Қорғаншылық жасау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1. ҚР Заңдарымен қарастырылған қорғаншылық пен қамқоршылықтың
түрлері.
2. Қорғаншылық пен қамқоршылықтың құқықтық режимі.
3. Қорғаншы немесе қамқоршы бола алмайтындар.
ІІІ.Қорытынды.

Қорғаншылық пен қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалган
балаларды тәрбиелеу үшін, сондай-ақ өзінің құқығы мен оған жүктелген
міндеттерді өз бетінше жүргізу мүмкіндігінен айырылған адамдардың жеке және
мүліктік мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Заңдарымен қорғаншылық пен қамқоршылықтың
мынадай түрлері қарастырылған:
1) кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық жасау;
2) психикалық аурулардың салдарынан немесе ойлау қабілетінің
төмендігінен сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қорғаншы
болу;
3) әрекетке қабілетті, бірақ күшқабілетінен айырылған адамдарға
өздерінің айтуы бойынша қамқоршылық ету;
4) ішімдікпен әуестенудің немесе есірткіні шектен тыс қодданудың
салдарынан әрекетке қабілетсіз деп сотпен шектелген адамдарға қамқорлық
жасау;
5) мүліктерге қорғаншылық және қамқоршылық ету.
Кәмелетке толмағандарға корғаншылық пен қамқоршылық жасау баланың ата-
анасының ауыруы, қайтыс болуы, олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуы
салдарынан, немесе басқа да себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды тәрбиелеу үшін белгіленеді. Қорғаншылар мен қамқоршылық
жасаушылар тәрбие мәселесімен қатар, балалардың жеке және мүліктік
құқықтары мен мүдделерін қорғауды да жүзеге асырады. Қорғаншылық жасау 14
жасқа дейінгі балаларға, ал қамқоршылық ету 14-тен 18-ге дейінгі
жасөспірімдерге белгіленеді.
Психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен өз іс-
әрекетіне жауап беретін азаматтарға қорғаншы белгілеу оның әрекетке
қабілетсіздігін анықтаған сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Ал, әрекетке қабілетті және өзінің іс-қимылына жауап бере алатын,
бірақ күш-қуаты жоқ (мүгедектер, қарт адамдар) кәмелет жасындағыларға
қамқоршылық белгілеу оған материалдық көмек пен қолдау көрсететін
балаларының немесе басқа да туыстарының бар болуына қарамастан жүзеге
асырыла береді.
Мұндай адамдарға камқоршылық жасау тек қана олардың арызы бойынша
белгіленеді. Өздерінің құқықтары мен міндеттерін қорғауды қажетсініп
отырған адамдар тәрбие немесе емдеу мекемелеріне орналастырылған болса,
оларға қорғаншылық пен камқоршылық жасау белгіленбейді, мұндай жағдайда
қорғаншы болудың міндетін сол мекемелердің әкімшілігі арнайы құжаттарсыз-ақ
атқара береді. Бұл адамдардың мүліктік мүддесін қорғау үшін қажетті
жағдайларда мүлікке қорғаншы белгіленеді.
Спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан
әрекетке қабілеттілігі сотпен шектелген адамдарға қамқоршылық белгілеудегі
мақсат — оны құқығынан қамқоршысының келісімінсіз айыру, онын сыртынан
келісім жасау, жалақысын, зейнетақысын, басқа да табыстарын алу және оған
иелік ету болып табылады.
"Неке және отбасы туралы" Заңның 107-бабы қандай да бір азаматты
(адамды) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі деп тану
туралы шешім қабылдаған сотты үш күн ішінде қабылданған шешім туралы
әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі адамның түрғылықты
жері бойынша оған қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу үшін қорғаншы жәнс
қамқоршы органға хабарлауға міндеттейді
Қорғаншылық пен қамқоршылықтың құқықтық режимі бір-біріне сәйкес
келмейді. Заңды әрекеттерді өз бетінше жүргізе алмайтын адамдарға қорғаншы
белгіленеді, сондықтан қорғаншы қорғаншылыққа алынғандардың атынан әрекет
ете отырып, олардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады, мүддесін
қорғайды. Қамқоршылық жасаудағы мақсат қамқорлыққа алынғандардың өз
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруларына көмектесу, оларды басқа
бірлеулердің қиянатынан қорғау болып табылады".
Қорғаншы немесе қамқоршы болатын адамдар қамқорлықка алынатындардың
келісімімен ғана белгіленеді. Қорғаншы мен қамқоршылыққа бірінші кезекте
қамқорлыққа алынушыдардың туған-туыстары немесе оған жақын басқа да адамдар
тартылады, бұл жерде олардың адамдық жеке қасиеттері, өздеріне тапсырылған
міңдеттемені орындаушылық қабілеттері ескеріледі. "Неке және отбасы туралы"
Заңның 108-бабының 2-ші тармағы қамқорлыққа алынатындардың жақын
адамдарынан белгіленетін қорғаншы немесе қамқоршы адамдардың құқықтық
артықшылығы болатынын тұжырымдайды.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінде қарама-қай-шылық болмаса,
онда олардың бірнешеуіне (мысалы, ағалы-інілі немесе апалы-сіңлілі болып
келетін бірнеше кәмелетке толмағандар үшін) бір қорғаншы немесе қамқоршы
белгіленеді.
Қорғаншы немесе қамқоршы бола алмайтындарға мыналар жатады: 18-ге
толмаған, әрекетке қабілетсіздігі сот арқылы анықталған, немесе әрекет
қабілеттілігі шектелгсн адамдар, ата-аналық құқықтарынан айырылғандар,
бүрын бала асырап алғандар, егер олар оздеріне тапсырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау
Қорғaншылық және қaмқоршылық ұғымы
Қорғаншылық және қамқоршылық туралы
Қорғаншылардың және қамқоршылықтың міндеттерін атқару
Қорғаншылар мен қамқоршылар түсінігі және оның құқықтары мен міндеттері
Қорғаншылық және қамқоршылық
Зерттеу пәні ата - аналары ажырасқаннан кейін балаларға қорғаншылық тағайындау туралы дауларды қараудың реттейтін заңнама
Неке және отбасы құқығы жайлы
Пәндер