Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ҚҰҚЫҚТЫҢ түсінігі және оның ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
1.1 Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы 6
1.2 Құқықтың пайда болу ерекшеліктері 6
1.3 Құқықтың қайнар көздері 7
1.4 Мемлекет және құқықтың пайда болуының объективтік 9
заңдылықтары
27
2 Құқықтың белгілері және мазмұны
2.1 Құқықтың мәні мен құндылығы 32
2.2 Құқықтың негізгі белгілері 32
2.3 Құқықтың жүйесі 35
2.4 Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері 38

3 Құқық салалары 40
3.1 Құқық салаларының жалпы сипаттамасы
3.2 Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы 42
3.3 Мемлекеттік қаржылар мен қаржылық жүйелер 42
3.4 Еңбек құқығының пәні мен әдістері 44
3.5 Азаматтық құқық туралы ұғым 49
3.6 Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері 50
3.7 Экология құқығының ұғымы 53
3.8 Қылмыстық құқықтың ұғымы 58
3.9 Қылмыстық іс жүргізу ұғымы 63
3.10 Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы 64
3.11 Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқық ұғымы 64
65
ҚОРЫТЫНДЫ 66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69

Қосымша 1 72
Қосымша 2
Қосымша 3 74
Қосымша 4 75
76
77

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:
Құқықтық білімді игеру барысында оқу орнынында құқықтық білім алушы
маман мемлекет және құқық мәселелерін жаңаша осы заман талаптары тұрғысынан
түсінеді. Жалпы мемлекет туралы ұғым мемлекет және құқық теориясы пәнінде
оқытылады. Заң ғылымында мемлекет пен құқық абстрактілі санат, категория
ретінде зерттеліп, оқытылады.
Мемлекетті пен құқықты зерттеу барысында мемлекеттегі нақты белгілі
бір тарихи кезеңде болған құбылыстар деп қарастырмай керісінше, оларды
жалпы сипаттары бойынша тарихи дамудағы өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып,
қарастыру зерттеу нысаны ретінде алынып отырған тақырыптың өзекітілігі
болып табылады.
Мақсаты мен міндеті:
Тақырыптың мазмұның ашып көрсеу үшін зерттеу жұмысына осы заманғы
мемлекеттіліктің дамыған нысандарын зерттеудегі бағыт-бағдарларды ашып
көрсетуді, олардың мағынасы мен мәнін теориялық көзқарастар тұрғысынан
түсіндіруді мақсат етіп алдым.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Мемлекеттің ұғымы, құқықтың нысандары және оның элементтері туралы
алғашқы шығармалар ежелгі грек философтарының пайымдауларынан бастап
қалыптаса бастаған. Оған: Сократ, Платон, Аристотель еңбектеріндегі идеялар
мен Гегель, Кант еңбектеріндегі мемлекеттіліктің философиялық негізделуі
жайлы шығармаларын айтуға болады. Сондай – ақ К.Маркстың,
Л.И.Петражцкийдің, Вашингтонның, Де Голльдың мемлекет ұғымына, оның
нысанына көп көңіл бөліп еңбектер жазғанын атап өтуге болады.
Дипломдық жұмысының теориялық тұрғыдан мәнділігі мынада жатыр
Осы берілген тақырыпты, әртүрлі тұрғы жағынан қарастырды. Оған түрлі
көзқарастар, көптеген ғалымдар мен саясатшылардың көзқарастары мен
тәжірибелері де қолданылды.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы Құқықтың түсініні, белгілері және
мазмұны болып табылады. Бұл тақырыпта негізінен мемлекеттің пайда болуымен
оның ұғымынын қалыптасу тарихы мен оның құқықтың пайда болуымен байланысы
қарастырылған.
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге
өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік
даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне
сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл
жерде қайталап өтейік, - құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің,
қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы,
жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы,
қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге
келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:
- қоғамның әкімшілік-территориясында тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет
болды;
- қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар
басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;
- ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы
қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Міне, бұл күрес-
қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.
Қоғамның объективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін
құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы дамытып, қарым-қатынастарды тағы басқа
құбылыстарды реттеу жұмыстары басталып, қоғамның жақсы дамуына жағдай
жасалды.
Енді құқықтың түсінігіне және мазмұнына келсек, оның сан қырлы
түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге
диалектикалық даму процесінде болғандықтан, оның мазмұны санқырлы бағытта
дамып, байып отырды. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын
анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты
саяси шындық, әділеттік, - деді. Орта ғасырдың ғалымдары - құқық діни
норма, Ж.Ж. Руссо - құқық қоғамдық билік - деп түсіндірді. Осы пікірлердің
бәрі дұрыс.

1 ҚҰҚЫҚТЫҢ түсінігі және оның ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

1.1 Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы

Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады, көп
жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті.
Мемлекет, құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды
(саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы
ретінде көрінеді). Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады кепілдік
береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын
тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқық тарихи жағынан, таптық құбылыс ретінде пайда болды және
экономикалық үстем таптың еркін және мүддесін қорғады.
Егер ғұрып адамдардың сезімінде, тәртібінде ұсталса, құқық нормалары
көпшілікке белгілі жазбаша дайындағаннан басталды.
Құқық ғұрыпқа қарағанда күрделілеу реттеуші, себебі, онда тиым салудан
басқа рұқсат беру және міндеттеу құқық жолдары пайдаланылады, соның
негізінде қоғамдық қатынастарды әртүрлі деңгейде тәртіпке келтіруге
мүмкіндік туады. Құқықтың пайда болуы - қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың
қиындауының қайшылықтың артуының нәтижесі, алғашқы қауымдық нормалардың
оларды реттеуге мүмкіндіктері аз болды.
Құқықтық нормалар көп жағдайда үш негізгі жолдармен құрылды:
1) Мононормалардың (алғашқы әдет-ғұрыптардың) әлеуметтік нормаларға
айналуы, соған байланысты оларға мемлекетпен рұқсат беріліп бекітілуі;
2) Мемлекеттің құқықтық шығармашылығы арқылы заңды нормалары бар
арнайы құжаттар жасалуы — нормативті актылар (заңдар, қаулылар т.с.с.).
3) Прецеденттік құқық, соттардың нақты шешімдерінен тұрады (соттардың
және әкімшілік органдарының қабылдаған шешімдері, сондай істерді шешуге
үлгі ретінде қабылдануы).
Құқықтың нысанына (шығуына), құқықтық нормалардың көріністерін бекіту
жолдары жатады. "Құқықтың шығу жолдары" заңды нормалардың сыртқы көрініс
нысандарын белілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
Құқықтың қайнар көздеріне, заң нормалары бекітілетін арнайы
мемлекеттік құжаттар жатады. Мысалға, заң президенттің қаулысы, үкіметтің
қаулысы, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың шешімі. Көрсетілген
актыларда белгілі мемлекет органдарынан шыққан тәртіптілікті сақтау ережесі
кіреді. Бұл ережелер құқықтық нормаларға бекіп, жалпыға бірдей маңыздылыққа
ие болады.
Құқықтың негізгі нысандарына (қайнар көздеріне) мыналар жатады:
құқықтық әдет-ғұрып, заңды прецедент (сот практикасы), нормативті-құқықтық
акт.
Құқықтық ғұрыптар. Құқықтық ғұрып дегеніміз, мемлекетпен рұқсат
етілген тәртіп ережесі, ол ертеден қалыптасып ұзақ жылдар бойы қайталанған
адамдардың өзгермейтін қарым-қатынастары, сонысына байланысты тұрақты норма
ретінде бекітілген. Мемлекеттің рұқсат беретін барлық әдептерге бірдей емес
тек, өзінің мүдделеріне сай ғұрыптар болған. Рұқсат берілген ғұрыптар
жалпыға бірдей міндетті сипаттағы тәртіп жолдары. Ертедегі құқықтық
ғұрыптарға құл иеленуші құқықтың XII таблиц заңы (Ертедегі Рим V ғ. б.д.э.)
Драконша заңы, (Афинь VII ғ. б.э.д.) және басқалар жатады.

1.2 Құқықтың пайда болу ерекшеліктері

Заң ғылымдарының құқықтық ғұрыптарға көзқарасы бір жақтыға жатпайды.
Біреулері, құқықтың пайда болуындағы шығатын жерлерін есептеп ғұрыптарға ең
жоғарғы баға береді. Себебі, заң шығарушы және сот органдары өздерінің
құқыққа шығармашылықпен қарағанда, сол қоғамда қалыптасқан көзқарастарды
және ғұрыптарды басшылыққа алады. Ғұрыптардың ролін жоғары бағалу,
социологиялық және ерекше тарихи құқық мектебіне тән, себебі, олар құқықты
халық сапасының нәтижесі ретінде көреді.
Заңды позитивизм, керісінше ғұрыпты құқықтың шығу көзі ретінде
ескіргендікке жатқызады және қазіргі өмірге сай ешқандай маңызды қызметі
жоқтығын айтады. Заңды позитивизм өкілдері құқықтың ең басты пайда болу
көзіне заңды жатқызады, себебі ол өзінің реттеуімен қоғам өмірінің негізгі
ортасын қамтиды.
2. Заңды прецендент (сот тәжірибесі) - Қазіргі дүниеде көп тараған
құқықтың шығу көздерінің бірі. Заңды прецендент дегеніміз, соттың және
әкімшілік органдарының заңды бір істі қараған шешімі, ол іске, мемлекет
жалпы міндеттілік маңыз береді. Ол соттық және әкімшілік прецедент болып
екіге бөлінеді. Заң прецендентіне бұрышы болған мемлекеттік органдардың
(соттық не әкімшілік) белгілі жұмыс бойынша шығарған шешімдері құқықтық
нормалардың күшіне ие болып, одан кейінгі сондай істерге қолданылатын
болады. Прецеденттік құқық формалары Англияда және АҚШ-та кеңінен
пайдаланылады.
Прецеденттің пайда болған, туған жері Англия болып есептеледі. Жалпы
құқықтар онда корольдердің соттарымен жасалған және негізінен, құқық сот
тәжірибесінің нәтижесі. Ағылшын соттары кәзіргі кезде тек құқықты қолданып
қоймайды, құқық нормаларын құрастырады. Англияда мынандай жолдар қалыптасты
және прецедентті қолданудың шегі белгіленді:
а) Лорд Палатасының шығарған шешімі, өзінің және барлық соттардың
орындауына міндетті;
б) Апелляциялық соттың шешімі Лорд Палатасына, басқа барлық соттарға
міндетті;
в) Жоғарғы соттың шешімдері төменгі соттарға міндетті. АҚШ-та
прецедентті құқықтың шығу көзі ретіндегі қатынасы қарапайым, мұнда сот
тәжірибесін өзгертуге мүмкіндік бар.
Революцияға дейінгі орыстың құқық теориясы, заң нормаларының сот
тәжірибесімен толықтырылуын қолдаған, бірақ ондай пікірлер көпшілікпен
қолданбады. Сот тәжірибесіне құқықтың шығу көзі ретіндегі қатынасын былай
деп көрсетті: Қоғам өмірінде заңмен қаралмаған әртүрлі кездейсоқ жағдайлар
болады, сот сондай жағдайларды процессте қарағанда шығармашылық роль
атқарып, барлық казустарды шешуге тиісті және жаңа казустармен кездеседі,
сонда олар үшін еріксіз жаңа нормалар құрастыратын болады. Ол сондай
жағдайларды шешуге дәл келетін заңдарды іздейді. Яғни, "заңның аналогиясын"
пайдаланады.
Еліміздің заң ғылымы кейінгі кездерде, сот тәжірибесін толық түрдегі
құқықтың шыққан көзіне жатқызбайды. Құқықты қолдануда объективті
тәжірибенің негізінде, соттардың жаңа нормаларды қосуға және жөндеуіне
болмайды. Себебі, ол тек қызметтік ролінде, заңды нормаларды қолдану
процесінде талқылайды, анықтайды.
2. Нормативті-құқықтық актылар - бұл құқықтық шығармашылық, онда құқық
нормалары бар. Құқықтың шығу көздерінің ішінде нормативтік-құқықтық акт ең
алдыңғы орын алады. Ол өзіне, жалпыға бірдей мемлекетпен құрылатын
қорғалатын ереже тәртібін жинайды. Ондай актыларға конституция, басқа
заңдар, атқарушы органдардың нормативті шешімдері жатады. Басқаларға
қарағанда, нормативті актылар толық және жедел түрде қоғамның өзгермелі
қажеттілігінің дамуын, құқықтық реттеудің тиімділігін көрсетеді, қажетті
біркелкілікті қамтамасыз етеді.
Құқық және дін. Адам баласы қоғамының белгілі даму кездерінің
тарихында діни (каноникалық) құқық белгілі роль атқарғанын білеміз, әсіресе
ондай жағдайлар дінді мемлекеттік институт ретінде санайтын елдерде болды.
Орта ғасыр кезеңі де, соған ұқсас мысалдарға толы болды. Шіркеу
заңдылықтарына отбасы, неке, заттар туралы және қылмыстық-құқықтық
қатынастарды шешу жатқан.
Қазіргі кезде, құқықтың шығу көздеріне жататын араб елдеріндегі көп
тараған мұсылмандардың діни көзқарастары. Мұсылман құқығы, басқа көптеген
құқық жүйесінен өзгеше. Олар ислам дінінің бір жағын құрайды. Бұл діннің
негіздері, біріншіден, мұсылман неге сенетіні туралы догмаларын белгілейді
және анықтайды, екіншіден, сенушілерге алдын-ала не істейтіндерін, нені
істеуге болмайтындығын үйретеді. Былайша айтқанда "шар" не "шариғат"
(аударсақ "жүретін жол"), мұсылман құқығы болып аталады. Ол құқық мұсылман
дініне сенушілерге, өзін дінге сай қалай ұстайтындығын көрсетеді.
Мұсылман құқығының негізіндегі шығатын төрт жерін айтуымыз қажет:
1) қасиетті кітап Құран;
2) Сунна - әдет-ғұрыптар жинағы;
3) Қияс – мұсылмандардың өміріндегі құбылыстар жөнінде салыстырмалы
әңгімелер.

1.3 Құқықтың қайнар көздері

Құқық негізі жөнінде әңгімелескенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда
болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы
әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық
шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында
қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола
тұрса да "құқық негіздері дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін,
ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін
қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот
прецеденттері (үлгілер), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық
актілер.
Құқықтық әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын
реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін
әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың
негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның ескі жолы
(XVI ғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ
қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін
дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді
қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырдың билер
съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті
актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден
қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып
отырған.
Құқық прецеденті - жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты
шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде
негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі - Англия. Қазіргі заманда
құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың
негізгі қайнар көзі болып табылады. Құқықтың келісім-шарт екі немесе көп
жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен
қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда
құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілер - құқықтың ең басты қайнар көзі негізі
ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) - мемлекеттік органдар ресми түрде
қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік
актілер арқылы қалыптасуда, Құқықтық нәр алатын бастауы - Қазақстан
Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар
және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен —
конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан
кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшыларды
республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай
заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын
мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған
жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз
өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша
Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады.
Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар
шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер
бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.
Заң дегеніміз, ең жоғары нормативтік күші бар акті. Қазақстан
Республикасының Конституциясы бойынша Парламент — заң шығару қызметін
жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары органы.
Заң термині әдебиетте екі мағынада қолданылады — кең және тар
мағынасында.
Кең тұрғыдан алсақ, заңға нормативтік актілердін барлық түрлері:
нақты заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар,
ережелер, жарғылар т.б. жатқызылады.
Ал, тар тұрғыдан қарайтын болсақ, заңда тек қана заң, деп аталатын
нормативтік-құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ,
нормативті құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет
атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсақ, заң — төрағасы сияқты,
басқа нормативтік – құқықтық актілердің төрінен орын алатын акт. Оның
себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын органы —
Парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі қатынастарды
реттеуге бағытталады. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың бүкіл қоғамның
мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, занның ең жоғары құқықтық күші бар
Заңдар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: Конституция,
конституциялық заң, жай заң. Мұны ішінде ең жоғары құқықтық күші бары —
Конституция. Мемлекеттегі барлық нормативті актілер Конституция негізінде,
соған сәйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы бойынша
конституциялық заң Конституциядан құқықтық күші жағынан төмен тұрады.
Сондықтан конституциялық заң деп аталса да, Конституцияға өзгерістер,
қосымшалар енгізе алмайды. Конституциялык заң Конституцияға сәйкес жасалып,
қабылданады. Құқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң
тұрады.
Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған заңдар ең манызды
нормативті актілер болып саналады. Басқа нормативті актілер заңдарға
тәуелді актілер қатарына жатады
Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы,
айрықша қызмет атқаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға мүмкіндік
береді.
Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды деген тұжырым — заңнан
құқықты ажыратудың қажет екенінін белгісі. Құқықты қалыптастыратын қоғам.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық
қалыптасуының объективтік барысын формалды заң шығару қызметімен
шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы — қоғамдық қатынастардың өздігінен
шынайы қалыптасып, адамдардың және олардың бірлестіктерінің байланыстары
әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен; белгілі көлемде жүріп отыруына
байланысты. Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық — құқық қалыптасуының негізгі
принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың алғы шарты, оның
тиімді болуының негізі — құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғұрлым
құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса,
соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға
негіз бар. Біріншіден, құқықтық заң қоғамдық қатынастарды жөнге салып,
реттеуге, дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті,
адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп,
халықтық сипатқа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың
арақатынасын дұрыс анықтаудың зор адамгершілік маңызы бар. Сонымен қатар
бұл мәселенің практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық
талаптарына сай келуі оның сапасын көтереді. Демек, бұл жағдайды заң
шығаратын орган ескеруі қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға
өзгертулер мен толықтыруларды Парламент енгізеді Мысалы, 1998 жылы 7
қазанда Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президентіне оның бастамасы бойынша әр
Палата депутаттары жалпы санынын үштен екісінің дауысымен бір жылдан
аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы. Республика
Президентінің заңдар жобаларын қорғаудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ
осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар Парламент Президент
енгізген заң жобасын бір ай ішінде қарауға тиісті. Егер Парламент осы
талапты орындамаса, онда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы.
Мұндай Жарлық Конституция белгілеген тәртіппен Парламент жаңа заң
қабылдағанға дейін қолданылады. [1, 3-б].
Нормативтік актілер жүйесінде президенттік биліктің актілері ерекше
орын алады. Олар заңға негізделген актілер қатарына жатады және принципінде
орындау-атқару сипатында болуы тиіс. Заң тұрғысынан алып қарағанда төтенше
немесе соғыс жағдайларында ғана, онда да Конституцияның негізінде
президенттің актілері күшімен заңдардың қолданылуы тоқтатыла тұруы немесе
дәлдей түсу мақсатында заңдарға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Ведомстволық актілер мен жергілікті органдар актілеріне қарағанда
басым болып келетін Заң негізінде қабылданған нормативтік актілерге
Үкіметтің қаулылары мен өкімдері жатады. Олардың құрамында бастапқы
нормалардың болуы жиі кездеседі. Солай бола тұрса да, олар орындау-атқару
актілері болуы жөн.
Жекелеген ведомстволардың заң негізінде өздерінін жасаған нормативтік
актілері сол ведомство ішіндегі қатынастарды реттейді. Дегенмен, орталық
ведомстволардың ішінара, кейбіріне, мысалы, темір жол қатынасы, ішкі істер
министрліктеріне қатаң түрде шектеулі салаларда сыртқары әсері мен ықпалы
бар актілер шығаруға құқықтар беріледі. Кейде заңмен кереғар болып келетін
нормативтік актілердің қабылдануы да өмірде орын алып қалуы кездесіп
отырады. Оларда тіпті азаматтардың құқығы мен мүдделеріне нұқсан келтірген
жағдайлар кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайларда ахуалды жөндеу Конституциялық
әділсот (правосудие) қабылдаған актілердің көмегімен түзетіледі.
Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және
заңға негізделген актілер деп бөлінеді.
Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акті, мұны заң
шығарушы ең жоғарғы орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды.
Бұлардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен) анықталады:
1. Заңды мемлекеттік биліктің (яғни өкіметтің) заң қабылдаушы (өкілді)
органдары немесе тікелей халыңтың өзі бүкілхалықтың сұрау салу (референдум)
арқылы қабылдайды, заңның күші жойылады және өзгертіледі.
2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тәртібі бойынша қабылданады.
3. Тәуелді нормативтік құқықтың актілердің бәрі заңдарға қайшы болмауы
тиіс, егер де ондай қайшылықтар болса, бұл актінің орнына одан тікелей
жоғары тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады.
4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа актілер
заңдардан туындайды және олар заңдардағы нормаларды егжей-тегжейлі талдауы,
нақтылауы тиіс.
5. Заң ең маңызды негізге алынатын қатынастарды реттейді.
Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.
Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негіздерін
баянды етеді, ағымдық заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.
Бұларға Конституция, оған енетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-
ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтың
актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардың заңдық тұғыры болып
табылады.
Конституциялық заңдардың тізімі толық түрде Конституцияда анықталған.
Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялың заңдардың негізінде және
соларды орындау мақсатында қабылданады. Ағымдық заңдар елдің экономикалық,
саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер -мемлекеттің атқарушы -
орындаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар заңдарды
орындау мақсатында қабылданады.
Заңға негізделген актілерге жататындар:
- Президенттің жарлықтары;
- Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
- Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер
жиынтығы (қағидалар), бұйрықтар және т.б. түріндегі нормативтік актілері;
- Жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;
- Жергілікті нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен
мекемелердің актілері.
Қазақстан Республикасында нормативтік құқықтық актілердің негізгі
түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар
жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік
құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палатарының нормативтік
қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Констатуциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының
және Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының нормативтік
қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық
мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық
мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері;
Нормативтік құқықтық актілер сатысы.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің заң
күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады: [2,
13-б].
1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан
Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасының кодекстері, заңдары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
5) Қазақстан Республикасы Парламентінін нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
7) Министрлердің нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік комитеттердің
нормативтік қаулылары; өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік
бұйрықтары, қаулылары;
8) Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері
Кесте – 1

Кесте – 2

Кесте – 3

Кесте – 4

Кесте – 5

Кесте – 6

Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің мақсаты құқықтық материалдарды
тәртіпке келтіріп, оларды белгілі бір бөлімдер мен тарауларға орналастыру,
яғни саралау болып табылады. Қажет болған нормативтік актілерді іздестіріп
табу ісін жеңілдету үшін бұлай етіп орналастыру ыңғайлы және ол заңдылық
талаптарын орындау шарты қызметін атқарады. Бұл аспект бұрынғысына
қарағанда осы іс нормативтік актілерді сырттай жүйеге келтіру, құқықтық
нормаларды терең ішкі мазмұндары бойынша бірыңғай мазмұндас етіп
орналастыру болып есептеледі. Және ол құқықтағы кездесіп қалуы мүмкін
кемшіліктерді, қарама-қайшылықтарды болдырмау жолын қарастыру болып
табылады.
Нормативтік-құқықтық актілерді бір жүйеге келтіруге заң шығарушылар,
құқық қолданушылар және барлық азаматтар да мұқтаж.
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтірудің қазіргі уақытта үш
түрі белгілі. Олар инкорпорация, кодификация және консолидация. Нормативтік-
құқықтық актілерді бұлайша бөлу құқықтық материалдарды тәртіпке келтіру
үдерістерінін түрліше болып келетіндіктерімен байланысты және соларға
негізделеді.
Кодификация актілерді сырттай, сондай-ақ іштей өңдеуді де қамтиды.
Кодификациялаудағы өңдеу ісінің барысында нормативтік актілерді жүйеге
келтірумен қатар, олардын мазмұнына да әжептәуір өзгерістер мен
толықтырулар енгізіледі, ескірген принциптер мен нормалар өзгертіледі,
жойылады. Олардың орнына жаңалары жасалынады. Бұл істі тек мемлекеттің заң
шығарушы органдары ғана жүзеге асырады. Және бұл іс құқық шығармашылығы
ісінің бір түрі болып табылады.
Кодификацияның нәтижесі жаңа заң актісін шығару, ол осы мәселе бойынша
бұрыннан күші бар нормативтік актіні алмастырады. Сөйтіп ол кодификациялық
акт деп аталады. Оған жататындар кодекстер, жарғылар, жарлықтар.
Кодификация жалпы және арнайы деп екіге жіктелінеді. Кодификацияның белгілі
бір түрлеріне жарғылар, жөн-жоба (тәртіп реті, регламент), қағидалар
жатады. Олар арнайы жасалған кодификацияның нәтижесі болып табылады.
Инкорпорация нормативтік актілерді белгілі бір тақырыптарды қамтитын
нышандарына қарай жүйелейді. Сондықтан да бұл саралау пәндік және
хронологиялық (мерзімдік) белгілері негізінде яғни сыртқы сипаттарына қарай
немесе ол қарапайым түрде жүйеге келтіру болып табылады.
Сонда, жүйелеудің қарапайым және көп тараған түрі құқықтық актілерді
инкорпорациялау болып табылады.
Инкорпорацияның нәтижесінде нормативтік актілер қоғамдық қатынастардың
белгілі бір салаларын реттеудегі белгі нышандары бойынша біріктіріледі.
(Мысалы, зейнеткерлік саласын немесе тұрғын үймен қамтамасыз ету саласын).
Инкорпорация өзі реттейтін осы пәніне жататын барлық заңды түгелдей
қамтуы мүмкін. Ол ең басты инкорпорация деп аталады. Ол инкорпорацияның тек
бір бөлігіне ғана қатысты болуы мүмкін — онда ол дербес инкорпорация
болады. Инкорпорация ресми және бейресми де болады. Ресми инкорпорацияны
ресми органдар жүзеге асырады. Мұндай инкорпорациялар жаңа норматавтік
актілерді шығару емес, олар тек күші ғана бар нормативтік құқықтық
актілерді өңделген, тәртіптік ретке келтірілген күшінде жариялаудың және
қайта жариялаудың тәсілі ғана болып табылады. Ресми инкорпорациялауға
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке, Үкімет актілерінің жинағы
жатады.
Бейресми инкорпорациялауды заңдарды жүзеге асыратын өздерінің дербес
бастамасымен жекелеген ұйымдар мен дара тұлғалар, лауазым иелері жүргізе
алады. Ол нормативтік актілерді жариялаудың тәсілі болып табылмайды.
Бейресми инкорпорацияның іс атқарудағы мәнісі — анықтамалық-ақпараттық
қызмет көрсету болып табылады. Бейресми инкорпорациялауға Жекешелендіру
туралы нормативтік актілер, Еңбек заңдары және т.б. жатады.
Консолидация кодификация мен инкорпорациялаудын аралығында орын алады.
Мұнда консолидациялау әдісі үдерісінде бірнеше нормативтік актілерді бір
ірі құрамаға біріктіреді. Бұрынғы актілердегі құқық нормалары мұнда бір
ізділікпен дәйекті, қисындық маңызы сақталына отырып, қайталауларды
болдырмай және қайшылықтарға жол бермей орналастырады. Мұнда кейбір
баптардың жаңаша жазылуы да мүмкін. Алайда, консолидация қоғамдық
қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Соның өзінде
консолидацияның кодификацияға ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрса да,
бұл жағынан ол инкорпорацияға жақынырақ болып келеді.
Консолидацияның нәтижесінде заңдардың жинақтары жасалынады. Әдетте
олар бейресми сипатта болады. Мұнда құқық нормалары, өздерінің іс-әрекет
түрлерінін біріне жататындығын білдіретін нышан белгілерімен
салыстырылғаннан соң барып жинаққа біріктіріледі (табиғатты қорғау, күрделі
құрылыс құралдарымен жұмыс істеу және т.с.с.). Жекелеген нормативтік
актілер түгелдейімен де, сондай-ақ үзінділер түрінде де консолидациялау
актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық салаларда қызмет істейтіндер
заң жөніндегі құралдар ретінде пайдаланады.
Құқықтық ақпараттарды ғылыми негізде жүйелеу құқық шығармашылығы
ісімен шұғылданатын органға іс үстіндегі заңдардың барлығын қысқа мерзім
ішінде бағалауды, құқықтық реттеудегі келісілген іс-әрекеттерді,
қайшылықтар мен кемшіліктерді табуда күш пен құралдарды, шығындарды аз
жұмсап табысты жүргізуге мүмкіндік береді.
Құқықты жүзеге асырушылар мен оны қолданушылар үшін заңдардың жүйелі
болғаны әрқашан да қажет-ақ. Ол атқарылып, орындалып жатқан істер көлемінің
ұлғайып көбейген кездерінде әсіресе керек болады. Олай болатын себебі,
құқықтық ақпарат мағлұматтарының қисынды түрде бірізділікпен дәйекті, ішкі
мазмұнының келісімді құрылуы қажет болған құқықтық норманы дер кезінде
табуды қамтамасыз етеді.
Заң халықтың қалың бұқара топтарының түсінуіне оңай болуы тиіс. Олар
өздерінің құқықтары мен бостандықтары жөнінде, сондай-ақ мемлекет пен
қоғамның өздеріне қойып отырған талаптарын да түпкі деректердің білуі тиіс.
Тек қана тиісті түрде бір жүйеге келтірілген заң ғана халықтың құқықтық
деңгейдегі қажетті мәдениетке жетуіне, ал құқық қолданушылардың кәсіби-
заңгерлік мәдениетке жетулеріне жағдай жасайды, мүмкіндік береді. Заңдарды
жүйелеу ісі ғылыми принциптер мен ғылыми әдістерді қолдануға негізделуі
тиіс. Мағлұматтарды іздестіру және оларды белсенді түрде қолдану құқықтық
ақпарат материалдарымен жұмыс істейтіндерден іскерлік пен дағдыны қажет
етеді. Өйткені ақпарат мағлұматтары ондаған миллион белгі-таңбалардан
тұрады. Ақпарат мағлұматтарын іздестіруде қажет болған нормативтік-құқықтық
актіні тауып алу ісін дәстүрлі жүйелер негізінде орындаудың келмеске
кететін күні алыс емес. Ахуалдың жақсаруы үшін нормативтік құқықтық
құжаттар саласын механикаландыру-автоматтандыру, оған қоса ақпараттық-
іздестіру жүйесін жана техникалық негізде ұйымдастыруды өзекті мәселеге
айналдыру қажет.
Құқық — күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі — қоғамдық
қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық — жалпыға бірдей
міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы
құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.
Құқықтық норма — мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық
қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын,
олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын
жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтық норма — заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың
айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық,
нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға
мүмкіндік береді.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-
құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).
Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) — құқықтық норманы қолдану
(немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін
көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың
қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және
орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан
бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп
бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа
тартылады. Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдаида
құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді Мысалы, егер бала
туғанда ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болса, бала да
Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы
қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі
гипотеза дейді.
Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне
байланысты болса оны балама гипотеза дейді.
Құқықтық норманың диспозициясы — құқықтық қатынастарға қатысушылардын
мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманын бөлшегі.
Диспозиция — құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық
норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда
ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция -
мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады:
а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса;
б) бейнеленген диспозиция — мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері
анықталса;
в) сілтемелі диспозиция — егер құқықтық норма диспозициясы анықталған
басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса.
Құқықтық норманың санкциясы — құқықтық норманың диспозициясы бұзылған
жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын
көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті-анық, б) баламалы, в)
салыстырмалы.
Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) — нормативтік акт болып
саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір,
бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше
құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабында бір норма болса, бап
пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине
баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, Қазақстан
Республикасы Констатуциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:
1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға,
басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын
құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.
Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа
бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік
актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан
ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің бір
бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады.
Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер
санкцияларды білдіруге маманданған болып келеді.
Егер де құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің
қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды.
Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы
жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге
асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің
барлық байланыстарын ескеруі тиіс.
Құқық нормасы құқықтың басқалайда көріністерінен өзінің құрылымымен,
сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның
ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым
нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмәмдалады. Жеке-дара
ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиғаға ғана, жалғыз бір жолғы әрекетке ғана,
нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана арналады. Басқа жағынан алып
қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық
принциптері нормативтік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы
арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен
санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз
алдымызға елестетудің өзі қиын.
Қандай бір норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап
алуға қызмет ететіндер құқықты жақсылап түсіну толығынан алғанда не үшін
қажет болатынын анықтау, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде
екендіктерін біліп алу болып табылады. Заң нормаларын жіктеуге оларды
реттеуші және қорғаушы (сақтаушы) деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып
табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі,
әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның
мінезін, жүріс-тұрыстарын реттейді. Соның өзімен олардың мінездері, жүріс-
тұрыстары тікелей реттелінетін тәрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы
жауаптылықтың және субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мәжбүрлеу
шараларын белгілейді. Оларды қолданудын тәртіптік реттері мен жөн-
жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, жүріс-тұрыстарының
реттелінуі жанамалай түрде жүргізілетін іспетті болады. Сонымен алдын-ала
қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына
байланысты құқық қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары,
әкімшілік құқық қорғау нормалары деп, қылмыстық құқық қорғау нормалары деп
сараланады. Нақ осы аталған құқық салаларының нормалары негізінен алғанда
қоғамдық қатынастарды сақтап, қорғауға маманданған болып келеді.
Реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу
нормаларына бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп көрсетілген нормалардың
қайсысы болса да, осы көрсетілгендердің сипатында жасалып құрылуы мүмкін.
Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп
тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда, қылмыстық іс қозғау, тергеушінің
әрі құқығы, әрі міндеті болып табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда
алдындағы қатарға жеке адамның міндеті ғана шығады. Ал басқа нормаларда
олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым
салуға ерекше назар аударылады.
Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік
болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалатын сипатта
болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік
санаттағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған
адамның мінезі, жүріс-тұрысы оның серіктесінің (әріптесінің) келісімімен
өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. Осы тәрізді негіздерге сүйеніп
факультативтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі. Ол белгілі бір жағдайларда
мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп
бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік
береді. Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-
тұрыс нұсқаларынан біреуін ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді.
Егер де норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын
мейлінше толық түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарда қандай бір жаңаша
нұсқауларға немесе анықтап, айқындай түсуге жол берілмейтіндей етілген
болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше айқындылығы
салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды және нақты жағдайларға
байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай
нормалар өз кезегінде ситуациялық және баламалық деп жіктелінеді. Бұлардың
алғашқылары норма адресатының (арналған тағайынының) қалауын өзінің
білімінше істеуді немесе істемеуді жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді.
Ал екіншілері – нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша
таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі және туынды; тұрақты
және уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа мадақ нормалары жатады.
Бұл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын мадақтау шараларымен
(санкцияларымен) дем беріп, ынталандырады. Мұндайларды тіпті, қылмыстық
құқықтан да табуға болады.
Реттеу мен қорғау (сақтау) нормаларының арасынан мамандандырылғандарын
бөліп арнайы қарастыруға болады. Бұларға:
1) анықтамалық-пайымдық яғни дифинитивтік нормалар жатады. Мұнда
мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нышандары мен анықтамалары
келтіріледі.
2) қағидаттық (принципті білдіретін) нормалар, оперативтік (жеделдікті
білдіретін) нормалар актілердің күшін жоюға бағытталған. Олардың күшін
жанама болған қатынастарға таратуға бағытталған және т.с.с. Коллизиялық
нормалар — нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар.
Нормативтік құқықтық актілердің уақытқа байланысты күші мына түрде
атқарылады:
Нормативтік құқықтың актінің өз күшіне енуі оның жарияланғанынан
белгілі бір мерзім өткеннен соң басталады, ол әдетте қағида бойынша 10 күн
деп белгіленген.
Сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтың актілердің өз күшіне енуі
олардың қабылданған немесе жарияланған сәтінен басталады (егер де бұл
жөнінде актіде тікелей аталып көрсетілген болса).
Нормативтік құқықтық актінің күшіне енуі сол актінің өзінде ол туралы
арнайы қабылданған акті арқылы көрсетілуі мүмкін. Мысалы, қазіргі
қолданыстағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994
жылы желтоқсан айында қабылданған, ал күшіне енуі 1995 жылдың наурызынан
басталды. Нормативтік құқықтық акті күшінің тоқтатылуы мына жағдайларда
болады:
1. Жаңа актінің қабылдануына байланысты. Жаңадан қабылданған акт
қағида бойынша өзі қабылданғаннан кейінгі пайда болған қоғамдық
қатынастарға ғана өз күшін қолдана алады.
Заңның кері күші болмайды. Мұның мағынасы - заң өзі қабылданғаннан
бұрын пайда болған қоғамдық қатынастарға қолданылмайды, яғни әлгі
қатынастарға бұл заңның күші жүрмейді деп түсіну керек. Дегенмен бұл
қағидаттан ерекше болатын қағидалары:
1. Нормативтік құқықтық актінің өзінде осы акт қағидаларын, осы акт
қабылданғаннан бұрын пайда болған қатынастарға қолданудың көзделгендігі
арнайы түрде атап көрсетілген жағдайларда заңның кері күші пайда болады.
2. Нормативтік құқықтың акт қылмыстық жауаптылықты жеңілдеткен
жағдайда да заңның кері күші болады.
3. Нормативтік құқықтың акт қылмыстық жауаптылықты жойған жағдайда да
заңның кері күші болады.
Нормативтік құқықтық актінің кеңістіктегі күшін сипаттауды осы ұғымға
енетін кеңістік аталымының мағынасын түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен,
кеңістікті дегеніміз - мемлекет шекарасы шегіндегі жер беті (бедері)
бөлігі, оның қойнаулары ішкі-сыртқы су айдыны, олардың үстіндегі әуе
(атмосфера) кеңістігі, халықаралық сулардағы, ашық теңіздерде жүзіп жүрген
әскери және олардан басқа да кемелердің, ұшатын аппараттардың аумағы,
сондай-ақ елшіліктердің аумақтары.
Сондықтан да бұл аумақтар құқық теориясында "экстерриториалдылық"
деген ұғым арқылы беріледі.
Нормативтік актілер күшінің "экстерриториалдылығы" құқықтың актілердің
мемлекет аумағынан да тысқары аумақтарға жайылып таралуын білдіреді.
Мысалы, белгілі бір саудадағы мәмілелерді (келісімдерді), кейбір мұрагерлік
туралы істерді сотта қарағанда шетелдік заңдарды пайдалануға рұқсат
беріледі.
Қамту өрісі (субъектілер) - бұған азаматтар, азаматтығы жоқтар және
шетелдіктер жатады. Жалпы ереже бойынша нормативтік актілер мемлекет
аумағындағы тұлғалардың бәріне бірдей таралады.
Бұл қағидаттың ерекшелік ретінде болатын өзгешеліктері бар. Мысалы,
нормативтік актілердің күшін қолдануда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдарға деген өзіндік ерекшеліктері болады. Оларға кейбір құқықтар
берілмейді, белгілі бір міндеттер жүктелмейді (Мемлекеттік органдарды
сайлауға, өздерінің оларға сайлануына, қарулы күштер қатарында әскери
қызметін өтеу (аткару) және т.б. құқыктары берілмейді).
Шетел өкілдері (ел басылар және үкімет басшылары, елшіліктердің
дипломатиялың қызметкерлері, басқалай да шет елдік азаматтар) дипломатиялық
(экстерриториалдық) құқықтарға ие болады. Қазақстан Республикасы аумағында
олардың жасаған құқық бұзушылықтары үшін қылмыстың және әкімшілік жөніндегі
жауаптылықтары дипломатиялық жолдар арқылы шешіледі.

2.4 Мемлекет және құқықтың пайда болуының объективтік заңдылықтары

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге
өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік
даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне
сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл
жерде қайталап өтейік, - құқық пен мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық жүйесі құрылымының қағидалары
Құқықтың ендігі бір белгісі мемлекеттің күшіне сүйенуі
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Әлеуметтік және техникалық нормалардың айырмашылығы
Құқық функцияларының түрлері
Құқықтың жүйесі
Әлеуметтік нормалар
Құқық жүйесі
Жалпы құқықтар онда корольдердің соттарымен жасалған және негізінен, құқық сот тәжірибесінің нәтижесі
Құқық туралы жалпы түсінік, құқық жүйесі
Пәндер