ҚОРҚЫТЫП АЛУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АЛАЯҚТЫҚ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Тарау. Алаяқтық және қорқытып алушылық үшін қарастырылатын
қылмыстық жауапкершілікке жалпы сипаттама.
1.1 Алаяқтық және қорқытып алушылықтың жалпы түсінігі және 6
анықтамасы
1.2 Алаяқтық және қорқытып алушылық пен заңсыз иемденудің 6
арақатынасы
9
2 Тарау. ҚОРҚЫТЫП АЛУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АЛАЯҚТЫҚ
2.1 Алаяқтық және қорқытып алушылықтың обьектісі және заты 12
2.2 Алаяқтық және қорқытып алушылықтың обьективтік жағы
2.3 Алаяқтық және қорқытып алушылықтың субьектісі 12
2.4 Алаяқтық және қорқытып алушылықтың субьективтік жағы 14
18
3 Тарау. Алаяқтық және қорқытып алушылықтың сараланған түрлері
3.1 Адамдар тобымен жасалған қорқытып алушылық 20
3.2 Бірнеше рет жасалған алаяқтық және қорқытып алушылық
3.3 Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық және қорқытып алушылық
3.4 Аса қауіпті рецидивистпен немесе аса ірі мөлшерде жасалған 22
қорқытып алушылық 22
3.5 Алаяқтық және қорқытып алушылық үшін жаза тағайындау 25
Қорытынды 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
28
29
35
38
Кіріспе
Демократиялық тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы
экономикалық және әлеуметтік - саяси қатынастың жаңа түріне өтті. Қылмыстық
құқықтық ғылымның маңызды міндеті жеке меншіктің барлық түрін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау және сақтау. Қылмыстық құқықтың өзекті проблемасы
ретінде алаяқтық және қорқытып алушылық және қорқытып алушылыққа
жауапкершілік мәселесін шешу үлкен орын алады.
Экономикалық жағдай ең алдымен меншікке қарсы жасалған қылмыстардың
мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Мысалы, 1999 ж бюджеттің төрт (4) облысында атқарылуын тексеру
барысында 3778 млн. теңге сомасында залал келтірілгені анықталған. Әр түрлі
тексерістердің нәтижесінде, есеп беру мәліметтеріне қарағанда экономикалық
қылмыстардың саны өсуде және мемлекеттік меншіктің және бюджет қаржысының
мақсатсыз, нәтижесіз қолдануы да аз емес. Нарықтық қатынасқа өту және
заңдарды либерализациялауға байланысты директорат ішкі шаруашылық бақылауды
әлсіретіп қана қоймай, өзінің лауазымдық жағдайын теріс пиғылмен
пайдаланып, экономикалық қылмыстардың жолында тұр. Мысалы, Смагулов және
оның қатысушыларының жасаған қаржылық пирамида түріндегі алаяқтық және
қорқытып алушылықтан Алматы қаласының мыңдаған тұрғындарына залал келді.
Қылмыстылықпен күресте заң ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымы
маңызды роль атқаруы қажет. Оның жетістіктері мемлекеттің заң шығару
қызметі сияқты, құқық бұзушылармен күрес жүргізетін органдардың жұмыс
тәжірибесіне де ықпал жасайды. Мұның үстіне қылмыстық құқық ғылымының
маңызды міндеті – қылмыс тық қол сұғушылықтан меншіктің барлық нысандарын
сақтау, оларды қорғау шараларын қамтамасыз ету болып тыбылады. Яғни, әрбір
жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі зор мағынаға ие.
Алаяқтық және қорқытып алушылық үшін қылмыстық жауапкершілік
мәселесіне қатысты өзінің монографияларын В.Фойницкий, В.А. Владимиров,
Г.Н.Борзенков, А.И. Гуров, А.К. Ирхокаджаев, Е.В.Ворошилин, Г.А.Кригер,
Г.А.Сабитов, Г.А.Мендельсон,И.К.Хакимов, У.У.Нурмашев және т.б авторлар
арнаған. Қылмыстық құқық ғылымында алаяқтық және қорқытып алушылықтың
құрамының белгілерін зерттеуге, бұл қылмыс үшін қарастырылатын
жауапкершілік мәселесіне негізгі көңіл бөлінуде.
Алаяқтық және қорқытып алушылық үшін жаупкершілікке қатысты заңның
қолданылуында кейбір мәселелерді шешуде бірліктің жоқтығының кездесуі сот
практикасын біріктіру қажеттігін туғызады. Мұның қазіргі қоғамның даму
ерекшелігін ескере отырып алаяқтық және қорқытып алушылықпен күресудің жаңа
және нәтижелі жолдарын анықтау үшін, маңызы бар.
Алаяқтық және қорқытып алушылық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі
тек қана меншікке қарсы қолсұғұшылықтан қылмыстық–құқықтық қорғаудың зор
мәнге ие болуымен ғана анықталмайды, сонымен қатар басқа да себептер әсер
етеді.
Қылмыстық құқық ғылымында және сот–тергеу тәжірибесінде кейбір
маңызды жағдайларға қатысты түсінбеушіліктер кездеседі, әсіресе, алаяқтық
және қорқытып алушылық қолсұғұшылығының арнайы құрам белгілеріне қатысты,
осы қылмысты саралауға байланысты, және осы қылмыстарға ұқсас қылмыстармен
айыруға байланысты қиындықтар туады.
Бітіру жұмысының мақсаты алаяқтық және қорқытып алушылықпен қылмыстық
күрес және бұл қылмыс үшін жауапкершілік мәсәлесіне байланысты теориялық,
тәжірибелік мәселелерді кешенді қарастыру арқылы қылмыстық заңның дамуына
қол ұшын тигізу және тәжірибеде қолдану. Алынған тұжырымдар мен
қорытындыларды алаяқтық және қорқытып алушылықпен күресудің тиімділігін
арттыруға бағыттау, жетілдіру мақсатында пайдалану.
Бұл мақсатқа жету үшін мына негізгі міндеттерді алдымызға қойып
отырмыз:
алаяқтық және қорқытып алушылыққа әсер ететін факторларды зерттеу;
алаяқтық және қорқытып алушылық құрамына құқықтық талдау жасауды
жүргізу;
алаяқтық және қорқытып алушылықты саралау мәселесін қарастыру және
ұқсас қылмыстардан айыру мәселесіне тоқталу;
шет ел қылмыстық заңы бойынша алаяқтық және қорқытып алушылық үшін
қарастырылатын жауапкершілікке салыстырмалы –құқықтық талдау жүргізу;
осы қылмыс үшін тәжірибедегі жаза тағайындау мәселесін зерттеп,
кейбір кемшіліктерді жоюға байланысты шаралар қолдануды қарастыру.
Тақырыптың өзектілігі терең ғылыми зерттеуді, қылмыстық құрылымдардың
әрекет ету салаларын сараптауды және олармен жасалатын қылмыстардың қоғамға
қауіпті салдарын болжауды талап етеді.
Зерттеу обьектісі: алаяқтық және қорқытып алушылық ұғымы, оның
белгілерімен оның негізгі, сараланатын түрлеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың әдістемелік және деректік негізін философияда,
әлеуметтануда, әлеуметтік психология, құқық тарихы және теориясында,
қылмыстық құқық және криминологияда қалыптасқан ұстанымдар мен таным
категориялары құрады. Сонымен бірге салыстырмалы түрде Корея, Сингапур
Швеция, т.б. шет елдердің тәжірибелері мен еліміздегі мерзімді баспасөзде
жарияланған материалдар пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы, тақырыптың өзектілігі мен мақсат
-міндеттерін көрсететін кіріспеден, алаяқтық және қорқытып алушылықтың
сипаттамасы мен жіктелуін, дамуын мен себептерін, алаяқтық және қорқытып
алушылықпен күресудегі мемлекеттік бағыттар мен тәжірибелік іс-шараларды
көрсететін үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1 Тарау. Алаяқтық және қорқытып алушылық үшін қарастырылатын қылмыстық
жауапкершілікке жалпы сипаттама.
1.1 Алаяқтық және қорқытып алушылықтың жалпы түсінігі және анықтамасы
Алаяқтық және қорқытып алушылық қоғамдағы қылмыстардың неғұрлым
қауіпті түрлерінің бірі. Мемлекеттің негізі функцияларының бірі
экономикалық жүйе мен меншікті қорғау болып табылады, оның негізгі
нысандары және құқықтық жағдайы негізгі Заң–Қазақстан Республикасының
Конституциясында бекітілген (6, 26 баптар).
Алаяқтық және қорқытып алушылық жолымен жасалған қылмыстан меншікті
қорғауды күшейтудің қажеттілігі, бұл қылмыстың көп кездесуінен және меншік
иесіне айтарлықтай зор материалдық залал келтіруінен туындайды. [1]
" Алаяқтық және қорқытып алушылық " сөзі әдетте пайдакүнемдік
мақсатпен жасалған жағымсыз әрекеттерді білдіреді. Рим заңгерлері алаяқтық
және қорқытып алушылық қылмысына нақты анықтама берген, жәбірленушіні алдау
арқылы кінәлінің пайда табу тәсілі ретінде қарастырып, оны белгілі бір
түрлерге бөлді.Олар алаяқтық және қорқытып алушылықты ауыр қылмыстар
қатарына жатқызды, сондықтан император Адрианның (76-138) билік құрған
кезінен бастап алдауды пайдакүнемдік мақсатта пайдаланған тұлғаларды қатал
жазалай бастады ( аштықтан өлтіру үшін алыс аралдарға айдап жіберді). Сол
уақыттың өзінде алаяқтық және қорқытып алушылық ұғымы қылмыстық құқық
ғылымында және сот тәжірибесінде негізінен қалыптасқан¡ееі.
Ресей патшалығында адам өлтіргені үшін қылмыскерді ақтағаннан гөрі
меншікке қарсы қылмыс үшін ақтаған жеңілірек деп ғалым криминолог С.С
Остроумов алаяқтық және қорқытып алушылық қылмысының қиындығын атап
көрсеткен.
Пайдакүнемдік мақсаттағы басқа да қылмыстарға қарағанда қылмыстық
ортада алаяқтық және қорқытып алушылық беткіұстар (элитный) болып саналады.
Біріншіден, бұл қылмысты жасау үшін белгілі бір интеллекті, тіпті белгілі
бір қасиеттерді қажет етеді, сол арқылы қылмыскерлердің сапалы құрамы
өзінен -өзі құралады. Екіншіден, алаяқтар өте сирек бас бостандығынан айыру
орындарында жазасын өтейді.Олар мемлекеттік қызметшілерге пара беру арқылы
қылмыстық жауапкершіліктен құтылып отырған.Қазір де мұндай құбылыс жиі
кездеседі.
Қолсұғұшылықтың обьектісіне қатысты алаяқтар екі топқа бөлінеді:
біріншісіне, мемлекеттік меншікке қарсы қылмыс жасаушы алаяқтар,
екіншілері; жеке меншікті иелену мақсатымен қылмыс жасаушылар. Нарықтық
қатынастарға көшудің нәтижесінде меншікке қарсы қылмыстардың жаңа түрлері
пайда болды. КазССР –дің Қылмыстық кодексінде екі тарауға: яғни, мемлекетік
меншікке және азаматтардың жеке меншігіне қарсы қылмыстар деп бөлінсе,
қазір олар ортақ түсінікпен "меншікке қарсы қылмыстар "деп аталып,
меншіктің екі түрі де бірдй қорғалады.
Алаяқтық және қорқытып алушылықты қоғамдағы саудагерлер мен
делдалдардың әдеттегі тәжірибесіненен айыру кезінде кейбір қиындықтарды
туғызады. Мысалы: франциялық қылмыстық заң бойынша, алаяқтық және қорқытып
алушылыққа мынандай анықтама беріледі, "Алаяқтық және қорқытып алушылықты
жеке және заңды тұлғаны ойдан шығарылған есім немесе ойдан алынған лауазым
немесе жағдай арқылы, немесе жасанды лауазым және жағдайды пайдалану арқылы
ақша қаражаттарын, құндылықтарды мүлікті, міндеттейтін немесе міндеттемеден
босататын қандай да бір құжаттарды беру немесе қызмет көрсету арқылы алдау
әрекеттері құрайды".[2]
Француз заңгерлері алаяқтық және қорқытып алушылықты азаматтық құқық
бұзұшылықтардан айыруға көп көңіл бөледі. Олар алаяқтық және қорқытып
алушылықты әдеттегі сауда тәжірибесіндегі алдаудан айыратын нақты формула
жоқ дейді. Бірақ, мына тезисті мүмкін деп санайды, яғни, қылмыстъқ заң
мәміле жасау кезіндегі алдауды немесе оның шарттарының орындалмауы үшін
жауапкершілік қарастырмайды, тек осы құрал арқылы бөтеннің мүлкін иеленуі
үшін жауапкершілікке тартылады.
Үнді қылмыстық заңы бойынша (415-бап), жәбірленушінің өзінің мүлкіне
және беделіне алдау жолы арқылы мүлкін беруі немесе өзіндегі мүлкін ұстап
қалуға келісім беруі, немесе алданып белгілі бір әрекет жасауы немесе
әрекетсіздігі алаяқтық және қорқытып алушылық болып саналады. Көрініп
отырғандай, жәбірленуші кінәліге мүлкін берсе де, бермесе де жауапкершілік
қарастырылады.[3]
Өзін мемлекет қызметшісімін деп, осы негізде кредитке тауар алу
арқылы жәбірленушіні затты беруге итермелейді және оған счеты жоқ чекті
береді,алған тауар үшін төлейін деген ойы болмайды.
Жоғарыда айтылып кеткендей, Үнді қылмыстық заңы бойынша жәбірленуші
кінәліге меншікті берген жағдайда да, мүлік берілмеген жағдайда да
қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Екінші жағдайда, (Үнді қылмыстық
кодексінің 415бабына сәйкес) бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе
штраф немесе екеуін де бірдей қолданылуы мүмкін. Қылмыстық заңда мүлікті
берумен байланысты емес, өзін басқа тұлға атынан немесе жасанды атпен
жасалған аляқтыққа көп көңіл бөлінеді. Мысалы, кінәлі деп танылған Кшитиш
Скрартидің ісі. Ол үйлену үшін қыздың шешесінің келісімін алу мақсатында
өзін Брендр брахманы ретінде бұл кастаға жатпаса да, таныстырған.
Нәтижесінде келісім берген қыздың шешесі өз кастасынан қуылған.
Енді жалған үәде беруге қатысты бір мысал келтірейін, Кадир Бкшаның
1971ж қаралған ісі бойынша, айыпталушы үйлену мерейтойына қолдану үшін
жарты ақшасын төлеп, қалған ақшасын тойдан кейін төлеймін деп қолхат жазып
прокатқа зат алады. Шын мәнініде ешқандай үйлену тойы болмайтын еді. Оның
мақсаты мүлікті алғаннан кейін, ол мүлікке азаматтық талапты қамсыздандыру
үшін үшін қамау салуды талап етіп,мүліктің иесіне көрсетпекші болған.[4]
Алаяқтық және қорқытып алушылықтың заң берген анықтамасын талдасақ,
сенімді бұзу мен иеленуге қарағанда алдау арқылы мүлікті иелену жатады,
атап өтетін жай ол жалған уәде беру арқылы мүлікті алуға да, жәбірленушіге
зиян келтіру үшін де қолданылады, бірақ алаяқтық және қорқытып алушылық
үшін жауапкершілікке тарту үшін қажетті негіз болып табылмайды.
Германия қылмыстық кодексінде алаяқтық және қорқытып алушылықтың
негізгі құрамы былай анықталады."Біреуді жаңылдыру, немесе жаңылуын
қолпаштау жолы арқылы, шындықты бұрмалау, айтпау немесе шындықты бұрмалау,
айтпау немесе жалған мағлұматтар беру нәтижесінде оның пайдасынан өзіне
немесе үшінші тұлғаға мүліктік пайда түсіру әрекеттері ". Осыдан Германия
соты егер осындай мақсат болмаса, мүліктік пайда түсіруді алаяқтық және
қорқытып алушылыққа жатқызбайды. Мысалы, кредитор өз қарызын төлету үшін
борышқорды алдайды.Алаяқтық және қорқытып алушылыққа алдау тек өткен шақта
немесе осы шақта қолданылады. Келер шақ факт емес, сондықтан жәй үәде беру
алаяқтық және қорқытып алушылық деп қарастырылмайды. Сонымен
қатар,бағалаушы пікірлер де алаяқтық және қорқытып алушылық деп саналмайды
(мысалы, бұл кітап ең жақсы оқылатын кітап). Жәбірленушінің жаңылысуына
бақсылар, астрологтар да әсер етуі мүмкін, бірақ ол үшін де жауапкершілік
қарастырылмайды.[5]
Германия қылмыстық заңы тіпті заңмен қорғалмайтын мәмле нәтижесінде
материалдық зиян туындағанда да ( мысал, сотталушы құны 30 пфеннинг тұратын
дәрі –дәрмекті 10 марка бағамен бала түсіру үшін қолданады деп сатқан,
бірақ еш нәтиже бермейтінін білген) алаяқтық және қорқытып алушылық үшін
жауапкершілік қарастырады.
Сонымен, шет ел қылмыстық құқық теориясында да, сот тәжірибесінде де
алаяқтық және қорқытып алушылықтың түсінігі ортақ, яғни пайдакүнемдік
мақсатпен меншік иесіне зиян келтіру арқылы кінәлінің пайдасына мүлкін
қайтарымсыз алу және қолдану.[6]
1.2 Алаяқтық және қорқытып алушылық пен заңсыз иемденудің арақатынасы
1959 жылы ҚазКСР-дің 76-3 бабында (1995жылы 12 мамырда "ҚР кейбір заң
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Президент жарлығымен
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) алаяқтық және қорқытып алушылық,
яғни бөтен мүлікті (завладение) заңсыз иелену немесе бөтен мүлікке құқықты
алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу деп көрсетілген.
Қылмыстық заң мәтінінен заң шығарушы алаяқтық және қорқытып алушылық
қол сұғушылығын анықтау кезінде заңды иемдену" ұғымын пайдаланған. Бірақ
ҚазКСР-дің әкімшілік кодексінің 52-бабында заңсыз иемдену түсінігі
қолданылады. Бұл ұғым меншікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлеріне
қатысты топтас болып табылады: ұрлық, тонау, қарақшылық, сеніп тапсырылған
мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.[7]
Енді заңсыз иемдену түсінігіне тоқталып кетейік, бөтеннің мүлкін
заңсыз иемдену деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті меншік иесіне
немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа
адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады
(ҚР Жоғарғы Сотының № 8 Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер
бойынша сот тәжірибесі туралы 2003ж 11 шілдедегі нормативтік қаулысы).
Бұл анықтама заңсыз иемденудің барлық түрлері үшін ортақ болып
табылады, оның ішінде алаяқтық және қорқытып алушылық та кіреді. Заңсыз
иемденудің алты белгісі бар:
бөтен мүлік,
алып қою және айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру,
құқыққа қайшылық,
қайтарымсыз болуы
меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіру,
пайдакүнемдік мақсат.
Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену және меншікке қарсы өзге де
қылмыстардың заты бөтен, яғни кінәлінің меншігінде тұрмаған мүлік болып
табылады. Бұл орайда заңсыз иелікке түсетін бөтеннің мүлкі қылмыс жасаған
кезде меншік иесінің өз иелігіне немесе осы мүлік сеніп тапсырылған басқа
тұлғалардың иелігінде немесе олардың иелігінде заңсыз тұруы мүмкін. Басқа
адамдармен, соның ішінде құрылтайшылардың қатарында кінәлі адам да бар
заңды тұлғаға тиесілі бірлескен меншікте тұрған мүлікті заңсыз алып қою,
пиғылдың бағыттылығына қарай бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ретінде
дәрежеленуі мүмкін.[8]
Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену түрлеріне (ұрлық, тонау) мүлікке қол
сұғушылықтың түрлері де сәйкес келеді, оның ішінде алаяқтық және қорқытып
алушылық қолсұғушылығы да жатады. Кейінгі кезде әдебиеттерде осындай
қылмыстарды қылмыстық иелену, пайда табумен байланысты қылмыстар,
талан –тараж деп көрсетеді. Заңсыз иемденуде әрекеттер мүлікті иеленуден
тұрады, сот тәжірибесінде алу деп аталады. Мүлікті алу әр түрлі жолмен
жүзеге асады, негізінен, ұрлықты, тонауды, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті
иеленіп алу немесе ысырап етуді, соның ішінде алаяқтық және қорқытып
алушылықты заңсыз иемдену да деп айтсақ да болады. Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңы бойынша алаяқтық және қорқытып алушылық
бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу деп
көрсетсе, ТМД елдерінің кейбір мүліктік мәнге ие басқа да пайда алу деп
көрсетілген. Толығымен заңсыз иемденуді алаяқтық және қорқытып алушылықпен
бірдей түсінік деп айтуға болмайды. Заңсыз иемдену түсінігіне тек құқықты
алдау арқылы мүлікті алу сәйкес келеді.[9]
В.Лимонов атап өткендей, бөтен мүлікке құқықты алып қою, бұл
–алаяқтық және қорқытып алушылықтың ерекше түрі. Бұл әрекет, -дейді ол,
-заңзыз иемденуге жатпайды, себебі, айыптының және өзге адамдардың
пайдасына мүлікті алып қоюмен байланысты емес.
Мүлікті алып қою мен мүлікке құқықты алу түсінігі қылмыстық құқықта
ажырытылады. Мүлікке құқықты алған адам бұл құқықты жүзеге асыру үшіні яғни
мүлікті алу үшін қосымша әрекеттер жасауы керек. Мүлікке алдау немесе
сенімге қиянат жасау арқылы құқықты алған адамға меншік иесі немесе
иеленуші мемлекеттік органдарға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну
арқылы кедергі жасауы мүмкін.[10]
Қылмыс құрамын талдау мәселесіне, заңсыз иемдену түсінігіне толық
сәйкес келмейді:
Біріншіден, алаяқтық және қорқытып алушылықтың ( Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Заңы бойынша) құрамының ерекшелігін атап өту ең
алдымен қылмыс нәтижесінің мінездемесіне қатысты. Әрекеттің өзіне келетін
болсақ, мүлікті алуда, мүлікке құқықты алуда қылмыстың әрекеттің негізін
алдау немесе сенімге қиянат жасау құрайды.
Екіншіден, мүлікке құқықты алу мүлікті иеленуден бұрын не бірге
жүзеге асады.
Үшіншіден, сот тәжірибесінде негізінен тек мүлікті иелену түріне
қатысты қолсұғушылығы кездеседі.
Алаяқтық және қорқытып алушылықтың ерекшелігі сол, жәбірленуші
жаңылысу нәтижесінде өз мүлкін немесе мүліктік құқықтарын өз еркімен
береді. Бұл жерде күш көрсетудің, күш қолданудың еш белгісі жоқ. Кінәлінің
анықтап қойған алдауына сеніп жаңылысады. Егер бір тұлға екінші бір тұлғаны
алдау қолдану арқылы белгілі бір затты өз құнына беруді өтінсе, онда
алаяқтық және қорқытып алушылық құрамы бұл жерде жоқ. Ал егер, кінәлі
бағасы түсіріліп тұрған зат үшін түкке тұрмайтын ақша төлесе, яғни бағасына
сәйкес емес ақша төлесе, онда алаяқтық және қорқытып алушылық өзінен -өзі
көрініп тұр. Кінәлі біреудің мүлкін немесе мүлікке құқықты алу үшін
пайдакүнемдік мақсатта алдау әрекеттерін жүзеге асырады.[11]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177- бабына сәйкес,
алаяқтық және қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен
мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу деп анықтама
берген. Осы анықтамада бөтен мүлікті ұрлаудеп айтылып кеткен. Біз бұл
түсінікпен келіспейміз. Ұрлау терминін заңсыз иемдену терминімен
ауыстыру дұрыс болады, себебі хищение термині заңда мағынасы бойынша
дұрыс аударылмаған.[12]
Бұл анықтама бойынша біріншіден алаяқтық және қорқытып алушылықтың
екі түрін атап көрсетуге болады: мүлікті ұрлау және мүлікке құқықты алу,
екіншіден, алаяқтық және қорқытып алушылықты жасаудың нақты тәсілдерін атап
көрсетеді,олар –басқа қылмыс түрлерінен ажырататын алдау және сенімге
қиянат жасау. Жоғарыда атап көрсеткендей, иемденудің түсігіндегі барлық
белгілер алаяқтық және қорқытып алушылық құрамында да бар. Сонымен қатар,
заңсыз иемденудің түсінігі аляқтықтың түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді:
бөтен мүлікті заңсыз иемдену немесе бөтен мүлікке құқықты алу.
Сонымен, заңсыз иемденудің түсінігіне негізделіп, аляқтыққа қысқаша
анықтама беруге болады: алаяқтық және қорқытып алушылық- бөтеннің мүлкін
немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу.
2-Тарау.Алаяқтық және қорқытып алушылық үшін қарастырылатын жауаптылық
негіздері
2.1 Алаяқтық және қорқытып алушылықтың обьектісі және заты
Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде меншікке қарсы қылмыстардың обьектісі
мен заты әр түрлі анықталады. Берілген қылмыстың обьектісі мен затын дұрыс
анықтау үшін айыптының залал келтірген кез-келген әрекетінің мәнін анықтау
үшін, сондай-ақ оның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау және қылмысты
дұрыс саралау үшін, бұл қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық мәселесін
анықтауда маңызды болып табылады.
Алаяқтық және қорқытып алушылықтың объектілері, меншікке қарсы басқа
қылмыстардың обьектілерімен салыстырғанда, ерекшеленбейді.[13]
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекс мемлекеттік мүлікті және жеке мүлікті
ұрлағаны үшін біріңғай жауаптылықты қарастырады. Мемлекеттік меншік пен
жеке меншік арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, оларды бір нысан-
меншік құрайды. Мемлекеттік мүлікті ұрлау кезінде де, жеке мүлікті ұрлау
кезінде де бір ғана обьектіге –меншікке залал келтіріледі. Сондықтан
алаяқтық және қорқытып алушылықтың тікелей обьектісі ретінде мемлекеттік
меншік пен қоғамдық меншікті жеке –жеке қарастыратын авторлармен келісуге
болмайды.
Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмысының қоғамға қауіптілігі сол,
олар халық шаруашылығында пайдалануға арналған материалдық құндылықтар
қорының азаюына әкеп соғады. Меншік қатынастарының бұзылуы нәтижесінде
мемлекет немесе қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, азаматтар мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету өкілеттерін жүзеге асыру мүмкіншіліктерінен
айырылады, ал қылмыскер парзиттік өмір жолына түсіп, пайдакүнемдік
мақсаттарда пайдаланады.
Алаяқтық және қорқытып алушылықтың обьектісі- меншік қатынастары.
К.Маркстің меншік туралы мәселе жөніндегі еңбектерін аралай келе, меншік
термині әртүрлі аспектілерде қолданылғаны туралы тұжырым жасауға болады.
Бір жағдайларда, иемдену нысаны ретінде, ал басқа жағдайларда- өндірістік
қатынастардың құқықтық көрінісі ретінде.
Теориялық әдебиеттерде меншікті экономикалық категория және құықтық
категорияда меншік құқығы ретінде ажырату қабылданған.
Берілген қылмыстық топтық обьектісі ретінде меншік қатынастарын
есептеуге болады.Мұндағы меншік қатынастары дегеніміз-жеке тұтынуға
арналған материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау және бөлу қоғамдық
қатынастары, обьективтік құқық нормаларының жүйесімен бекітілген және
реттелген қатынастар.
Субьектінің қылмыстық әрекеттері осындай меншік қатынастарына қол сұға
отырып, оған кіретін қоғамдық қатынастардың әрбір тобына зиян келтіреді.
Оларға, мысалы, мынандай қатынастар жатады: сауда, қоғамдық тамақтану,
тұрмыстық қызмет көрсету, жөндеу құрылыс ұйымдары, т.б.
Алайда өмірлік жағдайларда қылмыс обьектісін анықтау әрқашан оңай бола
бермейді, бірақ мүлік мемлекетке, ұйымдарға, кәсіпорынға немесе азаматтарға
тиесілі болуы мүмкін. Мысалы, азаматтарға мемлекеттік немесе қоғамдық
ұйымның ұйымның сақтау, жөндеу, тасымалдау және т.б мақсаттар үшін берілген
мүлкі олардың жеке меншігі болып қала береді.
Бұған қоса, оны мүліктің ұрлануы мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке
қол сұғушылық ретінде саралануы тиіс, себебі, ұйым немесе мекеме оған
берілген жеке мүліктің сақталуына материалдық жауаптылықта болады.Тұлға
фирманың, кәсіпорындардың, мемлекеттің ұйымдардың және т.б. қорынан мүлікті
алып, оны алаяққа өз мүлкі ретінде берсе, алаяқтық және қорқытып алушылыққа
кінәлі адам азаматтардың меншігіне қол сұққаны үшін жауапты болады.
Топтық обьект ретінде көрінетін, меншік қатынастарының элементтерінің
бірі-тңкелей обьект болып табылады. Теориялық әдебиеттерде берілген
қылмыстың тікелей обьектісіне обектісіне қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. В.А
Владимиров топтық обьекті тікелей обьектіде болып табылады деп дәлелдейді.
Басқа криминалистердің пікірінше, мемлекеттік меншік- қылмыстың
тікелей обьектісі. Ал үшіншілері, қоғамдық меншікті айтады.
Менің пікірімше, меншік қатынастары берілген қылмыстың тікелей обьектісін
құрайды.
Қылмыстың заты- бөтеннің мүлкі, сондай-ақ мүлікке құқықты дәлелдейтін
құжаттар. Алаяқтық және қорқытып алушылықтың заты ретінде мүлік белгілі бір
белгілерді иеленуі тиіс. Ең алдымен, мүліктің тауар –ақша қатынастарындағы
көрінісі баға болып табылатын құны болу тиіс. Алаяқтық және қорқытып
алушылық заты әрқашанда материалдық субстрат, қоғамдық қатынастардың нысаны
мен алғышарты болып табылады.[14]
Қазақстан Республикасы сот тәжірибесін зерттеу көрсеткендей, көп
жағдайларда ақша қылмыс заты болып табылған.
Зат мағынасында бағасы мен құны бар мүлік алаяқтық және қорқытып
алушылықтың заты болады. Мұндай мүлік меншік құқығында мемлекетке, қоғамдық
ұйымға, ұжымға, жеке тұлғаға және т.б. тиесілі болуы мүмкін. Ол жеке меншік
құқығына да тиесілі болуы мүмкін, яғни, тамақ, киім, мал, ақша және басқа
да жылжымалы мүлік. Қазақстан Республ±кбсының Аз఼ађтық кодексіне сәйкес,
екі меншік түрі бар: мемлекттік және жеке. Мемлекеттік меншік республикалық
және коммуналдық меншіктен тұрады. Жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік
емес заңды тұлғалар мен олардың ұйымдарының меншігі ретінде көрінеді. Бұған
қоса, материалдық қажеттілік пен рухани қажеттілікті қамтамасыз ету
қабілетін иеленген затты білдіреді. Құны мен ақшаның экономикалық құрылымын
иеленетін, кез-келген мүліктің жалпы эквиваленті ретінде, тек қана тауарлық-
материалдық құндылықтар алаяқтың заттары бола алады.
Қылмыстың заты болған мүліктің құнын анықтау кезінде оны меншік
иесінің мемлекеттік бөлшек, нарықтық немесе комиссиялық сатып алуын негізге
алу қажет. Бағасы көрсетілмеген және заңсыз иемденген мүліктің құны
сарапшылар қорытындысының негізінде анықталады.Кінәлі адам бөтеннің мүлкін
заңсыз иемденуді жасыру мақсатында заңсыз иемденген мүліктің орнына
құндылығы кемдеу мүлікті ұсынған жағдайда да, талан-таражға салынған
мүліктің мөлшері оның құнына қарай анықталады. Бұл орайда заңсыз иемденген
мүліктің орнына ұсынылған мүліктің құны шығын мөлшерін анықтаған кезде
ескерілуі мүмкін.
2.2 Алаяқтық және қорқытып алушылықтың обьективтік жағ
Кез-келген қылмыстың обьективтік жағы қылмыстық әрекеттің сыртқы
көрінісімен сипатталады. Қылмыстың обьективтік жағы дегеніміз – субьектінің
қылмыстық әрекетінен (әрекетсіздігінен) басталып, қылмыстық нәтиженің
тууымен аяқталатын құбылыстар мен оқиғалардың кезекті дамуы тұрғысынан,
қолсұғұшылықтың сыртқы жағынан қарастырылатын, заңмен қорғалатын мүдделерге
қоғамға қауіпті құқыққа қайшы қол сұғу процесі болып табылады.[15]
Қылмысты жасау кезінде меншік қатынастарын меншік иелерінен мүлікті
алып қою арқылы жүзеге асырылады, ал материалдық игіліктерді алу белгілі
бір тәсілдер арқылы әрекет жасаған тұлғаның белсенді жүріс -тұрысын
білдіреді.
Адамның әрекеттері ішкі және сыртқы белгілерден тұрады. Сыртқы
белгілер- обьективтік шындықта адамның жүріс-тұрысының көрініс табуы, ал
ішкі белгілер –психофизикалық, адам санасында туындап, оның жүріс-тұръсъна
ықпай ететін белгілер. Қылмыстық құқық ғылымында сыртқы және ішкі
белгілерді бөлек-бөлек зерттеу қажет, себебі, бұл әбір белгінің қылмыстық
жауаптылық үшін ролі мен маңызын анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстық
құқық теориясында және сот тәжірибесінде қылмыстың обьективтік жағының
сипаттамасы үшін әртүрлі анықтамалар ұсынған. Қылмыстық заңда заң шығарушы
алаяқтық және қорқытып алушылықты обьективті жағынан бөтен мүлікті ұрлау
немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу деп анықтайды.
Алаяқтың қажетті белгісі-кінәлі иелігінде мүлкі бар адамды алдайды,
соның нәтижесінде жәбірленуші өз еркімен өз мүлкін қылмыскерге береді.
Алаяқтық және қорқытып алушылық кезінде алдау көрінеу болмаған фактілерді
болды деп жалған мәлімдеуден не істің мән- жайлары бойынша меншік иесіне не
мүлік иесіне хабарлануға тиісті фактілерді жасырудан көрінеді.
Алдау кінәлінің шын мәнінде алдау ниетінің болуына, содай-ақ тауардың
көлемі мен сапасына, қылмыс субъектісі болып табылатын адамның жеке басына
және жәбірленушіні адастыратын басқа да мән- жайларға қатысты болуы
мүмкін.[16]
Алаяқтық және қорқытып алушылық кезінде алдау ауызша да жазбаша да
болуы мүмкін. Заңи әдебиеттерде алдау- алаяқтық және қорқытып алушылық
кезінде мүлікті иемдену құралы ретінде айтылады. Кейде алдау осы қылмысты
жасау тәртібі ретінде қарастырылады. Мұндай екіжақты түсінікпен келісуге
болмайды. Иемденуді әрекет ретінде қарастырсақ , онда алдау әрекет тәсілі
ретінде көрініс табады.
Егер иемденуді қылмыскердің әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырсақ,
онда алдау осы нәтижеге жетудің құралы болады. Қылмыстың құралы туралы ұғым
қылмыстық –құқықтық әдебиеттерде және заңда кінәлінің қылмыстық
қолсұғушылықты жүзеге асырылуы үшін пайдаланылатын материалдық заттар,
құжаттар, механизмдер, құрылғыларды білдіреді. Ал әрекеттің тәсіліне
келетін болсақ, тәсілден жекелеген қылмыстардың нақты тәсілдеріне тән
неғұрлым мәнді белгілер көрініс табады.
Алаяқтық және қорқытып алушылық кезіндегі алдау заңда көрсетілген
мағынада қылмыстың құралы болуы мүмкін емес.
Алаяқтық және қорқытып алушылық кезіндегі алдаудың басқа алдаулардан
айырмашылығы мынада: ол мүлікті иелену үшін немесе мүлікке құқықты алу үшін
қолданылады. Осыған сәйкес ол кінәлі өз қызметін бастар алдында алдына
қойған қылмыстық қолсұғудың мақсаты, сипаты және тәсілі бойынша
ерекшеленеді. Осы мағынада ғана алдау туралы айтуға болады.
Алаяқтық және қорқытып алушылық тәсілі ретінде алдау әртүрлі болуы мүмкін.
Кең таралған әр түрлі қызмет көрсетуді ұсыну арқылы мүлікті иелену жатады.
Мысалы, Айдаров М. төмендетілген бағамен бейтаныс Әбжанова Н.-ға үнді шайын
жеткізіп беремін деп 14800 теңге алып, қашып кеткен.Оның әрекеттері
Қылмыстық кодекстің 177- бабы бойынша сараланады.
Алаяқтық және қорқытып алушылықтық қылмысын жасауда ішкі және сыртқы
белгілерден тұратын әрекет ерікті мазмұнға толы, мақсатсыз оның жүзеге
асырылуы мүмкін емес.Егер алдау арқылы қылмыскер жәбірленушінің санасына
информациялық, интеллектуалдық ықпал болса, ол әрқашан жауап беретін жүріс-
тұрысқа есептеледі.[17]
Қылмыстық құқық ғылымы сот тәжірибесі сияқты, алаяқтық және қорқытып
алушылықты алдау жолымен мүлікті иемдену деп есептейді. Алаяқтық және
қорқытып алушылық қолсұғушылығы кезіндегі алдаудың мазмұнын кінәлінің
жәбірленушіні алдауына қатысты мән-жайлар құрайды. Бұл мән-жайлар әртүрлі
болуы мүмкін.Заң ғылымында алаяқтық және қорқытып алушылық алдауларды
жекелеген түрлерге топтастыруға әрекеттер жасалуда. Мысалы, Г.Н. Борзенков
алдаудың төрт тобын бөліп көрсетеді:
-жеке тұлғаға қатысты;
-заттарға қатысты;
-оқиға мен әрекетке қатысты;
-ниетіне (жалған үәде беру) қатысты
Қылмыстық құқық ғылымында алаяқтық және қорқытып алушылық алдау әр
түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін екендігі көрсетілген-ауызша, жазбаша,
әртүрлі әрекеттер (әрекетсіздіктер) арқылы. Кез келген алаяқтық және
қорқытып алушылық алаяқтық және қорқытып алушылық алдау адам қыземетінің
екі негізгі түріне сәйкес келетін екі категорияның біреуіне жатқызылуы
мүмкін: бұл не әрекет не әрекетсіздік. Әрекет ауызша немесе белгілі бір
әрекеттер нысанында жасалуы мүмкін. Алаяқтық және қорқытып алушылық
алдаудың неғұрлым кең таралған нысаны сөз жүзінде алдау болып табылады. Ол
өз кезегінде ауызша немесе жазбаша нысанда бірдей.Кінәлі алдаудың осы
немесе басқа түрін нақты жағдайға байланысты қолданады. Сөз жүзіндегі нысан
кенет пайда болған жағдайда немесе кінәлінің алдын-ала жоспарлаған ниеті
кезінде кездеседі. Кінәлінің мүлікті иелену үшін пайдаланатын құжатқа
жалған мәліметтер енгізуін жазбаша алдау деп атауға болады, алайда жалған
құжаттарды пайдалану жай сөз жүзіндегі алдаудың шегінен шыққан дербес алдау
әрекеті болып табылады.
Алаяқтық және қорқытып алушылық кезінде сенімді асыра пайдалану жолымен
кінәлі өзі мен меншік иесі немесе мүліктің өзге де иесі арасындағы
сенімділік қатынастарды пайдалана отырып, оны алдайды не адастырады.
Кейбір авторлардың пікірінше, сенімге қиянат жасау алаяқтық және
қорқытып алушылық қолсұғушылығының дербес тәсілі болып табылады. Ал
басқалардың пікірінше, егер мүлікті иемдену алдау арқылы жүзеге асырылса,
онда сенімге қиянат жасау болмайды, ал егер мүлікті иемдену сенімге қиянат
жасау арқылы жүзеге асырылса, онда алдау болмайды. Біздің ойымызша бұлармен
келіспеу мүмкін емес.
Сенімге қиянат жасау алдаумен сәйкес келеді, әдетте қылмыскер алдауды
жүзеге асыру оңай болу үшін жәбірленушінің сенімін жаулап алуға тырысады.
Егер жәбірленуші қылмыскерге сенбесе, онда алдау болмас еді, себебі, алдау
жәбірленушінің сеніміне кіріп, мүлікті иемдену жолымен жүзеге асырылады.
Мұндай алдау сенімге қиянат жасау ретінде көрінеді. Сондықтан, алаяқтық
және қорқытып алушылық кезіндегі алдау мен сенімге қиянат жасау өте жиі бір-
бірімен өзара байланысады. Сенімге қиянат жасамай, алаяқтық және қорқытып
алушылықты жүзеге асыру мүмкін емес. Себебі алданған адам алаяққа сенбей
тұрып, оны алдау мүмкін емес. Сенімге қиянат жасау арқылы жүзеге асырылған
мүліктік қылмыстық қолсұғушылықтар Қылмыстық кодекстің басқа баптары
бойынша сараланады. Сондықтан сенімге қиянат жасауды алаяқтық және қорқытып
алушылық алдаудың бір түрі ретінде қарастыруға болмайды, бұл алдау мен
сенімге қиянат жасауды қылмысты жасаудың дербес тәсілдері ретінде
қарастырған заң шығарушының көзқарасына қарама-қайшы келеді.
Осылайша, сенімге қиянат жасау алаяқтық және қорқытып алушылық
қолсұғушылығының дербес тәсілі бола алмайды, себебі ол алдаумен бірге оны
жетістікпен жүзеге асыру үшін қолданылуы мүмқін немесе дербес түрде басқа
қылмысты құрайды.
Жалған үәде беру, жалған көзқарас немесе шындықты айтпау алаяқтық
және қорқытып алушылық алдаудың нысандары болып табылады, бұл нысандардың
бір де біреуі сенімге қиянат жасаудың мазмұны бола алмайды. Алдау арқылы
жасалатын алаяқтық және қорқытып алушылық сенімге қиянат жасау арқылы ғана
әртүрлі нысандарда көрініс таба алады. Онсыз жәбірленуші мүлікті (мүлікке
құқықты) бермейді. Сенімге қиянат жасау алдаудың құрамындағы қажетті
элемент болып табылады.Сондықтан, қылмыстық заңда сенімге қиянат жасау
арқылы деген сөз тіркестерін көрсетудің қажеттігі жоқ деп ойлаймын.Оның
ролін алдау өзінен өзі –ақ атқарып тұр.Басқаша айтқанда кінәлі қалыптасқан
сенім қатынастарының нәтижесінде, алдау арқылы мүлікті (мүлікке құқықты)
заңсыз иеленіп тұр.[18]
Нарықтық экономикаға өтудің бір көрінісі ретінде тағы бір көңіл
аударарлық жай, ол алаяқтық және қорқытып алушылық қолсұғушылығының әр
алуандығы болып отыр, алаяқтар әр түрлі технологияларды, мысалы,
компьютерді, компьютерлік жүйені, компьютерлік сетьті немесе оның
бөліктерін қолдану арқылы дұрыс жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысына
араласу ниетімен алдау немесе жаңылдыру мақсатында заңсыз әрекеттер
жасайды. Қазіргі күні алаяқтық және қорқытып алушылықты жасауда меншікті
осындай қолсұғушылықтардан қорғау актуальді мәселеге айналып отыр.Әсіресе
Қазақстанның барлық жерлеріне компьютерлердің әр түрлі маркаларын енгізіу
жургізіліп жатыр, осыған байланысты компьютерлік алаяқтық және қорқытып
алушылық қолсұғушылығы да жиі орын алуы мүмкін, сондықтан, қылмыстық заңға
алаяқтық және қорқытып алушылықтың осы әдісі арқылы жасалған түріне
жауаптылық көздейтін қосымша норма енгізуді ұсынып отырмын.
Алаяқтық және қорқытып алушылық кезінде жалған құжаттарды пайдалану
алдаудың бір түрі болып табылады және бұл әрекеттер ҚК-нің 325-бабы бойынша
қосымша дәрежеленуді қажет етпейді. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды,
мөрлерді, бланкілерді жасау, дайындау, содан кейін оларды алаяқтық және
қорқытып алушылық кезінде пайдалану ҚК-нің 177 және 325-бабының тиісті
бөліктеріне сәйкес қылмыстар жиынтығы бойынша дәрежеленуі тиіс.
2.3 Алаяқтық және қорқытып алушылықтың субъектісі
Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісі болып қылмыстың жасалу
сәтіне қарай қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толған, есі дұрыс, жеке
тұлға танылады. Заң әдебиеттерде қылмыстың арнаулы субъектісі деген ұғым
бар, оған есі дұрыстық және белгілі бір жасқа толу белгілерін басқа,
қылмыстық заңда көрсетілген өзге де қосымша белгілер тән. [19]
Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмысын жасаған тұлғаның есінің
дұрыстығы туралы айта отырып, ол бөтен мүлікті заңсыз иемдену жөніндегі
әрекеттеріне қылмыстық қолсұғушылық кезінде есеп бере алғанын ескерте кету
қажет. Мұндай қабілетті болмаған тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Меншікке қарсы алаяқтық және қорқытып алушылық қолсұғушылықтың
субъектісіне меншікке қарсы басқа қылмыстар сияқты ерекшіліктер тән.
Алаяқтық және қорқытып алушылық субъектісінің белгілері екі аспектіде
сараланады:
-қылмыстық-құқықтық;
-криминологиялық.
Қылмыстық-құқықтық аспектіге есі дұрыстық және кінәлінің жасы жатады.
Криминологиялық аспект алаяқ тұлғасының әлеуметтік- саяси мінездемесін
қарастыруға мүмкіндік береді.
Жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдау арқылы мүлкін иемденуді тек
кәмелеттік жасқа толған адамдар ғана жасай алады.Қылмыстық жауаптылық
туындайтын ең аз жас мөлшерін анықтау кезінде заң шығарушы ең алдымен,
белгілі бір жаста адамның объективті шындықты түсініп, өз әрекеттерін
саналы түрде басқара алу мүмкіндігін есепке алу қажет.
Алаяқтық және қорқытып алушылық әрекетін жасаған тұлғаның қылмыстық
жауаптылығы туралы мәселені шешуде тек оның заңды белгілерін ғана емес,
сонымен қатар, берілген қылмысты туғызған себептер мен мән-жайларды да
саралау қажет. Көптеген алаяқтар өз қылмыстарын жасағанмен, олардың
кейбіреулері алдында тұрған мән-жайларға байланысты қылмыстық
қолсұғушылықты жүзеге асырады.Демек, кінәлінің жеке басына қатысты мән-
жайлар қылмыс жасаған тұлғаның жүріс-тұрысына ықпал жасауы мүмкін, бірақ
әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесіне ықпал жасай алмайды және қылмыстық
әрекетті анықтауға әсер етпейді.Қылмыстық заң бойынша, жауаптылық алаяқтық
және қорқытып алушылық үшін 16 жастан басталады.Бұл жастан алаяқтық және
қорқытып алушылық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа келтірілген залалдың
көлеміне байланысты тартылады.Кейбір авторлар (В.В.Устименко,
К.П.Абдурасулова және т. б.) алаяқтық және қорқытып алушылық үшін 18 жастан
жауаптылық қарастыруды ұсынады. Бұл пікірмен келісуге болмайды.Бірақ шын
мәнінде,сот материалдарын зерттей келе, алаяқтық және қорқытып алушылық
үшін сотталғандардың ең төменгі жасы 18 жасты құрып отыр.
Көрініп отырғандай, негізінен бұл қылмыстың түрін 18-25 жас
аралығындағылар жасаған, яғни 51% құрап отыр. Бұл талдаудан алаяқтық және
қорқытып алушылықты 18-40 жас аралығындағылар көбірек жасайды деген
қорытынды жасауға болады, себебі, мүлікті алдау арқылы иемдену үшін белгілі
бір тәжірибенің , адам психологиясын білуі, өзін сендіретін қасиеттердің
болуы қажет.[20]
Алаяқтық және қорқытып алушылықтың субъектісі жеке тұлға да, лауазымды
тұлға да болуы мүмкін.
Лауазымды адамның не коммерциялық ұйымның немесе өзге ұйымдарда басқару
функциясын атқаратын адамның өзі қызметтік өкілеттерінің немесе өзінің
қызметтік жағдайын пайдалану мүмкіндігінің болуынан шын мәнінде жүзеге
асыра алмайтын әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін ақша, бағалы қағаздар, және
басқа да материалдық құндылықтар алуы, көрсетілген құндылықтарды иелену
пиғылы болғанда, алаяқтық және қорқытып алушылық ретінде дәрежеленуі тиіс.
Егер адам лауазымды адамға немесе басқару функциясын атқаратын адамға пара
немесе коммерциялық сатып алу нысаны ретінде ақшаны немесе құндылықтарды
беру үшін алса және оны жасағысы келмей, оларды иеленсе, жасалған әрекет
алаяқтық және қорқытып алушылық ретінде дәрежеленуі тиіс. Бұл орайда, егер
кінәлінің әрекеттері басқа адамның пара беру пиғылының пайда болуын
қалыптастырса, онда оның әрекеттерін пара беруге итермелеу ретінде қосымша
дәрежелеу қажет.
Алаяқтық және қорқытып алушылық субъектісінің криминологиялық белгілеріне
тоқталатын болсақ, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінің статистикасына қарасақ, алаяқтық және қорқытып алушылық
қолсұғушылығын негізінен еркектер жасайды, осы қылмыс үшін сотталғандардың
білімі негізінен орта, және ең көп пайызы жұмыс істемейтіндер.Олардың
жауаптылыққа тартылуы үшін әр түрлі жағдайлар әсер еткен.[21]
Алаяқтық және қорқытып алушылық туралы тағы бір айта кететін жай, бұл
қылмыс негізінен қалада кездеседі, алаяқтардың 86% қала тұрғындары құрайды.
Сонымен тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартудан бұрын, тек заңи
белгілерді ғана емес, сонымен қатар, осы қылмысты туғызған шарттар мен
себептерді де ескеру керек. Көбінесе алаяқтар бұл қылмысты бірінші рет
жасағанымен, олардың кейбіреулері қылмысты алдында тұрған мән-жайларға
байланысты жасайды. Тұлғаның кінәлілігіне байланысты мән-жайлар қылмыс
жасаған тұлғаның әрекетіне әсер етуі мүмкін, бірақ, ол қоғамдық қауіпсіздік
дәрежесі мен қылмыстық әрекетті анықтауға әсер етпейді.
2.4 Алаяқтың субъективтік жағы
Қылмыстың субъективтік жағы ретінде әдебиетте қылмысты туындататын
және ондағы интеллектуалдық, еріктік және эмоционалдық процестер бірігіп,
өзара байланыста болатын психикалық қызмет түсініледі. Қылмыстың
субъективтік жағы дегеніміз-адамның өзі жасаған қылмысына
көзқарасы.Қылмыстың обьективтік жағы оның сыртқы жағы болса, субъективті
жағы оның ішкі жағы болып табылады.Қылмыстың субъективті белгілері –кінә,
ниет және мақсат.
Ғылымда кінә тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті әрекетке және оның
қоғамға қауіпті салдарына қасақаналық, абайсыздық нысандағы заңмен
көзделген психикалық қатынасыны ретінде анықталады.Ұрлауды жүзеге асыру
кезінде тек қасақаналық нысанда көрініс табады. Алаяқтық және қорқытып
алушылық кезінде кінәлі өз әрекетерінің қоғамға қауіптілігін біледі,
қоғамға қауіпті салдарын алдын-ала көріп тұрады және жәбірленушіге мүліктік
зиян келтіріп, өзі мүліктік пайда алу үшін мұндай әрекеттерді жасауды
тілейді.[22]
Алаяқтық және қорқытып алушылық қол сұғұшылығының субъективтік жағын
бағалағанда, барлық криминалистер бір пікірді мойындайды: ол кінәлінің
бөтеннің мүлкін немесе мүлікке құқығын иемденуге бағытталған қасақаналық
ниеттің болуымен сипатталады. Тікелей қасақаналық кез-келген кезінде екі
сәттен тұрады:
тұлғаның өз әрекетінің қоғамға қауіптілік саналы түрде сезіп білуі және
оның қоғамға қауіптілік салдарын алдын-ала білуі (интелектуалдық);
бұл салдардың тууын тілеу (еріктілік).
Алаяқтық және қорқытып алушылық қолсұғушылық кезінде интелектуалдық
сәт кінәлінің қылмыс объектісін –меншік қатынастарымен қылмыстық қол сұғу
затының белгілерін саналы түрде біледі.
Алаяқтық және қорқытып алушылық қолсұғушылығы кезінде қасақаналықтың
еріктік сәті мынадан тұрады: кінәлі алдау сенімге қиянат жасау жолымен
мүлікке және мүлікке құқықты иеленуді, және сол арқылы меншік иесіне
мүліктік залал келтіруді тілейді.
Алаяқтық және қорқытып алушылықты кінәлі тұлға алдын-ала ойлап немесе
кенеттен туған қасақаналықпен жүзеге асырады.Берілген қылмыс көбінесе алдын-
ала ойланып барып жасалады.
Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде заңсыз иемденудің элементі болып
табылатын пайдакүнемдік мақсатпен қоса, пайдакүнемдік ниет те аталады.
Пайдакүнемдік-өте күрделі ұым, оған кез-келген материалдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz