Қоғамның түрлері және қоғамдық қатынастар туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Қоғам туралы түсінік.
2. Қоғам туралы ілімнің дамуы.
3. Қоғам туралы Маркстік ілім және оның қазіргі жағдайы.
4. Қоғамның түрлері және қоғамдық қатынастар туралы түсінік.
5. Қоғамның қызметі.

Қоғам -өте нәзік әрі күрделі материя. Қоғам деген сөздің мағынасы
кең: алғашқы қауымдық қоғам , феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз
қоғамы, демократиялық қоғам, т.б. Бұл арада алуымен белгілі бір қауымның
немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді
жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы
ойлаймыз. Бұл -әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөнінідегің ұғым. Басқа
сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан
тұратын , табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке
адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы қатынасты қоғам деп атаймыз.
Біріншіден, қоғам –адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсызадам жоқ, адамсыз
қоғам жоқ . Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды , ол сол жеке
адамдардың өзара қатынасын көрсету.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше
ұжымдардың мүшесі болады. Демек, қоғам-ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып
көрінеді.
Адамдар қоғамды белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады,
әлеуметтік топтардың, ұлттардың әкономикалық, әлеуметтік саяси, мәдени
өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп
аталады.
Сонымен, қоғамдық адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін ,
олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет.
Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: 1) қоғамға қажетті
қатынас түрлері болады;2) субъект топтың сипатта болады; 3) қоғамның
объективтін сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келеме,
жоқ па , оған қарамастан өмір сүреді.
Табиғат апаты үздік –создық болып тұрады. Демек, табиғатта стихиялық
сипат бар. Ал қоғамдық дамудың ортасында санасы мен еркі билеген адам
тұрады. Табиғат қоғамнан және адамнан тыс , өзіне тән заңымен дамиды.
Алайда адам қоғамы мәдениетті жасайды , табиғатты да өзгертеді. Демек, адам
және қоғам өз іс-әрекеті арқылы табиғатқа қарсы тұрады екен.Адам мәдениетті
жасаумен бірге , табиғатты бағындыра да біледі. Себеі табиғат пен қоғам
тікелей байланыста, өзара қатынаста болады. Біріншіден, табиғи орта,
географиялық және климаттық ерекшеліктер қоғамның дамуына белгілі дәрежеде
әсер етеді. Бұл факторлар ел мен халықтың дамуын жеделдетеді немесе
қиындатады, қоғамдық еңбек бөлінісіне әсер етеді. Өзендер мен көлдер, ауа
райы шаруашылыққа, өмірге қандай әсер ететінін күнделікті өмірден білеміз.
Су арқылы табиғи байлықты иеленеміз, егін егіп, жеміс-жидек өсіреміз,
оларды тіршілігімізге пайдаланамыз. Ал айналадағы ортаның ластануы, табиғи
байлықтың азая бастауы экологиялық дағдарыс туғызады, адамдардың өмір
сүруіне қауіп төндіреді.
Адамдар өздерінің іс-әрәкеттері арқылы айналадағы табиғи ортаны
өзгертеді. Көптеген аймақтардағы батпақты жерлер құрғатылып, шөл далалардың
баққа айналғанын жақсы білеміз. Өзен суы негізінде су электр станциялары
жұмыс істейді.Сонымен қатар шаруашылықты дұрыс жүргізбеу салдарынан теңіз-
көлдердің тартылып, құнарлы жерлер тозып, елсіз бос далаға айналып кеткенін
де жақсы білеміз. Бұлардың бәрі –адамның іс-әрекетінің нәтижесі.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңінде әлемді түсінудің тәсілі аңыз
түрінде пайда болады. Аңыз барлық халықтарда да болды. Аңыздың көмегімен
қоғамның өткені, болашағы туралы адамдардың ой-қиялы және олардың
рухани өзара байланысты көрініс берді. Рухани құндылықтакр ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып, ілімнің бастамасы , діни сенім, саяси көзқарас , өнердің бірнеше
түрлері, т.б. қалыптасты.
Аңыздарда адамның өзі туралы түсінігі және айналадағы ортаны ой
елегінен өткізуі көрініс берді. Әлемнің, адамның шығу тегін түсіндіруде екі
түрлі наным болды. Бірінде әлемді құдай жасаған деп түсіндірілсе, екіншісі
даму идеясын жақтады.
Аңыздың көпшілігі еңбек адамдарына, олардың тұрмысына, әдет-ғұрпына
арналған.
Қазақ халқының ерте замандағы ой-пікірлері де мифтік аңыз, қиял
–ғажайып ертегілері түрінде көрінеді. Ерте замандағы халық ұғымында: жер
жүзіндегі барлық жаратылыстың түпкі тег төрт нәрседен- топырақ, су, от және
желден жаратылған. Барлық болмыстың өмір сүру тетігі жарық пен қараңғылыққа
байланысты деп білген. Жарық –жылудың, күннің, өмірдің, жақсылықтың, бақтың
нышаны; ал қараңғылық- суықтың, түннің, өлімнің, жаманшылықтың, сор-
қырсықтың нышаны. Бұлар бір-біріне қарама- қарсы күштер деп есептелген.
Қазақ халқының санасында жартылдыс дүниесі адамдардың тұрмыс-
тіршілігіне ұқсатып топшыланған. Халық түсінігінде әлемдегі барлық нәрсе
және тіршілік жоқтан бар болып, кішкенеден үлкейіп, бірі-бірінен туып, өсіп
-өрбіп отырған.Жер мен аспан жайындағы аңыз бойынша , жер мен аспан алғаш
жаралағанда тым кішкене екен . Ол кезде бүкіл әлем қаратүнек тұман ішінде
тұрған. Кейін ұзақ замандардың өтуімен, күн шығып, ай туып , қараңғы мен
жарывқ айырылып , адамзат, жан-жануардың тіршілігі пайда болған екен.
Қазақ халқының көне түсінігі бойынша , жер-адамзат , жан-жануар, ағаш-
шөптің анасы . Аспан –жарық , жылу беріп , жаңбыр жаудырып есіркеуші атасы
есептелген. Сондықтан халқының ерте кезде көк-тәңірге , жер-анаға табынған.
Табиғат пен адам, қоғам бүкіл адамзаттың тіршілігі, мәңгілік өмір туралыц
түсінік пен әлеуметтік философиялық ой-пікірлер беретін келе аты аңызға
айналған Қорқыт , Асан қайғы сияқты ұлы даналардың олардан кейініректегі
ғұлама ойшылдар мен ақын-жыраулардың, билер мен шешендердің есімімен
байланысты дами түсті. Олар қоғам туралы қазақ халқының әлеуметтік ой-пікір
дәстүрін қалыптастырды.
Қорқыт-VII ғасырда Сырдария бойын мекендеген қыпшақ –оғыз тайпаларынан
шыққан атақты жырау , дарынды күйші және ойшыл, философ болған.
Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау Есіл, Нұра, Сарысу,
Талас, Сыр,Жетісу өлкелерін билеген үш хан –Инал , Құл-Еркен, Қаңлықожа
хандарға уәзір болған. Осы кезде ата мекенді жаудан қорғау, жер-суды
белгілі тәртіппен пайдаланудан-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды
жазалау, әскери күштерді оң және сол қанатқа бөлу, халық жиналыстарында
тәртіппен отыру, ас-той өткізудің рәсімдері белгіленіп, тұрмыстық,
әлеуметтік заңдар тәртібі жасалған.
Қорқыт ата кітабында және Қорқыт жырларында ақын нақыл сөздер көп
кездеседі. Мысалы : Атасыз ұл ақылға жарымас , анасыз қыз жасауға
жарымас, Ақын шілуі, ат тұяқты келеді, Ескі темір біз болмас, ескі
мақта без болмас, т.б.
Қорқыт дана, ақылгөй, дарынды жырау , майталман күйші, қазақтың музыка
аспаптары- қобыз бен домбыраны жаңартушы, өз заманының кемеңгер ойшылы
болған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қоғамдық білім негіздері»
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Саяси жүйе және мемлекет. Құқықтың әлеуметтік нормалар
Құқық ұғымы туралы
Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсету
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері
Мемлекет пен құқықтың методологиясы
Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе
Құқықтық мемлекет туралы
Пәндер