Құқықтық қатынас - ерікті қатынас
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
2.2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары
2.3. Құқықты жүзеге асыру
2.4. Құқықтық қатынастардың құрылымы
- Құқықтық қатынастардың субъектілері
- Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі.
- Құқықтық қатынастардың объектілері
- Субъективтік құқықтар және заңды міндеттер
2.5. Заңды айғақтардың (фактілердің) түсінігі, оларды жіктеу
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі
қатынастар. Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән.
1) Құқықтық қатынас – бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың
арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей
байланысты. Меншік иесінің өз заттарына қақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол
басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады.
2) Құқықтық қатынас тек қанаадамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер
еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында ажырамас
байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас
пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық
сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық
норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады.
3) Құқықтық қатынас – субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда
болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны
пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген міндетті орындауға
тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста қақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға
болады; адам, ұйым, мемлекет органы.
4) Құқықтық қатынас - ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін
қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін
тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар
тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады (қылмыстың іс заң
қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады).
5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын
жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты
қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы
құқық тәртібінің негізі болып саналады.
2.1. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ, АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Құқықтық қатынастардың түрлері:
1. Реттейтін құқықтық қатынастар – субъектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы,
былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде қалыптасқан және соған сәйкес
мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды.
Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтық жүйе-саласына
сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық,
қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.
2. Қорғайтын құқықтық қатынастар – субъектілердің заңсыз әрекетінің
салдарынан пайда болады. Оның мақсаты – қоғамдың тәртіпті қорғау, кінәліні
жазалау, сөйтіп әділдік орнату. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай
қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар
қатынастарды реттеп-басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-
қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі)
болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады. Мысалы, бұларға
меншікке байланысты қатынастар жатады. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай
екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас
мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар
занды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты,
біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.
4. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі
(сатушы мен сатып алушы) болып келеді. Құқықтық қатынастардың
субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және
салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы
субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады.
Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі
құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке
қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі
қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.
Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз – субъектілердің арасындағы
ерекше құқықтық байланыс. Осы байланыстың нәтижесінде тараптардың өзара
субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері пайда болады. Осы байланысты
мемлекет қамтамасыз етеді.
Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп
отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың
мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса
жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы
нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші – қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен
міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының
міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру
үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе
субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің
қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға
тиіс.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі
және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы
реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс,
прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық
байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма
әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас – бұл субъективтік құқықтар мен
занды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар
арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды
қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де
жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
2.2. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте
және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар.
Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық
және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас
объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық
қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік
қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс
процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың
жиынтығы. Өндірістік қатынас -қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам
материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі
байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен
қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын
алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең
маңыздылары – саяси, құқықтық, моралдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар.
Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланыста реттелген
бұлжымас бірізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі
бірізділікті табу, оның ең басты, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың
өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі.
Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы
қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір
сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір
сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге
бөлінеді. Қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген
қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Қоғамда қанаушылық бірте-бірте
азаяды. Антогонистік мемлекет либеральды-демократиялық мемлекетке айналады.
XX ғ. аяғында дамыған капиталистік елдер осы бағытқа көшті.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшіл ігі әлеуметтік нормалар арқылы
реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік
билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп,
басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең
күрделі түрлері топтасып мемлекет пен құқықтық ең жауапты қызметіне
айналады.
Сонымен құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы,
қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа
себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс.
Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп,
жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың
бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы
қоғамдағы қарым-қатынастар-дың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде
дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның
экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан,
адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта
отырып кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моралдық, экономикалық,
әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс – қатынастар
моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы
қатынастарының көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Сонымен, қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен
реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын
қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты
құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас.
2.3. ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Құқық жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықтық қоғамда бір жағынан
мемлекет, екінші жағынан азаматтар заң жолымен жүру туралы міндеттеме
алады. Осыған байланысты құқықты жүзеге асырудың екі жағы болады, сондықтан
ол екі бағытта қарастырылады:
1) мемлекет органдары, лауазымды адамдар заң бойынша қызмет істеуі керек;
2) азаматтар, олардың бірлестіктері және ұйымдары өз әрекеттері арқылы
құқықты жүзеге асыруы тиіс.
Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар.
1) Құқықты сақтау. Құқықты сақтау тыйым салатын нормалар арқылы жүзеге
асырылады. Бұл тәсілдің мәні – тыйым салынған әрекетті жасаудан бой тарту;
2) Құқықты орындау. Құқықты орындаудың мәні – жүктелген міндетті жүзеге
асыру үшін белсенді әрекеттер жасау. Мысалы, баланы тәрбиелеу үшін ата-
анасы үнемі, жүйелі түрде қызмет істеп, оны оқытуы, әдепке баулуы қажет;
3) Құқықты пайдалану. Тұлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды
пайдалана ма, жоқ па, өз еркі. Егер оларды пайдаланғысы келсе, белсенді
немесе енжар әрекет жасау арқылы құқықтық норманы жүзеге асырады.
Құқықтарды пайдаланудың барысында субъектілер өздерінің заңда
көрсетілетін құқықтарын жүзеге асырады. Құқықты пайдалану тұлғаның құқық
өкілеттігін жүзеге асыруға бағытталады. Демек, ол тұлғаның іс-әрекеті өз
білігінше, мұнда яки белсенді, яки енжар түрінде болуы мүмкін.
Құқықты жүзеге асырудың осы үш түрінің барысында қоғамдық
қатынастардың субъектілері өз әрекеттері арқылы заң нормаларын тікелей іске
асырады. Мұны құқықты тікелей жүзеге асыру нысаны деп атайды. Осындай
нысандар түрінде көптеген (бірақ барлығы емес) құқық нормалары жүзеге
асырылады. Болмыста заң нормаларын бұлжытпай пайдалану және оларды
орындауға толық жағдайлар жеткілікті болмайтын кездер болады. Ондайда бұл
іске мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері бар құзырлы органдардың араласу
қажеттілігі туындайды. Мысалы, жоғары оқу орнына студенттер қабылдау,
жұмысқа алу, зейнетақы тағайындау, әскери қызметте міндеттерді атқару және
тағы басқалар.
4) Құқықтыы қолдану. Бұл билік қызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Демек, құқықтық норманы мемлекет органдары қолданады. Есте болатын жайт:
тек қана ресми баспаларда басылып шыққан, яғни, жарияланған нормативті
актіні қолдануға болады. Қолдану екі жолмен жүзеге асырылады:
1) билік жүргізетін қызмет арқылы. Мысалы, полицейдің қылмыскерді ұстауы;
2) нақтылы істі шешу арқылы.
Құқықты қолдану – құзырлы органдардың нақты жағдайда құқық нормаларын
жүзеге асыру жөніндегі биліктік-ұйымдастырушылық қызметі. Мұның нәтижесінде
дербес құқықтық акт (құқық қолдану актісі) қабылданады.
Құқықты қолдану арқылы мемлекет өз қызметінде екі функцияны жүзеге
асырады:
а) құқықтық нормалар ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастыру, дербес актілер
арқылы позитивтік (оңтайлы) реттеуді жүргізу;
б) құқықты бұзудан сақтау және оны қорғау.
Осыған сәйкес құқықты қолданудың екі нысаны: жедел атару және құқық
қорғауға жататын түрлері болады.
Құқықты қолданудың белгілері (нышандары):
1. Мемлекет пен қоғамдың ұйымдардың ұйымдастырушылық-биліктік қызметі.
Мұның өзі болмыстың ахуалдардың шешімін табуда қолданылатын айрықша
амалдармен байланысты, сондықтан да білімділікті, дағдылардың қалыптасуын
талап етеді. Осыларды ескеріп мемлекет соншама қызметтерді жүзеге асыру
үшін арнайы субъектілерге билік өкілеттіктерін тиісінше береді. Бұлар –
мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар.
Азаматтар құқықты қолдану субъектілері болып табылмайды, өйткені
мемлекет оларға бұл қызметтерді атқаруға өкілеттік бермеген.
2. Құқықты қолдану нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Қызметтің жүзеге асырылуы ерекше түрде белгіленген іс жүргізу заңдары
бойынша атқарылады.
4. Құқықты қолдану нәтижесінде дербес құқықтық акт – құқық қолдану актісі
қабылданады (жасалады).
Құқықты қолданудың мынадай сатылары болады:
а) істің нақты жағдайларын аныңтау;
б) істің заңдың негізін аныңтау. Бұған құқық нормасын таңдап алу, оның
түпнұсқаға сәйкестігін тексеру, құқық нормасын түсіндіру жатады;
в) іс бойынша шешім қабылдау.
Құқық қолдану актісі – құзырлы органның нақты заңдық іс бойынша
қабылдаған ресми түрдегі шешімі. Құқық қолдану актілері көптүрлі болып
келеді.
Құқықты қолдану сатылары
Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:
1) істің нақтылы мән-жайын анықтау;
2) істің заңдық негізін анықтау;
3) құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;
4) шешімді жүзеге асыру.
Бірінші сатыда заңды айғақтар жөне заңды құрам анықталуы тиіс. Олар -
басты айғақ немесе басты айғақты анықтайтындар. Осы айғақтар заң бойынша
істі тиісті түрде, заңды жолмен шешуге жеткілікті болуы қажет. Кейде
анықталынатын мән-жайлардың көлемі заңда арнайы көрсетіліп белгіленеді.
Мысалы, қылмыстың іс жүргізу заңы бойынша сотта қылмыстық істі қарағанда
мына жағдайлар дәлелденуі қажет:
а) қылмыс оқиғасы (уақыты, орны, жасалу әдістері);
ә) айыпкердің кінәсі; қылмыстың себебі;
б) айыпкердің жауапкершілігіне әсер ететін мән-жайлар;
в) қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
г) қылмысты жасауға түрткі болған мән-жайлар.
Екінші сатыда істің заңды негізі аныңталуы тиіс: қодануға қажетті
құқықтық норманы табу; оның мәтінінің дұрыстығын анықтау-тексеру; норманың
түпнұсқасы екендігін айқындау; оның кеңістіктегі, мерзімдегі (уақыттағы)
күшін және субъектілерге қатыстылығын анықтау; норманың мазмұнын айқындау.
Осы айтылған әрекеттердің барлығы заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайту
үшін қызмет істейді.
Кейде заңдың мәні бар әрекет жасалса да, оны шешуге арналған құқықтық
норма болмауы мүмкін. Мұны заңдағы олқылық (кемшілік) деп атайды. Заңда
қарастырылмаған жағдайда заң шығарушы екі тәсіл қолданады. Қылмыстық заңда
ерекше принцип (қағидат) баяндалған. Егер заңда оған жаза, шара
белгіленбесе, қылмыс немесе теріс қылық орын алған деп есептелмейді. Ал
азаматтық заңдар бойынша іс-әрекет заңда қарастырылмаса да, тараптар үшін
оның маңызы бар болса, азаматтық заңдардың жалпы мағынасына байланысты
тараптардың құқықтары мен бостандықтарын туындатады. Осыған байланысты заң
ұқсастығы және құқық ұқсастығы (аналогия) түсініктері бар, бұларды қолдану
заңда қарастырылған.
Заң ұқсастығы - қаралатын істі ұқсас қатынастарды реттейтін заңды
қолдану арқылы шешу. Құқық ұқсастығы - қаралатын істі заңдардың жалпы
бағытына және мағынасына сүйене отырып шешу.
Құқықты қолданудың үшінші сатысы - қаралған іс бойынша құқық қолдану
актісін қабылдау. Мұндай акт істің тағдырын шешеді. Сондықтан бұл жұмысқа
жауаптылықпен қарау жөн. Осы актілер заңға негізделіп, заң бойынша жасалуы
қажет. Құқық қолданатын акт – мемлекет атынан жасалатын, нақты заң бойынша
қарауға құзыреті бар, тараптардың құқықтары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz