Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

І. Кіріспе бөлім

  1. Құқық ұғымы мен белгілері
  2. Құқықтың қайнар көздері

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері

А) Құқықтың жүйесі

Ә) Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері

Б) Құқықтық нормаларға түсіндірме беру ұғымы мен түрлері

2. 2. Құқықтық жүйе және заң шығарушылық жүйе

А) Мемлекеттің биліктің ұғымы және Қазақстан Республикасында оны ұйымдастырудың қағидаттары

2. 3. Құқық салалары

А) Құқық салаларының жалпы сипаттамасы

Ә) Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы

Б) Мемлекеттік қаржылар мен қаржылық жүйелер

В) Еңбек құқығының пәні мен әдістері

Г) Азаматтық құқық туралы ұғым

Д) Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері

Ж) Экология құқығының ұғымы

З) Қылмыстық құқықтың ұғымы

К) Қылмыстық іс жүргізу ұғымы

Л) Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы

М) Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқық ұғымы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе бөлім

1. 1. ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Құқық ұғымы мен белгілері. "Құқық" терминінің көптеген мәні бар ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.

Заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық" - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі, Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.

Субъективтік (тұлғалар) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заң негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап) .

Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы қүқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конетитуциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4-бап) .

Үшіншіден, "құқық" термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық т. б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Төртіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.

Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.

Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.

Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, біртекті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ұғымда кең орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем алатың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.

Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталан құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.

Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.

Жүйелілік. Құқық - бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Рсспубликасының Конституциясында былай деп жазылған: "Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ (15-бап) . Құқықтық жүйенің екінші бөлігі - мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтың жүйенің үшінші бөлігі - субъективтіқ (тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.

Нормативтік сипаты құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары - тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясының, 19-бап) . Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды кажетті арнаға бағыттап, жолға салады. реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.

Формальдық анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды, ол - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.

Құқықтың енді бір белгісі - мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі (25-бап) . Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.

Құқықтың тағы бір белгісі - адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап) . Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайды заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы. Конституция - құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстаңда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің шеңберіне нормативті актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол - халық үшін қызмет істейді.

І. 2. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

Құқық негізі жөнінде әңгімелескенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.

Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да "құқық негіздері дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.

Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.

Құқықтық әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін әдет-ғұрыптар.

Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.

Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ. ), "Есім ханның ескі жолы (XVI ғ. ), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ. ) . Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырдың билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған.

Құқық прецеденті - жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі - Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Құқықтың келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.

Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Нормативтік-құқықтық актілер - құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады.

Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) - мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда, Құқықтық нәр алатын бастауы - Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен - конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшыларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ. 1. А. ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕСІ

Жүйе деп әртүрлі байланыстармен және өзара қатынастарымен біріккен жеке элементтерден тұратын кеделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі.

Элемент - бұл күрделі тұтастықтың құрамды бөлігі. Демек, жүйе ішкі» құрылысты, құрылымды, байланысты, бөлшекке даралап белгілейді. Сонымен бірге жүйе белгілі бір заңдар немесе принциптер бойынша реттелген жеке элементтерден тұратын біртұтас құрылым болып табылады. Құқық теориясында жүйедей реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипатымен айқындалатын тарихи қалыптасқан, ақиқат бар құқықтың ішкі құрылымы түсініледі.

Құқықтың жүйесі оның ішкі бірлігін білдіреді, ол қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесімен байланысты. Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау - құқық нормасы болып табылады. Құқық нормаларының көбінің бір тұтасқа бірігуі, олардың арасындағы өзара іс-қимылы оның жеке бөлшектеріне тән емес жаңа сапа туғызады.

Жүйелер туралы жалпы теория идеяларын құқық жүйесін сипаттағанда толығынан қолдануға болады, оның аса маңызды белгілері: біріншіден, құқық нормаларының тұтастығы, бірлігі; екіншіден, құқықтың жүйелілігі болып табылады. Соңғыны құқық жүйесінің сыртқы қасиеті ретінде айыруға болады. Оның ең басты сапасы - қайшылығы жоқтығы, үйлесімсіз ережелердің болмауы.

Құқық нормалары бірімен бірі өзара байланысты, өзара келісімді болуы керек, құқық тек жалпы экономикалық жағдайға ғана сәйкес, жәй ғана оның көрінісі болып қоймай, қайта ішкі қайшылықтарына байланысты өзін-өзі жоққа шығармайтын ішкі үйлесімінің көрінісі болуға тиіс.

Әрбір жүйе екі негізгі бөліктің, біріншіден, құрылымды - қандай да болмасын бірыңғай тым жалпы бір тұтастықтың (процестің, құбылыстың) шеңберінде біршама дербес элементтердің жекеленуі мен "жиынтығының" және, екіншіден, құрылым элементтерінің өзара қатынасы болуын көздейді.

Құрылым дегеніміз элементтердің тұрақты бірлігің, қатынастардың реттелінгендігін, тұрақтылығын білдіретін элементтер байланысының заңы; ол құбылыстың жүйе ретінде тұтастығын, бірлігін сақтауды қамтамасыз етеді, оның негізгі қаңқасын құрайды. Сонымен бірге элементтердің бірлігі олардың өзара бір-бірімен келіскен әрекеттестікте болуын көздейді, бұл жүйенің өмір сүруінің амалы болып табылады. Өзара әрекеттестіктің арқасында әрбір элемент бүкіл жүйеге тән өзгеше сапаға ие болады. Оның жүйеден тысқары өмір сүруі мүмкін емес.

Құқық жүйелі құбылыс ретінде нақ осы ерекшелігіне толығырақ тоқталайық, құқық жүйесі құрылысының негізі мен принциптерін қарастырайық. Құқықты жеке бөліктерге бөлудің негізіне материалдық белгі - құқықтық реттеудің негізіне жататын қоғамдық қатынастардың сипаты алынады. Құқық жүйесін жеке бөліктерге болу қандай да болсын нормалаудың қоғамдық қатынастардың қай саласын реттейтіндігіне байланысты, яғни құқық жүйесінде салаларды бөлудің белгісі құқықтық реттеудің тақырыбы болып табылады.

Құқық жүйесінде салаларды бөлудің қосымша белгісіне құқықтық реттеудің әдісі жатады, ол дегеніміз заңдық тәсілдер мен амалдардың жиынтығы, солардың көмегімен сапасы жағынан біртектес, жекеленген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Оны құқықтың салаларын бөлудің заңдық белгісі деп айтады.

Құқықтық реттеу тақырыбы бойынша ерекшеленетін құқық жүйесінің жеке бөліктері құқық салалары деп аталады, олар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде түсініледі.

Егер нормативтік нұсқама (құқық нормасы) құқықтың бастапқы элементі, негізгі клеткасы, тұтас құқықтық материя болатын болса, онда құқықтық институт құқық саласының негізгі элементі, саланың бастапқы, дербес құрылымдық бөлшегі болып табылады, онда құқықтық нормалар өздерінің заңдық мазмұны бойынша топтастырылады. Заңдық нормалар саланы тікелей емес, құқықтық институттар арқылы құрады. Құқықтық институт - бұл біртектес қоғамдық қатынастардың дербес түрін реттейтін құқық саласының бөлігі.

ІІ. 2. Ә. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ, АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.

Олар:

1) Құқықтық қатынас - бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады;

2) Адамның мінез-құлқына құқықтық пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұл тартпас байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады;

3) Құқықтық қатынас - бұл субьективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықта қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға болады: адам , ұйым, мемлекеттік орган;

4) Құқықтық қатынас - ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет (мүліктік қатынастар) . Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады) ;

5) Құқықты қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып мемлекет құқықтық қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Заңды тұлғалар төлейтін салықтардың түрлері
Мемлекет пен құқық теория негізі
Банктік операциялардың түрлері
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқық жүйесі
Салық құқығының түсінігі және оның пәні. Салық құқығының жүйесі, қайнар көздері
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Құқықтың түрлері
Құқықтық жүйе ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz