүзеге асырылуы ерекше түрде белгіленген іс жүргізу
заңдары бойынша атқарылады.
4. Құқықты қолдану нәтижесінде дербес құқықтық акт – құқық қолдану
актісі қабылданады (жасалады).
Құқықты қолданудың мынадай сатылары болады:
а) істің нақты жағдайларын аныңтау;
б) істің заңдың негізін аныңтау. Бұған құқық нормасын таңдап алу,
оның түпнұсқаға сәйкестігін тексеру, құқық нормасын түсіндіру жатады;
в) іс бойынша шешім қабылдау.
Құқық қолдану актісі – құзырлы органның нақты заңдық іс бойынша
қабылдаған ресми түрдегі шешімі. Құқық қолдану актілері көптүрлі болып
келеді.

2.3 Құқық қолданудың негізгі сатылары

Құқық қолдану құқық нормаларын іс жүзіне асырудың ең маңызды
тәсілдерінің бірі. Құқық қолдану күрделі процесс ретінде бірнеше сатылардан
тұрады және оларға қойылатын талаптар өте зор. Құқық қолданудың бірнеше
сатылардан өтуінің негізгі мақсаты істі, оқиғаны жан-жақты, терең мағанада
ұғыну, зерттеу және сол арқылы қателіктер мен әділетсіздікке жол бермеу
болып табылады. Құқық қолдану мынандай сатылардан тұрады.
Бірінші сатысы — қаралатын істі жан-жақты зерттеу, танып білу. Бұл
сатыда құқық қолданатын орган болған жағдайларды дәлелдер мен айғақтардың
қорытындыларын зерттей келе жағдайлардың, болған оқиғалардың шынайы
көрінісін жасау болып табылады. Мысалы тергеуші прокурор, судья шағым,
қозғалған іс бойынша болған істің мән-жайларын толыққанды дәрежеде зерттеп,
материалдарды, алынған ақпараттарды салыстырмалы мағынада пайдалану
барысында ақиқатты анықтайды. Бұл сатыда құқық қолданатын органдар мынадай
мәселерге назар аударады:
1. Қаралып отырған іс сол органның құқықтық құзырына жата ма, әлде
жатпай ма?
2. Істі зерттеу барысында лауазымды тұлға, мемлекеттік органдар тек
зандылық шеңберінде өз қызметтерін атқарулары тиіс. Занды бұрмалау арқылы
алынған айғақтар мен информациялар заңсыз деп танылуы тиіс.
3. Жан-жақты зерттеу құқық қолданатын лауазымды тұлғаға өте
жауаптылықты жүктейді. Үстірт біржақты, немесе бұрмалаушылық таныту арқылы
қарау мемлекеттік органның халық алдында беделін түсіруге тікелей жол
ашады, заңсыздық пен бассыздыққа әкеліп соқтырады.
4. Жасалған қорытындылар міндетті түрде дәлелдер негізінде
нақтыланулары тиіс.
5. Қаралып отырған іс бойынша адам құқықтары қатаң сақталуы тиіс.
Екінші сатысы — қаралып отырған іске, оқиғаға, сол қатынастарды
реттейтін, қорғайтын құқық нормасын табу және жасалған әрекеттің
квалификациясын дәлме-дәл беру. Бұл саты ең күрделі және құқық қолданатын
лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардан асқан жауапкершілікті және
білім-ділікті талап ететін сәт болып табылады. Мысалы, судья қылмыстық,
немесе азаматтық істі қарау барысында субъектінің жасаған әрекеттерін
реттейтін, немесе сол әрекеттің қандай құқық нормаларындағы диспозицияларға
дәлме-дәл сай келетінін мұқият зерттеп, баға беру арқылы квалификациясын
жасайды, яғни құқық қолданады.
Үшінші саты — құқық қолдану кесімін шығару. Кесім мемлекеттік
органдар мен лауазымды тұлғалардың мәртебелері мен құқықтықжағдайларына
байланысты жарлық, өкім, шешім, бұйрық, үкім болуы мүмкін. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Президенті он бала туған ананы Алтын алқа
орденімен марапаттау туралы Жарлық шығарады, немесе жұмыста қыдырымпаздық
жасаған субъектке сөгіс, қатаң сөгіс, тіпті жұмыстан, қызметтен шығару
туралы бұйрық шығарады, судья қылмыс жасаған адамға үкім шығарады. Аталмыш
мысалдардың бәрі құқық қолдану кесімдері болып табылады.
Құқық қолданудың төртінші сатысы - кесімдерді іс жүзіне асыру, яғни
олардың нақтылы мерзімде орындалуын қамтамасыз ету. Егер құқық қолдану
кесімі іс жүзіне аспаса, орындалмаса бүкіл құқық қолдану процесінің қызметі
зая кетеді, тек тілек ретінде қағаз жүзінде қалып қояды. Мысалы, судьяның
шығарған үкімі, немесе қабылдаған шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс.
Сотталған адам түрмеде жазасын өтейді, алимент кесу туралы шығарылған
судьяның шешімі мұқтаж болған балаға әкесінен, не шешесінен ақы берілуі
тиіс.
Заң әдебиетінде құқық қолдану кесімдері негізінде екі түрге
бөлінеді. Біріншісі — реттейтін және екіншісі құқық қорғайтын. Реттейтін
құқық қолдану кесімдері өмірдің барлық салаларын қамтиды және кең, ауқымды
салалар мен қатынастарға әсер етеді. Атап айтқанда экономика, әлеуметтік,
саяси, қатынастарды реттеу, дамыту сияқты мәселерге байланысты қолданылады.
Мысалы, аудандық әкім Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде
арнайы бір аудан аумағын экологиялық зардаптардан сақтау туралы шешім
шығарады. Бұл құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастың құрылымы
Құқықтық қатынастардың объектісі
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Құқықтық қатынастардың субъектілері. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Құқықтық қатынастарының ұғымы, олардың белгілері
Құқықтық қатынастар
Құқықтық қатынастардың субъектілері
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ
Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері
Пәндер