Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы түсінігі, ұғымы, құрылымы
2.2ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйесі, мақсаты, қайнар көздері,

нормалары,
2.3Қылмыстық іс жүргізу заңы оның қолдану аясы.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қылмыстық іс жүргізу құқығы толып жатқан түрлі жақтарды жай-
жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды сан мағыналы құбылыс. Оны қылмыстық
процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық
істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-
шартты жүйе деп түсінемін. Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы жағынан
Жалпы және ерекше бөлімдерге бөлінеді. Жалпы бөлім қылмыстық іс жүргізудің
құқық жүйесіндегі мақсаттары, міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан
оның тұжырымдамасын айқындайтын негізгі , принципті түрде маңызды және
елеулі ережелерді ашып көрсетуге арналған. Ал ерекше бөлімде ортақ
мақсаттағы бірқатар істердің ұғымдары түрінде, яғни , белгілі бір іс
жүргізу әрекеттерінің тәртібі мен дәйектілігі туралы нақты құқықтық
ұйғарымдар түрінде өз дамуын табады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаты- әділ соттың жүзеге асуын қамтамасыз
ететін қажетті іс жүргізу жағдайларынтуғызу болып табылады. Сонымен қатар
бұл құқықтың қайнар көздері бар және өзіндік біркелкі жүйесі қалыптасқан.
Құқық пен заң арақатынасын байланыстыратындай қылмыстық іс жүргізу
құқығында қылмыстық іс жүргізу заңы оның құрамдас бөлігі ретінде
қалыптасады.
Осы аталған жайттар жөнінде төменгі беттерде толығырақ қамтылмақ.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы түсінігі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы толып жатқан түрлі жақтарды, жай-
жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр-
түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі
көзқарас қылмыстыұ іс жүргізу құқығын ережелер нормалар заңында
көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу
мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті
реттейтін әлеуметтік- шартты жүйе деп түсіну.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді элементтерден
қалыптасады:
-бұл дербес құқық саласы:
-іргелі сала, яғни ұлтық құқық жүйесіндегі негізгі, басты
салалардың бірі болып табылады;
-өз ішіндегі ғылыми теорияны нормалар түріндегі нақты іс жүргізу –
құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот ісін
жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген
түсініктемелерді негізге ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау
қажет:
-өкілетті органдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі,
осы қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
-өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне
негізделген қызметі;
-олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың
барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін
ең елеулі болып табылатындары:
-қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының;
-қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;
-қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің арақатынастары.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі – адамның құқыққа қарсы
әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының
ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпалынан байқалады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен ажырағысыз
байланысты. Егер материалдық құқық – жасаған құқыққа қарсы әрекеттің мәнін
түсінудің кілті, әрекеттің саралау жүйесі болса, іс жүргізу құқығы - әрекет
жасау жағдайларын, кінәні және кінәлік дәрежесін анықтауға мүмкіндік
беретін жүйеленген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Егер қылмыстық құқық өзі реттейтін нәрсе деп мемлекет пен қылмыс
жасаған адамдар арасында пайда болатын іс жүзіндегі қоғамдық қатынастарды
санайтын болса, қылмыстық іс жүргізу құқығы реттейтін нәрсе қылмыстық
істерді қозғау, тергеу, қарау және шешу, сондай-ақ сот шешімдерін орындау
саласында пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Мұнымен бірге қылмыстық-құқықтық қатынастар пайда болатын сәт
субъективті сипатта және түгелдей қылмыс жасалған сәтке тәуелді болады. Ал
қылмыстық іс жүргізу қатынастары пайда болатын сәт материалдық қатынастар
пайда болатын сәтке байланысты және тиімді сипатта болады. Мұның өзі
материалдық (қылмыстық-құқықтық) қатынастар пайда болмайынша қылмыстық іс
жүргізу қатынастары пайда бола алмайды деген сөз.
Қылмыстық құқықтың қалыптасатын қатынастарын реттеуде өз құралдары
бар. Осы құралдар қатарына кіретіндері: Қылмыстық кодекс, Қазақстан
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық
жауаптылық туралы заңдары.
Қылмыстық сот ісінің жүргізу саласында пайда болатын қатынастарды
реттеу құралдары: қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу кодексі: Қазақстан
Республикасының прокуратура туралы, ішкі істер органдары туралы, сотта іс
жүргізу туралы, судьяның мәртебесі туралы заңдар және т.б.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы — толып жатқан түрлі жақтарды, жай-
жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр
түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі
көзқарас - қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында
көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу
мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті
реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну.
Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған
саяды: қылмыстық іс жүргізу құқығы - өз нормалары қылмыстык істерді
қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның
тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл
жағдайда пайда болатын қүқық қатынастары. Ал құқық саласы - өздері
реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық
нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында
қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады.
Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу
құқығы – қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын
ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарынын қылмыстық
іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау
және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқыктық нормалар жүйесі деп
белгіленген.
Осы анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлдебір жақты
жеткілікті түрде терең ашып көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана
өтеді. Акцент таңдау нақты құкық мектебінің айқындамасына байланысты.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді
элементтерден қалыптасады:
- бұл дербес құқық саласы;
- іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты
салалардың бірі болып табылады;
- өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) нормалар түріндегі
нақты іс жүргізу-құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану
қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге
мүмкіндік береді.
Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған (сыртқы және ішкі) құрылым тән
қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді.
Қылмыстық іс жургізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді
негізе ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет:
- өкілетті органдардың қызметін реттейтін құкықтық нормалар жүйесі,
ол қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
- өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне
негізделген қызметі;
- олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың
барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде құқықтық реттеу әдісі елеулі
орын алады. Өз реттеу әдісінің болуы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізу
құқығы дербестігінің аса маңызды белгілерінің бірі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіндегі орнын анықтау
оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен ара қатынасы
айқындалғанда ғана мүмкін болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін
ең елеулі болып табылатындары:
а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының;
ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;
б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің ара
қатынастары.
Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну
үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығымен, криминалистикамен,
криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен,
сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор
маңызы бар.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі — адамның құқыққа қарсы
әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының
ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпалынан байқалады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы - өзге кұқық салаларымен міндеттер мен
принциптер ортақтығы, ішкі үйлесімділік пен ізгілікті бағыт біріктіретін
біртұтас, өзара байланысты құқық жүйесі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының құрылымы.
Құрылым деп қандай да бір біршама тұйық жүйенің құрамдас
бөліктерінің өзара орналасуы мен байланысын, оның ішкі құрылысын түсіну
қабылданған. Қылмыстық іс жүргізу курсының бағдарламасы, оның құрылымы мен
ішкі өзара тәуелді логикасы - тұтас алғанда қылмыстық сот ісін жүргізудің
мәні мен мазмұнын айқындайтын, өз алдына нормалар жиынтығы болып табылатын
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымымен байланысты. Аталған логикаға
осы оқулықта баяндалатын курстық құрылымы да бағынышты.
Сонымен бірге бұл - дәйектіліктің таза сыртқы сипаты бар қылмыстык іс
жүргізу нормаларын дәйекті түрде (Кодекстің басынан аяғына дейінгі
баптарының түгін қалдырмастан оқып үйрену арқылы қол жеткізілуі мүмкін)
қылмыстық іс жүргізу құқығының мәнін пайымдау, түсіну дегенді білдірмейді.
Сөз болып отырған жағдайда логикалық, ұғымдық, мәнділік дәйектілігі
сақталуға тиіс. Қозғалыс қарапайымнан күрделіге, механикалық дәйектілікпен
өрбитін логикалық дәйектілікті толық сайма-сай келтірудің мүмкін еместігі
кез келген салалық заңдардың ерекшелігі болып табылады. Бұл белгілі бір
ұғымды ашып көрсетуге кірісе отырып, біздің ҚІЖК-нің тарауларындағы
баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті құқықтық негізді құрайтын,
түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды мысал ретінде алатынымызды
білдіреді.
Алайда дәйектілікті осылай түсінудің өзі қылмыстық іс жүргізу
қүқығына қатысты мынадай жағдайларды ескерместен толық бола алмайды. ҚІЖК-
індегі нормалардың орналасу құрылымы бұрын да айтқанымыздай қарапайымнан
күрделіге өрбитін қозғалыс принципіне негізделген, оның мағынасы мынадай,
әрбір келесі норма оның алдындағы ұйғарым иерархиясына байланысты болады не
одан тікелей туындайды, ұйғарымды әлдеқандай нәзік деңгейде дамытады және
нақтылайды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының оқу курсының түзілімі үшін саланың
ішкі логикасы айқындауыш болып табылады. Ал айталық ҚІЖК-іне берілетін
түсініктерді құру үшін нормаларға, дәлірек айтқанда олар Кодексте қалай
орналасса, сол тәртіппен түсінік берілетін басқаша тәсіл орынды. Ескі
көзқарасты да үйлестіру (сыртқы және ішкі) оқу курсының құрылымына тән және
қылмыстық іс жүргізу құқығы академиялық курсының мақсаттары мен
міндеттеріне анағүрлым толық жауап береді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы жағынан Жалпы және Ерекше
бөлімдерге бөлінеді. Мұндай бөлудің екі ұдай сипаты болады. Бір жағынан
Қылмыстық іс жүргізу кодексі құрылымының ерекшелігін білдіреді, мұның өзі
қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымынан тар. Екінші жағынан мұндай саралау
әдістемелік тұрғыдан орынды.
Жалпы бөлім қылмыстық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі мақсаттары,
міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан оның тұжырымдамасын айқындайтын
негізгі, принципті түрде маңызды және елеулі ережелерді ашып көрсетуге
арналған. Жалпы бөлім құқықтың қызмет түрі мен саласы ретінде қылмыстық іс
жүргізудің мәні мен мазмұнына тұтас түсінік береді. Жалпы бөлімнің
тұжырымдамалық ережелері Ерекше бөлімді құрудың іргетасы және әділ сот
мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді
түсінудің кілті болып табылады.
Жалпы бөлімде қаланған категориальдық, институционалдық ұғымдар
Ерекше бөлімде ортақ мақсаттағы бірқатар істердің ұтымдары түрінде, яғни,
белгілі бір іс жүргізу әрекеттерінің (операциялардың, рәсімдердің) тәртібі
мен дәйектілігі туралы нақты құқықтық ұйғарымдар түрінде өзінің дамуын
табады.
Сонымен, Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдері
өзара тек пен түр ретіндегі қатынасын, тектік басталуы (анағұрлым кең
ауқымды, жан-жақты қамтитын) Жалпы бөлімге тиесілі болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы жөне Ерекше бөлімдерінің
біртұтастығы қылмыстық іс жүргізу заңдарының мәні мен мазмұнының
біртұтастығымен, әр түрлі деңгейде болғанымен екі бөліммен де реттелетін
тәсілдер мен әдістер арқылы қол жеткізілетін және шешілетін мақсаттар мен
міндеттердің ортақтығымен алдын ала белгіленген.
Мұны мысалмен түсіндіріп көрелік. ҚІЖК-нің "Кылмыстық ізге түсу" атты 3-
тарауында іс жүргізу қызметінің түрі ретінде қылмыстық ізге түсу ұғымын
тұжырымдауға, материалдық-құқықтық негізге байланысты қылмыстық ізге түсуді
жіктеуге, қылмыстық ізге тусу функцияларын жүзеге асырудың сыртқы көрінісі
мен өлшемдерін белгілеуге және т.т. мүмкіндік беретін ортақ нормалар бар.
Осы тараудың өзегі "Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары"
атты 36-бап болып табылады. Сонымен, тарау мен ондағы бар баптардың
атауларының өзі, ұйғарымнамаларды баяндау сипаты осы тарауда қаланған
нормаларды қорытындылаудың деңгейі туралы баяндайды. Атап айтқанда 36-
баптың 1-бөлігінде былай деп жазылған: "Қылмыстық сот ісін жүргізу
міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзыреті
шегінде қылмыстың, белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын
белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға
заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз
адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті". Қылмыстық ізге түсу
процедурасын тікелей баяндау "Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс
жүргізу" атты 6-бөлімде дербес түрде баяндалған, дұрысын айтқанда осы сөз
болып отырған тұстан ҚІЖК-нің Ерекше бөлімі басталады. Баптардың қарапайым
тізбесі ("Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер", "Алдын ала
тергеудің міндеттілігі", "Алдын ала тергеу жургізудің басталуы", "Алдын ала
тергеудің аяқталуы", "Прокурордың алдын ала тергеу барысындағы
өкілеттіктері" және басқалары) Жалпы бөлімде бекітілген тектік ережелерді
терең түрде егжей-тегжей нақтылайды.
ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі басты, негізге алынатын ережелердің жиынтығын
білдіре отырып, Ерекше бөлім ауқымында қылмыстық іс жургізу тәсілдері мен
әдістерін құралдық тұрғыдан дамытуға арналған негізді құрайтын институттар
мен ұғымдардың тізбесінде қамтиды. ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі бес бөлімнен
тұрады, олар: 1. Негізгі ережелер; 2. Қылмыстық процеске қатысушы
мемлекеттік органдар мен тұлғалар; 3. Дәлелдемелер және дәлелдеу; 4. Іс
жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары; 5. Қылмыстық процестегі мүліктік
мәселелер. ҚІЖК-нің Ерекше бөлімі жеті бөлімнен тұрады: 6. Қылмыстық іс
бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу; 7. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу; 8.
Соттың занды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау; 9. Сот
шешімдерін орындау; 10. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау
жөнінде іс жүргізу; 11. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс
жүргізудің ерекшеліктері; 12. Айрықша іс жүргізу. Аталған бөлімдердің
әрқайсысы тарауларға бөлінген. Олардың ҚІЖК-ндегі саны - 56. Әр тарауға
баптар біріктірілген, олардың саны реттелетін құқықтық қатынастардың
көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Баптардың көпшілігі 1, 2, 3...
цифрларымен белгіленген бөліктерге бөлінеді және т.т.
Кодекстің құрылымы қылмыстық іс жүргізу құқығын құрылымдаудың негізі
болып табылады.
Сонымен бірге ҚІЖК мен құқықтың тиісті саласының құрылымдары толық
көлемде сәйкес келмейді, соңғысы мазмұны тұрғысынан әлдеқайда күрделі әрі
бай.
Құрылым сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуді реттейтін зандар
жиынтығындағы не Кодекстің бөлігіндегі нақты норманың орнын белгілеуді
білдіреді, мұның айта қаларлықтай әдістемелік және практикалық маңызы бар.
Біріншіден, бұл реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесінің иерархиясын
тәртіптеу үшін жағдайлар туғызады (мәселен, ерекшелігі бар қатынастарды
білдіретін ерекше іс жүргізу Жалпы бөлімде қаралмауға тиіс, бірақ бұл
орайда осы бөлімнің негізгі ережелері тұтас алғанда бүкіл сот ісін
жүргізуге тең деңгейде қолданылады). Екіншіден, орын нормативтік
ұйғарымдардың кезектілігін де білдіреді, өйткені кезектілік сақталмаса іс
жүргізу құбылыстарын түсінуде хаос тууы мүмкін (мәселен, қылмыстық іс
бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу туралы бөлім бірінші сатыдағы сотта іс
жүргізу туралы бөлімнің алдында болуға тиіс). Үшіншіден, қылмыстық іс
жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысты нақты көріністердің ережелердің
жалпы жинағындағы орнын білу тікелей іс жүргізу қызметінде уәкілетті
органдардың қажетті ұйғарымдарды таңдау кезінде практикалық дұрыс бағдар
ұстануына көмектеседі.
Бұрын қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының құрылымы құқықтың осы
саласының негізгі көзі ретіндегі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
құрылымымен өзара байланысты болады және бұл байланыс толық сәйкес келуді
білдірмейді. А. М. Лариннің пікірі бойынша ҚІЖК-нің құрылымын ішкі және
сыртқы деп саралауға болады. Ішкі құрылым дегеніміз - ҚІЖК-нің Жалпы және
Ерекше бөлімдерінің арасындағы, сондай-ақ бөлімдердің, тараулардың,
баптардың, бөліктердің және баптардың тармақтары арасындағы қатынастар.
КІЖК-нің сыртқы құрылымы дегеніміз - басқа заңдармен және осы сала мен
аралас салаларға жататын заңға тәуелді нормативтік актілермен, сондай-ақ
кешенді зандармен байланысты білдіреді. ҚІЖК-нің құрылымын осылай түсіну
курс құрылымын біршама күрделі деп есептеуге негіз береді. ҚІЖК-нің
баптарын нақты ұстану құқықтың саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу туралы
тұтастай түсінік бермейтіндігі бұрын да атап өтілген болатын. Мазмұны
жағынан да, құрылымы жағынан да күрделі болып келетін құқық саласы айта
қаларлықтай үлкен міндеттср ауқымын шешуге бағытталған. Оқу пәні ретінде
курстың құрылымы қылмыстық іс жүргізу құқығының құрылымдары арасында аралық
буынды иемденеді. Бұл тізілім оқу бағдарламасында көрсетілген.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы - білімнің, іргелі салаларына жататын
дербес құқық саласы. Бұл оның (құқықтың) өз жүйесі бар екенін білдіреді,
оның өзара байланыстары мынадай: I) құқық нормасының элементтері арасында;
2) құқық институттарына біріккен нормалар арасында; 3)қылмыстық процесс
құқығы саласының институттары арасында; 4) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен
құқықтың өзге де сабақтас салалары арасында:. Сонымен, қылмыстық. іс
жүргізу құқығы құрылымы сыртқы қасиеттерді көрсетсе, жүйе оның мазмұнды
жағын бейнелейді.Қылмыстық іс жүргізу құқығының іргелі салаларға
жатқызылуы олардың диалектикасындағы ішкі заңдылықтарды танып білуге, іс
жүргізу нұсқаулары логикасының ғылыми тұрғыдан әзірленуіне, нақ соған
(қылмыстық іс жүргізу құқығына) тән әдістер мен құралдар көмегімен құқық
қолдану практикасының, қажеттеріне ғана емес, сондай-ақ нақты құқық
қатынастарының даму дәрежесіне сай келетін іс жүргізу новеллаларын
конструкциялау мүмкіндігіне байланысты мақсаттар мен міндеттердің болуымен
айқындалады, бұл жердегі даму дәрежесі қоғамдық қатынастардың даму
дәрежесінің туындысы болып табылады. Қылмыстық процесті қызмет түрі ретінде
де, ғылым ретінде де, құқық саласы ретінде де дамытудың басты бағыттарын
таңдау өзіне негізделген қажетті теориялық база жасау іргелі білімдер
саласына жатады. Қылмыстық іс жүргізу құқығыньң іргелі сипаты оның өз
дамуында "криминалистика" сияқты қолданбалы саладан, "жедел-іздестіру
қызметі" атты қолданбалы ғылыми пәннен, қылмыстық. іс жүргізу заңынан озық
келе жатқанын білдіреді, ол теоретик заңгерлердің ғылыми болжам жасауы мен
доктриналық түсініктеме беруі (зандарды, құқық нормаларын түсіндіруі) үшін
бастапқы материал береді.
Құқық нормасының элементтері арасындағы, қылмыстық іс жүргізу құқығы
мен құқықтың басқа да сабақтас салалары арасындағы өзара байланыс
мәселелері тиісінше II бөлімде және осы бөлімнің §4-6 қаралатын болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесіндегі өзара байланыстардың екінші және
үшінші дәрежелеріне келетін болсақ, бұл жерде негізгі орын қылмыстық іс
жүргізу институты ұғымына берілген.
Қылмыстық іс жүргізу институты қатынастардың нақты саласын
реттейтін, тек сол қатынастарға тән ерекшеліктерді біріктіретін заң
нормаларының жиынтығы болып табылады.
Құқық институты — қоғамдық қатынастардың бір шама дербес жиынтығын
немесе олардың әлдебір құрамдас бөліктерін, қасиеттерін реттейтін өзара
байланысты нормалар жүйесі екенін негізге алатын болсақ, онда қандай да
болсын институттың мәнін түсіну құқықтың сабақтас салаларынан ғана емес,
сондай-ақ білімнің сабақтас салаларынан (мысалы, философиядан,
саясаттанудан, социологиядан және т.т.) бастау алатын ұғымдарға жүгінуді
қажет етеді. Қылмыстық іс жүргізу институттары ішкі құрылымдары бойынша
қарапайым институттан көп сатылы Институтқа дейін түрленеді. Құқық
институтының бірыңғай құрылымы жоқ және ондай құрылым орнатуға болмайды.
Сонымен бірге құқық саласының тұтастығы мен толықтығы, құқық нұсқамалары
жүйесінің ішкі қисындылығы мен үйлесімдігі туралы мәселенің шешімі құқық
Институттарының қандай дәрежеде әзірленуіне байланысты, оның өзі сайып
келгенде құқық қолданудың тиімді болуына әсер етеді.
Күрделі, көп сатылы құрылымы бар қылмыстық іс жүргізу институттарына
жататындары: қорғау институты, азаматтық талап институты, айыптау
институты. Олар ұғым, категория сияқты шағын элементтер жиынтығынан құралып
қана қоймайды, сонымен бірге қарапайым құрылымы бар өзге институттарды да
қамтиды.
Қарапайым құрылымы бар институттарға жәбірленуші сезікті, айыпкер,
азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куә, сарапшы, маман институттары
жатады. Осы институттардың ерекшелігі - олар іс жүзінде іс жүргізу құқығы
қатынастарын реттейді, ол қатынастардың сипаты сот ісіне қатысушы ретінде
сол тұлғалардың құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Құқықбұзушылық түсінігі
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары
Құқықбұзушылық және заңды жауапкершлік
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері
Пәндер