Ақша айналымын тұрақтандыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1 Қоғамдық шаруашылықтың нысандары

2 Ақша туралы түсінік
2.1 Ақша айналымын тұрақтандыру
2. Ақшаның формалары мен түрлері

2. Тауарлы өндіріс
3.1 Тауар өндірісі. Құн заңы және рыноктық механизм.
3.2 Тауар және оның қасиеттері, тауарға сіңген еңбектің сипаты. Құнның
нысандары.
3.3 Құн заңы – тауар өндірісінің заңы.

1 Қоғамдық шаруашылықтың нысандары

Қоғамдық өндіріс адамның тіршілігінің негізін қалайтын өндіріс адамзат
өміріндегі атқаратын рөлі ерекше. Қоғамдық өндірістің негізінен 2 ғана
формасы бар. Олар:
1) Натуралдық
2) Тауарлық
Натуралдық дегеніміз - өндіріс жеке тұтынуға қажетті өнімді өндіргіш
күштердің көмегінсіз жасайды.
Тауарлық дегеніміз - өндіріс күштерінің көмегімен жеке тауар
өндірушілер арасындағы байланыс процесінің қоғамдық формасы қандай болса,
ол үздіксіз процес болуға, яғни сол бір сатылардан қайта – қайта өтіп
отыруға тиіс.
Экономика ғылымында 3 факті қолданады. Олар: еңбек, капитал, жер.
Еңбек: адамның мақсатқа сай қызметі еңбектерінің көмегімен адам аз
қажетін өзіне лайықты екен дейді.
Капитал: капитал көп мағыналы ұғым, ол материалдық игіліктердің қоры.
Ол сонымен қатар материалдық емес игіліктермен элементтерді де қамтиды атап
айтқанда адамның қабілеті білімді.
Капитал дегеніміз- экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған ұзақ
мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндіріледі.
Жер: Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын
игіліктер капиталға жатады. Жер ұғымы ең кең мағынада қолданылады.
Экономиканың өсуінің негізінен 6 факторы бар. Олар:
1) Табиғи ресурстарының сапасымен көлемі.
2) Еңбек ресурстарының сапасымен көлемі.
3) Технология.
4) Негізгі капитал қорлық көлемі.
Экономикалық өсуіне әсер ететін осы 4-факторды ұсыныс факторы деп
атауға болады.
5) сұраныс факторы.
6) Бөлу, тарату факторларын – сұраныс факторы деп атауға болады.
Экономика дегеніміз – материалдық өндірістік пен өндірістік емес
саланы қамтитын халық шаруашылығымен елдің шаруашылық салаларымен
секторларын немесе жекелеген аймақтарын сол сияқты өндірістің кейбір
шарттарымен элементтерін зерттеумен шұғылданатын ғылыми пән.
Цех бұл белгі – бір бейнелерді пайдаланылатын кәсіпорындардың
оқшауланған бөлімшесі.
Жеке дара өндіріс – шығарылатын өнімін кең номенклатурасын сол сияқты
көмекші, операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы еңбек өнімділігінің
төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.
Сериялық өндіріс- жеткілік көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің
түпкілікті және көп емес бұйымдардың наменклатурасын анықтайды.
Ғылым технологиянық прогресс- ғылыммен техниканың, технологияның
үздіксіз даму, субек заттарының өндірілген еңбекті ұйымдастыру
формаларымен әдістерінің жетілдіру процесі.
Ғ.Т.П. эволюциялық формасы әдетте техникалық құралдармен
технологиялық біртіндеп үздіксіз дамып отыруын көрсетеді.
Ғ.Т.П революциялық формасы арқылы өндірістің материялдық
техникалық базасына сапалы өзгерістер енгізуге болады.
Механикаландыру дегеніміз- бұл қол еңбегі болған жерді
машиналарға ауыстыру (өз дамуында механикаландыру бірнеше сатыдан
өтті).
Өнімнің сапасы - кәсіпорынның маңызды көрсеткіштері болып
саналады. Өнімнің сапасын арттыру нарықтық экономикадағы кәсіпорынның
алар орнын ғ.т.п. жағдайын, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын
және кәсіпорында қолданылатын барлық ресустарды тиімді пайдалануды
анақтайды.
Сапа дегеніміз- өнімнің белгілі бірі сұранысты қамтамасыз
ететін, қасиеттерінің жиынтығы. Сапа көрсеткішінің бірнеше түрі бар.
1) Тағайындау көрсеткіштері- өнімді белгілі бір бағыт бойынша
қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді.
2) Сенімділік көрсеткіштері- өнімдердің төзімділігін ұзақ уақыт
сақталуын жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
3) Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері. Шығарылған
өнімдердің стандарттарын және сәйкестендіретін бөліктерінен
тұрады.
4) Экономикалық көрсеткіштер. Адамдармен заттардың арасындағы ара
қатынастар адамдардың заттарды қолданудағы психалаоиялық
физиалогиялық гигеналық көрсеткіштерін көрсетеді.
5) Эстетикалық көрсеткіш- өнімнің сыртқы орындалуын, формасын
тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
6) Экологиялық көрсеткіш- өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда
қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді.
7) Қауіпсіздік көрсеткіштері- өнім жөндеу, сақтау, тасымалдау, қолдану
кезіндегі қауіпсіздікті сақтау.
8) Өнімнің сапасын басқару- белгілеу, қамтамасыз ету және сапалық
қызметті деңгейін қолдану мақсатындағы құру пайдалану немесе
өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Стандарт- бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі
мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын келісушілік негізінде
әзірлейтін және танылған орындалған бекітетін нормативтік құжат.
Мемлекеттік стандарттар- барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды
жүргізілетін сапа жүйесін бірін-бірі алмастыратын өнімдермен
процестер есебімен ресурстарды пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сапаны басқару дегеніміз- сапаны басқаруға қажетті процестермен
әрбір жұмыскердің жауапкершілігін өз жұмысын атқаруын қамтамасыз
ететін ұйымдық құрылым.
Өнім сапасын басқару дегеніміз- талаптарын қанағаттандыру оның
ішінде жобалау конструктогы және өзара шарыттау талаптарға сай
келуі үшін пайдаланатын әдістерімен қызметтер жиынтығы.
Технология тиімділігі- еңбегінің тиімділігі уақыт шығынының аз
кетуі қызметкердің жауапкершілікті болуы жатады.
Техника дегеніміз- практикалық міндеттемелерді шешу үшін жүйеге
келтірілген білімдердің ғылыми және өзге түрлерін дәйектілікпен
қолданылуды түсінеді.

2 Ақша туралы түсінік
2.1 Ақша айналымын тұрақтандыру
Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің тұрғысынан алғанда есептік
мөлшерлеме дегеніміз - артық резервтердің шығыны болып табылады. Сол
себепті де оны Ұлттық банк кемітеді, бұл өз кезегінде коммерциялық
банктердің қарыз (ссуда) алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың есебінен
коммерциялық банктерге берілетін несие ақшаның ұсынылуын арттырады.
Ұлттық банк есептік мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз алуын
тежейді, бұл несие ресурстарының және банктерге берілетін несиенің өлшерін
азайтады, оз кезегінде айналымдағы ақшаның массасын кемітеді.
Ұлттық банк инфляцияны тежеу мақсатында қайта қаржыландырудың
мөлшерлемесін 1994 жылдың қаңтар-ақпан айларында 270% деңгейінде, осы
жылдың наурыз-тамыз айларында 300% деңгейінде белгіледі. Инфляцияның кемуі
мен айырбас бағамының тұрақтануына қарай мөлшерлеме біртіндеп кеміді: 1994
жылдың соңында 230%, 1995 ж. - 52,5%, 1996 жылдың қыркүйек айында - 30%,
1997 ж. - 24%. Көріп отырғанымыздай, пайыздық саясат инфляцияны жылдам
тежеудің әрі ақша айналысын реттеудің тиімді аспабы болып табылады екен.
Инфляция айтарлықтай төмен болған жағдайда пайыздық мөлшерлемелер –
экономикада ақша массасының өсуін ынталандыру мақсатында пайдаланылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда инфляцияның деңгейі 6-4-7% жағдайында қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі 7%-ке белгіленген.
Ашық нарықтағы операция айналымдағы ақша мөлшерлемесін реттеу
процесінде айрықша орын алады. Бұл операция, бір жағынан, құнды қағаздарды
Орталық банктің сатуын және сатып алуын ұйғарса, екінші жағынан, құнды
қағаздарды коммерциялық банктердің, қаржы компанияларының, халықтың сатуын
және сатып алуын ұйғарады.
Орталық банк құнды қағаздарды сату және сатып алу арқылы резервтерді
банк жүйесіне таратады немесе оларды бұл жүйеден алып тастайды, осылай ету
арқылы ол айналымдағы ақша массасын көбейтеді немесе азайтады. Қазақстанда
мұндай құнды қағаздарға мемлекеттік қазынашылық облигациялар жатады. Оны
үкімет бюджет тапшылығын және ноталарды жою үшін Ұлттық банк арқылы
шығарады. Ұлттық банк осы құнды қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық
банктердің ең аз шамадағы резервтерінің шамасы артып, клиентурамен
жасасатын активтік қарыз операцияларын ұлғайтуға мүмкіндік алады, эмиссиясы
артады. Ұлттық банк коммерциялық банктерге құнды қағаздарды сатқан
жағдайда, керісінше, олардың резервтелген қаражат сомасы кемиді, ал
банктерде несие ресурстары азайып, ақша массасы төмендейді. Соңғы жылдары
(2001-2005 жж.) ҚР Ұлттық банкі белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша
массасын реттеудің бір әдісіне ақша нарығындағы валюталық интервенция
жатады.
Мұнай мен металдың әлемдік бағасының көп өсуіне байланысты Қазақстанға
шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен оның
құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк соңғы
жылдары валюта бағамын ақша нарығындағы интервенция арқылы реттеуге жиі күш
жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы өзінің валюталық алтын
резервін ұлғайтты. Ол 2005 жылдың басында 11,0 млрд доллардан асты. Ұлттық
банк, сондай-ақ, 5,0 млрд АҚШ долларынан көп мөлшерде Ұлттық мұнай
сақтандыру қорын құрды.
Экономиканың тым қызып кетуі теңгенің шектен тыс нығайтылуы және
инфляңияны тежеу мен айналымдағы ақша мөлшерін реттеу секілді мәселелер
осылайша шешілетін болды.
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса
болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен
бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның
формасы дегеніміз – ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол
айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы
металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша
өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар,
қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және
толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.
Толыққұнды ақша - номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін
ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың
(алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар
жатады.
Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қатынастарының
тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес
ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

2.2 Ақшаның формалары мен түрлері
Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:
1) Металдық;
2) Қағаздық;
3) Несиелік;
4) Электрондық ақша.
Металл ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық
құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл
құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әртүрлі формада
болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде
шығарылды.
Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық
құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын,
массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета
түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Римде пайда болды. Ең
алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен
(Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия
мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде
металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.
Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі
ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау
қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да,
сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалды.
Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді.
Толыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар
ақшаның барлық қызметін атқарады.
Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады,
олардағы номиналдық құн құрамындағы металл құнынан асып кетеді.
Монеталарды құю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық
еmissіо сөзінен аударғанда шығару деген мағынаны береді. Ақшаның
эмиссиясы - бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол
айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.
Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа
тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.
Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам
тарапынан бөрілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін
тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:
Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи
қасиеттеріне;
Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда,
оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.
Алтынды өндіру - өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг
алтынды алу үшін орташа тереңдігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу
керек.
Алтынның негізгі өндірушілері Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік
өндірістің 13 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.

Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның
жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.
Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас
операцияларының өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары
шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра
алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген
сұранысты қамтамасыз ете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын
ақшалар құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны
өзінің орынбасарларымен (құн белгілері) алмастыру қажеттілігі туындады,
олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан
жоғары болады.
Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз
ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған
күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым
барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапкы формасы мен құнын
жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп
мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды
нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың
объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет
тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.
Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса,
онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз
ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын
тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып
алуға болады.
Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту
керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және
шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар
массасына сәйкес келмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияға
әкеледі.
Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз— атауы бар,
әр түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын -
доллар, Ресей - рубль, Қазақстан – теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың
кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден,
оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа
түседі.
Өндірістің дамуы, коммерциялық және банктік несиелеу саласының кеңеюі
нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін
канағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар несиелік
қағаздар пайда болды.
Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың
эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны
және оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма
мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі
қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын
стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.
Қағаз - ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың
ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген
кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.
Несиелік ақшалар - айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және
несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік
құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиелік
ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.
Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банктердің несие беруі
қағаз ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының
қажеттілігін қанағаттандырады.
Несиелік ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель,
банкнота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі - несиелік және
пластикалық карточка.
Вексель - бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде
онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме.
Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы
береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға
белгіленген соманы төлеуі тиіс.
Аудармалы вексель (тратта) - вексель беруші кредитордың (трассант)
қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші
тұлғаға беруі. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен
төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі вексельде және аллонжда аваль ретінде
есептеу деген жазумен ресімделеді.
Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта мәміле түрі жөніндегі
ақпараттың жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін көрсететін
даусыздығымен; айналымдылығымен, яғни вексельді төлем құралы ретінде басқа
кредиторларға беруге болатындығымен сипатталады.
Демек, вексель несие және ақшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет
етеді. Ол несиеге қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен
төлеуді қамтамасыз етеді.
Вексельдерді пайдалану айналым шығындарын үнемдеуге ықпал етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда вексель астық шаруашылығында қолданылады. Вексель
берушілер ретінде астық егуші шаруашылықтар есептеледі, олар Азық-түлік
корпорациясына жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау
құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару
міндеттемесін өз мойнына алады.
Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды.
Банкнота - бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды
көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель
белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі;
екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша
елдің Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме
бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.
Қазақстандағы банкноттардың эмитенті болып Ұлттық Банк саналады, олар
Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын
түріндегі материалдық қамсыздандырылмаған, бірақ банкноттардың несиелік
негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне сәйкес айналымға
шығарылады және қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табылады.
Банкноттық айналым кеңістіктегі несиелік ақшалардың әрекет етуін
кеңейтуге мүмкіндік берді және де банкноттардың айналыс құралы қызметін
атқаруын қамтамасыз етті.
Чек - бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудін ақшалай құжаты,
онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға
(ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді
әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді.
Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен
чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.
Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін; тауарлар
мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша
аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы
ретінде қолданылады.
Есеп айырысу чектері ордер сипатында болады. Шот иелеріне арнайы чек
кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітапшаларындағы чектер тауарлар
мен көрсетілген қызметер үшін қолданылады.
Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, банктік
есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компьютерлерді кең қолдануға өту
электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті, яғни компьютер жадындағы
шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік
карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған
микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады.
Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және қызметтерге
төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсатта банктерден
қысқа мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық
карточкалардың бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік және
саудалық карточкалар өте кең таралған.
Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей
ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып
алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу
үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты
қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы
автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар
өз қызметкерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек
ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті
көрсетеді: клиент өзінің дербес компьютерін компьютерлік желіге қоса алады,
ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды Интернет желісі
арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды.

3 Тауарлы өндіріс
3.1 Тауар өндірісі. Құн заңы және рыноктық механизм.

Бұл тақырып тауар, құн, баға, ақша сияқты маңызды категориялардың
мапзмұның анықтауға арналады. Бұл ұғымдарды зерттеуге бірінші қадам
жасалысымен-ақ методологиялық мәселе пайда болады. Бұл құбылыстарға
функционалды талдауды, әлде себеп-салдарлы талдауды қолдану керек пе?
Мәселені барынша қарапайым етіп былайша түсіндіруге болады: функционалды
талдау экономикалық құбылыстардың өзара байланысын “көлбеу сызығы бойынша”
қарайды, бірінші не екінші деген сұрақ қойылмайды. Мысалы, баға сұранысты
анықтау ма әлде керісінше ме?
Каузалды (себеп-салдарлы) талдаудың фунционалды талдаудан
айырмашылығы ол тауар шаруашылығы категорияларының шығу төркінің алынған
табыстардың түпкі қайнар көздерін, себептерін зерттеуге басты көңіл бөледі.
Мұндай талдау баға, бағаның негізі не? Құнның субстанциясы не? Пайданың,
проценттің, жалақының және т.б. түпкі көздері не деген сұрақтарға
әлеуметтік-экономикалық, таптық сипаттамалар мен өлшемдер тұрғысынан жауап
береді.
Бұл екі талдау тауар шаруашылығы категорияларын зрттеудегі қпзіргі
маржиналисттік (шектілік) және марксистік әдістерді сипаттайды. Догматтық
бағыттағы кеңестік экономикалық әдебиеттерде маржиналисттік талдауды істің
сыртқы көрінісімен айналысатын “дөрекі”, “ғылыми емес” деп жариялады.
Алайда неоклассикалық мектепті ғылыми емес деп бағалау қате пікір. Бұл
бағыттың өкілдері өз алдарына әлеуметтік-таптық қатынастарды анықтауды
мақсат етіп қойған жоқ. Олардың талдауы жеке фирманың, өндірушінің, не
тұтынушының шаруашылық жүргізуінің неғұрлым оңтайлы әдістерін іздеуге ең
жоғары деңгейіндегі әл-ауқатта жетудің барынша тиімді тәсілін табуға
арналған. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналымын болжамдық жоспарлау
Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктері
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Ақша реформасы
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстандағы қаржы мекемелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Пәндер