Қаржы полициясы органдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Заңы
Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы
      Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының, барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың және азаматтардың құқық
бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi қызметiнiң құқықтық, экономикалық,
әлеуметтiк негiздерi мен қағидаттарын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) құқық бұзушылықтың алдын алу - мемлекеттiк органдар, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдары, барлық меншiк нысанындағы ұйымдар және
Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды
жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы
құқықтық тәртiптi сақтауға және күшейтуге
бағытталған құқықтық, әлеуметтiк, экономикалық ұйымдастырушылық iс-шаралар
және өзге де шаралар кешенi;
      2) құқықтық тәрбие - азаматтарда заң сыйлаушылық мiнез-құлықты
қалыптастыруға, құқықтық бiлiм алуға және халықтың құқықтық мәдениетiн
арттыруға бағытталған бiлiм беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық
сипаттағы шаралар кешенi;
      3) әлеуметтiк бейiмдеу - қоғамда қабылданған мiнез-құлық ережелерi
мен нормаларын адамның бойына белсендi сiңдiру процесi;
      4) әлеуметтiк оңалту - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесi органдары
мен мекемелерi жүзеге асыратын, құқыққа қарсы мiнез-құлықты адамға
құқықтық, әлеуметтiк, психологиялық, педагогтiк көмек көрсетуге бағытталған
шаралар кешенi, сондай-ақ психологиялық немесе моральдық жарақатты жеңу
процесi;
      5) криминологиялық сараптама - олардың криминогендiк жағдайдың жай-
күйiне ықтимал әсерiн бағалау үшiн жүргiзiлетiн нормативтiк құқықтық
актiлердiң жобаларын арнайы зерттеу;
      6) жеке профилактикалық жұмыс - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесi
субъектiлерiнiң әлеуметтiк қауiптi жағдайдағы адамдарды уақтылы анықтау,
оларды әлеуметтiк оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылық жасауын
ескерту жөнiндегi қызметi;
      7) құқық бұзушылық - ол үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық
актiлерiнде жауапкершiлiк көзделетiн, жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттiң
мүдделерiне зиян келтiретiн адамның құқыққа қарсы, кiнәлi әрекетi не
болмаса әрекетсiздiгi;
      8) қоғамға қарсы iс-әрекеттер - белгiленген әлеуметтiк нормалар мен
мiнез-құлық ережелерiн бұзатын, адамның психикасына жәненемесе
денсаулығына терiс ықпал ететiн iс-әрекет: алкогольдiк iшiмдiктi жүйелi
түрде пайдалану, есiрткi және психотроптық заттарды медициналық емес
тұтыну, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен және жезөкшелiкпен айналысу;
      9) заң сыйлаушылық мiнез-құлық - заңда белгiленген мiнез-құлық
нормаларына сәйкес келетiн, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн
бұзбайтын адамның саналы жүрiс-тұрысы;
      10) профилактикаланатын адам - оған қатысты жеке алдын алу жұмысы
жүргiзiлетiн, құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiсiнiң профилактикалық
есебiнде тұратын жеке адам;
      11) құқықтық тәртiп - заңдылықты сақтау, заңмен кепiлдiк берiлген
құқықтарды iске асыру және барлық жеке адамдардың, органдардың және
ұйымдардың заңда белгiленген мiндеттемелердi орындауы.
      2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтың алдын
             алу туралы заңнамасы
      Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына,Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарға, осы Заңға және құқық бұзушылықтың
алдын алу саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының өзге
де нормативтiк құқықтық актiлерiне негiзделедi.
      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңда белгiленгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың
ережелерiқолданылады.
      3-бап. Осы Заңның мақсаты мен мiндеттерi
      1. Осы Заңның мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бiрыңғай
мемлекеттiк саясат орнату, құқықтық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Осы Заңның мiндеттерi:
      1) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн
құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету;
      2) құқық бұзушылықтың деңгейiн азайту;
      3) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесiн жетiлдiру, сондай-ақ оған
ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау, жою;
      4) бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық
байланыстарын жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жерi және құжаттары жоқ
адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу және оңалту;
      5) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесi субъектiлерiнiң және оған
қатысушылардың қызметiн үйлестiру;
      6) салауатты өмiр салтын қалыптастыру, азаматтық құқықтық сана мен
құқықтық мәдениеттi тәрбиелеу;
      7) құқық бұзушылық жасағаны үшiн жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз
ету болып табылады.
      4-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу қағидаттары
      Құқық бұзушылықтың алдын алу:
      1) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау
және сақтау;
      2) заңдылық
      3) жариялылық
      4) құқықтар мен мiндеттердiң бiрлiгi;
      5) iзгiлiк;
      6) ғылыми негiздiлiк;
      7) кешендi тәсiлдер және профилактикалық ықпал ету шараларын саралау
қағидаттарына негiзделедi.
2-тарау. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесi
      5-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң
             жүйесi
      1. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң жүйесiн:
      1) мемлекеттiк органдар;
      2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары;
      3) мемлекеттiк ұйымдар құрайды.
      2. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесiнiң субъектiлерi болып
табылатын мемлекеттiк органдардың құрылымында Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша
жекелеген функцияларды:
      1) нашақорлықпен, алкоголизммен, уытқұмарлықпен, туберкулездiң
жұқпалы түрлерiмен, АҚТ жұқпасымен ауыратын, психикалық ауытқулардан азап
шегетiн, аталған аурулардан ерiктi емделуден бас тартатын адамдарды
мәжбүрлеп емдеудi;
      2) бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, туыстық байланыстарын
жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жерi және құжаттары жоқ адамдарды
әлеуметтiк бейiмдеудi және оңалтуды (оңалту, әлеуметтiк бейiмдеу
орталықтары және қабылдау-тарату орындары);
      3) алкогольдiк iшiмдiктi терiс пайдаланатын, есiрткi құралдары
мен психотроптық заттарды медициналық емес пайдалануға жол беретiн
адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалтуды;
      4) әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстауды;
      5) баланың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер
құрылады.
      3. Басқа мемлекеттiк органдар құқық бұзушылықты алдын алуда
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында
көрсетiлген құзыретi шегiнде қатысады.
      4. Құқық бұзушылықтың алдын алуға Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк емес ұйымдары мен азаматтары ерiктi негiзде қатысады.
      6-бап. Үкiметтiң құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi
             өкiлеттiктерi
      Қазақстан Республикасының Үкiметi құқық бұзушылықтың алдын алу
саласында:
      1) құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттiк саясатты
әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) құқық бұзушылықтың алдын алу саласында нормативтiк құқықтық
актiлердi қабылдайды;
      3) құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi бағдарламалық құжаттарды
бекiтедi;
      4) құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны
құрады және таратады;
      5) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң өзара iс-қимыл
жасасуын және олардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
      7-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың
             өкiлеттiктерi
      1. Жергiлiктi өкiлдi органдар өз құзыретi шегiнде:
      1) құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi бағдарламалық құжаттарды,
оның iшiнде құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын азаматтар мен
ұйымдарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты бағдарламаларды қарайды және
бекiтедi;
      2) әкiмнiң ұсынысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi
жергiлiктi ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекiтедi.
      2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) құқық бұзушылықтың алдын алудың негiзгi бағыттарын iске асырады;
      2) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң өзара iс-қимыл
жасауын қамтамасыз етедi;
      3) құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтар мен ұйымдардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi, оларды
көтермелеудiң түрлерiн және көтермелеу тәртiбiн, сондай-ақ ақшалай сыйақы
мөлшерiн анықтайды;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында құқық бұзушылықтың
алдын алу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi iске асыруды
қамтамасыз етедi;
      5) құқық бұзушылықтың алдын алу, еңбек нарығын тұрақтандыру, еңбекпен
қамтылмаған халықтың кәсiптiк бағдарын жетiлдiру жөнiндегi өңiрлiк
бағдарламалық құжаттарды әзiрлейдi;
      6) халықты еңбекпен қамтуда көмек көрсетедi;
      7) құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық
комиссиялардың дербес құрамын тиiстi мәслихаттарға бекiту үшiн ұсынады;
      8) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесi мекемелерiн құруды және
олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
      9) алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, туберкулездiң
жұқпалы түрлерiмен ауыратын және психикалық ауытқулардан азап шегетiн
адамдарды мәжбүрлеп емдейтiн мекемелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      10) құқық бұзушылық санының өсуiне апаратын дағдарыстық демографиялық
процестерге қарсы iс-қимыл, жұмыссыздықтың күрт өсуiн және халықтың өмiр
сүру деңгейiнiң төмендеуiн баяулату жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауды
қамтамасыз етедi.
      11) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      8-бап. Iшкi iстер органдары
      1. Iшкi iстер органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) қылмыстық қудалауды, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер
бойынша өндiрiстi жүзеге асырады, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi сақтау және
қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамның құқықтары мен
бостандықтарына, қоғамның және мемлекеттiң мүдделерiне қол сұғатын құқық
бұзушылықтарды анықтау, ескерту және жолын кесу жөнiндегi атқарушылық және
өкiмдiк функцияларды орындайды;
      2) мыналардың:
      меншiкке, қоғамдық тәртiпке, қоғамдық қауiпсiздiкке, имандылыққа, жол
қозғалысы қауiпсiздiгiне және басқару тәртiбiне қол сұғатын құқық
бұзушылықтарды;
      нашақорлықты, алкоголизмдi және уытқұмарлықты;
      бұрын сотталған адамдар, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар
жасайтын құқық бұзушылықтарды;
      тұрмыстық зорлық-зомбылықты;
      кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз
қалуды;
      есiрткiнiң, қару-жарақтың, жарылғыш заттардың заңсыз айналымына
байланысты құқық бұзушылықтарды ескерту жөнiндегi кешендi бағдарламалық
құжаттарды әзiрлейдi және iске асырады;
      3) мүлiктiк қылмыстардың және азаматтардың жеке қауiпсiздiгiне қол
сұғушылықтың алдын алуда мемлекеттiк емес күзет құрылымдарымен өзара iс-
қимылды жүзеге асырады;
      4) азаматтарды қоғамдық тәртiп пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға,
көшелер мен басқа да қоғамдық орындардағы қауiпсiз мiнез-құлықты құқықтық
насихаттауға қатысуға тартуды ұйымдастырады;
      5) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысады, құқық тәртiбiнiң жай-күйi
мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар
туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
      6) денсаулық сақтау, қылмыстық-атқару жүйесi, жергiлiктi атқару
органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, мынадай:
      бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық
байланыстарын жоғалтқан;
      тұрақты тұратын жерi және құжаттары жоқ
      қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды табады, жеке
басын анықтайды және олардың қылмыстар жасауға қатыстылығын тексередi;
      7) тұтқынға aлу түрiнде әкiмшiлiк шара қолданылатын адамдарды
қабылдауды және ұстауды қамтамасыз етедi;
      8) тиiстi құқық қорғау органдарының құзыретiне жатқызылған, оларға
белгiлi болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактiлерi
туралы ақпараттандырады;
      9) бiлiм беру, денсаулық сақтау органдарымен бiрге виктимологиялық
алдын алу шараларын әзiрлейдi және оларды көшелерде, басқа қоғамдық
орындарда, бiлiм беру ұйымдарында және ойын-сауық орындарында iске асырады;
      10) жалпы қылмыс саласындағы криминологиялық болжамды және оның
негiзiнде қоғамдық құқықтық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қорғау
жөнiндегi алдын алу iс-шараларын жоспарлауды жүзеге асырады;
      11) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      2. Мына адамдарға:
      1) алдын алу әңгiмесiн жүргiзгеннен кейiн және қоғамға қарсы мiнез-
құлықты тоқтату туралы ресми ескерту шығарылған соң қоғамға қарсы әрекет
жасағандардың
      2) жеке тұлғаға, қоғамдық қауiпсiздiкке, қоғамдық тәртiпке,
имандылыққа және басқару тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықты
қасақана қайта (бiр жыл iшiнде) жасағандардың
      3) балаларды тәрбиелеу, оқыту және асырау жөнiндегi заңмен
белгiленген мiндеттерiн орындамайтын жәненемесе кәмелетке толмағандардың
мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң
      4) ақтамайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан
босатылғандардың
      5) бұрын сотталған, қылмыстық жазаны өтеу барысында қылмыстық жазаны
өтеудiң белгiленген тәртiбiн жүйелi бұзатын адамдардың есебiн жүргiзедi
және оларға қатысты профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.
      3. Профилактикалық бақылауды жүзеге асыруда:
      қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған,
сондай-ақ шартты түрде немесе үкiмдi орындау кейiнге қалдырылып сотталған
адамдарды бақылауда қылмыстық-атқару жүйесi органдарына;
      спирттiк iшiмдiктердi шамадан тыс пайдаланатын жәненемесе дәрiгердiң
тағайындауынсыз есiрткi және психотроптық заттарды тұтынатын адамдарды
бақылауда - денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетедi.
      4. Тергеу және қарау iшкi iстер органдарының құзыретiне жатқызылған
дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
туралы арыздар мен өтiнiштердiң уақтылы, жан-жақты және объективтi
қаралуына және шешiлуiне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады.
      9-бап. Қаржы полициясы органдары
      Қаржы полициясы органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) экономикалық және қаржы қызметi мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес саласындағы адамдардың құқықтарына, қоғамның және мемлекеттiң
мүдделерiне қол сұғатын қылмыстарды және өзге де заңсыз қол сұғушылықты
ескертуге, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық
қорғау қызметiн жүзеге асырады;
      2) мынадай:
      экономикалық және қаржы қызметi саласындағы құқық бұзушылықтардың
алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да лауазымдық құқық
бұзушылықтарға қарсы күрес;
      кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуды ескерту жөнiндегi бағдарламалық
құжаттарды әзiрлейдi және iске асырады;
      3) тергеу және қарау қаржы полициясы органдарының құзыретiне
жатқызылған дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар туралы арыздар мен өтiнiштердiң уақтылы, жан-жақты және
объективтi қаралуына және шешiлуiне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
      4) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      10-бап. Қаржы мониторингi және бақылау, салық және бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету, кеден iсi,
мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру саласындағы, дәрменсiз борышкерлермен
жұмыс iстеу жөнiндегi уәкiлеттi органдар
      Қаржы мониторингi және бақылау, салық және бюджетке төленетiн басқа
да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету, кеден iсi, мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру саласындағы, дәрменсiз борышкерлермен жұмыс iстеу
жөнiндегi уәкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде:
      1) қаржы полициясы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, салық
салу, кеден iсi, мемлекеттiк сатып алу, банкроттық, жекешелендiру, заңсыз
алынған кiрiстердi жариялауды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруды
ескерту саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi бағдарламалық
құжаттарды әзiрлейдi және iске
асырады;
      2) құқықтық насихаттаудың өткiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      3) салық салу және кеден iсi саласында анықтауды және әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiстi жүзеге асырады;
      4) кеден органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан құқық
бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдауды
қамтамасыз етедi;
      5) қаржы полициясы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып,
экономикалық қауiпсiздiк саласындағы криминологиялық болжау және оның
негiзiнде экономикалық қауiпсiздiкке қол сұғатын құқық бұзушылықтарды
ескерту жөнiнде алдын алу iс-шараларын жоспарлауды жүзеге асырады;
      6) дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар туралы арыздар мен өтiнiштердiң уақтылы, жан-жақты және
объективтi қаралуына және шешiлуiне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады.
      11-бап. Әдiлет органдары
      Әдiлет органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) басқару тәртiбiне және авторлық құқыққа қол сұғатын құқық
бұзушылықтарды ескертудi жүзеге асырады;
      2) құқықтық жаппай оқыту, қоғамның құқықтық санасын қалыптастыру
жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi;
      3) құқық бұзушылықтарға ықпал ететiн не болмаса оларды жасау үшiн
шарттар мен алғы шарттар туындататын нормалардың қабылдануын ескерту
мақсатында заң жобаларына және әдiлет органдарында тiркеуге жататын өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерге заңдық, криминологиялық және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сараптамалар жүргiзудi ұйымдастырады;
      4) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау, миссионерлiк қызмет
саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi бағдарламалық
құжаттарды әзiрлейдi және iске асырады;
      5) авторлық құқықтарды қорғау, дiни және қоғамдық бiрлестiктердiң
қызметтерi саласында құқық бұзушылықтар жасайтын адамдардың есебiн
жүргiзедi және оларға қатысты профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
      6) қылмыстық жазаларды орындауды, сотталғандардың түзелуiн, олардың
жаңа қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауын ескертудi қамтамасыз
етедi;
      7) сотталғандармен тәрбие жұмысының және құқықтық насихаттың
нысандары мен әдiстерiн айқындайды;
      8) құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, дайындалып
жатқан және жасалған қылмыстарды, сондай-ақ жаза өтеу орындарында режим
бұзуды анықтау және ескерту жөнiнде алдын алу және жедел-iздестiру iс-
шараларын өткiзудi қамтамасыз етедi;
      9) түзеу мекемелерiнен тыс жасалған немесе дайындалып жатқан белгiлi
болған құқық бұзушылық фактiлерi туралы құқық қорғау органдарына
хабарлайды;
      10) шартты түрде сотталғандардың және қоғамнан оқшаулаумен байланысты
емес жазалау шараларына сотталған адамдардың, үкiмдi орындау кейiнге
қалдырылған немесе шартты түрде сотталғандардың есебiн жүргiзедi және
оларды профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды еңбекке және
тұрмыстық орналастыруды, құқықтық және психологиялық көмек көрсетушi оңалту
орталықтарының қызмет етуiн қамтамасыз етедi;
      12) дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар туралы арыздар мен өтiнiштердiң уақтылы, жан-жақты және
объективтi қаралуына және шешiлуiне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
      13) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      12-бап. Прокуратура органдары
      Прокуратура органдары құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заңнаманың
бiркелкi қолданылуына, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарының
уақтылы қалпына келтiрiлуiне қадағалауды қамтамасыз етедi.
      13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары
      Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) қылмыстық қудалауды, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер
бойынша өндiрiстi жүзеге асырады, сондай-ақ терроризмдi және Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қол сұғатын өзге де құқық
бұзушылықтарды анықтау, ескерту және жолын кесу жөнiндегi атқарушылық және
өкiмдiк функцияларды орындайды;
      2) тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен
белгiленген мемлекеттiк құпияларды қорғау, өзi және жақын туыстары туралы
бiле тұра жалған мәлiметтер ұсынған адамдардың мемлекеттiк қызметке түсуiн
ескерту жөнiндегi жедел-алдын алу iс-шараларын
әзiрлейдi және iске асырады;
      3) мыналарға:
      Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген
құралымдардың, басқа мемлекеттердiң саяси партияларының, дiни негiздегi
партиялардың қызметiне, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың,
шетел мемлекеттерiнiң және халықаралық ұйымдардың саяси партиялар мен
кәсiподақтардың қаржыландыруына байланысты;
      елiмiздiң экономикалық және экологиялық қауiпсiздiгiне қол
сұғатын құқық бұзушылықтарды ескертуге және жолын кесуге қатысады;
      4) дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар туралы арыздар мен өтiнiштердiң уақтылы, жан-жақты және
объективтi қаралуына және шешiлуiне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
      5) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      6) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн құқық бұзушылықтың алдын алуды
ұйымдастыру, жүзеге асыру және есепке алу тәртiбi жеке нормативтiк құқықтық
актiлермен белгiленген.
      14-бап. Бiлiм беру органдары
      Бiлiм беру органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) бiлiм алушыларды тәрбиелеуге және дамытуға, олардың өзiн-өзi
бақылау және мәдени мiнез-құлық дағдыларын меңгеруiне бағытталған бiлiм
беру бағдарламаларын iске асырады;
      2) заң сыйлаушылық мiнез-құлықты насихаттауға бағытталған оқу және
тәрбие процестерiнiң ажырағысыздығын қамтамасыз ететiн ғылыми негiзделген
бағдарламаларды әзiрлейдi және енгiзедi;
      3) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына себепсiз қатыспайтын кәмелетке
толмағандарды анықтайды және есеп жүргiзедi, олармен және олардың ата-
аналарымен немесе заңды өкiлдерiмен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзедi;
      4) құқықтық бiлiмдi арттыруда және тереңдетуде орта және жоғары
мектеп арасындағы анық өзара байланыс және сабақтастық негiзiнде бiлiм
алушыларды құқықтық оқытуды және тәрбиелеудi қамтамасыз етедi;
      5) бiлiм беру ұйымдарында оқитын жастардың арасында құқық бұзушылық
жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар
қабылдайды;
      6) құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жастарды тәрбиелеу
мәселесi бойынша үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасады;
      7) бала құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың
жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
      8) iшкi iстер және денсаулық сақтау органдарымен бiрлесiп, меншiктiң
барлық нысанындағы бiлiм беру ұйымдарында оқитын жастардың арасында құқық
бұзушылықтарды, нашақорлықты және алкоголизмдi ескерту, анықтау және жолын
кесу жөнiнде мақсатты алдын алу iс-шараларын өткiзедi;
      9) iшкi iстер және денсаулық сақтау органдарымен өзара iс-қимыл жасай
отырып, виктимологиялық алдын алу iс-шараларын әзiрлейдi және оларды
меншiктiң барлық нысанындағы бiлiм беру ұйымдарында оқитын жастардың,
сондай-ақ қолайсыз отбасылардың арасында iске асырады;
      10) девианттық және аутодеструктивтiк мiнез-құлықтағы кәмелетке
толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтауға, оларды iшкi
iстер және денсаулық сақтау органдарына есепке тұрғызуға және олармен жеке
профилактикалық жұмыс жүргiзуге қатысады;
      11) iшкi iстер, әдiлет, денсаулық сақтау, балалардың құқығын қорғау
органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, кәмелетке толмағандардың
суицидтiк тәртiбiнiң алдын алу жөнiндегi шараларды қабылдайды, балалар және
жасөспiрiмдер арасындағы өзiн-өзi өлтiру және өзiн-өзi өлтiруге әрекет
жасау фактiлерiнiң есебiн жүргiзедi;
      12) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      15-бап. Денсаулық сақтау органдары
      Денсаулық сақтау органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) салауатты өмiр салтын, медициналық бiлiмдi, денсаулыққа керi ықпал
ететiн факторлардан бас тартуды насихаттайды;
      2) қажет ететiн адамдарға наркологиялық, психологиялық,
психиатриялық, емдеу-алдын алу көмегiн және медициналық оңалтуды көрсетедi;
      3) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесiнiң субъектiлерiне және
қатысушыларына консультативтiк көмек көрсетедi;
      4) алкоголизмге, есiрткi және психотроптық заттарға тәуелдi, соз
ауруларымен, АҚТ жұқпасымен, ЖҚТБ-мен, психикалық ауытқулармен ауыратын
адамдарды анықтауды, тiркеудi және есепке алуды жүзеге асырады;
      5) нашақорлықты, соз ауруларын және АҚТ жұқпасын таратумен байланысты
құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою
жөнiндегi шараларды қабылдайды;
      6) алкогольдiк iшiмдiктердi жүйелi түрде пайдалану, есiрткi құралдары
мен психотроптық заттарды медициналық емес тұтынуды ерте анықтау және алдын
алу әдiстемесiн әзiрлейдi;
      7) iшкi iстер және бiлiм беру органдарымен өзара iс-қимыл жасай
отырып, виктимологиялық алдын алу шараларын әзiрлейдi және оларды кәмелетке
толмағандар, психикалық ауытқулармен зардап шегетiн және жезөкшелiкпен
айналысатын адамдар арасында iске асырады;
      8) мыналардың:
      спирттiк iшiмдiктердi шамадан тыс пайдаланатын жәненемесе дәрiгердiң
тағайындауынсыз есiрткi және психотроптық заттарды тұтынатын, сондай-ақ
алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын;
      жезекшелiкпен айналысатын;
      соз ауруымен, психикалық ауытқулармен және АҚТ жұқпасымен ауыратын
адамдардың есебiн жүргiзедi және оларға қатысты профилактикалық бақылауды
жүзеге асырады;
      9) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      16-бап. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары
      Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) әлеуметтiк қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске
асырады;
      2) тұрғылықты тұратын жерi жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу
мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқару органдарын әдiстемелiк қамтамасыз
етедi;
      3) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      17-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары
      Бұқаралық ақпарат құралдары өз құзыретi шегiнде құқық бұзушылықтың
алдын алу субъектiлерiнiң қызметiн жариялауға қатысады.
      18-бап. Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар өз құзыретi шегiнде:
      1) қылмыстық iздестiрудi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер
бойынша өндiрiстi жүзеге асырады, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс, өрт және
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту
және жолын кесу жөнiндегi атқарушылық және өкiмдiк функцияларын орындайды;
      2) мыналар:
      төтенше жағдайларды ескерту және жою, төтенше жағдайлардан халықты,
қоршаған ортаны және шаруашылық объектiлерiн қорғау жөнiнде;
      Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларды ескерту және
жою жөнiнде жедел-алдын алу iс-шараларын әзiрлейдi және iске асырады;
      3) Азаматтық қорғанысты, өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, табиғи
және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және жою саласындағы
құқықтық насихатты жүзеге асырады;
      4) өрт қауiпсiздiгi ережелерiн жүйелi түрде бұзатын объектiлердiң
есебiн жүргiзедi, өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерiн бұзуға ықпал
ететiн себептер мен шарттарды жою жөнiнде олардың лауазымды тұлғаларымен
алдын алу iс-шараларын жүргiзедi;
      5) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      19-бап. Туризм және спорт саласындағы өкiлеттi орган
      Туризм және спорт саласындағы өкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:
      1) дене тәрбиесi және спорт әдiстерiмен салауатты өмiр салты
бағдарламаларын iске асыруға қатысады;
      2) әлеуметтiк ауыр жағдайдағы адамдарды спорт клубтары мен
секциялардағы сабақтарға тарту, спорттық-сауықтыру iс-шараларын өткiзу
арқылы жеке профилактикалық жұмыс iстеуге қатысады;
      3) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      20-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң
              қызметiн үйлестiру
      1. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру
құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды уақтылы
анықтау, жолын кесу және ескерту бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Ұйымдарға салынатын салықтарды төлеуден жалтарудың объективті белгілері
Құқыққорғау органдар жүйесінің конституциялық құқықтық жүйесі
Құқық қорғау органдары жайлы
Мемлекеттiң салықтық қызметі
Мемлекеттің салықтық қызмет
Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мінездемесі
Іс жүргізудің мерзімдері
Ішкі істердің аумақтық органдары
Қаржы полициясы органдарының міндеттері мен құқықтары
Пәндер