ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ - ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АУЫР НЫСАНЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ

1. 1 Құқықтың мәні мен құндылығы

1. 2 Құқықтың негізгі белгілері

1. 3 Құқықтың жүйесі

1. 4 Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері

ІІ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ - ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АУЫР НЫСАНЫ

2. 1 Құқықты жүзеге асырудың ұғымы және әдістері

2. 2 Құқықты қолданудың белгілері (нышандары)

2. 3 Құқық қолданудың негізгі сатылары

ІІІ ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОЛЫҚТЫРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:

Құқықтық білімді игеру барысында оқу орнынында құқықтық білім алушы маман мемлекет және құқық мәселелерін жаңаша осы заман талаптары тұрғысынан түсінеді. Жалпы мемлекет туралы ұғым мемлекет және құқық теориясы пәнінде оқытылады. Заң ғылымында мемлекет пен құқық абстрактілі санат, категория ретінде зерттеліп, оқытылады.

Мемлекетті пен құқықты зерттеу барысында мемлекеттегі нақты белгілі бір тарихи кезеңде болған құбылыстар деп қарастырмай керісінше, оларды жалпы сипаттары бойынша тарихи дамудағы өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастыру зерттеу нысаны ретінде алынып отырған тақырыптың өзекітілігі болып табылады.

Мақсаты мен міндеті:

Тақырыптың мазмұның ашып көрсеу үшін зерттеу жұмысына осы заманғы мемлекеттіліктің дамыған нысандарын зерттеудегі бағыт-бағдарларды ашып көрсетуді, олардың мағынасы мен мәнін теориялық көзқарастар тұрғысынан түсіндіруді мақсат етіп алдым.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Құқықты жүзеге асыру нысандары және оның элементтері туралы алғашқы шығармалар ежелгі грек философтарының пайымдауларынан бастап қалыптаса бастаған. Оған: Сократ, Платон, Аристотель еңбектеріндегі идеялар мен Гегель, Кант еңбектеріндегі мемлекеттіліктің философиялық негізделуі жайлы шығармаларын айтуға болады. Сондай - ақ К, Маркстың, Л. И. Петражцкийдің, Вашингтоның, Де Голльдың мемлекет ұғымына, оның нысанына көп көңіл бөліп еңбектер жазғанын атап өтуге болады.

Курстық жұмысының теориялық тұрғыдан мәнділігі мынада жатыр

Осы берілген тақырыпты, әртүрлі тұрғы жағынан қарастырды. Оған түрлі көзқарастар, көптеген ғалымдар мен саясатшылардың көзқарастары мен тәжірибелері де қолданылды.

Курстық жұмысымның тақырыбы «Құқық қолдану - құқықты жүзеге асырудың ауыр нысаны» болып табылады. Бұл тақырыпта негізінен құқықты жүзеге асырудың нысаны мен құқықты қолданумен байланысы қарастырылған.

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қайталап өтейік, - құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:

- қоғамның әкімшілік-территориясында тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет болды;

- қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;

- ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Міне, бұл күрес-қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.

Қоғамның объективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы дамытып, қарым-қатынастарды тағы басқа құбылыстарды реттеу жұмыстары басталып, қоғамның жақсы дамуына жағдай жасалды.

Енді құқықтың түсінігіне және мазмұнына келсек, оның сан қырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан, оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырды. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік, - деді. Орта ғасырдың ғалымдары - құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо - құқық қоғамдық билік - деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.

Біздің қоғамымызда құқықтық нормалардың ролі қазіргі кезде айрықша деп айтуға болады. Себебі, бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатыьастарды реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып табылады. Жалпы құқықтық нормалар адамзат қоғамы үшін айрықша орны мен мәні бap, ең бір жарқын құбылыс деп айтуға болады.

Негізінен теориялық тұрғыдан алғанда, құқықтың ұғымы мен мәні туралы және құқықтық нормалар туралы ғылыми зерттеулер аз болған жоқ соған қарамастан бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ деп айтқан болар едім. Сол себептен де, меніңше құқықтық нормалардың ұғымы мен мәні туралы тағы бір теориялық талдау жасап кетудің ешбір артықшылығы бола қоймас деп білемін.

Жалпы құқықты нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықты нормалар қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.

Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз алдымызға елестету мүлдем мүмкін емес, себебі осы күнгі өркениетті қоғам үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің бірден бір басты құралына айналған деп айтқан болар едім.

І ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ

1. 1 Құқықтың мәні мен құндылығы

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі - адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс бірақ жеткіліксіз.

Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т. б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық-қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К. Маркс "Гота программасына сын" деген еңбегінде: "Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуымен жоғары бола алмақ емес"! -деді.

Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әртүрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым-қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар: әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық т. б. Мемлекетке қажетті қоғамдық тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.

Біз, жоғарыда құқықтың түсінігін және мазмұнын нормативистік тұрғыдан қарастырып келдік. Бұл құқықтың түсінігінің, мазмұнының негізгі бағыты. Өмір тәжірибесінде біраз ғалымдар құқықтың мазмұнын кеңейтілген түрде зерттеп, түсінігін сол көлемде береді. Олардың қосымша зерттеген мәселелері: құқықтық қатынас, құқықтық сана, субъективтік құқық, құқықты қолдану, құқықты бұзушылық және жауапкершілік.

Міне, осы мәселелердің бәрін олар құқықтың мазмұнына жатқызады. Біздіңше бұл дұрыс пікір. Өйткені осы қатынастардың бәрі де құқықтық нормалармен реттеліп, шешімін тауып жатады. Екінші олардың кеңірек зерттеген мәселесі - құқық пен заңның, бостандық пен құқықтың арақатынасы және айырмашылығы. Құқықтық норма мәселені абстрактік түрде қарастырып іс-әрекетті кеңірек қамтиды, ал заң нақты түрде бір немесе бірнеше мәселені қамтиды. Адамдардың бостандығы мен құқықтарын бөліп қарауға болмайды - деп түсіндіреді. Бұл пікір де дұрыс, бірақ ғылыми зерттеуде оларды жеке бөліп қарастырған жөн - анализ, синтез әдісімен зерттелсе, қорытынды тұжырым дұрыс болады.

Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі - қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді - заңды көзқарас деп айтады. Екіншісі - бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп айтады. Нигилизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.

Заңды көзқарас көне дәуірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан-жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қорытынды тұжырымдар жасалды. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, ХІХ-ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.

Қоғамның объективтік тарихи даму процесі құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Заңды нигилизм пікірін қазір ешкім қолдамайды.

Құқық - философиялық категория. Сондықтан, оның мазмұнын, өмірге келуін, дамуын түсінуде әртүрлі пікірлер бар. Бірақ, құқықтық нормаларды пайдалануда сол арқылы қарым-қатынастарды реттеуде, мүдде-мақсаттарды іске асыруда, орындауда адамдардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетінде, жұмысында ғажап бірлестік бар. Мұның себебі адамдардың, ұйымдардың іс-әрекетінің, жұмыстарының құқық арқылы басталуы, құқық арқылы дамуы, құқық арқылы орындалуы. Құқықтың мазмұнын түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым-қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың күнделігі қоғамдық масштабта барлық кұбылыстардың шешуші негізі болуында. Бұл ғылыми қорытынды пікірді барлық мемлекеттердің және адам қоғамының миллиондаған жылдар тарихы толық дәлелдеп отыр.

Заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық" - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі, Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.

Субъективтік (тұлғалар) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заң негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап) .

Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4-бап) .

Үшіншіден, "құқық" термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық т. б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Төртіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.

1. 2 Құқықтың негізгі белгілері

Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.

Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.

Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, біртекті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ұғымда кең орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем алатын саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.

Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.

Құқықтың үш "алтын" тірегі бар: имандылық, өмірдің материалдық жағдайлары және мемлекет. "Құқық" түсінігі имандылыққа, әдептілікке негізделеді. Құқық имандылық негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш. Әрине, имандылықтың талаптары заң емес, тек ізгілікке, адамгершілікке өнегелікке негізделеді. Оның қағидаларын орындататын ұйымдастырылған күш жоқ. Имандылық тек арға, ұятқа арқа сүйейді, жүртшылықтың пікіріне негізделеді. Ал құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтық нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, солғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады. Имандылық әділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылық, ұрлық, тағы сондай теріс қылықтарды айыптайды. Бірақ ондай қылықтар үшін жаза қолдануға қажетті құрал жоқ. Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың пікірі. Құқық та теріс қылықтарға тыйым салады. Тек тыйым салып қана қоймайды, кінәлі адамдарды жазалау шараларын да белгілейді, сол шараларды қолданатын мемлекет органдарының күшіне сүйенеді. Сөйтіп, құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді, соның нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Имандылықтың талаптары жалпылама түрде болады, олардың анықтамасы, дәл түсінігі жоқ. Айталық, ұры, зорлықшыл, өсекші адамды жаман адам деп айыптайды. Ал құқық мұндай адамдардың іс-әрекетіне мейлінше дәл, бұлтартпайтын анықтама беріп, тиісті құқықтық норманың мазмұнына жатқызады.

Құқықтың тағы бір тірегі - адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың шаруашылығы. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндіріс тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай туғызу керек. Бұл тек мемлекеттің қолынан келетін іс. Мемлекеттің өндіріске, шаруашылыққа әсер ету дәрежесі қоғамда қалыптасқан меншік түрлеріне байланысты. Қазір Қазақстанда меншіктің екі түрі бар: мемлекеттік меншік және жеке меншік. Мемлекет өз меншігін тек қана реттеп қоймайды, сонымен қатар оны дамыту үшін басқарады. Ал жеке меншікке негізделген өндірісті меншік иесі заңда белгіленген тәртіпке сүйене отырып, өзі басқарады. Демек, мемлекет екі меншікке негізделген өндірістің дамуын реттеу үшін құқықтың мүмкіндігін пайдаланады. Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді. Осы айтылғандардан байқалатыны - құқық қалыптасуының екі кезі, яғни бастауы бар екен. Құқық нормаларын жасауға халық тікелей қатысады. Бірақ халық тек маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу қажет болғанда, басқа жолмен оларды шешуге болмайтын жағдайда ғана заңдарды тікелей қабылдайды. Демек, халық заңды ерекше жағдайда қабылдайды. Әдетте, заңдарды, басқа да нормативтік актілерді тиісті мемлекет органдары жасайды. Сондықтан құқық нормаларының басым көпшілігін мемлекет шығарады. Мемлекеттің қызметі құқық нормаларын қалыптастырумен аяқталмайды, қайта оның қызметі сол құқық нормалары заңда белгіленіп іске қосылған кезден басталады деуге болады. Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды жүзеге асыру үшін, талаптарын орындату мақсатында мемлекет түрлі әдістер қолданып алуан қызметтер атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолданады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің ырқына негізделіп, жүзеге асырылады.

Құқықтың негізгі белгілері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қолдану белгілері
Республикасының қылмыстық саясатын ізгілендіру бағыттары
Қазақстан Республикасындағы өлім жазасы: құқықтық, саяси және ұйымдық ерекшеліктер
Құқықтың шығу теориялары
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Құқық нормаларын сақтау
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Шешімді жүзеге асыру
Құқықтық нормаларды іске асыру нысандары
Құқықтық қатынас - ерікті қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz