Қорқытып алушылықтың субьектісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

кіріспе 3

1 Тарау. қорқытып алушылық үшін қарастырылатын қылмыстық
жауапкершілікке жалпы сипаттама
1.1 Қорқытып алушылықтың жалпы түсінігі және анықтамасы 5
1.2 Қорқытып алушылық пен заңсыз иемденудің арақатынасы 5
7
2 Тарау. ҚОРҚЫТЫП АЛУШЫЛЫҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Қорқытып алушылықтың обьектісі және заты
2.2 Қорқытып алушылықтың обьективтік жағы 10
2.3 Қорқытып алушылықтың субьектісі 10
2.4 Қорқытып алушылықтың субьективтік жағы 12
15
3 Тарау. қорқытып алушылықтың сараланған түрлері 17

Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 19

22
24

Кіріспе

Демократиялық тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы
экономикалық және әлеуметтік - саяси қатынастың жаңа түріне өтті. Қылмыстық
құқықтық ғылымның маңызды міндеті жеке меншіктің барлық түрін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау және сақтау. Қылмыстық құқықтың өзекті проблемасы
ретінде қорқытып алушылық және қорқытып алушылыққа жауапкершілік мәселесін
шешу үлкен орын алады.
Экономикалық жағдай ең алдымен меншікке қарсы жасалған қылмыстардың
мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Мысалы, 1999 ж бюджеттің төрт (4) облысында атқарылуын тексеру
барысында 3778 млн. теңге сомасында залал келтірілгені анықталған. Әр түрлі
тексерістердің нәтижесінде, есеп беру мәліметтеріне қарағанда экономикалық
қылмыстардың саны өсуде және мемлекеттік меншіктің және бюджет қаржысының
мақсатсыз, нәтижесіз қолдануы да аз емес. Нарықтық қатынасқа өту және
заңдарды либерализациялауға байланысты директорат ішкі шаруашылық бақылауды
әлсіретіп қана қоймай, өзінің лауазымдық жағдайын теріс пиғылмен
пайдаланып, экономикалық қылмыстардың жолында тұр. Мысалы, Смагулов және
оның қатысушыларының жасаған қаржылық пирамида түріндегі қорқытып
алушылықтан Алматы қаласының мыңдаған тұрғындарына залал келді.
Қылмыстылықпен күресте заң ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымы
маңызды роль атқаруы қажет. Оның жетістіктері мемлекеттің заң шығару
қызметі сияқты, құқық бұзушылармен күрес жүргізетін органдардың жұмыс
тәжірибесіне де ықпал жасайды. Мұның үстіне қылмыстық құқық ғылымының
маңызды міндеті – қылмыс тық қол сұғушылықтан меншіктің барлық нысандарын
сақтау, оларды қорғау шараларын қамтамасыз ету болып тыбылады. Яғни, әрбір
жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі зор мағынаға ие.
Қорқытып алушылық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесіне қатысты
өзінің монографияларын В.Фойницкий, В.А. Владимиров, Г.Н.Борзенков, А.И.
Гуров, А.К. Ирхокаджаев, Е.В.Ворошилин, Г.А.Кригер, Г.А.Сабитов,
Г.А.Мендельсон,И.К.Хакимов, У.У.Нурмашев және т.б авторлар арнаған.
Қылмыстық құқық ғылымында қорқытып алушылықтың құрамының белгілерін
зерттеуге, бұл қылмыс үшін қарастырылатын жауапкершілік мәселесіне негізгі
көңіл бөлінуде.
Қорқытып алушылық үшін жаупкершілікке қатысты заңның қолданылуында
кейбір мәселелерді шешуде бірліктің жоқтығының кездесуі сот практикасын
біріктіру қажеттігін туғызады. Мұның қазіргі қоғамның даму ерекшелігін
ескере отырып қорқытып алушылықпен күресудің жаңа және нәтижелі жолдарын
анықтау үшін, маңызы бар.
Қорқытып алушылық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі тек қана
меншікке қарсы қолсұғұшылықтан қылмыстық–құқықтық қорғаудың зор мәнге ие
болуымен ғана анықталмайды, сонымен қатар басқа да себептер әсер етеді.
Қылмыстық құқық ғылымында және сот–тергеу тәжірибесінде кейбір
маңызды жағдайларға қатысты түсінбеушіліктер кездеседі, әсіресе, қорқытып
алушылық қолсұғұшылығының арнайы құрам белгілеріне қатысты, осы қылмысты
саралауға байланысты, және осы қылмыстарға ұқсас қылмыстармен айыруға
байланысты қиындықтар туады.
Курстық жұмысының мақсаты қорқытып алушылықпен қылмыстық күрес және
бұл қылмыс үшін жауапкершілік мәсәлесіне байланысты теориялық, тәжірибелік
мәселелерді кешенді қарастыру арқылы қылмыстық заңның дамуына қол ұшын
тигізу және тәжірибеде қолдану. Алынған тұжырымдар мен қорытындыларды
қорқытып алушылықпен күресудің тиімділігін арттыруға бағыттау, жетілдіру
мақсатында пайдалану.
Бұл мақсатқа жету үшін мына негізгі міндеттерді алдымызға қойып
отырмыз:
̶ қорқытып алушылыққа әсер ететін факторларды зерттеу;
̶ қорқытып алушылық құрамына құқықтық талдау жасауды жүргізу;
̶ қорқытып алушылықты саралау мәселесін қарастыру және ұқсас
қылмыстардан айыру мәселесіне тоқталу;
̶ шет ел қылмыстық заңы бойынша қорқытып алушылық үшін
қарастырылатын жауапкершілікке салыстырмалы –құқықтық талдау
жүргізу;
̶ осы қылмыс үшін тәжірибедегі жаза тағайындау мәселесін зерттеп,
кейбір кемшіліктерді жоюға байланысты шаралар қолдануды
қарастыру.
Тақырыптың өзектілігі терең ғылыми зерттеуді, қылмыстық құрылымдардың
әрекет ету салаларын сараптауды және олармен жасалатын қылмыстардың қоғамға
қауіпті салдарын болжауды талап етеді.
Зерттеу обьектісі: қорқытып алушылық ұғымы, оның белгілерімен оның
негізгі, сараланатын түрлеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың әдістемелік және деректік негізін философияда,
әлеуметтануда, әлеуметтік психология, құқық тарихы және теориясында,
қылмыстық құқық және криминологияда қалыптасқан ұстанымдар мен таным
категориялары құрады. Сонымен бірге салыстырмалы түрде Корея, Сингапур
Швеция, т.б. шет елдердің тәжірибелері мен еліміздегі мерзімді баспасөзде
жарияланған материалдар пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы, тақырыптың өзектілігі мен мақсат
-міндеттерін көрсететін кіріспеден, қорқытып алушылықтың сипаттамасы мен
жіктелуін, дамуын мен себептерін, қорқытып алушылықпен күресудегі
мемлекеттік бағыттар мен тәжірибелік іс-шараларды көрсететін үш тараудан,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тарау. қорқытып алушылық үшін қарастырылатын қылмыстық
жауапкершілікке жалпы сипаттама
1.1 Қорқытып алушылықтың жалпы түсінігі және анықтамасы

Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi
немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту
арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол
сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi
таратумен не жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi
зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау -  үш жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,не
жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш
айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл
салуға немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
2. Мынадай жолмен:
а) күш қолдану;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
в) бiрнеше рет жасалған қорқытып алу - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай жолмен:
а) ұйымдасқан топ;
б) жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зардап келтiру;
в) iрi мөлшерде мүлiк алу мақсатында;
г) ұрлық немесе қорқытып алу үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет
сотталған адам жасаған қорқытып алу - мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он бес
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қорқытып алушылық жолымен жасалған қылмыстан меншікті қорғауды
күшейтудің қажеттілігі, бұл қылмыстың көп кездесуінен және меншік иесіне
айтарлықтай зор материалдық залал келтіруінен туындайды. [1]
"Қорқытып алушылық" сөзі әдетте пайдакүнемдік мақсатпен жасалған
жағымсыз әрекеттерді білдіреді. Рим заңгерлері қорқытып алушылық қылмысына
нақты анықтама берген, жәбірленушіні алдау арқылы кінәлінің пайда табу
тәсілі ретінде қарастырып, оны белгілі бір түрлерге бөлді.Олар қорқытып
алушылықты ауыр қылмыстар қатарына жатқызды, сондықтан император Адрианның
(76-138) билік құрған кезінен бастап алдауды пайдакүнемдік мақсатта
пайдаланған тұлғаларды қатал жазалай бастады ( аштықтан өлтіру үшін алыс
аралдарға айдап жіберді). Сол уақыттың өзінде қорқытып алушылық ұғымы
қылмыстық құқық ғылымында және сот тәжірибесінде негізінен қалыптасқан¡ееі.
Пайдакүнемдік мақсаттағы басқа да қылмыстарға қарағанда қылмыстық
ортада қорқытып алушылық беткіұстар (элитный) болып саналады. Біріншіден,
бұл қылмысты жасау үшін белгілі бір интеллекті, тіпті белгілі бір
қасиеттерді қажет етеді, сол арқылы қылмыскерлердің сапалы құрамы өзінен
-өзі құралады. Екіншіден, алаяқтар өте сирек бас бостандығынан айыру
орындарында жазасын өтейді.Олар мемлекеттік қызметшілерге пара беру арқылы
қылмыстық жауапкершіліктен құтылып отырған.Қазір де мұндай құбылыс жиі
кездеседі.
Қолсұғұшылықтың обьектісіне қатысты алаяқтар екі топқа бөлінеді:
біріншісіне, мемлекеттік меншікке қарсы қылмыс жасаушы алаяқтар,
екіншілері; жеке меншікті иелену мақсатымен қылмыс жасаушылар. Нарықтық
қатынастарға көшудің нәтижесінде меншікке қарсы қылмыстардың жаңа түрлері
пайда болды. КазССР –дің Қылмыстық кодексінде екі тарауға: яғни, мемлекетік
меншікке және азаматтардың жеке меншігіне қарсы қылмыстар деп бөлінсе,
қазір олар ортақ түсінікпен "меншікке қарсы қылмыстар "деп аталып,
меншіктің екі түрі де бірдй қорғалады.
Қорқытып алушылықты қоғамдағы саудагерлер мен делдалдардың әдеттегі
тәжірибесіненен айыру кезінде кейбір қиындықтарды туғызады. Мысалы:
франциялық қылмыстық заң бойынша, қорқытып алушылыққа мынандай анықтама
беріледі, " қорқытып алушылықты жеке және заңды тұлғаны ойдан шығарылған
есім немесе ойдан алынған лауазым немесе жағдай арқылы, немесе жасанды
лауазым және жағдайды пайдалану арқылы ақша қаражаттарын, құндылықтарды
мүлікті, міндеттейтін немесе міндеттемеден босататын қандай да бір
құжаттарды беру немесе қызмет көрсету арқылы алдау әрекеттері құрайды".[2]
Француз заңгерлері қорқытып алушылықты азаматтық құқық
бұзұшылықтардан айыруға көп көңіл бөледі. Олар қорқытып алушылықты әдеттегі
сауда тәжірибесіндегі алдаудан айыратын нақты формула жоқ дейді. Бірақ,
мына тезисті мүмкін деп санайды, яғни, қылмыстъқ заң мәміле жасау кезіндегі
алдауды немесе оның шарттарының орындалмауы үшін жауапкершілік
қарастырмайды, тек осы құрал арқылы бөтеннің мүлкін иеленуі үшін
жауапкершілікке тартылады.
Үнді қылмыстық заңы бойынша (415-бап), жәбірленушінің өзінің мүлкіне
және беделіне алдау жолы арқылы мүлкін беруі немесе өзіндегі мүлкін ұстап
қалуға келісім беруі, немесе алданып белгілі бір әрекет жасауы немесе
әрекетсіздігі қорқытып алушылық болып саналады. Көрініп отырғандай,
жәбірленуші кінәліге мүлкін берсе де, бермесе де жауапкершілік
қарастырылады.[3]
Өзін мемлекет қызметшісімін деп, осы негізде кредитке тауар алу
арқылы жәбірленушіні затты беруге итермелейді және оған счеты жоқ чекті
береді,алған тауар үшін төлейін деген ойы болмайды.
Жоғарыда айтылып кеткендей, Үнді қылмыстық заңы бойынша жәбірленуші
кінәліге меншікті берген жағдайда да, мүлік берілмеген жағдайда да
қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Екінші жағдайда, (Үнді қылмыстық
кодексінің 415бабына сәйкес) бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе
штраф немесе екеуін де бірдей қолданылуы мүмкін. Қылмыстық заңда мүлікті
берумен байланысты емес, өзін басқа тұлға атынан немесе жасанды атпен
жасалған аляқтыққа көп көңіл бөлінеді. Мысалы, кінәлі деп танылған Кшитиш
Скрартидің ісі. Ол үйлену үшін қыздың шешесінің келісімін алу мақсатында
өзін Брендр брахманы ретінде бұл кастаға жатпаса да, таныстырған.
Нәтижесінде келісім берген қыздың шешесі өз кастасынан қуылған.
Енді жалған үәде беруге қатысты бір мысал келтірейін, Кадир Бкшаның
1971ж қаралған ісі бойынша, айыпталушы үйлену мерейтойына қолдану үшін
жарты ақшасын төлеп, қалған ақшасын тойдан кейін төлеймін деп қолхат жазып
прокатқа зат алады. Шын мәнініде ешқандай үйлену тойы болмайтын еді. Оның
мақсаты мүлікті алғаннан кейін, ол мүлікке азаматтық талапты қамсыздандыру
үшін үшін қамау салуды талап етіп,мүліктің иесіне көрсетпекші болған.[4]
Қорқытып алушылықтың заң берген анықтамасын талдасақ, сенімді бұзу
мен иеленуге қарағанда алдау арқылы мүлікті иелену жатады, атап өтетін жай
ол жалған уәде беру арқылы мүлікті алуға да, жәбірленушіге зиян келтіру
үшін де қолданылады, бірақ қорқытып алушылық үшін жауапкершілікке тарту
үшін қажетті негіз болып табылмайды.
Германия қылмыстық кодексінде қорқытып алушылықтың негізгі құрамы
былай анықталады."Біреуді жаңылдыру, немесе жаңылуын қолпаштау жолы арқылы,
шындықты бұрмалау, айтпау немесе шындықты бұрмалау, айтпау немесе жалған
мағлұматтар беру нәтижесінде оның пайдасынан өзіне немесе үшінші тұлғаға
мүліктік пайда түсіру әрекеттері ". Осыдан Германия соты егер осындай
мақсат болмаса, мүліктік пайда түсіруді қорқытып алушылыққа жатқызбайды.
Мысалы, кредитор өз қарызын төлету үшін борышқорды алдайды. қорқытып
алушылыққа алдау тек өткен шақта немесе осы шақта қолданылады. Келер шақ
факт емес, сондықтан жәй үәде беру қорқытып алушылық деп қарастырылмайды.
Сонымен қатар,бағалаушы пікірлер де қорқытып алушылық деп саналмайды
(мысалы, бұл кітап ең жақсы оқылатын кітап). Жәбірленушінің жаңылысуына
бақсылар, астрологтар да әсер етуі мүмкін, бірақ ол үшін де жауапкершілік
қарастырылмайды.[5]
Германия қылмыстық заңы тіпті заңмен қорғалмайтын мәмле нәтижесінде
материалдық зиян туындағанда да ( мысал, сотталушы құны 30 пфеннинг тұратын
дәрі –дәрмекті 10 марка бағамен бала түсіру үшін қолданады деп сатқан,
бірақ еш нәтиже бермейтінін білген) қорқытып алушылық үшін жауапкершілік
қарастырады.
Сонымен, шет ел қылмыстық құқық теориясында да, сот тәжірибесінде де
қорқытып алушылықтың түсінігі ортақ, яғни пайдакүнемдік мақсатпен меншік
иесіне зиян келтіру арқылы кінәлінің пайдасына мүлкін қайтарымсыз алу және
қолдану.[6]

1.2 Қорқытып алушылық пен заңсыз иемденудің арақатынасы

Қаруды, оқ дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын талан –
таражға салу не қорқытып алу жолымен иелену көп жағдайларда кісі өлтіру
үшін жүзеге асырылады.Осыған орай бұл тұрғыдағы қылмыстың тікелей объектісі
– қоғамдық қауіпсіздік болып табылады, ал қосымша тікелей объектісі
адамдардың өмірі мен денсаулығы болып табылады.
Қылмыстың заты – ҚК- тің 251 – бабында көрсетілген заттармен бірдей,
ұқсас заттар.
Объективтік жағынан қылмыс атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін,
оқ дәріні, жарыл.ыш заттар мен жару құрылғыларын талан таражға салу не
қорқытып алу арқылы сипатталады.
Қаруды, оқ дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылымдарын талан
таражға салу деп кінәлінің кез келген тәсілімен заңсыз қолға түсіруген осы
заттарды өзінің иеленуі немесе оларды басқа адамға беруі, сондай- ақ оларға
өз білгені бойынша билік жүргізуі болып табылады.Қорқытып алудың түсінігі
Қылмыстық кодекстің 181- бабында көрсетілген.
Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену түрлеріне (ұрлық, тонау) мүлікке қол
сұғушылықтың түрлері де сәйкес келеді, оның ішінде қорқытып алушылық
қолсұғушылығы да жатады. Кейінгі кезде әдебиеттерде осындай қылмыстарды
қылмыстық иелену, пайда табумен байланысты қылмыстар, талан –тараж
деп көрсетеді. Заңсыз иемденуде әрекеттер мүлікті иеленуден тұрады, сот
тәжірибесінде алу деп аталады. Мүлікті алу әр түрлі жолмен жүзеге асады,
негізінен, ұрлықты, тонауды, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу
немесе ысырап етуді, соның ішінде қорқытып алушылықты заңсыз иемдену да деп
айтсақ да болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша қорқытып
алушылық бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу
деп көрсетсе, ТМД елдерінің кейбір мүліктік мәнге ие басқа да пайда алу деп
көрсетілген. Толығымен заңсыз иемденуді қорқытып алушылықпен бірдей түсінік
деп айтуға болмайды. Заңсыз иемдену түсінігіне тек құқықты алдау арқылы
мүлікті алу сәйкес келеді.[9]
В.Лимонов атап өткендей, бөтен мүлікке құқықты алып қою, бұл –
қорқытып алушылықтың ерекше түрі. Бұл әрекет, -дейді ол, -заңзыз иемденуге
жатпайды, себебі, айыптының және өзге адамдардың пайдасына мүлікті алып
қоюмен байланысты емес.
Мүлікті алып қою мен мүлікке құқықты алу түсінігі қылмыстық құқықта
ажырытылады. Мүлікке құқықты алған адам бұл құқықты жүзеге асыру үшіні яғни
мүлікті алу үшін қосымша әрекеттер жасауы керек. Мүлікке алдау немесе
сенімге қиянат жасау арқылы құқықты алған адамға меншік иесі немесе
иеленуші мемлекеттік органдарға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну
арқылы кедергі жасауы мүмкін.[10]
Қылмыс құрамын талдау мәселесіне, заңсыз иемдену түсінігіне толық
сәйкес келмейді:
Біріншіден, қорқытып алушылықтың (Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Заңы бойынша) құрамының ерекшелігін атап өту ең алдымен қылмыс нәтижесінің
мінездемесіне қатысты. Әрекеттің өзіне келетін болсақ, мүлікті алуда,
мүлікке құқықты алуда қылмыстың әрекеттің негізін алдау немесе сенімге
қиянат жасау құрайды.
Екіншіден, мүлікке құқықты алу мүлікті иеленуден бұрын не бірге
жүзеге асады.
Үшіншіден, сот тәжірибесінде негізінен тек мүлікті иелену түріне
қатысты қолсұғушылығы кездеседі.
Қорқытып алушылықтың ерекшелігі сол, жәбірленуші жаңылысу нәтижесінде
өз мүлкін немесе мүліктік құқықтарын өз еркімен береді. Бұл жерде күш
көрсетудің, күш қолданудың еш белгісі жоқ. Кінәлінің анықтап қойған
алдауына сеніп жаңылысады. Егер бір тұлға екінші бір тұлғаны алдау қолдану
арқылы белгілі бір затты өз құнына беруді өтінсе, онда қорқытып алушылық
құрамы бұл жерде жоқ. Ал егер, кінәлі бағасы түсіріліп тұрған зат үшін
түкке тұрмайтын ақша төлесе, яғни бағасына сәйкес емес ақша төлесе, онда
қорқытып алушылық өзінен -өзі көрініп тұр. Кінәлі біреудің мүлкін немесе
мүлікке құқықты алу үшін пайдакүнемдік мақсатта алдау әрекеттерін жүзеге
асырады.[11]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177- бабына сәйкес,
қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты
алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу деп анықтама берген. Осы
анықтамада бөтен мүлікті ұрлаудеп айтылып кеткен. Біз бұл түсінікпен
келіспейміз. Ұрлау терминін заңсыз иемдену терминімен ауыстыру дұрыс
болады, себебі хищение термині заңда мағынасы бойынша дұрыс
аударылмаған.[12]
Бұл анықтама бойынша біріншіден қорқытып алушылықтың екі түрін атап
көрсетуге болады: мүлікті ұрлау және мүлікке құқықты алу, екіншіден,
қорқытып алушылықты жасаудың нақты тәсілдерін атап көрсетеді,олар –басқа
қылмыс түрлерінен ажырататын алдау және сенімге қиянат жасау. Жоғарыда атап
көрсеткендей, иемденудің түсігіндегі барлық белгілер қорқытып алушылық
құрамында да бар. Сонымен қатар, заңсыз иемденудің түсінігі аляқтықтың
түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді: бөтен мүлікті заңсыз иемдену немесе
бөтен мүлікке құқықты алу.
Сонымен, заңсыз иемденудің түсінігіне негізделіп, аляқтыққа қысқаша
анықтама беруге болады: қорқытып алушылық- бөтеннің мүлкін немесе бөтен
мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу.

2 Тарау. ҚОРҚЫТЫП АЛУШЫЛЫҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2.1 Қорқытып алушылықтың обьектісі және заты

Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде меншікке қарсы қылмыстардың обьектісі
мен заты әр түрлі анықталады. Берілген қылмыстың обьектісі мен затын дұрыс
анықтау үшін айыптының залал келтірген кез-келген әрекетінің мәнін анықтау
үшін, сондай-ақ оның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау және қылмысты
дұрыс саралау үшін, бұл қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық мәселесін
анықтауда маңызды болып табылады.
қорқытып алушылықтың объектілері, меншікке қарсы басқа қылмыстардың
обьектілерімен салыстырғанда, ерекшеленбейді.[13]
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекс мемлекеттік мүлікті және жеке мүлікті
ұрлағаны үшін біріңғай жауаптылықты қарастырады. Мемлекеттік меншік пен
жеке меншік арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, оларды бір нысан-
меншік құрайды. Мемлекеттік мүлікті ұрлау кезінде де, жеке мүлікті ұрлау
кезінде де бір ғана обьектіге –меншікке залал келтіріледі. Сондықтан
қорқытып алушылықтың тікелей обьектісі ретінде мемлекеттік меншік пен
қоғамдық меншікті жеке –жеке қарастыратын авторлармен келісуге болмайды.
Қорқытып алушылық қылмысының қоғамға қауіптілігі сол, олар халық
шаруашылығында пайдалануға арналған материалдық құндылықтар қорының азаюына
әкеп соғады. Меншік қатынастарының бұзылуы нәтижесінде мемлекет немесе
қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, азаматтар мүлікті иелену, пайдалану және
оған билік ету өкілеттерін жүзеге асыру мүмкіншіліктерінен айырылады, ал
қылмыскер парзиттік өмір жолына түсіп, пайдакүнемдік мақсаттарда
пайдаланады.
Қорқытып алушылықтың обьектісі- меншік қатынастары. К.Маркстің меншік
туралы мәселе жөніндегі еңбектерін аралай келе, меншік термині әртүрлі
аспектілерде қолданылғаны туралы тұжырым жасауға болады. Бір жағдайларда,
иемдену нысаны ретінде, ал басқа жағдайларда- өндірістік қатынастардың
құқықтық көрінісі ретінде.
Теориялық әдебиеттерде меншікті экономикалық категория және құықтық
категорияда меншік құқығы ретінде ажырату қабылданған.
Берілген қылмыстық топтық обьектісі ретінде меншік қатынастарын
есептеуге болады.Мұндағы меншік қатынастары дегеніміз-жеке тұтынуға
арналған материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау және бөлу қоғамдық
қатынастары, обьективтік құқық нормаларының жүйесімен бекітілген және
реттелген қатынастар.
Субьектінің қылмыстық әрекеттері осындай меншік қатынастарына қол сұға
отырып, оған кіретін қоғамдық қатынастардың әрбір тобына зиян келтіреді.
Оларға, мысалы, мынандай қатынастар жатады: сауда, қоғамдық тамақтану,
тұрмыстық қызмет көрсету, жөндеу құрылыс ұйымдары, т.б.
Алайда өмірлік жағдайларда қылмыс обьектісін анықтау әрқашан оңай бола
бермейді, бірақ мүлік мемлекетке, ұйымдарға, кәсіпорынға немесе азаматтарға
тиесілі болуы мүмкін. Мысалы, азаматтарға мемлекеттік немесе қоғамдық
ұйымның ұйымның сақтау, жөндеу, тасымалдау және т.б мақсаттар үшін берілген
мүлкі олардың жеке меншігі болып қала береді.
Бұған қоса, оны мүліктің ұрлануы мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке
қол сұғушылық ретінде саралануы тиіс, себебі, ұйым немесе мекеме оған
берілген жеке мүліктің сақталуына материалдық жауаптылықта болады.Тұлға
фирманың, кәсіпорындардың, мемлекеттің ұйымдардың және т.б. қорынан мүлікті
алып, оны алаяққа өз мүлкі ретінде берсе, қорқытып алушылыққа кінәлі адам
азаматтардың меншігіне қол сұққаны үшін жауапты болады.
Топтық обьект ретінде көрінетін, меншік қатынастарының элементтерінің
бірі-тңкелей обьект болып табылады. Теориялық әдебиеттерде берілген
қылмыстың тікелей обьектісіне обектісіне қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. В.А
Владимиров топтық обьекті тікелей обьектіде болып табылады деп дәлелдейді.
Басқа криминалистердің пікірінше, мемлекеттік меншік- қылмыстың
тікелей обьектісі. Ал үшіншілері, қоғамдық меншікті айтады.
Менің пікірімше, меншік қатынастары берілген қылмыстың тікелей обьектісін
құрайды.
Қылмыстың заты- бөтеннің мүлкі, сондай-ақ мүлікке құқықты дәлелдейтін
құжаттар. қорқытып алушылықтың заты ретінде мүлік белгілі бір белгілерді
иеленуі тиіс. Ең алдымен, мүліктің тауар –ақша қатынастарындағы көрінісі
баға болып табылатын құны болу тиіс. қорқытып алушылық заты әрқашанда
материалдық субстрат, қоғамдық қатынастардың нысаны мен алғышарты болып
табылады.[14]
Қазақстан Республикасы сот тәжірибесін зерттеу көрсеткендей, көп
жағдайларда ақша қылмыс заты болып табылған.
Зат мағынасында бағасы мен құны бар мүлік қорқытып алушылықтың заты
болады. Мұндай мүлік меншік құқығында мемлекетке, қоғамдық ұйымға, ұжымға,
жеке тұлғаға және т.б. тиесілі болуы мүмкін. Ол жеке меншік құқығына да
тиесілі болуы мүмкін, яғни, тамақ, киім, мал, ақша және басқа да жылжымалы
мүлік. Қазақстан Республ±кбсының Аз␰఼ађтық кодексіне сәйкес, екі меншік
түрі бар: мемлекттік және жеке. Мемлекеттік меншік республикалық және
коммуналдық меншіктен тұрады. Жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік емес
заңды тұлғалар мен олардың ұйымдарының меншігі ретінде көрінеді. Бұған
қоса, материалдық қажеттілік пен рухани қажеттілікті қамтамасыз ету
қабілетін иеленген затты білдіреді. Құны мен ақшаның экономикалық құрылымын
иеленетін, кез-келген мүліктің жалпы эквиваленті ретінде, тек қана тауарлық-
материалдық құндылықтар алаяқтың заттары бола алады.
Қылмыстың заты болған мүліктің құнын анықтау кезінде оны меншік
иесінің мемлекеттік бөлшек, нарықтық немесе комиссиялық сатып алуын негізге
алу қажет. Бағасы көрсетілмеген және заңсыз иемденген мүліктің құны
сарапшылар қорытындысының негізінде анықталады.Кінәлі адам бөтеннің мүлкін
заңсыз иемденуді жасыру мақсатында заңсыз иемденген мүліктің орнына
құндылығы кемдеу мүлікті ұсынған жағдайда да, талан-таражға салынған
мүліктің мөлшері оның құнына қарай анықталады. Бұл орайда заңсыз иемденген
мүліктің орнына ұсынылған мүліктің құны шығын мөлшерін анықтаған кезде
ескерілуі мүмкін.

2.2 Қорқытып алушылықтың обьективтік жағы

Кез-келген қылмыстың обьективтік жағы қылмыстық әрекеттің сыртқы
көрінісімен сипатталады. Қылмыстың обьективтік жағы дегеніміз – субьектінің
қылмыстық әрекетінен (әрекетсіздігінен) басталып, қылмыстық нәтиженің
тууымен аяқталатын құбылыстар мен оқиғалардың кезекті дамуы тұрғысынан,
қолсұғұшылықтың сыртқы жағынан қарастырылатын, заңмен қорғалатын мүдделерге
қоғамға қауіпті құқыққа қайшы қол сұғу процесі болып табылады.[15]
Қылмысты жасау кезінде меншік қатынастарын меншік иелерінен мүлікті
алып қою арқылы жүзеге асырылады, ал материалдық игіліктерді алу белгілі
бір тәсілдер арқылы әрекет жасаған тұлғаның белсенді жүріс -тұрысын
білдіреді.
Адамның әрекеттері ішкі және сыртқы белгілерден тұрады. Сыртқы
белгілер- обьективтік шындықта адамның жүріс-тұрысының көрініс табуы, ал
ішкі белгілер –психофизикалық, адам санасында туындап, оның жүріс-тұръсъна
ықпай ететін белгілер. Қылмыстық құқық ғылымында сыртқы және ішкі
белгілерді бөлек-бөлек зерттеу қажет, себебі, бұл әбір белгінің қылмыстық
жауаптылық үшін ролі мен маңызын анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстық
құқық теориясында және сот тәжірибесінде қылмыстың обьективтік жағының
сипаттамасы үшін әртүрлі анықтамалар ұсынған. Қылмыстық заңда заң шығарушы
қорқытып алушылықты обьективті жағынан бөтен мүлікті ұрлау немесе сенімге
қиянат жасау арқылы алу деп анықтайды.
Алаяқтың қажетті белгісі-кінәлі иелігінде мүлкі бар адамды алдайды,
соның нәтижесінде жәбірленуші өз еркімен өз мүлкін қылмыскерге береді.
қорқытып алушылық кезінде алдау көрінеу болмаған фактілерді болды деп
жалған мәлімдеуден не істің мән- жайлары бойынша меншік иесіне не мүлік
иесіне хабарлануға тиісті фактілерді жасырудан көрінеді.
Алдау кінәлінің шын мәнінде алдау ниетінің болуына, содай-ақ тауардың
көлемі мен сапасына, қылмыс субъектісі болып табылатын адамның жеке басына
және жәбірленушіні адастыратын басқа да мән- жайларға қатысты болуы
мүмкін.[16]
Қорқытып алушылық кезінде алдау ауызша да жазбаша да болуы мүмкін.
Заңи әдебиеттерде алдау- қорқытып алушылық кезінде мүлікті иемдену құралы
ретінде айтылады. Кейде алдау осы қылмысты жасау тәртібі ретінде
қарастырылады. Мұндай екіжақты түсінікпен келісуге болмайды. Иемденуді
әрекет ретінде қарастырсақ , онда алдау әрекет тәсілі ретінде көрініс
табады.
Егер иемденуді қылмыскердің әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырсақ,
онда алдау осы нәтижеге жетудің құралы болады. Қылмыстың құралы туралы ұғым
қылмыстық –құқықтық әдебиеттерде және заңда кінәлінің қылмыстық
қолсұғушылықты жүзеге асырылуы үшін пайдаланылатын материалдық заттар,
құжаттар, механизмдер, құрылғыларды білдіреді. Ал әрекеттің тәсіліне
келетін болсақ, тәсілден жекелеген қылмыстардың нақты тәсілдеріне тән
неғұрлым мәнді белгілер көрініс табады.
Қорқытып алушылық кезіндегі алдау заңда көрсетілген мағынада
қылмыстың құралы болуы мүмкін емес.
Қорқытып алушылық кезіндегі алдаудың басқа алдаулардан айырмашылығы
мынада: ол мүлікті иелену үшін немесе мүлікке құқықты алу үшін қолданылады.
Осыған сәйкес ол кінәлі өз қызметін бастар алдында алдына қойған қылмыстық
қолсұғудың мақсаты, сипаты және тәсілі бойынша ерекшеленеді. Осы мағынада
ғана алдау туралы айтуға болады.
қорқытып алушылық тәсілі ретінде алдау әртүрлі болуы мүмкін. Кең таралған
әр түрлі қызмет көрсетуді ұсыну арқылы мүлікті иелену жатады. Мысалы,
Айдаров М. төмендетілген бағамен бейтаныс Әбжанова Н.-ға үнді шайын
жеткізіп беремін деп 14800 теңге алып, қашып кеткен.Оның әрекеттері
Қылмыстық кодекстің 177- бабы бойынша сараланады.
қорқытып алушылықтық қылмысын жасауда ішкі және сыртқы белгілерден тұратын
әрекет ерікті мазмұнға толы, мақсатсыз оның жүзеге асырылуы мүмкін
емес.Егер алдау арқылы қылмыскер жәбірленушінің санасына информациялық,
интеллектуалдық ықпал болса, ол әрқашан жауап беретін жүріс-тұрысқа
есептеледі.[17]
Қылмыстық құқық ғылымы сот тәжірибесі сияқты, қорқытып алушылықты
алдау жолымен мүлікті иемдену деп есептейді. қорқытып алушылық
қолсұғушылығы кезіндегі алдаудың мазмұнын кінәлінің жәбірленушіні алдауына
қатысты мән-жайлар құрайды. Бұл мән-жайлар әртүрлі болуы мүмкін.Заң
ғылымында қорқытып алушылық алдауларды жекелеген түрлерге топтастыруға
әрекеттер жасалуда. Мысалы, Г.Н. Борзенков алдаудың төрт тобын бөліп
көрсетеді:
-жеке тұлғаға қатысты;
-заттарға қатысты;
-оқиға мен әрекетке қатысты;
-ниетіне (жалған үәде беру) қатысты
Қылмыстық құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОРҚЫТЫП АЛУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АЛАЯҚТЫҚ
Меншікке қарсы қылмыстың түрлері
Меншікке қатынасты қылмыстар
Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
Қазақстан Республикасындағы меншікке қарсы қылмыстар
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Пәндер