Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдык қауіпсіздік
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері
• Терроризм
• терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде
шақыру
• террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу
• адамды кепілге алу
• ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты кұру және оны
басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу
• заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру
• бандитизм
• үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу
• теңіз қарақшылығы
• дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау
• жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде
пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және
қызметтерді заңсыз экспорттау
• атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу
• тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін
бұзу
• жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу
• радиоактивті материалдарымен заңсыз жұмыс істеу ережелерін бұзу
• радиоактивті материалдарды талан-таражға салу немесе қорқытып алу
• радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу
• айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың
контрабандысы
• қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш кұрылғыларды заңсыз
алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру
• қаруды заңсыз жасау
• атыс қаруын ұқыпсыз сақтау
• қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету
жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау
• қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын талан-таражға
салу не қорқытып алу
• өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу
2.2. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
• жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап)
• бұзақылық
• тағылық
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Қылмыстық кодекстің қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке
қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы тарауында екі түрлі топқа жататын
қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы
қылмыстар. Коғамдық қауіпсіздік деп — адамдардың қауіпсіз өмір сүруін,
бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды,
оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және
қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз
жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бұл
қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық
қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және оның қызметінің
қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану,
өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.)
болып табылады. Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей
объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.
Объективтік жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке жататын
қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 233 және басқа баптары); ал
қайсы біреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы ҚК-тің 245, 246-
баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік
диспозицияға негізделген (ҚК-тің 245, 246, 251-баптары).
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233, 233-1,
233-2, 234, 237-баптары т.б.), ал қайсы біреулері материалдық құрамға (ҚК-
тің 245, 244-баптары) жатады.
Мемлекет қоғамдық тәртіпті сақтауға, адамдардың тыныштығын,
олардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылмауына ерекше мән береді.
Осыған орай Қылмыстық кодекстің жекелеген тарауы мемлекеттің қоғамдық
қауіпсіздігімен бірге тәртіпті реттеуге, қорғауға арналған. Қоғамдық
тәртіпсіздіктер (241-бап), бұзақылық (257-бап), тағылық (258-бап) болып
табылады. Осы қылмыстардың топтық объектісі-қоғамдық тәртіп. Өйткені
көрсетілген қылмыстардың кез-келгенін істеу арқылы объект ең алдымен
қоғамда қалыптасқан тәртіпке қол сұғады. Қоғамдық тәртіпке көрсетілген осы
қылмыс құрамдарының тікелей объектісі де болады. Осы құрамдардың қосымша
тікелей объектісі-адамдардың денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, меншігі
болуы мүмкін.[1]
2. 1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НАҚТЫ ТҮРЛЕРІ
ТЕРРОРИЗМ (233-БАП)
Терроризм — қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып
табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық
сипат алуда. Террорлық әрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін
біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі терроризм — мемлекеттік
өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі — терроризмді жүзеге асыру
арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы
тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша:
"Терроризм, жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі
мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау
қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер
қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім
қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді
дәл сол мақсатқа жасаймын деп қорқыту" болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 233-бабында көрсетілген қылмыс объективтік
жағынан:
1) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға
қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою
немесе өзге іс-әрекеттер жасау;
2) аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталған.
Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де іс-әрекеттерге көліктердің апатқа
ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мәдени және діни құрылыстардың
қиратылуын, сондай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе
басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға,
құрылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады.
Субъективтік жағынан терроризм тек кана тікелей қасақаналықпен
жасалады. Кінәлы адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы
зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың
қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-тармағына осы қылмыстың
ауырлататын түрлері: бірнеше рет; атыс қаруын қолдана отырып жасалған
терроризм үшін жауаптылық көзделген[2].
ТЕРРОРИЗМДІ НАСИХАТТАУ НЕМЕСЕ ТЕРРОРИЗМ АКТІСІН
ЖАСАУҒА ЖАРИЯ ТҮРДЕ ШАҚЫРУ (233—1-БАП)
Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде
шақыру, сондай-ак көрсетілген мазмұндағы материалдарды таратқандық үшін
жеке қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдык
қауіпсіздік. Қылмыс заты терроризмді насихаттайтын әр түрлі материалдар.
Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы: терроризмді насихаттау;
терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру; соларға байланысты
материалдарды тарату арқылы жүзеге асырылады.
Терроризмді насихаттау деп ауызша, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен
көпшілік арасында осындай іс-әрекеттерді істеу үшін жүргізілген әр түрлі
ұйымдастырушылық қызметтерді айтамыз.
Жария тұрыс шақыру деп ашық түрде көпшілік алдында терроризм актісін
жасауға бағытталған тікелей-әрекеттерді айтамыз.
Материалдарды тарату деп бөтен адамдарға жазбаша түрде жазылған
терроризмді насихаттайтын немесе сол терроризм актісін жасауға итермелейтін
мазмұнда жазылған мәтіндерді үлестіруді айтамыз.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және терроризм
актісін жасау немесе оны насихаттау мақсатымен істеледі. Қылмыстың
субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс адам.
ТЕРРОРИСТІК ТОП ҚҰРУ, ОҒАН БАСШЫЛЫҚ ЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСУ (233—2 -
БАП).
Террористік мақсатты көздейтін кылмыстарды жасау үшін топ құру
(террорлық топ) сондай-ақ оған басшылық еткені үшін жауаптылық Қылмыстық
кодекстің 233—2-бап 1- бөлігінде көрсетілген.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда белсенді әрекет арқылы террористік
қылмыстарды жасау үшін топ, ұйым құру немесе оған басшылық ету арқылы
жүзеге асырылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен
істеледі. Қылмыс субъектісі — 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Осы
баптың екінші бөлігінде қылмыстың ауырлататын түрі — террорлық топтың
қызметіне немесе ол жасаған террорлық актілерге қатысушылық үшін жауаптылық
көзделген.
АДАМДЫ КЕПІЛГЕ АЛУ (234-БАП)
Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда "Адамды
кепілге алуға қарсы күрес туралы" халықаралық конвенция қабылдаған.
Қылмыстың тікелей объектісі — кепілге алынған адамдардың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу
немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі
адам адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын
сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді Қылмыстың субъектісі - 14-ке
толған, есі дұрыс адам.
ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ НЕМЕСЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ (ҚЫЛМЫСТЫҚ ҰЙЫМДЫ) КҰРУ ЖӘНЕ
ОНЫ БАСҚАРУ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ҚАТЫСУ
(235-БАП)
Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексіне тұңғыш рет енгізіліп отыр. Ұйымдасқан Қылмыстық кодекстің 235-
бабының 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстардың субъектісі болып 16-
ға толған, есі дұрыс кез келген адам, ал осы баптың 4-тармағында
көрсетілген кылмыстың субъектісі болып — арнаулы субъект (қылмысты
әрекеттерді істеуге өз лауазымдық жағдайын пайдаланған лауазым иелері
немесе өкімет өкілдері) танылады
ЗАҢСЫЗ ӘСКЕРИЛЕНДІРІЛГЕН ҚҰРАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
(236-БАП)
Қылмыстық кодекстің 236-бабында: "Заңсыз әскерилендірілген
құрама (бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге де топ) кұру, сондай-ақ ондай
құраманы басқарғаны" үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың
объектісі - заңмен белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды
реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатталады:
а) әскерилендірілген құрама құру және басқару;
б) құраманың қарулануы;
в) мұндай құраманы кұрудың заңға негізделмеуі.
Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың
субъектісі — 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.
БАНДИТИЗМ (237-БАП)
Бандитизм — аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл
өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы
жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.
Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік.
Қосымша тікелей объектісі — адамдардын өмірі, денсаулығы, меншігі,
сондай-ақ басқадай мүдделері.
Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы
бойынша сипатталады:
1) азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ
(банда) құру;
2) осындай топтық (банданы) басқару;
3) тұрақты қарулы топқа (бандаға) қатысу;
4) бандылық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы.
Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады.
Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 237-бабында көрсетілген әрекеттерді
істейтінін сезеді және оны істеуді тілейді.
Қылмыстық ниет — әр түрлі болуы мүмкін, онын негізгісі — пайдакүнемдік
ниет.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам.
ҮЙЛЕРДІ, ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ, ҚАТЫНАС ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
ҚҰРАЛДАРЫН БАСЫП АЛУ (238-БАП)
Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Объективтік
жағынан қылмыс:
а) үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге
коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру;
б) оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту арқылы сипатталады.
Кінәлі адам көрсетілген объектілерді заңсыз басып алады немесе заңсыз
басып алған объектілерін одан әрі ұстап тұрады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады.
ТЕҢІЗ ҚАРАҚШЫЛЫҒЫ (240-БАП)
Теңіз қарақшылығы — ертеден белгілі және қауіпті қылмыстардың бірі.
Қылмыстың бұл түрі үшін халықаралық құқық нормасында жауаптылық белгілеген.
Қылмыстың тікелей объектісі — теңізде жүзудің халықаралық
қауіпсіздігі және бөтеннің меншігі. Қосымша тікелей объект — адамдардың
өмірі. Қылмыстың заты — бөтеннің меншігі (жүк, кеме, жанар май, отын,
т.б.).
Объективтік жағынан қылмыс теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің
мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп
қорқытып, шабуыл жасау әрекетімен сипатталады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге
асырылады. Кінәлі күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл
жасап, теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында
қарақшылық жасайтынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.[3]
ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ТУРАЛЫ
КӨРІНЕУ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАУ (242-БАП)
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдайларда
адамдар арасында абыржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да
мекемелердің, кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын
бұзады. Осыған байланысты бұл қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық
қауіпсіздік болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік
зиян келтіру не қоғамға өзге де қауіпті зардаптардың болуы қаупін тудыратын
жарылыс, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттердің дайындалып жатқаны туралы
көрінеу жалған хабарлау әрекеттері арқылы жүзеге асырылады (КК-тің 242-
бабы).
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам
терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың қоғамға қауіптілігін,
заңға қайшылығын сезеді, бірақта соны тілеп әрекет жасайды. Қылмыстық ниет
сан түрлі болуы мүмкін. Көп жағдайларда мұндай әрекет бұзақылық ниетпен
істеледі, ал кейбір реттерде кек алу, жұмысты немесе оқуды болғызбау
ниетімен жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі — жалпы, жасы 14-ке толған кез келген азам
ЖАППАЙ ЗАҚЫМДАУ ҚАРУЫН, ҚАРУ-ЖАРАҚ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ
ТЕХНИКА ЖАСАУ КЕЗІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЗАҢСЫЗ ЭКСПОРТТАУ (243-БАП)
Қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының Сыртқы
экономикалық қызметіндегі жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі
халықаралық міндеттемелерінің орындалуын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери
техника жасау үшін қажетті технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және
қызмет көрсетулер болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан әрекет арқылы
заңсыз экспорттау жолымен жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық — заң тыйым салған заттарды экспорттық
бақылаусыз шетелге шығарғаны үшін туындайды. Экспорттық бақылаусыз шетелге
шығарылуға тыйым салынған технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпаратты
және қызметтердің, сондай-ақ жаппай зақымдау қаруларының, қару-жарақ және
әскери техниканың тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы
белгіленеді. Қылмыс құрамы формальдық. Сондықтан да қылмыс жаппай зақымдау
қаруын, қару-жарақ, әскери техника жасауда пайдаланылатын технологиялық,
ғылыми-техникалық ақпаратты жөнелткен немесе шетелде нақты бір қызметті
көрсеткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Кінәлы адам жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ, әскери техника жасау
кезінде пайдаланылатын арнайы экспорттық бақылау орнатылған
технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз
экспорттауды жүзеге асырып отырғанын сезеді, біледі және соны заңсыз түрде
жүзеге асыруды тілейді.
Осы қылмыстың субъектісі — тиісті бағдарлама өзіне лауазымдық
жағдайы немесе сарапшылық қызметі бойынша мәлім болған, жасы 16-ға
толғандар болып танылады.
АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ (244-БАП)
Қылмыстың тікелей объектісі — атом энергетикасы объектілерін
орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану қауіпсіздігі тәртібін
реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты атом энергетикасын өндіретін зауыттар: атом
қалдықтарын көметін көмбелер, атом сұйықтарын өндіретін зауыттар,
радиоактивті нәрселермен жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институттары.
Қылмыс объективтік жағынан кісі өліміне немесе қоршаған ортаның
радиоактивтік зақымдануына әкеп соктыруы мүмкін, атом объектілерін
орналастыру, жобалау, салу немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін
бұзу аркылы сипатталады.
Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс заңда көрсетілген әрекеттерді
істеген уақыттан және сол әрекеттер арқылы зардаптың нақты орын алу қаупі
төнгенінен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен немесе абайсыздықпен
істелуі мүмкін.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы атом энергетикасы объектілерін
орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану жұмыстары өзіне
тапсырылған 16-ға толған адам.
ТАУ-КЕН НЕМЕСЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН
БҰЗУ (245-БАП)
Жалпыға мәлім, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу әр
уақытта да адамдарға, қоршаған ортаға, жануарлар немесе өсімдіктер әлеміне
белгілі бір қауіп туғызуы мүмкін. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде
қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше мән берген жөн.
Қылмыстың тікелей объектісі — тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын
қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын
жүргізгенде қауіпсіздік ережелерін бұзу, егер бұл абайсызда адам
денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соғу арқылы
сипатталады.
Қылмыс субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық нысаны
(менмендік немесе немқұрайлылық) арқылы жасалады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.
ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БАР ОБЪЕКТІЛЕРДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ (246-БАП)
Қылмыстың тікелей объектісі — жарылыс қаупі бар объектілердің
қауіпсіздік ережелерін реттейтін коғамдық қатынастар. Қосымша тікелей
объект адамдардың өмірі, денсаулығы, көлік қызметінің қауіпсіздігі және
меншігі.
Объективтік жағынан қарастырылып отырылған қылмыс жарылыс қаупі
бар объектілерде немесе жарылыс күші бар цехтарда қауіпсіздік ережелерін
бұзу, егер бұл кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы
мүмкін болса — деп сипатталған.
Жарылыс заттарын сақтайтын қоймалар, ғимараттар жарылыс қаупі бар
объектілер деп аталады.
Жарылатын заттар, жарылғыш қондырғылар, оқ-дәрілер, жару
құрылымдарын өндіретін зауыттың бір бөлімін — жарылыс қаупі бар цехтар деп
айтамыз.
Осы қылмыстың объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі қылмыс
істеу орны — жарылыс қаупі бар объект болып табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыздықпен де
істелуі мүмкін. Оны дұрыс анықтау үшін жарылыс қаупі бар объектілерде
қауіпсіздік ережелерін сақтау жәніндегі арнаулы нормативтік құқықтық
актілердің талаптарына кінәлы адамның қатынасын дәлме-дәл анықтау қажет.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — 16-ға толған жарылыс қаупі бар
объектілерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға байланысты жұмыс атқаратын
адамдар. Олар лауазым адамы немесе қатардағы қызметкер болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 246-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын
түрі: абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға
(жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру; мүлікті жою,
тұрғындарды эвакуациялау т.б.) әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық
белгіленген.
РАДИОАКТИВТІ МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЗАҢСЫЗ
ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ (247-БАП)
Қылмыстың тікелей объектісі радиоактивтік материалдармен қауіпсіз
жұмыс істеуді реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қосымша тікелей объект - адамдардың өмірі немесе денсаулығы.
Осы қылмыстың заты болып - тек қана радиоактивті материалдар
танылады. Оларға радиоактивті нәрселер, радиоактивті қалдықтар т. б. заттар
жатады. Радиоактивті заттармен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі
туралы заңымен белгіленген".
Қылмыстық кодекстің 247-бабының 1-тармағында көрсетілген
қылмыстың объективтік жағы: радиоактивті материалдарды заңсыз иеленіп алу,
сақтау, тасымалдау, пайдалану, бүлдіру немесе көму әрекеттері арқылы
сипатталады. Мұнда көрсетілген заңсыз алуға - радиоактивтік материалдарға
КК-тің 248-бабында көрсетілгеннен басқа кез келген тәсілмен (сатып алу,
айырбастау, сыйға алу) арқылы қолға түсіру немесе радиоактивтік
материалдарды үшінші жаққа тегін немесе белгілі бір ақы алып беру жатады,
бұл әрекеттер заңға негізделмеген болуы қажет. Сақтауға – көрсетілген
заттарға шын мәнінде иелік етіп, қожалықта ұстау әрекеттері жатады.
Радиоактивті материалдарды пайдалануға оны мақсатты немесе басқадай
мақсатсыз қолданып, игілікке жарату әрекеттері жатады.
Бүлдіру деп - радиоактивтік материалдар сақтаған ыдыстар мен басқа
да бұйымдарды қиратуды, сындыруды айтамыз. Заңсыз тасымалдау немесе көму
деп - заңда белгіленген талаптарды көрінеу бұза отырып, қауіпті жағдайда
радиоактивті материалдарды тасу немесе көму әрекеттерін айтамыз.
Қылмыс формалдық құрамға жатады. Қылмыс жоғарыда көрсетілген
балама әрекеттердің біреуін заңсыз істеген уақыттан бастап аяқталған деп
танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен
істеледі. Кінәлі адам радиоактивтік материалдарымен заңсыз жұмыс істейтінін
сезеді және соны тілеп әрекет істейді.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.
РАДИОАКТИВТІ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУ
НЕМЕСЕ ҚОРҚЫТЫП АЛУ (248-БАП)
Қылмыстың тікелей объектісі болып радиоактивті материалдардың
белгіленген айналым тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар, ал қосымша
тікелей объектісі -адамның өмірі немесе меншік қатынастары болады. Осы
қылмыстың затына радиоактивті материалдар жатады. Қылмыстың жәбірленушісі —
радиоактивті материалдар занды түрде өз иелігінде немесе күзетінде болған
адамдар болады.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс радиоактивтік
материалдарды талан-таражға салу немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.
Талан-тараж деп заңға қайшы тегін, пайдакүнемдікпен радиоактивті
материалдарды алып, оны өз пайдасына немесе үшінші жақтың пайдасына
айналдыруды айтамыз. Талан-тараждың тәсілі әр түрлі (жасырын, ашық, күш
қолданып, алдау немесе сенімге қиянат жасау) болуы мүмкін. Қылмыстың істелу
тәсілдерінің іс-әрекетті саралауға әсері болмайды. Қорқытып алу — яғни
бөтеннің радиоактивті материалдарын күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен
немесе бүлдірумен қорқыту арқылы, сол сияқты жәбірленуші немесе оның
жақындарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе
оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де
мәліметтерді жариялау арқылы талап етуі болып табылады.
Осы қылмыстың басқа нысаны — қорқытып алу формальдық кұрамға жатады.
Қорқытып талап ету уақытынан бастап ол қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қылмыстық ниет пайдакүнемдік және басқадай әр түрлі болуы мүмкін. Қылмыстың
субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам.
РАДИОАКТИВТІ МАТЕРИАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ (249-БАП)
Қылмыстың тікелей объектісі және заты Қылмыстық кодекстің 247-
бабындағы осындай түсінікпен ұқсас. Қылмыс объективтік жағынан радиоактивті
материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерін
және олармен жұмыс істеудің басқа да ережелерін бұзу, егер бұл әрекеттердің
кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін болса — деп
сипатталған. Яғни бұл жерде радиоактивті материалдарды сақтау, пайдалану,
есепке алу, көму, тасымалдау заңға сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Бірақ оған
жауапты адам радиоактивті материалдармен жұмыс істеудің ережелерін бұзып,
соның салдарынан кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардаптардың болу
мүмкіндігі пайда болады.
Қылмыстық кодекстің 249-бабындағы құрам объективтік белгілері жөнінен
ҚК-тің 247-бабындағы қылмысқа сырттай ұқсас, бірақ екеуінің арасында
айырмашылық бар. КК-тің 247-бабында радиоактивті материалдармен заңсыз
жұмыс істеу үшін жауаптылық белгіленсе, ал 249-бапта осындай материалдармен
жұмыс істеу заңға сәйкес жүргізіледі, бірақ олармен жұмыс істеудің
ережелерін бұзу орын алады. Осы қылмыстың субъективтік жағы, субъектісі
және ауырлататын түрлерінің белгілері де ҚК-тің 247-бабындағы осындай
ұғымдармен ұқсас.
АЙНАЛЫСТАН АЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫҢ НЕМЕСЕ АЙНАЛЫСЫ
ШЕКТЕЛГЕН ЗАТТАРДЫҢ КОНТРАБАНДЫСЫ (250-БАП)
Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды
немесе кедендік теңдестіру кұралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі
заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш,
радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы,
жарылғыш кұрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жоятын
қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-
жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтарды
декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден
шекарасы арқылы өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 250-
бабында арнайы көрсетілген.
Айналыстан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттардың
контрабандасы (250-бап) қылмысының тікелей объектісі — қоғамдық
кауіпсіздік. Яғни осы көрсетілген заттармен контрабандалық әрекеттер жасау
әр уақытта қоғамның қауіпсіздігіне тікелей қатер келтіреді.
Осы қылмыстың заты 250-бабының диспозициясында тізбектеліп көрсетілген.
Олар: есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы,
уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттар, кару-жарақ, әскери
техника, жарылғыш құрылғылар, атыс қаруы, оқ-дәрі, жаппай қырып-жоятын
қарудың ядролық, химиялык, биологиялық және басқа да түрлері, жаппай қырып-
жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтар.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс мемлекеттік кеден шекарасы
арқылы кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған құжаттарды, кедендік
теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып айналымнан алынған заттарды
немесе айналысы шектелген заттарды декларацияламай немесе жалған
декларациялау арқылы өткізумен сипатталады.
Субъективтік жағынан 250-бапта көрсетілген қылмыс тікелей
қасақаналықпен жасалады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған жай адам немесе лауазымды адам.
ҚАРУДЫ, ОҚ-ДӘРІЛЕРДІ, ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАРДЫ ЖӘНЕ
ЖАРЫЛҒЫШ КҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ АЛУ, БЕРУ, ӨТКІЗУ, САҚТАУ, ТАСЫМАЛДАУ НЕМЕСЕ
АЛЫП ЖҮРУ (251-БАП)
Қарудың кез келген түрімен заңсыз іс-әрекеттер жасау өте қауіпті.
Қарулы адам әруақытта да орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан заң
осындай заттармен айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілеген.
Көрсетілген қылмыстың тікелей объектісі — қаруды, оқ-дәрілерді,
жарылғыш заттарды және жарылғыш кұрылғыларды айналымға қауіпсіз шығаруды
реттейтін қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.
Қылмыстың заты — қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және жарылғыш
құрылғылар, суық қару болып табылады.
. Өзінің бағытталған мақсаты мен негізгі өлшемдері, сипаттамалары
бойынша қару: жауынгерлік, қол атыс қаруы мен суық қару; азаматтық қару;
қызметтік қару болып бөлінеді.
Жауынгерлік қол атыс қаруына — оқ-дәрі немесе өзге де заряд қуатының
әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын
қарулар жатады (автомат, карабиндер, винтовкалар, пистолеттер, пулеметтер
т.б.).
Суық қаруға — нысананы тікелей зақымдайтын, құралы адамның бұлшық
еті күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz