Тауарларды өткізу бойынша айналым



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері
2.2. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету
2.3. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
2.4. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу
2.5. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Қазіргі кезде халықаралық стандартқа сәйкес және экономикалық термин
ретінде "тұтыну салығы" деп аталып жүр. Кейбір дамыған мемлекеттерде
тұтыну салығы десе, ал бірқатар елдерде жанама салықтар ретінде
аталуда, қалай атасақта бұл салықтардың мағынасы мен мазмұны өзгермейді.
Сондықтан кейде қатар аталып, күнделікті тұрмыста қолданылуда.
Қосылған құнға салынатын салықты 1954 жылы М. Лоре (Франция) енгізіп,
айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеледі.
Бұл салық Франция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды. Кейін келе
Еуропалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғышарттардың
бірі болып саналды. Қосылған құнға салынатын салықты есептеу барысында
негізінен 4 әдіс қолданылады:
• тікелей аддитивті немесе бухгалтерлік;
• жанама аддитивті;
• тікелей шегерім жасау әдісі;
• жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу.
Аддитивті - қосу жолымен алынатын шама. Бірінші және екінші әдістер
балансқа негізделген, анығын айтқанда ол пайданы анықтау негізінде
есептеледі. Бірақ компанияның балансында жасалған мәмілелер жалпылама түрде
көрсетіліп, тауарлар түрлері бойынша жіктелмейді. Үшінші әдіс өндірілген
өнім құнынан жұмсалған шығындарды шегеріп тастағаннан кейін ғана салық
сомасы есептеледі. Бұл үш әдісті біртұтас салык ставкасын қолданған
жағдайда ғана пайдаланады. Ал тәжірибеде, негізінен төртінші әдіс кеңінен
тараған. Бұл әдіс арқылы дифференцияланған салық ставкасы мәміле жасалған
сәтте бірден қолданылады, сондай-ақ шот-фактураны толтыру арқылы жасалған
мәміле туралы, компанияның салық міндеттемелері туралы ақпарат алып отыруға
мүмкіндік туады.

2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері

Көптеген елдерде қосылған құнға салынатын салықтан экспорттық
операциялар, азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, кітап, газет-журнал
онімдері, пошта, сақтандыру, жолаушы тасымалдау қызметгері босатылады.
Тұтынуға салынатын салықтардың ішіндегі ең күрделісі – 1992 жылы
енгізілген қосылған құн салығы. Қазіргі кезде қосылған құн салығы Қазақстан
Республикасының бюджет кірістерінің ең негізгі кездерінің қатарынан
саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің 27.1 пайызын құрайды.
Салық төлеуші мемлекетке осы салықты төлеу нәтижесінде шеккен
шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді сатып
алушыға аударады.
Бұл салықтың ерекшелігі мынада – оның салық салынатын объектісі
сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім – сома емес, тек салық салынатын
айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып саналады.
Қосылған құн салығы дүниежүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде
Еуропа экономикалық одағының 17 мемлекетінде қолданылады. Бұл салықтың
артықшылығы:
• біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің
үлкен тобынан алынады;
• екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен
ерекшеленеді;
• үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция
деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді
және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.
Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процеске қосылған, оларды өткізу
бойынша салық салым атын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындай тауарлар импорты кезіндегі
аударым.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн
салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер, бұдан әрі тауарлар)
үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін
төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде
айқындалады.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған
мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:
1. Жеке кәсіпкерлер.
2. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда).
3. Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент еместер.
4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері.
5. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды Қазақстан
Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар.
Қосылған құн салығының негізгі салық салу объектілері:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт.
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт.
1. Тауарларды өткізу бойынша айналым. Тауарға қатысты еткізу бойынша
айналым: 1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:
• тауарды сатуды;
• тауарды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарға
алмастыруды;
• тауар экспортын;
• тауарды тегін беруді;
• жарғылық капиталға жарна төлеуді;
• жұмыс берушшің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін;
2) тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді және мүлікті
қаржы лизингіне беруді;
3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді
4) қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге
қойылған мүлкін (тауарын) беруін;
5) кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған алымдарды кәсіпкерлік
қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшін, сондай-ақ қосылған құн салығын
төлеушінің ие оның жалдамалы қызметкерлерінің, қатысушылардың немесе басқа
да тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануын;
6) бір заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушілері болып
табылатын бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар
жөнелтуін;
7) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде
қайтаруды білдіреді.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынши айналым кез келген
жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін
орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізудел өзге сыйақы үшін кез келген
қызметті, оның ішінде:
1) мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау (жалгерлік) шартымен
пайдалануды;
2) санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиталға салым
ретінде берілетін құқықтар беруді;
3) жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есепінен жұмыстар
орындауын, қызметтер көрсетуін;
4) қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып табылатын бір заңды
тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер
көрсетуін білдіреді.
3. Мыналар өткізу бойынша айналымға жатпайды:
1) бірлігінін құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды
жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;
2) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, ұқсатуы,
құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және объектілер салуы үшін алыс-
беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының
шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған,
жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден
зандарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимімен
жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым
болып табылмайды;
3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жіберілетін өнімді өткізу
құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта белгіленген
талаптармен және мерзімде, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім
берушіге қайтарылуға тиіс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс
белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткізу бойынша айналымға
енгізіледі;
4) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде
қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
5) шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын
тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкелу, егер бұл Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден
режимімен ресімделсе;
6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және сатып алған, жер қойнауын
пайдалану женіндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын және
Қазақстан Республикасына берілуге тиіс мүлікті жер қойнауын пайдаланушының
жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес Қазақстан
Республикасының меншігіне беруі.
Салық салынатын айналымды анықтау.
Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасаған
айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:
1) қосылған құн салығынан босатылған;
2) еткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым
қосылмайды.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес дек-ларациялануға
тиісті, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген
тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар.
Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және соның
есебінен тауарды тиеп жөнелтуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер
көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізу бойынша айналымы болып
табылмайды.
Осы ережелер:
1) сенім білдірілген адамның сенім білдірушіге орындаған жұмыстарына
(көрсеткен қызметгеріне);
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын
резидент емес сенім білдірушіден алынған тауарға қатысты қолданылмайды.
Мұндай жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенім білдірілген адамның өткізу
бойынша айналымы болып табылады.
Тауарды өткізу орны.
1. Тауарды өткізу орны болып танылады:
1) егер тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға тасымалдайтын (жіберетін)
болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны.
2. Жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып:
1) егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса,
осы мүліктің орналасқан жері;
2) егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтерді
нақты жүзеге асыратын орны;
3) егер қызметгер мәдениет, енер, білім, дене тәрбиесі немесе спорт
саласындағы қызметгерге қатысты болса, қызметтердің нақты көрсетілетін
орны;
3. Мыналар өткізу бойынша айналымға жатпайды:
1) бірлігініа құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды
жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;
2) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, ұқсатуы,
құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және объектілер салуы үшін алыс-
беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының
шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған,
жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден
заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимімен
жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым
болып табылмайды;
3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жіберілетін өнімді еткізу
құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта белгіленген
талаптармен және мерзімде, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім
берушіге қайтарылуға тиіс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс
белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыс еткізу бойынша айналымға
енгізіледі;
4) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде
қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
5) шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын
тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден
режимімен ресімделсе;
6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және сатып алған, жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын және
Қазақстан Республикасына берілуге тиіс мүлікті жер қойнауын пайдаланушының
жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес Қазақстан
Республикасының меншігіне беруі.
Егер тауарларды өткізу басқа негізгі тауарларды еткізуге қатысты
көмекші сипатта болса, негізгі тауарлар өткізілген жер осындай көмекші
өткізу орны болып танылады. Мақсаты үшін, егер жұмыстарды, қызмет
көрсетулерді алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызмет орны
біреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын
орын олар өткізілген орын болып есептеледі.
Өткізу бойынша аталым жасау күні.
Тауарды тиеп женелтілген күні тауар өткізу бойынша аталым жасау күні
болып табылады. Егер тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, онда
алушыға тауар меншігінің құдығы берілген күн өткізу бойынша айналым жасау
күні болып табылады.
Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл
ұстаушы үшін мына күндердің бірі сату бойынша айналым жасау күні болып
табылады:
1) кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепілге салынған мүлікті
өндіріп алу процесінде жүргізілген сауда-саттықтың жеңімпазына ауысқан
күн;
2) егер сауда-саттық өтпеді деп жарияланса, кепіл затына меншік құқығы
кепіл берушіден кепіл ұстаушыға ауысқан күн.
Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша салық салынатын айналым
жасау күні төменде аталған шарттардың бірі бірінші болып орындалған
жағдайда басталады:
1) жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған құн салығымен бірге шот-фактура
жазылған;
2) жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілгенде.
Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізілетін
болса, онда:
1) қосылған құн салығы көрсетіліп, шот-фактура жазылған күннін;
2) әрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнінің қайсысы
бірінші болса, сол күн еткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күні
болып табылады.
Қызметкерлерге жалақы есебінен тауар берген, жұмыстар орындаған,
қызметтер көрсеткен жағдайда кызметкерлерге тауарлар берілген, жұмыстарды
орындаған немесе қызметтер көрсетілген күн өткізу бойынша айналым жасау
күні болып табылады.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып
табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алған жағдайда
аталған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алған күн айналым жасау күні болып
табылады.
Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау.
Егер осы және трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік
бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған кұн салығын
енгізбей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге
ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны
негізінде анықталады. Тауарларды тегін берілген кезде, сондай-ақ, тұлғаны
қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезінде олар бойынша косылған
құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының (соның ішінде негізгі
құралдардың) қалдығы, салық салынатын айналым мөлшері, қосылған құн салығын
енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі
негізге алына отырып анықталады, бірақ бұл олардың баланстық құнынан кем
болмауы керек. Аталған тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте
көрсетілген тауарлардың құны осы тармақтыд мақсаттары үшін баланстық кұн
болып табылады. Кепіл беруші кепілдік мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл
берушідегі салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған кұн салығын
енгізбей, осы мүлікті (тауарды) кепілге беруден алынған заем қаражатының
сомасы негізге алына отырып анықталады. Тауарды бөліп-бөліп төлеу
шарттарымен өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері шарт
талаптарымен көзделген барлык тиесілі төлемдер ескеріле отырып, жоғарыда
аталғанға сәйкес анықталады. Үшінші тұлға үшін төлеуге байланысты қызметтер
кәрсетілген кезде салық салынатын айналымның мөлшеріне комиссиялық сыйақы
қосылады. Салық салынатын айналым мөлшеріне акцизделетін тауарлар мен
қызмет түрлері бойынша акциз сомалары енгізіледі. Оларды сатып алған кезде
қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткізу
кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен
белгіленетін баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.
Салық салынатын аталын мөлшерін түзету.
Өткізілген тауарлардың құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда,
салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміленің шарттары өзгерген;
3) өткізілген тауарлар үшін баға, өтем өзгерген;
4) өткізілген тауарлар үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған.
5) айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.
Салық салу айналымының мөлшерін түзету қосымша шот-фактураның немесе осы
аталған жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негізінде
жүргізіледі.

2.2. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету

Егер өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленетін
ақының бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса,
қосылган күн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:
1) күмэнді талаптың туындауына байланысты қосылған құн салыгы ескерілген
салык кезеңі аяқталганнан кейін үш жыл өткен соң;
2) банкрот деп танылган дебиторды заңды тұлгалардың мем-лекеттік
тізілімінен шығару туралы эділет органдарының шешімі шығарылған салық
кезеңінде бюджетке жарна ретінде енгізілуге тиіс қосылған құн салығының
сомасын азайтуға құқығы бар.
Өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет керсетулер) үшін ақыны қосылған
қүн салығын төлеуші өзіне берілген қүкығын пайдаланғаннан кейін алған
жағдайда салық салынатын айналым мөлшері ақы алынған сол салық кезеңінде
аталған ақының қүлына арттырылуға тиіс.
Салық салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан Республикасының кеден
заңдарына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік қүны,
сондай-ақ қосылган құл салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына
тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер сомалары енгізіледі.
Қазақстан Республикасында қосымша құн салығын төлеуші болып
табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алу кезінде салық
салынатын айналым.
14-345 қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын әрекетсіз занды
тұлғаны тапқан жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық органы жүргізеді.
Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған
жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен алып
тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға
тиіс.
Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импорт
Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар.
1. Тауарлар айналымы:
1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;
2) акциздік алым маркаларын (акдизделетін тауарларды таңбалауға арналған
есеп-бақылау маркалары);
3) уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж
алынатын қызметгерді;
4) адвокаттық кызметті, нотариаттық іс-әрекетгерді жүзеге асыру бойынша
көрсетілетін кызметтерді;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі еткізетін тауарлар;
6) мемлекеттік меншікті жекешелендіру тэртібімен өткізілетін мүлікті;
6-1) Қазақстан Республикасының зандарына сэйкес мемлекет-тік қажеттіліктер
үшін сатып алынған мүлік;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекетгік мекемелердін
пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттік
мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына етеусіз негізде негізгі
құралдарды беруді;
8) жарғылық капиталға жарналарды;
9) жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қай-тарып алуды;
10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптык қызмет көрсетулерін, зираттар мен
крематорийлердің қызмет керсетулерін;
11) оларды өткізу жөніндегі кызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялык
билеттерді өткізу бойынша айналымды;
12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға
жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрсетулерді қоса алғанда,
есеп-қисаптарға қатысушылар арасында акпараттық жэне технологиялық өзара іс-
қимылды қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін кызметгерді еткізу бойынша
айналымдар;
12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының
кеден аумағында тауарларды ұқсату" кеден режимінде экелінген тауарларды
ұқсату жэне жендеу бойынша қызмет көрсетулер;
12-2) халықаралық тасымалдар болып табьшатын тасымалдарға байланысты
жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының
аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын
тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю),
жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер;
техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету; халықаралык
рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша теңіз айлақтарында қызмет көрсету;
12-3) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету
бойынша айналымдар;
13) жерге жэне тұрғын үй қорындағы ғимараттарға байланысты айналым,
қаржылық қызмет көрсетулер, қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосылған құн салығы бойынша есебі
Қосылған құн салықты төлеушілер және салық салу объектілері жайлы
Акциздер, қосылған құн салығы
Салық салынатын айналымды анықтау
Салық салынатын айналым
Диплом алдындағы өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы
Қосымша құн салығы: есептеу механизмі мен қызмет ету мәселелері
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі қосылған құн салығы
Салықтардың экономикалық мазмұны, кажеттілігі, қызметтері және ұйымдастыру принциптері
Сауда кәсіпорнындағы бухгалтерлік есеп
Пәндер