Тура салықтар - салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақстанның Республикасының салық жүйесі
2. Салықтардың өз уақытылы есептелуінің және бюджетке аударылуының
дұрыстығын тексеру
3. Салық бақылауының мәні және міндеттері, оның құқықтық реттелуі
4. Салық органдарының бақылау-экономикалық жұмыстарының түрлері мен
тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ұйымдық-құқытық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен
заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімді бюджетке
төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады, олар
мемлекетпен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі
болып саналады.
Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен
саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық
құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың
шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны
нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың
түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен
және функцияларымен айқындалады. Адамзат дамының бүкіл тарихы бойына салық
нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің қажеттіліктері
мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар- ақша қатынастарының ахуалына
әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Бұл
К.Маркске сол кездегі капиталистік қоғам салықтарының мәнін былайша
білдіруге негіздеме берді: Салық- бұл меншікпен, тбасымен, тәртіппен және
дінмен қатар бесінші құдай; одан әрі: Салықтарда мемлекеттің экономикалық
тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады. Мемлекет құылымының өзгеруі,
өркендеуі әрқашан салық жұйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса
жүреді.
Салықтар мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке
тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон
салықтарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды және өзге міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы
әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.
Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда
болатын жаңылыстарды өшіруді және экономикалық субъектілер қызметін
ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді.
Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама ғасыр өмір сүреді
және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың қағидаттары мен әдістерін, яғни
салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал қазына көптен-көп кіріс алу үшін
салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестіреді.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі
қағидаты қалыптасқан;
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) қайыр көрсету (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Бірінші жағдайда салық субъектілері салықтарды мемлекеттен алатын
пайдалары үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім едәуір пайда алған
болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс,
яғни кімде-кім едәуір пайда алған болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға
қажетті салықтар төлеуі тиіс деп топшыланады.
Сонымен бірге бұл тұжырымдаманы жалпылама қолдану белгілі бір
қиыншылықтармен байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз
денсаулыққа, білім беруге және т.б. жұмсаған шығындарынан әрбір салық
төлеуші іс жүзінде қандай жеке пайда және қандай мөлшерде алатынын дәл
анықтау мүмкін емес.
Екінші қағидатқа сәйке қайыр көрсету субъектілер үшін қолайлы
болаиындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты
табыс пен әл-ауқатқа байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді:
жоғары табыстары бар жекелеген адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар
табыстары аздарға қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда
неғұрылым жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп салықтар ұщырататан табыстар алу
кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес
салықтардың бөліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйке
заңи және жеке тұлғалар алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар
төлеулері тиіс.
Шотланд экономисі және философы А.Смит кез келген экономикалық жүйеге
қажет салық салудың төрт негіз қалаушы (классикалық болған) қағидаттарын
тұжырымдаған еді, олар мынаған саяды:
1) салық салу төлушінің әрқайсысының табысына сәйке алынуы тиіс
(әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы
керек (анықтылық қағидаты);
3) әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен
алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұдан басқа, салықты төлеудің тәсілі салық төлеушінің ұғу үшін
түсінікті болуы тиіс, салық объектісінің қос салық салудан қорғанышы болуы
тиіс.
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық- зомбылықты жоқ етті,
бұл үдеріске реттелмеуді енгізді және А.Смитке салық- оларды төлейтіндерге
құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны деп қорытынды жасауға
мүмкіндік береді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың
тұжырымдамалары нақтыланды, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.
1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) деңгейлес теңдікке жету салық төлеушілердің табыстарына тең
жағдайда біркелкі салық салынады;
ә) сатылас теңдікті сақтау- жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша
сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті
болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтығы- алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың
мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді
бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
5. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың
жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы
тиіс.
6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен
салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке
төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың
айқындығы, әділдігі, салық жұйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының
жариялығы қағидаттарына негізделген.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық
көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер айқын болуға
тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері
туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін
салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық
төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік- құқықтық актілер ресми
басылымдарда міндетті түрде жариялауға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан
алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен
салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі
міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Осыларға сәйкес қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта
бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы
категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фиксалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның
көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық
міндеттерін арттыра түседі.
Салықтардың реттуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің
ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына
қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі
мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы
ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқалы анықталады, ол ұлттық
табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді.
Салықтардың аталған функциялары олардың әлеуметтік-экономикалық мәні
мен мазмұнын толық аша түседі. Жалпы қаржы категориясы болып табылатындығын
есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардңы функцияларын
қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде
қарастырған жөн.
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның
оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен
міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Қазақстанның Республикасының салық жүйесі
Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте
алынатын салық түрлерінің, оларды құрудың және алудың нысандары мен
әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық
жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды
құру мен алудың нақтылы әдістерін белгілейтін, яғни салықтардың нақтылы
элементтерін анықтайтын тиісті заңнамаларға негізделеді.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы
басқарудың әкімшіл- әміршіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге
сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің
бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда мен көтерме сатып алу
бағаларын және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан
егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар
заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық
жүйесі жұмыс істей бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,
салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген
алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен
бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық
жүйесі мен салық заңнамасын бірте- бірте халықаралық салық салу
қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және
бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің 24-
інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді
бұрынғы 43 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11
болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы шілденің 16- сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң
мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және
Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар
негізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық
жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір
күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі
қағидаттар бойынша жіктеледі:
салық салу объектілері бойынша;
салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға
қарай;
пайдалану тәртібі бойынша;
объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтарды салу объектісі бойынша салықтар тура және жанама болып
бөлінеді.
Тура салықтар - салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген
салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтар жіктеледі. Нақты
салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй,
жер, кәсіп, ақша капиталы және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар- бұл
жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар.
Нақты салықтардан айырмашылығы- жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке
табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар - бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген
салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Жанама салықтарға қосылған құн салығы, акциздер жатады. Жанама салықтарға
сондай- ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары
түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден
кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық
құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды
саналы қолдану баға белгілеудің үдерісіне жағымды ықпал жасауы және
тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің
тарифіне) қосылатындығында, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты
тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет
арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпы
мемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты
(арнаулы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерге шоғырландырылады және
жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты
(арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы, зейнетақы
төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар
және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар
төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан
алынады.Тұтынуға салынатын салықтар- бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуді
тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау амалдарына
қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық
төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік
негізінде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу
объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,
мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесін негізінде
жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді,
шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар
салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне
сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс
салығын, көлік құралдары салығын және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық
режімін қолданатын заңи тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша
мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін
береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрлыс материалдарын сатып
алуды іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке
тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі
шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген
адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс
етеді.
Әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының жұмыскерлері жеке табыс
салығы бойынша мағлұмдаманы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген
тәртіппен ұсынады.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген
мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлкеттік орган
салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға
құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұжымның, мекеменің
бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне
берілетін патент негізінде төленеді. Патент- арнаулы салық режімін қолдану
құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын
құжат.
Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет
көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу
мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына
қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске
алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық
службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері
қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі- салық төлемдері
жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл
айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Салықтардың өз уақытылы есептелуінің және бюджетке аударылуының
дұрыстығын тексеру
Тікелей кіріске, мүлікке немесе басқа да бір салық төлеушінің іс-
әрекетіне белгіленген тікелей салықтардың жанама салықтардан
айырмашылығы—жанама салықтар пайыздық немесе саналық үстемақы ретінде
бағаға қосылады .
Қаржылық қатынастың тікелей сипатына 2 түрлі субъект қатысады: бір
жағынан мемлекет, ал екінші жағынан мемлекеттік қазнаға тікелей салық
салатын төлеуші.
Жанама салық салу кезінде салық жүиесінде, негізгі субъектілер арасында
делдал пайда болады. Ол мемлекеттен қазналық агент функциясы жүктеген
тауар сатушы болып табылады.
Жанама салықты өнімді тұтынушы төлегенімен ( жұмыс, қызмет көрсету),
қазналық агент салық санасын есеп айырысуға, ұстап қалуға және аударуға
міндетті. Салық органдарының қадағалау объектісімен, жанама салық
төлеушілермен орындайтын бұл мән-жайда кәсіпорын жасайды.
ҚҚС (НДС) есеп айырысуының құжаттық тексерілімі ұйымдар мен
кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп талдау негізінде, бастапқы құжат
талдамасы мен жинақтамасы тіркелімінде жүргізіледі.
ҚҚС ( НДС) бойынша салық декларациясының барлық көрсеткіштері
тексеріске ұшырайды: өткізілген тауарлардың құны ( жұмыс, қызмет), салық
салынатын ҚҚС,ҚҚС саласы, аванс және алдын-ала төлеу мөлшері, өткізілген
тауар құны, салық салынбайтын ҚҚС.
ҚҚС бойынша есеп айырысу тексерісі кезінде азаймалы құжаттық бақылау
әдісі қолданылады: есеп беру көрсеткіштерінен талдамалы және жинақтамалы
есеп жинақтамалы есеп деректеріне және олардың жазбаларынан алғашқы
құжаттарына дейін.
Бұл алдын-ала талдау жасау негізінде есеп жазбалары мен алғашқы
құжаттарды егжей-тегжейлі зерделеп алуға, ықтималды бұрмалаушылыққа көңіл
бөліп, бақылауды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп деректерімен, ҚҚС салық декларациясы бойынша тауар
өткізуде, тізбе сәйкестігі бойынша, салық салынатын айналым ең бірінші
тексеріске ұшырайды.
Тексеруші өткізілетін тауарлар бойынша , барлық айналымның салық есебіне
толығымен қосылғанын тиянақты түрде тексеруі керек.
Салық тексерісінің келесі кезеңінде тіркелім есебі жазбаларының
толықтығы, есеп айырысу шотының көшірімі мен оларға қосымша қосылған
құжаттар бойынша , кассалық кітаппен ақша қаражаттарын қолма-қол есеп
айырысулар, шоттар, көретілген ( немесе төленген ) сатып алушылармен
қабылданған кіріс ордерлары бойынша салыстырылып тексеріледі.
--Егер кәсіпорын таңдаған ақша –қаражаты есеп- айырысу шотына немесе
кассаға өткізіліп түскен сәттен басталса, онда өткізілген өнім (жұмыс ,
қызмет) қазындық түрде, талдамалы есепке 16 а ( өнімді өткізу мен
материалдық құндылықтардың тізімдеме есебі) тізімдеме түрінде жүргізіледі.
--егер өнім тиелген уақыттан бастап өткізілу анықталса, онда талдамалы
есепте тізімдеменің 19 талдамалы мазмұны қолданылады. Сонымен қатар, 17
тізімдемеде көрсетілген Жоспарлы төлемдер тәртібі ретінде өнімді өткізу
тізімдеме есебі деректері тексеріледі.
Бұл тіркеулер, кәсіпорын ұйым есебінің есепшілік журнал-ордерлі нысанын
қолданған кезде тексеріледі.
Басқа нысандарда ұйлесімді жинақтаушы тіркелімдер немесе есептің жай
нысанының шаруашылық операция есеп кітабы тексеріледі.
Тексерушінің қадағалайтыны: есептеу құжаты негізінде, талдамалы есепте (
төлем топ сырмалары, реестрлер, чектер), жеке бағанда ҚҚС санасы бөлінуі
керек, сонымен қатар , айна лымжеңілдіктерін қоспағанда, ақшалай түсімнің
әр- қайсына ҚҚС санасы сәйкес келуі керек.
Егер ақшалай түсім санасында ҚҚС жоқ болса,онда оның себебін анықтау
керек.
Құжаттық тексеріс кезінде мыналарға мән беру керек:есеп-айырысу шотына
өткізілген тауарлардан (жұмыс, қызмет) ақшалай түсім ғана түспенді, сонымен
қатар, түсімге ешқандай қатынасы жоқ болса да қаражаттар түседі.
Осындай салалардың тексерісі №2 ведомостында, дебет бойынша 441 шоттық
есеп айырысу шотында жасалады.
Өткізу шоты бойынша қандай ақшалай сананың түскендігі, банк мекемесінің
есеп айырысу, валюталық немесе ссудтық шоттың қандай шотпен
сәйкестендіретіні және нақты ақшалай түсім емес екендігін анықтау керек.
Салық төлеушілірдің кассалық және банктік
операцияларын тексеру.
1. Салық төлеушілердің банктік және кассалық операцияларын тексеру.
Ақшасыз және қолыма-қол ақшалай қаражаттармен жасалатын операцияларды
тексерудің мақсаты болып мыналар саналады.
1-шіден, кәсіпорын түсімдерінің сомасын анықтау, яғни сол кәсіпорында
бекітілген тауарларды өткізу кезеңін анықтау, тәртібіне сәйкес түсімдердің
есеп регистрлеріне толық және уақытылы тіркеліп отырылуы жағынан.
2-шіден, салықтық есептеумен байланысты құжаттармен бекітілмеген,
сондай-ақ, бұрыс немесе жартылай есептелінген шаруашылық операцияларды
анықтау.
3-шіден, қаржы-шаруашылық қызметінің ерекшеліктерімен жалпы танысу,
яғни оның табыс және шығыс бөліктерін анықтау, оларды салық салудың белгілі
бір мақсаттары бойынша алдын-ала жіктеу.
Кассалық операцияларды тексеру барысында қолма-қол ақша беру және
қабылдап алу құжаттары, кассалық кітаптар, есеп жүргізу регистрлары 441-ші
касса шоты бойынша қолданылады.
Заңға сәйкес, барлық кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша
басқа мекемелермен ақшасыз есеп айырысуды банк мекемелері арқылы жүзеге
асырып отырулары қажет.
Есеп айырысуды қолма-қол ақшамен жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорында
касса болуы қажет және бұл кәсіпорын бекітілген форма бойынша кассалық
кітап жүргізу керек. Кассаға қолыма-қол ақшаның түсуі қабылдау ордерімен,
ал ақша қаражаттарын беру шығын ордерімен құжатталады.
Тексеру барысында кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінде түскен
қаражаттардың толықтығына аса көңіл аудару қажет, өйткені, қолма-қол есеп
айырысу салық төлеуден жасырудың ең қарапайым және кең таралған жолы болып
табылады.
Эксперттік талдауға жүгінсек, барлық салық түсімдерінің сомасына
шаққанда, жасырын салықтар олардың 20пайызын құрайтынын көреміз. Сондықтан
да, кассалық құжаттарды тексеру үш әдіспен де бірдей жүргізіліп отыруы
қажет, яғни, қағаз жүзіндегі, арифметикалық және логикалық.
2. Тексеру барысында келесі әдістемелерді қолдануға болады:
1. кассалық кітапты жүргізудің дұрыстығын бақылау.
Әрбір мекемеде номерленген және шнурланған және сургуч немесе қара май
мөрімен жасалған бір ғана кассалық кітап болу керек: кітаптағы беттердің
саны кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтердің қолымен бекітілуі тиіс.
Табысты жасыру мақсатындағы есептіңекі жүйесінің параллельді жүргізілуін
алдын-алу мақсатында кассалық кітаптың және кассир жүргізетін есептердің
ұқсастығын тексерген жөн.
2. Қолыма-қол ақша операцияларының заңдылығын тексеру.
Егер кәсіпорын тұрғындарымен есеп айырысуды жүргізсе, онда қолыма-қол
ақша кассалықбақылау машиналарын (КБМ) қолдана отырып қабылданады бұл
қауылым кәсіпорындарға, ұйымдарға, соның ішінде заңды тұлға емес
кәсіпорындар мен ұйымдарға және бекітілген тәртіп бойынша тіркелген
кәсіпкер – азаматтарға қолданылады.
КБМ-ды тек сауда операцияларын немесе қызмет көрсетуді іске асырғанда
ғана қолданылады. Азаматтар мен басқадай келісім-шарт қатнас түрлері
(мысалы, несие келісім-шарты немесе қайтарымсыз беру) КБМ-ның міндетті
қолдануын қажет етпейді.
КБМ-ді қолдануға болатын жағдайлар:
А) чектер мен квитанциялар берілген кезде;
Б) кейде аз көлемде бөлшек сауда кезінде;
В) үйде жасалатын кішігірім жөндеу;
Г) жергілікті органдармен анықталатын алыс жерлерде орналасқан
кәсіпорындар.
Лауазымды тұлғалар салық органдарына түсіндіру құжаттарын беретін
бухгалтердің және материалды жауапты тұлғаның көзінше тексерулерді жүргізу
міндетті.
КБМ-сыз жүргізілген есеп айырысу құжатты түрде мәлімденуі қажет .
Бақылау нәтижелері бойынша лауазымды адамдар айқындалған заң
бұзушылықты көрсетіп, актіні жасайды. Көрсетілген әрбір заң бұзушылық
бойынша тексеру актісінде кейбір заңдар мен нормативтік құжаттарды
бұзуларды көрсететін мәліметтерге сүйене отырып оның мағынасын толық және
нақты түрде айқындау керек. Актіде күні, уақыты және құрастырылуы мекені
көрсетілуі қажет. Актіде тексеруді жүргізген салық органының лауазымды
адамның, тексеруге қатысқан адамдарының, кәсіпорынның басшысы мен бас
бухгалтердің (кәсіпкер-азаматтарының) қолы қойылуы қажет.
Кәсіпорынның өкілетті адамдары актіге қол қоюға міндетті және
қарсылығын жазуға ерікті.
Тексеру актінің нәтижесінде салық инспекциясының басшы айып
санкцияларын қолдану және айқындалған заң бұзушылықты жою туралы шешімді
қабылдайды. Айып санкциялары 10күн мерзімінде бюджетке төленбеген
жағдайында салық төлеушінің банкісіне инкассалық тапсырыс беру арқылы қатаң
түрде алынады.
Жоғарыда айтылған тәртіп тек тұрғындар мен есеп айырысуларға ғана
қатысты. Ал заңды тұлғаны құрастыруынсыз тіркелген кәсіпкерлер арасында,
заңды тұлғалар арасында, сонымен қатар заңды тұлға мен кәсіпкер арасында
КБМ-ның қолдануы міндетті емес.
Өзара бақылау арқылы бір нақты немесе бірнеше операциялар бойынша
әртүрлі құжаттарды салыстыру.
Есеп беру процестерінің бір-бірімен байланыстылығы әр түрлі
құжаттарда бір ғана шаруашылық қызмет туралы ақпараттарды салыстыруға
мүмкіндік береді. Мысалы: түскен түсім сомасын тауар-көлік накладной
бойынша жөнелтілген тауарлар құнын салыстыруға, сатып алушылармен тапсырыс
берушілермен есеп айырысу схемасын талдауға, келісімдердің шарттарын және
олардың нақтылы орындалуын зерттеуге болады.
3. Әдетте, түскен түсімнің толықтылығын тексеру үшін төмендегідей
құжаттар қажет:
1. Тауарларды жіберу накладнойы;
2. Хаттар, келісім-шарттар, басшының бұйрығы, осы құжаттар негізінде жіберу
накладнойлары дайындалады;
3. Келісім-шарттың, әсіресе төлем шарттарының өзгеруін куәләндыратын
хаттар мен басқа да құжаттар;
4. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалардың куәлігі.
Лауазымды тұлғалардың бастамасымен жасалған құжаттардың жинау
бейімділігі бар, шаруашылық қарым-қатнастардың жүйесін, кәсіпорынның ішкі
айналымын және жауапкершілік жүйесін нақтырақ көрсетеді. Сондықтан дәлелді
күші жоқтығынан оларды тек қана айқындалған заң бұзушылықты бағалау үшін
пайдаланады.
Ресми және ресми емес түрде есеп беру мәліметтерін салыстыруға,
олардың арасында қайшылықты және пайда болу себептерін анықтауға ерекше
назар аудару керек.
Таблицаны қарастырайық:
Өткізу туралы бухгалтерлік және алғашқы жазуларды салыстыру
Көрсеткіштер Ресмей емес Ресми мәлімет Қайшылық (+-)
мәлімет
1 тауарлардың 1сорт 1сорт 11сорт
қозғалысы саны 10+10
(т.т) 20 20
Бағасы (мың тг.) 20,0 20,0 15,0
Сомасы (мың тг.) 400,0 200,0+150,0=350,0 -50
11. аұшаның
қозғалысы алынған
(мың тг) кассаға 400,0 350,0 -50
тапсырған (мың тг)
400,0 350,0 -50
Материалды жауапты тұлғаның ресми емес беру жазуларынан өткізуге
арналған 400,0 мың теңге 1 сорт 20 (т.т) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz