Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 А дам тағдыры ел тағдырының ажырамас бөлігі - еліміздің ата заңдарының басты құрсауы
1. 2 Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдері және ұлттық инститтутар
II БӨЛІМ. Қазақстан құқықтық мемлекет, Басты қазынасы адам және азамат
2. 1 Қазақстан қоғамының басты игілігі - адам құқығы
2. 2 Адам құқығы мен бостандықтары ата заңмен қорғалады және адам құқықтарын қорғаудың тетіктері
2. 3 Адамдарды саудалауды халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде қылмыстық - құқықтық саралау
2. 4 Әйелдердің қоғамды демократияландыру процестеріне қатысуы
ҚОРЫТЫНДЫ
СІЛТЕМЕЛЕР
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясының басты идеясы ретінде «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетті [1, 3-б] .
Адам құқығына ешкімнің қиянат жасап, қол сұғуына қақысы жол. Бұл жалпыға бірдей қарар. Сан түрлі зұлматты бастан өткерген адамзат қоғамы бұл қарарды ерекше қастерлей білуі тиіс. Бұл туралы Астанада адам құқықтарына байланысты алқалы жиында ерекше қадап айтылды.
Адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, сондай ақ осы саладағы заңдық нормаларды ары қарай жетілдіру, ұлттық заңнаманы халықаралық құқық нормаларына сәйкестендіру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның бастамасын қолдап, партия өзара ынтымақтастық келісімін жасауы туралы меморандум түрінде бекіді [2, 9-б] .
Тақырыптың өзектілігі.
Адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, сондай-ақ осы саладағы заңдық нормаларды ары қарай жетілдіру, ұлттық заңнаманы халықаралық құқық нормаларына сәйкестендіру, қолданыстағы құқық жүйесінің жетілдіруіне, елдегі заңдылықтың нығаюына ықпал ететін Қазақстандық конституционализмді, конституцияның өзекті теориялық мәселелерін жан - жақты мақсаты алға қойылды.
Мақсаты мен міндеттері.
Курстық жұмыстың мақсаты - конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтары құқығының мазмұнын, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жүйесіне алатын орны мен атқаратын рөлін, жүзеге асырылуының құқықтық механизмін зерттеу. Осы құқыққа қатысты конституциялық нормалар мен өзге де ағымдағы заңнамалардың нормаларына кешенді сипаттама беру және соның негізінде ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілді:
- адам құқығын қорғау Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін айқындау;
- адам құқығын қорғаудың конституциялық табиғатын зерттеу және оның ішкі мазмұнының ашылуы;
- адам құқығының жүзеге асырылу нысандарының қолданыстағы заңнамада кездесетін кемшіліктерді анықтау және оны жетілдіру жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар енгізу.
Зерттелу деңгейі.
Қазіргі кезде Қазақстанның құқықтық ғылымында адам құқықтары мен бостандықтарының тізбегіне мемлекет кепілдік береді, бірақ та, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтары, халықтың денсаулығы мен имандылығы, адам құқықтарының механизмі, оны сақтаудың теориялық негізі және жеке адамның өміріне қол сұғылмау тиісті кепілдіктерін қарастырумен байланысты кешенді зерттеу жұмысы жүргізілуде.
Дегенмен де, Қазақстан Республикасында адам құқығының қалыптасуына айқын Есім, Қасым, Абылай, Тәуке хандарды, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайды, сонымен қатар қазан төңкерісіне дейінгі отаршылдыққа қарсы батыл үн көтерген ірі қоғам қайраткерлері - Б. Сыртанов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов т. б. жатқызамыз.
Осы зерттеу заң ғылымындағы адам құқықтары мен бостандықтарының жалпы теориялық проблемеларын зерттеуге арналған отандық заңгерлері: Б. Өтемұратов, М. Тоқашбаев, Е. Бопабаев, С. Табанов, А. Тасболатов еңбектері қаралып отырған ғылыми еңбектің негізіне пайдаланылды.
Зерттеудің объектісі.
Зерттеу объектісі - адамның негізгі құқықтарының рөлі мен орын анықтаудың теориялық мәселелері, оны сақтау және жүзеге асыру механизмі болып табылады. Зерттеу пәніне адамның құқықтары мен бостандықтарына тән ерекшеліктерді зерттеу, оның заңнамаларда қорғалуы, тәжірибеде жүзеге асырылу жағдайы және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу құрайды.
Ғылыми-практикалық маңызы мен жаңашылдығы.
Курстық жұмыстың жоғары теориялық құндылығы және практикалық маңыздылығы бар. Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы алғаш рет монографиялық деңгейде 1995 жылы Қазақстан Республикасы негізінде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесінің қарастырылуында. Курстық жұмыс ғылыми жаңашылдығы Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау мәселесі осы кезге дейін зерттелмеген.
1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 А дам тағдыры ел тағдырының ажырамас бөлігі - еліміздің ата заңдарының басты құрсауы
Тарих парағы астарлағандай, қандай мемлекет болмасын адам тағдырын сөз еткенде әу бастан-ақ заң жүзінде тұжырымдалатын өз елінің азаматтарының құқықтарын елең етпей кеткен еместін. Бірақта бұлардың көпшілігі іске аспай қалуының басты себесі - сол кездегі елдің саясатына байланысты екендігіне тарих куә. Еліміздің хал-күйін, адамдарымыздың құқықтары мен бостандықтарын тәпіштейтін тұжырымдар, сонау кеңестік дәуір деп аталатын кезеңдегі 1926 жылғы Ата заңымыздан бастап, қазіргі өркениетті ел қатарына қосылуға бет байлаған шақтағы 1995 жылғы Ата заңда мейлінше көрініс тапқан. Бұрынғы қазақ мемлекетінің кезеңімен салыстырсақ, бүгінгі заман да, тіпті еліміз де, ел адамдарының тағдыр-талабы да күрт өзгертілді. Тіптеп келгенде жүріс-тұрысымызға шейін өз өрісін тапқаны ақиқат. Не керек, әйтеуір тәуелсіздік деп аталатын арнаға түсіп, тастан-тасқа секіріп, әлдебір беймәлім, бірақ «жақсылығы көп-ақ» деген болжамда үлкен мұхитқа қарай ығысқан болып жатырмыз. Оған дәлел - қазіргі заманда елімізге халықаралық құқық принципі мәртебесінің берілгендігі, әрі мұның өзі кез-келген ұлттың, мемлекеттің, өзін-өзі билеуге құқығының бар екендігін білдіргенінде. Міне сондықтан да байырғы қазақ жерінде демократиялық құқықтық мемлекет құру мен адам тағдыры проблемалары жөніндегі конституциялық қағиданы бір бірінен бөле жара қарамай, сомалап сараптап жалпы танылған халықаралық нормалар мен принциптерінің аясында қабылдау қажеттігі енді туған сияқты. Өйткені қандай да болмасын өзін демократияшыл деп санайтын мемлекеттер конституциялық қағидаттардан (яғни, бір адамның өмір сүруге, жеке басына ешкімнің тиіспеуі, сондай-ақ қызмет, мамандық түрін еркін таңдау т. б. сияқты құқығын нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тілі, дініне, саяси және басқа да сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне қарамастан сөз бен сенім бостандығын, әділетті әлем құқығын - Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясын өздерінің Ата заңдарынан бөлінбес және әмбебеп ұстыны мен стандарты деп қараудан) бас тартпаулары тиіс. Өйтпеген жағдайда ондай мемлекеттердің нағыз демократияшылдардың қатарынан көрінуі бірғайып. Әрине өзін демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялаған елімізде жоғарыда айтылған ұсыныстардың толықтай сақталғанын, Қазақстан бұл ережелерді орындау жөніндегі міндеттерді өзіне алмауы мүмкін еместігін, әсіресе, қазіргі кезде етек алған заңдарымызды жаппай ізгілендіру бағытын атап өтпеуге болмайды. Сөз жоқ, бұрынырақта қабылданған «Діни наным және діни бірлестіктер туралы» (1993), «Саяси қуғындарға ұшырағандарды ақтау туралы», «Психиятриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» (1992), «Халықтың көші-қон туралы» (1997) және осыған тәріздес өзге де заңдар айтарлықтай дәрежеде өзіне халықаралық құқық қорғау нормаларын қабылдадаы, соған орай бұл адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесінің қалыптасуындағы маңызды кезең болып қалатыны белгілі. Қазақстан еліндегі қол жеткен табыстар жөніндегі мәліметтер заң әдебиеттерімен қатар, сан алуан газет-журналдар беттерінде баянды етіліп жүр. Өкінішке орай, еліміздің Ата заңындағы (Конституциясындағы) жекелеген ережелер адамның шынайы құқықтары мен еркіндік санатына толық мәнімен жанаспайтыны өмір көрсетуде. Оған дәлел - Қазақстан Республикасы Президентінің жадындағы Адам құқықтары жөніндегі консультативтік - кеңестік орган болып табылатын Комиссияға әр жыл сайын келіп түсетін адам құқығы мен еркіндігін, заңды мүдделерінің аяққа басылып, тапталынатыны туралы қыруар мәліметтер - ел азаматтарының мұңы. Осындай келеңсіз жәйттердің болуы, көбінесе ағымдағы заңдардың Қазақстан Конституциясының мәтініне сыйыспайтындығы, өкінішті-ақ. Әркез болса да мұның өзі конституция мәтініндегі кейбір тұжырымдарға сын көзбен қарауға әкеп соқтыратыны сөзсіз. Біздің туындымыздың өзегі де осы болмақ. Өйткені, еліміздің Конституциясын - Ата заң, ал тілін- Ана тіл деп аталуының өзі- ежелгі келе жатқан салт-дәстүр, сондықтан осы екі ғұламалы ату сөздерді қадірлеп-қастерлеу - азаматтық борышымыз. Осы тұрғыдан қарасақ, өз Отанымыздың Конституциясының мәтінін жаңғыртып, жетілдіру ісіне ат салысу- әрбір ғылымның азаматтық парызы. Олай болса, ендігі жерде бұл мәселе төңірегіндегі ой-өрісіміз бен сөз еркіндігімізге жол берелік.
Бүгінгі саясаттың басты бағыты - мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы болып саналатын әрбір адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының құндылығы туралы конституциялық мәселенің дәйекті түрде іске асырылып, бірінші кезекте, заңдылық тұрғыдан қорғалуы (ҚР Конституциясы 1-бап, 1- тармақ) . Осы орайда, өткен кеңес дәуіріндегі «қайта құру» кезеңі тұсында КСРО-ға келген Ұлыбритания елінің сол кездегі прембер-министрі М. Тэтчердің айтқан мынадай сөздерін еске түсірерлік: «Кез келген қоғам немесе өкімет өз адамдарының қабілеттерінің молынан ашылуына толық жағдай жасауы қажет. Олай жасай алмаған қоғамның немесе өкіметтің болашағы жоқ». Осы орайда, «егер біз мемлекет болғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бәрі бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысты. Олар да қазіргі қазақтардың түпкі ата - бабалары өмір сүрген және осы аумақты болашақ ұрпақтары үшін жән - тәнімен қорғап, үлкен өркениет іздерін, тарих парақтарында қалдырып, олар өмір сүрген мемлекеттер табиғи заңдылықтарға сәйкес пайда болып, гүлденіп, сонан соң дағдарысқа ұшырап, тарих қойнауында қалып отырған. Олардың пайдаға арас тәжірибелері мен сабақ болар үлгілері ұрпақ үшін теңдесі жоқ құнды байлық. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіз Қазақстанда біздің жасампаз жаңалығымыз - тарихи бай тәжірибені тірек ету керек», - деген Мемлекет басшысы, ел қайраткері Н. Назарбаевтың айтқан сөздерінде тарихи сабақтастық жатқандығын сезінеміз. Бүкіл жұртшылыққа аян болғаны, сонау Қазақ КСР-інің 1937, 1978 жылдардағы Конституциясында қазақ еліндегі конституциялық негіздердің түпқазығы болып саналатын мемлекеттік егемендіктің өзі таптық тұрғыда құрылып, тек ұлтаралық мүддеге негізделген жұмысшы табы мен еңбекшілердің өктемдігін (диктатура) жүргізген бір ғана партияның үстемдігін құруға 70 жылдан астам уақыт бойы бағыт ұстап келеді. Мұның өзінің неге соқтырғанын біз жасыра алмаймыз, ол туған халқына неше түрлі жан түршіктірер қастандықтың жасалуымен аяқталып отырды (1928, 1932, 1933, 1937, 1968, 1986 жылдардағы уақиғаларды ешқашанда естен шығармауымыз керек) .
Қазіргі заман өзгерді. Дербес тәуелсіз мемлекетімізді құру жолына түстік. Заңдарымыз да жеткілікті. Елбасының бір сөзінде: «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың заң жүзінде құқықтар мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеяларына негізделген», - деп атап көрсетті. Тек адам тағдырына байланысты күрделі мәселелерді тұжырымдауда селқостық жасамасақ болғаны. Өйткені аз болса да заңдарымызда кемшіліктер жоқ емес. Дегенменде, адамға байланысты оның құқықтық жағдайын анықтайтын құқықтық нормалардың маңызы өте зор. Әсіресе, Қазақстан Республикасының Конституциясында (1995ж. ) белгілеген азаматтылық, адам мен азаматтың құқықтық жағдайының конституциялық принциптері, олардың негізгі құқықтары мен бостандықтары (азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени), конституциялық міндеттер. Бұл адамның құқықтық жағдайының басты элементі, ядросы.
Адамның қоғамдағы алатын орнын анықтауда мынадай принциптер ерекше рөл атқарады:
- заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігі (Қазақстан Республикасының Конституциясы 14-бап, 1-тармақ) ;
- конституциялық құрылыс негіздеріндегі принциптің бірі - Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы;
- негізгі құқықтар мен бостандықтардың ажырамайтындылығы және олардың заңсыз шектелінуіне тыйым салынуы (Қазақстан Республикасының Конституциясы 12-бап, 2-тармақ) .
Мұның өзі адам құқықтары мен бостандықтарының тізбегіне мемлекет кепілдік береді деген сөз. Бірақ та, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектеуі мүмкін. Осыған қарамастан, Конституцияның 10-(азаматтылық) ;
13-(құқықтық субъектілігінің қорғалуы) ; 14-(заң мен сот алдындағы теңдігі) ; 15-(өмір сүру құқығы) ; 17-(адамның қадір қасиетіне қол сұғылмайтындығы) ; 19-(ұлтын, партияны, дінін, әркімнің анықтауы және ана тілін т. б. таңдап алу құқығы) ; 22-(ар-ождан бостандығы) баптарында және 26-бабының 2-тармағында (меншік, мұрагерлік құқығының кепілдігі) көрсетілген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда шектелмеуі тиіс;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі;
5) Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдылығын мойындау (ҚР Конституциясы 4-бап, 3-тармақ) .
Жеке адам құқығы, еркіндігі және міндеттерінің проблемалары жөнінде Қазақстан Республикасының Конституциясының халықаралық құқықтық жұрт таныған принциптері мен нормаларынан сәл де болса қалыс қалып қойғандығы сезіледі. Оған дәлел, еліміздің Ата заңының 4-бабына қарасты 3- тармағы, онда: «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдылығы болады және халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдылығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдай дан басқа реттерде, тікелей қолданылады», - делінген. Ал бекітпесе ше? Бұл жағдайда осындай құжаттардың біздің елімізде заңдық күші болмайтындығы белгілі. Мұның өзі сайып келгенде, қазіргі кездегі мемлекетіміздің адам құқығы саласындағы саясатына сай келмейтіндігін аңғартып тұр. Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасының көптеген шетел мемлекеттерімен тығыз байланысы адам құқығының әрқилы жақтарын реттейттін көптеген халықаралық шарттарға қосылуына өз септігін тигізетініне сөз жоқ. Әсіресе, әйелдерге, нәсілдік құқықты шектеушіліктің барлық нысанын жою туралы, қинауға және адамдарға жат немесе қасиетке кір келтіретін жазалаудың басқа да хайуандық түрлеріне қарсы конвенцияларды, басқа құқықтары, босқындар мәртебесі туралы, т. б. халықаралық актілерді мойындап қана қоймай, бұларды өз Ата заңымызбен сәйкестендіру мәселесі заңгерлеріміздің ойларынан қалыс қалмауы тиіс. Біздің ойымызша, халықаралық құқық нормалары мен жалпыға танымал принциптерін Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға мезгіл жетті ғой деп ойлаймыз. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясының кейбір тұжырымдамаларын (айталық, 4-бап, 3-тармақ, 12-бап) жоғарыда айтылғандармен толықтыруымыз қажет. Өйткені, мемлекетіміздің ең жоғарғы мақсаты - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандақтары қамтамасыз етіліп, оларға кепілдік беру болатыны болса, онда бұларды халықаралық шарттарға, пактілерге және конвенцияларға сәйкестендіріп қолдануымыз қажет.
Еліміздің Ата заңының 4- бап, 4- тармағындағы екінші сөйлемінде «Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады», - делінген. Демек, осыған байланысты жарияланбаған құқықтық актілердің заңдық күші болмайды және оларды қолдануға тыйым салынады, -деген сөз. Олай болатыны болса, Бұл тұжырымды еліміздің Конституция мәтініне енгізуімізге неге болмайды?
Еліміздің Ата заңында мынадай тұжырым бар: «Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген бір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар» (21-бап, 1- тармақ) . Ал, егер мұны Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясымен салыстырып қарасақ, онда, әрине, «заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде»- деген қыстырма сөздер жоқ. Демек, мұның өзі қандай да бір болмасын адам құқығына шектеушілік жасалғандығын көруге болады. Әрине, бұл қыстырма сөздің Ата заңның мәтінінен алынып тасталмауы шетелде жүрген қазақтардың өзінің байырғы еліне қайтып оралуына кедергі келтіретіні сөзсіз. Осының салдарынан еліміздегі оралмандарымыздың Қазақстан азаматтығын дер кезінде ала алмай жүргендіктерін білеміз. Оның басты себебі- тіркелу мәселелерін туындайтын кедергілердің болуы әрі, Ата заңымыздың 10-бабының 3-тармағында «Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды», - деген тұжырым кері әсерін, әсіресе, оралмандарға тигізіп тұр. Демек, Қазақстанда қос азаматтық жоқ, оған тыйым салынады деген сөз. Бірақ мұның өзі оралмандарға емес, тек Қазақстан Республикасының азаматына қатысты. Сондықтан, оралмандарымызға кетер кезде өздерінің тұрғылықты тұрған елдің азаматтығынан шықпаса да Қазақстан Республикасының азаматтығын беруге кедергі болмауы тиіс. Мұндай жағдайларда біздің елімізде қос азаматтық уақытша болса да танылуы керек.
Адам тағдырына байланысты тағы да Қазақстан Республикасының Конституциясының тұжырымдарына көз жіберелік. Оның 32-бабында: азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығы сөз етіледі. Әрине, бұл Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясына сай келеді. Бірақ та бұл тәртіптің іс жүзінде орындалуы тәжірибе көрсеткендей оңайға соқпайды, өйткені, аталмыш баптағы құқықты пайдалануға мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адам дардың құқытары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектеулі деген түсініктеменің берілуі тіпті тегін емес-ті (32-бап, 2-тармақ) . Жоғарыда аталған Декларацияда мұндай тіркес сөздер жоқ. Сөйтіп, осы баптың 1-тармағын жүзеге асыру жолындағы оның екінші тармағы бірден бір елеулі кедергі болып саналады. Мұның өзі, көріп отырғанымыздай, қоғамдық үрдіске деген құқықтың өзі Ата заңымыз бен басқа да заң актілерінде жеке дара аталмайды да, билік етуші құрылымдар, оның ішінде құқық қорғау органдары тарапынан оған айбатты қарау мен өзім білемділікке салынудың алғы шарттарын байқатады. Демек, конституциялық тәртіпті бұзбайтын қоғамдық қарсылық оқиғаларын, заңи бейберекетсіздік деп қарауға болмайды. Тіпті тоталитарлық режим кезінде де Конституция шегінде адам құқығына байланысты шектеулер қойылмаған-ды. Мысалы, 1926 жылғы Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы Конституциясында еңбекшілердің жиналыстар, митингілер, т. б. бостандықтары шынайы болуы үшін, азаматтардың құқықтарын тани отырып, оларға жиналыстар, т. б. ашу үшін жарамды бөлмемен қамтамасыз етілуі көзделген (2-бөлім), «Жалпы ережелер», (1-тарау, 6-тармақ) ; 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясында да дәл осындай жазулар бар: 102-бапта: «Еңбекшілердің мүдделеріне сәйкес және социалистік құрылысты нығайту мақсатымен, Қазақ КСР азаматтарына:
а) сөз бостандығын;
б) баспа сөз бостандығын;
в) жиналыс және митингі бостандығын;
г) көшеде топ құрып жүру, демонстрация жасау бостандығын заң қамтамасыз етеді.
Азаматтардың бұл құқықтарын еңбекшілерге және олардың ұйымдарына, баспаханалардың, қағаз қорларының, қоғамдық үйлердің, көшелердің байланыс құралдарының және осы құқықтарын іске асыруға қажетті өзге де заттық жағдайлардың берілуін қамтамасыз етіп отырады», - делінген; 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясында : «Халық мүдделеріне сәйкес және социалистік құрылысты нығайтып, дамыту мақсатында Қазақ КСР-і азаматтарының сөз, баспасөз бостандығына, жиналыстар, митингілер өткізу, көшеде шеру тарту және демонстрация бостандығына кепілдік беріледі. Бұл саяси бостандықтардың жүзеге асырылуы еңбекшілер мен олардың ұйымдарына қоғамдық үйлер, көшелер мен алаңдар беру, информацияны кеңінен тарату, баспасөзді, телевизия мен радионы пайдалану мүмкіндігі арқылы қамтамасыз етіледі», - делінген (48-бап) ; 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында да осындай жазулар бар: «Республика азаматтарының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар бостандығына кепілдік беріледі» (15-бап), «Республика азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін ерік-жігерін ықтиярымен білдіруі және мүдделер ортақтығы негізінде қоғамдық бірлестіктер құруға құқылы», - делінген (16-бап) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz